Мәліметтер базасы туралы түсінік


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Мәліметтер базасының негізгі ұғымы . . . 4
1. 1 Мәліметтер базасына түсінік беру . . . 4
1. 2 Мәліметтер базасымен жұмыс істеу режимдері . . . 7
1. 3 Реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі - MS ACCESS туралы негізгі ұғымдар . . . 8
2 MS ACCESS БАҒДАРЛАМАСЫНДА «БАЛМҰЗДАҚ ӘЛЕМІ» АТТЫ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫН ҚҰРУ . . . 18
2. 1 «Балмұздақ әлемі» кестесін құру жобасы . . . 18
2. 2 Сұраныстар, формалар және есептер құру . . . 25
3 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
4 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 31
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты компьютер жүйелерінде ақпаратты мол көлемінде тез әрі оңай, адамның көп уақытын алмай-ақ құрға мүмкіндік береді. Сонымен қатар компьютер техникаларының ерекшелігі осы мол көлемдегі ақпараттарды сақтау және өңдеу, мәтіндік және графикалық құжаттар (суреттер, сызулар, фотосуреттер, географиялық карталар) ғана емес, жаһандық жүйе, дыбыстық және бейнефайлдардың беттерін жинақтап пайдалануды тез іске асырады. Бұндай мүмкіндіктер - мәліметтер базасының көмегімен жасалынады. Мәліметтер базасын өзімізге таңымал MS Access бағдарламасымен іске асыра отырып, оны қолдануды бүгінгі таңда оқу үрдісіне енгізілуі білімгерлерді өз бетімен ақпараттардың қорларын дайындауға және оны тиімді пайдалануға жетелейді, мектептерде, колледждерде MS Access бағдарламасының мүмкіндіктерін оқыту әдістемесі бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді:
- MS Access бағдарламасы туралы арнайы оқулықтарды қарастыру және оқып үйрену;
- MS Access бағдарламасында жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру және анықтау, практикалық жұмыстарды даярлау;
Осы өзекті мәселелерді қарастыра келе мен курстық жұмысымның тақырыбын «Мәліметтер базасы туралы түсінік» деп атадым. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты:
- Мәліметтер базасы туралы үйренушілерді толық ақпараттандыру;
- Мәліметтер базасын құратын бағдарлама, яғни MS Access бағдарламасымен танысу және оқып үйрену;
- MS Access бағдарламасын толық меңгеріп, келешекте осы бағдарламаны оңай әрі тиімді пайдаланып, мақсат еткен нәтижелерге қолжеткізу.
Аталған мақсаттарға жету үшін, мынадай міндеттерді атап кетейін. Курстық жұмыстың негізгі міндеті:
- Мәліметтер базасы туралы толық ақпараттар жинау;
- MS Access бағдарламасы туралы арнайы оқулықтарды оқып үйрену:
- MS Access бағдарламасының оқулығының негізгі талаптарын анықтау және MS Access бағдарламасында дерекетер қорын құру.
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, әр тарау жеке екі-үш бөлімдерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарау теория жүзінде мәліметтер келтірілсе, ал екінші тарау теория жүзінде алған білімді практикалық жұмыстармен жалғастыру болып келеді.
Қорытындыда курстық жұмысты дайындау үрдісіндегі орындалған маңызды әрекеттер, жұмыстың жалпы нәтижелері, оны қолданудың ерекшеліктері мен тиімділігі баяндалған.
1 МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Мәліметтер базасына түсінік беру
Мәліметтер базасы (орыс т. База данных; ағылш. database) . Мәліметтерді пайдаланушының көзқарасы тұрғысынан қарастырғанда мәліметтер базасын былайша түсіндіруге болады:
- нақты атауы бар біртекті өнімдердің жиымы. Бұл жиымның ішкі құрылымына тәуелсіз іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілген. Жиымда магниттік таспаға немесе дискетке жазылған ауыл шаруашылығының барлық салалары мен ғылым саласы бойынша баспада жарияланған және жарияланбаған құжаттардың библиографиялық немесе фактографиялық алғашқы және соңғы сипаттамалары тұрады;
- жүйелі түрде ұйымдастырылған және пайдалануға ұсынылған мәліметтер жиынтығының объективтік формасы. Бұл мәліметтер компьютер көмегімен оңай табылады және өңделеді;
- мәліметтердің реттелген жиынтығы;
- мәліметтердің өзара байланысты жиынтығы.
Оны ұйымдастырудың ережесі мәліметтерді сипаттаудың, сақтаудың және амалды әрекет жасаудың жалпы принципіне негізделген. Мәліметтерді өңдеу технологиясы бойынша мәліметтер базасы - орталықтандырылған мәліметтер базасы және үлестірілген мәліметтер базасы болып екіге бөлінеді. Орталықтандырылған мәліметтер базасы есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай базаға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады! Мәліметтер базасынан пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер базасы есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай базамен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер базасынан басқару жүйесінің көмегімен орындалады. Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер базасы жергілікті қатынас құру мәліметтер базасы және қашықтан (желілік) қатынас құру мәліметтер базасы болып екіге бөлінеді. Мәліметтер базасынан пайдаланушыларға алуан түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сондай-ақ, тұтынушы рөліндегі пән салаларының немесе мәліметтер көзінің мамандары жатады. Мәліметтер базасының қазіргі замангы технологиясында мәліметтер базасынан жасау, оны толықтыру және мәліметтерді пайдаланушылардың оған қатынас құруын жасақтау арнайы программалық аспаптар арқылы, яғни мәліметтер базасынан басқару жүйесі арқылы орталықтандырылған түрде жүзеге асырылады.
Мәліметтер базасы бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйым-дастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, мәліметтер базасы түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі мәліметтер базасын басқару жүйелері (МББЖ) өз құрылымында тек қана мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек қана мәліметтер ғана емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
Мәліметтер базасы (МБ) - белгілі бір арнаулы ауқымға қатысты мәліметтерді баяндау, сақтау мен амал-тәсілдермен ұқсата білудің жалпы принциптерін қарастыратын белгілі бір ережелер бойынша ұйымдастырылған мәліметтердің жиынтыгы. Адамның қатысуы ықтимал, автоматтық құралдармен өңдеуге жарамды түрде ұсынылған ақпарат мәліметтер ретінде түсініледі. Арқаулы ауқым ретінде нақты зерттеуші үшін қызықты нақты әлемнің бөлігі түсініледі. Қарапайым МБ мысалы ретінде телефон анықтамалығын, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметгерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындылары және т. б. атауға болады. Электронды МБ-сының басты қасиеті - ақпаратты тез іздестіру мен сұрыптау (іріктеу), сондай-ақ берілген форма бойынща есепті қарапайым түрлендіру (жасау) мүмкіндігі. Мысалы, сынақ кітапшаларының нөмірлері бойынша студенттердің аты-жөндерін оңай айыруға болады немесе жазушының аты-жөні бойынша шығармаларының тізімін жасауға болады. Мәліметтер базасын басқару теориясы дербес пән ретінде шамамен алғанда XX ғасырдың 50-жылдарының басынан бері дами бастады. Осы уақыт ішінде белгілі бір іргелі ұғымдар жүйесі калыптасты. Олардың бірқатарын келтірейік. Объект - деп мағлұматтары мәліметтер базасында сақталатын ақпарат-тың жүйенің элементтері аталады. Атрибут - объектінің қасиеттерін ақпарат-тық бейнелеу. Әрбір объект атрибуттардың кейбір жиынтығымен сипат-талады. Мәліметтердің басты элементі - деп мәлметтердің басқа элемент-терінің мәндерін аныктауға мүмкіндік беретін осындай атрибут аталады. Алғашқы кілт - объектінің (жазбаның) әрбір данасын бірегей түрде жалғастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы), Екіншіреттегі кілт - бірнеше жазбалар (объект даналары) үшін мәні қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар тобы) . Ең алдымен, екінші реттегі кілттер жазбаларды іздестіру операцияларында қолданылады. Мәліметтер базасы ұғымымен мәліметтер базасын басқару жүйесінің ұғымы тығыз (МББЖ) байланысты. МББЖ - жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакциялау және ақпаратпен көрсетушілік (визуализация) . База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
- кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
- кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
- кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
- берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ. Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және т. б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.
Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты.
Реляциялық МБ-ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатардағы (ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МБ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін. Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ-да мұндай байланыстар ағаш-сызық жол (графа) түрінде бейнеленуі мүмкін, мұнда биік ұшар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сұрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттандырмайды. Аты айтылған кемшілік желілік МБ-дан алып тасталды, онда (тым болмағанда, теориялық жағынан) «бәрімен барлық жағынан» байланыс болуы ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мұны іске асыру мүмкін болмағандыктан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.
Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі.
1. 2 Мәліметтер базасымен жұмыс істеу режимдері
МБ-ның айқын басымдылықтары мен объективті алғы шарттары оның кең түрдегі қолданысына әкелді. Оны қолданудың алғы шарттарына келесілер жатады:
• нақты өмірдің объектілері өзара күрделі қарым-қатынаста болады. Бұның бәрі олардың ақпараттық көрінісі өзара байланысқан бір бүтінді қалыптастыруды талап етеді;
• әртүрлі пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзара қиылысады, ал бұл бір мәліметтер базасын қолдануды және әртүрлі пайдаланушылардың оған кіру мүмкіндігін бір мақсатты қылады;
• ақпараттық қорды құру мен жүргізу функциялары мен қажетті мәліметтерді ұсыну әртүрлі тапсырмаларды шешуде универсалды және жалпы болып табылады. Мәліметтерді басқару үшін мамандандырылған программалық жабдықтарды құру бұл функциялардың орындалу деңгейінің өсуі мен ақпараттық жүйелерді құрудың еңбек сыйымдылығының қысқаруына әкеледі;
• техникалық және программалық қамтамасыз етудің дамуының қазіргі заманғы деңгейі, ақпараттық жүйелерді құру теориялары мен практикасы тиімді МБ-н құруға мүмкіндік береді.
Мәліметгер базасын басқару жүйесінің екі жұмыс режимі бар: жобалаушылық және пайдаланушылық. Бірінші режим база құрылымын құру немесе баяндауға және оның объектілерін жасауға арналған. Екінші режимде базаны толтыру немесе одан мәліметтер алу үшін бұрын дайындалған объектілер пайдаланылады. Жобалаушы кесте құрылымдарын мәліметсіз жасайды және оны тапсырыс берушімен бірге келісіп, бір қорытындыға келеді. Базаны құрушылар базаны нақты мәліметтермен толтырмайды (тапсырыс беруші оларды құпия деп санауына болады және бөгде адамдарға ұсынбайды) . База объектілерін қалау кезеңін де үлгілік мәліметтер мен эксперименттік толтыру бұған қосылмайды.
Базаны пайдаланушы - формалардың көмегімен оны ақпаратпен толтырады, мәліметтерді сұрау салулардың көмегімен өңдейді және қорытындыны нәтижелік кестелер мен есептер түрінде алады. Жалпы жағдайда пайдаланушылардың қызметі - нақты жұмыс парағында қарастырылғандарға ғана, база құрылымын басқаруға қолы жететіндей құралдары жоқ. Пайдаланушылардың негізгі категориясы болып түпкілікті пайдаланушылар, яғни, олардың қажеттіліктері үшін мәліметтер базасы құрылатын пайдаланушылар табылады. Құрылушы мәліметтер базасының ерекшеліктеріне байланысты оның түпкілікті пайдаланушылар әр түрлі бола алады. Бұл мәліметтер базасына мезгіл өткен сайын көңіл аударатын кездейсоқ пайдаланушылар болуы мүмкін немесе тұрақты, яғни, әрдайым пайдаланатын пайдаланушылар болуы мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылар бір-бірінен есептеуіш техниканы меңгеру дәрежесімен де ерекшеленуі мүмкін. Түпкілікті пайдаланушылардан есептеуіш техника мен тіл жабдықтары саласында арнайы білім талап етілмеуі керек.
Мәліметтер базасын функционалдау мәліметтер базасын құруды, функционалдауды және дамытуды қамтамасыз етуші мамандардың қатысуынсыз мүмкін емес. Мамандардың бұндай тобы мәліметтер базасының администраторлары (МБА) деп аталады. Мамандардың бұл тобы мәліметтер базасының құраушы бөлігі болып есептелінеді.
1. 3 Реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі - MS ACCESS туралы негізгі ұғымдар
MS Access - реляциялық мәліметтер қорын басқару жүйесі. Қарапайым екі өлшемді кесте реляциялық мәліметтер қоры болып табылады.
MS Access-тің жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта Microsoft Access-мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) программалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі. Көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар:
• Әмбебаптығы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары, өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған, негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;
• Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен, сондай-ақ технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп-кірігу (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы;
• Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы.
MS Access-тегі деректер қоры өзіндегі кесте, есеп, сұраныс, форма т. б. құрамдарымен тұтас объект болады және оларды тұтас дискілік файлда . mdb кеңейтілуімен сақтауға мүмкіндік береді. Деректер қоры негізгі құры-лымдық компоненті кесте болып табылады. Кесте қатарлардан (жазбалар жиынынан) тұрады. Барлық жазбалар құрылымы жиында бірдей, ал жазба саны кестеде айнымалы. Әр жазбадағы деректер элементі өріс деп аталады.
Кестенің әр өрісіне уникальді ат тағайындалады. Ол бос орындарды қосқанда 64 символға дейін сыйғыза алады. Өріс атында нүкте, леп белгісі, қатарүсті символы (апостроф) және тік жақша қолдануға болмайды. Өріс аты бос орыннан немесе басқару символынан (ASCII 00-31 кодтары) басталмау керек. Өріс аттарының ішкі функция және MS Access қасиеттері аттарымен сәйкес болмағаны дұрыс.
Кесте бағанындағы деректер бір типті болуы керек. MS Access ДҚБЖ -де деректердің 8 типі бар. (1-кесте)
MS Access- те кесте құрудың 3 тәсілі бар: кесте шебері көмегімен, кесте режимінде, конструктор режимінде.
MSAccess бағадламасындағы деректердің типтері
Енгізу маскасын беру үшін пайдаланылатын символдар
Кез-келген символды мәтіндік тұрақты ретінде енгізуді көрсетеді, ол масканың арнайы символы болса да
Арнайы мәтіндік өрістер және Memo өрістер үшін форматтар төмендегі символдар көмегімен құрылады:
Бос орын - «бос орын» символы форматқа «бос орын» клавишасын басу арқылы енгізіледі және шығатын мәнде бейнеленеді.
«АВС» - тырнақшаға алынған символдар жиыны шығады.
*- «*» символынан кейінгі мүмкін бос кеңістікті символмен толтыруға мүмкіндік береді. Мысалы, «АВСD»*х форматтау қатары өрісті 8 символды өлшеммен «АВСD» қатарымен толтырады.
[цвет] - мән тік жақшада көрсетілген түспен шығады. Мүмкін түстер аты: Қара - Black, Жасыл - Green, Көгілдір - Cyan, Қызыл - Red, Алқызыл - Magenta, Сары - Yellow, Ақ - White, Көк - Blue.
Мәтіндік және Memo өрістері үшін форматтар нүктелі үтірмен бөлініп тұратын екі бөлімнен тұруы мүмкін. Бірінші бөлімі - форматтың өзі болып табылады, ал екіншісі егер деректер оған енгізілмеген болса өріс мәнін анықтайды, .
- Өріс форматы - өріс мазмұнын бейнелеу тәсілін береді.
- Қолтаңба - сәйкес өріс атына басқа баған тақырыбын береді.
Бұл пайдаланылатын өріс атына қарағанда ұзын және түсінікті баған тақырыбының болуы керек жағдайда пайдалы.
- Енгізу маскасы (Маска ввода) - енгізілген символдарды тексеруді автоматтандыруға мүмкіндік беретін формат береді.
Енгізу маскасы деректердің позицияда қандай мөлшерде және қандай типте енгізілетінін көрсететін тұрақты символдардан (жақша, нүкте немесе дефистер) және арнайы символдардан тұрады. Енгізу маскасы деректердің анықталған форматқа және де әр позицияға енгізілген мәннің берілген типіне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Енгізу маскасын беру үшін пайдаланылатын символдар 2-кестеде көрсетілген.
- Үнсіздік бойынша қабылданған мән (Значение по умолчанию) - өріс мәні ретінде автоматты түрде тағайындалатын мәнді береді.
- Мәнге қойылатын шарт - өріске енгізілетін деректерге қойылатын шартты анықтайды. Енгізілетін деректер көрсетілген шартқа сәйкес емес болса қате туралы хабарлама шығады.
- Қате туралы хабарлама - деректерді енгізу кезінде Мәнге қойылатын шарт қасиетінде көрсетілген шарт орындалмаған жағдайда шығатын хабарламаны анықтайды.
- Міндетті өріс -деректер қорын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыруды қажеттігін анықтайтын қасиет. Егер бұл қасиет мәні «иә» болса, онда жаңа жазба енгізу кезінде осы өріске мән енгізу қажет. Бос (Null) мәндер бұл өрісте жіберілмейді.
- Индекстелген өріс - берілген өрістің индекстелгендігін, егер солай болса қай режимде екенін анықтайды. Егер өріс индекстелген болса, онда жүйеде ДҚБЖ құралдарымен деректерге енуді жылдамдатуды қамтамасыз ететін берілген өрістің мазмұнының реттелген тізімі құрылады. Индекстелген өрістің «Жоқ» қасиетінің: «жоқ» (мәні бастапқы келісім бойынша) - индекс құрылмайды; «иә» (сәйкестіктер жіберіледі) - индексте қайталанатын мәндер жіберіледі; «иә» (сәйкестіктер жіберілмейді) - қайталанатын мәндер индексте жіберілмейді.
Өріс өлшемі - өрістердің максимальді өлшемін береді. Сондықтан деректерге өріс өлшемі төмендегідей болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz