Қазақ даласындағы шешендік өнер



1. Шешендік өнердің шығу тарихы.
2. Шешендік сөздер және оны зерттеу.
3. Шешендік сөздердің түрлері.
4. Қазақтың белгілі шешендері.
5. Ақындық пен шешендік . егіз өнер.
Шешендік өнер қай қоғамда болса да халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін, оның санасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген, ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ.
Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен, адам қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты қарым – қатынасы болатыны сияқты оның өзіне лайықты ойлау, сөйлеу мәдениеті, озық ойлы, шебер тілді адамдары да болатыны даусыз. Алайда, жүйелі ойлау, шебер сөйлеу сөз өнері ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан көп бұрын шығып қалыптасқан.
Шешендік өнер туралы ғылымды – халықаралық тілде риторика дейді.
Риторика ғылымының негізін салған грек, софист абдерлік Протаргор (б.д.д. 444 жылы туған) деп есептелді. Протагор көптеген қоғамдық ғалымдардың негізін салған Сократпен (469 – 399) , Платонмен (427 – 347) замандас, бірінші рет рет софистер арасында сөз жарыстыру, сөзбен айтысуды бастаған, өзі де замандастарымен сөз сайысына түскен белгілі шешен болған кісі. Протагор шешендік өнерге байланысты “Айтыс өнері” (“Искусства спорить”), “Тартыс туралы” (“О борьбе”) , “Ғылымдар туралы” (“О науках”), “Өктем сөз” (“Повелительное слово”) және “Жарыс сөз” (“Прения”) атты еңбектер жазған.
Классикалық дәуір кезіндегі Грецияда Протагордан кейінгі шешендік өнерді жалғастырушылар леонтилік Георгий (483 – 375) , халкедондық Фразимах, элидалық Гиппий болды.
Софистердің анықтамасы бойынша, шешендік өнерриторика дегеніміз – сендіре білу, яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету, ықпал жасау деген сөз.(2) Риторика логика, психология, әсіресе философия ғылымдарымен тығыз байланысты.
Шешендік сөздер, негізінде үш түрлі болады: кеңес сөз, билік сөз, салтанатты сөз. Шешендік сөздің құрлысы үш бөлімнен тұрады: кіріспе, баяндау жене қорытынды. Шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және дамуы белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды, маңызды сөздерімен белгіленеді. Мысалы, ежелгі Грецияда, біздің жыл санауымыздан арғы 500 – 300 жылдар аралығында атақты он шешен өмір сүрген. Солардың арасында Лисий мен Исократтың, әсіресе Демосфеннің қызметтері мен шешендік шеберліктері ерекше аталады.
Демосфен (384 – 322) шешендік өнердің ең жоғарғы шеберлігіне жеткен адам, ол Афины мемлекетіне жаулап алу қатерін туғызған аталы – балалы македондық Филипп және Ескендір патшаларға қарсы сөздерімен даңқы шыққан қоғам қайраткері. Шешеннің 19 сөзі сақталған.(3)
Грециядан кейінгі шешендік өнердің ерекше дамыған елі Рим республикасы. Грек өнері мен білімінің тетелес мұрагері болған Римде Красс, Антоний бастаған атақты шешен қолбасылар, қоғам қайраткерлері өткен. Алайда, олардың барлығы да айтулы шешен Марк Туллий Цецеронның қатарында күн қасындағы ай сияқты көмескі көрінеді. М.Т. Цицеронның сақталған 27 сөзінің ішінде Л.С. Каталинаға қарсы айтылған төрт сөзі(4) шешендік шеберліктің шыңы болып табылады.
1. “Шешендік сөздер” Алматы “Ғылым” 1999 жыл Автор: Балтабай Адамбаев
2. “Қазақ әдебиетінің тарихы”
Қазақ ССР – ның “Ғылым” баспасы Алматы 1967 ж

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ даласындағы шешендік өнер

Ауыз
әдебиеті – жазба әдебиетінің
анасы.
Шешендік сөз – халық

даналығы, ақыл ойдың құймасы,
әдеби
тілдің бастауы... (1)

Жоспар
Шешендік өнердің шығу тарихы.
Шешендік сөздер және оны зерттеу.
Шешендік сөздердің түрлері.
Қазақтың белгілі шешендері.
Ақындық пен шешендік – егіз өнер.

Шешендік өнер қай қоғамда болса да халыққа, қалың көпшілікке әсер ететін,
оның санасын, сезімін баурап, жігерін тасытатын қуатты құрал болып келген,
ол өнер күні бүгінге дейін сол күшін, қасиетін жойған жоқ.
Шешендік өнердің тууы, қалыптасуы жалпы тіл өнерінің шығуымен, адам
қоғамының пайда болуымен байланысты. Өйткені әрбір қоғамның өзіне лайықты
қарым – қатынасы болатыны сияқты оның өзіне лайықты ойлау, сөйлеу
мәдениеті, озық ойлы, шебер тілді адамдары да болатыны даусыз. Алайда,
жүйелі ойлау, шебер сөйлеу сөз өнері ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан
көп бұрын шығып қалыптасқан.
Шешендік өнер туралы ғылымды – халықаралық тілде риторика дейді.
Риторика ғылымының негізін салған грек, софист абдерлік Протаргор
(б.д.д. 444 жылы туған) деп есептелді. Протагор көптеген қоғамдық
ғалымдардың негізін салған Сократпен (469 – 399) , Платонмен (427 – 347)
замандас, бірінші рет рет софистер арасында сөз жарыстыру, сөзбен айтысуды
бастаған, өзі де замандастарымен сөз сайысына түскен белгілі шешен болған
кісі. Протагор шешендік өнерге байланысты “Айтыс өнері” (“Искусства
спорить”), “Тартыс туралы” (“О борьбе”) , “Ғылымдар туралы” (“О науках”),
“Өктем сөз” (“Повелительное слово”) және “Жарыс сөз” (“Прения”) атты
еңбектер жазған.
Классикалық дәуір кезіндегі Грецияда Протагордан кейінгі шешендік
өнерді жалғастырушылар леонтилік Георгий (483 – 375) , халкедондық
Фразимах, элидалық Гиппий болды.
Софистердің анықтамасы бойынша, шешендік өнерриторика дегеніміз –
сендіре білу, яғни тыңдаушының санасына, сезіміне және еркіне әсер ету,
ықпал жасау деген сөз.(2) Риторика логика, психология, әсіресе философия
ғылымдарымен тығыз байланысты.
Шешендік сөздер, негізінде үш түрлі болады: кеңес сөз, билік сөз,
салтанатты сөз. Шешендік сөздің құрлысы үш бөлімнен тұрады: кіріспе,
баяндау жене қорытынды. Шешендік өнердің шығуы, қалыптасуы және дамуы
белгілі шешендердің есімдерімен, олардың мазмұнды, маңызды сөздерімен
белгіленеді. Мысалы, ежелгі Грецияда, біздің жыл санауымыздан арғы 500 –
300 жылдар аралығында атақты он шешен өмір сүрген. Солардың арасында Лисий
мен Исократтың, әсіресе Демосфеннің қызметтері мен шешендік шеберліктері
ерекше аталады.
Демосфен (384 – 322) шешендік өнердің ең жоғарғы шеберлігіне жеткен
адам, ол Афины мемлекетіне жаулап алу қатерін туғызған аталы – балалы
македондық Филипп және Ескендір патшаларға қарсы сөздерімен даңқы шыққан
қоғам қайраткері. Шешеннің 19 сөзі сақталған.(3)
Грециядан кейінгі шешендік өнердің ерекше дамыған елі Рим республикасы.
Грек өнері мен білімінің тетелес мұрагері болған Римде Красс, Антоний
бастаған атақты шешен қолбасылар, қоғам қайраткерлері өткен. Алайда,
олардың барлығы да айтулы шешен Марк Туллий Цецеронның қатарында күн
қасындағы ай сияқты көмескі көрінеді. М.Т. Цицеронның сақталған 27 сөзінің
ішінде Л.С. Каталинаға қарсы айтылған төрт сөзі(4) шешендік шеберліктің
шыңы болып табылады.
Ежелгі гректердің өнері мен білімін, әсіресе Демосфенді оқып үйренген,
табиғатынан дарынды Цицерон Афиныда іргесі салынған шешендік өнердің Римде
ғажайып сарайын тұрғызды, атап айтқанда, риторика ғылымының теориясын
жасап, шешендердің үш түрлі – болатыны туралы тамаша еңбек жазды.
Ежелгі Грек тарихында шешендік өнердің өркендеуіне атақты Солон заңы
себеп болған. Солон заңы бойынша Афиннің әрбір азаматы өзінің мүддесін өзі
қорғауға тиісті екен. Бұлай істеу әркімнің қолынан келе бермейтіні белгілі.
Осыдан келіп сот алдында айтылмас сөзді алдын ала жүптайтын, даярлайтын
логогрифтар – сөз жүптаушылар пайда болған. Афинде шешендік өнердің негізін
салған ежелгі Грецияның әйгілі саяси қайраткері Демосфен шешен алғашында,
міне, сондай логогриф болған.
Дау – талап мәселесін қарайтын қазақ қауымындағы ежелгі әдет заңы
(мысалы: “Жеті жарғы”) гректің әлгі Солон заңына ұқсас. Қазақ елінде әрісі
Ресейге қосылғанға дейін, берісі Қазан төңкерісіне дейін әркім өз жоғын өзі
жоқтап келгені, өз әлі келмесе жанкүйер бауырластары, руластары бірігіп
қорғасқаны белгілі. Міне осындай жағдайда әр ауылда, әр руға айтыста сөзбен
ағайынның мүддесін қорғайтын, қауымның әдет – ғұрпына жетік, ойға жүйрік,
сөзге шебер адамдар керек болды. Ондай адамдарды халық “би” деп атаған.
Халық сотының алдында билердің бірі талапкердің, екінші айыпкердің сөзін
сөйлейді, ал үшінші төбе би болып төрелік – қалыстық сөз айтады. Қазақ
қауымында ертеден қалыптасқан ел ішіндегі дау – жанжалды мәмлемін шешіп
реттеудің осы бір қарапайым халықтық тәсіл дәстүрлі шешендік өнердің
дамуына әсер еткен. Афин “азаматтарының алдында өздерінің көз қарастары мен
саяси мақсаттарын баяндау қажеттігі шешендікпен арнайы шұғылдануы керек
еткені”(5) сияқты халық
алдында талқыланатын дау – жанжал, билік – бітім сөздерде жеңіске жету үшін
қазақ билерінен халықтың салт – санасын, әдет – ғұрпын жетік білумен бірге
ойға ұшқыр, тілге шешен болуы талап етті. Сонымен қатар халықтың тапқыр,
шешен адамға көрсететін құрметі мен билік үшін беретін сыйы (“би ақысы”)
шешендік өнерді дамытуда ынталандырушылық, қызықтырушылық қызмет атқарған.
Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін алғаш бағалаған
адамдардың бірі – белгілі ғалым В.В. Радлов. Ол қазақ ауыз әдебиетінің
нұсқаларынан өзі құрастырған жинаққа бірнеше шешендік нақыл сөздерді
енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді: “Қазақ тілі – исламның
бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай түпкі таза түрін – түркі сипатын сақтап
қалған тіл.(6)
Қазақтың шешендік тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап, жариялаушы
ғалымдардың бірі – белгілі педагог Ыбырай Алтынсарин. Шешендік сөздерді
ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеуші академик М.
Әуезовтің шығармаларынан кездестіреміз. Қазақ әдебиетінің тарихын жасауға
арналған бір зерттеуінде “билер айтысы” деген арнаулы тақырып енгізіп
шешендік сөздердің кейбір түрлерінен мысалдар келтіреді.
30 жылдары шешендік сөздерді жинау, зерттеу ісіне үлес қосқан
адамдардың бірі – С. Сейфулин. Сәкен “Қазақ әдебиеті” дейтін кітабына
“Билердің сөздері” деген тарау енгізіп, шешендік сөздерді дербес жанр деп
қарады.
Қазақ шешендік сөздерін арнайы зерттеген Әмина Маметованың “Қазақ
билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны” (1945) дейтін
кандидаттық диссертациясы бар.
Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз белгілі бір мәселеге байланысты
тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, қалыптасқан жүйелі,
үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген оқиғалары, ақыл ойы, арман
тілегі бейнеленеді, өмірге, дүниеге көзқарасы көрінеді. Шешендік, тапқырлық
сөздер белгілі дәрежеде еңбекші адамның өздерін қанаушыларға, езушілерге
қарсы жұмсайтын қаруы, құралы болған. “Аязби, Жиренше және басқалар
жайындағы ертегілер халық ішінен шыққан адамдарды – Аязбиді, Жиреншені және
оның сұлужары Қарашашты көрсетеді. Сондай – ақ Төле, Қазыбек, Әйтеке,
Сырым, Жәнібек батыр есімдерімен байланысты шешендік сөздер де бұл пікірді
растайды.
Шешендік өнер – көп көріп білуді, білгенді көкейге берік тоқуды, айтыс
тартыстарға түсіп, жалықпай жаттығуды тілейтін өнер. Нағыз шешен үшін бір
ғана сөзге шебер болу жеткіліксіз, табанда тауып айтатын тапқыр, шаршы
топта тайсалмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын салқын қанды
болуы шарт. Шешендік өнердің қиындығы туралы Бұқар жырау айтқан мынадай сөз
бар:
Көш бастау қиын емес,
Қонатын жерде су бар.
Қол бастау қиын емес,
Жабатын жерде жау бар
Шаршы топта сөз бастау қиын,
Шешімін адам таппас дау бар!
Шешен кісі өз заманының озат ойшылы, оқымаса да көкейге тоқығаны көп
саналы, білімді, парасатты азаматы болуға тиіс. Бізге есімдері аңыз
әңгімелерден жеткен Майқы мен Аязбилер, Асанқайғы мен Жиренше шешендер,
Төле би мен Қаздауысты Қазыбектер, Жәнібек пен Сырым батырлар, көзі қазы,
көңілі таразы шешен болған.
Қазақта “түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би” деген мақал бар.
Сол заманда Қобан, Қоғам және Майқы есімді ағайынды кісілер болыпты. Майқы
тоғыз ханды қолынан таққа отырғызған би екен. Қырымнан Бұқарға келген 40
ханның бірі – Қызыл Арыстан ханның үлкен әйеліне ұл тумай, хан аяқ салған
бір тұтқын қыздан ұл туады, оның денесі сауысқандай ала болады. Бәйбішесі
қызғанышпен ханға: “мұны балам деп сақтамай көзін құрт, өссе еліңді ала
тайдай бүлдіреді” дейді. Хан әскеріне қырық жігіт шығарып: “мына баланы
шешесімен Сырдариядан әрі апарып тастаңдар, өлсе өлер, өлмесе өзбетімен күн
көрер. Қырық жігіт Сырдан өтіп бала ер жеткенше Қаратау мен Алатау өңірінде
аң аулап жүреді де бала 12 жасқа толғанда бір жерге тастап, өздері жайына
кетеді. Балға аң аулап жүрген Майқы бидің баласы Үйсін кездеседі бірақ бала
оған ермейді. Үйсін әкесіне айтып келеді. “Бір ағаштың түбінде бала көрдім,
ай десе аузы бар, күн десе көзі бар. Көрген кісі қызығып бір қасық сумен
жұтып жібергендей. Жалғыз – ақ айыбы – тілі жоқ екен” дейді.
Оған мені апарыңдар, мен көрейін! – дейді Майқы би. Бала Майқыны көргеннен
– ақ орнынан атып тұрып:
Ассалаумағалейкум, хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы! – деп сәлем
береді.
Уағалайкум сәлем, балам! Әменде аман бол. Болайын деп тұрған ұл екенсің ,
қолына алып, қайырын тәрбиелеушінің жоғынан кем болып жүр екенсің, кел! деп
арбасына мінгізіп, қасына отырғызып үйіне әкеледі. Өкіл бала етіп төбел бие
сойып төменгі елді шақырып, жорға бие сойып жоғарғы елді шақырып той
қылады. Той тарқасымен “ердің ері, егеудің сынығы” деп қасына бел баласы
Үйсінді басшы ғып 100 жігіт ертіп беріп жолға аттандырады.
Қаратаудан асып әрі қарай жүре беріңдер, алдарыңнан Ұлытау, Кішітау дейтін
таулар кездеседі. Сол жерлерге барып аң аулаңдар, ірге теуіп орнаңдар. Ақ
найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ел – жұрт болуды ойлаңдар. Күндердің
күнінде осы бала хан болады – сендер қарашы боласыңдар. “Хан ақылды, әділ
болса, қарашы батыл, ынтымақты болса, қара жерден су ағызып кеме жүргізеді”
деп батасын береді.
Жүз жігіт Қартаудан асып, Ақтау, Ортауды басып, Шу, Сарысу өзендерінен
өтіп Майқы бидің айтқан жерлеріне жетеді. Ұйқы бұзып жылқы алады, күйме
бұзып қыз алады... Сөйтіп ел бола бастайды.
Бұлардың дабысы Қызыл Арыстан ханға жетеді. Хан:
Менің баламды қасына жігіт – желең ертіп желіктіріп жібергені қалай? Менен
қалғанын алып, баламды өзіме қайырсын, - деп Майқы биге кісі салады.
Сендер барып шақырып келіңдер, - деп Майқы Үйсін баласының артынан Қобанұлы
Болатқожа бастаған жүз жігіт жібереді. Бірақ бұларға алдыңғылар қайтпайды.
“Аты бестісінде қартаятын, жігіт жиырма бесінде қартаятын, еркегі ерте ат
болатын, ұрғашысы ерге жат болатын... жерде не бар ?...” деп артынан барған
жүз жігітті де өздеріне қосып алады.
Хан “баламды қайырсын” деп қоймаған соң Майқы би Қоғамұлы Алшынды басшы ғып
тағы да жүз жігіт жібереді. Және жігіттерге басшы, ақылшы болсын деп он
қария қосып береді. Бұлар да қайтпай қалады. Сөйтіп Майқы би үнсіз үйінде
жатып – ақ жұмыс бітіріп жатады.
Үш жүз кісі айналадан ақысыз мал алып, қалыңсыз жар құшып көбейіп,
күшейіп алған соң “ел – жұрт болғанымызды көрсетеміз” деп баяғы ала баланы
Ұлытаудың басына шығарып алашаға отырғызып хан көтереді, оған “Алаша хан”
деп ат қояды. Алаша ақылды адам болады. Ұлытауға алғаш Үйсін бастап келген
жүзі “Ұлы жүз – үйсін” деп атайды. Олардың міндеті – салықшы, бұлар жауға
шаппасын, артта тастүйін болып тұрсын” дейді. Ұлы жүздің ұраны “Бақтияр”
болып белгіленеді.
Болатқожа бастап келген ортаңғы жүзді “Орта жүз – Ақжол” деп атайды. Орта
жүз – тосқауылшы, ортада ханның қасында жүрсін деп ұйғарады. Орта жүздің
ұраны – “Ақжол”.
Кейінгі Алшын бастап келген жүзді “Кіші жүз – Алшын” деп атайды. Кіші
жүз алда жүрсін, жауға алдымен шабатын болсын дейді. Кіші жүздің ұраны-“
Алдияр”.
Сөйтіп, аңыз бірінші қазақ биінің әлеуметтік қызметін қазақ халқының
құралуымен, бірінші қазақ хандығының құрылуымен байланыстырады. Бұған
қарағанда Майқы әрі қазақ хандығын құрушы, әрі хандық құрылыстың теориялық
негізін салушы (“Хан ақылды, әділ болса, қарашы батыл, ынтымақты болса,
қара жерден су ағызып кеме жүргізеді”) болып сипатталады.
“Аяз би” әңгімесін Қазақ энциклопедиясында былай деп жазылған: “Аяз би,
Жаман – қазақтың аңыз әңгімесінің аты әрі кейіпкері; ел басшысы, қоғам
қайраткерінің халық қиялынан туған үлгілі бейнесі. Бұрынғы кедей, қойшы Аяз
би өзінің ақылдылығы, даналығы арқасында уәзір болады. Бұл үшін ол Мадан
ханның бірнеше сынынан өтті. Оған шөп жаманы – қоға, құс жаманы – сауысқан
екенін дәлелдеп береді. Ханның тұлпарының сиырға, өзінің қара халыққа
шатыстығын айырады. Шартты жұмбағын шешіп бай қызы Мендісұлуға үйленеді,
ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқарады. Аяз бидің
даналығын, достыққа адалдығын, сертке беріктігін, қайырымдылығын Мадан
мойындап, халық қалап он хан етіп көтереді. Аяз би бейнесі елді қарапайым,
ақылды, адал, қайырымды адамдар басқарса деген ежелгі халық арманын
көрсетеді. Аяз би де тарихи адам. Ол сауатты, білімді кісі болған; Хиуа
хандығының шежіресін жазып жүргенін естіп хан өзіне уәзір етіп алған. Кейін
Аяз да Хиуаға хан болған.
Қазақ шешендік өнерінің алғашқы шығып қалыптасуы қоғамның дамуымен,
әлеуметтік ой – сананың өсуімен тығыз байланысты. Шешен – ең алдымен өз
заманының ақылды, білімді азаматы.
Қай заманда, қай қоғамда болсын ақыл, білім, өнер – белгілі бір
қоғамдық, әлеуметтік жұмыспен, қызметпен байланысты көрінеді. Қазақ
шешендерінің табиғи қасиеттерін, қабілеттерін көрсететін ондай қызметтері
уәзірлік, билік, батырлық болған.
Қазақ шешендік өнерінің алғашқы шығып, қалыптасуы ХІІ – ХV ғасырларды
қамтиды. Оның басты дамытушылар – Майқы, Аяз және Жиренше шешендер. Бұлар,
негізінде, қарапайым халықтан шыққан, жеке бастарының қабілет –
қасиеттерімен халық құрметіне, сеніміне ие болып ел басқару дәрежесіне
көтерілген феодалдық қоғамның бұқарашыл санагерлері, өнер қайраткерлері.
Қазақ шешендік өнердің дамуының екінші кезеңі XVII – XVIII ғасырларда
өмір сүрген шешен билер; Төле, Қазыбек, Әйтеке есімдерімен байланысты. Бұл
дәуір қазақ хандығының қалыптасқан, бір орталыққа бағынып нығайған, бірақ
оның есесіне іргелес Жоңғар – қалмақ хандықтарымен қарым – қатынастары
шиеленісіп тұрған жаугершілік уақыт болатын. Сонымен қатар елдің ішкі
дамуын, Сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ел басшыларының “Күл
төбенің басында күнде жиын” құрып кеңесетін, ел тарихындағы ең бір ауыр
кезең еді. Міне, осындай ауыр да аума – төкпе заманда елді басқару және
азаттық күресін бастау сияқты ұйымдастыру әкімшілік қызметтерімен қатар
аталған билер халықтың өткен тарихына, әдет – ғұрыпына жетіктігімен, шежіре
– шешендігімен елге белгілі болған.
Беймаза ғасырларда туып халық пен хандық арасында мәмлегерлік қызметтер
атқарған, жаугершілік заманда елдің еркін білдіріп, күшін біріктіріп
халықты азттық күреске бастаған Төле би, Қаздауысты Қазбек және Әйтеке
шешендер.
Төле Әлібекұлы – Ұлы жүзден шыққан және “Ақтабаншұбырында, алқа көл
сұлама” атанған жоңғар шапқыншылығы кезінде – қазақ халқының басына қауіп –
қатер төнген кезде берісі Ұлы жүзді басқарған, әрісі бүкіл үш жүзге ұйытқы
болған кісі. Төле жасынан зерек, ұғымтал болады, қоныстас Балқы секілді
білгір, шешен кісілерден үлгі - өнеге алып, елден халық даналығын көп
үйренеді. Сөйтіп ерте есейген бала жастайынан ел ісіне араласып билік айта
бастайды. Төлеге бұрыннан ел билеп қалған кексе, сақа билер бірден жол бере
қоймайды. Әділдігі мен туралығы Төленің беделін көтеріп, атын тез шығарады.
Қазанғап ақын Төле бидің төрт қасиетін атайды. Қалдан – Церен басып
алғаннан кейін Ұлы жүзден “сендер бағынып тыныш отыра алмадыңдар; көшіп –
қонып сендерге сенім жоқ; тыныш отырамын десеңдер бір сенімді батырыңды
беріңдер” деп Ұлы жұзден аманат талап етеді. Сонда Төле басқаларды қимай
аманатқа өзінің баласы Жоламанды беріпті, ол жау қолында жеті жыл болған.
Төленің әділдігі сондай екен.
Екінші қасиеті – ол нашарды, аш – арықты жақтаған. Қазақ жерден ауып,
жаудан қашып, Сырдан әрі көшкенде, Төле байлардың малдарын кедей –
кепшіктерге, аш – арықтарға бөліп беріпті. Сонымен қатар ол әр қашан әділ
билік айтып нашардың ақысын ешкімге жегізбепті.
Үшінші қасиеті – халықты отырықшылыққа бейімдеу болған. Өзі Ташкент
қаласында тұрған. Жазды күні елмен бірге жайлауға шығып, жазғытұры және
күздемде Ташкент айналасындағы Қарақамыс, Ақбұрған деген жерлерде отырған.
Төртінші қасиеті – ерлік екен. Қауіпті дүшпанға қарсы бірыңғай халық
майданын ұйымдастыруда Тәукеге көмек көрсетеді, жорықта қол басқарады.
Төле рушылдыққа, жікшілдікке және екі жүзділікке өте қатал қараған. Мысалы,
жоңғар басқыншыларынан Ташкентті азат ету туралы мәселені талқылағанда
Қарабек деген біреу Жоңғарға “бағынып тыныш отыру керек” деп соғысуға қарсы
болады. Сонда Төле:
Атадан бала туса – игі,
Ата жолын қуса – игі.
Бетіне келер ұятын
Өзі біліп жуса – игі
Өзі істі білмесе,
Білгеннің тілін алмаса,
Ел ішінен қуса – игі!... –
деп опасызды жиыннан қуған. Төле “аланы аластады” дейтін мәтел содан қалған
дейді. Ол ұрлық – зорлықты да қатал айыптаған.Қанжыға бау ұрлағанға ат –
шапан айып кесіпті. Мәнісін сұрағанда “Қанжыға тон сақтайды, тон жан
сақтайды” депті.Тұсау ұрлағанға орта тоғыз айып салған.Оның мәнісін “Тұсау
ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды” деп түсіндірген. Ал құйысқан
ұрлағанға:
Құйысқансыз ат сүрінбей ме,
Үстіндегі ер жығылмай ма?
Ажалсыз болса қалар,
Әйтпесе мойын үзілмей ме? –
деп бас тоғыз айып тартқызыпты.
Сондай – ақ ол өтірік, өсек айтқан адамды да өлердей жек көріп,
ондайларға ызалана сөйлеп, назалана қарайды екен. Содан “Төленің булыға
сөйлеп, адырая қарағанынан сақтасын” дейтін мәтел қалған. Ауыз әдебитінде
Төле, негізінде, дана билігінің, тілмар шешендігімен даңқты.
Заманында кім жеткен,
Бұлбұлдай шешен Төлеге.
Айтқан сөзі үлгілі
Жалпыға болған өнеге... –
деп жырлайды ақын Тілеміс Есболов “Өтеген батыр” дастанында.
Халық аңыздарына қарағанда, Төле заманындағы белгілі батырлар мен
билердің, тіпті хандардың бірсыпырасына ақылшы болған. Атақты батыр әрі
шешен Қошқарұлы Жәнібек Төлебиден ақыл сұрай келіп: “Түзу мылтық, ұшқыр
құс, алғыр ит, батыл жігіт, жүйрік ат жидым. Боз бала болып ерлік қылайын
ба, үлгі алып билік құрайын ба? Еліңде кәрің болса, жазулы тұрған хаттың,
жайлаған көліңнің алдында төбе болса, ерттеулі атың деуші еді; ақыл сұрай
келдім”, - депті. Сонда Төле би: “өгізді өрге салма, қанатың талар. Наданға
көзіңді салма, - сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, - сенімің кетер,
дұшпаныңа сырыңды айтпа, - түбіңе жетер. Жал – құйрығы қаба деп жабыдан
айғыр салма, - жаугершілік болғанда, жағдайлап мінер ат тумас. Жақыным деп
жаманның малы үшін жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар. Қару жисаң
мылтық жи, жаяу жүрсең – таяқ, қарның ашса – тамақ. Ит жүгіртіп құс салсаң
әуейі боларсың. Әйел алсаң көріктіге қызықпа, тектіні ал. Мақтаншақ жігіт
жисаң – ұятқа қалдырар. Ұрыншақ ат жаз жарға шығар, қыс қарға жығар. Тұмау
түбі құрт болар, тұман түбі жұт болар, еңбек түбі құт болар. Елге бай құт
емес, би құт. Қабырғадан қар жауса, атан менен нарға күш, ел шетіне жау
келсе, батырлар мен биге күш.Қарап отырғанша бір нәрсеге жарап отыр, -
кәсіп болмай нәсіп болмас”... деген екен. Төленің бұл өсиетінде сол кезде
жақсы адамға қойылатын моральдық талап – тілек толық қамтылған, сарқып
айтылған.
Төле би – тек ру басшысы ғана емес, бүкіл ел қамын ойлаған, қазақтың
бірсыпыра белгілі қайраткерлерін бастап баулыған қамқор аға, парасатты
ұстаз.Орта жүз Жәдігер Құлнәзір деген кісіні Ұлы жүз жігіттері өлтіріп
теңдік бермейді. Осыған байланысты жәдігерден төрт кісі Төле бидің алдына
келсе, би жөндеп сөйлеспейді. Талапкердің біріншісін тыңдап оң қолын,
екіншісін тыңдап сол қолын созады.
Япырмай, мына екеуінен сөз қалды ма? – деп үшінші кісі сөйлегенде Төле
үстіңгі ернін, төртінші кісі сөйлегенде астыңғы ернін созады. Төртеуі Төле
биден бір ауыз жауап ала алмай еліне келіп, көргенін – білгенін айтқанда,
Айдабол Едіге би отырып былай депті:
Төле бидің ишарасы төртеуіңе берген бағасы екен. Алғашқы екеуі сөйлегенде
екі ернін кезек созғаны – сендер, ағайынды кісілердің арасына сөз тасып, ас
ішерлік ғана адам екенсіңдер. Сендер бітім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Шешендік сөздерді жанрлық тұрғыдан бөлу
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Шешендік сөздер
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ХАЛЫҚТЫҚ СИПАТЫ
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Қазақ философиясында билердің маңызы
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Ауыз әдебиетінің жанрлық құрамы
Аргументтеудің теориясы мен практикасы
Пәндер