Қазақстан Республикасындағы меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері


Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік

Басқару Академиясы

Сот Төрелігі Институты

ҚҰҚЫҚ МАГИСТІРІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДӘРЕЖЕСІН ІЗДЕНУГЕ АРНАЛҒАН ДИССЕРТАЦИЯ

ҚОРҒАЛУҒА ЖІБЕРІЛДІ «Азаматтық құқықтық пәндер»

(қолы, күні) Кафедра меңгерушісі,

з. ғ. к. ., доцент Омарова А. Б.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Ғылыми жетекші з. ғ. к. доцент., Бейбітов М. С.

(қолы, күні)

Алматы, 2006

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

  1. ҚР - Қазақстан Республикасы
  2. АК - Азаматтық Кодекс
  3. АІЖК - Азаматтық іс жүргізу Кодексі
  4. ГФР - Герман Федеративті Республикасы
  5. КазСКР АК - Қазақ Социалистік Кеңестік Республикасының Азаматтық Кодексі
  6. РФ - Ресей Федерациясы
  7. б - бет
  8. т. б. - тағы басқалар

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1-тарау. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық

тәсілдері жөніндегі жалпы ережелер . . . 7

2-тарау. Меншік құқығын тану туралы талапты құқықтық

қамтамасыз ету мәселелері . . . 16

3-тарау . Виндикациялық талап: теориялық және тәжірибелік

мәселелері . . . 21

4-тарау. Мүлікті талап етудің құқықтық мәселелері . . . 34

5-тарау. Негаторлық талап меншік құқығын қорғаудың бір тәсілі

ретінде . . . 38

6-тарау. Меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық

құқығын қорғау . . . 46

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ . . . 63

АННОТАЦИЯ (ТҮЙІН) . . . 69

КІРІСПЕ

Меншік құқығын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаттарын құрайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н. А. Назарбаевтың 1998 жыл 30 қыркүйектегі өзінің Қазақстан халқына «Еліміздің жағдайы мен ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары: жаңа жүзжылдықтағы қоғамның демократизациялануды, экономикалық және саяси реформалануы» атты жолдауында былай дейді: «біздің бүгінгі кездегі басты мақсатымыз: біздің еліміздің экономикалық жүйесін қорғау үшін кең және мықты жүйені қалыптастыру» [1] . Президентіміздің жоғарыда айтылған сөздері «меншік құқығын қорғауды жүзеге асыратын құқықтық жүйені құру керек» деген Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» жолдауының растығын білдіреді. Барлық Қазақстандықтардың гүлденуін, олардың қауіпсіздігін және әл - ауқатын жақсартуын көздейді. Қоғамды демократизациялаудың маңызды ролі: азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын тереңдету, бұзылған құқықтар мен бостандықтарды, оның ішінде меншік құқығын қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ету болып табылады [2] .

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ары қарай ҚР АК) «Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау» атты 15-тарауында айтылған меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау шаралары өздерінің сипаты мен әрекеті жағынан біртекті емес, меншік құқығынан, заттық құқықтардан басқа құқықтарды қорғағанда ол шаралардың барлығы бірдей қолдануға жарамайды. Сондықтан меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың АК-ның 15 тарауында баяндалған шараларын жүйелеудің өзіндік ерекшелігі бар.

Мысалы, АК-ның 259-264 баптары меншік құқығын қорғаудың мына шараларын: меншік құқығын тануды, меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иелігінен алуды талап етуі; заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысуды, меншік иесі құқықтарын иеліктен алумен байланысы жоқ бұзудан қорғауды қарастырған және де осы шараларды қолданудың тетіктері нақтыланған. АК-ның 259-264 баптарында аталған меншік құқығын қорғау жөніндегі шаралар мен олардың тетігі 265 бап арқылы меншік құқығынан басқа заттық құқықтарды да қорғауға тартылған.

АК-ның 267 бабында меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды билік, басқару органдары мен лауазымды адамдардың заңға сәйкес келмейтін нормативтік немесе жеке актілерінен қорғау шаралары аталған және мұндай актілерге байланысты келген шығындарды өтеу жолдары көрсетілген. АК-ның 266 бабында заңда көзделген негіздер бойынша меншік иесінің құқығы тоқтатылған кезде оны қорғау шаралары және меншік құқығы осы негізде тоқтағанда келген шығынның орнын толтыру тәртібі көзделген [3] .

Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері жөніндегі мәселе жоғары теориялық және тәжірибелік қызығушылық тудыруда, өйткені бұл тақырып заң әдебиеттерінде аз зерттелген. Ресей заң әдебиеттерінде меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері жөніндегі мәселелерге теориялық тұжырымдар жасау жағынан біршама жетістіктер бар. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері жөніндегі мәселелерін зерттеуге Ю. К. Толстойдың, С. С. Алексеевтің, Е. А. Сухановтың және тағы басқа авторлардың еңбектері арналған.

Магистрлік жұмыс О. С. Иоффенің, О. Ю. Скворцовтың, А. П. Сергеевтің, Т. Е. Қаудыровтың, А. И. Беспалова мен М. А. Ваксбергтің, Ю. Г. Басиннің, М. К. Сулейменовтың, У. К. Ихсановтың және тағы басқа авторлардың еңбектеріне негізделген.

Соңғы уақытта көптеген авторлар меншік құқығын қорғау саласына назар аударып отыр. Әр автор меншік құқығын қорғау мәселелері бойынша өзінің жаңа пікірлерін ұсынады. Мысалы А. П. Сергеевтің пікірінше азаматтық құқықта меншікті қорғаудың 4 әдісі бар. Олар: 1) заттық-құқықтық әдіс; 2) міндеттемелік-құқықтық әдіс; 3) заттық-құқыққа да міндеттемелік-құқыққа да жатпайтын, бірақ азаматтық-құқықтың әр түрлі институттарынан тарайтын меншік құқығын қорғаудың бір әдісі; 4) заңда көрсетілген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтатылған жағдайда меншік иесінің мүдделерін қорғауға бағытталған меншік құқығын қорғаудың тағы бір әдісі жатады.

Азаматтық-құқықтық қорғаудың көздейтін мақсаты меншік иесінің заңсыз айырылған мүлкін өзіне қайтару немесе өзінің затын пайдаланудағы кедергілерді жою болып табылады [4, 290 б. ] .

Зерттеу жұмысымның өзектілігі - Қазақстандағы меншік құқығын қорғау мәселесі бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Азаматтық құқықты зерттеушілердің байқауы бойынша меншікті иелену жоғарғы математика ретінде бағалауға болады деп санайды. Себебі бұл салада жұмыстарды атқару үшін жоғарғы деңгейдегі дискуссиялау мен жалпылау қасиеттеріне ие болуы қажет.

Зерттеудің мақсаты - Қазақстандағы меншік құқығын қорғау мәселе-лерінің кешенді зерттеуін жүргізуден тұрады. Бұл мақсатқа жету үшін мынадай бірқатар мәселелерді шешу керек: азаматтық құқықтағы меншік құқығын қорғау мәселелеріне кешенді-теориялық зерттеулер жүргізу, қорғау тәсілдерін жетілдіру, меншік құқығын қорғау саласында пайда болатын, дамитын және тоқтатылатын азаматтық құқықтық қатынастарды зерттеу.

Магистрлік жұмысымның негізгі міндеттері болып, 1) меншікті қорғау туралы азаматтық заңдарға қысқаша анализ жасау; 2) осы заңдардың тәжірибиеде қолданылуын талдау; 3) қолданыстағы меншікті қорғау туралы заңдарды жетілдіру және туындаған мәселелер бойынша өз ойымды тұжырымдау. Аталған міндеттерді мен толық орындадым.

Зерттеудің пәні - меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық жағ-дайы, меншік құқығын қорғау саласындағы қатынастарды қазақстандық және халықаралық тұрғыдан заңды реттеу болып табылады.

Зерттеу жұмысының жаңалығы болып - Қазақстан Республикасы азаматтық құқығындағы меншік құқығының заттық құқықтарын қорғаудағы тәжірибеде кездесетін бірқатар даулы мәселелер қарастырылған. Сол даулы мәселелерді шешу үшін мынандай бірнеше қағиданы ұсынамыз:

Біріншіден, тәжірибе көрсеткендей, меншік құқығын тану туралы азаматтық істер тек мүлікті титулды иеленуші мен нақты иеленушінің арасында ғана емес, тиісті органдардың (жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығы, мемлекеттік автоинспекциясы, нотариустар және тағы басқалар) мүлікке қатысты құқықты немесе осыларға байланысты келісім-шарттарды ресімдеуден бас тартқан кезде, мүлікке қатысты құқықты сот арқылы тану қажет.

Екіншіден, негаторлық талап қоюдың мазмұнын өзгерту қажет, яғни құқық бұзушылықтың салдарын түзеу талаптарын шектеп, негаторлық қорғау жүйесінің аясын кеңейте түскен дұрыс. Ол үшін негаторлық қорғауға тек меншік иесінің құқығын бұзғанда емес, оны бұзу қаупі туғанда да жүгіну керек. Негаторлық талап қою шын мәнінде кемшілікті түзеуде тек құқық пайдалануға ғана бағытталмауы керек. Сонымен бірге ол билік ету құқығын да қамтуға тиіс.

Сонымен қатар өңделген мүлікке байланысты дауларды Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 237 бабын қолдану арқылы шешуге болады. Бұндай жағдайда виндикациялық талапты қолданбас бұрын затқа меншік құқығы танулуы қажет.

Үшіншіден, сот меншік иесіне виндикациялық талапты қанағаттандырудан бас тарта отырып, адал ниетті алушыны мүліктің меншік иесі деп тануы қажет. Осылай істі шешу, біздің ойымызша, мүліктің кімге жататындығын және оның құқықтық жағдайы да анықталатын еді.

Төртіншіден, мүлікті арестен босату немесе тізімнен шығару туралы талапты негаторлық талап деп саралауымыз керек. Себебі кімнің мүлкі кездесоқ арестке не тізімге алынса, ол адам мүлікке билік ету, ал кейбір жағдайларда пайдалану құқығынан айрылады. Алайда меншік иесі /титулды иеленуші/ белгілі бір жағдайда мүлікке арест салынған уақытта сонымен қатар алынып қойылған мүлікті иелену құқығынан да айырылады. Бұл жағдайда мүдделі тұлғаның мүлікті арестен босату немесе тізімнен шығару туралы талабы өзінің заңдық табиғаты бойынша виндикациялық талап болып кетеді.

Бесіншіден, шаруашылық жүргізу құқығы негізінде, оралымды басқару құқығы негізінде және өзге де заттық құқықтар негізінде тұлғаға тиесілі мүлікті қорғау мақсатымен аталған тұлға меншік иесіне де заттық құқықтық талаптар қоя алады. Ал егер меншік иесі мен титулды иеленушінің арасындағы мүлік шарттық қатынас арқылы анықталса, иеленушінің тиісті талаптары міндеттемелік-құқықтық қатынастар арқылы беріледі деп саралауымыз керек.

Зерттеу жұмысының ғылыми - теориялық және тәжірибелік маңыздылығы: азаматтық айналымда пайда болатын барлық қатынастарды дәстүрлі реттеу мүмкін еместігі туралы теориялық гипотезаны, сондай-ақ, Қазақстанда және халықаралық деңгейде меншік құқығын қорғаудың құқықтық ретелуінің тұжырымдамасын жасауын ұсынамыз.

Сондай-ақ, меншік құқығын қорғау саласындағы қатынастарға қолданыстағы заңнаманың нормаларын пайдалануға болатындығы, бірақ оларды әлі де жетілдіру керектігі, ал теориялық тұрғыдан меншік құқығын қорғау мәселелері азаматтық құқық ғылымымен қатар бірқатар құқық салаларымен шешілетіндігі туралы теориялық қорытынды жасаймыз.

Меншік құқығын қорғау саласында көптеген проблемалар бар екендігі зерттеу жұмысынан байқалады.

Қазақстан Республикасындағы меншікті қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдеріне байланысты заң әдебиеттерінде жеткілікті дәрежеде көрініс таппаған мәселелерді қарастырамыз. Осы мәселе бойынша теориялық және практикалық кешенді зерттеулерді жүргізуге талпындық.

Сонымен қатар бұл магистрлік жұмыста Алматы қаласының №2 Бостандық аудандық сотының, №2 Алмалы аудандық соттарының меншік құқығын қорғауға байланысты қаралған азаматтық істері мысал ретінде алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, алты тараудан, қорытындыдан, аннотациядан, магистрлік диссертацияға қосымшадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері: меншік құқығы, виндикациялық талап, негаторлық талап, заттық-құқықтық әдіс, міндеттемелік-құқықтық әдіс, титулды иеленуші және тағы басқалар.

Магистрлік диссертация тақырыбына 2005 жылы мамыр айындағы «ЗАҢ» журналында «Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері» атты тақырыпта мақала жарияланды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған 2006 жылдың 10 ақпанында Астана қаласында өткен «Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудың бүкіләлемдік тенденциялары» атты халықаралық ғылыми практикалық конференцияға «Виндикациялық талап: теориялық және тәжіребиелік мәселелері» атты баяндамамен қатыстым.

1-тарау. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық - құқықтық тәсілдері жөніндегі жалпы ережелер

Құқықты қорғау сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.

Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету принципі, оларды сот арқылы қорғау азаматтың заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (АК-тің 2 бабы) [3] .

Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыдан проф. В. П. Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонымды : «Құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді [5, 96 б. ] .

Демек, кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бірге осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.

Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері. Азаматтық Кодекстің 15 тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу керек. Кең мағынада меншік иесінің мүддесін қорғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес.

Қорғаудың юрисдикциялық түрі субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзыретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т. б. ) шағынады. Жоғарыда аталған органдар өз кезегінде бұзылған құқықты қалпына келтіру және бұзушылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.

Қорғаудың юрисдикциялық нысаны бұзылған құқықтарды қорғаудың жалпы және арнайы тәртібін белгілейді. Жалпы тәртіпке сәйкес заңмен қорғалатын азаматтық құқықтардың мүддесін қорғау сот арқылы жүзеге асады.

Азаматтық Кодекстің 9 бабы жалпы тәртіппен қатар әкімшілік тәртібін қарастырады. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын меншік иесінің құқығын қорғау құралы шағым болып табылады, ол құқық бұзушылық нәтижесінде зардап шеккен құқық иесі мүддесін қорғауға орай тиісті өкілетті органға беріледі [3] .

Кейбір заңдарда аралас, яғни меншік құқығы мен басқа да заттық құқық қорғаудың әкімшілік сот тәртібін қолданады. Мұндай жағдайда мүліктің меншік иесі мен иеленушісі сотқа шағынбас бұрын мемлекеттік басқару органына шағымданады.

Қорғаудың юрисдикциялық емес нысаны заттың меншік иесі мен оны иеленушісінің мемлекеттік және басқа құзыретті органдарға бармай өз бетімен қорғануын білдіреді. Азаматтық Кодекстің тұжырымдарында аталған әрекеттер «азаматтық құқықтардың өзін өзі қорғауы» ұғымымен байланысты (АК-тің 9 бабы) және меншік құқығы мен басқа да заттық құқықтарды қорғаудың бір әдісі ретінде қаралады.

Азаматтық құқықтың өзін өзі қорғауы өзінің заңдық табиғатында құқық қорғау әдісі болып табылмайтын өзіндік нысанын еншілейді деген пікір де бар. Мәселен, проф. А. П. Сергеев қорғанудың дербес түрі ретінде өзін өзі қорғау құқығы сот және әкімшілік нысандарымен бірдей қаралуы керек дейді [ 6, 22 б. ] . Біздің ойымызша, өзін өзі қорғау құқығына ешкімнің тиіспейтіндігін қамтамасыз етуге, бұзылған құқықты қалпына келтіріп, оның салдарын жоюға бағытталған өкілетті тұлғаның заң немесе шарт негізінде әрекет етуге жол берілген азаматтық құқықты қорғаудың дербес нысаны болып табылады.

Жоғарыда айтылған құқықтық қорғаудың кең мағынасын меншік құқығын қорғаудың (және басқа да заттық құқықтың) арнайы құрал жүйесінен айыра білу керек. Мұндай арнайы қорғану құқық бұзушылықтың сипатына байланысты келді. Меншіктің абсолютті құқығы немесе басқа да заттық құқығы (мысалы, мүлікті алып қою) ретінде тікелей құқық бұзушылық кезінде заттық құқықтық сипаты бар құралдары оны қорғауға кіріседі. Құқық бұзушы мен өкілетті тұлға арасында міндеттемелік қатынас болған ретте (мысалы, жалға алушы шартта көрсетілген мерзімді затты меншік иесіне қайтаруға тиіс болса) міндеттемелік құқықтың қорғау құралдары қолданылады. Міндеттемелік құқық құралы талап қоюға тән нәрсе, ол бірден меншік құқығынан көріне бермейді, азаматтық құқықтың басқа институттарына негізделеді, яғни міндеттемелік талап қою меншік құқығын тікелей емес, ақыр аяғында қорғайды [ 7, 443 б. ] . Ал меншік құқығын қорғаудың заттық құқықтық құралы меншік құқығын қорғауға тікелей бағытталуымен сипатталады және қандай да бір нақты міндеттемемен байланыста болмайды. ҚР-ның заңдары жәбірленушінің құқық бұзушыға қарсы талап қою түрін таңдау мүмкіндігін (айталық, шарттық немесе заттық құқықтық) бермейді. Бұл орайда шетелдердегі «талап қою бәсекесі» деп аталатын жағдайларды қолдамайды.

Азаматтық құқық институттарының әр түрінен туындайтын не заттық құқықтық, не міндеттемелік құқыққа да жатпайтын ерекше қорғау тобы белгіленген [8, 306 б. ] . Мысалы, хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған азаматтың меншікке мүліктік құқықтарын қорғау (АК-тің 29, 32 баптары), кепіл ұстаушының жауапкершілігі туралы және т. б. болып табылады.

Азаматтық құқықты қорғаудың жаңа құралдары АК-тің 9, 10 баптарында қарастырылған. Бұл баптарда бұрын соңды заңдарда қаралмаған жолдары көрсетілген. Мысалы, моральдық зиянды өтеу, яғни тұлғалардың өзіндік мүліктік емес иеліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген жан азабы немесе тән азабы. Моральдық зиян ақшалай нысанда төленеді. Екінші бір жағдай, ол мемлекеттік билік органдарының заңға қайшы келетін құжат шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекетімен (әрекетсіздігімен) келтірілген залалды өтеу механизмі енгізілген (АК-тің 9 бабының 5 тармағы) [3] .

Азаматтық құқықтық қорғаудың әдістері дегеніміз: 1) зат иесінің ол затты біреудің заңсыз иеленуінен өзіне зат күйінде қайтарылуын талап етуі (виндикация) ; 2) иемдену еркінен айырмай-ақ заңды пайдалануға жасалып отырған кедергіні жоюды талап ету (негаторлық талап) ; 3) затты жойып жіберген немесе бүлдірген жағдайда зиянның орнын толтыру (ақшалай құнын өтеу) ; 4) басқа бір адам негізсіз ие болған немесе сақтап қалған, виндикация жолымен немесе зиянның орнын толтыру арқылы қайтарып алуға болмайтын заттың құқын зат иесіне ақшалай төлеу[9, 276-292 б ] .

Меншік құқығын қорғаудың алғашқы екі әдісі меншік иесіне затты сол қалпында иемдену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Талап ету, яғни бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру туралы -затты иесіне қайтару немесе пайдалануға тигізіп отырған кедергіні жою туралы сотқа қойылған талап заттық-құқықтық талап деп аталады. Аталған әдістердің соңғы екеуі міндеттемелік құқығына жатады - мұндай жағдайда меншік иесіне ақшалай ақысы төленеді, ал тиісті талаптар міндеттемелік талаптар деп аталады.

Қорғау құқығының мәселесі бұл тек материалдық құқықтың ғана проблемасы емес, ол сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығының да проблемасы болып табылады. Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында қорғау құқығы, әдетте, талап қою құқығы туралы мәселеге келіп тіреледі. Бұл орайда талап қоюға құқық туралы мәселені шешуде айтарлықтай алшақтық туындайды.

Авторлардың бір тобы талап қоюға берілетін құқық ұғымынан келіп талап қою «құқықты сотпен қарау құралы ғана болып табылады» деген пікірге тоғысады [10, 30-32 б. ] .

Мұндай көзқарастар континентальды құқықтың талап қою теориясы үшін де сипаты жағынан сай келеді. Франция ғалымы Леон Жюлио де ла Морандьер осыған байланысты былай дейді: «Талап арыз тұлғаның нақты құқықтық жағдайын немесе жаңа заңдық жағдайды құруы үшін сотқа сот әділдігін жүзеге асыруға жәрдемдесетін, ерікті, заңдық әрекет болып табылады, талап қою дегеніміз оны беру құқығын еншілейтін иеленушінің өзіне тиесілі сотқа жүгіну құқығынан басқа ештеңе де емес» [11, 92 б. ] . Лео Розенберг (ГФР) болса, «талап қою - сот шешімі арқылы құқықты қорғау үшін сотқа жүгіну» деп анықтама береді [12, 380 б. ] .

Осы анықтамалардың қайсысы болса да талап қоюды белгілі бір тұлғаның тиісті мүддесіне қатысты сот шешімімен болатынын айқындап берген Рим құқығының анықтамасымен сәйкес келеді.

Авторлардың енді бір тобы талап қоюға құқықты материалдық мағынада және талап қоюға құқықты іс жүргізу мағынасында бөліп қарау керектігін ұсынады [13, 332 б. ] . Бұл орайда талап қою құқығына қатысты проблемаларды зерттеген авторлардың талап қоюды материалдық-құқықтық және іс жүргізу (процессуалдық) нысандарын бірлікте қарауы көңілге қонады. Сондықтан да В. П. Грибанов құқықты қорғау проблемасы тек талап қою қорғау нысанымен шектелмейтіндігін және талап қоюдан басқа да қорғау түрлерінің бар екендігін көлденең тартады [14, 162 б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншік құқығын сот тәртібімен қорғау
Меншік құқығын қорғау мен оның тәсілдері
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
Коммерциялық құпияны құрайтын ақпараттарды қорғаудың түсінігі
Азаматтық құқықтарды қорғаудың түсінігі және жалпы ережелері
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей мойындалуының және қорғалуының конституциялық құқықтық негіздері
Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері
Авторлық құқық туралы ақпарат
Азаматтық құқықтың әдісі және қағидалары
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРЕКНАМАЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz