Ағылшын және қазақ тілінде тағамдық метафоралардың лингвомәдени аспектісін зерттеу


АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТАҒАМДЫҚ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІН ЗЕРТТЕУ
Көкшетау 2014
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТАҒАМДЫҚ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІН ЗЕРТТЕУ
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР 3
КІРІСПЕ 4
1. МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІН ЗЕРТТЕУ 8
1. 1 Метафора - әмбебап құбылыс 8
1. 2 Метафораларыдың лингвомәдени аспектісін зерттеу 31
1. 3 Тағамдық метафоралардың зерттеу объектісі және әдіснамасы 36
2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТАҒАМДЫҚ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІН ЗЕРТТЕУ 41
2. 1 Ағылшын тілінде тағамдық метафоралардың лингвомәдени аспектісін зерттеу 41
2. 2 Қазақ тілінде тағамдық метафоралардың лингвомәдени аспектісін зерттеу 50
2. 3 Ағылшын және қазақ тілінде тағамдық метафоралардың салыстырмалы талдау 58
ҚОРЫТЫНДЫ 64
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 66
ҚОСЫМША
АНЫҚТАМАЛАР
Аталмыш диссертацияда сәйкес анықтамаларымен келесі терминдер берілген:
- Әлемнің тілдік бейнесі-біріншіден, белгілі бір ұлттық тілге қатыссыз, яғни тіларалық өзгешеліктерге тәуелсіз айқындалатын ұғым; екіншіден, керісінше, тілдік ерекшеліктерге, ең алдымен, лексикалық номинация жүйесіндегі өзіндік белгілерге бағыттала әрі ұлттық тілдің негізінде қалыптасатын ұғым.
- Лингвомәдениеттану- ұлттық сипаты бар әлеуметтік, рухани және тұрмыстық қатынастар мен заңдылықтарды тілдік бірліктер мен амал тәсілдерден іздейтін, зерттейтін тіл білімінің бір бағыты.
- Мәдениет- адамзат өмірін ұйымдастырып, дамытатын арнайы тәсілдер жиынтығы; қоғамның дамуын сипаттайтын тарихи деңгей; белгілі-бір адам әрекетінің қалыптасу негіздері; ұлттар мен этностардың тарихи дәуірлеуінің сипаттамасы; қоғамдық, этикалық нормалардың даму деңгейі
- Метафора(грек metaphora - ауыстыру) - троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Сөздің ауыспалы, бейнелі мағынада қолданылу құбылысы.
- Тағамдық метафора- сол не өзге халыктың құрайтын тағамдық коды (ұлттық тағамдық коды) немесе бүгінде өркениетті толығы бар (үстеме тұтынудың мәдениетті қоғамдық коды) .
- Фразеологиялық тіркес- кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы біртұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірліктер.
КІРІСПЕ
Қазақ мәдениетінің этномәдени басымдықтарының лингвомәдени және психолингвистикалық зерттеуінің маңыздылығы Қазақстанның тілдік саясатының өзекті мәселелерінің негізі ретінде (үш тілді игеру ұстанымы, мәдениаралық байланыс пен этносаралық қарым-қатынас), сонымен қатар тілдегі ұлттық менталитеттің және әр түрлі ұлттық тілдер мен әлемнің дискурсивті суреттерінің лингвистикалық модельдеуі қазіргі лингвистикалық мәселелерде көрініс тапқан.
Әлемнiң ұлттық бейнелерінде ұлттық және әмбебап өзгешелікті анықтау мақсатында қазақ және ағылшын тілдерінде көрініс тапқан мәдени басымдықтардың салыстырмалы зерттелуi, сонымен қатар ұлттық тілдік сана ерекшеліктерінде және ұлттық метафоралық модельдеу қызметінде лингвомәдениеттің типтік бейнесі ғылыми жұмысының өзектілігі болып табылады.
Екі тiлдi лингвомәдени сөздiктердегi зерттеу нәтижелерiнің лексикографиялық тұсау кесері зерттеудің жоғары практикалық маңызға ие. Қазақ және ағылшын лингвомәдениетін көрсететін базалық этномәдени екі тілді сөздіктің құрылуы тіларалық байланыс үрдісінің үйлесімділігінде үлкен рөл атқарады. Олар осы тілдерді оқуда ана тілі және шет тілі ретінде аудару саласында, PR және жарнамалық қызметінде қолдана алады. Білім беру саласында білікті лингвист-аудармашыларды, жарнама және байланыс бойынша мамандарды, мәдениеттанушылар мен әлеуметтанушыларды дайындауда зерттеудің нәтижелерін енгізу барысында экономикалық эффект болуы мүмкін.
Жобаның төңірегінде жүргізілген зерттеу, өзінің ғылыми жаңалығымен ерекшеленеді және әлемдік лингвистикада еш ұқсастықтары кездеспейді. Қазіргі АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия гуманитарлық білімінде мәдени шартты белгілердің теориясы мәдениеттанудың, мәдени антропологияның, мәдениет семиотикасының аймағында өңделуде. Бұл жерде мәдени шартты белгілер мағынасында айырмашылығы бар белгілердің ерекше жүйесі ретінде түсіндіріледі. Осылардың көмегімен ақпарат таңбалардың жиынтығы түрiнде көрсетіледі (C. Altmeyer, H. G. Bosshard, R. P. Erickson, Z. Kovecses, G. Mininni, C. Rapaile, M. Wengler және т. б. ) . Сонымен қатар зерттеудің мәселесі (О. А. Алтынбекова, Р. З. Загидуллин, Ш. К. Жарқынбекова, Г. А. Қажиғалиева, Н. Ф. Алифиренко, Ежи Бартминьский, В. Н. Телия, В. В. Красных, М. В. Пименова, Ю. С. Степанов және т. б. ) лингвомәдениеттану, (А. М. Алдашева, М. Дәлетбаев, Ж. А. Жақыпов, В. Н. Комиссаров, Л. С. Бархударов, В. В. Сдобников, О. В. В. Петрова, W. Wolfram, J. de Waard, E. A. Nida, A. Neubert) аудару теориясы, (А. Е. Ағманова, М. Ш. Мұсатаева, А. К. Жұмабекова, Р. О. Туксаитова, В. А. Исенғалиева, Ж. Н. Жүнісова, О. И. Блинова, А. С. Филатова және т. б. ) салыстырмалы лексикология және лексикография елімізде және шет елде белсенді дамыған. Тілдің бейнелі қорын көрсететін лингвомәдени сөздіктер мен сөздіктерді құрастыруда өз үлестерін қосқан мамандарымыз аз емес (О. И. Блинова және Е. А. Юрина, В. М. Мокиенко, А. М. Мелирович, В. Н. Телия және т. б. ) .
Этномәдени басымдықтарды сипаттау және теориялық зерттеу когнитивті семантика, концептология (В. И. Карасик, Г. Г. Слышкин, С. Г. Воркачев), метафора теориясы мен бейнелілік теориясы (Дж. Лакофф, М. джонсон, А. Н. Баранов, А. П. Чудинов) бойынша ресей және шетел зерттеушілерінің еңбектерінде көрсетілген тұжырымдамаға сүйенеді.
Тілдегі мәдениет деректерін оқу соңғы үш онжылдықта лингвистикалық зерттеуде орталық орынға ие болып отыр (Н. Д. Арутюнова, Ю. Н. Караулов, Ю. С. Степанов, В. Н. Телия және т. б. ) . Әсіресе, әлем модельдеу үрдісінде тілдің метафоралық құралдарының рөлі - әлемнің тілдік суреттерін мәдени және ұлттық бояуын құруда (когнитивті аспект) және мәтінде авторлық концептуалды ойын, сөйлесу қызметіндегі өнім ретінде (дискурсивті аспект) жіті оқытылады. Осы саладағы М. Блэк және Д. Ричарсдтың, Дж. Лакофа және М. Джонсонның, Н. Д. Артюнованың, А. Н. Барановтың, З. И. Резанованың, Г. Н. Скляревскаяның, В. Н. Телийдің, А. П. Чудиновтың және т. б. ғалымдардың негізгі еңбектеріне сүйене отырып, метафоралық әлем модельдеу әр түрлі аспектіде және бағытта жүзеге асады. Модельдеу әдісімен тілдің бейнелі саласын зерттеу жоба авторының теориялық және практикалық өңделген «Комплексное исследование образной лексики русского языка» (Юрина, 2005; ғылыми кеңесшісі - проф. О. И. Былинова) докторлық диссертациясының төңірегінде, «Образный строй языка» (Юрина, 2005) монографиясында көрсетілген және ұсынылып отырған жобаның ғылыми жұмысын құрастырушыларының басқа да жұмыстарында осындай бағыттарды атап өтуге болады.
Жоспарланған қазақша-ағылшынша лингвоелтану сөздігін құрастыру барысында «Тілдің метафоралық бейнелер айнасындағы ұлттық тағамдық дәстүрі» сөздігі» «Мотивационный диалектный словарь» (О. И. Блинова), «Словарь образных слов русского языка» (О. И. Блинова, Е. А. Юрина), «Русское культурное пространство: словарь: Вып. первый (Зооморфные образы) » (В. В. Красных, Д. Б. Гудков және т. б. ) сияқты сөздіктерді құрастыруда тақырыбы және құрылымы жағынан жақын лексикографиялық еңбектердің құрастырылу тәжірибелері ескерілетін болады.
Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми-зерттеу бөлімінің мақсаты «Тағам» сияқты ұлттық тілдегі әлем үзінділерінен көрініс тапқан қазақ халқының этномәдени басымдықтарының лингвомәдени сипаттамасының қатарын, сонымен қатар ағылшын тілдеріндегі мәдени өзгерілген концепттармен сәйкес келетін этномәдени басымдықтарды құрастырумен байланысты.
Ортаны талдау үшін таңдап алынғандар идентификацияның және өздік идентификацияның этномәдени сұрақтарымен тығыз байланысты. Осы концептуалды саланың әр түрлі құбылыстағы бейнелері тілдік әлем көрінісінің ұлттық бөлігін қалыптастырады және қазіргі кездегі саяси, публицистикалық, білім беру және тағы басқа дискурсивті тәжірибеде қолданылады. Қазақ лингвомәдениетінің маңызды бейнесі ағылшын лингвомәдениетімен салыстырмалы түрде қарастырылады. Политілді концепциямен байланысы өзекті мәселе болып отыр.
Зерттеу жұмысының қолданбалы мақсаты салыстырмалы қазақша-ағылшынша лингвомәдени сөздіктің құрылуымен байланысты: «Тілдің метафоралық бейнелер айнасындағы ұлттық тағамдық дәстүрі» сөздігі.
Ұлттық мәдениеттің бағалы басымдықтарын зерттеу толық кешенді әдістер мен тәсілдерді қолданады, сонымен қатар интегративті және пән аралық мінезге негізделеді. Біріншіден, бұл фразеологиялық және мәдени маркировалық лексикалық бірліктің қатынасын және көп қырлы жүйелерді шығаруға бағытталған жүйелік суреттеудің жалпы ғылыми әдісі. Ол бақылау, жүйелену, интерпретация, ғылыми талдау, ғылыми синтез, классификация, сандық есептердің әдістерінен тұрады.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеуде мынадай міндеттер қойылды:
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тағамдық метафорларды жинақтау;
- Жинақтаған теориялық материалдарға негізделе отырып, мысалдарды лингвомәдени тұрғыдан қарастыру.
- Ағылшын және қазақ тілдеріндегі тағамдық метафорларды салыстыру.
Зерттеудің ғылыми объектісі ағылшын және қазақ тіліндегі метафоралары болып табылады.
Зерттеудің негізгі нысаны . Ұлыбритания мен Қазақстанның тағамдық метафоралардың лингвомәдениетін зерттеу.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымы. Ағылшын және қазақ халқылардың өмір сүру салты ағылшын және қазақ тіліндегі тағамдық метафораларда көрсетілген әлем көрінісімен сәйкес келеді.
Тілдің бейнелік және уәждемелі құралдарының семантикасын талдауда лингвистикалық зерттеудің арнайы әдістері мен тәсілдері қолданылады: 1) тілдік бірлік семантикасының компоненттік талдауы; 2) семантиканың лексикалық, грамматикалық, уәждемелік, мәдениеттанушылық мазмұнын құрайтын жоспарланған бірлікті интегралды талдауы; 3) Ауызекі сөйлесуде бейнелік бірліктердің коммунакативті параметрлерін сақтай отырып контексті талдау.
Тілдік әлем көрінісінің және метофоралық әлем модельдеу ерекшеліктерін талдау мақсатында концептуалды талдау әдісі қолданылатын болады. Ол тілдің базалық құрылымының негізі бойынша қайта құруды ұсынады. Сонымен қатар ана тілдің лингвистикалық модельдеу құбылысының үрдісіндегі зерттеушінің жеке тілдік ішкі түйсігінен тұратын интроспекция әдісі қолданылатын болады.
Сөздің бейнелілігі мен уәждемелі санасын құру үшін психолингвистикалық эксперимент әдісі қолданылатын болады.
Ұлттық-мәдени өзгешелікті құру мақсатында әр түрлі тілдердің тілдік феномендерін салыстырмалы талдауда, олардың типологиялық ұқсастықтары мен айырмашылықтарының дәрежесін анықтау үшін салыстырмалы әдіс қолданылатын болады.
Ұлттық әлем көріністерін сипаттауда және зерттеуде тілдік құбылыстың ерекшелігін көрсететін халықтың рухани мәдениеті мен материалды саласындығы мәліметтер мен фактіден тұратын лингвомәдени түсіндіру әдісі қолданылатын болады.
Сөздіктерді құрастыру барысында лекикографиялық әдіс қолданылатын болады.
Зерттеу жұмысы барысында үш ғылыми мақала жазылды.
- Сагындыкова Ж. О., Алхатова Р. К. анализ казахских фразеологических единиц с компонентом «молоко». XVI Международная научно-теоретическая конференция. Язык и глобализация. - Алматы: КазНУ им. аль-Фараби, 2013 г., 3 с.
- Alkhatova Rsaldy, Sagyndykova Zhailagul, Līce Iveta. Perception of Kazakh metaphorical phrases with ‘milk’ component. Rural Environment. Education. Personality (REEP) (2014) . Proceedings of the International Scientific Conference. Volume 7. (CD-ROM) March 7th - 8th February, 2014, LLU, Jelgava, Latvia, p. 7.
- Алхатова Р. К. Қазақ тіліндегі «бал» компоненті бар фразеологизмдердің лингвомәдени аспектісін зерттеу. «Ғылым және білім - 2014» атты студенттер мен жас ғалымдардың IX Халықаралық ғылыми конференциясы. - Астана: http://www. enu. kz/ru/nauka/nauka-i-obrazovanie/, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2014 ж., 4 б.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмысының көлімі 69 бет машинамен басылған мәтіннен тұрады.
- МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ АСПЕКТІСІН ЗЕРТТЕУ
1. 1 Метафора - әмбебап құбылыс
Метафора құбылысын адам ойлауының нәтижесі деуге болады. Егер Аристотель «метафора» терминін ең алғаш философияда пайдаланып, одан кейінгі ойшылдар тіл мен ойлаудың байланысында зерттесе, метафораны тілдік тұрғыдан алғаш зерттеген орыс ғалымы - М. Ломоносов еді. Ол «Краткое руководство к риторике» деген еңбегінде метафораны «Сұлу сөйлеу» тәсілі ретінде байымдайды. Ал көрнекті ғалым А. Потебня метафораның кездейсоқ сөз саптаудан емес, қажеттіліктен туатынын атап көрсетеді. 1920 жылы орыс тіл білімі метафораны көркемділік, образдылық туғызудың бірден-бір тәсілі, әрі көркем әдебиеттің бір жанры болып табылатын поэзияның шын қасиетін тек метафоралануында деп жансақ түсіндірді. Егер Аристотельдің сөйлеген айтуындағыдай болатын болса, сөзіміз түгелдей астарлыққа құрылса, не жұмбақ, не варваризмге айналып кетер еді. Ал метафора «сәнді сөйлеу үшін» керек деген М. Ломоносовтың өзінің оны жиі қолданудан анықтық емес, күңгірттік пайда болатынын ескеруі дұрыс айтылган жүйелі сөздер болса керек. Өйткені көркем шығармадағы эмоциялық, экспрессивтілік, образдылық тәрізді сапасының жасалуына нақты көңіл бөлмей, суреттеу тәсілдері мен бейнелеу элементтерінің сандық шамасына бір жақты назар аударудан дұрыс нәтиже шықпайды, онымен әдебиет тиісті бағасын алып, автордың стильдік ерекшеліктері анықталуы мүмкін емес. Орыс тіл білімінде Б. Мейлахтың едәуір жұмыс жасағандығын айрықша атап өту керек. Б. Мейлах метафораны тек көркем әдебиеттің емес, ойлау, тілдің түбірлі категориясы екендігін, көркемдік жүйесінің элементі болып табылатындығын тұжырымдады. Е. Черкасованың Л. Леонов пен М. Шолоховтың шығармалары негізінде жазған. «Метафоралық сөз қолдану туралы» деген мақаласы бар. Автор зерттеуін таза лингвистикалық тұрғыдан жүргізе отырып, метафораға семантикалық, грамматикалық сипаттама бермек болған. Профессор А. Ефимов метафораны кең мағынада ала отырып, көркем сөз стилистикасы оқулығында образды сөйлеу амалы ретінде қарастырған. Метафораның жасалу тәсілі, түрі мен оның қалыптасу процесін сөз етеді. Бірақ профессор А. Ефимовтың образдылық, мәнерлі сөйлеу сөзді метафоралық қолдану арқылы пайда болады деген үзілді-кесілді тұжырымын академик В. Виноградов біржақты айтылған деп сынға алады. Шынында да метафораны образдылық деген ұғыммен пара-пар қоюға болмайды.
«Метафора образдылықтан біршама тар мәнде келетін тілдік құбылыс» - дейді ғалым Б. Хасанов. [1]
Жоғарыда келтірілген пікірлерден метафора орыс тіл білімінде де әлі өзінің жан-жақты қырын ашатын функциясын толық ашпағанын көруге болады. Бірақ қазақ тіл біліміндегі материалдар мен зерттеу еңбектері бір саты алда жүр. Орыс тіл білімі ғалымдарын метафора 60-жылдардан бастап қызықтырып келеді. Бұл мәселе Н. Артюнова, Т. Черданцева, С. Гусев, Г. Гак, Н. Телия, Е. Вольф, Е. Опарина, Э. Лапиня, Д. Петров, К. К. Жоль, А. Шахнарович, Н. Кожевникова, С. Кубрякова, Г. Кулиев, Ю. Левин, Т. Тарасова т. б. көптеген тілші, философтың ірілі-ұсақты еңбектерінде әр қырынан зерттелген. Орыс тілінде жарық көрген бұл ғалымдардың зерттеу еңбектері метафораның көп қырлы, күрделі, қызықты құбылыс екенін дәлелдейді. Орыс тіл білімінде метафораны зерттеуде жаңа бағыт пайда болды. Метафораның таным процесі мен дүние туралы білімнің тілде бейнелеумен байланысын зерттеу басты нысанға айналды. Ал оның алдында орыс тіл білімінде метафора қоршаған әлемді түсінудің, ойлаудың, дүниені, әлемді танудың сан-салалы тәсілі ретінде қарастырылған. Метафораны зерттеген орыс тілшілерінің бірі - Гак В.
«Метафора - тілдегі атаулардың негізінде жаңа тілдік атауларды қалыптастырудың универсалды тәсілі. Метафора адам ойының терең күшіне байланысты пайда болады. Метафора өте қажет болғаннан пайда болмайды. Ол адам ойы мен тіліне тән құбылыс [2] дей келе, - метафора ойлау мен іс-әрекеттің барлық салаларында дүниені танудың сан қырлы қаруы. Метафораның арқасында ғана тіл әрдайым өзгерісте болады», - дейді.
Орыс лингвист В. Гак өзінің бұл тұжырымын былай қорытындылайды:
«Метафора жаңа мағына жасаудың оним тәсілдерінің бірі немесе көркем тілдің бір атрибуты ғана емес, ол - алғаш қалыптасқан білімнің, дүние туралы ойлаудың тілдік бейнеленуінің (лингокреативтик) тәсілі».
Ғалым В. Гактың метафора туралы айтқан пікірін С. Гусев өзінің «Наука и метафора» атты монографиясында былай деп толықтырады:
«Познавательная метафора, таким образом, не только способствует повышению упорядоченности знаний, которыми обладает общество, но и позволяет получить новую информацию о мире, обнаруживая сходство в различном и неожиданные характеристики в привычных представлениях, что порождает различия не замеченные раньше. Следовательно, познавательная метафора является особым приемом мышления, суть которого заключается в установлении нового смыслового содержания человеческих знании, что достигается с помощью условного отождествления семантических областей различного уровня, характера, происхождения». [3]
Яғни екі ғалым да өз зерттеу еңбектерінде метафораға әр қырынан келіп бірінің зерттеуін екіншісі толықтырады. Орыс тілінде жарық көрген тағы бір еңбектің авторы - Г. Кулиев. Ғалым өзінің «Метафора и научное познание» атты монографиясында жаңа мағынаның вербалдану, яғни сөйлеу процесі арқылы жүзеге асырылатын тілдік қатынас процесін зерттеумен байланысты философиялық мәселелерді талдады. Ғалым метафораға сүйену, оны қолдану - коммуникативті қызметтің әртүрлі мақсатына байланысты. Оның бейнелі, эмотивті, танымдық, таныстыру мен түсіндірушілік сияқты қызметтерін зерттеу - коммуникативті қызметін зерттеу дейді. Г. Кулиев: «Творческая сила метафоры, конечно же, и в том, что она позволяет преодолеть немоту схватить новизну. Метафора - это первый луч света в потемках парализованного новизной сознания. Метафора регулирует взаимоотношения между новизной и языком, субъектом и социумом. Главное назначения метафоры не в освоении новизны, а в её способности высказать новое. Метафора способствует преодолению болезни некоммуникабельности языка в состоянии немоты». [4] Орыс тілшілерінің зерттеу еңбектері метафораның тек тіл білімі мен әдебиет ғылымдарының ғана емес, сонымен қатар философия, логика, герменевтика, риторика, психология, психоанализ, семиотика сынды ғылымдардың да зерттеу объектісі болып табылатынын айқын аңғарамыз. Ойлау, таным, дүниеге көзқарас сынды ғылымдарға алып келсе, метафораның құрылымы, жасалу механизмін зерттеу оны психология мен психоанализ сынды ғылымдарға алып барады. Жалпы тілдік метафоралық құрылымы, жасалу жолдары - өте күрделі құбылыс. Тілде метафораны жасаудың арнайы ереже, тәртібі жоқ. Метафораның жасалуын тек қана тілдік заңдылықтармен түсіндіру мүмкін емес. Метафораның туындауы ойлау процесінің ұқсату, байланыстыру заңдылықтарына тікелей қатысты. Адамның ойлау, таным дүниесі қоршаған ортадан ұқсастық, қарама-қарсылық ассоциацияларын табуға бейімделген.
Метафора зат, құбылыс, оның белгілерінің ассоциациялануы арқылы жасалады. Яғни, метафора - ассоциациятивтік ойлау туындысы. «Ассоциация» латын сөзі. Ол «байланыс» деген мағынаны білдіреді. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп аталады. [5] Сөз мағынасының метафоралануында ассоциациялар үлкен орын алады. Мида еріксіз пайда болатын елестетулер осы ассоциация заңдары арқылы пайда болады. Ал ассоциация заңдарын ғылымға бірінші рет енгізген ежелгі грек ойшылы - Аристотель.
Көне заманынан ассоциацияның белгілі үш түрі бар: (а) іргелестік; (ә) ұқсастық. (б) қарама-қарсылық.
Ассоциация табиғатын былайша түсінуге болады.
Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі емес, өзімен бірге оған қатысы бар екінші затты қоса туғызады.
Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образдарды ілестіріп, еске түсіреді. Яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді.
Қарама-қарсылық ассоциациясы заңы бойынша бір - біріне қарама-қарсы құбылыс бірі екіншісін еске түсіруге мүмкіндік береді.
Метафоралану процесіне көбіне ұқсастық ассоциация мен қарама -қарсылық ассоциация заңдары негіз болады.
Орыс тіл білімінде метафора туралы жазылған тағы бір құнды еңбек бар. Белгілі лингвист Н. Артюнованың құрастыруымен жарыққа шыққан. «Теория метафоры» (1990 ж. ) атты қазіргі заманның ірі-ірі филолог, философ, логиктерінің зерттеу еңбектеріне сүйеніп шығарылған оқулығының метафора тарихында алар орны ерекше. Бұл жинаққа Э. Кассирер, Х. Ортега-Гассет, А. Ричардс, Дж. Серль, Р. Якобсон, М. Блэк, Дж. Миллер, А. Вежбицкая сияқты американ, ағылшын, француз, испан, поляк ғалымдарының күнделікті ауыз екі сөйлеу тілінде, ғылым мен көркем әдебиет тіліндегі сөздердің метафоралық мағынасына талдау жасалған мақалалары енген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz