Д. Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1-тарау. Әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға
- Д. Исабековтың шығармашылық лабораториясы
- Д. Исабеков әңгімелері мен повестеріндегі тақырыптық идеялық ізденістер
2-тарау. Д. Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
- Суреткердің кейіпкер психологиясын беру шеберлігі
2. 2. Кейіпкерлердің адамгершілік ізденістері мен қоғамның
әлеуметтік шындығы.
2. 3. Д. Исабеков әңгімелеріндегі образдардың жасалу ерекшелігі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда ондаған прозалық кітаптардың, жиырмаға жуық драмалық шығармалардың, көптеген кинофильмдер мен жүзден астам мақала, эсселердің авторыболып табылатын қазақтың көрнекті жазушыларының бірі Д. Исабековтың суреткерлік таланты негізінен повестері мен прозадағы шағын жанр әңгімелері арқылы танылды десек қателеспейміз. Зерттеуде жазушының повестері мен әңгімелеріндегі кейіпкерлерді сомдау шеберлігі, олардың заман рухына сай болмыс-бітімі, идеялық көркемдік ерекшеліктері, стильдік ізденістері қарастырылады.
Қазіргі кездегі кейбір әдебиет зерттеушілері 1968-1990 жылдар аралығын Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы дәуірі деп атап жүр. Қаламгер Д. Исабеков әдебиетке осы Кеңестік қазақ әдебиетінің соңғы кезеңінде, яғни 0966 жылы келді.
Д. Исабековтың шығармалары туралы сөз қозғамас бұрын жазушы өзіндік қолтаңбасымен жазылған туындыларымен ерекше үлес қосқан осы кезеңдегі әдебиеттің жай күйіне қысқаша шолу жасай кеткенді жөн көріп отырмыз.
Мезгілі жағынан жиырма жылдан астам уақытты қамтитын бұл дәуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс ерекше қарқынмен жүрді. Қаламгер, ақын-жазушылардың қатары көбейді. Әдебиет жанрының барлық түрі бір-бірімен қатарласып, тепе-тең дамыды.
Түр мен жанр ізденістер арқылы даму сипатына ие болды. Ал, сол кездері жазылған көркем дүниелердің өзіндік ерекшеліктеріне барлау жасасақ, төмендегі жайтар басты назарға ілінеді.
Ақын-жазушылар тарапынан халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігін көркемдік тұрғыдан зерттеп, қаһарамандық жасау психологиясын, философиясын ашуға ұмтылыс жасалды. Ұлы Отан соғысы тақырыбы жастық шағы сол кезге сәйкес келген ұрпақ өкілдері Б. Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» (1967), Н. Ғабдуллиннің «Жігер» (1983), М. Мағауиннің «Бір атаның балалары», С. Мұратбековтың «Жабай алма», Д. Исабековтың «Біз соғысты көргенбіз» повесть, романдарында көрініс тапты.
Прозада лирика мен эпика, реалистік, романтикалық әдістер үйлесіп, дерек пен ойдан шығару түйүіндесіп жатты. Ә. Әлімжановтың «Отырардан келген сыйлық» (1964), «Махамбет жебесі» (1960), О. Бөкейдің «Қамшыгер» (1970), «Ән салады шағылдар» (1978), Т. Әбдіковтің «Ақиқат» (1978), С. Елубаевтың «Ойсылқара», Т. Жармағанбетовтың «Соңғы хат» (1974), Ә. Кекілбаевтың «Дала балладалары» (1967), «Шыңырау» (1982), Д. Исабековтың «Қарғын» (1980), «Тіршілік» (1975), М. Мағауиннің «Көкмұнар» (1972) жинақтарында жанрлық стильдік соны ізденістер байқалады.
Қазақ прозасы тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастады. Рухани өмірімізде мұндай серпілістің болу себебі халықтың өз тарихы мен ежелгі болмысын жетік білуі керек екендігіне байланысты еді. Қатпары қалың тарих І. Есенберлинің «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Жанталас» (1973), «Алтын орда» (1982), Ә. Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984), Қ. Жұмаділовтің «Соңғы көш» (1974), «Тағдыр» (1989), Д. Досжановтың «Жібек жолы» т. б. романдарында көркемдік шешімін тапты.
Біз қарастырып отырған Дулат Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшелігі дипломдық жұмысқа арқау болуын зерттеу жұмысының өзектілігі деп білеміз.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Еңбекте Д. Исабеков шығармаларының идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін сипаттау, олардың бүгінгі жазушы өмір сүріп отырған дәуір шындығымен байланысын, шығармаларының қазақ прозасындағы орны мен мәнін анықтау мақсаты жұмыстың алдына нақты міндеттерді қояды. Д. Исабеков әңгімелері мен повестерінің идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін жүйелеу, суреткердің шығармасына өзек болған замана мәселелеріне сипаттама беру, шығармаларының тууына негіз болған нақты өмір құбылыстарының көрінісі мен шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ізденіс тәсілдері (стилі, деталь, мінездеу, тілі) мен даралығын сараптау.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негіздері. Жұмысымызға әңгіме жанрының табиғаты жөніндегі, сонымен қатар Д. Исабеков туындыларының өзіндік ерекшеліктерін танытатын зерттеу еңбектерін басты бағдар еттік. Әшімбаев С. «Сын мұраты», Балажанов А. «Өліарада туған жыр», Бектасова Г. «Жазушыға жазу - міндет, айту - парыз», Бөкей О., Шағатай Ж. «Жусан исі», Бөпежанова Ә. «Болмыспен бетпе-бет», Елеукенов Ш. «Замандас парасаты», Ергөбек Қ. «Ұлтын сүйген жүрек үні», Әдебиет теориясына қатысты еңбектер Аристотель «Поэтика», Қ. Жұмалиев «Әдебиет теориясы», З. Қабдолов «Сөз өнері», «Әдебиеттану терминдер сөздігі», Қ. Алпысбаев «Көркем шығарманы талдау жолдары», Т. Ақшолақов «Көркем шығармаға талдау жасау» пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Д. Исабеков шығармаларының көремдік ерекшеліктерін зерттеу жұмысының басты нысанасы еткендіктен, біз жазушы әңгімелері мен повестеріндегі тақырып және идея мәселесіне, образдар жасау ерекшелігіне, жазушы шығармаларынан аңғарылатын автордың өзіндік стильдік, тілдік, ерекшеліктеріне ғылыми талдаулар жасалуын жұмыстың ғылыми жаңалығы деп түсінеміз.
1-тарау. Әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға
Әдебиет тарихы көшінің бел ортасында жүріп, әлі күнге кемелді шығармаларымен сусындатып келе жатқан Д. Исабеков шығармаларының ерекшеліктерін сөз етудің алдында шығармашылық өмір жолымен қысқаша таныстыра кеткенді жөн көрдік.
Қазіргі біздің әдебиеттегі ерекше көзге түсер бір талант - Дулат Исабеков. Ол қазір аңырмай, жалтақтамай, өнімді еңбек етіп келе жатқан жазушы. Сырттай байыптаған кісіге қоғамдағы сілкіністер, бүгінгі идеологиялық күрт өзгерістер оған көп әсер ете қоймағандай көрінеді. Қалам сілтеуінде іркіліс те, кібіртік те жоқ. Жазушының ширек ғасыр шамасындағы шығармашылық жолына шолу жасап, ой түюге итермелеген себеп те міне осында.
Д. Исабеков - оқымай мақтай салсаң, обал болатын, оқып мақтасаң сауап болатын айрықша талант. Өйткені оның шығармаларында данышпандарды да ойландыратын ойлылық бар. Оны ойланбай оқу да мүмкін емес, оқыған соң ойланбау да мүмкін емес. Оның жазушылық құдіреті солай.
Қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, драматург Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданына қарасты бұрынғы Қараспан кеңшарының ленин атындағы бөлімшесінде дүниеге келген. Балалық шағында тұрмыстың тауқыметін көп тартқан болашақ қаламгердің әкесі Исабек 1943 жылы, екінші дүниежүзілік соғыста, ал анасы Күміскүл 1956 жылы дүниеден өтеді. Қаламгер ағалары Набиял мен Пәрменнің қолында тәрбиеленген. Әпкелері Бибіхан мен Күлайна 1998 және 1974 жылдары қайтыс болған. Болашақ жазушы жас кезінде әпклерінің қамқорлығын көп көрген. Оның әйгілі «Әпке» атты пьесасының жазылуына осы екі әпкесінің тікелей әсері болған.
Д. Исабеков 1956 жылы Бадам стансасындағы он жылдық мектепті бітіргеннен кейін екі жыл Монтайтас ауылында электр желілерін жөндеуші болып жұмыс істейді. 1961 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1966 жылы бітіріп шығады. 1966-1967 жылдар аралығында бұрынғы Калинин, қазіргі Тверь қаласында офицерлік курста оқып, әскери шенге ие болады. Бұдан кейін телевизия және радио хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор (1967-68), қазақ кеңес энциклопедиясы Бас редакциясында аға ғылыми редактор (1968-70), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-76), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-80), Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегиясының бас редакторы (1980-88), Қазақ белевизиясының директоры (1990-92), «Жазушы» баспасының директоры (1992-96) қызметтерін атқарған.
- Д. Исабековтың шығармашылық лабораториясы
Дулат Исабековтың шығармашылық өмір жолы ерте басталады. 1963 жылы басылып шыққан Қазақстан жазушыларының «Замандастар» атты әңгімелер жинағында оның «Жолда» деп аталатын алғашқы әңгімесі жарық көреді. Сол жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің бірнеше нөмірлерінде «Шойынқұлақ» атты әңгімесі жарық көреді.
Арада үш жыл өткенде, 1966 жылы, небары жиырма екі жасында, университеттің соңғы курсында оқып жүрген кезінде оның «Бекет» деп аталатын повесі мен әңгімелері жеке жинақ болып басылып шықты. Кейін «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер» (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестері мен әңгімелер жинақтары, «қрағын» (1980) романы жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Сметение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды. Жекелеген туындылар венгер, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. Сондай-ақ, оның театр сахнасында табысты қойылып, көрермен жүрегіне жол тапқан «Редактордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке»(1977), «Ертеңгі күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986) т. б. пьесалары да өнер сүйер қауымға жақсы таныс.
«Гауһар тас» (реж. Ш. Бейсенбаев, 1975), «Дермене» (реж. Ә. Әшімов, 1986), «Тіршілік» (реж. Ұ. Қолдауова, 1996) повестері бойынша көркем фильмдер түсірілді.
Жазушыға сапалы да жемісті еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1992 жылғы желтоқсанның 15-індегі «Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы» қаулысымен «Ай-Петри ақиқаты» деген повестер мен әңгімелер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол кісі, сондай-ақ, халықаралық ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты болып табылды.
Ең алғашқы әңгімесі «Шойынқұлақтан» бастап ширек ғасырға жуық уақыт ішінде жазушы қаламынан көптеген туындылар дүниеге келді. Д. Исабеков шығармашылығының болашақ бағыт-бағдарын айқын бағамдатқан алғашқы повестері - «Гауһар тас» пен «Пері мен періште» болды. Адамгершіліктің әлеуметтік құндылықтың, одан өрбитін махаббат пен мейірімділікті кіршіксіз сақтай білудің парыз екендігін жан-жақты зерделеген «Гауһар тас», «Мазасыз күндер», «Пері мен періште», «Қарғын» ұлттық әдебиетіміздің гуманистік құрамын байытқан дүниелер. Бұл шығармалар адамгершілік үшін тек қилы замандар емес, күнделікті тіршіліктің, тұрмыстың өзі де қатал сын болатынын ұғындырды.
«Әпке» пьесасы бір отбасындағы ата-анасыз жастардың бір-біріне қамқорлығы, оқып адам болып, өмірден өз орындарын тауып, жалпы махаббат-достық мәселесін көрсетуге арналған.
Кезінде Софокл:
«Монго есть чудес на свете,
Человек - их всех чудесней, » - деген екен.
Сол айтқандай, қаламгерлік қабілеті тек өзімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде лайықты бағасын алған Дулат Исабеков шығармашылық жолы туралы еңбек жазу мойнымызға үлкен жауапкершілік жүгін жүктейді.
Белгілі әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек: «Дулат Исабеков творчествосы жайында жазу оңай мінбет емес. Қиын. Қиын болатыны ол өз буынында өзіндік ізденісті бастан кешіп, өзгеге ұқсамас творчестволық тағдырға талпынып жүрген жазушы. Әдебиетте тапқан жиһазын оңашалау ұстап келе жатқаны да мәлім. Егіздің сыңарындай ұқсас, айтары аз, көлемі көз қорқытар шығармалар топаны белең алған қазіргі шақта өзіндік ерекшеліктің болуы, әрине қуанышты жағдай. Ұқсас сарындар, қайталау - көркемөнер құнын түсірер болса, творчестволық даралық өнер атаулының бағын жандырып, бағасын арттырады. Дулат Исабеков іздене өсіп кледі, » - деген болатын.
Сонымен бірге Д. Исабековтың 60 жасқа толуына орай көптеген мақалалар мен зерттеу еңбектер жарық көрді.
- Д. Исабеков әңгімелері мен повестеріндегі тақырыптық идеялық ізденістер
Адамды таңдандыру қиынға айналған дәл қазіргі заманда оқырманы бар жазушы болу кез келгеннің қолынан келе бермесе керек. Осы тұрғыдан қарағанда Дулат Исабеков бақытты жазушы, қалың оқырманның көңілінен шығып, сүйіктісі бола білген қаламгер. Қазір он шақты кітаптың авторы болып үлгерген Дулат Исабеков ең алғаш әдебиете әңгімелерімен келген еді, әлі де сол шағын да қиын жанрдан қол үзбей, өзінің өсу деңгейін көрсетіп отыр.
«60-жылдардың ортасына таман (дәлірек айтсақ 1963 жылы) сол кездегі «Ленишіл жас» газетінің екі-үш нөмірінде «Шойынқұлақ» атты әңгіме жарияланып, ә дегенде-ақ әдебиет құмар қалың оқырманды ғана емес, белгілі сөз зергерлері-қаламгерлер қауымын елең еткізген әңгіме авторымен танысу әркім-әркімге мұрат болуға айналған. Қилы пікір, талай қисын тудырған әңгіменің авторы . . . Д. Исабеков екен» - дейді «Жусан иісі» деп аталатын Д. Исабеков шығармашылығы туралы мақаланың авторлары Оралхан Бөкей мен Оралхан Жаңабай.
Д. Исабеков қаламынан осы «Шойынқұлақ» әңгімесінен кейін талай-талай әңгіме, повесть, роман, мақалалар туды. Оқырманын ойлы, жинақы шымыр шығармаларымен баурап әкететін жазушы әдебиетке әңгімелерімен келді. Әңгімеге қойылатын талап басқа да жанрлар секілді алдымен адам өмірі, тағдыры суреттеліп, оқиғаға қатысатын кейіпкерлер саны шектеулі болуы, сюжет желісі бір арналы, ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын, бір оқиға тартыс-қақтығысты бейнелеумен кейіпкердің мінез-тұлғасы толық, айқын көрініс тауып, маңызды ой-түйіндеулер жасалуы қажет болса, Д. Исабеков әңгімелері қойылған талаптарға толықтай жауап берері сөзсіз.
Автордың әңгіме деп аталатын шағын жанрда жазылған шығармалардың тырнақалдысы осы «Шойынқұлақ» болатын. Бұл жанрдағы қадамын жоғарыда көрсетілгендей тәп-тәуір бастаған жазушы мұнан кейін де көркемдігі жағынан талапқа толғымен жауап беретін, өзі өмір сүрегн қоғамның ең көкейкесті тақырыптарын қамтыған дүниелерді («Ақырамыштан наурызға дейін», «Соцализм зәулімі», «Ескерткіш», «Бонапарттың үйленуі», «Ай-Петри ақиқаты», «Конфронтация», «Талахан-186», «Ертегі елінде немесе қоштасу вальсі», «Есеп шот, түйетауық және домино», «Қараспан процесі» т. б. ) жазып шықты.
Кейінгі шығармаларында жазушы оқушысын ойға қалдырып, түйінді шешуді, қорытынды жасауды да соның еншісіне қалдырып келеді. Барлық шығармаларында жазушы өмірдің көлеңкелі жақтарын ашып көрсетеді, әр алуан характерлерді, өмірде кездесетін трагедиялық тағдырларды сөз етеді, » - дейді Сұлушаш Төретаева өзінің мақаласында.
Ал жергілікті ақын Абай Балажан өзінің мақаласын:
«Әсілі, әдебиетте белгілі бір суреткердің шығармасына пікір айтқаннан гөрі өзінің әдеби шығарма дүниеге әкелгенің анағұрлым оңайырақ секілді, » - деген сөйлемнен бастайды.
Расында да, бүгінгі көркем көкжиегің ертеңгі өлшем болуға жарамайды. Басқа-басқа, көркемдігінде көлеңке жоқ деп есептеп келген кешегі «Көтерілген тың» секілді шығармалардың өзіне қазіргі кезде басқаша көзқараспен қарай тастаған жоқпыз ба?
Немесе кешегі репрессия, қуғын-сүргін жылдары туралы кешегі күндері ғана жазылған көркем шығармалар ше? «Ойбай, не дейсің, ойсыраған тарихымыздың орнын толтырып тастады!» деп бөркімізді аспанға лақтырып, жан-жақтан жапа-тармағай мақтаған пікірлерімізді жасыра айтып, жамырай жазып едік. Сонымен бірге Сталинді күстаналаған, ақ қағазға азап лагерлерінің сұлбасын түсірген шығармалар (егер ондай жазбаларды көркем шығарма деп тауға болатын болса) бүгінде ешкімге керек болмай қалған сыңайы бар. Бәлкім, оған әлгіндей тақырыптарға немқұрайлы, атүсті қараған ақын-жазушыларымыздың өздері де кінәлі шығар. Жазушылық өнер мен «жазғыштық өнерді» бір-бірімен шатастырып алған жерде шын мәніндегі көркем туынды келе қоюы қиын шығар?!
Расында да, әдебиеттің дәуірден-дәуірге көшетінін бес саусағындай біле тұрып, оны көп жағдайда ескере бермейтініміз бар. Кезеңдік, уақытша тақырыптарға, әрі кетсе тарихи тақырыптарға ұмтылу көптеген қаламгерлерге тән қасиет болып табылады. Шынын айтқанда, егер көркемдік деңгейін келістіріп, оқырманның ықыласын аудара білсе, қай тақырыпта жазылған шығармаларды алып қарасақ та, өз авторын абыройсыз қалдырмас еді-ау. Дегенмен, кейбір шығармалардың сол көркемдік жағы ақсап жататыны да ақиқат емес пе?
Енді өзіміз таңдап алған негізгі тақырыпқа - жазушы Д. Исабеков қаламынан туған шығармалардағы адам тағдырының суреттелу ерекшеліктерін талдауға кірісейік.
Кез-келген қаламгердің шығармасын талдау дегеніміз - оның шығармаларының тарихын қарастыру деп білеміз. Содықтан да сүйікті туындылардың тарихына талдау жасау - ең алдымен тақырыптан басталатыны белгілі.
«Тақырып - творчестволық актының басы. Жазылмақ шығарманың кіндік мәселесі, өзегі, түйіні - тақырып. Көркемдіктің көп компоненті, шеберліктің көп түйіні - осы тақырыпта. Тақырып жоспарға да қатысты. Тақырып идеяға тартылған жол. Ал, үлкен мағынасындағы тақырып - шағын тақырыптан (ой-түрткіден) басталады, » - дейді белгілі әдебиет зерттеушісі Қ. Ергөбек.
Сонымен, тақырып - өнер туындысының ірге тасы. Өнер өмірден туатын болса, суреткердің ең алдымен өмірден іздеп табары - өз шығармасының тақырыбы. Ал «тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Тақырып - тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық және тегеурінді иірімдер ішінде; оны сол арадан іздеп таба біл, дөңбекшіген толқын, сарқырама сел астынан тауып шыға біл».
Сөйтіп, осы айтылғандарды әдебиет теориясының тіліне салсақ, «жазушының шындық болмыстан таңдап, талғап алып, өзінің көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір құбылыстарының тобын тақырып дейміз».
Осы тұрғыдан алып қарасақ, «жазушы Д. Исабеков шығармаларының тақырыптары қандай?» деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. Біздіңше, Д. Исабековтың талантты қаламгерге тән жазу мәнері, көркем әдебиеттің ең басты және бірден-бір тақырыбы мен нысанасы - үлкен әріптермен жазылған «Адам» екендігін әуел бастан-ақ ұғынамыз. Жазушының өмірдің қатпар-қатпар қалтарыстарын зерттеуші ретіндегі қарым-қабілеті, адам жанының терең иірімдерін қапысыз тани білетін зерделілігі, сонан соң жастық балғын шағынан, сол кезден бастап-ақ ол таңдап алған көркемдік бағдар - қарапайым адамдар өміріндегі қилы оқиғалар мен сол қарапайым адамдар көкірегіндегі құпия қазыналарды ашуға ұмтылған суреткерлік нысана оның барлық шығармаларынан да айқын аңғарылады.
Сонымен, тіршілік, адам өмірінің мәні, оның қоғамдағы орны, сан-қилы адам тағдыры, оның сенімі, сезімі, ақыл-ойы, күрес тартысы - Дулат шығармаларының негізгі тақырыбы. Сонымен, «тақырып - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея - жазушының сол өзі суреттеп өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы».
Жазушы Д. Исабеков шығармаларының негізгі идеясы - кейіпкерлерінің қоғамдағы нақты орнына, яғни өмірбаяндық нақты мәліметтерге, тіпті олардың бастарындағы дәуірлік өзгерістерге пәлендей мән де бермейді. Жазушы ең бір қажеті - жұмыс басты қарапайым ғана адам, сол «адам өмірінің қырық қатпар қыры» болып табылады. Жазушы «кішкентай адамдардың», «қор болғандардың» тағдырын көркем әдебиет арқылы суреттеп, оқырманға жеткізеді. Д. Исабеков үшін кейіпкері, яғни қандай да адам, әлеуметтік иерархиясына қарамастан нақты болмыстағы жеке тұлға. Д. Исабеков әңгімелері мен повестері туралы сөз еткенде, оның тақырыбы мен идеясы туралы мәселелерге қай қырынан келді, қандай бағыт-бағдар ұстанды, осыған тоқталық.
Ауылда туып-өскен, өмірлік дүние-танымы мен көзқарасы ауылда қалыптасқан жазушының ауыл өмірін, ондағы адамдардың тұрмыс-тіршілігін суреттеуі және оларды өздері өмір сүріп отырған заман шындығымен астастыра бейнелеуі заңдылық дей тұрсақ та, өз заманына сын көзбен қарай отырып көркем шығарма жазу және сол шығармасы арқылы көркемдік көшінен қалмай ілесіп отыру кез-келгеннің қолынан келе берер шаруа емес.
Қайта құру деп аталатын кезеңнің қиын-қыстау сәтінде туған автордың «Соцализм зәулімі», «Ескерткіш», «Бонапарттың үйленуі», «Ай-Петри ақиқаты», «Конфронтация», «Талахан-186», «Жүз жылдық арман» секілді әңгімелері бір тақырыптың аясында, яғни ХХ ғасырдың 70-80 жылдарындағы қазақ елінің хал-күйін бейнелеу тақырыбының аясына шоғырланса, автордың, айтқаны келген идеясы ұсаөталмайық, берекелі-бірлікті болайық деген мәселелер. Бұл шығармалар идеялық жағынан да бірін-бірі толықтырып отыратын дүниелер.
Бұл әңгімелерде тоқырауға ұрынған қоғамның бар кеселін жайып салып, сонымен қатар өз халқының берекесіз мінез-құлқын еппен көрсетуге тырысқан.
Автордың «Соцализм зәулімі» атты әңгімесінің көтерер жүгі зіл батпан. Әңгімеде ешқандай халық опа таппаған көп ұлттылық мәселесі сөз етіледі. Мәскеуден «Қала мен ауылдың арасындағы айырмашылықты жою керек» деген қаулының шығуы мұң екен; Қазақстанның бір түпкіріндегі «Коммунизм» колхозының «Социализм» бөлімшесінде бұл қаулыны жүзеге асыру жедел қолға алынады. Бұл бөлімшенің мүшелері қала мен ауыл арасындағы басты айырмашылық - көп қабатты үйлерге байланысты деген қорытындыға келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz