Adobe Photoshop 7. 0



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Adobe Photoshop 7.0 программасы кімге арналған ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Adobe Photoshop 7.0 программасына қосылған қосымша параметілер және құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Adobe Photoshop 7.0 жұмыс істеуіне қажетті жүйелік талаптар ... ... 7
1.4 Программа терезелерімен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.5 Құрал саймандармен жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.6 Меню жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16

Мәтіндік эффектілер
2.1 Қанмен жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Отты жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3 Су астындағы әріптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Текстуралар
3.1 Ескі кірпіштен қаланған керегедегі жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
3.2 Мозайкалық бет (1,2 түрі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
3.3 Теледидардың жолдық жаймалауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

Табиғи құбылыстарды қолдан жасау жасау
4.1 Гүлдің судың бетіндегі бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

Құралдардың және орындалатын командалардың пернелік тез орындалуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
Графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар графикалық редакторлар деп аталады. Графикалық редактордың екі түрі болады: растырлық және векторлық. Растырлық бейне пикселдерден тұрады, ал векторлық бейне формуладан тұрады.
Біздің қарастыратынымыз растырлық бейне. Бұндай бейнемен Photoshop, Photo Styler, Photo Paint, Picture Publisher, Corel Photo Paint программалары жұмыс істей алады. Бұл программалар арқылы визиткалар мен жарнаманы безендендіруге, көркем және қызметтік графиканы салуға, 3D көріністер мен анимациялық фильмдер құрастыруға және т.с.с жұмыс жасауға болады.
Осы программалар ішіндегі ең қуаттысы және дизайнерлерде өз қолдауын тапқан Adobe Photoshop программасы болып отыр. Photoshop- тың арқасында суреттерді монтаждауға, ескі суреттерді реставрациялауға, бейнелерге көптеген филтірлерді қолдануға болады.
Бұл программаны Adobe System Inc. компаниясы үнемі жаңартып дамытып отырады. Бұл компанияның кәзіргі таңда ең соңғы жұмыс пакеті Photoshop CS болып отыр. Бірақ мен бұның алдыңғы версиясы Adobe Photoshop 7.0 программасымен сізді таныстырамын.
Егер сіздің дербес компьютеріңізде Photoshop 7.0 программасы орнатылып тұрса, онда оған мынадай себеп болу мүмкін: Біріншіден сіз жұмысыңызға қажет болғандықтан жұмыс үшін не жұмыс жасай алу үшін орнаттыңыз. Екіншіден сіз досыңыз берген PDF, GIF, EPS, PCT, PICT т.б тәрізді форматтағы файлдарды ашу үшін орнаттыңыз. Үшіншіден сіз студентсіз және сізге курстық жұмыс ретінде осы Photoshop 7.0 растырлық программасы берілген, оны меңгеру үшін сіз оны өз PC- іңіздегі ойындардан әрең қалған 1 Гб орынға қияр- қимас болып орнаттыңыз. Ал шын мәнінде бұл растырлық бейнелермен жұмыс істеуге арналған салмақты құрал кімге керектігі жөнінде тоқтайық.
Adobe Photoshop 7.0 пиксельдік бейнелерді құруға және өзгертуге байланысты кез келген жұмысты атқаруға мамандандырылған программа. Бұл программа кітаптық және журналдық иллюстрациялармен, әртүрлі фотобейнелермен, слайдтармен және бейнекадрлармен жұмыс істей алады.
Төменде программа пайдаланушылары келтірілген:
Художник- иллюстратор (мультипликатор). Бұл салада жұмыс істейтін маман әртірлі композициялық суреттерді салудан бастап оны сақтап, басқа суреттермен байланыстырып, сканерден алынған бейнелермен комбинация жасап оған көптеген фильтірлер қолдануына болады.
1. Юрий Гурский, Галина Корабельникова «Photoshop 7 трюки и эффекты» (Эффективная работа).
2. Сергей Пономаренко «Adobe Photoshop 7 в подлинике» (Наиболее полное руководство).

Adobe Photoshop 7. 0
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Adobe Photoshop 7.0 программасы кімге арналған
... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Adobe Photoshop 7.0 программасына қосылған қосымша параметілер және
құралдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...6
1.3 Adobe Photoshop 7.0 жұмыс істеуіне қажетті жүйелік
талаптар ... ... 7
1.4 Программа терезелерімен
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .8
1.5 Құрал саймандармен жұмыс
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.6 Меню
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..16

Мәтіндік эффектілер
2.1 Қанмен
жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .21
2.2 Отты
жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .24
2.3 Су астындағы
әріптер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 27

Текстуралар
3.1 Ескі кірпіштен қаланған керегедегі
жазу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
3.2 Мозайкалық бет (1,2 түрі)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 3
3.3 Теледидардың жолдық
жаймалауы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .35

Табиғи құбылыстарды қолдан жасау жасау
4.1 Гүлдің судың бетіндегі
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 7

Құралдардың және орындалатын командалардың пернелік тез
орындалуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..43
Кіріспе

Графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар графикалық редакторлар
деп аталады. Графикалық редактордың екі түрі болады: растырлық және
векторлық. Растырлық бейне пикселдерден тұрады, ал векторлық бейне
формуладан тұрады.
Біздің қарастыратынымыз растырлық бейне. Бұндай бейнемен Photoshop,
Photo Styler, Photo Paint, Picture Publisher, Corel Photo Paint
программалары жұмыс істей алады. Бұл программалар арқылы визиткалар мен
жарнаманы безендендіруге, көркем және қызметтік графиканы салуға, 3D
көріністер мен анимациялық фильмдер құрастыруға және т.с.с жұмыс жасауға
болады.
Осы программалар ішіндегі ең қуаттысы және дизайнерлерде өз қолдауын
тапқан Adobe Photoshop программасы болып отыр. Photoshop- тың арқасында
суреттерді монтаждауға, ескі суреттерді реставрациялауға, бейнелерге
көптеген филтірлерді қолдануға болады.
Бұл программаны Adobe System Inc. компаниясы үнемі жаңартып дамытып
отырады. Бұл компанияның кәзіргі таңда ең соңғы жұмыс пакеті Photoshop CS
болып отыр. Бірақ мен бұның алдыңғы версиясы Adobe Photoshop 7.0
программасымен сізді таныстырамын.

1.1 Adobe Photoshop 7.0 програмасы кімге арналған

Егер сіздің дербес компьютеріңізде Photoshop 7.0 программасы орнатылып
тұрса, онда оған мынадай себеп болу мүмкін: Біріншіден сіз жұмысыңызға
қажет болғандықтан жұмыс үшін не жұмыс жасай алу үшін орнаттыңыз. Екіншіден
сіз досыңыз берген PDF, GIF, EPS, PCT, PICT т.б тәрізді форматтағы
файлдарды ашу үшін орнаттыңыз. Үшіншіден сіз студентсіз және сізге курстық
жұмыс ретінде осы Photoshop 7.0 растырлық программасы берілген, оны меңгеру
үшін сіз оны өз PC- іңіздегі ойындардан әрең қалған 1 Гб орынға қияр- қимас
болып орнаттыңыз. Ал шын мәнінде бұл растырлық бейнелермен жұмыс істеуге
арналған салмақты құрал кімге керектігі жөнінде тоқтайық.
Adobe Photoshop 7.0 пиксельдік бейнелерді құруға және өзгертуге
байланысты кез келген жұмысты атқаруға мамандандырылған программа. Бұл
программа кітаптық және журналдық иллюстрациялармен, әртүрлі
фотобейнелермен, слайдтармен және бейнекадрлармен жұмыс істей алады.
Төменде программа пайдаланушылары келтірілген:
Художник- иллюстратор (мультипликатор). Бұл салада жұмыс істейтін маман
әртірлі композициялық суреттерді салудан бастап оны сақтап, басқа
суреттермен байланыстырып, сканерден алынған бейнелермен комбинация жасап
оған көптеген фильтірлер қолдануына болады.
Художник- дизайнер. Бұл программа арқылы художник- дизайнер өзінің
шығармашылық диапазонын кеңейтіп, тимді нәтижелерге жетуіне болатынына
сөзсіз сенемін.
Полиграфист. Полиграфист негізінде баспаға басар алдындағы жұмыспен,
яғни сканерден бейнені шығару, корректировка, түс таңдау, CMYK режимінде
редакторлауға және дуплекстермен жұмыс жасаумен айналысады. Photoshop осы
жұмыстармен және бұдан да көп жұмыс түрімен айналысуына мүмкіндік береді.
Фотограф немесе ретушер. Егер жұмысқа қажетті керекті сыртқы
құрылғылар, яғни сканер, циферлік фотоапарат болса бұл маман иесі шексіз
мүмкіндікке ие болып отыр. Ескере кететін жай егер Photoshop сияқты күшті
программа болмаса жоғарыда аталған құрылғылар мүмкіндіктерін толығымен
пайдалану қиын болар еді. Бұл программа арқылы фотограф ретуши, коррекция,
фотобейне монтажы сияқты жұмыстарды орындауына болады.

1.2 Adobe Photoshop 7.0 программасына қосылған қосымша
параметрлер және құралдар.

Photoshop программасында глобальді өзгеріс болмағанымен оған әртүрлі
қосымшалар енгізілді. Оны біз программа іске қосылғандағы жұмыс терезесінен
көруге болады. Егер кімде- кім алдыңғы версиялармен жұмыс істегендер болса,
олар бірден жаңа пиктограмалардың, құралдардың жаңа түрін және т.б.
кішігірім өзгерістердің енгізілгенін көретін еді.
Жасалған өзгерістердің ішінен мынандайы көзге түседі.
Программаға файлдар менеджері (File Browser) енгізілген. Бұл
“жаңалықтың” ыңғайлылығы сізге құжаттың кішірейтілген бейнесін көз
алдыңызда көріп отырасыз. Сонымен қатар файл параметірлері де көрсетіліп
тұрады (өлшемі, режимі, орналасқан жері, форматы). 1.1- сурет.

1.1- сурет- File Browser палитрасы

Аерограф құралы құралдар палитрасынан алынып, бояғыш параметірлеріне
айналды. Бұның орнына құралдар палитрасына 2 автоматтандырылған ретушилеуге
негізделген құралдар енгізілген. 1.2- сурет.

1.2- сурет- Жаңа енгізілген екі құрал

Photoshop 7.0 программасына енгізілген өзгерістердің бірі түбегейлі
өзгерген Brush палитрасының әртүрлі параметірлері.
Егер сіз өз өміріңізде MS Office жүктемесінің Paint компонентімен жұмыс
істеп келе жатсаңыз, онда сізге бірден Photoshop- та жұмыс істеу қиын
болады. Бұл жайында Adobe корпорациясының алдын ала ойластырып қойған Auto
Color командасы жұмысты тездетеді. Ол Image► Adjustments► Auto Color
немесе Shift+ Ctrl+ B арқылы орындауға болады.
Жаңартуда программистер мынадай маңызды мәселені қамтыған. Ол егер
сізге кейбір палитралар қажеті болмаса немесе жұмыс құралы керек болмаса
(ол “не реально”) оны әр программаға жүктелген сайын алып тастаудан
өзіңізді босату үшін оны Work Space► Save арқылы сақтап қою керек. Өзіңізге
керек кезде Work Space► Load арқылы шыққан менюге немесе Work Space
контекстік менюінде сақталған атты шерту арқылы шақыруға боолады.
Енді бір көңіл аударарлық жаңалық, ол Adobe Image Ready 7 программасы.
Бұл программа Adobe Photoshop 7.0 программа пакетіне стандартты қосымша
ретінде кіреді. Өз компьютерімізге Photoshop 7.0- ді орнатқанда Image Ready
7 бірге орнатылады. Программа пакетіне қосымша дегенімен бұл анимация және
әртүрлі қозғалыстар жасайтын жеке программа ретінде қарастырылуы керек. Бұл
программаға Rollovers палитрасы қосымша енгізілді. Image Ready- ға көшу
құралдар палитрасынан немесе File► Jump To► Image Ready арқылы орындалады.
1.4- сурет.
Сонымен бұл версия құрметті қолданушыны тағы да бір рет таңқалдырады.
Тек таңқалдырып қана қоймай сонымен қатар жұмыс мүмкіндіктерінің сапасын
және жылдамдығын арттырады. Осындай қайсиеттеріне қарай бұл программа
растырлық бейнемен жұмыс істейтін программалар ішінде ең жақсыларының
алдыңғы қатарында келеді.

Жүйелік талаптар

Программаны орнатуға қажетті системдік талаптар:
Процессор Pentium III немесе 4;
Microsoft Windows 98, Windows 98 Second Edition, Windows Millennium
Edition, Windows NT (Service Pack 6), Windows 2000(SP 2) және Windows XP;
128 Мбайт оперативті жад және жоғары;
16- биттік бейнеадаптар және жоғары;
CD- ROM

*Ескерту жоғарыдағы жүйелік талаптар минимальді болып келеді.

11.3-
сурет- Image Ready
программасына көшу
1.3 Программа терезелерімен жұмыс

Алдымен программаға кіру жолын айта кетейік.
Photoshop 7.0 программасында жұмыс істемес алдында программаны
жүктеу немесе іске қосу керек. Ол үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Windows жұмыс үстеліндегі Пуск (іске қосу) батырмасында

тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз;

- Осы менюде Все программы қатарында тышқанды шертеміз:

- Енді Adobe Photoshop 7. 0 қатарына меңзерді қойып тышқанды

сырт еткіземіз:

Енді терезелермен жұмысқа көшеміз:

Photoshop 7.0 программасы Windows-тың қолданбалы программалары
сияқты экранда екi терезесi болады: Photosvhop программасының басты жұмыс
аймағын құрайтын программа терезесi және редакциялайтын бейне орналасқан
терезесi. Мұны 2 - суреттен круге болады. Photoshop терезесi, программа
және бейне – Windows-тың басқа қолданбалы программа терезелерi сияқты,
негiзгi элементтерден құралған. Photohop программасында бiр уақытта
бiрнеше терезелермен жұмыс жасау жиi кездеседi. Ал осы, бiр терезеден
басқа терезеге өту үрдісі ыңғайсыз. Сондықтан да мұндай жағдайда Windows
үшiн Photoshop программасында СTRL+TAB және CTRL+SHIFT+TAB пернелер
комбинацилары пайдаланылады. Бiрақ, Macintosh мұндай мүмкiндiктi бере
алмайды. Мұндай жағдайда Photoshop фирмасының Quickkeys программасы
қажет. Программа терезесiн жұмыс үстеліне келтiру үшiн кішірейту
батырмасына тышқанды апарып шертемiз. Егер программаны экранға келтiру
қажет болса, онда жұмыс үстелінде оның батырмасын тышқанмен шертемiз.
Сонымен қатар жұмыс үстеліндегі батырмаларды Photoshop программасынан
басқа активтi программаларға өтуге және керiсiнше пайдалануға болады.
Қалпына келтiруүлкейту батырмалары терезе күйiне тәуелдi. Егер батырмада
екi кiшкентай шаршы болса (1.2 - сурет), онда ол қалпына келтiру
батырмасы.

1.2-сурет. (Photoshop 7. 0 программасының жұмыс үстелі)

1.4. Құрал саймандармен жұмыс

Құралдар палитрасы (1.5- сурет)- бұл элементтермен біз жұмысты көп
істейміз. Бұл құралдар палитрасымен біз алдыңғы тарауда танысамыз. Ал қазір
әр палитрадағы әр кнопканың астындағы қара үшбұрышты сызыққа көңіл
аударайық. Бұл сызыққа тышқанды апарып 1-2 сек басып ұстасақ қосымша
“подқұралдар” шығады.
Бұл жерден біз осы құралдың тобына жататын құрал- саймандарды таңдап
ала-аламыз. 1.3- сурет.
1.3-сурет. Ерекшелеуге
арналған құрал

Әр құралды тез әрі жеңіл қолдану үшін оларды тез ашуға мүмкіндік
беретін әріпті клавишалар болады. Әр құралдың қосымша параметрлері (оның
құрамын, мумкіндігін, өзгерісін анықтайтын) болады. Ол экран үстінде
орналасқан -де көрсетіледі.
Бұл панелдің сол жағында құралдың суреті бар программа орналасқан. Оны

шертсек, басқа құрал алуға болатын панелі шғады.

1.4- сурет.

Енді құрал-саймандармен танысайық (құрал аты және жанында жылдам
клавишасы):

1.5- сурет- Құралдар палитрасы.

Бірінші пиктограммада геометриялық фигуралармен ерекшелеу құралы
орналасқан. 1.6– сурет.

1.6– сурет- Геометриялық фигурамен белгілейтін
пиктограммалар
Екінші пиктограммада (солдан оңға қарай) орын ауыстыру құралы
орналасқан. Ол объектілерді бір суреттен екінші суретке орналастыруға
арналған құрал . Жылдам пернесі V.
Аймақтың ерікті пішінін ерекшелеу үшін, Lasso құрал-сайманын бейненің
ішіне орналастыру керек. Бұл құрал түстердің әртүрлілігі негізінде жұмыс
істейді. Сонда таңдалған пішін аймағы үзік сызықпен қоршалуға тиіс. Ал
көпбұрышты пішін аймағын ерекшелеу үшін Polygonal Lasso (көпбұрышты лассо)
құрал-сайманын қолданамыз. Magnetic Lasso құрал-сайманы өте қанық
бейнелермен жақсы жұмыс жасайды (1.7 – сурет).

1.7 – сурет- Lasso пиктограммасы
Енді Magic Wand (ерікті пішінді қалам) құрал-сайманының қызметін
қарастырайық. Бұл құрал Lasso құралына ұқсас. Бұл құралмен жұмыс істеу
үшін меңзерді ерекшеленетін элемент түсінің үстіне алып барып тышқанның
үстіне шертеміз. Осыдан кейін Photoshop қайта құрылған контурда үзік- үзік
байланыстыру нүктелерін қояды.
Crop құралы қажетті суретті бөліп алып, оны бөлек сурет ретінде
көрсетуге болатын құрал.
Slice (бөлік) қажетті бөліктерді ұқыпты қырқуға арналған құрал

1.8 – сурет- Қырқуға арналған құрал
Healing Brush– дұрыс салынбаған, бүлінген жерлерді жөндеу құралы. 1.9
– сурет.

1.9– сурет- Жөндеу құралы
Brush қалам құралы сызуға арналған (1.10 - сурет).
.

1.10 – сурет- Сызуға арналған құралдар
Stamp – бейнені тазалау құрал-сайманы. Бұл сол жақ құрал-саймандар
панеліндегі жоғарыдан санағандағы бесінші құрал-сайман. Оның көмегімен
бейненің бір бөлігін алып басқа бөліктің үстіне қоюға болады. Бұл іс-
әрекетті қолдану деп аталады (1.11 - сурет).

1.11 – сурет- Штамп пиктограммасы
Art History– суретті лай (мөлдір емес) күге әкеледі. Ал, History
Brush – алдыңғы құралдың ісін қайтарады, жөндейді .1.12 - сурет

1.12 – сурет- History Brush пиктограммасы
Eraser– суретті нүктелер арқылы өшіріп отырады. Ал қосымша өшіргіш
фонды өшіруге қолданылады. Үшінші түрі бірдей боялған аймақтарды бірден
өшіруге мүмкіндік береді. 1.13 – сурет

1.13 – сурет- Өшіргіш құралы

Gradient түспен толтыратын құрал. Мысалы, пипеткамен белгіленген
түспен суреттің фонын Paint Bucket арқылы толтыруға болады. Gradient
құралының көмегімен фон түсінен негізгі түске өтуге болады. Негізгі түстегі
пиктограммаға шертсек, түс таңдау диалогтық терезесі ашылады. Онда 17 мыңға
жуық опция бар. Бұл диалогтық терезеден шығу үшін Esc пернесін басамыз
немесе Cancel (болдыртпау) батырмасын шертеміз. 1.14 - сурет

1.14 – сурет- Түстермен жұмыс істеуге арналған пиктограммалар
Blur, Sharpen, Sponge құралдарының жұмысы бір. Олар суретті
мөлдірлігінен айырады, тек үшеуінің мөлшері әртүрлі. 1.15 - сурет

1.15 - сурет- Мөлдірліктен айыратын пиктограммалар
Dodge мен Burn қызметтері бір-біріне қарама-қарсы. Бірі суретті
ағартады, екіншісі – керісінше суретке көлеңке түсіреді. 1.16-сурет

1.16 – сурет- Суреттің қараңғылығын (контрастын) өзгертетін
пииктограммалар
Type құралы мәтін жазуға арналған.

Vertical Type Tool жоғарыдан төменге қарай жазады. 1.17-сурет

1.17-сурет- Мәтін теруге арналған пиктограмма

Pen қауырсын– нүктелеп қырқу. Құрамында қосымша 5 құрал бар. 1.18 -
сурет

1.18 – сурет- Қауырсын пиктограммасы

Келесі пиктограммада геометриялық фигуралар қарастырылған (1.19
-сурет).

1.19 – сурет- Геометриялық фигуралар сызуға арналған пиктограмма

Notes (жазбалар), Audio Annotation– жазбалар және дыбыстық жазбалар
болып екіге бөлінеді. Оның біріншісін пайдаланғанда жұмыс парағында кішкене
терезе пайда болып, оған қажетті жазбаларды жазуға болады. Ал екінші,
дыбыстық терезеде, дыбыс жазу құрылғылары арқылы қажетті мәліметтер жазуға
болады. Екінші дыбыстық жазбаны микрофон арқылы жазуға болады. Мысалы,
құстар бейнесі бар суретті алып, оған құстар әнін жазуға болады. 1.20 –
сурет

1.20- сурет

Eyedropper – берілген түсті палитра панелінен іздемей, пипеткамен сол
түсті таңдап алуға болады. Пипетканың пиктограммасында тағы да екі
функциясы бар, олар: түсті таңдау және өлшем (1.21 – сурет).

1.21 – сурет- Түс таңдау құралы

Hand (қол) – бейнені терезеде ыңғайлы қозғалтуды қамтамсыз етеді.
Мысалы, кесілген немесе көбейтілген затты қол арқылы қозғалтуға
болады.
Zoom (масштаб) – бейненің көлемін үлкейтіп не кішірейтіп көрсетеді .
Жылдам пернесі Z+ Ctrl+ “+” үлкейту немесе Ctrl+ “-”
кішірейту.
Төмендегі бірінің үстіне бірі шығып тұрған екі квадрат қолданатын
түстерді және фонның түсін көрсетеді. Екі басында бағыттаушысы бар иірілген
сызық артқы және алдыңғы фон түстерін ауыстыруа негізделген.
Артқы фон түсі Алдыңғы фон түсі

Келесі терезе режимдері экранға байланысты жұмыс істеуге арналған.

1.5 Меню жолы

Бұл меню жайлы білген өте маңызды. Өйткені жұмыс барысы осы менюмен
басталып, осы менюмен аяқталады.
New – жаңа файл құру. Жаңа файл құрудың параметрлерін қарастырайық.

1.22- Сурет- Жаңа файл құру менюі

• Name – құралатын файл аты.
• Preset Sizes – құралатын файл өлшемі. Мысалы: А2, А3, А4, А5, 4х1,
640х480, т.б.
• Width – ені, Height – биіктігі. Жоғарыдағы параметрлерді өз
қалауымыз бойынша қоюға болады.
• Resolution –бейненің ұзындыққа қатысты нүкте (пиксел) саны.
“Разрешение” – пиксельдің ұзындық қатынасына байланысты өлшемі. Бұл
параметрдің оқшауы етіп 72 пиксельді алған жөн.
• Mode – құрылатын бейненің цветтік режимі. Бұл программада мынадай
режимдер беріледі.
Bitmap (биттік) – тек қана 2 түстен тұрады, ақ және қара. Бұл
режимді бейненің сапасы төмен түспен жұмыс істегенде, оның
алғашқы түсін сақтап қалу үшін қолданылады.
Grayscale (жартытондық). Бұл режимді ақ-қара түсте басылып
шығарылатын бейнеге қолданылады. Мысал ретіндегазетке
басылатын баспаны айтуға болады.
RGB. Қолданылатын режимдердің ішіндегі ең пайдалысы және ең
керекті осы режим. Бұл режимге адам көзі қабылдайтын барлық
түстер жатады.
CMYK. Егер файл баспада шығаратын бейне ретінде құрылатын
болса, осы режим дәл сол үшін арналған.
Lab Color. RGB режиміне альтернативті (ұқсас) режим ретінде
қарастыруға болады.

• White (ақ). Құрылатын файл фонын ақ ету.
• Background Color (артқы план). Фон ретінде артқы план түсін қолдану.
• Transparent (бастапқы түссіз файл). Түссіз артқы план. Бұл режимді
бейнені Интернетке енгізу үшін қолданылады.
File менюінің қалған “подменюларын” қарастыруды қажет етпейді. Себебі
бұл меню параметрлері барлық программа подменюлерінде бірдей болады.

Edit менюі

Бұл меню параметрлері де барлық программа менюлеріне ұқсас.

Layer (қабат) менюі

Бұл меню қабаттармен жұмыс істеуде керекті барлық операциялар тізімі
орналасқан. Қабат не үшін керек деген сұрақ туу мүмкін. Қабаттарды бейнеге
түрлі фильтрлер қолдану үшін пайдаланады.
New Layer (жаңа қабат). Жаңа қабатты (Ctrl+Shift+N) немесе Layer New
New Layer арқылы құрады. Төмендегі суретте қабатты құрудың менюі
көрсетілген.
Duplicate Layer (қабаттың көшірмесін құру). Активті қабаттағы бейнені
жаңа қабатқа көшіреді.
Delete Layer (қабатты өшіру). Бұл операция барлық құрылған қабаттарға
қолданылады (фоннан басқа).
Layer Properties қабат бұл операция арқылы қабаттың атын, түсін және
айқындығын өзгертуге болады.
Type (мәтін) бұл контекстік менюде мәтіндері бар қабаттармен жұмыс
істеуге арналған командалары тұрады.
Create Work Path (жұмыс контурын жасау) - қабат мәнін контур етеді.
Convert to Shape (фигураға конверттеу) – мәтінді фигураға айналдырады.

HorizontalVertical (горизонталдівертикалді) - әріптердің орналасуын
қамтамасыз етеді.
Anti- aliased (тегістеу) – бұл параметір арұылы әріптердің қырларын
тегістеу не тегістемеуін анықтайды.
• None (тегістеусіз) – тегістеуді тугелдей алып тастау;
• Crisp (сәл тегістеу) – қырларды кішкене жұмсарту;
• Strong (тек қырымен) – әріптер қырларымен қана;
• Smooth (жұмсарту) - әріптің фонға өтуін тегістеу;
Convert To Paragraph Text (блокка айналдыру) – блоктық иәтінге
айналдыру.
Warp Text (мәтінді деформалациялау) – мәтінді бұруға, пішінін
өзгертуге арналған.
Replace All Missing Fonts (жоқ қаріптердің бәрін алмастыру).

Rasterize (растырлау)
Төмендегі құралдардың бәрі фигураларды, бейнені, мәтіндік бейнені
растырлауға керекті құрал.
Type (мәтін) – мәтінді растырға аудару;
Shape (фигура) – фигураларды растырлайды;
Fill Content (заливка) – векторлық залувканы растырлау;
Layer (қабат) – растырланбаған элементтері бар қабатты растырлайды;
Linked Layer (біріккен қабат) – барлық біріккен қабаттарды
растырлайды;
All Layers (барлық қабаттар) – барлық қабаттар растырланады;

New Layer Based Slice (фрагменттен тұратын қабат)
Барлық көрінетін аймақ фрагментке айналады.

Disable Layer Mask (қабат маскасын өшіру)
Масканы көрсетпейді, бірақ өшірмейді.

Enable Mask Layer (қабат маскасын көрсету)
Алдыңғы командаға қарама – қарсы жұмыс істейді.

Add Vector Mask (векторлық маска құру)
Осы команданы орындағанда тағы бір қабат пайда болады.

Disable Vector Mask (векторлық масканы өшіру)
Активті столда контурларды өшіріп қояды.
Lock All Layers In Set (барлық қабаттарды бекітіп тастау)
Осы команда арқылы барлық активті қабаттарды бекітіп тастауға болады.

Merge Down (алдыңғы қабатпен біріктіру)
Активті қабатты алдыңғы қабатпен біріктіреді.

Merge Visible (көрінетін қабатты біріктіру)
Барлық көрінетін қабаттырды біріктіруге арналған.
Flatten Image (күәлікті орындау)
Барлық қабаттарды ал көрінбейтінін жояды. Операция соңында бір ғана
қабат қалады.

Select (ерекшелеу) менюі
Select – ерекшелеу негізгі менюдің маңызды бөлігі. Ерекшелеудің
әртүрлі варианттарын ұсынады.
Егер бұл менюді ашсақ көбінің активті емес екенін көреміз (сұр түсті).
Оларды активті ету үшін бейнені ерекшелеу керек. Осыдан танысуды
жалғастыруға болады.

All (бәрін ерекшелеу)
Бейнені түгелдей ерекшелеу. Бұл команда орындалғанда бейне контурының
айналасы ерекшеленеді. Пернелік шақырылуы Ctrl+ A

Deselect (ерекшеленуді алып тастау)
Барлық ерекшеленген аймақтан ерекшеленуді алып тастайды. Пернелік
шақырылуы Ctrl+ D. Егер сіз оның ерекшеленуін алмай тек қана ерекшелену
нүктелерісіз көргіңіз келсе Ctrl+ H пернесін басу керек.

Reselect (ерекшеленуді қайтару)
Бұл команда егер сіз ерекшеленуді алып тастап оны қайтадан керек етіп
қайтару үшін қолданылады. Пернелік шақырлуы Ctrl+ Shift+ D

Inverse (инверттеу)
Ерекшеленген және ерекшеленбеген орынды алмастыру.

Filter менюі

Бұл менюде филтерлердің 40- тан астамы орналасқан. Филтір- бір ғана
функцияны орындайтын кішігірім программа. Бұл филтерлер тұралы құрғақ ауыз
сөздің орнына мен шын маңыздығын көрсететін мысалдарды алдыңғы бөлімдерде
көрсетемін.
Филтірлер бөлек файл ретінде Photoshop файлдарында кездеседі. Бұндай
филтерлерді қосымша орнатса да болады. Оны Интернеттен немесе арнайы
апгрейдтерден жүктеуге болады.

View (вид) менюі

Бұл меню арқылы бейнені көрудің жаңа мүмкіндіктері ашылады. Бұл
өзгертулер тек қана сурет көрудің режимін өзгертеді.
Proof Setup (профилді орнату). Монитор бетінде түстерді көрсету
профилін орнату.
Proof Colors (түстік профиль). Профил негізінде түсті көрсеті.
Zoom In (үлкейту). Бейнені үлкейту. Ctrl+ +
Zoom Out (кішірейту). Бейнені кішірейтеді. Ctrl+ -
Actual Pixels (нақты өлшемі). Бейнеі өзінің нақты өлшемінде көрсету.
Alt+ Ctrl+ O.
Print Size (баспаға щығару өлшемі). Басар алдында оқшаулауға керек.
Бұның орнына File► Print With Preview - мен қолданған қолайлы.

Window (терезе) менюі

Бұл меню арқылы жұмыс алаңының параметірлерін өз ыңғайыңызға
байланысты орнатуға болады. Documents бөлімінде мынадай параметірлер бар.
Cascade (каскад). Егер бірнше файлдарды ашып оған Cascade командасын
қолдансаңыз, сізге бірнеше файлдарды бірден көосетеді.
Tile (мозайка). Егер сіз осы режимде жоғарыдағыдай бірнеше файл
ашсаңыз онда, бұл файлдар бір бірін жауып тұрмай барынша түгел көрінуге
тырысады.
Arrange Icons (белгілерді жөндеу). Бұл опция егер сіз көп терезеледі
ашып, орын болмағандықтан көбін буып тастасаңыз онда барлығы жұмыс алыңында
ретсіз жайылып жатар еді. Бұндай жағдайда жоғарыда аталған параметір көмегі
сізге тиеді.
Close All (барлығын жабу). Барлық терезелерді жауып тастау үшін керек.
New Window (жаңа терезе). Егер сізге жаңа бейне терезесін ашу керек
болса онда осы поерация сізге керек.
Workspace бөлімінде мынадай параметірлер бар.
Save Workspace (жұмыс алаңын сақтау). Палитралардың, құралдардың
орналасуын өз ыңғайыңызға байланысты сақтауға болады.
Delete Workspace (жұмыс алаңын өшіру). Жоғарыда аталған параметірге
керісінше.
Reset All Palettes (барлық палитраларды қалпына келтіру). Барлық
енгізілген өзгерістерді ең басындағы оқшауға келтіру.

2.1 Қанмен жазу

Ең бірінші кез келген өлшемді таңдаймыз. 400х400 пикселден көп алмаған
жөн. Image► Mode арқылы RGB түсті режимде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программаны іске қосу
Adobe Photoshop бағдарламасының құрылу тарихы
Adobe Photoshop 7. 0 програмасы кімге арналған
Adobe Photoshop бағдарламасы
Информатикада Adobe Photoshop программалық оқыту құралын үйрету технологиясы
КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКА ПӘНІНЕН ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ТОПТАМАСЫ
Photoshop графикалық редакторы
Түс реңі
Оқулық элемент - Adobe Photoshop негіздері
Adobe Photoshop бағдарламасының түс үлгілері
Пәндер