Қазақ тілінен ағылшын тіліне реалиялардың аудару мәселелері және реалийлердің жіктелуі


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Қазақ тілінен ағылшын тіліне реалиялардың аудару мәселелері . . . 4

1. 1 Реялиялар және терминдер . . . 4

1. 2 Реалийлерді шығу тегіне қарай жіктеу мәселесі . . . 5

1. 3 Реалиялардың берілу тәсілдері . . . 10

2 РЕАЛИЙЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ . . . 12

2. 1 Реалийлердің аудармада берілуінің амал-тәсілдері . . . 12

2. 2 Шығармадағы реалийлердің жасалу жолдары . . . 14

Қосымша . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс өзектілігі: реалия дегеніміз - әр халықтың өзіне ғана тән өміріне, тұрмысына, салт-дәстүріне, тарихына, әлеуметтік және рухани мәдениеті ерекшеліктеріне қатысты ұғымдар. Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста сәлемдесуде ағылшын тілінде “How are you?” деп сұрайды. “I’m fine, thanks. And you?” деп жауап береді. Ал қазақ тілінде сәлемдесу, оған жауап беру бірдей «Сәлеметсізбе». Мәдени және тілдік реалиядағы айырмашылық ағылшын тілінде жоқ ұғымның, қазақ тілдерінде болуы немесе, керісінше.

Реалия сөздер көбінесе әдеби шығармаларда кездеседі (романдар, дастандар, өлеңдер, ертегілер) .

Аудару кезіндегі дәлдікті анықтау үшін қазақ тіліндегі түсіндірме сөздік, қазақ, ағылшын тілі сөздіктері, лингвист, әдебиеттанушы, мәдениеттанушы ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектері қолданылды. Аудару кезінде барабарлы эквиваленттер болмаған жағдайда осы оқу құралдардың авторлары өз аудару нүсқасын ұсынылды.

Курстық жұмыстын мақсаты : реалиялар және терминдер ұғымына сипаттама беру. Реалияларды түр-түрге бөлу және мағынасына қарай топтастыру. Реалия сөздер мәдени белгілер ретінде және оларды аудару мәселелеріне талдау жасау.

Реалиялар баламасы жоқ лексикаға жатады. Реалиялар жалқы есімдер мен тұрақты сөз тіркестерімен байланысы бар. Сонымен реалия дегеніміз бір елдің өміріндегі мәдениет, тұрмыс жағдайы, тарихы дамулардағы объектілер атап көрсететін сөз немесе сөз тіркесі және де бұл сөздер басқа ұлттарға бейтаныс болады, сонымен қатар басқа тілдерге реалиялардың нақты баламасы болмайды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, қазақ және ағылшын тілдерінде пайдаланылған әдебиет тізімі және қосымшадан тұрады.

1. Бөлім

Қазақ тілінен ағылшын тіліне реалилердің аудару мәселелері.

1. 1 Реалиялар және терминдер

Реалия аулармасы - тілдің ұлттық және тарихи маңызды мәселелерінің берілуі. « Реалия» деген сөздің өзі латын тіліндегі көпше түрде қолданылатын сын есім. (realis- нағыз, шын дегенді білдіреді) . Реалия көбінесе затты білдіреді және оны көп жағдайда мағынасы жағынан «өмір» деген түсінікпен байланыстырады. Сөздік анықтамаларға сәйкес реалия бұл мәдениет, тарих мәліметтері, мемлекеттік институттар, ұлттық және фальклорлық кейіпкерлер аттарының аңыздар пәні болып табылады. Тілдерді салыстыру барысында бұл құбылыстарды білдіретін сөздер баламасы жоқ лексикаға жатады. Баламасы жоқ сөздер деп басқа мәдениетте кездеспейтін түсініктерді білдіруге қызмет ететін сөздерді айтады. Олар басқа тілге бір сөзбен аударылмайды және сол тілде бұл сөздерге сәйкес баламалары болмайды. Аудармашы суреттеу арқылы немесе өз неологизмдерін ұсына алады. Мысалы: Victor (радио және теледидар жабдықтарын шығаратын фирма атауы. ), book-maker (жүгіру және секіруден жиналған қауымнан үстеме ақша алатын адам) . Тілдерді салыстыру барысында басқа тілдік реалиялар мен формалардың арасындағы сәйкессіздіктерді атап көрсетуге болады. Басқа тілдік реалиялар сәйкессіздігі келесі жағдайларда байқалады:

1. Реалия тек бір тіл тобына ғана тән ал екінші топта бұл сөз кездеспейді. Мысалы: Drugstore the chemist's- дәріхана

2. Реалия екі тілдік топқа да тән, бірақ олрадың біреуінде реалия ерекше көрсетілген. Мысалы: Clover leaf, Машинаның үш бағытта ашылу жолдары.

3. Әр түрлі ортада ұқсас функциялар түрлі еалиялармен беріледі. Мысалы: hot dog- тоқаш нан, soda fountain -кафе-бамұздақ.

4. Ұқсас реалиялар әр түрлі болады. Мысалы: cuckoo’s cell- көкектің шырылдауы (қазақтардың сенімдерінде енді қанша өмір сүреміз дегенді білдірсе, американдықтардың сенімдерінде тұрмыс құру тойына дейін қызға қанша жыл бар дегенді білдіреді. ) Басқа тілдік формалар сәйкессіздігіаударма тіліне ене отырып, түрліше болып келеді. Бұл реалиялар сөйлемде септеу және түрге байланысты өзгеріп отырады, ал қалғандары жіктелмейтін категорияларды қолданылады. Мысалы: ковбой-(cowboy) деген ағылшын сөзінен шыққан. Тілдік құбылыс ретінде мәдениетпен тығыз байланысты реалиялар ортаның дамуындағы барлық өзгерістерге тез әсер етеді, олардың арасында реалия- неологизмдер, тарихи сөздер, көнерген сөздер атап өтуге болады. Лингвоелтану реалияларының қатарына ономастикалық реалиялар жатады:

1) Мәдени- тарихи түсініктер бар географиялық атаулар (топонимдер) : Boston pops - музыкадағы Бостон оркестрі.

2) Антропонимдер- тарихи тұлға, қоғам қайраткерлерінің, жазушылардың, көркем әдебиет кейіпкерлерінің аттары. Mickey Mouse- Мики Маус Тышқан.

3) Әдеби шығармалардыңел өмірінде орын алған тарихи жағдайлардың, мемлекеттік және қоғамдық кеңселердің аттары: popeart-поп арт, BBC- British Broadcasting Corporation - Британиянығ радио тасымалдау компаниясы.

Термин бұл ғылым тілінің элемент болып табылатын нақты мағынасы бар сөз. Ол аталған функцияны ғана орындайды және онда ешқашан көркем әдебиетіндегі сөздер қолданылмайды. Реалия әрқашан реалия өзі пайда болған тілдің ұлтына тәуелді, бірақ ұлтаралық қолданысқа таралып терминдер тәрізді кеңінен қолданып жүрген реалиялар да аз емес. Терминдер пайда болу жағынан реалиялардан ерекшеленеді. Реалиялар терминнен ерекшелігі шет тілін ұстанып жүрген адамдарға олардың кеңінен пайдаланып, және оны танып ғана ұқпай керісінше аударма тіліндегі олардың бейтаныстығы. Біздер арнайы терминология арнайы жұмыстар мен ғылымдардың аймағы екенін білеміз.

Реалиялар баламасы жоқ лексикаға жатады. Реалиялар жалқы есімдер мен тұрақты сөз тіркестерімен байланысы бар. Сонымен реалия дегеніміз бір елдің өміріндегі мәдениет, тұрмыс жағдайы, тарихи дамулардағы объектілерлі атап көрсететін сөз немесе сөз тіркесі және де бұл сөздер басқа ұлттарға бейтаныс болады, сонымен қатар басқа тілдерде реалиялардың нақты баламасы болмайды.

1. 2 Реалийлерді шығу тегіне қарай жіктеу мәселесі

Бүгінгі күнге мәдениеті белгіленген бірліктердің бірыңғай жіктеуі жоқ және зерттеушілер әртүрлі қағидаларға негізделіп, өзге реалилерді жіктеуге ұсынады.

Е. М. Верещагин мен В. Г. Костомаров ұлттық-мәдени семантикасына топтастырылған сөздің түрін ұсынады:

1. Советизмдер, Қазан революциясынан кейінгі қоғам өмірінде қалыптасқан өзгерістерге байланысты түсініктер. ( мысалы: Жоғарғы Совет, депутат)

2. Жаңа тұрмыстық сөздер советизмдерге өте жақын ( мысалы: ЗАГС, сенбілік) [4, 224 с. ]

3. Заттардың атаулары және тұрмыстық құбылыстар ( мысалы: қазақша ет, бауырсақ, домбыра)

4. Историзмдер, бұл сөздер тарихи кезеңдер мен заттарды білдіреді ( мысалы: импрам- көне түркі тілі тобыр, саяқ, аталық)

5. Фразеологиялық бірліктердің лексикасы (мысалы: аяғына жығылу)

6. Фольклорлық сөздер ( мысалы: батыр, періште)

7. Орыс тілден шыққан емес сөздер, түрік, монғол, украин және т. б сөздер (мысалы: арқан, изюм, палау)

Жоғарыда аталған топтарды, Е. М. Верещагин мен В. Г: Костомаров реалийлерді реңдік ақпараты бар лексика ретіңде сипаттайды.

В. С. Виноградовтың айтуынша, реңдік ақпараттың мазмұны ең алдымен, ұлттық қоғамның мемлекеттік құрылымы және тарихтың спецификалық фактілері, әсіресе географиялық ортада, өткен және осы заманға сай материалдық мәдениеттің заттары, этнографиялық және фольклорлық түсініктер және т. б -бұл барлығы әдетте аударма теориясындағы реалийлер деп аталады [4, 224 с. ] В. С. Виноградов реалийлерді латын- американдық негізінде қарастырады. Бұл ғалым реңдік ақпаратты зерттеудегі беруде, лексикалық бірліктердің қорын жеті тақырыптық топқа бөледі:

1. Тұрмыстық реалийлерді атайтын лексика

А) үй жай, мүлік

Б) киім, бас киім

В) тамақ, сусындар

Г) еңбек және кәсіп түрлері [4, 224 с. ]

Д) ақша белгілері және өлшеу бірліктері

Е) музыкалық аспаптар, ұлттық билер және өлеңдер, орындаушылар;

Ж) ұлттық мерекелер, ойындар

2. Этнографиялық және мифологиялық реалийлерді атайтын лексика:

А) Этникалық және әлеуметтік қоғамдар, олардың өкілдері;

Б) Құдайлар, атақты жерлер;

3. Лексика, табиғат әлемін атайтын реалийлер:

А) Аңдар

Б) Өсімдік әлемі

4. Лексика, қоғам өмірін (өзекті және тарихи) және мемлекеттік - әкімшілік құрылымдарды атайтын реалийлер:

А) Әкімшілік бірліктер және мемлекеттік институттар

Б) Қоғамдық ұйымдар, партиялар және т. б., олардың қатысушылары және функциялары

В) Өнеркәсіп және аграрлық ұйымдар, сауда ұйымдары

Г) Негізгі әскери және полиция бөлімдері мен шендер.

5. Ономастикалық реалийлерді атайтын лексика:

А) антропонимдер

Б) топонимдер

В) көркем шығармалардың кейіпкерлері

6. Қауымдастық реалийлерді атайтын лексика:

Ассоциалдық реалийлер әртүрлі ұлттық тарихи-мәдени құбылыстармен байланысып, тілде өзіндікпен бейнеленген. Бұндай реалийлер арнайы сөздерде, эквиваленттік емес лексикада орын тапқан жоқ, керісінше ең қарапайым сөздерде ( мысалы: түс, символдар) «бекітілген». Г. Д. Томахин де реалий түрін белгілейді, бірақ оларды коннотативті реалилер деп атайды- «қарапайым түсініктерді белгілейтін лесикалық бірліктер, сонымен бірге мағыналық және эмоцианалдық «фондық реңктерді» білдіреді» [2, 239с. ] Коннотативтік реалийлер денотативті мемлекеттік бірліктерге қарама-қарсы, олардың семантикалық структурасы фондық лексикалық ақпаратқа толы.

Коннотативтік реалийлер өзіндік материалдық көрінісін сөздердің мағыналық компоненттерінде, эмоцияналдық- экспрессивті обертондарда, сөздің ішкі түрінде және т. б-да орнын табады. Сонымен «күн, ай, теңіз, қызыл» және т. б. сөздер - өздігінен бүкіл халықтың фондық ілімі бар, көркем әдеби мәтіндерде болады және фондық ақпарат асоциативті реалийлермен бейнеленген. [2, 239 с. ]

Сонымен В. С. Виноградов фондық ақпаратты беретін лексикалық бірліктер қорын жүйелейді және қарастырады, ұсынылған және толық емес бірліктердің жіктелуін, сын тілдің терең келуін және ондағы ұлттық мәдениеттің тамырының таралуын белгілейді [4, 224с. ] . Жұмыс барысында мәдени-талаптырылған лексикадағы реалий-сөздері өздігінен эквивалентті емес лексиканың жеке тобын ұсынады. Л. С. Бархударов эквивалентті емес лексиканың жүйелерін бөледі:

1. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, ұйымдардың атаулары, газеттердің атаулары және т. б., басқа тілдің лексикасында болмайтын үйлесімдік.

2. Заттарды, түсініктерді және жағдайларды, басқа тілде сөйлейтін, адамдардың тәжірибесін атайды.

Зерттеу барысында мәдени-талаптырылған лексикадағы реалия- сөздері өздігінен эквивалентті емес лексиканың жеке тобын ұсынады. Л. С. Бархударов эквивалентті емес лексиканың жүйелерін бөледі:

1. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, ұйымдардың атаулары, газеттердің атаулары және т. б., басқа тілдің лексикасында болмайтын үйлесімдік.

2. Заттарды, түсініктерді, және жағдайларды, басқа тілде сөйлейтін, адамдардың тәжірибесін атайды.

3. Басқа тілдің лексикалық құрамындағы қандай да бір себептерге байланысты сәйкестіктердің болмауы және қандай да бір тіл сөздік бірліктеріндегі- кездейсоқ лакундар [9, 240с. ]

С. Влахов пен С. Флоринннің монографиясында сөз- реалийлердің жіктелу мазмұны терең ашылған:

Заттық бөлу

А. Географиялық реалийлер:

1. Физикалық географиядағы нысаналардың атаулары, сонымен қатар метеорологияда;

2. Адам қызметімен байланысты, географиялық нысаналардың атаулары;

Эндемиктердің атаулары (өсімдіктер мен жануарлардың атаулары) ; [9, 240с. ]

Б. Этнографиялық реалийлер :

1. Тұрмыс:

А) тамақ, сусындар;

Б) киім;

В) тұрғын үй, жиһаз, ыдыс-аяқ;

2. Еңбек:

А) еңбек адамдары;

Б) еңбек құралы;

3. Өнер мен мәдениет :

А) музыка мен билер;

Б) музыкалық аспаптар;

В) фольклор;

Г) театр;

Д) Өзге өнерлер мен өнер туындылары (бұйымдары) ;

Ж) әдет-ғұрыптар мен жоралар;

4. Этникалық объектілер:

А) этнонимдар;

Б) жалған аттар;

В) тұрғылықты жері бойынша адамдардың атаулары; [4, 224с. ]

5. Өлшемдер мен ақша:

А) өлшем бірліктері;

Б) ақша бірліктері;

В) қоғамдық- саяси реалилер:

1. әкімшілік- аумақтық құрылғы;

А) әкімшілік -аумақтық бірліктер;

Б) елді мекендер;

В) елді мекендердің жартысы;

2. үкіметтің органдары мен жеткізушілері:

А) үкімет органдары;

Б) үкімет жеткізушілері;

3. Қоғамдық- саяси өмір:

А) саяси ұйымдар мен саяси қайраткерлері;

Б) патриоттық және қоғамдық қозғалыстар;

В) атақтар, дәрежелер және т. б.

4. Әскери реалийлер:

А) бөлімшелер;

Б) қару-жарақ;

В) киім-кешек;

Г) әскери қызметкерлер; [4, 224с. ]

Жергілікті бөлініс

А. Бір тілдің өрескелінде:

1. Өзіндік реалийлер- бұл көбінесе берілген тілдің ежелгі сөздері болып келеді:

А) Ұлттық реалийлер- бір халыққа, бір ұлтқа тән, бірақ мемлекетттің шегінен жат, объектілерді атайды; [4, 224с. ]

Б) Локальді- сәйкесті халықтың тіліне емес, диалектіге, немесе оның үстеуіне, маңызы төмен әлеуметтік топтардың тіліне жатады; [4, 224с. ]

В) Микролокальді- әлеуметтік немесе аумағы енсіз локальді реалийлер: өзінің ерекшелігін жоғалтпай, аударма үрдісінде өзіне сондай жолды талап ететін, бір қалаға немесе ауылға тән сөз; [4, 224с. ]

2. Өзге реалийлер- бұл мүмкін ауысып алған сөздер, мүмкін басқа тілдің транскрибированиясы:

А) Интернационалдық- бұл реалилер көптеген тілдердің лексикасында қатысады және тиісті сөздіктерге еніп, әдетте негізгі ұлттық реңкін сақтайды; [4, 224с. ]

Б) Аймақтық- бұл бір мемлекеттің шегін аттап өткен немесе бірнеше халықтың арасында таралып (көрші де болмауы мүмкін), әдетте референтпен

бірге, сонымен қатар бірнеше тілдің құрамды бөлігі болатын реалийлер; [4, 224с. ]

Б) Жұп тілдердің өрескел- реалийлер аударма үрдісінде қарастырылады:

1. Сыртқы реалийлер- екі тілге де жат;

2. Ішкі реалийлер- бұл бір жұп тілге жататын, сонымен қатар басқа тілге жат сөздер; [ 4, 224с. ]

В. Н. Крупнов ұлттық - талаптырылған сөздердің жіктелуін жасайды. Ол жоғарыда қарастырылған және бір топтың көмегімен - жарнама реалийлерімен толықтырылған. В. Н. Крупновтың ойынша «жарнаманың ерекше тілі бар екені кездейсоқ емес». [10, 319с. ] Аудару барысында жарнама реалилер аудармашыға ерекше қиындық туғыздырады.

Г. Д. Томахинмен ұсынылған жіктеу өте қызықты болып келеді, өйткені бұнда американдық реалийлердің шындығы бейнеленген:

А. Этнографиялық реалийлер. Тұрмыс реалийлер. Сөйлеу этикеті және мінез-құлық ережесі.

1. Тұрмыс реалийлер. Тұрғын үй;

2. Киім;

3. Тұрмыс мекемелері;

4. Көлік реалийлер;

5. Байланыс жүйесі: пошта, телеграф, телефон;

7. Демалыс, күн өткізу;

8. Әдет-ғұрып және салт- дәстүрлер, мерекелер;

Б. Географиялық реалийлер

  1. Географиялық реалийлердің жіктелуі (жаға линиясының ерекшелігі, рельеф атауының ерекшеліктері, гидрографикалық атаулар және т. б. ) ;
  2. Флора;
  3. Фауна;
  4. Дәнді- дақылды өсімдіктер
  5. Табиғи ресурстар және оларды игеру ерекшеліктері;

В. Қоғамдық- саяси реалийлер

  1. Мемлекет және штаттардың символдары;
  2. АҚШ контстиуциясымен байланысты реалийлер;
  3. Заң шығарушы биліктің реалийлері;
  4. Ақ үйдің аппараты мен Президент;
  5. Орындаушы тізімдеме;
  6. Агенттік;
  7. Сот жүйесі;
  8. Үкімет штаттары және жергілікті өзін-өзі басқару;
  9. Сайлау;
  10. Саяси партиялары мен қоғамдық мекемелер; [2, 239c. ]

Г. Мәдениет, дін және білім жүйесінің реалийлері

  1. Білім жүйесі;
  2. Дін;
  3. Әдебиет;
  4. Театр және кино;
  5. Бұқаралық ақпарат құралдары;
  6. Бейнелеу өнері;
  7. Музыкалық мәдениет; [2, 239c. ]

Д. Ономастикалық реалийлер

Сонымен, сөз- реалийлердің жіктелу мәселесін әртүрлі көзқараспен қарағанда, әдебиетте тематикалық принцип бойынша реалийлердің топталу тәсілдері мықты орнатылған.

1. 3 Реалиялардың берілу тәсілдері

1. Транкрипция- аудару тілінен аударма тіліне фонетикалық форма жағынан механикалық түрде ауыстырылуы, яғни дыбыстар деңгей3нде. Мысалы: Soviet, sputnik.

2. Транслитерация- реалиялардың графем деңгейінде берілуі. Мысалы: Lincoln- Линкольн

3. Транскрипция амалы жарақсыз болған кезде аударма тіліне реалияларды беру амалы ретінде аударманы орынбасу субституцияны қолданамыз. Реалияларды аударудың бірнеше түрлері бар: Неологизмдерді енгізу (калька және жартылай калька түрінде) .

А) калька сөздің немесе айналымның сөзбе сөз аударма жолы.

Мысалы: victory day - жеңіс күні

Б) жартылай калька жаңа сөз және сөз тіркесі. Мысалы: desembrist-декабрист

В) шамамен аудару: Түрдің орын басу принципі (реалия бірліктерінің мазмұны кең түрде беру) .

Мысалы: Нарзан, Боржоми- минералды су, коттедж- үй.

Функционалды аналог (реалия- өлшемдердің берілуіне өте қолайлы) Мысалы: Суреттеу, түсіндіру (түсінікті берудің басқа амалы қалмаған кезде тек ғана түсіндіріп қоямыз) .

Мысалы: two boys were playing flys a soft ball - Балалар доп ойнады. Контексттік аударма- контексттің мағынасын беру.

Мысалы : How much are accomadations at health resorts? - Демалыс орнына жолдама қанша тұрады?

Транскрипция және функционалды аналог жолымен тарихи және ұлттық түрдегі реалия өлшем аудармасы. Мысалы: миля, фут, фунт, бушель.

Транскрипция және калька амалдарымен жасалатын русизмдер мен

Советизмдер аудармасы. Мысалы : vodka, ataman .

Реалия- ақшалардың аудармасын транскрипция және функционалды аналог көмегімен береді. Мысалы: франк, доллар, фунт.

Транслитерацияда аударылатын тіл құралдармен бастапқы тіл сөзінің графикалық формасы, ал транскрипцияда оның дыбыстық формасы беріледі. Бұл тәсілдер шет тілдік жалқы есімдерді, географиялық атауларды әр түрлі компаниялар, фирмалар, газет, журналдар және т. б. атауларын бергенде қолданылады.

Қазіргі кезде көркем әдебиетті аударғанда транслитерация мен транскрипция тәсілі бұрынғыға қарағанда анағұрлым сирек қолданылады. Оның негізі бар- шетел лексикалық бірлігінің оқырмандарға мұндай сөздерді түсіндірмегенше түсініксіз болып қалады.

Аудару тілінің сөз жасау және морфология ережелеріне сәйкес, шет түбірінің жұрнақтары немесе жалғаулары арқылы транслитерация жасалады: Nazi-нацист, Gestapomann-гестапашы , Marke-марка , Uniform-униформа .

Реалияларды аудару кезінде транслитерация өте шектеулі қолданыслады. Ол туралы негізінен қоғамдық - саяси ұгымдарды немесе жалқы есімдерді аударғанда ғана айтуға болады. Кейбір кездерде транслитерация және транскрипция тәсілдерінің ұқсастығына байланысты оларды ажырату қиыншылықты тудырады

2 Бөлім

РЕАЛИЙЛЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ

2. 1 Реалийлердің аудармада берілуінің амал-тәсілдері

В. С. Колесникованың айтуынша жазушы мен адресат (оқырман) арасындағы болатын коммуникация процесінің өзара ерекшеліктері болады. Дискурс қатысушылары бір-бірінен уақыт пен кеңістікте алыстаған [20, 153c. ] Сонымен қатар, оқырман әдеби шығарманы қазақ тілінде оқыса да, кейде ол автордың кейбір шабарманың, автордың ойын түсінбеуі де мүмкін. «Ең көп спецификалық ерекшеліктерді шетелдік оқырман және жазушы арасындағы болатын коммуникация процесі алады, шығарманы тек қана тұпнұсқада емес, ал аударма барысында оқыса» [20, 153с. ] Оқырман мен жазушы арасындағы тағыда бір лингвокреативтік мәселе туындайды, ол жазушы ойынының, сезіміннің, көңілінің хабарлағыш қызметін атқарады. Аудармашы оқырманға автордың ақпаратын барабар түрде жеткізуге тиіс.

1. Транслитерация барысында сөздің ҚТ графикалық нысаны АТ құралы арқылы, ал транскрипция барысында оның дыбыс нысаны арқылы беріледі. Сонымен-бұл тәсіл бойынша сөздер тілдің артикуляциялық ережелеріне сәйкес аударма тілдің фонетикалық құралдарының көмегімен басқа тілге сол күйінде енеді. Бұл тәсілдер шет тілдегі жалқы есімдерді, географиялық атауларды, әр-түрлі компаниялардың, фирмалардың, кемелердің, газет, журналдардың және т. б. атауларын беру тәсілдеріне қолданылады (мысалы: Бэнк оф Америка, Тобыл мен Нұра- Tobol and Nura, Моғолстан-Mogolistan, Ертіс- Irtysh, Жәнібек пен Керей- Janybek and Kerei, Сұлтан-Sultan, және т. б. ) . Қазіргі кезде аудармада транслитерация мен транскрипция тәсілдері өте аз қолданылады. Бұл айтарлықтай жеткілікті- соңдай түрдегі сөздер шет тілін білмейтін оқырманға дыбыстық немесе әріптік шет тілі лексика бірлігінің реңкін, мағынасын ашпай, тиісті анықтаусыз түсініксіз болады.

2. Калька тәсілі - тілдік бірліктің (сөздің, сөз тіркесінің) сыртқы нысанын, ішкі мазмұнын нақпа-нақ, сол қалпында аудару дегенді білдіреді. Ғылыми сөзбен айтсақ- шет тілдегі реалилерді, оның негізгі құрамын ауыстыру көмегімен, яғни АТ- гі морфема немесе сөздердің тура лексикалық сәйкестіктері (мысалы: brain-drain-утечка мозгов, Қанішер Абылай- Ablai the Bloodthirsty, Әз- Тәуке- Wize Tauke, Сарыарқа- Yellow Back or Golden Arka ) . Калькілеу тәсілінің мәні АТ жаңа сөзді немесе тұрақты сөз тіркесін құруда және қорытынды лексикалық бірліктің құрылымын көшіріп алуда болып табылады. Бұл тәсіл бірінші тәсілде сияқты кемшілігі бар.

3. Сиипаттама («түсіндірме») аударма - бұл тәсіл толық сөз тіркесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың тұрмыстық болмыстарының аудармасы
Роман мазмұнының көркемдік–әдеби маңызы
Қазақ, орыс, ағылшын әдеби шығармаларындағы реалийлердің аударылу жолдары
Реалияның аудармасы
Реалиялар - лингвистикалық құбылыс ретінде
Көркем аудармадағы баламасыз лексиканың берілуі
У. Теккерейдің Ярмарка тщеславия шығармасындағы идеомалық бірліктерді табу
Транслитерацияның транскрипциядан айырмашылығы
Өзге тілді мәдениетті оқыту барысындағы лингвоелтаным аспектісінің ролі
Абайдың «Қара сөздерін» қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың прагматикалық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz