Дүниетану сабақтарында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ1

1 ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП5

ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ5

Экологиялық білім теориясының негіздері5

2 Азаматтардың:15

1. 2 Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде экологиялық білімді16

қалыптастырудың зерттелуі16

Бастауыш мектепте экологиялық білімді қалыптастыру ерекшеліктері20

2 ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА25

ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ25

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ25

2. 1 Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерекшеліктері25

2. 2 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту - педагогикалық технология32

ҚОРЫТЫНДЫ46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР48

КІРІСПЕ

Әлемдік өркениетке ұмтылған жас мемлекетіміздің білім жүйесі жаңаша заманның қажеттіліктері мен сұраныстарына, талабына сай болуы тиіс. Өмірге еніп жатқан нарық қатынастары жағдайында, түрлі мемлекеттік, жеке ортақ меншік түрлері тұсында өз ерекшеліктерімізге сәйкес дами отырып, дүние жүзілік білім кеңістігіне ұмтылудамыз. Мұндай жағдайда бұрынғы сүрлеумен жүру мүмкін емес. Демек, жаңаша жол іздеу арқылы ел егемендігіне сәйкес білім саясатын қалыптастыруға мүдделіміз. Мұндағы негізгі мақсат оқу үрдісін ізгілендіру, өзгерту болып отыр. Соған сәйкес жалпы білім беретін мектеп туралы, ондағы оқу мазмұнын жаңарту туралы тұжырымдамалар дүниеге келді.

Бұл мәселені қазақ мектебіндегі білім мазмұны қазіргі талаптарға сай келетіндей, бірақ оқу жоспарын ауырлатпайтындай, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, оқушыға күш түсірмейтіндей етіп шешу қажет.

Сондықтан осы уақытқа дейін оқытылып келген «Айналамен таныстыру» және «Табиғаттану» пәндері жаңа пән «Дүниетанумен» ауыстырылды. Бұл пән үш үлкен блокты біріктіреді. Олар: «Адам», «Қоғам», «Табиғат» блоктары. Осы үш блоктың ішінде «Табиғат» блогына тоқталайық.

1-сыныпта бұл блок бойынша табиғат өзгерістері туралы жалпы түсінік беріледі. Осы кезде оқушыларға бірінші рет экологиялық білім беріледі. Дүниетану пәнінің бірден-бір міндеті: оқушылардың экологиялық мәдениеті мен экологиялық ойлау стилін тәрбиелеу.

Тақырыптың өзектілігі:

Қоғамның алдына қойып отырған өскелең экологиялық мәселелерді шешумен қатар, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы жас жеткіншектердің экологиялық білім беру мен тәрбиелеу сапасын жақсарту, білім деңгейін көтеру.

Білім беруде оқу үрдісін интенсивтендіру, оны ұйымдастыру неғұрлым тиімді жолдарды табуды талап етеді. Осыған орай оқытудың бірнеше түрі дүниеге келуде, соның кейбіріне тоқталып өтейік.

1 Дамыта оқыту. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді [] .

2 Сын тұрғысынан ойлау мен жазу. Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шындалған ойлау. Жас балалардың бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шындалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз [] .

Мектепке дейін кез-келген баланың оқуға, білуге деген талабы өте жоғары болады. Бұл таңқаларлық нәрсе, сол бала мектепке келген соң бұл әдетті қояды, өйткені мұнда мұғалім өзі баяндап, кейде тіпті өз сұрағына өзі жауап та береді. Бұл кезде балаға ойлануға рұқсат жоқ, ол тек дайын нәрсені жаттауға, есте сақтауға ғана машықтанады. Қазіргі кезде мектепке оқу материалын меңгеру үшін негізінен екі әдіс-еске сақтау және жаттығу ғана қолданылып жүр. Ендеше, қазіргі оқушы- мұғалімге интеллектуалды түрде тәуелді, тек соның қамқорлығымен ғана жұмыс істей алатын, өз бетінше шешім қабылдауы төмен жан иесі.

Ұлы ойшыл педагог Дистервегтің айтуынша «Нашар мұғалім ақиқаты анықтап жеткізе алады, ал жақсы мұғалім оны қалай табуды үйретеді». Осы айтылғандай, оқытуды ізгілендіру мұғалімнен өз бетімен жұмыс жасай алатын оқушыларды дайындауды талап етеді.

Қазіргі қолданылып жүрген оқыту әдістерінің тағы бір кемшілігі - ол сабақта берілген материалды оқушылардың меңгеру, игеру сапасын бақылау мүмкіндігінің жоқтығы.

Білім мазмұнын түбегейлі жаңартуда оны интеграциялау, жалпы алғанда, халыққа білім беру ісін түбегейлі қайта құру керек екендігін дәлелдедік, бұған қоса қайта құруда оқытудың жаңа технологияларын іске асыру керек.

Осы орайда жұмысымызға төмендегідей мақсат қойдық.

Зерттеу мақсаты:

Дүниетану пәнінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану арқылы бастауыш сынып оқушыларының экологиялық білімдерін дамыту.

Зерттеу нысанасы:

Дүниетану сабақтарындағы экологиялық білімді дамытуда жаңа технологияларды оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні:

Экологиялық білім беру үлгісінде оқушылардың және мұғалімнің іс-әрекеті.

Зерттеудің міндеттері:

- теориялық, педагогикалық зерттеулерге сүйене отырып, «Жаңа технология» ұғымының мән-мағынасын анықтау, ерекшеліктерін, негізгі қағидаларын ашып көрсету;

- оқытудың жаңа технологияларын зерттеу, оқып талдау;

- оқытудың жаңа технологиялары арқылы оқушылардың экологиялық ойлауын, табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын, табиғат-ананы қорғау, аялау туралы түсініктерін қалыптастыру;

- оқытудың жаңа технологияларын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану;

- оқытудың жаңа технологиялары арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау, тіл байлықтарын, сөздік қорын, шығармашылығын дамыту.

Зерттеу әдістері:

- педагогика, психология, дүниетану әдістемесі бойынша оқулықтарды, монографияларды оқып, зерттеп, талдау;

- «Бастауыш мектеп», «Начальная школа», «Қазақстан мектебі» журналдары, «Қазақстан мұғалімі» газеті арқылы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерімен танысу;

  • тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысу, пікір алысу;
  • эксперимент жұмысын өткізу, нәтижесін қорытындылау.

Зерттеу болжамы:

Егер мұғалім дүниетану пәнінде оқытудың жаңа технологияларын пайдаланса, онда оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік қорлары, таным-қызығушылығы және топпен жұмыс істей отырып достарының алдында жауапкершілік сезімдері артып, көпшілік арасында сөйлеуге, өз ойын ортаға салуға, айтылған пікірлерді тыңдай білуге, біреудің сөзін бөлмеуге үйренер еді.

Зерттеу жұмысы: кіріспеден, екі тараудан, әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі 50 бет.

1 ДҮНИЕТАНУ САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП

ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Экологиялық білім теориясының негіздері

Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған келелі де күрделі міндеттердің бірі өзіміз өмір сүріп, күнделікті тіршілік қажетімізге пайдаланып отырған табиғатты қорғау және оның сан-алуан байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр.

Жер бетіндегі бейбітшілікті сақтаудың өзі тікелей табиғат қорғау және оны көркейту мәселесімен тығыз байланысты, сол себептен де мемлекеттер арасындағы жүргізіліп жатқан келіссөздерге бұл проблема өткір қойылып, күн тәртібінен түсіп көрген жоқ.

Біздің елімізде табиғат қорғау ісіне мемлекет тұрғысынан өте үлкен мән беріледі. 1988 жылы 17 қаңтарда қабылданған «Елде табиғат қорғау ісін түбегейлі қайта құру туралы» қаулы соның айқын дәлелі болып табылады.

Онда «Жер бетіндегі экологиялық қауіпсіздік жолындағы күрес адамдардың ең жауапты, ізгі міндеттерінің бірі деп қарастырылуға тиіс» - деп айрықша атап көрсетілген. Сонымен «экология» дегеніміз - гректің үй, ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай-күйін бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз [] . «Экология негіздері» атты әдебиетте «экология» сөзіне мынадай анықтама берілген: «экология» - тірі организмдердің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым [] .

«Экология» ұғымы үлкен теориялық және практикалық маңыз алған ғылым саласы. Былайша айтқанда, экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми теориялық негізі. Демек, ол оқушыларға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады.

Табиғат - сұлулықтың өмірбақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан ол бәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі болып саналады. Баланың бойына игілік пен ізгілікті дарытушы табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу туралы ғұлама ғалым К. Д. Ушинскийдің «Табиғат дауыс-дыбысын, үнін ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл қойып тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды» дегеніне құлақ асатын мерзім әлдеқашан жетті.

Соңғы жылдары өнеркәсіптің өркендеу, ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы, халық санының арта түсуі, адамның өзінің практикалық қызметінде ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін молынан пайдалануы табиғатқа, оның жеке байлықтарына кей жағдайда зиянды әсерін де тигізіп отырғаны заңды түрде әлем халықтарын қатты алаңдатуда.

Табиғат және адам деген ұғым бүгін де бір-бірінен ажырамастай мағынаға ие болған. Оның маңызы адамның бар қажетін табиғаттан алуынан ғана емес, сондай-ақ адам да табиғаттың бір буыны болып есептелетіндігінен арта түседі.

Біздің ғасыр - ғылыми-техникалық прогрестің барынша дамып, өркендеген ғасыры. Мұнда қоғамның қоршаған ортаға ықпалы орасан зор. Қазіргі цивилизация табиғаттың байлығы шексіз, оны бағындыру керек деген ұғымнан, оның да шегі бар, бұл байлықты ұқыптылықпен, келешекке ой жүгірте отырып, тиімділікпен пайдалану керек деген принципке қарай бет бұрған. Мұндай ізгі қорытынды жасау кездейсоқ емес, ол қоғамның табиғатқа тигізген кейбір ықпалының орны толмас зардаптарының нәтижесінде өмірге келді. Қоғам және адам өткеннің сабақтарынан қорытынды жасап, келешекке ой тастады, келешек ұрпақтың да тіршілік бесігі - табиғат байлығын пайдаланып, игілігін көруіне қамқорлық көрсетуде [] .

Бүгінгі күннің нағыз актуалды тақырыптарының бірі - табиғатты қорғау мәселесі, ол баршаның төл ісіне айналды. Бұл мәселенің құндылығын өмірдің өзі алға қойып отыр. Қоғамның қазіргі кезде техникамен жарақтану дәрежесі оның қоршаған ортаға әсерін ғаламат өзгертіп жіберді. Қуатты техниканың табиғи процестерді, жер қыртысын, атмосфера мен гидросфераны, сондай-ақ биосфераны танымастай өзгертуге мүмкіндігі бар. Сондықтан да табиғатты қорғау мәселесіне тиісінше мән бермеу, оған нұқсан келтірудің кез-келген көрінісіне немқұрайлы қараушылық өкінішті зардаптарға ұшыратуы мүмкін. Туған өлке табиғатын қорғауға жеткілікті көңіл бөлмеудің нәтижесінде планетамыздың кейбір жерлерінде азық-түлік, тұщы су тапшылығы болып, ауаның, судың ластануы орын алуда, топырақ эрозияға ұшырап, құнарлылығын кемітуде.

Планетамыздағы байлық атаулының ең маңыздысы да, құдіреттісі де - жер. Оның бетіндегі бүкіл тіршілік жерден қуат, нәр алады. Ендеше, жер - тіршіліктің бастауы.

Жер, ғылым тілімен дәлірек айтсақ, топырақ дегеніміз - бойында құнарлылық қасиеті бар, жер қыртысының ең үстінгі қабаты болып саналады. Ол планетамыздағы барлық материалдық игіліктің қайнар көзі. Біздің алуан түрлі азық-түліктеріміз бен киімдеріміз, жануарлар әлемінің бар азығы осы ортаның беретін өнімдері емес пе. Табиғаттың осынау бір аса маңызды туындысында орасан көп мөлшердегі өсімдіктер әлемі құлпырса, оның қойнауында сан миллиондаған микроорганизмдер тіршілік етеді.

Адам баласы қазіргі кезде көптеген заттарды қолдан жасай алады. Тіпті өсімдіктерді де топырақсыз ортада, қолдан өсіре алады. Ал топырақтың өзін жасау мүмкін болмайтын процесс. Сондықтан да топырақ табиғаттың еш нәрсемен алмастыруға келмейтін ресурсы ретінде белгілі. Ол топырақтану ғылымының негізін қалаған, орыстың атақты ғалымы В. В. Докучаевтың жазғанындай, «тас көмірден де қымбат, мұнайдан да қымбат, алтыннан да қымбат» туынды болып табылады. Ендеше, адамның сіңірген еңбегін еселеп қайтаратын жердің берерін тиімді пайдалануды, оның құнарлылығын арттырып отыруды естен шығармағанымыз жөн.

Ғылым мен техниканың барынша дамыған қазіргі кезеңінде адамның табиғатқа, оның топырақ жамылғысына әсері ғаламат өсіп отыр. Кен өндіру, ауыл шаруашылық және құрылыс жұмыстарының нәтижесінде едәуір территориялардың құнарлы топырағы бүлінуде. Мұндай жерлердің беткі құнарлы қабатын ұқыпты пайдаланбау салдарынан ол жерлер «жансыз алқап» болуда. Бұл секілді адамның шаруашылық қажетіне пайдалану үшін оларды «емдеп», қалпына келтіру қажет. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмысын ғылымда рекультивация деп атайды. Рекультивация нәтижесінде келбеті жасарып келе жатқан алқаптарды біздің республикамыздың кенді аймақтарынан кездестіруге болады. Бұл да адамның жерді күтіп ұстауға бағытталған қамқорлығының болашағы бар бір көрінісі деп айтуға болады.

Жер - баға жеткісіз халық байлығы. Оны барынша күтіп, құнарлылығын үнемі арттырып отыру - біздің маңызды міндеттеріміздің бірі.

Бар байлықтың анасы, бойында керемет ғажап күш бар жер - ана қашан да азбай, әр уақытта жасара түсуі тиіс. Оның бойындағы бар құдіретін халық игілігіне пайдалану үшін барынша және жан-жақты қамқорлық жасап отыру - игілікті де абыройлы міндет [] .

Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрі де дүниедегі ең асыл да бағалы зат - судың қатысуымен орындалады. Судың барлық тірі организмнің құрамдас бөлігі бола отырып, тұрмыста алуан түрлі процестерге қатысады. Тіпті тіршіліктің өзі алғаш рет суда пайда болып, суда дамығандығы белгілі.

Су дегеніміз - тіршілік, тіршілік дегеніміз - су десек артық айтпаған болар едік, өйткені алғашқы тіршіліктің өзі суда пайда болған ғой. Демек, су - тіршілік бесігі.

Тіршілік нәрі - су біздің республика үшін ерекше актуалды маңызға ие. Өйткені Қазақстан суға кедей республикалардың бірі болып саналады. Мәселен, республиканың су кадастрінде 2174 өзеннің сипаттамасы болса, оның төртеуінің ғана ұзындығы мың километрден асады. Олар: Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық өзендері. Республикада өзен торының жеткіліксіз таралуымен қоса, олар территория бойынша әркелкі орналасқан. Қазақстандағы 40 мыңға жуық көлдердің 90 проценті өте ұсақ көлдер, тіпті кейбіреулері күзге қарай тартылып қалатындығын түсіну қиын емес. Оның үстіне барлық көлдердің үштен бірі Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Республиканың аса ірі көлдері - Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш, Алакөл, Теңіз, Сасықкөлдің шаруашылық маңыздылығы ерекше екендігін атап көрсету қажет.

Өлкемізде көптеген жылдар бойы ағып жатқан мөлдір сулы өзендер мен көлдер, бұлақтар тағдыры неліктен бүгінде бізді ойлануға мәжбүр етеді? Себебі біз бүгінде ешқашан болып көрмеген өнеркәсіп орындарына, ауыл шаруашылығына, ғылым мен техникаға ие болып отырмыз. Бұл салалардың қайсысы болмасын, қаншалық дәрежеде тиімді қызмет атқарса да қоршаған ортаға пайдаланылған заттарды бөліп шығаратындығы ақиқат. Онысыз прогресс жоқ, онысыз қоғам ілгері дамымайды. Әңгіме осы қалдықтардың зиянын мүмкіндігінше аз, мүмкіндігінше оларды қайта өңдеп, қоршаған ортаға зиянсыз етуде болып отыр. Мәселен, халық шаруашылығының көптеген кәсіпорындары өндіріс процестерін жүзеге асыру барысында өзен, көлдерге көптеген мөлшердегі пайдаланылған суды ағызады. Осы кезге дейін өзен, көл сулары өндіріс қалдықтарынан өздігінен тазару қабілетін сақтап келді, өйткені судың бойына табиғат аса бір зор күш - судың өздігінен тазару күшін дарытқан. Бұл процесте суға «жәрдемдесушілер» - ондағы микроорганизмдер, өсімдіктер мен алуан түрлі жәндіктер ерекше зор қызмет атқарады. Алайда қандай нәрсенің болса да белгілі бір шегі бар. Қазіргі өндірістің пайдаланылған суларындағы зиянды заттар мен олардың зиянды әсері өзен, көл суларының бұл қабілетінен асып түскенде, судың өздігінен тазару процесі тежеледі.

Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы мен транспорттың барынша өркендеуі, қазіргі адам тұрмысына судың қай кездегіден болса да көп пайдаланылуы жер бетіндегі бар байлықтың аса маңызды түрі - суды тиімді пайдалану, су көздерін таза ұстау, олардың ластануына жол бермеу - бүгінгі күннің негізгі проблемаларының бірі болып келеді.

Адамға табиғат берген байлықтың бірі - атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамып келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.

Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында 35, 1 миллион теңгеге, Шымкенттің қорғасын зауытында 28 миллион теңгеге ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүргізілді. Қазірдің өзінде осы зауыттарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес қосуда. Шығыс машина жасау зауытында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шығаратын лас зиянды газдардың көлемін 1, 5-2 есе азайтуға мүмкіншілік туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту зауытында өндірістен шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.

Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды.

Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды шаңдар - 54, 2%, қорғасын - 68, 6%, күкірт ангидриді - 17, 2% азайды. Титан-магний комбинатында ауаға шығатын хлордың мөлшері 1, 8 есе қысқартылды.

Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлық мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде.

Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді, көмірқышқыл газы, азоттың қосоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр.

Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Қазір республикада сағатына 19 миллион текше метр шаңды сорып алатын жаңа қондырғылар іске қосылды [] .

Экологиялық шамадан тыс ластануы әсіресе біздің Отанымыз Қазақстанда басты орын алады. Кең байтақ еліміздің шығыс аумағында орналасқан Шығыс Қазақстан облысының өскелең ұрпақтың дұрыс жетілуіне кері ықпалын молынан тигізуде. Өлім-жітім, көбейген әр түрлі сырқат түрлері молайған.

Қазақстандағы ең лас қалалардың бірі - Өскемен қаласы, дүние жүзі бойынша алғашқы ондыққа кіреді. Осы жерде алып кәсіпорындар металл өндіретін кәсіпорын, кен игеру өндірістері, бұлардың технологиялары ескіріп, қайта жаңа технологияның жоқтығынан, атмосфераға, ауаға, суға, жан-жануарларға және адамдарға жағымсыз ықпалын тигізеді.

Өндірістен бөлініп шыққан зиянды заттар (шаң, улы газдар және тағы басқалар) 20-30 километр одан да алыс қашықтыққа таралады.

Елді-мекендер мен Өскемен қаласында транспорт құралдарының саны жылдан жылға артуда. Соның салдарынан, әрине бірінші кезекте ірі-ірі зауыттар мен фабрикалардың әсерінен ауа ластануда. Зауыттар мен фабрикалар болмаса біздің экономикамыз көтерілмес еді, бірақ оның зияны да кем емес. Сондықтан да олардан зиянды улы заттар бөлініп шығуын тоқтату керек. Және де айтпай кетуге болмайды, су қоймаларының (Ертіс, Үлбі, Бұқтырма тағы басқа өзен сулар) өндірістердің улы қалдықтарының түсуі, және де химикаттар, тұрмыстық кір жуғыш заттар және ауыр металдармен ластануы көкейтесті проблема болып отыр.

Осы мәселелерге байланысты мынадай экологиялық мәселелерді шешу жолдарын атап өтейік.

  1. экологиялық-құқықтық дүниетанымға жаңа көзқарас қалыптастыру;
  2. табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғауға байланысты

қаржыландыруды, қанша қаражатын қажетімен жұмсауды жоғары дәрежеге қою;

  1. халықты табиғатты қорғау жұмыстарына шығару;
  2. экологиялық тәрбие мамандарды дайындау;
  3. халықты медициналық-санитарлық қамтамасыздандыруды

жетілдіру, жаңғыртуды талап етеді;

  1. автокөліктердің барлық әсерін техникалық бақылаудан өткізіп,

тексеру керек;

  1. пайдаланған суларды Ертіске немесе басқа өзендерге жібермес

бұрын, тазартудан өткізу қажет;

  1. кәсіпорындар мен өндірістердің технологиясын қайта жаңғыртып

немесе ауаға шығатын улы заттарды сүзгіден өткізетін құрылғы орнату керек;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану сабағында АКТ қамтудың тиімділігі
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Оқытудың компьютерлік технологиясы
Дүниетану пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптар
Окушыларды сабаққа даярлау
Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Дүниетану сабақтарында дамыта оқытудың практикалық аспектілері
Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаттарын дүниетану және жаратылыстану пәндерінде қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz