Қазіргі саяси журналистика


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ . . . 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І тарау. ҚАЗІРГІ САЯСИ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫ . . . 6

ІІ тарау. ҚАЗАҚ САЯСИ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ . . . 12

ІІІ тарау. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТЕЛЕВИЗИЯСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ПӘРМЕНДІЛІГІ . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 29

КІРІСПЕ

Туынды қай тақырыпта болса да оны жазу үшін журналист те, жазушы да өзіндік қолтаңбасымен келуді қалайды. Ал мұндай шеберлік ізденімпаздық пен терең білімділікті талап етері сөзсіз. Бүгінгі бітіру жұмысымызға телевизиядағы саяси журналистика тақырыбын арқау еткен соң төрт жылдық білім мен тәжірибенің күшін сарқып, ауқымды тақырыпқа орайлас ізденісімізді қазақ тележурналистикасының тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған ғылыми еңбектерді және аталған тақырыпта қалам тартқан публицистердің жазбаларымен танысудан бастадық (Совет Масғұтовтың «Көгілдір экран−өмір айнасы», Марат Барманқұловтың «Жанры печати, радиовещания и телевидения», «Телевидение: деньги и власть», Галия Ибраеваның «Телевидение Казахстана в условиях становления демократической государственности» т. б) .

«Адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін кеңінен тарататын аса пәрменді насихат құралы» \1, 17-б\ тележурналистикадағы саясат тақырыбын тереңінен сараптап, кең талқыға салған зерттеушілердің қатары сирек екенін мойындауымыз керек. Жас зерттеуші ретінде бұл ізденісімізде қазіргі қазақ теледидарындағы саяси журналистиканың көрінісіне баға беріп, оның бүгінгі демократиялық қоғамдағы қызметі мен беделін анықтауды басты назарымызда ұстадық. Ең алдымен саясат ұғымын саналы түрде анықтап, оның журналистикамен ажырамас байланысын түсіндірмес бұрын Американың саясатшысы Г. Лассуеэллдің (1902-1978) өзінше жүйелеген БАҚ-тың негізгі қызметтеріне тоқталсақ: 1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату; 2) хабарларды «редакциялау», таңдау және түсінік беру;

3) қоғамдық пікір қалыптастыру; 4) мәдениетті тарату. Жоғарыда айтылғандардың қатарына бесінші етіп оның қоғамды саясаттандыруы мен бұқара халықты саяси ағартушылығын қосуға болар еді. Тележурналистика азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Осындай негізгі қызметтері арқылы Үкіметтің, парламенттің, партиялар мен қозғалыстардың іс-әрекеттері, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы пікір, көзқарас қалыптастырады. Ғалым, зерттеуші М. Барманқұлов ақпарат пен саясаткердің имиджі туралы «Журналистердің айтуы бойынша, олардың негізгі мақсаты - шынайы ақпарат жеткізу. Саясаткерлердің ойынша, журналистика дегеніміз-ақпарат. Ал ол ақпарат олардың бейнесін жақсы жағынан көрсету болып табылады деп есептейді. Олардың шынайы бейнесін емес, аудитория алдында тартымды етіп көрсету. Бұл дегеніміз театр ғой »-деп жазады. Зерттеуші ғалымның бұл пікірін құптай отырып, қазіргі қоғамда тележурналистика кімге қызмет етеді деген сұраққа бүгінгі дық жұмысымызда жауап беруге талпындық. Сондықтан саяси журналистиканың өзімізге ғана мәлім қырларын қарастырғанда, бұл мәселе зайырлы, құқықтық мемлекетіміз бен демократиялық қоғам үшін өзекті әрі көкейкесті.

Қазіргі қоғамда саясатты-телевизиясыз, телевизияны-саясатсыз елестету мүмкін емес. Өйткені бұқаралық коммуникацияның құдіреті саналатын телевизиясыз қандай белсенді саяси партия болсын өз идеясына қолдау таппауы мүмкін. Әлемді билеп отырған саясаткерлердің өздері бағынатындай, телевизияның құдіреті неде? Телевизияның баспасөз, радио сынды ақпарат құралдарымен салыстырғандағы басты ерекшелігі-бейнені көрсету мен оны бір уақытта түсіндіре білуінде, көрерменді оқиға ортасына «апаруы» мен адамның сезіміне тікелей әсер ете алу қабілетінде. Бір сөзбен айтқанда, «көгілдір экран көрерменге өз көзімен көргендей керемет әсер сыйлайды. Бұл өз кезегінде телеаудитория үшін «Мен көрдім. Яғни ол - шындық» деген психологиялық тоқтамға әкелетіні» даусыз . Украиналық социолог ғалым Георгий Почепцов жүргізген зерттеу бойынша, эфирден айтылған сөздердің тек он алты пайызы ғана көрермендер есінде қалса, визуалды түрде берілген мәліметтердің отыз төрт пайызының аудитория есінде сақталатыны анықталған. «Вербалды түрде, яғни ауызша айтылған ақпараттарды қайталау кезінде сауалнамаға қатысқандардың отыз екі пайызы қателессе, визуалды мәліметтерді айтып беру кезінде олардың тек он бес пайызы ғана дұрыс жауап бермеген. Телевизия мен радионың күш-қуат айырмашылығына келсек, аудитория радиодан естігендерінің жетпіс пайызын ұмытып қалатын болса, телеарнадан көргендерінің тек елу пайызын ғана естен шығарып алатындығы белгілі болды. Бұл телевизия-визиуалды логиканы алып келді деген сөз»\2\ Осы нақты дәлелдерден соң саясаттағылардың әлем телміріп отырған «көгілдір жәшікке» неліктен талпынатындығы айтпай-ақ түсінікті.

Адам, оның өмірін және бостандықтары мен құқықтарын мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде бағалап, оны заңдылық ретінде Ата заңымыздың алғашқы бабында бекіттік. Демократиялық қоғам азаматтарға өзінің саяси көзқарасы мен ой−пікірлерін еш бүкпесіз білдіру бостандығымен қатар ақпарат алу және оны тарату еркіндігін де сыйлайтындығымен ерекшеленеді. Ал «Ақпаратты бірінші білген адам әлемді билейді» деген қағида негізіне сүйенсек, ақпарат таратушы журналист қауымы үшін жауапкершіліктің жүгі ауыр. Журналистикадағы ақпарат ұғымының басты екі мағынасын Құдайберген Тұрсын былай қарастырған: «Біріншіден, журналистика аудиторияға жететін барлық мәліметтердің жиынтығы. Халықтың таным-түсінігін, ой-парасатын тереңдететін, ойлау қабілетін ұлғайтатын телерадио хабарлар мен газет-журнал, баспа жарияланымдарының бәрі де ақпарат ұғымының аясына қоныстайды. » \3, 39-б \

Ақпарат тек хабардың ғана сипаты емес, «хабар мен оны тұтынушының арасындағы қарым-қатынас сипаты». Өйткені тұтынушыға жеткен соң ғана хабар ақпаратты бөліп шығарады. \4, 94-б\ \ Оның шынайылығы мен дәлдігін сақтап, халыққа дәйекті жеткізу-журналистің міндеті. Алайда ақпараттағы оқиғаның өзектілігі мен оны таратудағы мақсат айқын болуы шарт. Ең әуелі көрермен деп аталатын халық аудиториясының ол ақпаратқа деген сұранысын анықтап алуымыз қажет. Осы тұрғыдан келгенде саяси журналистиканың қоғамға қажеттілігі туралы зерттеуімізді дық жұмысымыздың «Қазіргі саяси журналистиканың стратегиясы мен тактикасы» деп аталатын алғашқы тарауына арқау еттік. Сондықтан саяси процестердегі тележурналистиканың қызметі және саяси ақпарат немесе ақпарат берудегі саясаттың орны туралы ізденісімізді осы бірінші тарауда жүйеледік. Сондай-ақ аталған тарауда саяси билік пен журналистиканың қоғамдағы қызметтерін салыстырып, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін де сөз еттік. Ал «Қазақ саяси журналистиканың қалыптасуы және дамуы» деп аталатын екінші тарауда тәуелсіз Қазақстандағы саяси идеологияның иірімдері туралы айта келіп, қазақ телевизиясындағы алғашқы саяси хабарлардың басты мақсат-мүддесін талқылауды міндетімізге алдық.

Зерттеу барысында Қазақстанның ақпарат кеңістігінде өзіндік орны бар «Хабар», «Қазақстан», «КТК», «31арна», «Астана» т. б телеарналардан таралатын ақпараттық хабарларды жіті қадағалап көруге тура келді. «Айна-ақпарат», «Жеті күн», «Түйін сөз», «Информбюро», «Тұжырым», «Кім?», «Бетпе-бет», «Назар», «Күндерек» сияқты бағдарламалардың ақпарат берудегі ерекшеліктерін ескере отырып, аталған теле көрсетілімдердегі ақпараттық құндылыққа баға беруді «Қазіргі қазақ телевизиясындағы саяси журналистиканың пәрменділігі» атты үшінші тарауымыздың еншісіне қалдырдық.

Бітіру жұмысымызда біздің көздеген басты мақсатымыз қазіргі телевизиядағы саяси журналистиканың даму бағыттарын сараптау болмақ.

I тарау. Қазіргі саяси журналистиканың стратегиясы мен тактикасы

Журналистер өзіндік қолтаңбасымен «ақпаратты жеткізуді шеберлік деп қабылдайды. Бірақ оларға артылар жүк -ақпаратпен көрерменді хабардар ету ғана, оның міндетіне иландыру, нандыру жатпайтынын» \5, 43-б\ заңдылық деп қарауға тағы болмайды. Қазіргі қоғамдық өмірде «саясат» термині төмендегідей түсінік береді: Біріншіден, мемлекеттің қызметін, адамдардың үлкен топтарының (әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік) арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттеудегі мемлекеттік билік органдарының қызметін көрсетеді Осы қызметтердің бақылаушысы, әрі насихатшысы ретінде тележурналистикадағы саяси бағдарламалардың пішініне орай оқиға үш бағытта өрбиді. Егер саясаткер жаңалық жасаушы болса, ол теле студияға үлкен құрметпен шақырылатыны сөзсіз. Егер хабарға қатысушы тұлғаның саяси танымалдығы аз болса, «журналист тарапынан қозғалар тақырыптың ауқымы да тар деген сөз. Хабарға қатысушы тұлғаның ұстанымы, саяси көзқарасы телеарна басшылығының пікіріне қайшы келсе, ол саясаткерге бұл телеарнадан ешқашан да мінбер ұсынылмасы»\6, 54-б\ анық.

Саясат-қоғамдық сананың маңызды формасы, қоғам өміріндегі саяси процестердің түрлі формадағы көрінісі. Француз социологы Р. Ж. Шварценберг саяси журналистиканы: «Саяси ақпараттың берілу процесі мен саяси жүйенің түрлі элементтері арасындағы ақпараттың таралуы»- деп айқындайды. Осы тұрғыда Д. Макквейл БАҚ қызметтерінің саяси деңгейін былай қарастырады: 1) Ақпараттық: елдегі, әлемдегі болып жатқан оқиғаларды хабарлау, оған басқарушы топтың қарым-қатынасын белгілеу.

2) Корреляциондық: ақпаратты түсіндіру және талдау; әрекеттегі үкімет пен үстемдік етуші нормалардың қолдауын қамтамасыз ету; әлеуметтендіру; жекелеген субъектілердің күшін үйлестіру; 3) Континутивтік: басым мәдениетті транслияциялау, әлеуметтік құндылықтырды қолдау; 4) Көңіл көтерушілік: көңіл көтеру құралдарын қамтамасыз ету, әлеуметтік ауыртпалықты жеңілдету.

Вашингтондағы Американ университетінің журнализм профессоры, доктор Лэйрд Андерсон АҚШ БАҚ−ң функцияларын бес бағыт бойынша атап көрсетеді. «Біріншіден, елді ақпаратпен қамтамасыз ету, екіншіден талдап, сараптау жасап түсіндіру, үшіншіден көңіл көтеру, төртіншіден философиялық ой тастап, эстетикалық тәрбие беру, бесіншіден экономикалық миссия, яңни жарнама арқылы халыққа қызмет көрсету»\7, 85-б\

«Функция−латынның funetio яғни «жасау, орындау, қызметтің мақсаты, міндеті» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Болгарлық ғалым Вл. Симеонов «БАҚ-хабарлау, жарнамалық, ағартушылық, ұстаздық, эстетикалық, басқарушылық, қарым−қатынастық, бұқаралық пікір қалыптастыру т. с. с функциялар атқарады»\8, стр14\−десе, Ғалым Г. И. Хмара журналистика−ақпарат тарату, ағартушылық, тәрбиелік, басқарушылық, көңіл көтеру (гедонизм) қызметтерін атқарады \9\ деп анықтайды.

Билік органдарымен БАҚ арасындағы өзара байланыс қоғамдық қатынастардың аса күрделі салаларының бірі. Оның үстіне қазіргі заманғы жаһандану мен ақпараттар үрдістері БАҚ-ның беделін едәуір көтеретіні шындық. Соңғы жылдары БАҚ әсіресе, телевизия қоғам және мемлекет туралы ақпараттың негізгі көзіне айналды. Мұны мемлекеттік билік органдары өз қызметінде ерекше сезінеді және оған обьективті түрде мүдделі. Бұл мәселенің бірнеше қыры бар. Біріншіден, бүгінде БАҚ-сыз еліміздегі қоғамдық-саяси жүйенің қалыпты қызмет жасауы мүмкін емес. Екіншіден, олар қоғамның демократиялық жолмен дамуының аса маңызды құралы болып табылады. Үшіншіден, демократия мен азаматтық қоғамның әлеуметтік үрдісінде дамуы тележурналистикада кең құқықтық өріс алып, қызмет жүйесін заңмен реттеуге мүмкіндік берді. Саяси жүйенің барлық элементтері қызметіне әсер отырып, тележурналистика олардың іс қимылына жаңалықтар әкеліп, серпінділік береді, жан бітіреді, әлеуметтік топтың мүддесімен байланыстырады. Мысалы, саяси партиялардың танымалдылығы, бұқаралығы, беделі және ықпалдылығы бүгінде олардың өз мақсаттарына эфир мүмкіндігін пайдалану деңгейіне байланысты десек қателеспейміз.

Мәселен, «Нұр-Отан» Халықтық демократиялық партиясының өз бағдарламалары негізінде жүргізген іс-шаралары «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жаңалықтар топтамасынан тыс қалған емес. Аталған партияның республикалық деңгейдегі ғана емес қала, аудан көлемінде ұйымдастырған жиындарына дейін «жіті бақылап», оған журналист арнайы репортаж жасап, хабардар етсе, мұны тележурналистиканың насихатшылық қызметі деп анықтама береміз.

Журналист, әрі ғалым Н. Омашев хабар таратудың сан қырлы міндеттерін үшке топтастырады:

«1) Ақпараттық; 2) Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті (интеграциялық міндет, қоғамдық пікірді жеткізу мен қалыптастыру, қарым-қатынас, тәрбие, үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық функциялары) ; 3) Мәдени-ағартушылық міндеттері: эстетикалық, ағартушылық және ойын-сауықтық функциялары». \10, 25б\

Тележурналистика « . . . саясаттың субъектісі ретінде саяси сана мен қоғамның саяси мәдениетін қалыптастырады» \11, стр 56. \ Саяси қатынастарды бейнелеп, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік түсініктер, көзқарастар жиынтығы саяси идеологияның маңызды қызметтері: идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді. Екінші, бағдарламалық қызметі, ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т. с. с түсініктер туралы мағлұмат беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді. Ал жұмылдыру, іске тарту қызметі қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, қоғамдығ әлеуметтік топтарды бір іске жұмылдырады, рухтандырады. Саяси идеологиягның төртінші қызметі амортизациялық деп аталады. Бұл саяси іс-әрекетті (түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Бесінші, бағалау қызметі; идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берелік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады. Саяси идеология тележурналистикамен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Демократиялық қоғамда тележурналистика қоғамлық пікірлермен қатар заңға сүйенеді. Олар өздері журналистік тергеу жүргізе алады. Тергеу қорытындылары жарық көргеннен кейін маңызды саяси шешімдер қабылданады. Саяси оқиғаларды шынайы бейнелеу, тарату мемлекеттің тұрақтылығын арттырады. Қоғамды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Телевизия әр түрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Олар азаматтардың саяси сауатын көтеруі, өзінің адамгершілігін сезінуі, абыройын жоғары ұстау, еркіндікке, әлеуметтік әділдікке ұмтылыс, саяси процеске салауатты, білікті қатынасуға мүмкіндік жасайды. Тележурналистиканың рөлі Президент, парламент сайлаулары кезінде, әсіресе, артады. Олар үгіт-насихат, жарнама т. б арқылы саяси серкелер туралы кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін (имиджін) жасайды. Мұнда да саяси басшыны қай қырынан көрсетіп, оған қаншалықты уақыт бөлудің де маңызы зор. Сондықтан демократиялық қоғамда мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмаудың өз жолдарын іздейді. Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар.

Тележурналистикада ақпараттық хабар-ең өнімді жанр. Қоғамдық-саяси мазмұнына сай әркімге ең жақын әрі тартымды жанр болып табылатындықтан электронды ақпарат құралдары одан тыс болуы мүмкін емес.

Теле эфирдегі насихаттық міндет көбінесе, «қоғамдық-саяси ақпаратқа және П. Лайнбарджер «Насихаттың бірінші қаруы»деп баға берген жаңалықтар қызметіне» жүктеледі. \ 12, стр55 \

«Хабар» арнасының 6 маусым (2007жыл) күні кешкі жаңалықтарда \ сағ. 20. 17-20. 20 аралығы \ «Нұр-Отан» ХДП-ның Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында өткізген конференциясы туралы 3 минуттық сюжетті репортаж халыққа ұсынылды. Оқиғаны түсіндіріп, оның шынайы бояуын көрсету үшін эфирде уақыттың құнды және оны ұтымды пайдалану үлкен шеберлік екенін білеміз. Алайда, саяси журналистикада тақырыптың өзектілігінен де жоғары тұратын мақсаттар болатыны түсінікті.

«Белгілі бір тақырып бойынша көрсетілім жасау дегеніміз айтуға оңай болғанымен іс жүзінде өте күрделі іс. Ол үшін журналист, публицист өзіне жоғары талап қоя білуі керек, өзін қатаң тәртіпке бағындыруға тырысуы қажет. Тақырып дегеніміз журналистің тәжірибесінен туындайтын, оны таңдап алу талғамы арқылы анықталатын өмірдің өз өнімі. »\13, 230 б\

Тақырыптың таңдалуы-редакцияның тапсырысы мен журналистің мамандануына қатысты болатын тұстары бар. Сондықтан тақырып деген ұғымға журналистің субъективтік мінезі ықпал етпей тұрмайды. Тақырыпқа талғампаздықпен қараудың да бірнеше шарттары бар: Журналист таңдаған тақырыбын жетік танып, игеруі керек, оны көрерменнің ұғымынан әлдеқайда артық, терең біліп пайымдауға міндетті. Екіншіден, тақырып, сол кезеңдегі міндет-мақсатқа сай келіп, көрерменнің сұранысы мен қажеттілігін өтейтін деңгейде болуы шарт. Қоғамдық қозғалыстың жаңа кезеңдерін журналист өзгелерден бұрын сезінуге тиіс. Ең маңызды, өткір мәселені дұрыс таңдап алудан тақырыптың тағдыры шешілмек. Ол үшін ізденіс керек екенін айтудың өзі артық. Тақырып дегеніміз, сайып келгенде, көрсетілім жасаудың негізгі себебі.

Зерттеу тақырыбымыздың нысаны болған саясат субъектілеріне жеке адам, индивид, әлеуметтік топтар, мемлекеттік билік және саяси элитаны топтастырып, билік ұғымына анықтама берсек, « . . . билікті адамдар қауымдастығына тұтастықты сақтау үшін оның құрылымдық элементтеріне мақсатты әсерін тигізетін белсенді, жігерлі бастама ретінде, осы қауымдастықтың ішкі және сыртқы проблемаларын шешуге бағытталған ұйымдастырушы әрекет ретінде де» сипаттауға болады. \14, 65-б\

Саяси биліктің қызметтерін саяси журналистиканың қоғамдық идеологиялық, насихатшылдық қызметтерімен салыстыра қарауымызға болады. Қоғамда ұйымдастырушылық, идеологиялық, мәжбүрлеу, көндіру, келісім қызметі, басқару қызметтерімен мәртебесі биік саналатын билік тәжірибесінде «фактіні жеткізетін бірнеше қысқа сөйлем аудиторияның эмоциясын тудырып, бірнеше минут уақыттың ішінде көрерменнің өз пікірі қалыптасып үлгеретіні» дәлелденген. Саяси ақпарат таратушы төмендегі мәселелерің шешімін табуы қажет: «Халық ақпаратты шынайы, қаз қалпында қабылдай ала ма? Дерек және ой пікірді, комментарийді тең деңгейде түсіне ме? Жасаған қорытынды, айрықша дерек, оның себептерінің ықпалы бола ма? Нәтижесінде ақпарат қабылдаушының обьективтік жағдай туралы түсінігінде қандай ілгерілеушілік болады?»

Қазіргі ұлттық атқарып отырған функциялары мен қоғамдық қажеттігін, талаптарына қарап, басты принциптерді жүйелесек, (Принцип-латынның-principium-негіз, бастау деген сөзінен шыққан. Өзара ұқсас бірнеше мағынамен қоғамдық- саяси салада кеңінен қолданылады) :

  1. Шынайылық. 2. Жеделдік. 3. Ашық жариялылық. 4. Плюралистік (көп жариялылық) . 5. Бұқарашылдық 6. Тепе -теңдікті сақтау:

Демократиялық қоғамдағы ақпарат құралдарының функцияларын белгілі журналист, ғалым Қ. Шамақайұлы \15, 101-102 бб\былай жіктейді: «Бірінші, ақпарат тарату, екінші, танымдық, үшінші, ұйымдастырушылық, төртіншіден басқару құралы (бақылау, жасау арқылы), бесіншіден, қарым-қатынастық, алтыншы, көңіл көтеру (эстетикалық тәрбие) ». Француз ғалымы Б. Вуайеннің «Қоғамдағы топтар материалдық байлықты өзара айырбастамай тұра алмайды. Сол сияқты көзқарастар, көңіл-күй ауаны, ақпараттар да өзара алмастырылмаса, қоғамдағы байланыс үзіледі. Топтардың және қоғам мүшелерінің ортақ мүдделері жойылады»-деген сөзі ақпарат таратудың қаншалықты маңызды екендігін айғақтай түседі.

Негізінде тележурналистиканы қоғамдық бақылаушы ретінде бағалап, Ахмет Байтұрсынұлының «газет халықтың көзі, құлағы» деп өткен ғасырдың басында айтып кеткен сөзіне келіп тоқтаймыз. Еуропадағы Адам құқығы жөніндегі сотының анықтауынша, азаматтық журналистика дегеніміз- «демократиялық прогрестің қозғаушы күші, қорғаушысы, эксперті және «бұқаралық күзетшісі» екен.

Ендеше осыдан келіп, «төртінші билік» пен басқарушы, атқарушы, сот биліктерінің арасындағы қарым-қатынас мәселесі туындайды. Онда шешімін күткен мәселелердің бар екендігін зерттеушілер мойындаған. Осыларға жеке жеке тоқталсақ, төмендегідей:

Тележурналистика әр түрлі топтардың қоғамдық мүдделерін білдіреді. Сондықтан журналистика өз билігін көптің атынан әр түрлі мүдделер мен позицияларды білдіру жолымен жүзеге асырады. Кейде телеарналар арасында түсінбеушіліктер, қайшылықтар туындайды да олар қоғамдағы түрлі топтардың жақтастарына айналып, жіктеледі. Сондай-ақ, қоғамдағы журналистиканың мүмкіндігін пайдалана алмайтын белгілі топтар да болады. Оның қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік жақтарын айтпағанның өзінде әкімшілік, билік иелері тарапынан шектеулер қойылып жатпасына кепілдік жоқ. Биліктің құқығы мен заңдылықтарын, оның нормасын қалай түсінеміз, қалай пайдалана білеміз деген мәселе тағы бар.

Саяси элитаның маңызды рөлі оның лидерлік функцияны атқаруында жатыр. Өзінің әлеуметтік мәртебесі бойынша, шығармашылық әлеуетінің болуы арқылы, ол өзіне саяси бастаманы алуға, мақсатты қағидаларды жасақтауға және саяси процесті қажетті арнаға бағыттауға қабілетті. КСРО-ның саяси элитасы-КОКП партократиясының әміршіл-әкімшіл жүйенің дамуының нәтижесінде қалыптасқандығы белгілі. Бұл басқару қызметінің тәжірибесін жетік меңгерген саяси бастамашыл әлеуметтік топ болды және осы топтан ТМД елдерін жаңа экономикалық және саяси құрылым жолына түсіріп, экономикалық реформаларды және қоғамдық өмірдің демократиялануын жүзеге асырған саяси элитаның өзегін құраған шағын топ бөлініп шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистика «Хабаршысының» ғылыми кадрларды даярлаудағы рөлі
Баспасөз тарихын зерттеудiң ғылыми-методологиялық негiздерi
Әлем журналистикасының тарихы
Интернет журналистиканың жанрлары
Түркия журналистикасы
Публицистика – сөз өнерінің бір саласы
ҚАЗАҚ СПОРТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ РӨЛІ
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Бұқаралық ақпарат құралдарының аудиториясына салалық анализ жүргізу
Қазақ тілді интернет-журналистика: бүгінгі жағдайы мен болашақ дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz