Macromedia flash технологиясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1
Macromedia flash технологиясы және оларды желі арқылы тарату тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 122
12.1. Macromedia Flash жүйесімен танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
22.2. Macromedia Flash MX технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
32.3. Macromedia Flash MX командалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 628
42.4. Macromedia Flash .тің принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..932
2.5. Flash.те анимациялар құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1034
2.6. Дыбыс біріктіру мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1440
2.7. Macromedia Flash . фильм жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1643
2.8. Flash фильмдерін пайдалану тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...1948
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 523
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2453
Жаппай компьютерлендіру жаңа информациялық технологияларды оқыту саласында бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеуметтік өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. 70 жылдардың басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен интегралдық схемалар пайда болды. 80 жылдардың ортасында жергілікті және ауқымды желілер дами бастады. Компьютерлік желілерде Web-сайттарды құруда көптеген дизайндар жасалды соның ішінде дыбыстар, анимациялар, видео роликтер кірістірілді.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық және өндірістік мүмкіндіктері күннен-күнге ұлғаюда. Өткен замандағы компьютерлерде көптеген зат компьютердің құралдарына яғни, «темірлеріне» байланысты болса, қазіргі таңда ең қиын деген мәселелердің ауыр жүгі бағдарламаларға артылған. Соның ішінде, анимация жасауда ең көп қолданысқа ие Macromedia Flash программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Macromedia Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан бағдарлама болып табылады. Macromedia Flash бағдарламасы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) – векторлық графиканы пайдалану есебінде;
2. Интерактивтілік – пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
3. Мультимедиялық – фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
4. Көпсалалығы – Macromedia Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;
5. Қолайлылық – Macromedia Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
1. Г. Ә. Жапарова - Информатика негіздерін оқу құралдары. Алматы экономика 2006 ж.
2. М. Қ. Байжұманов , Л. Қ. Жапсарбаева- Информатика. Астана 2004 ж.
3. Е. Қ. Балапанов, Б. Бөрібаев - Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ. Алматы 2001 ж.
4. Б. Г. Жадаев. 100% Самоучитель Macromedia Flash MX. “Технолоджи – 3000”. Москва, 2004 г.
5. Д. Л. Розенкноп Создание анимационных эффектов в Macromedia Flash MX 2004.
6. М. В. Бурлаков МастерМедиа Macromedia Flash MX 2004 Сборка видеоклипов. Москва
7. Д. Л. Розенкноп Создание анимационных эффектов в Macromedia Flash MX 2004.
8. Н. И. Крупиянов Рисуем на компьютере. Word, Photoshop, CorelDRAW, Flash. Москва, 2000.
9. Б.Г. Жадаева. «Анимация для Web-страниц » Издательство Триумф. Москва, 2006г
10.О. Камардинов «Информатика» Алматы 2000 г
11.Т. Панкратов «Flash MX учебный курс» Москва – Харьков – Минск 2003ж
12.Роберт Рейнхадт, Джой Лотт «Macromedia Flash MX» Санкт-Петербург, Москва, Киев 2003ж.
13.Т. Понкратов «Flash 5» Санкт-Петербург 2002ж
14.В.Т Черкаский «Эффективная анимация во Flash»
15.А.Н. Божко «Flash MX технология работы»
16.Б. Сандерс. Эффективная работа Flash5.“ПИТЕР”.Санкт-Петербург, 2002г
17.Е.Т. Вовк «уроки по Flash»
18. . WWW.Mail.ru
19.WWW.Google.kz
20. Компьютерные системы и сети. / Поз ред. В. П. Косарева и Л. В, Еремика - М. Финансы и статистика, 1999. - 464 с.

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
Macromedia flash технологиясы және ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
1. Macromedia Flash жүйесімен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..2
2. Macromedia Flash MX технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
3. Macromedia Flash MX командалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
4. Macromedia Flash - тің принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
5. Flash-те анимациялар құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
6. Дыбыс біріктіру мүмкіндігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
7. Macromedia Flash - фильм жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 16
8. Flash фильмдерін пайдалану тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .19
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

КІРІСПЕ
Жаппай компьютерлендіру жаңа информациялық технологияларды оқыту саласында бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеуметтік өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейіне көтерілді. 70 жылдардың басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен интегралдық схемалар пайда болды. 80 жылдардың ортасында жергілікті және ауқымды желілер дами бастады. Компьютерлік желілерде Web-сайттарды құруда көптеген дизайндар жасалды соның ішінде дыбыстар, анимациялар, видео роликтер кірістірілді.
Бүгінгі таңда технологияның қарқынды дамуына байланысты компьютерлердің графикалық және өндірістік мүмкіндіктері күннен-күнге ұлғаюда. Өткен замандағы компьютерлерде көптеген зат компьютердің құралдарына яғни, темірлеріне байланысты болса, қазіргі таңда ең қиын деген мәселелердің ауыр жүгі бағдарламаларға артылған. Соның ішінде, анимация жасауда ең көп қолданысқа ие Macromedia Flash программасы. Бұл программаны көбінесе Web-сайттарды құруда көп қолданады. Соңғы кезде электронды оқыту өнімдері нарығында, Macromedia Flash технологиясы негізінде жасалған және тәжірибесі жоқ компьютер қолданушысына программалық өнімдер жасау мүмкіндігін беретін оқу құралдары мен мультимедиялық оқулықтар саны көбейіп барады. Қазір Macromedia Flash-технологиясы ең жаңа және кең қолданылып жатқан бағдарлама болып табылады. Macromedia Flash бағдарламасы анимация жасаушылар үшін өте қолайлы программа, өйткені ол төмендегі сапаларға ие:
1. Жинақтылық (компьютерде тез жүктеледі) - векторлық графиканы пайдалану есебінде;
2. Интерактивтілік - пайдаланушы Flash-фильмдегі іс әрекеттерді тікелей басқара алады;
3. Мультимедиялық - фильм және Internet-ке информацияны визуалдаудың стандартты құралдары үшін қол жетпес видео, аудио эффектілер;
4. Көпсалалығы - Macromedia Flash-те қарапайым үй парақтары сияқты арнаулы серверлер де (пошталық, виртуальді дүкендер) орындалуы мүмкін;
5. Қолайлылық - Macromedia Flash технологиясының негізі, компьютермен жұмыс істеудің минимальді дағдысы бар кез-келген адамға түсінікті. Сондай-ақ компьютер жадында өте аз орын алуы мен тез жүктелетіндігі Macromedia Flash пайдаланушылары үшін үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Жұмыстың мақсаты: Macromedia Flash технологиясын желі арқылы оқыту мүмкіндіктерін меңгеру.
Зерттеу нысаны: Macromedia Flash бағдарламасын оқытатын электрондық оқулық жасалынды.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе, 2-тарау, қорытынды және қолданылған әдибеттер тізімінен тұрады.

Желі арқылы Macromedia flash технологиясын оқыту мүмкіндіктері

1.Macromedia Flash жүйесімен танысу
Macromedia Flash MX 2004 және Macromedia Flash Professional 2004 көптеген қызықты интерактивті мультимедиялық презентацияларды дайындауға мүмкіндігі көп. Flash-те векторлық графикамен және анимациялар мен жұмыс істеуге болады. Әдетте бұл программамен манипулятор, растрлі графика, видеоматериялдарды монтаждауға және дыбыс монипулятор файлдарымен жұмыс істеуге болады. Flash - тің көмегімен графикаларды безендіруге, көптеген видео презентацияларды соның ішінде: электронды комерциядан бастап видео ойындар мен мультфильмдер жасауға болады.
1-сурет. Macromedia Flash програмасы.
Жұмысты бастамас бұрын Flash программасын Пуск= Программы = Macromedia= Macromedia Flash MX командасы арқылы қосамыз.
Macromedia Flash MX 2004 және Macromedia Flash Professional 2004 - бұл бір программаның екі түрлі версиясы. Flash - те анимация, эффекті, векторлық графика, интерактивті мысалдар,программалар, Web - сайтттағы презентацияларды жасауға болады. Flash - те істеген жұмыстарды FLA форматта сақтайды. FLA форматында керекті ресурстарды, видеоматериалдар, дыбыстар мен кодтар сақтайды. Қазіргі таңда Macromedia Flash MX интернетті қолданатын барлық адамдарға танымал. Өйткені Flash - тің мүмкіндіктері бүкіл әлемге әйгілі. Macromedia Flash-тің істей алатын мүмкіндігі көп. Төменде Macromedia Flash - те жұмыс істеудің 5-мүмкіндігі көрсетілген.
* Macromedia Flash MX туралы түсінік және оның мүмкіндіктері мен принциптері. Macromedia Flash MX стандартты функциялары.
* Macromedia Flash MX - тегі ActionScript тілі және мультимедиялық файлдар туралы түсінік.
* Үшінші тарауда - анимацияның мүмкіндігі, анимацияны құру, қабаттар мен фондық эффектілер.
* Төртінші тарауда электрондық оқулықтар туралы түсінік. Электронды оқулықты құру, дистанционды оқыту, олармен жұмыс істеу бағыттары.
* Macromedia Flash MX арқылы жасалатын мультимедиялық фильмдер.

2.Macromedia Flash MX бағдарламасы
Macromedia Flash MX - мүмкіншілігі көп программа. Flash суретшілер мен дизайнерлерге таптырмас құрал болып табылады. Web - сайтттағы проектілі анимациялар мен дыбыстар беру үшін қолданылады. Macromedia корпорациясы жаңа Walt Disney серверін ұсынсынған ға дейін мүмкіндіктері жоғары дәрежеде емес еді.
Бұл Flash технологиясында үлкен реклама болды. Көптеген дизайнерлік студиялар Web парақтарын Flash технологиясымен жасау үшін программалалық пакеттерін көптеп сатып алды. Алғашкы кездері программа Splash Animator деп аталып атағы жоқ Future Animation фирмасында РС - комптютерінде мультфильмдер жасау үшін қолданылды.
Суретшілер мен аниматорлар аз ғана мүмкіндігімен жұмыс істеуге мәжбүр еді. Macromedia фирмасы пакеттерді сатып алып Flash деп атын өзгертіп мүмкіндіктерін айқындағанынша.
Macromedia фирмасы программаның интерфейсін, автоматизациясын ауыстырды. Мультимедиялық программа атымен интерфейсін ғана ауыстырып қоймай пакетті нарыққа шығарды. Macromedia фирмасы тек сыртқы пішінін өзгертіп қоймай ішкі порограммаларында өзгертті.
1996жылы Flash технологиясы шыққаннан бастап Web сайттарда мультфильмдердің көптеген түрлерін құрастырды.
Flash - тің басты міндеті сіздің салған суретіңізді қимылдату үшін не істеу керектігін үйрету. Flash - пен көптеген графикалық видео презентацияларды безендіруге болады. Flash көптеген универсалды платформаларға үсынылған.
Сонымен Macromedia Flash бұл:
● Векторлы графика. Векторлық графика математикалық координаттардың нүктесін және оларды қосатын құрал. Векторлар түзудің қисықтығын анықтайды. Математикалық есептеулерге байланысты оның көлемі өз құндылығын жоғалтпайды. Графикалық форматта шеңбердің диаметрі 100 пиксель, ол минимум 10 килобайт - 100х100 пиксель орынды алады. Ал оны векторлық форматта беру үшін оның радиусын берсек жеткілікті. Растрлі графикадан ерекшелігі көлемін өзгерткенде оның құндылығы өзгереді. Көлемін кішірейткенде оның кейбір кішкентай нүктелері жоғалып кетеді, ал көлемін үлкейткенде - квадраттар пайда болуы мүмкін (вектормен суреттеген көрініс нақты, анық болып шығады).
● Растрлі графика. Flash - те тағы растрлі графика бар. Манипуляциялық көрініс растрлі нүкте көлемінде берілмейді, барлық сурет көлемінде беріледі. Растрлі көрініс әр түсті нүктелерден тұрады. Бұл жағдайда әр нүктенің түсі жайлы мәліметті сақтап отыру керек. Векторлық суреттің растрлік көріністің көлемін салыстырғанына байланысты. Flash импортталған және архивтелген файлдарды JPEG тен сақтауға мүмкіндік береді. Роликке растрлік, графикалық және векторлық көріністерді:*.EMF,*WMF,*EPS,*AI,*D XF,*DIB,*JPG,*GIF, *.PNG. импорттауға болады.
● Анимация. FLASH PLAYER -FLASH фильмді қосқан кезден бастап жүктеледі.
● Дыбыс. FLASH-ролигінде дыбыстық файылдарды *.WAV,*.AIFF. форматта қолдануға болады.
● Трансформация. Біз компьютер қолданғаннан бастап, жұмысымызды жеңілдету үшін, анимацияны қолдан жасамаймыз. FLASH бұны автоматты түрде өзі істейді. Ол үшін трансформацияны пайдалану қажет. Бұл үшін бастапқы және соңғы форманы, сағатты беру қажет. Трансформация орналасуын да қамтамасыз етеді.
● Арнаулы эффектілер. Спецэффектіні қолдану үшін әр қабатқа өзінің техникасы қолданылады, (мына типте Layers Photoshop), және де көгілдір масканы да қолдануға болады. Дизайнның активті элементі. Кез келген графикалық элементті қолданушымен белсенді етуге болады, роликті басқаруға, дыбысты қосуға және тоқтатуға, URL ресурсын қосуға, видео кнопкалармен менюді функионалдауға болады. Кнопка үш түрде болады(қарапайым, тышқан тәріздес, басылымды).
● Роликтің өлшемі. Векторлы форматты қолдану обьектімен жұмыс істеуде, қарапайым графикалық форматқа қарағанда клип файлдың көлемін кішірейтуге мүмкіндік береді. Экспорт анимациясы - GIF - 27 килобайт AVI - 8 мегабайт.
● Роликтің автономды ойнатқышы. FLASH - те құрылған ролик Internet желісінде ғана емес, автономды арнайы ойнатқыштан да көрсетеді(Window және Macintosh). Кезкелген JAVA виртуалды машинасында жұмыс істейтін JAVA ойнатқышы бар. Windows - та дискетамен CD ROM презентациясымен қосуға болатын автономды Exe - модулін дайындауға болады. Бұл түрде дайындалған презентация Internet-те жасалған презентациядай болып көрінеді.

Жұмыс алаңы

8-сурет. Жұмыс алаңы.
Инструменттер құралы. Жаңа инструменттер құралына бір қарағаннан Flash программасының ауқымды болғанын байқаймыз. Мысал үшін Line, Oval, Rectangle, Pencil және Hand қарапайым опция болған, ал қазір жеке- жеке құрал. Жаңа Rectangle опциясы дөңгелек бұрыштар мен төрт бұрыш жасай алады.

9-сурет.Инструменттер құралы
1- Панель құралдары
2- Көру құралы
3- Түстер параметрі
4- Қосымша құралдар

3. Macromedia Flash MX командалары

* Ерекшелеу құралы (стрелка) - графикалық обьектілерді өзгертуге және ерекшелеуге арналған.
* * Snap - Басқа обьектіге немесе орнына жылжыту, өзгерту құралы. Дұрыс қадаммен орындасаңыз обьектіні оңай орнына қоя аласыз.
* * Smooth - Қисық сызықтарды түзулеу құралы.
* * Straighten - Түзету. Smooth - ге қарағанда бұрыштарды түзулейтін құрал.
* * Rotate - таңдалған обьектіні бұрау.
* * Scale - таңдалған обьектінің көлемін өзгерту.
* * Лассо - обьектінің аймағын ерекшелеуге арналған. Бірақ ол бірнеше спецификалды. Бұның көмегімен обьектінің іші формалар, жұмыс облыстарын редакторлау үшін ерекшеленеді.

Модификаттар:
* Magic Wand - сиқырлы таяқша. Керек түспен облысты қырқып алады.
* Magic Wand Properties - сиқырлы таяқшаның режимін орнату құралы.
* Polygon - көпбұрышты. Обьектілерді түзу сызықтармен бояу.
* Сызық - жұмыс столының обьектісі. Түзу сызықтар сызу үшін қолданылады.
* Stroke Color - Түс таңдау палитрасы.
* Fill Color - Түс таңдау заливкасы.
* Тіктөртбұрыш - Тіктөртбұрыштар мен квадраттар жасайтын құрал.
* Round rectangle radius - Нүктелердің радиусын беру. Бір Corner Radius модификаторды шертсеңіз Setting, Rectangle радиус беретін нүктелер шығады.
* Pencil Mode - қарындаш құралы.
* Ink - сақталмаған сурет
* Brush Mode - кисть режимі.
* Paint Normal - толық бояу.
* Paint fill - жиектерін боямай заливканы қолдану.
* Paint Behind - обьектіден кейін фонды бояу.
* Paint Selection - ерекшеленген облысты бояу.
* Paint Inside - обьектінің ішін бояу.
* Brush Size - қылқаламның өлшемін таңдау.
* Brush Shape - қылқаламның формасын таңдау.
* Пипетка - заливканы көшіріп алуға мүмкіндік береді.
* Ластик - форманы, фигураны, сызықты өшіру үшін қолданылады.
* Рука - жұмыс парақ үстінде оңай жылжыту.
* Лупа - үлкейтіп көрсету. Артық жерлерін алып тастап жөндеу.
* Текст - Мәтін жазу.
* Векторлық корекция - графикалық обьектілердің формасын өзгерту.
* Перо - Векторлық обьектіге сызық сызу.
* Don't Close Gaps - жабулы обьектілерді бояу.
* Close Small Gaps - обьектілі заливка
* Stroke Color - Түс таңдау палитрасы
* Smooth - Қисық сызықтарды түзулеу құралы.
* Rotate - таңдалған обьектіні бұрау
* Polygon - көпбұрышты. Обьектілерді түзу сызықтармен бояу.
Уақыт шкаласы. Уақыт шкаласымен проектінің структурасын бағалауға және обьектіні жылдам көруге болады. Кадрларды жылжытуға болады.

1

2 3
1-ші вкладка сцены
2-ші қабат кадрлар
3-ші кадрлардың көлемі
1 2
5

3 4
10-сурет.Кадрлармен жұмыс істеу терезесі
1-ші бетті редактрлеу
2-ші символдарды редактрлеу
3-ші орталыққа даярлау
4-ші калькірлеу
5-ші калькірлеуді өзгерту

1
3 2

4

11-сурет.Қабаттар терезесі
1-ші контур түрінде қабаттарды көрсету
2-ші қабаттарды блокқа қою
3-ші қабаттарды жасыру
4-ші қабаттар қосу

4. Macromedia Flash - тің принциптері
Flash - те проект жасағанда және оны басқа программалармен салыстыра отырып графикалық суреттерде Web - дизайнда олардан мүмкіндігі көп екендігін байқауға болады.
1. Элементтерді қолдануда бірнеше рет қайталануы.
2. Кадрларды өзгерту үшін біріктіргенді. (motion tweens), командалары кадрлардың қайталануын автоматты түрде санауын көрсетеді.
3. Кадрлардың трансформациямен бірігуі. (shape tweens), командалары кадрлардың трасформациямен автоматты түрде бірігіп, проектінің жылдамдығын көрсетеді.
4. Қарандаш құралымен сызылған сызық қаламсапқа қарағанда аз көлемді талап етеді. (пунктир, линий т.б)
5. Қабаттарды қолдану клиптің бөлімдерін бөлуде қолданылады.
6. Векторлық графикаға байланысты әр санның шрифтімен стилін қысқарту.
7. Жоғарғы дәрежелі пайдалы музыканы МР3 форматта қолдану.
8. Растрлік көріністерді анимация мүмкіндігінде қолдану, оның статистикалық элементтерінің фондық түсі.
9. Actions Script бөлімдерінде кадрларды бөлуді қолдану.
10. Әр қабатқа обьектілерді біріктіріп қою.
11. Бір обьектінің түрлі құралмен фондық түстік эффектілерін өзгерту.
12. Web - safe бірлік политрасында түстік браузердің айырылуын қолдану.
13. Library компонентінде кез келген обьектіні тез тауып көлемін өзгертуге болады.
14. Бастапқы проектіге жаңа проектіні қолдану.
Web сайтпен Internet - те программаны өзгерту үшін кейде гипермәтіндік текстке HTML тілі қажет болады.
Қабаттық көрініс. Маркер терезеде бейнеленген ағымдық кадрды көрсетеді. Қандай да бір кадрды сілтегенгенде маркер оған автоматты түрде орналасады.
Қабаттар - қабаттар тізбегінің сол жағында орналасады. Оның астында қабаттарды қосуға, алып тастауға мүмкіндік беретін түймешіктер бар. Әрбір қабатты көрінбейтін етуге және оны редакциялауға тыйым салуға болады.
Кадрлар шкаласы - сіз қарапайым және шешуші кадрларды қосу және алып тастау мүмкіндігіңіз бар. Егер қандай да бір кадрда контекстік мәзірді шақырсақ (тышқанның оң пернесін басу арқылы) сіз жасауға болатын әрекеттер тізбегін көресіз. Шкалада шешуші болып табылатын (мұндай кадрлар қара дөңгелектермен орналасады) әрекеті (а әріпі) немесе белгісі(қызыл жалау онан соң белгінің оты) бар кадрлар туралы ақпарат көрінеді. Түс те кадрлардың түрі туралы айтады. Сұр түс бұл шешуші кадрды (кeyframe) дәлме дәл қайтайталайтын кадрлар. Көкшіл не жасыл түс кадрлардың Flash - пен басқарылғаны туралы айтады және ақырында, ақ немесе босжолақ кеңістік бұл кадрларда ештеңе жоқ екенін білдіреді.
Көлеңкемен басқару түймешіктері - бұл алдынғы және кейінгі кадрлардың арасындағы айырмашылықты көру үшін, көршілес кадрларды калька арқылы бейнелеуге мүмкіндік беретін түймешіктер. Мұндай бейненің тереңдігін маркердің екі жағынан беруге болады.

5. Flash-те анимациялар құру
Flash-тегі анимация "мультикте" қолданылатын объектілердің қасиетін өзгертуге негізделген. Мысалы, мультиктерде объектілердің пайда болуы немесе жоғалуы мүмкін, сондай-ақ объектілер орнын, формасын, өлшемін, түсін, мөлдірлілігін т.б. өзгертуі мүмкін. Flash-те объектілерді анимациялаудың үш түрлі механизмі қарастырылған:

* кадрлап ("классикалық") анимациялау - автор, құрып отырған мультигінің әр кадрын өзі безендіріп отырады.
* автоматты анимация (tweened-анимация), құрушы тек алғашқы және соңғы кадрларын жасайды, ал Flash аралық кадрларды өзі генерациялайды; tweened-анимацияның екі түрі бар: объектілерді жүргізуге негізделген (motion-animation) және объектілерді трансформациялауға (формасын өзгертуге) негізделген (shape-animation);
* сценарий негізінде құрылатын анимация, сценарий обьектілердің өзгеріп отыруын Flash-тің өз тілінде сипаттайды, ол ActionScript деп аталады; бұл тілдің синтаксисі Web-публикацияда қолданылатын басқа сценарий тілдерінің синтаксисін (мысалы, JavaScript және VBScript) еске түсіреді.

Бұл механизмдердің әрқайсысының артықшылығы болғанымен кемшіліктері де бар. Көп жағдайда tweened-анимацияның мынадай екі артықшылығы болады:
* біріншіден, автор әр кадрды жекелеп жасап қиналмайды;
* екіншіден, мұндай мультиктерді жүргізу үшін Flash тек алғашқы және соңғы кадрларды ғана сақтап отырады, бұл филмнің көлемі аз болуын қамтамасыз етеді.

Тweened-анимация қарапайым сюжеттер жасауға ғана күші жетеді. Ал ActionScript сценарийлері арқылы объектілердің жетерліктей күрделі құбылыстарын жасауға болады. Бірақ ол үшін ActionScript тілін жетік үйрену керек. Басқа сөзбен айтқанда, өзіңіздің жеке мультигіңізді жасауға кіріспей тұрып, оны реализациялау механизмінің қай түрін таңдайтынымызды анықтап алуымыз керек.
Қабаттар мен қозғалысты анимация(motion tweening). Енді элиптикалық орбита обьекттісін жасауға кірісеміз, ол тағы да жұмыс түрінде көрсетілгенімен, жиегі көк түсті болады, онан соң бізде келесі пайда болады:
Біз біздің планетамыздың ортасында орналасқан элиптикалық орбитаны жасап болған соң планета екі секторға бөлінеді. Бұл Flash техналогиясында обьектілер олардың қиылысу нүктелерінде секторға бөлінетіндіктен болады. Бұл ерекшеліктер басында қолайсыз көрінгенімен соңына өте күрделі роликтер жасау кезінде өте қажет. Планета мен орбитаның мұндай секторларға бөліну кезінде өте қажетті обьектіде екі рет шертпе жасап, сосын Modify -- Group мәзірінің пунктін (немесе Ctrl + G пернелерінің жиыны) пайдалану жеткілікті. Group командасы обьектілерді бір топқа топтастыруға мүмкіндік береді. Бұл командадан бас тарту үшін Modify--Ungroup топтамасын іске қосамыз.
Енді планета өз осьінің айналасында айналатын тиімділік үшін біз ең қарапайым, бірақ өте тамаша тәсілді пайдаланатын болып шештік. Маркердің көмегімен планета ортасында біз оның градиентін бірінші және соңғы кадрда белгілейміз. Сонымен, біз ойнамалы басты бірінші кадрға ауыстырамыз және маркердің көмегімен градиентті планета шегінен алып шығып, оны солға көшіреміз. Мұны оның ортасы планета мен орбита ортасына сәйкес келетіндей етіп және градиент жиегі мен планета жиегі бір сызықта болатындай етіп жасаймыз. Соңғы кадрда осыны жасаймыз, тек градиентті солға ауыстырамыз.
Фильмді дыбыстандыру.
Спутник өз осьі бойымен, орбита мен планетада айналуы кезінде алдымен дыбыстық фрагмент орналасатын жаңа қабат жасау керек. Жаңа қабатты дыбыс деп атап оны ең жоғарыға орналастырамыз. Енді өз фильмімізге дыбыс қосу үшін біз дыбыстар кітапханасын қолдануға немесе өзіміздің жеке файлымызды импорттауға міндеттіміз. Flash программасы келесі форматтағы файлдарды импорттауға мүмкіндік береді. MP3 (Mpeg-1 Audio Layer 3), WAV (windows wave ), AIFF немесе AIFAUDIO INTERCHANGE FILE FORMAT QUIC TIME-ді тікелей Flash програмасына импорттауға болмайды. Алайда бұл аудиофайлдарды WAV немесе AIFF форматында сақтап Flash те импорттауға дайындауға болады. Бұл үшін компьютерде Quick Time Pro 4 немесе одан да жоғары програмасын орнату керек, оны www. Apple.com адресі бойынша Web - тармағы Apple - ден табуға болады. Біздің анимациялық фильміміз Web - ке арналғандықтан, оған жаңаша қызықты ізденіс қосу керек.
Start - нұсқа алдыңғыға ұқсас ерекшелігі оқиғаның кезекті басталуында алдыңғыны шығару аяқталмасада дыбыстың жаңа данасын шығару басталады.
Stop - бұл опция Start опциясымен ұқсас, ерекшелігі бөлінген дыбысты шығару басталады.
Error opening URL "file:FНовая%20папкаtest.swf" ару. Stop синхрондау оқиғасы басталғанда тоқтайды. Бұл опцияны белгілі дыбысты шығаруды тоқтатуға пайдаланады.
Stream - ағымдық дыбыс. Flash анимация мен ағымдық дыбыстың күштеп синхрондауды қамтамасыз етеді, мысалы, егер анимация кадрлары Web - бетте ағымдық дыбыс секілді жылдамдықпен шығуға үлгермесе, Flash плеер кейбір кадрларды өткізеді, ағымдық дыбысты шығару анимация аяқталғанда тоқтайды, одан басқа ағымдық дыбыс ешкашан ұзаққа созылмайды. Біздің ролигімізге сәйкес келетіндіктен біз Stop - ты таңдаймыз.
:: Loops (Циклдар) - бұл жерде дыбыстандырудың ұзақтығын анықтауға болады, ол қайталанған дыбыстың саны ретінде анықталады, бұл сандарды өріске енгізу керек, мысалы егер 3 - секундтық дыбыс 30 секунд бойында естілсе, Loops өрісіне 10 санын енгізу қажет. 100 мәнін береміз, себебі ролик интернетке есептелген.

Енді бізде не алынғанын тексереміз, енді бақылаушының көмегімен емес, Cantrol--Test Movie мәзірі пунктінің немесе Ctrl+ Enter түймешіктері жинағының көмегімен басамыз.
Фильмді жариялау. Енді біз фильмді жариялаумен айналысамыз. Алдымен бізге жариялауға қажетті параметрлерді қоямыз, бұл үшін File--Publish Settings мәзірінің пунктін немесе Ctrl + Shift + F12 пернелерінің түймешіктер жиынтығын пайдаланамыз, бұдан соң экранда төмендегі терезе пайда болады.
Ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Сайтта интро-роликтер құру. интро-роликтер құрудың негізгі принциптері» оқыту әдістемесі
Macromedia flash технологиясы жайлы
Компьютерлік желілер және онда графикалық ақпараттарды тасымалдау
Macromedіa Flash алынған мәліметті талдау және жөндеу
Электронды оқулық жасау
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Macromedіa flash технологиясы туралы
Векторлық графиканы қолдану
Оқу үрдісінде Macromedia Flash программалық жабдығын қолдану
Adobe Photoshop cs3 бағдарламасына электрондық оқулық
Пәндер