Қаржылық талдаудың пәні, мазмұны және міндеттері



КІРІСПЕ
1. ҚАРЖЫЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ПӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
2. Ұйымның есеп саясаты
3. Қаржы тұрақтылығын талдаудың мәні мен мақсаты.
4. Ұйымның тұрақты қаржысын талдау ( АҚ АТФ мысалында )
5. Ұйымның мүлігін талдау.
6. Ұйымның қаржылық ресурстарын талдау
7. Ұйымныңқаржылық тұрақтылығының бағасы.
8. Қаржы тұрақтылығын талдау коэфиценті
9. Қаржы тұрақтылығының талдау коэфицентінің әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі таңда Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдерінің арасындағы ең күшті жүйеге ие. Көптеген талдампаздардың айтуынша даму бойынша Ресей банк саласынан алдыңғы орында.
Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі.
Банк жұмысында ең үлкен рольді ақпарат құрайды. Дұрыс және толық ақпараттың мәні ішкі пайдаланушыларға және сыртқы, әғни тапсыпырыс берушілер үшін маңыздылығы өте жоғары. Дұрыс ақпарат көмегімен банк проблемасын көруге және оның пайда болуына баламалы әсер етуіне септігін тигізеді. Сондықтан талданатын ақпарат дұрыс және толық болуы қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикалық ақпараттық негізгі қоры болып есептелетін “ақпараттық экономикаға” ауысуы болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттық қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің “ҚР-ның ақпараттандыру заңын” қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез-келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда пайдаланып жүрген телекоммуникациалы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдындағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады.
1. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. - Казахстанская Правда, 11 октября 1997 года.
2. Конституция Республики Казахстан.- Алматы.-1995.
3. Мақышев С.Б. ''Комерциялық банктер операциялары'', Алматы: ФиС, 1996. – 5,3 б.б.
4. Лаврушина О.И. ''Банковские операции'', М.: Инфор М, Банковское дело, часть I, 1995.
5. Ширинская Е.Б. ''Операции комерческих банков'', М.: Финансы и Статистика, 1995.
6. Усоскин В.М. ''Современный коммерческий банк'', М.: Возраждение, 1994.
7. Қадырбаев А.Г. ''Финансовые услуги коммерческих банков РК(Регион. аспекты)'', Алматы: Банковская деятельность, 2003.
8. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. ''Бизнестегі ақпарат жүйелері'', Алматы: Ротапринт КазГАУ, 1994. – 6,6 б.б.
9. Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. ''Экономикадағы ақпарат жүйелері'', Алматы: НҰР, 2001. – 6. б.б.
10. Бралиева Н.Б., Байбөлекова Л.А., Балашов Қ.Т. ''Ақпараттық менеджмент негізі''.- Алматы: Экономика, 2001.- 5,8 б.б.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда Қазақстанның банктік жүйесі ТМД елдерінің арасындағы ең
күшті жүйеге ие. Көптеген талдампаздардың айтуынша даму бойынша Ресей банк
саласынан алдыңғы орында.
Қазақстанның банктік секторы өзінің тұрақтылығымен, екінші деңгейдегі
банктердің сенімділігімен ерекше көзге түседі.
Банк жұмысында ең үлкен рольді ақпарат құрайды. Дұрыс және толық
ақпараттың мәні ішкі пайдаланушыларға және сыртқы, әғни тапсыпырыс
берушілер үшін маңыздылығы өте жоғары. Дұрыс ақпарат көмегімен банк
проблемасын көруге және оның пайда болуына баламалы әсер етуіне септігін
тигізеді. Сондықтан талданатын ақпарат дұрыс және толық болуы қажет.
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен материалдық және шикізаттық қорларға
негізделген индустриалды экономикалық ақпараттық негізгі қоры болып
есептелетін “ақпараттық экономикаға” ауысуы болып отыр. Осы айтылып отырған
ақпараттық қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда.
Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің “ҚР-ның ақпараттандыру заңын”
қабылдағанын жатқызуға болады.
Кез-келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму
дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен,
біліктілігімен анықталады. Сондай-ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық
технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда пайдаланып
жүрген телекоммуникациалы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады
және де оның алдындағы уақыттарда дамуын болжайды. Әрине, бұл жағдайларда
ақпарат жүйелері экономикадағы басқарудың қажетті таптырмас құралына
айналады.
Қаржылық талдаудың пәні, мазмұны және міндеттері

Қазіргі заман жағдайларында ұйымның нақты қаржылық жағдайын дұрыс
анықтау шаруашылық субъектілерінің өздеріне ғана емес, сондай-ақ көптеген
акционерлер, әсіресе – болашақ потенциалдық инвесторлар үшін орасан зор
мәнге ие. Әсіресе бүгін мемлекеттік емес көздерден ірі инвестициялар қажет.
Алайда, іскерліктің дамуына еркін қаражат қосқысы келетін және қоса
алатындар, ұйымдардың сенімділігі, қаржылық тұрақтылығына сенімді болуы
керек, шынымен де олардың дамуы нақты табыс әкелетініне көзі жетуі қажет.
Сондықтан да бүгінгі таңда ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдай білу мен
инфляция жағдайларын ескере отырып, олардың қаржылық жағдайларының
өзгеруіне негізді болжамдар жасай білу аса маңызды.
Ұйымның қаржылық жағдайы – бұл капиталдық айналым процесінде оның
жағдайын және шаруашылық субъектісінің белгілі уақыт кезінде өздігінен
дамуға қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.
Жабдықтаушы, өндірістік, өтімдік және қаржылық қызметінің барысында
капитал айналымының үздіксіз процесі жүреді, қаражат құрылымы мен оларды
қалыптастыру көздері, қаржылық ресурстардың қолда бары мен қажеттілігі және
соның салдарынан ұйымның қаржылық жағдайы, оның сыртқы көрінісі ретінде
төлем қабілеттігі өзгереді.
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз (дағдарыс алдындағы) және дағдарыста
болуы мүмкін. Ұйымның уақытылы төлем жасау, кеңейтілген негізде өз қызметін
қаржыландыру, болжанбаған шайқалыстарды өткізу және қолайсыз жәйттерде
өзінің төлем қабілеттілігін қолдау қабілеті оның тұрақты қаржылық жағдайы
туралы және керісіншесі де туралы куәландырады.
Ұйым қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, төлем қабілеттігін
сақтау мен өзіндік өндіріс жағдайын жасау мақсатында кірістің шығыстан
асуын тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін капиталдың иілгіш құрылымы болуы
қажет, оның қозғалысын ұйымдастыра білу керек.
Сондықтан, ұйымның қаржылық тұрақтылығы – бұл субъектінің қызмет ету
мен даму қабілеті, мүмкін деңгейіндегі тәукел шегінде оның тұрақты төлем
қабілеттілігі мен инвестициялық тартымдылғына кепіл болатын, ішкі және
сыртқы ортада өзгеріп отыратын өзінің активтері мен пассивтерінің тепе
теңдігін сақтау қабілеті.
Ұйымның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы ұйымның өндірістік,
коммерциялық және қаржылық қызметінің қорытындыларына байланысты. Егер
өндірістік және қаржылық жоспарлар табысты орындалса, онда бұл ұйымның
қаржы жағдайына жақсы әсер етеді. Керісінше, өнімді өндіру мен сату бойынша
жоспардың орындалмауы нәтижесінде, оның өзіндік құны өседі, табыс сомасы
азаяды және соның салдарынан ұйымның қаржылық жағдайы мен төлем
қабілеттілігі төмендейді. Сондықтан, тұрақты қаржылық жағдайы кездейсоқ
жәйт емес, ол ұйымның шаруашылық қызметінің қорытындыларын айқындайтын
барлық факторлар кешенін білікті, сауатты басқарудың нәтижесі.
Өз кезегінде тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуы
мен өндіріс қажеттіліктерін керекті ресурстармен қамтамасыз етуге жақсы
әсер етеді. Сондықтан қаржы қызметі шаруашылық қызметінің құрамдас бөлігі
ретінде ақша ресурстарын жоспарлы түрде түсуі мен жұмсалуын қамтамасыз
етуге, есептік дисциплинаның орындалуына, жеке және заемдік капиталдың
рационалдық прпорцияларына жетуі мен оның тиімді пайдалануға бағытталуы
тиіс.
Ұйымның қаржылық қызметінің басты мақсаты бір стратегиялық шешім –
кәсіпорын активтерінің ұлғаюына жинақталады. Ол үшін ол тұрақты түрде төлем
қабіліттігі мен рентабелдігін, сондай-ақ баланстың активі мен пассивінің
оптималдық құрылымын ұстап тұруы қажет.
Ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдаудың негізгі мәселелері мыналардан
тұрады:
1. Қаржы қызметіндегі кемшіліктерді уақытылы анықтау мен жою және
ұйымның қаржылық жағдайы мен оның төлем қабілеттілігін жақсартудың
резервтерін іздестіру.
2. Шаруашылық қызметінің нақты жағдайы мен жеке және заемдік
ресурстардың қолда барына қатысты болашақ қаржы нәтижелерін, экономикалық
рентабелдігін болжау, ресурстарды әр түрлі пайдалану варианттарында
қаржылық жағдайдың моделдерін әзірлеу.
3. Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мен ұйымның қаржылық жағдайын
нығайтуға бағытталған нақты іс-шараларды әзірлеу.
Қаржылық жағдайды талдаумен ұйымның басшылары мен тиісті қызметтер ғана
айналыспайды, сонымен бірге ресурстарды пайдаланудың тиімділігін зерттеу
мақсатында инвесторлар, несие беру жағдайларын бағалау мен тәуекел деңгейін
айқындау үшін – банктер, жеткізушілер – төлемдерді уақытылы алу үшін, салық
инспекциялары – қаражаттың бюджетке түсу жоспарының орындалуын қадағалау
үшін. Соған сәйкес талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі талдауды ұйым қызметтері жүргізеді және оның нәтижелері ұйым
қызметінің қаржылық жағдайын жоспарлау, бақылау және болжау үшін
пайдаланылады. Оның мақсаты – ақша қаражатын жоспарлы түрде түсуін
қамтамасыз ету және ұйымның жақсы қызмет етуі үшін жағдай тудыру, көп
табысқа қол жеткізу мен банкрот тәуекелін болдырмау үшін өзінің жеке және
заемдік қаражатын орналастыру.
Сыртқы талдауды инвесторлар, материалдық және қаржылық ресурстарды
жеткізушілер, бақылаушы органдар жарияланатын есептілік негізінде жүзеге
асырады. Оның мақсаты – мол табысқа қол жеткізуді және шығын тәуекелін
болдырмауды қамтамасыз ету үшін қаражатты тиімді орналастыру мүмкіндігін
белгілеу.
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау үшін негізгі ақпарат көзі –
бухгалтерлік баланс, кіріс пен шығыс туралы есептер, ақша қозғалысы туралы
есеп, баланстың жекелеген баптарын ашатын және бөлшектейтін бастапқы және
аналитикалық есеп мәліметтері.
Қаржылық есептер қаржылық мәліметтерді олардың экономикалық сипаттарына
сәйкес көлемді кластарға топтастыра отырып банк операцияларының қаржы
нәтижелерін көрсетеді. Бұл көлемді кластар қаржылық есептіліктің
элементтері деп аталады. Қаржы жағдайын бағалаумен тікелей байланысты
элементтер – ол активтер, міндеттемелер және жеке капитал болып табылады.
Кіріс пен шығыс туралы есептегі көрсеткіштерді өлшеумен байланысты
элементтер - кіріс пен шығыс болып табылады.
Бағалау – ақша сомаларын айқындау әдісі, ол бойынша активтер мен
міндеттемелер қаржы есептерінде танылып және ескерілуге тиісті. Қаржы
есептерінде бағалаудың әр түрлі деңгейдегі және түрлі үйлесімдердегі әр
түрлі негіздердің қатары пайдаланылады. Оларға бастапқы, дисконттелген,
ағымдағы және баланстық құн, сондай-ақ реализация құны кіреді.
Банктің қаржы есептілігі – банкте жүзеге асырылатын аналитикалық және
синтетикалық бухгалтерлік есептілік мәліметтерінің негізінде жасалады.
Қаржы есебін берудің нысандары “Банктердің қаржы есептілігі” БЕ
Қазақстандық стандарты – 21 сәйкес ҚР-ның Ұлттық Банкімен айқындалады.
Қаржы есептілігі өтімділік пен төлем қабілеттілігі, сондай-ақ банктің
талаптары мен міндеттемелеріне сай тәуекел деңгейіндегі пайдаланушылардың
мүдделерін қанағаттандыруға тиіс. Қаржы есептілігінің нысандары:
бухгалтерлік баланс, қаржы іс-әрекетінің қорытындылары туралы есептер,
капиталдағы өзгерістер туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп,
есептік саясат пен түсінік жазба.
Бағалы қағаздардың есепке алынуы мынадай категориялар бойынша
жүргізіледі: сатуға арналған бағалы қағаздар, сатуға жарамды қағаздар,
өтеуге дейін ұсталатын бекітілген кірісі, қазынашылық міндеттемелер,
өтімділігі жоғары бағалы қағаздар, сондай-ақ капиталға инвестициялар. Банк
бағалы қағаздарды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді, үлесті және борышты
бағалы қағаздар деп жіктейді. Бағалы қағаздар бойынша есептеулер мен
сыйақылар ай сайын есептеу әдісі бойынша айдың соңғы күні жасалады. Сатып
алынған бағалы қағаздар бойынша жеңілдік (сыйлықақы) амортизациясы олардың
иелігі кезеңі үшін бірегей жүзеге асырылады және сыйақы алумен байланысты
кіріс шоттарында көрінеді.

Ұйымның есеп саясаты
1- бухгалтерлік есеп стандартында есеп саясаты жинақталған
тәсілдер болып басқарушының қабылдайтын субъектілерін, олардың принциптері
негізіне сәйкес бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігінің ашылуына енгізу.
Есеп саясатының мақсаты болып: ұйымның бухгалтерлік есебінің шынайы
енгізілуіне қамтамасыз ететін әдістерді жасау; банктің қаржы-шаруашылық
қызметі жайлы толық және нақты ақпаратты құрумен қамтамасыз ету; бұл
ақпаратқа қызығушылық танытқан пайдаланушыларға қамтамасыз ету; ішкі
бақылау жүйесін жасау.
СБ Лариба банк ААҚ есеп саясаты директорлар кеңесімен белгіленеді.
Есеп саясатының жасалуы Қазақстандық есеп дүниежүзілік деңгей
стандарттарына және банк қызметінің ерекшелігі есебінде құрылады. СБ
Лариба банк ААҚ есеп саясаты келесідей есеп принциптері негізінде және
сапалы мінездеме аударымдары, олардың үздіксіздігі, анықтылығы,
қажеттілігі, шынайылығы, екіжақтылығы, алдын алушылығы, аяқталушылығы,
сәйкестілігі, жалғасымдылығы, дұрыс қаржы есептілігін көрсету негізінде
құрылған.
Қаржылық есеп беру банк операцияларының қаржылық қорытындысының
көрінісі, қаржы көрсеткіштерін олардың экономикалық сипаттамаларына сәйкес
кең кластарға топтастыруды көрсетеді. Бұл кеңауқымды кластар қаржы
есептілігінің элементтері болып аталады. Элементтер қаржы жағдайын
бағалаумен байланысты активтер болып сонымен қатар міндеттемелер мен
өзіндік капиталдар табылады. Есеп бердегі кіріс және шығыс көрсеткіштерін
өлшеуге байланысты элементтер болып кіріс және шығыс саналады.
Бағалау- ақша сапасын анықтайтын әдіс, ол арқылы қаржы есептілігінде
активтер мен міндеттемелер анықталуы және есептелуі керек.Қаржылық есеп
беруде әртүрлі деңгейде және әрбір сәйкестендірілуде әрқилы бағалау
негіздері қолданылады. Олар бастапқы ағымдағы және байланыстық бағасын,
сонымен қатар, сатып алу бағасын қосады.
Банктің қаржылық есеп беруі банкте жүргізілетін аналитикалық және
синтетикалық бухгалтерлік есептің көрсеткіштері негізінде құрылады.
Қаржылық есеп беру формаларын Қазақстан Республикалық Банкі Қазақстан
бухгалтерлік есеп стандартының-21 Банктердің қаржылық есеп беруіне
сәйкес анықталады. Қаржылық есеп беру қолданушылардың қызығушылығының
өтімділігіне қанағаттандырылуы керек, сонымен бірге төлем қабілеттілігі мен
тәуекелділік деңгейіне сай болуы тиіс. Қаржылық есеп беру формасы :
бухгалтерлік баланс, қаржы қызметі нәтижесінің есеп беруі, капитал
өзгерісіне есеп беру, ақша айналысына есеп беру, анықтама хаты және есеп
саясаты болып келеді.
Құнды қағаздар есебі келесідей категорияларға енгізіледі: сатуға
арналған құнды қағаздар, сатуға жарамды құнды қағаздар, қазыналық
міндеттемелер, жоғары ликвидті құнды қағаздар, сонымен бірге капиталға
арналған инвестициялар. Банк құнды қағаздарды келесідей топтамаларға, яғни
қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді, үлесті және борыштық құнды қағаздарға
бөледі. Құнды қағаздар бойынша аударымдар мен сияпаттар ай сайын аударым
әдісімен айдың соңғы жұмыс күнінде жүргізіледі. Амортизация шегерімі (
сыйақы ) сатып алынған құнды қағаздар бойынша, оларға иелік ету уақысында
бірқалыпты жүргізіледі және ол сияпат алуға байланысты кіріс шоттарында
көрінеді. Құнды қағаздар сатып алуға байланысты шығындар, құнды қағаздар
құнына жатқызылады.
Шетел валютасына есеп операциясы банк меншікті сатып алатын не
сататын болса, сонымен қатар қызметті шетел валютасымен жүргізсе, алатын
немесе несиеніұсынатын болса, депозиттерді шетел валютасы сомасымен
есептелсе, шетел валютасымен активтерді сатып алатын немесе сататын болса
яғни айырбастаса, операцияларды корреспонденттік шоттармен жасайды. Бірінші
баланс анықтамаларында шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер
теңгемен көрініс береді, ол нарықтағы курспен яғни жасалған операция
уақытысымен анықталады. Шетел валютасындағы ақша ставкалары келесі
кезеңдерде қайта бағаланады. Қайта бағалаудағы курстық айырмашылық шетел
валютасын қайта бағалаудағы кіріс пен шығыс ретінде анықталады.
Қарыз операциялар есебі жеке шот беттерінде жүргізіледі, ол әр қарыз
алушыға және жеке қарыз үшін ашылады. Қарыздың базалық бағасы, банктің
болжамдаған табысынан және ресурстар өзіндік құнын есептегенде, қарыз
жеделділігі, несиелік тәуекел деңгейі, қарызгердің төлем қабілеттілігі,
пайыз мөлшерлемесінің деңгейі және басқа факторларға байланысты
қалыптасады. Сыйақы мөлшерлемесі фиксирленген және қалқымалы болуы мүмкін.
Қарыз қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып сараланады.
Мүлік кепілдігінің есебі меморандум шотында кепілдік келісім шартына
сәйкес кепілдік құнын көрсетілуінде жүргізіледі. Егер қарыз мүлігі ақша
болса шот меморандумында кепілдік есебі жүргізілмейді. Кепілдік документі
касалық сақталымдарда сақталады.
Банк міндеттемесінің есебі. Банк ішкі депозиттік саясаты және жалпы
депозиттік операцияларды жүргізу ережесіне сәйкес депозиттерді тартқанда
жүргізеді. Бухгалтерлік есепте депозиттер ақша шотқа түскенде көрініс
береді. Тәукелділіктен айналып өтуде депозитті пайдалану пайызы ұсынған
несие пайызынан төмен болуы керек. Бухгалтерлік есепте депозит міндеттемесі
депозитті тартқандағы валютада көрініс береді.
Кассалық операциялар есебі банкте ҚР Ұлттық банкінің 3 наурыздың
2001 жылғы №58 қаулысымен бекітілген ҚР екінші деңгейлі банктер және
ұйымдардың операциялары және басқа жүргізілетін операция түрлері мен
кассалық операциялар ережелерін енгізуіне сәйкес жүргізіледі.
Негізгі қүралдар есебі Қазақстандық 6-бухгалтерлік есеп стандарты
Негізгі- құралдар есебіне сәйкес жүргізіледі. Негізгі құралдар есебі
орталықтанған Бас банкте, банк және осы банктің филиалдарында жүргізіледі.
Негізгі құралдар банк балансында, баланс құны меморандум шотында көрініс
береді. Негізгі құралдар баланста алғашқы құны, ғимараттар, тұрғын үй қоры,
жеңіл автокөліктің есептемегенде есепке алынады.
Сейфтік операциалар есебі ҚР Ұлттық Банк нормативті-құқықтық актісіне
және ішкі банк документерімен сәйкес жүргізіледі. Сейфтік сақтау қызметтері
жеке сейф арендасына келісім-шартқа байланысты жүргізіледі.
Материалдық емес активтер есебі Қазақстандық 28-ші Бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес жүргізіледі. Есеп орталықталынған Бас банкте, автоматты
негізгі қор модулінде алғашқы құн бойынша көрініс беруінде жүргізілуі тиіс.
Материалдық қор есебі Қазақстандық 7-ші бухгалтерлік есеп стандартын
басшылыққа алып жүргізіледі. Есебі орталықталынған Бас банкте жүргізіледі.
Қарапайым жалдау есебі Қазақстанның 17-бухгалтерлік есеп стандартында
жалдау есебіне сәйкес және банктің ішкі документтерімен жүргізіледі.
Өткізілетін жалдау активтері баланста негізгі құралдар жалға өткізуге
арналған статьясы бойынша көрініс береді. Банк қабылдаған қарапайым
аренда бойынша негізгі құралдар есебі баланстан тыс жүргізіледі.
Дебиторлық және несиелік берешек есебі Қазақстанның 5- бухгалтерлік
есеп стандартындағы Дебиторлық берешек және оның ашылуы бөліміне сәйкес
және банктің ішкі документтерімен жүргізіледі.
Дебиторлық берешек есебі төлем түрлері бойынша аналитикалық шот
бөлімінде жүргізіледі. Банк дебиторлық берешек және соманы анықтайтын
қажетті тексерулерді ҚР Ұлттық банктың нормативті құқықтық актілерге және
банктің ішкі документтерге сәйкес жүргізіледі.
Жарғылық капиталдың қалыптасу тәртібі ҚР Ұлттық банктің нормативті
құқықтық актілерімен және ішкі банк документтерімен сәйкес жүргізіледі..
резервтік қор ҚР Ұлттық банк нормативті құқықтық актілерімен жұмыс істейтін
заң талаптарына сәйкес құрылады және акционерлерге дивиденттерді төлегенге
дейін қалыптасады. Бөліп таратылмаған кіріс шоты салыстырмалы ( кіріс
және шығыс) болып табылады, сомасы жалпы акционерлер жиналысы шешімінде
анықталады.
Салық есебі орталық бас банкте субкорреспонденттік филиал
шоттарында шығарылған филиал шоттарына жатқызылады. Банк келесідей салық
түрлерін төлейді:
· корпоративті табыс салығы ;
· жеке табыс салығы ;
· қосылған құн салығы ;
· әлеуметтік салық ;
· жер салығы ;
· көлік құралдарына салынатын салық ;
· мүлік салығы ;
· қолдануға берілген жер учаскілеріне салынатын салық ;
· басқа қызмет түлері бойынша лицензиялық жинақ құқығы ;
· қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ;
· сыртқы жарнаманы құрғаны үшін төлем.
Кіріс және шығыс есебі Қазақстанның 5- бухгалтерлік есеп
стандартындағы кіріс және 22 банктің кірісі және шығысы сонымен
қатар банктің ішкі документтеріне сәйкес жүргізіледі. Кіріс және шығыс
бухгалтерлік есебі орталықтанған бас банкте жүргізіледі. Банк қыметінің
кіріс және шығысы келесідей: сыйақы түрінде кіріс және шығыс, роялти,
дивиденттер, қызмет көрсетудегі кіріс және шығыс, тауарларды және басқа
активтерді сатып алу кезіндегі шығыстар болып сараланады. Банк балансында
ашық түрде кіріс пен шығыстың оң немесе теріс курстық айырмасынан
көрінеді. Банктің кірісі мен шығысы арасындағы айырмашылық есепті жылы
банктің қаржы шаруашылық қызметі нәтижесімен айтылады.
Баланстанған шоттар техникалық есеп обьектілеріне арналған, яғни
баланс шотында есепке алынбайтын сонымен бірге активтерді қосымша есепке
алуды және бақылауды қажет ететіндерге арналған. Баланстанған шот есебі қос
жазбаларды қолданусыз документте көрсетілген бағанемесе шартты бағаға
жүргізіледі.
Нағыз есеп саясаты 2002 жылдың наурызында күшіне енді және осыған
сәкес өзгертулер мен қосымшаларды енгізуге дейін жұмыс істейді.
Қаржы тұрақтылығын талдаудың мәні мен мақсаты.
Жаңа уақыт шарттарында ұйымның қаржылық жағдайының шаруашылық
субьектілерінің өзі үшін де емес сонымен бірге көптеген акционерлер мен
әсіресе болашақ әлеуетті инвесторларға шынайы дұрыс анықтау үлкен маңызға
ие. Қазіргі кезде мемлекеттік емес көздерден ірі инвестициялар керек.
Алайда кәсіпкерлік дамуына бос құралдарын салғысы келетіндер, ұйымның
қаржылық жағдайының жақсылығы және шын мәнінде шынайы табыс түсуіне сенімді
болуы керек. Сондықтан қазіргі уақытта ұйымның қаржылық тұрақтылығын
саралау және қаржылық жағдайын инфляцияны есепке ала отырып олардың
өзгерісіне болжам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық талдау
Экономиклық талдаудың теориялық негіздері
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі және мазмұны. Факторлық талдау әдісі
Экономикалық талдаудың пәні және міндеттері, объектісі
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ, ОБЪЕКТІСІ, ПӘНІ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
Экономиканы талдаудың пәні, мақсаты және түрлері
Экономикалық талдау мақсаты мен басқа ғылымдармен байланысы
Экономикалық талдаудың пәні, міндеттері және мазмұны
Экономикалық талдау әдістері
Экономикалық талдаудың әдістері мен тәсілдері
Пәндер