Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні


ҚАЗАҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫ
ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
Педагогика кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Орындаған
(қолы, айы-күні)
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. д., профессор
(қолы, айы-күні)
Қорғауға жіберілді:
Педагогика кафедрасының
меңгерушісі т. ғ. д. профессор Ержан
(қолы, айы-күні)
Алматы, 2009
Жоспар
Кіріспе
І Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие
жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
1. 1 Сыныптан және мектептен тыс тәрбиелік жұмыстардың тәрбиелік мәні
1. 2 Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрі, формалары
ІІ Аталған мәселе төңірегінде тәжірибелік-эксперимент жұмысы
2. 1 Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысының тәжірибелік-эксперименті
2. 2 Мектептен тыс тәрбиелік жұмысының тәжірибелік-эксперименті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезеңде қоғам өмірінің демократияландыру, ізгілендіру, бәсекеге қабілетті экономиканы дамыту, бәсекеге қабілетті қоғам мүшелерін тәрбиелеу барысында Қазақстан Республикасында елеулі, оңтайлы өзгерістер пайда болып, жүзеге асырылуда. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында”, “2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы”, “Мәдени мұра” бағдарламасы қолдау тауып, үлкен іс-әрекеттер орындалып, жасампаздық пен жаңарулар туындап, барлық салаға дамыту алып келу кезеңінде, оқу орындарының педагогикалық үдерісіндегі тәрбие салаларындағы жұмыстарға жаңа белесте, тың көзқарастармен қарауды алға қояды, жауапкершілікті, талапты туындатады.
Осыған орай қазіргі кезде жаһандану және ұлттық дамудың әсерлігі мен ынтымақтастықты, ұлттық қасиетімізді қастерлеу барысында адамның адамгершілік қасиеттерін сапаландырып, ар-намысын шыңдау, әсіресе, адамның бойында құндылықты, отаншылдықты, ұлтжандылықты қалыптастыру міндеті тұр. Себебі, ХХІ ғасырдың басында адамзаттың алдында бейбітшілікті сақтау, әрбір елде тыныштықты орнықтыру, нығайту, ғылым мен экономиканы дамыту, азаматтарды әлеуметтік қорғау, саяси жедел жаңару, жаңа технологияларды өмірге ендіру, қоршаған ортаны қорғау, спорт, дін салаларында ынтымақтастықты арттыру сияқты үлкен міндеттер тұр. Осы мәселелерді шешуге жасөспірімдердің лайықты үлестерін қосу үшін адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға оқушылардың бейім-қабілеттерін дамытуға өзін-өзі қалыптастыруды, жағдай туғызу қажет.
Өскелең ұрпақ бойында аталған құныдылықтарды сіңіруде мектептен және сыныптан тыс жұмыстардың ролі жоғары. Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан әлемдік стандартқа сай жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың кәсіби деңгейі мен жаңа оқулықтар мен біліми технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. . ”, - деп, [1] атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады . . . ”, - делінген. [2]
Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, мектептен және сыныптан тыс жұмыстар арқылы жоғалып бара жатқан адам бойындағы құндылықтарды қалыптастыруды ұмытпауы керек. [3]
Сонымен, қарастырып отырған мәселеміз, мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні мәселесі санаулы жылдар бері бергі ғалымдардың назарында ілініп, оның тарихи аспектісі ашыла бастады. Бұл тақырыптың ғылымда теориялық және практикалық және еліміздің өскелең ұрпақтарының бойында ұлтжандылықты көтеруде зор маңызы бар, өз зерттеуін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың өзектілігінің айғағы.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Замана жетiстiктерi негiзiнде жас ұрпаққа сапалы бiлiм берудi мақсат еткен көпшiлiк қауым, халық педагогикасының асыл мұралары негiзiнде саналы тәрбие берудi әрқашан жадынан тыс қалдырған емес. Соңғы жылдары өткiзiлiп жатқан ғылыми-практикалық конференциялар мен зерттеуші ғалымдардың нәтижелерiнде этнопедагогика мұралары назарға iлiніп, оны ұрпақ тәрбиесінде пайдаланудың қажеттілігі ұсынылуда.
Сөз жоқ, сапалы білім мен халық педагогикасының асыл мұрасы, ұлттық тәрбиенің және тағы басқаларының қамтылыптыңдаушы қауымға жеткізілетін жері-мектеп. Атаған мәселелер сабақ барысында орындалуымен қатар, мектептен тыс және сыныптан тыс жүргізілуі мүмкін. Ал, бұл аталған мектептен және сыныптан тыс жұмыстардың ең алдымен тәрбие мәселесіне мән бергені жөн.
Ұрпақ тәрбиесін Аристотель, Сократ, Платон, Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А. С. Макаренко, И. Ф. Харламов, Н. Е. Шуркова, Ы. Алтынсарин, С. Торайғыров, Қ. Б. Жарықбаев, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ә. Нысанбаев, Ж. Намазбаева, т. б. ерекше зерттеулер жүргізіп, ғылыми-теориялық және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дамытып, іс-тәжірибелік мәнін арттырды. [4]
Еліміздің егемендік алуына байланысты соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеу еңбектерінде ұлттық мәдениетке баса көңіл бөлу назарға алынды. Әсіресе, мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудiң педагогикалық маңызы жөнiндегi мәселелерге көптеген ғалымдар өз еңбектерiн арнаған. Онда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң генезизi ғылыми-методологиялық тұрғыда сарапталынып, өз ретiнде мектептегi оқу-тәрбие жұмыстарына ендiру қажеттiлiктерi ұсынылған. [5] Аталған ғалымдардың еңбектерiн негізге ала отырып зерттеулер жүргiзген Төлеубекова Р. К., Иманбаева С. Т., Әбдiғаппарова У. М., Әбдiлдина С. Қ., Өтемұратова Б. С., Аманжолова А. А., Хасанова Ж. С., Жетпiсбаева К. Б., Сырымбетова Л. С., Қаплиева А. Қ., Қисымова А. Қ., Егенисова А. Қ., Арзымбетова Ш. Ж., Садықова М. К., Сайдахметов Б. С., Байсарина С. С., Сыдықов М. Е және басқа ғалымдардың еңбектерiнде ұлттық тәрбие мәселелерi жеке сала бойынша (экологиялық, эстетикалық, адамгершiлiк, патриоттық, экономикалық т. б) зерделенгенімен, оны мектептен және сыныптан тыс сабақтар арқылы ұйымдастырудың жүйелi әдiстемелерi толығынан айқындалмағанын аңғардық. [6]
Мектептен және сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні мен сол жұмыстардың негізінде өскелең ұрпақ немесе оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жайында біршама авторлар өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізген. Мысалы: Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Т. Есім, Т. Ғабитов, Ә. Қалмырзаев және т. б. философтар адамгершілік құндылықтарды терең тануға ұмтылыстар жасаса, А. Байсерке, Қ. Бөлеев, А. А. Бейсенбаева, С. А. Назарбаева, Ж. Б. Сәдірмекова, К. К. Жанпейсова, К. Ж. Қожахметова, Л. К. Керімов, А. А. Калюжный, Б. Ы. Мұқанова, Н. Н. Хан, А. Н. Ильясова, А. Б. Нұрлыбекова, В. В. Трифонов, Р. К. Толеубекова, Э. А. Орынбасарова Ж. Ембергенова, К. Ж. Ибраева, А. Қ. Каплиева және т. б. қазіргі кезеңдегі ғалым-педагогтар адамгершілік тәрбиесін қазіргі адамзаттың дамуына қатысты бағытта қарастырып, өзін-өзі танудың мәнін көрсетіп, адамгершілік құндылықтардың маңызын педагогикалық-психологиялық негізде зерттеуде. [7]
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: сыныптан тыс жұмыстарда қазіргі кездегі жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруды теориялық негіздеп, педагогикалық шарттарын сұрыптап, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру. Алдыға қойған мақсатымызға жету үшін төмендегідей міндеттерді орындадық:
- мектептен және сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен түрлерін анықтау мәселесі;
- мектептен және сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың тәрбиелік теориялық негіздерін айқындау.
- мектептен және сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтап, мектептен және сыныптан тыс жұмыстардың мысалы ретінде тиімділігін тәжірибелік-экспериментте тексеру.
Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін мектептердің мектептен және сыныптан тыс жұмыстары.
Зерттеу әдістері: Зерттеудің өзекті мәселелеріне философиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, мәденитанулық, құндылықтанулық әдебиеттерді талдау жүргізіп, педагогикалық ғылыми зерттеу тақырыбына байланысты теориялық тұрғыдан қарастыру, жалпы орта білім беретін мектептің оқу құжаттарын зерделеп, мектептен және сыныптан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстарын жан-жақты талдап, қорытындылау, өткізілетін іс-шараларға талдау жүргізіп, саралау, тәрбие үдерісіне бақылау жүргізіп, мектеп және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға қатысты тәрбиелік мәнінің мүмкіндіктерін анықтау, мақсатқа сай тәжірибелік-экспериментті жүргізу, оның нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу және қорытындылау.
Диплом жұмысының сыннан өтуі. Аяқтау жұмысы Қазақ Қыздар Мемлекеттік Институтының Педагогика кафедрасында дайындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие
жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
- Сыныптан және мектептен тыс тәрбиелік жұмыстардың маңызы
Жалпы айтқанда, тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамды тарихи тәрбие беру процесі болып табылады. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдық құрылыс ретінде барлық салаларын қамтиды: жанұя, мектепке дейінгі мекеме, оқу, тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информатика құралдары және басқа орындар. Тәрбие процесі-күрделі диалектикалық процесс. Жас ұрпақ, бойына саналықты қоршаған ортаға адамгершілікті көз-қарасты, мектеп мақсатына сай, адамзат тарихының бай процестерін игеру. Тәрбие процесі- ұжымды дамытумен, қалыптастыруға бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсатты және өзара байланысты қызметі.
Тәрбие-бұл жағдайды ұйымдастырудың үрдісі, сондықтан жағдайды ұйымдастыру мақсатты түрде болса ғана, тәрбиенің қорытындысы жоғары және сапалы болады. Осындай жағдайлардың негізінде, тәрбиенің мөлшері шектелген, таяз түрі оқытушының, оқушыға әсер ету процесі деп байқау, осындай жағдайдың негізінде құрастырылған. Сондықтан да, бұл тәрбиеден бас тартуға тура келеді.
Тәрбие-балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне дайындығы мен даму дәрежесіне лайық іске асырылады. Тәрбие арқылы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру үшін тәрбиелеп, тәрбиешінің құралдары мен әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады. Демек, тәрбие алдын-ала жасалған арнаулы жоспар бойынша мақсатқа бағыттала және ұйымдастырыла жүргізіледі. Сондықтан да, тәрбиешінің ортадан айырмашылығы осындай заңдылықтарға байланысты.
Педагогика тарихында тәрбиенің рөлін аса артық бағалаушылар да болады. Д. Локк: «Адамның көзқарастарымен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы жетіледі!» деген сыңар қорытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны табиғатынынан-ақ тақта сияқты тап-таза болады, сондықтан тәрбиеші нені қажет деп тапса, соны сол таза, ақ тақтаға жазуы тиіс.
Бұл жерде Локк тәрбиенің рөлін аса дәріптеп, әлеуметтік орта тұқым қуалаушылық факторларының адамды дамытудағы ықпалын жете бағаламайды.
В. Г. Белинский бала жаны не болса, соны жаза беретін таза, ақ тақта емес, оған өмір жазатын әріптер тәрбие мен жазу құралына және сол тақтаның сапасына байланысты деп жазды. Белинский тәрбиешінің рөлін жоғары бағалай келе, адамның дамуына тұқым қуалаушылықпен ортаның әсерін де ескерген жөн деді
Локк пен Белинскийдің көзқарастары бойынша, адамды адамның қанауы жағдайында тәрбие арқылы адамдарды түрлі дәрменсіздіктен, кемістіктен, кесірліктен құтқаруға болады. Демек, олар тәрбие арқылы адам баласының тұрмысын жақсарту және сапасын өзгертіп жөндеуге болады деген жорамалды ойға әкелді.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс- әрекеттерінің тиімді етуін ұйымдастырады, оның дамып жетілуіне қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының саралау жолдарын табудың нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. [8]
Қай білім ошақтарын алсақ та, ол жерде білім алу мен қатар тәрбие де алып шығады.
Ол үшін оқушыларға дәйекті білім беру мен мамандарды еңбек білімін, іскерліктерін және дағдыларын жариялау ғана емес, қалыпты адамға сай, адамгершіліктік сапаларын тәрбиелеу керек, яғни, еңбек сүйгіштік ұжымда жұмыс істей алу, кіші, үлкендерді сыйлау, жауапкершілік, адамгершілік.
Ұжым тұлғаның мінезіне толығымен әсерін тигізеді. Л. С. Выготскийдің айтуы бойынша « Ең бастысы- адам ұжымда қалыптасады. Сол себептен бала ұжымындағы берілер тәрбиенің мәні мен мазмұнына жете көңіл бөлген жөн.
Қазіргі таңда оқушы қауымы мен жалпы адамзат баласының өзінің өн бойынан жоғалта бастаған құндылықтарының бірі-ол әрине адамгершілік қасиеті. Қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушылар немесе өскелең ұрпақ бойына осы бір қасиетті сіңіру мақсатын алдымызға қоюымыз керек. Егер де жоғары адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіре білсек, сыныптан немесе мектептен тыс жұмыстардың өз алдындағы міндетті толық орындағаны.
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінгі күнге дейін философтар, психологтар, педагогтар мен әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылардың зерделерінен орын алып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді. Өйткені, жалпы адамзаттық құндылықтар әрбір адамның ақыл-ой байлығының тікелей көрсеткіші. Сол себептен де, құндылықтың мәні мен табиғаты, оның адам мен қоғам тіршіліктеріндегі алатын орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі ықпалы т. б. мәселелер ғалымдарды толғандырып келеді.
Еліміздегі нарықтық экономика жағдайында жасөспірімдердің мінез-құлықтарында бәсекелестік қабілетті қалыптастыру жаhандану заманында сұранысы артып отыр. Әсіресе, заманауи технологиялық үдерістер әлеуметтік-экономикалық өмір тіршілігіне етене енуіне байланысты интернет, ақпаратты - коммуникативтік, жаңашылдық (инновация) үстемдік құрғанда адамгершілік құндылықтары жүйесінің орны ауқымдылығымен сипатталынуда. Мәселен, құндылықтарға бейімделу, мойындау, әрбір адамзатқа көңілінен орын алатын мәдениетті қарым-қатынас жасау жүйесі жеке тұлғаның өмірлік мәні, ой-санасы, бет-бейнесі болып табылады.
Сонымен құндылық дегеніміз не ? Құндылық - ол адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті, сөйлеу мәдениеті, қызығушылығы, еңбек сүйгіштігі, қоршаған қоғамдық ортада алатын орны екені тарихи-педагогикалық әдебиеттерде айқындалған.
ХХІ ғасырдағы қазіргі философияда құндылықтарға қандай түсініктеме береді?
Монографиялық зерттеулерде, философиялық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде «құндылық», «адамгершілік құндылық», «жалпы адамзаттық құндылық» ұғымдарының мәні жайлы оларға әртүрлі анықтамалар берілген. Бірақ, құндылық ұғымының мәні, мағынасы әртүрлі болуынан ойлар, пікірлер де әртүрлі болған.
Бұл сұраққа құндылықтар теориясы, басқаша айтқанда аксиология жауап беруге ұмтылыс жасайды, грек тілінен «ахіс» - құндылық және «logos» - «ілім» деген мағынаны береді. Аксиология ғылымы құндылықтардың табиғатынан, орны мен мәнін, олардың байланыстар жайлы мәселелерге жауап береді.
Осы сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарында оқушы бойында қандай құндылықтар жүйесін қалыптастыра білуіміз керек? Құндылық дегеніміз - «идеал» және «мәнділік», олардың ерекшеліктері субъектілер арасындағы қатынастарда жүзеге асырылып, көрініс табады. Құндылық болса субъектілер арасындағы жеке тұлға немесе тұтас қоғам деңгейіндегі қатынастардың жалпы кезеңдерін білдіреді. Зерттеу барысында төмендегідей жоғары құндылықтар иерархиясы анықтала түсті, яғни олар: Адам, Өмір, Денсаулық, Отбасы, Отан, Еңбек, Білім, Мәдениет, Бейбітшілік, Жер, Адамзат, Даму, Ар-ұят, Еркіндік, Бақыт, Еңбек, Өмір, Ақиқат, Жақсылық, Әділеттілік, Табиғат, Қоғам, Таным, Теңдік, Бауырластық, Сұлулық, Қарым-қатынас, Ойын.
Еліміздің қазіргі кезеңдегі адамгершілік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негізін зерттеу барысында, өзіндік жаңа ұстанымға негіздей келе, жалпы адамзаттық құндылықтар ішінен Адам, Еңбек, Білім, Отбасы, Ұлт, Бейбітшілік, Жер, Отан, Мәдениет деген құндылықтарға, ерекше назарымызды аудардық. [9]
Жоғарыда айтылған пікірлерді тұжырымдай келіп, қорытындыласақ: құндылық зат та, нәрсе де, мәселе де емес, олардың қасиеттері де емес, ол адам ойының қандай да бір жоғары түрі екендігі анықталады. Құндылықтар дегеніміз - ұнатқан игіліктер мен оларға қол жеткізу тәсілдері туралы қорытындылаған, белгілі көзқарастар, орнықты ойлар, үлгі аларлық объектінің озық тәжірибелері, сыннан өткен пікірлер арқылы өзінің мінез-құлқын анықтайды. Келесі бір авторлар, мінез-құлық құндылықтар мәдениетінің түрлері мен байланыстарына ерекше назар аударып зерделеуде.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларын мектепн тыс және сыныптан тыс сабақтарда тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамытып, жетілдіру бағытында мектептен тыс және сыныптан тыс жұмыстар арқылы ізденістер жасап жатыр. Мәселен, қазақстандық ғалымдар білім мен тәрбие беруді дамытуда жалпы адамзаттық ұлттық құндылық тенденцияларына ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағытта әр қырынан зерттеу (Г. А. Уманов, Н. Д. Хмель, Қ. Б. Жарықбаев, А. А. Бейсенбаева, С. А. Ұзақбаева, Т. Сапабекова және т. б. ) жүргізіп келеді. Аталған ғалымдардың ортақ ойлары біркелкі ой-пікірге келіп тоғысады, адамның кісілік келбеті соған лайықты. :
- оқушылардың іскерлік жағдайы жан-жақты кіріктірілген, әртүрлі қабілетер мен қажеттіліктерді бойға жинақталған және ізгілік бағытымен реттелетін гуманитарлық пәндерде, әлеуметтік тәжірибелерде нақты жүзеге асырылатын үдеріс;
- олардың адамгершілік жолындағы ізденістер білімнің, біліктің және дағдының жай жиынтығы емес;
- оқушылар ұжымның болашақ мүшелері, бір-бірінен денсаулығы, сыртқы пішіні, мінез-құлық ерекшелігі, ұжымшылдығы, білім және басқа да көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді. [10]
Алайда, оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне ендіру - аса күрделі, бір мәнді емес, көп жағдайда қарама-қарсы мәнді болып келетін үдеріс. Сондықтан, олар қарым-қатынастар жүйесіне әртүрлі бағытта енеді. Ұжымдық қатынастар жүйесіне жеке бастың жағдайы шын мәнінде дербес, әлеуметтік тәжірибеге байланысты болғандықтан, достарының тарапынан болатын қарым-қатнас түрліше жағдайда әрқалай болады, ал ол ұжымға керісінше әсер етеді.
Ұжымдағы қарым-қатынастардың әлеуметтік-психологиялық негізін оқушының қабылдаған құндылықтары құрайды, яғни оқушының өмірі мен қызметіне оның жеке басы мен мінез-құлқына аса маңызды және мәнді болып саналатын қасиеттер енеді. Сондықтан бұл ұжымдағы адамдардың көпшілігі оқушының жеке бас сапасы мен қылықтарын жоғары бағалайтындығын, маман-педагогтардың тұжырымдамаларында айтылған.
Сыныпта қайырымдылық, адалдық, ізгілік, батылдық қасиеттер ерекше бағаланады, тіпті жеке тұлғалық сапалар басқалардың еліктеуіне тұратын үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін. Оларды төмендегідей үш топқа бөлуге болады:
- Ұжымшылдық - жұмыла бірлескен іс-әрекет, ынтымақтастық және ұйымшыл орта (ауызбіршілік, татулық, сыйластық) ;
- Ұжымшылдық - топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық (өтірік айтпау, ұрлық жасамау, уәдеде тұру) ;
- Ұжымшылдық - ынтымақтастық, өзара түсіністік, басқаларға қамқорлық (көмектесу, ақыл-кеңес беру және т. б. ) . Демек, адамгершілік күрделі құбылыс болып табылатынын ескерген жөн.
Ал, бүгінгі күндегі оқушы бойындағы адамгершілік құндылықтарының мәні мен мазмұнына келсек:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz