Тыңайтқыштар туралы негізгі мәліметтер


ТЫҢАЙТҚЫШТАР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР
Тыңайтқыш - бұл өсімдіктің қорегін жақсарту, олардың өнімділігін арттыру, топырақтың қасиеттерін жақсарту және құнарлылығын көтеру үшін қолданылатын заттар.
Тыңайтқыштар шығу тегіне, қолданылуына, құрамы мен алу жағдайына және т. б. қарай жіктеледі.
Химиялық құрамы бойынша тыңайтқыштар минералдық және органикалық, шығу тегі мен алу орнына байланысы - өндірістік (азотты-фосфорлы-калийлі тыңайтқыштар, комплексті және микротыңайтқыштар) және жергілікті (көң, шымтезек, күлді және басқа) тыңайтқыштарға бөлінеді. Минералдық тыңайтқыштар (немесе жасанды) - табиғи минералдардан, сондай-ақ ауа азотынан немесе химиялық зауыттардың кейбір қосалқы және қоректік заттары минералдық тұздар түрінде болатын өнімдерінен алынған шығу тегі органикалық емес өнімдері.
Тыңайтқыштың сапалық көрсеткіші - оларда өсімдіктермен сіңіретін негізгі қоректік элементтердің болуы, немесе тыңайтқыштағы әсерлі зат мөлшері (ә. з. ) . Негізгі әсерлі заттар - азот, фосфор, калий қосылыстары. Олардың тыңайтқыштағы мөлшері элементарлы азот - N, фосфордың бестотығы - Р 2 О 5 және калийдің екітотығын - К 2 О есептеумен өлшенеді. Тыңайтқыштың ұсынылған мөлшерін есептеу үшін, килограммен берілген әсерлі затты (Е) нақты тыңайтқыш түрінің физикалық салмақ (ТФС) мөлшеріне (N, Р 2 О 5 немесе К 2 О) 100 көбейтіп, тыңайтқыштағы әсерлі заттың пайызына бөледі (ТЕЗ) . Мысалы, азотты 70 кг/га ә. з. мөлшерін енгізу кезінде, 46% азотты мочевинаның енгізілетін мөлшері 152 кг/га тең. Мысалы, негізгі жырту кезінде 20% түйіршікті суперфосфат пен 60% хлорлы калийдің құрамдас 80 кг P2O5 және 75 кг K 2 O енгізуді талап етеді. Ұсынылған мөлшерге байланысты 1га-ға 4 ц суперфосфат (80:20) және 1, 25 ц хлорлы калий (75:60) енгізу қажет.
Нақты тыңайтқыштың физикалық салмағын тыңайтқыштың ұсынылған мөлшеріне есептеу үшін, килограммен берілген әсерлі зат, тыңайтқыштағы әсерлі зат пайызын тыңайтқыштың физикалық салмағына көбейтіп, 100-ге бөледі. Мысалы, топыраққа тыңайтқыштағы азот мөлшері 34, 5 % аммиакты селитраның 200 кг енгізу кезінде енгізілген азот мөлшері (ә. з. ) 69 кг құрайды: [(200 х 34, 5) : 100] .
Минералдық тыңайтқыштарды қоректік элементер мөлшеріне қарай екі топқа бөледі.
- қарапайым, немесе біржақты (азот, фосфорлы, калийлі және басқа) ;
- комплексті, немесе көпжақты (екі немесе бірнеше қоректік элементтері бар) .
Әсерлі зат концентрациясы бойынша минералдық тыңайтқыштар:
- төмен концентрлі - 20-25%-ға дейін;
-концентрлі - 30-60%;
- жоғары концентрлі - 60% жоғары;
- ультраконцентрлі - 100% артық (мысалы, қызыл фосфор - 229% Р 2 О 5 ) бөлінеді.
Агрегаттық күйіне қарай:
- қатты;
- сұйық (аммиак су, сұйық аммиак, сулы ерітінділер және суспензиялар) ;
- газтәріздес (СО2) болып бөлінеді.
Физиологиялық қасиеттері бойынша, тыңайтқыштардың аниондары мен катиондарының әркелкі пайдаланылу дәрежесіне қатысты бөлінеді:
- физиологиялық қышқылды, өсімдіктер катиондарды қарқынды сіңіреді, ал аниондар минералдық тұздар түзіп, топырақ ерітіндісін қышқылдандырады - (NH 4 ) 2 SO 4 , NH 4 NO 3 , KCl, K 2 SO 4 .
- физиологиялық сілтілі, өсімдіктер аниондарды белсенді сіңіреді, ал катиондар топырақ ерітіндісін сілтілендіреді.
Тыңайтқыштардың машина жұмыстарына әсер ететін қасиеттері
Тыңайтқыш енгізетін машиналардың жұмыс істеу қабілетіне олардың ылғалдылығына, мерзіміне, дайындалу әдісі мен сақталуына тәуелді өзгеретін физика-механикалық қасиеттері әсер етеді.
Минералдық тыңайтқыштардың маңызды физикалық қасиеттері: ерігіштігі, гигроскопиялылығы, нығыздалу, ылғалдылық, шашырау, сусымалы, гранулометриялық құрамы.
Сонымен қатар, басқа да қасиеттері бар - шашыранды тығыздық, қабатталуға қабілеттілігі, тұтқырлық, тұтанғыштық және жарылғышты қауіптілік, бос қышқылдылық, аммиактың бөлінуі.
Ерігіштік - тыңайтқыштың суда толық еру қабілеттілігі.
Ылғалдылық - нормативтік құжаттардағы бекітілген мәнінен артпау керек (ГОСТ, ҚР Мем СТ, ТУ және т. б. ) . Мысалы, аммоний сульфатында ылғал мөлшері 0, 6%, аммиакты селитра мен мочевинада 0, 2-0, 3%, фосфор тыңайтқыштарындағы минимальды ылғалдылық - 3-5%, калийлі - 1, 5-4% артпау керек.
Ылғалдылық - тыңайтқыштың жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіш. Минералдық тыңайтқыштардың абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы болады.
Абсолюттік ылғалдылық дегеніміз, материалдағы ылғал массасының, абсолютті құрғақ зат массасына процентпен өрнектелген қатынасы.
Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз, материалдағы ылғал массасы, материалды кептіргенге дейін массасына процентпен өрнектелген қатынасы: Төменде кейбір минералық тыңайтқыштардың стандартты (зауыттық) ылғалдылықтарының шамалары (%) келтірілген:
суперфосфат:
түйіршікті - 3
ұнтақты - 15
фосфорит ұны - 5 дейін
мочевина - 1, 6
аммоний селитрасы - 2 дейін
хлорлы аммоний - 3 дейін
сильвинит - 3 дейін
хлорлы калий - 3 дейін
калий тұзы (30, 40%) - 5 дейін
Ылғалдылық артқан сайын тыңайтқыштардың маңызды қасиеттері нашарлайды (шашылғыштығы, кесектенуі, жиналғыштығы) . Мұндай тыңайтқыштарды механикалық жолмен себу қиындай түседі немесе мүмкін емес.
Нығыздалуы - ұзақ уақыт сақтау нәтижесінде сусымалылығын жоғалтуы, ұнтақты және түйіршіктелген тыңайтқыштарға тән. Үйінді тығыздығы - т/м3 анықталатын сусымалы заттың көлем бірлігінің массасы, ол заттардың тығыздығы, бөлшек өлшемі, фракциялық құрамы, ылғалдылығы және жоғары жатқан қабаттың қысымына байланысты болады. Ылғал сиымдылығы - тыңайтқыштың механикалық сепкіштермен шашылғыштығы олардың ылғал сиымдылығына тікелей байланысты болады «шекті» ылғал сиымдылығы шашылғыштығы бойынша анықталады және тыңайтқышқа сепкіштермен қанағаттанарлық дәрежеде себілетін жоғары ылғалдылыққа сәйкес келеді.
Егер тыңайтқыштың шекті ылғал сиымдылығы оның максимальды сіңіргіштік ылғал сиымдылығынан жоғары болса, онда тыңайтқыштар өзінің тұрақты шашылу қасиетін сақтайды.
Ашық жағдайда сақталатын тыңайтқыштардың қабылетіне қойылатын негізгі талаптарға, оның шекті ылғал сиымдылығы орташа жылдың сіңіргіштік ылғал сиыымдылығынан төмен болуы жатады. Ол оның кәдімгі ылғалдылық пен температура, ауадан сіңірген ылғалдың максимальды мөлшерімен анықталады.
«Буферлік» ылғал сиымдылық, стандартты (ылғал мөлшері бойынша) тыңайтқышқа оның шашылу қасиетін төмендетпей қосылатын ылғал мөлшерімен анықталады. Мұндай мүмкіндіктер әсіресе гигроскопиялы тыңайтқыштар үшін өте маңызды.
Кесектену - кейбір тыңайтқыштардың пластикалық, қамыр тәріздес жағдайдан әртүрлі шамадағы кесектер түзу қабылеті. Кесектенуі түрлі факторларға, оның ішінде бірінші кезекте сусымалылық пен ылғалдылыққа байланысты болады және шашқыш аппараттардың жұмысына әсерін тигізеді. Шнекті тиегіштер мен вальцті ұнақтағыштарды қолданғанда тыңайтқыштардың, әсіресе суперфосфат пен оның қоспаларын тиеу кезінде кесектенуге бейімділігі арта түседі. Осы қасиеттерді ескере отырып, тыңайтқыштарға механикалық әсерлерді азайтып, оларды зауыттық ылғалдылықта сақтауға мүмкіндіктер туғызу қажет.
Шашылғыштық деп тыңайтқыштарды танапқа енгізу кезінде олардың біркелкі таралу қасиетін айтады. Бұл көрсеткішті шашқыш машиналардың аппараттарын салыстыру кезінде жиі пайдаланады. Тыңайтқыштарды 12 балдық шашылғыштың шкаласы бойынша бағалау өте тиімді.
Балл Сапасын бағалау Балл Сапасын бағалау
12-8 өте жақсы 5-4 қанағаттанарлыққа жақын емес
8-7 жақсы 4-3 аз қанағаттанарлық
7-6 қанағаттанарлық 3-2 жаман
6-5 қанағаттанарлыққа 2-0 өте жаман
жақын
Төменде кейбір минералдық тыңайтқыштардың шашылғыштығы жөнінде (балдың шкаласы) мәліметтер келтірілген:
Тыңайтқыштардың шашылғыштығын Меринг воронкасын пайдалану арқылы олардың сусымалылығымен анықтайды. Мысалы, Меринг воронкасынан салмағы 500 грамм тыңайтқыш 15-30 секунд аралығында кедергісіз өтсе, онда 8 бен 10 баллға бағалайды.
Конус тәрізді воронканың бұрышы 600, воронканың диаметрі-15 мм құрайды. Ұнтақ тыңайтқыштардың шашылғыштығын анықтауда бағдарлы әдіс ұсынылады, соған байланысты табиғи еңіс бұрышы 400 төмен болғанда, қиындықсыз біркелкі шашылады; 40-450 шашылуы біршама жақсы . Меринг воронкасы. әрі біркелкі; 45-550 - шашылуы біркелкі емес; 550 - жоғары болса - көптеген сепкіштер үшін шашылуы мүмкін емес. Минералдық тыңайтқыштарды енгізуге байланысты жұмыстар атқару кезінде төмендегі қағидаларды ескеру қажет:
1. Түйіршікті тыңайтқыштардағы ылғал мөлшері, олардың шашылғыштығына аз әсерін тигізеді. Шар тәрізді түйіршікті аммофостағы ылғал мөлшері (шамасымен 0, 3%) оның шашылуы мен себу нормасына әсер етпейді. Басқа түйіршікті тыңайтқыштардың бөлшектері сфералы формада болмаса, ылғал мөлшері олардың шашылуын біршама төмендетеді. Мысалы, нитрофоска құрамында ылғал мөлшері 2% болғанда жақсы, ал 4% болса қиын шашылады.
2. Өте ұсақталған материалдарды (фосфорит ұны) сепкіш аппараты жоғары орналасқан сепкіштермен себуге болмайды, себебі ылғалдылығы 1-ден 3% жоғарылағанда, шашылғыштығы 3 есе төмендейді.
3. Хлорлы калийдің шашылғыштығының ылғалдылыққа тәуелділігі өте жоғары. Бұл тыңайтқыш құрғақ кезінде жақсы шашылса, ал ылғалдылығы 0, 1 % болғанда шашылу мөлшері 2 есе төмендейді. Ылғалдылығы 0, 5% болса, 40% калий тұзын шашу мүмкін болмайды.
4. Аммоний сульфаты, аммоний селитрасы және хлорлы аммонийдің шашылуы мен ылғалдылығы аралығында қатаң пропорционалды байланыс бар.
5. Ұнтақталған сильвиниттің шашылғыштығы ылғалдылыққа байланысты, ұнтақтығы 3 мм және ылғалдылығы 0, 5% дейінгі сильвинитті барлық түрдегі сепкіштермен шашуға болады. Ылғалдылығы 1 мен 3% аралығындағы сильвиниттің шашылғыштығы астық сепкіштерден басқа сепкіштердің барлық түрі үшін қанағаттанарлық.
6. Суперфосфаттың шашылғыштығы қанағаттанарлық (7 балл), бірақ ылғалдылық пен қышқылдылыққа тікелей байланысты болады.
7. Сүйек ұнымен бейтарапталған суперфосфат пен 40% калий тұздарының қоспасының шашылғыштығы (ылғалдылық 8, 6-17, 5%) ылғалдылыққа байланысты емес. Бұл қоспа тұқым себетін сепкіштен басқа барлық сепкіштермен біркелкі шашылады. Сүйек ұнымен бейтарапталған суперфосфат пен аммоний сульфаты қоспасының (ылғалдылығы 7, 3-19, 3%) шашылғыштығы жоғарыда аталған тыңайтқыш сияқты.
8. Суперфосфат, аммоний сульфаты мен 40% калий тұзы қоспасының ылғалдылығы 7, 5% болған жағдайда, барлық сепкіштермен жақсы шашылады. Ылғалдылық жоғарылаған сайын оның шашылғыштығы төмендейді, бірақ 13, 5% ылғалдылыққа дейін шашылғыштығы жақсы немесе қанағаттанарлық күйде қалады. Аммоний селитрасы, суперфосфат және 40% калий тұзы қоспасының ылғалдылығы 10% дейін барлық типтегі сепкіштер үшін шашылғыштығы жақсы және 12% дейін қанағаттанарлық. Ылғалдылықтың одан ары жоғарылуы, минералдық тыңайтқыштардың шашылғыштығын нашарлатады.
Күмбездену - тыңайтқыш бөлшектерінің байланысу дәрежесіне сәйкес түрлі қуыстар, тоннельдер және күмбездердің пайда болуы. Тыңайтқыштың күмбезденуі мен сусымалылығының сандық көрсеткіштері бір-бірін толықтырып отырады. Тыңайтқыштың күмбез түзу қабілетін анықтайтын негізгі көрсеткіш қысым болып саналады, ол күмбезді бұзу үшін қажет. Тыңайтқыштардың күмбез түзуге бейімділігіне байланысты, машиналардың жұмысшы органдары қосымша араластырғыш және күмбез бұзушы органдармен жарақатандырылады. Шашқыштарды пайдалану кезінде бұл механизмдердің тұрақты жұмыс істеуін қадағалап отыру қажет.
Көлемдік масса бөлшектердің қуыстары мен аралықтары көлемінің бірлік массалары. Ол негізінен тығыздық, бөлшектердің өлшемі, ылғалдылық және гранулометриялық (фракциялық) құрамына байланысты болады. Минералдық тыңайтқыштардың, оның ішінде түйіршіктелген аммоний селитрасы, карбамид және хлорлы калийдің көлемдік массаларының өзгеруіне ылғалдылық біршама әсерін тигізеді. Сильвинит, калий тұзы және түйіршікті суперфосфаттың көлемдік массасының минимальды шамасына сәйкес келетін белгілі ылғалдылықтары болады. Кейбір тыңайтқыштар үшін мұндай ылғалдылық мөлшері әртүрлі дәрежеде ауытқиды, мысалы түйіршікті суперфосфатта 6 дан 10%, түйіршіктелген аммоний селитрасында 10 мен 14% құрайды. Тыңайтқыштардың физикалық қасиеттері жақсы сақталатын қолайлы ылғалдылық, минимальды көлемдік салмақтың ылғалдылығымен сәйкес келмейді.
Тыңайтқыштың гранулометриялық (фракциялық) құрамы ондағы әртүрлі өлшемдегі бөлшектердің орташа пайыздық мөлшерін көрсетеді. Оны бірінен соң бірі орналасқан, тесіктерінің өлшемі жоғарыдан төмен қарай кішірейетін тербелмелі електер жүйесін пайдалана отырып, механикалық талдау мәліметтері бойынша анықтайды. Тәжірибе нәтижесінде әрбір електе қалған тыңайтқыштардың мөлшерін жалпы мөлшерге қатынасы арқылы пайызбен есептейді.
Тыңайтқыштардың құрамдас бөліктерінің шамаларына олардың сусымалығы, күмбезденуге бейімділігі және ыдыс ішінде тығыздалуы біршама әсерлерін тигізеді. Бөлшектерінің өлшемелі 1 мен 5 мм аралығындағы тыңайтқыштар шашу үшін қанағаттанарлық деп қабылданған. Бірақ кейбір минералдық тыңайтқыштардың бөлшектерінің өлшемін агротехникалық талаптарға сәйкес белгілейді. Мысалы, фосфорит ұнының ұнтағы майда болған сайын, оның тиімділігі арта түседі.
Кейбір тыңайтқыштардың гранулометриялық құрамы бойынша мәліметтер төменде келтірілген (2-кесте) .
2- кесте. Кейбір тыңайтқыштардың гранулометриялық құрамы
Құрамында бөлшектерінің диаметрі 5 мм үлкен тыңайтқыштарды шашқанда, топыраққа біркелкі таралмай алақұлалық пайда болады. Сусымалылығы. Сусымалылық активті және пассивті болып ажыратылады. Активті сусымалылық кезінде денені құрайтын бөлшектер бірбірімен тек үйкеліс күші арқылы байланысады. Бұл жағдайда, горизонтальды жазықтыққа төгілген материал конус пішінін қабылдайды. Пассивті сусымалылыққа бөлшіктері өзінің тепе-теңдігін тек үйкеліс күшімен ғана емес, жабысу арқылы сақтай алатын денелер жатады. Көптеген минералдық тыңайтқыштарға пассивті сусымалылық тән. Тыңайтқыштардың сусымалылығына олардың ылғалдылығы мен гранулометриялық құрамы күшті әсер етеді.
Сусымалылықтың ұзындығы 60 мм ашық цилиндр мен плунжерден туратын И. Б. Барановтың аспабы көмегімен анықтайды.
Цилиндрді тыңайтқышпен толтырады, сонан соң арнайы бұрандамен плунжерді төменгі жағдайдан жоғары жағдайға ауыстырады. Плунжердің үстінде қалған тыңайтқыш массасының жалпы массаға пайыздық қатынасы сусымалылық көрсеткіші болып есептеледі.
Гигроскопиялығы - тыңайтқыштың ауадан ылғалды сіңіру қасиеті. Гигроскопиялық минералдық тыңайтқыштардың бірігіп қалуы, табиғи құлама бұрышы, шашылғыштығы және басқа қасиеттеріне әсер етеді. Гигроскопиялық ылғалды сіңіру жылдамдығы коэффициенті және гигроскопиялық нүктемен бейнеленеді.
Гигроскопиялық нүкте деп тыңайтқыш пен қоршаған ауа ылғалдылықтарының арасындағы тепе-теңдіктің болуын қамтамасыз ететін ауаның салыстырмалы ылғалдылығын атайды (яғни, тыңайтқыш мұндай жағдайда қоршаған ортадан ылғал сіңірмейді және бөлмейді) . Сіңіру жылдамдығы коэффициенті бойынша тыңайтқыштың ауадан ылғал сіңіру қарқындылығын анықтайды.
Төменде кейбір тыңайтқыштардың гигроскопиялылығын бағалау мәліметтері келтірілген.
Гигроскопиялық шкала
бойынша балл
Аммоний селитрасы (ылғалдылығы 0, 5-2, 2%) 9, 3
Мочевина (ылғалдылығы 2-6%) 4, 4
Аммоний сульфаты (ылғалдылығы 0, 8%) 6, 5
Суперфосфат (ылғалдылығы 15%) 2, 1
Қос суперфосфат (ылғалдылығы 12, 3%) 4, 0
Сильвинит (ылғалдылығы 2%) 3, 7
Калий тұзы (ылғалдылығы 2%) 3, 4
Хлорлы калий (ылғалдылығы 2%) 3, 2
Келесі 3-кестеде тыңайтқыштардың гигроскопиялығы мен олардың сақталу жағдайларын бағалау үшін мәліметтер берілген.
Гигроскопиялықтың 10-балдық шкаласы қабылданған және тыңайтқыштың гигроскопиялығы жоғарылаған сайын балл шамасы өсе түседі. Минералдық тыңайтқыштарды сақтайтын қоймаларды жобалау мен пайдалану кезінде гигроскопиялық қасиетін ескерген өте маңызды.
Жабысқыштық. Ылғалды минералдық тыңайтқыштарға жабысқыштық қасиет тән. Ол көптеген жағдайларда машиналардың дұрыс әрі тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
3-кесте. Тыңайтқыштардың гигроскопиялық шкаласы
Ылғалды минералдық тыңайтқыштардың жабысқыштығының төменгі шамалары, олардың резеңке және пластмасс беттеріне жанасумен сәйкес келеді.
Нығыздалу - тыңайтқыштардың әртүрлі дәрежедегі біртұтас масса түзуге бейімділік қасиетін айтады.
Практика жүзінде, нығыздалған тыңайтқыштың цилиндрінің бұзылу кедергісінің шамалары бойынша анықталатын нығыздалудың шартты градациясы қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz