Қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораларды аудару ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

АҢДАТПА

Саяси аясы мен бұқаралық ақпараттар құралында қолданылатын метафоралар, түсінік беретін құралдардың бірі болып табылады.

Газет беттеріндегі саяси метафора аударуда сөзбе - сөз және балама тәсілдері пайдаланылады, өйткені аударманың осы түрлері тілдік бірліктің ішкі мазмұнын нақ, дәл берудің бірден - бір жолдары болып саналады.

Дипломдық жұмыстың «Қазіргі тіл біліміндегі метафора» аталынатын бірінші бөлімде , қазақ тіліндегі ең көп қолданысқа түсетін стилистикалық құралы - метафораға жалпы түсінік беріліп, түрлері анықталады.

Екінші бөлімінде «Газет және публицистика стиліндегі бейнелеуіш құралы - метафора» деп аталынатын тармақта, қазақ және ағылшын тілдегі газет стилінің ерекшеліктері мен саяси метафораның газет беттерінде алатын орыны анықталады.

«Саяси метафора аудару ерекшліктері» атты үшінші бөлімде, метафора аударуда қолданылатын әдіс - тәсілдер мен саяси метафораны қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері қарастырылады.

Қорытынды бөлімінде газет беттеріндегі қазақ тілді саяси метафораның ағылшын тіліне аударудың және жасалған жұмыстың нәтижелері қарастырылады.

АННОТАЦИЯ

Метафора является одним из понятийных средств передачи информации как в политической сфере, так и в средствах массовой информации.

Политическая метафора в газете, главным образом, переводится калькированием и аналогом, так как эти способы перевода передают ясно и точно содержание языковых единиц и являются одними из часто используемых видов перевода.

В первой части дипломной работы под названием «Метафора - в современном языкознании» раскрывается общее понятие метафора, и дается классификация данного стилистического приема.

Во второй части «Метафора как образное средство в газетно - публицистическом стиле» рассматриваются специфические черты газетного стиля на казахском и английском языках, а также место политической метафоры в данном стиле.

В третьей части «Специфика перевода политической метафоры» рассматриваются способы перевода метафоры, а также специфика перевода политической метафоры с казахского языка на английский язык.

RESUME

Metaphor is a notional means in transmitting information as in politics so as in mass media.

Political metaphor used in newspaper style, in a whole, is translated by analogue and calque. As these methods of translation give an exact and accurate content of language units and are one of the often used methods.

In the first part of the graduation work «Metaphor in the modern linguistics» we disclose general meaning and present types of the given stylistic means in general.

In the second part «Metaphor as a vivid expression in the publicist style» we consider specific characteristics in Kazakh and English newspapers, also the role of the political metaphor in them.

In the third part «The specifics of translation political metaphors» we discuss the types of translation political metaphors and principles of giving them from Kazakh into English.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ҚАЗІРГІ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ МЕТАФОРА

1. 1 Метафора туралы түсінік

1. 2 Метафора түрлері

  1. ГАЗЕТ ЖӘНЕ ПУБЛИЦИСТИКА СТИЛІНДЕГІ БЕЙНЕЛЕУІШ

ҚҰРАЛЫ - МЕТАФОРА

  1. Ағылшын тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері
  2. Қазақ тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері
  3. Газет мәтіндегі адресат факторы
  4. Газет және публицистика стиліндегі саяси метафора алатын орыны
  1. САЯСИ МЕТАФОРА АУДАРУЫНЫҢ аудару әдіс - тәсілдеріСаяси метафораны қазақ тілінен ағылшын

тіліне аудару ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Аударма адам қызметінің, іс-әрекетінң бір түрі. Ал іс-әрекет- субъектінің болмысқа қарым- қатынасын белгілейтін ұғым. «Аударма» - көп мағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үдерісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның, жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс- әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді.

Аударма әдебиеттің тілі - бір тілден екінші тілге ауыстырылған семиотикалық таңба-белгілердің жиынтығы емес; коммуникативтік мақсаты бар тұтас құрылым. Аударма әдебиеттің тілі де төл тілдегі нұсқалар сияқты ақпарат беру, эмотивті (қабылдаушыға әсер ету) қызметтерін атқарады [1, 215б] . Осыған қоса аударма әрқашан да стилистика ұғымымен өзара байланысты болып келеді.

Стилистика деген стиль туралы ұғым. «Стиль» сөзі әдебиетке де байланысты қолданады. Ал тілге қатысты стиль белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу прициптерін қарастырады. Мағыналық дәлдік, мәнерлілік сөздерді нақты қолдана білумен, дұрыс орналастырумен, мәнерліліктің тәсілдерін білумен тығыз байланысты. Сонда стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын сөз бен сөздің экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейді, яғни белгілі бір ойдың талғамдылықпен берілуін талап етеді.

Тіліміздегі қай стильдің болса да негізгі арқауы - сөйлеудің ауызшы және жазбаша формалары, ол формалар тілдік единицалардың сұрыпталып қолданылу нәтижесінде дамып жетіледі. Қоғамдаға қатынас түрінің әр түрлілігіне байланысты тілдің пайдаланылуы да әр түрлі болады. Осыдан келіп әр түрлі мағыналық реңкі бар тілдік құралдар қолданылады. Тілдік құралдар үнемі өзгеруде, жетілуде болады. Өйткені, тіл де, стиль де тарихи категориялар болып табылады.

Ал аударма саласы - мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі. Ол туралы айтылатын сөз, қойылатын проблема қашан да туындай бермек [2, 142б. ] . Қазіргі қоғамның жаңа бағытта дамуы, Қазақстан республикасының тәуелсіз мемлекетке айналуы, ел өміріндегі, оның барлық саласындағы түбегейлі өзгерістер, ана тілімізге мемлекеттік тіл дәрежесінң берілуі - бүгінгі қоғамымыздың жаңа үрдістердің бірі. Жаңарған қоғамның жаңалықтары қазақ тіліне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Қазақ тілінің қызмет аясының кеңеюын көрсететін басты белгі - мерзімді баспа.

Ғасырдан астам баспасөз ұлттық дүниетанымның күшті тәрбие құралы ретінде өзінің жемісті қызметін жалғастырып келеді. Қоғамның үні, жариялылықтың жаршысы қызметін атқарушы мерзімді баспасөз ешқашан өзінің маңызын, рөлін төмендеткен жоқ [3, 27б. ] .

Жұмыс өзектілігі бірнеше факторлармен анықталады: біріншіден, Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары сияқты шетел мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарының ұлғаюы, соның ішінде, саясат аясындағы жұмыстың зәру

болуы.

Екіншіден, тілдер арасындағы бұқаралық ақпарат ерекшеліктерін дәйектеу қажеттілігі, соның ішінде, негізгі ақпарат құралдарының бірі - газет беттерінде.

Зерттеу объектісі - газет және публицистика стильдердегі саяси метафора қолданысы.

Зерттеу мақсаты - қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораны аудару ерекшеліктерін айқындау.

Жұмыс мақсатына сәйкес келесі міндеттер туындайды:

  • метафора туралы жалпы түсінік беру;
  • метафораның түрлерін анықтау;
  • қазақ және ағылшын тілдегі мерзімді басылымдардың ерекшеліктерін көрсету;
  • саяси метафораның қазіргі қазақ тілі мен ағылшын тілдеріндегі публицистикалық жанрында алатын орынын анықтау;
  • саяси метафораның қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылу ерекшеліктерін салыстырмалы әдіс негізінде қарастыру.

Жұмыс жаңалығы қазақ және ағылшын тілдегі мерзімді баспасөз арқылы қабылдаушыға ықпал ету әдісі ретінде саяси метафораның салыстырылып-салғыстырылуы жаңа ғана өріс алумен анықталады.

Теориялық және практикалық маңыздылығы зерттеу барысында саяси метафораның тілдік сипаты теориялық мәселелері қарастырылады. Метафораның қазақ тілі мен ағылшын тілдегі бейнелілік, ұқсастық қасиеттерінің тілдік, тілден тыс табиғаты зерделінеді. Тілдік метафораның қызметіне қарай түрлерінің ерекшеліктері, мағына түзудегі маңызы және бағалауыштық мәселелері көрсетіліп сараланады.

Диплом жобасының құрылымы кіріспеден, бірінші, екінші, үшінші бөлімдерден және қорытындыдан құралған.

Кіріспе бөлімінде диплом жұмысының мақсаттары, міндеттері, жұмыс өзектілігі, зерттеу объектісі мен теориялық және практикалық маңыздылықтары қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде метафора атаулы стилистикалық құралға жалпы түсініктеме, метафора түрлері анықталады.

Екінші бөлімде метафора кездесетін мерзімді баспасөз, яғни газет беттеріндегі негізгі ерекшеліктері беріледі.

Үшінші бөлімде қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораны аудару ерекшеліктері мен әдіс - тәсілдері қарастырылады.

Қорытынды бөлімінде жасалған жұмыс нәтижелері беріледі.

  1. ҚАЗІРГІ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ МЕТАФОРА

Қазіргі қазақ тіліндегі аталым тәсілі ретінде метафора белсенді қызмет атқарады. Аудару процесі тіл білімінің стилистика деп аталынатын саласымен тығыз байланысты болады. Стилистиканың мәселелері жылдан-жылға көптеген лингвистер мен әдебиетшілердің назарын өзіне аудартуда. Оның пайдалылығы жалпы мәдениетті көтерімен тығыз байланысты, сондықтан ол тек қана ойланып оқудың дағдысын дамытып қоймайды, стилистика сонымен қатар әдеби талғамның дамуына негіз болып келеді. Ақырында ол тілді нормалауға көмектеседі және тіл «иемендеушілерге» жақсы да, мәнерлі сөйлеп жазуға мүмкіндік береді.

Аударма процесіне әсер ететін стиль мәселелері екі категорияға бөлінуі мүмкін. Бұл функциональды стиль мен стилистикалық әдістер мәселесі. Функциональды стиль түпнұсқадағы мәтіннің әр түрлі жанрлар мен ерекше қасиеттерін, сипаттамаларын қарастырса, екінші категория автордың мәтінде қолданған әт түрлі тіл бірліктері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді. Оларға мысал ретінде метафора, метонимия, ирония және тағы да басқа стилистикалық тілдік құралдарды келтіруге болады. Соның ішінде метафора стилистикалық тәсілдердің бір түрі ретінде болғандықтан, оны бір тілден басқа тілге аудару мәселесі әрбір аудармашыға да кездеседі [Конф] .

  1. Метафора туралы түсінік

Адамның қоғамдық қызметі үлкен дәрежеде оның сөйлеу тіліне де ықпал тигізеді. Солардың ішіндегі ең көркем тіл құралы метафора болып табылады. Метафора зерттеунің негізінде көркем әдеби тіл жатыр. Мысалы, Н. Д. Арутюнова «Метафора, органикалық тұрғыдан, әлемді поэтикалық көз қарастан көру болып табылады» деп айтады [12, 295с. ] .

Метафораны антика заманынан бастап зертеген. Бұл кезде метафора ғалымдар мен ойшылдарды ғылыми зерттеудің объектісі ретінде көңілдерін аудартты. Оны тілдік троптармен немесе стилистикалық фигуралармен байланыстырды, яғни тілдің эстетикалық мәнділігін ашатын анық тілдік фрагменттермен.

Антикалық заманда философтарды метафораның тек қана практикалық жағы қызықтырд және оның мақсаты мен қызмет ету тәсілдері. Метафора табиғаты туралы алғашқа антикалық түсініктеме берген Аристотель болған. Аристотель метафораны басқа сөздің орын ауыстыра алатын әдіс деп қарастырған, оны теңеу мен жұмбаққа ұқсатты. Сонымен қатар ол метафора табиғатында эстетикалық, психологиялық және танымдық функциялары бар деп көрсетті.

Рим заманындағы метафора туралы теориясы - Аристотель идеясының әрі қарай дамуын тапқан. Осы замандағы метафора теңеу теориясынан тыс шықпады және шешендік шеберліктің дамуымен байланысты оның тілдегі және мәтіндегі қолданысы артып келді.

Метафора теориясында үлкен өзгерістер орта ғасырларда пайда болды. Егер антикалық заманда метафораны адам болмысы мен космоспен қатар қойса, орта ғасырда алламен.

Қайта өркендеу заманы да метафора аясында қайшы теориялар туғыздырды. Ерте қайта өркендеу заманында метафора туралы түсініктер орта ғасырдағы жетістіктермен негізделді. Бірақ, 16 ғасырдан бастап ғылымдардың метафора көркем тілдер саласына жатқызыла басталды және де тілден мүлде шығарылып тасталды.

Жаңа заманда да метафораның бейнелеуіштік мүмкіндіктері шектеле берді. Ал романтизм дәуірінде метафора теориясында аса үлкен өзгерістер пайда болды. Метафора қызметі таза мінділіктен тыс шығып көрсетіледі. Романтизм дәуірінде ақиқаттың моделіне айналып, болмысты танытатын құрал деп есептелінеді.

Қазіргі кезең метафора теорисында ерте заманда дамыған ой - пікірлерін жүйелеуімен, жаңа концепциялар мен теорияларын туғызуымен сипатталады. Қазіргі зерттеулер бойынша метафора қызметі тілден тыс салаларға шығады. Бұл салалар үшін метафора - танудың ерекше формасы. Сондықтан да метафора - екі затты не құбылысты байланыстыратын бейнелеуіштік құрал емес, екі заттың не құбылыстың аяларын байланыстырып, жаңа аяны туғыздырушы айқын ой операциясы болып табылады [5, 20б. ] .

Метафора - тілдегі сырлы құбылыс. Оның сырлығы уақыт пен тіл құрылымы мен қызмет етуінде танылады. Метафора әр тіл мен әр кезеңге тән құбылыс: ол тілдің әр аспектісін қамтып, олардың функционалдық әр- алуандығында анықталады. Метафораның жалпы халықтығы мен оны қолданылу жиілігі, әр дәуір зерттеушілерінің назарын өзіне қаратуда. Сонымен қатар, көп аспектілі құбылыс болғандықтан, метафора тіл білімі және лингвитсика салалары сияқты ғылымдардың қызығушылығын артуда. Троптың белгілі бір түрі негізінде, меатфора, поэтикада, стилистикада, риторикада, эстетикада; сөзжасам түрінің негізінде - лексикологияда; тіл қолданысының ерекше түрі негізінде - прагматикада; ассоциативті механизм мен интерпритация объектісі негізінде - психолингвистика мен психологияда; ойлану әдісі мен ақиқат тануда - логикада, философия мен когнитивистік психологияда зерттелінеді.

Қазіргі лингвистикада «метафора» термині төмендегідей үш бағытта түсіндіріледі:

  1. ұқсастық негізінде құрылған көркем құрал ретінде. Метафораның негізгі функциясы - эстетикалық.
  2. екі мағынаға (тура және ауыспалы мағыналардың) ортақ семантикалық құрылымдағы актуалдығын көрсетудегі жалпы атуы ретінде.
  3. адамның ойлау қабілетінің ерекше әдісі ретінде метафораны пән аралақ және семиотика тұрғыдан қарастыру. Оның негізінде жинақталған білімді белгісіз, жаңа құбылысқа қатысты пайдалану жатыр [6, 25б. ] .

Сонымен қатар, қазіргі қазақ тіліндегі аталым тәсілі ретінде метафора да белсенді қызмет атқарады [5, 20б. ] . Тіл табиғатына көз тігіп барлау жасасақ, метафораның жұмсалу аясы мен қолданылу масштабының өте кең екендігі байқалады [6, 25б. ] .

Метафораға лингвистикалық, әдебиеттану терминдері сөздіктерінде берілген түсініктемелерге көңіл бөлсек, «Тіл білімі» сөздігінде: « Метафора - троптың бір түрі, ұқсастық, сәйкестік негізінде сөздер мен сөз орамдарының ауыспалы мағынада қолданылуы» деген түсініктеме беріледі, ал, метафоралану былайша түсіндіріліеді:« Метафоралану - ауыспалы мағынаның пайда болуы мен оның экспрессивті қасиеттерінің күшею нәтижесінде сөздің мағыналық аумағының кеңеюі» [Конф] .

Сөдің әр түрлі мағынаға ие ьолуы сөз мағынасының өзгеруі, ауыспалы мағынада қолданылуы нәтижесінде іске асады. Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола отырып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өіріс де бейнелейді. Ойлаудың дамуына тән ауысу процестері, мысалы, нақтылықтан абстрактылыққа, жалқылықтан жалпыға ауысу және ұғымның дәлелденіп жіктелуі сө мағынасынң дамуына әсер етпей қала ламайды. Мысалы, жол деген сөз өзінің нақты мағынасымен бірге 1) «идея, бағыт»; 2) «тәсіл» тәрізді абстракты, қосымша (туынды) мағыналарға ие болған. Сөз мағынасы қоғам дамуы, қоғамдық қатынас пен өндіріс тәсілінің дамуымен байланысты өзгеріп түрленуі де мүмкін. Мысалы, ежелгі ағылшын тіліндегі feon деген сөз алғашында «мал» деген мағынаны, оны кейін «қозғалатын зат атлуына», ақырында келіп «ақша» деген мағынаны білдірген.

Сөз мағынасы функционалдық семантика заңы бойынша да өзгеруі мүмкін. Функционалды семантика заңы заттардың қызмет бірлігіне негізделінеді. Бір зат немесе құрал басқа зат немесе құралмен ығыстырылып, алмасады да, соңғысы қызмет бірлігіне қарай, алғашқы заттың немесе құралдың атауымен аталады. Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы іске асады. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен метонимия тәсілі арқылы берілсе, бірде қызмет бірлігі мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Біздің жұмысымызда ауыспалы мағына беруде метафора тәсілі қарастылғандықтан бұл тәсілге нақтырақ тоқталайық.

Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысуы белгіленетін заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделінеді. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауы мен аталуының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Метафора барлық тілдерде бар құбылыс. Мысалы, чех тілінде koryto «корыто» дегенді ғана емес, «арна» дегенді де (мысалы, koryto reky сөзбе сөз аударғанда - «корыто реки» - «өзеннің шылпшыны», мағыналық жақтан - «өзеннің арнасы») білдіреді. Француз тілінде punaise - «қандала» деген мағынада ғана емес, «кеңсе кнопкасы» деген мағынасында да жұмсалады. Қырғыз және қазақ тілдеріндегі бел анатомиялық атау ғана емес, сонымен қатар «асу» (арқа, жон), «таяныш, сүйеніш» деген мағынада да қолданылады. Бел - таудың кез келген тұсы емес, оның арғы бетіне асып түсуге, өтуге қолайлы, анатомиялық белге ұқсас тұсы (асу, жоны) .

Метафора құбылысының сөздің мағынасының орын тепкені мен әбден үйреншікті болып кеткен соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынаның көп жағдайда туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Метафораның негізінде туған келтірінді мағына, сөздің туынды мағынасы ретінде қалыптасып орнығып кетеді. Мұндайда метафора негізінде туған мағына сөздің сөздіктегі мағыналық мазмұнына еніп, оның туынды мағыналарының бірі ретінде қаралады [9, 496б. ] .

Сонымен, қорыта келгенде, метафора ( грек metaphora - ауысу ) - сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, атқаратын қызметіндегі т. б. ) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының, басқа бір затқа атау болуына байланысты, сөз мағынасының ауысуы. Мағына ауысудың бұл тәсілінің негізінде ұқсастық заңы жатыр. Осы тұжырымды негізге ала отырып, қазақ тіл білімінде жеке қаламгерлердің шығармаларына ден қойып, ондағы метафоралық құбылыстардың сипатын ұлттық болмыстан, ұлттық нақыштан және әлемдік метафораны қалыптатсыру біршама зерттеу нысанына айналып келеді. Қазіргі қазақ тіл білімндегі ғалымдардың еңбектерінде метафораның лингвитстикалық табиғаты кеңінен түсіндіріліп, оның ұлт тіліндегі танымдық қызметі мен ғылым тіліндегі маңызы көрсетілген. Метафораның концептуалдық қызметі, ерекшеліктері мен түрлері, термин жасаудағы рөлі арнайы зерттеліп, оған құрлымдық сипаттама жасалған [5, 20б. ] .

Б. Аяғанов [11, 696б. ] «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында» метафораға мынадай анықтама береді: Метафора (грек metaphora - ауыстыру) - троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Метафораны сөз өнері поэтика, риторика, эстетика, логика, философия, тіл, стилистика, лексикология психолингвистика ғылымдары зерттейді. Аристотель айтқандай «метафора табиғатында жұмбақтылық бар». Сөз өнерінде метафораның символиклық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Ойды әсерлі жеткізу масатында да метафора қолданылады. Ол мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері, қанатты сөздерде жиі кездеседі Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналылықты, терминдік жүйені және эмоциональды экспрессивті лексиканы дамытады, мысалы, билік тізгіні, ғасыр перзенті, көңіл көкжиегі, жан айғайы, жер кіндігі, үміт жібі тағы да басқа. Тілдегі қолданыс аясына қарай: а) жеке қолданыстағы; б) тұрақты метафора деп бөледі ғалым [11, 696 б., 6 том] .

Қазақ тіл білімінің зерттеушісі Г. Н. Зайсанбаева метафора деп, (грек metaphora - ауысу ) - сыртқы не ішкі белгілеріндегі (тұлғасындағы, атқаратын қызметіндегі т. б. ) ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы. Мағына ауысудың бұл тәсілінің негізінде ұқсастық заңы жатыр. Осы тұжырымды негізге ала отырып, қазақ тіл білімінде жеке қаламгерлердің шығармаларына ден қойып, ондағы метафоралық құбылыстардың сипатын ұлттық болмыстан, ұлттық нақыштан және әлемдік метафораны қалыптатсыру біршама зерттеу нысанына айналып келеді. Қазіргі қазақ тіл білімндегі ғалымдардың еңбектерінде метафораның лингвитстикалық табиғаты кеңінен түсіндіріліп, оның ұлт тіліндегі танымдық қызметі мен ғылым тіліндегі маңызы көрсетілген. Метафораның концептуалдық қызметі, ерекшеліктері мен түрлері, термин жасаудағы рөлі арнайы зерттеліп, оған құрлымдық сипаттама жасалғандығын айтады [5, 20б. ] .

Ал орыс лингвисті И. В. Арнольд өзінің «Стилистика английского языка» атты кітабында метафораға туралы мынадай ой қозғайды. Әдеби бейне қалыптастырудағы сөз мағыналарының бірлесіп әрекет жасасуы стилистикада, ертеден бастап, троп аталанып келеді. Троп дегеніміз- сөздер мен сөз тиіркестерінің өзгертілген мағынада қолданылатын айқын да, суреттегіш құрал. Бұл қолданыста сөздердің дәстүрлі қолданылуы әдеби тілдегі қолднанылатын затпен салыстырылады. Негізгі троп қатарына метафора, метонимия, ирония (кекету), синекдоха, гипербола, литота және т. б. кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Американдық газет мәтіні ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде және оны аудару ерекшеліктері
Публицистикалық мәтіндегі метафораның рөлі
Публицистика жайында
Қытай тіліндегі метафоралық зерттеулер
Метафора түсінігі және ағылшын тіліндегі метафоралар
БАҚ мәтіндерін классификациялау
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Газет мақала тақырыптарын зерттеу
Ағылшын тілінің фразеологизмдері
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz