Қаржы нарығындағы нақты сектор


МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 3
1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ МӘНІ . . . 4
- Қаржы нарығының түсінігі және оның қызметтерi . . . 4
- Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрылымы, жүргізілу механизмі . . . 7
2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ НАҚТЫ СЕКТОР ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ . . . 11
2. 1 Бағалы қағаздар қаржы нарығының негізгі қаржы инструменті ретінде . . . 11
2. 2 Қазақстан Республикасының қор биржасы (KASE) . . . 15
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘСЕРІ . . . 19
3. 1 Қазақстан Республикасы қаржы нарығын статистикалық мәліметтер негізінде талдау . . . 19
3. 2 Өндірістің ғылыми-техникалық дамуын қаржымен қамтамасыз етудегі инвестиция мен лизингтiк қатынастардың маңыздылығы . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32
КIРIСПЕ
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды.
Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдырудың, оны бөлудің және қайта бөлудің қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, жер, алтын нарықтарымен) етене байланысты.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын “Қаржы нарығындағы нақты сектор” деп алдық. Бұл тақырыптың өзектiлiгi осы аталған қаржы ресурстарын қалыптастыруда және осы қаржыларды нақты өндiрiске қосуда қаржы нарықтарын талдаудың орны ерекше болып табылады. Экономикада қаржы нарығының дамуы қалған барлық нарықтардың дамуына даңғыл жол ашады.
Осы тақырыпты орындау барысында келесi мiндеттер қарастырылды:
- Қаржы экономикалық категория ретiнде оның мәнi мен қызметтерiн анықтау;
- Қаржы нарығын жан-жақты талдау және оның құрылымы туралы хабардар болу;
- Қаржы нарығы дамуының экономика дамуындағы маңыздылығын анықтау;
- Бағалы қағаздар нарығының қаржы нарығындағы маңыздылығын атап өту;
- Қазақстан Республикасындағы қаржы және бағалы қағаздар нарығына тоқталып өту және ұлттық қор биржасының бүгінгі жағдайын сипаттау.
1 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ МӘНІ
1. 1 Қаржы нарығының түсінігі және оның қызметтерi
Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi. Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде, қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында, өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады. /1, 18 б/
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi. Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән белгiлердi иемдене алмайды.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуы талап етіледі. Қазақстанда қаржы нарығы бұрынғы уақыттарда болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдырудың, оны бөлудің және қайта бөлудің қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, жер, алтын нарықтарымен) етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдалануды, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы - бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық әсіресе инвестициялық процестерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығы қол жеткізеді.
Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:
- Реттелетін тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;
- Ұлтттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру;
- Несие нарығының жандандырылуы, оның толық комерциялануы.
Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:
- Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының - меншіктің барлық нысандарының дербестігі;
- Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтандырылған түрде қаржыландыру, қаржыларды кәсіпорындар арасында орналастыру;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа да активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
- Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату, республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әміршіл-әкімшіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді. /2, 389 б/
Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін мемлекет ақша эмиссияламайды, нарықта еркін жүретін бағалы қағаздар шығарады.
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты - қаржының маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi. Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып табылады.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде, қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында, өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi. Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән белгiлердi иемдене алмайды.
Қаржы капиталы объективтi мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру, бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау болып табылады.
Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
1. 2 Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрылымы, жүргізілу механизмі
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуда нарықтық қатынастарға толық түрде өтуі барысында қаржы нарығының дамуының қажеттігі туындады. Себебі қаржы нарығының негізінде экономиканың басқа рыноктары тиімді экономикалық даму жолына түсе алады. Сондықтан қаржы нарығы экономиканы дамытудың, оны жетілдіру мен ынталндырудың негізгі құралы болып табылады.
Қаржы нарығының маңыздылығын оның басқа нарықтардың арасындағы тығыз байланысынан көруге болады. Еліміздің экономикасы, нарықтық қатынастары және қаржы жүйесінің, қаржылық қатынастардың күннен-күнге дамуына байланысты қаржы нарығының құрамы мен құрылымы да дамып, ол келесідей нарықтардың жиынтығының негізінде өз қызметерін жүзеге асырады.
Жалпы экономикада қаржы нарығының құрылымын келесі 1-ші суреттен көре аламыз: /2, 389 б/
Сурет-1 - Қаржы нарығының құрылымы
Мұндағы ақша рыногы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
Басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге өз септiгiн тигiзедi.
Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды. Ал қолма-қолсыз ақшалар қазіргі қаржылық қатынастары дамыған шаруашылықта есеп айырысудың маңызды формасы болып отыр. Себебі, қолма-қолсыз ақшалар ақша айналысының дұрыс жолға түсуін, қолма-қол ақшалардың мөлшерін азайтудың және кәсіпорындар мен банктер арасындағы сенімділіктің негізі екені белгілі.
Қазақстан Ұлттық банкі және қаржы салаларының құрылымы бүгінде елімізде осы аталған ақша айналымын реттеу мақсатында айналыстағы ақшалардың қолма-қолсыз түрлерін кеңейтуге және оларды халықаралық стандарттарға сай дамытуды көздейді. Соңғы бірнеше жылда ұлттық экономиканың көрсеткіштері, ақша масасы мен қолма-қол ақшалардың жалпы көлемінің өскеніне қарамастан, елдегі қаржы жүйесі ең тұрақты және жан-жақты дамыған, әлемдік нарық жағдайына үйлестірілген құрылым болып отыр. Әрине бұл еліміздің әр түрлі ақша айналымын реттеу заңдарын тиімді ұйымдастырғанының жемісі болып табылады.
Несие нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты.
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды. /1, 103 б/
Банктiк несие - бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие - бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты - пайыз түрiнде табыс алу.
Аталған ақша және несие нарықтары айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектісі айрықшылықты ақша және бағалы қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Ал өз кезегінде бағалы қағаздар нарығы қор нарығының негізінде өзіінң қызметін жүзеге асырады.
Қаржы рыногының құрамдас бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар - мүлiктiк құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелерi қарызының қатысы. Бағалы қағаздар рыногы - шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлерi сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлiгi. Бұл рыноктың қызмет етуi көптеген экономикалық, әсiресе инвестициялық процестердi реттеп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiлiк бередi. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардардың сан алуандығымен қол жеткiзiледi. Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектiлерiнiң өздерiне қажеттi ақша ресурстарын алуының кең мүмкiндiктерiн жасайды және алудың жолдарын жеңiлдетедi.
Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздардар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды.
Осы бағалы қағаздар нарығының қызметтері мен операциялары, оған қатысушы тұлғалар жиналатын және бағалы қағаздарды сату, сатып алу шарттарының жүргізілетін орталығы қор биржасы болып табылады.
Сонымен, қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етедi.
Қор биржасы - бұл бағалы қағаздардыңдың бiрқалыпты айналысы үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ететiн ұйым және бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негiзгi нарық көзi. Қор биржаларында iрi банктер қожалық етедi. «Биржа» деген термин ежелгi грек сөзi - «бурзэ», яғни “әмиян” деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейiн акция) шығару және сату үшiн пайда болған. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезi капитализмнiң монополизм сатысына өту кезi, яғни XXғ. бас кезi. Ол уақытта қор биржаларының негiзгi операциялары өндiрiс кәсiпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсiп циклын және жалпы елдiң экономикасын қадағалап отыратын барометр сияқты. /3, 225 б/
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етедi. Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрi, онда сұраным мен ұсыным негiзiнде тауармен, БҚ-мен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келiсiмге келу үшiн кездесетiн орын. Биржаның басшы орган болып биржалық комитет саналады. Сонымен, қор биржасы - БҚ иелерiнiң биржа мүшлерi, яғни делдалдары арқылы БҚ-ды сату және сатып алу жөнiнде мәмiле жасайтын нарық.
Биржа операциялары кассалық және мерзiмдiк болып екiге бөлiнедi. Кассалық операция бойынша келiсiмге келген бойда есеп жүргiзiледi, яғни сатып алушы қағаз үшiн ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағаздарды алады. Мерзiмдiк операцияда есеп мәмiледе көрсетiлген мезгiлде жүргiзiледi: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Онда касалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасына өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондықтан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп атайды. Алыпсатарлардың мақсаты - биржадағы құндылықтардың сатып алу -сату бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу. Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарықтың орталығы. Қор биржаларына ірі банктер қожалық етеді. Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын.
Бүгінде меншiк қатынастары, шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмi, олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары, қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiн көрсетеді. Яғни, рынокқа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне бағалы қағаз түрiнде мiндеттеме алады.
Бағалы қағаздар рыногы басқа нарықтардан өзiнiң айрықша тауарымен өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар - бағалы қағаздар және оның сан алуан түрлерi. Олар бiрiншiден, меншiк белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi, яғни олар арқылы табыс алу құқы және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады. Бұл тауардың өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Егер БҚ-ға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетiлген құнынан (номиналынан) жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның ауытқуы, БҚ-дың «жалған капитал» екенiн көрсетедi. /3, 223 б/
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады.
2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ НАҚТЫ СЕКТОР ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫ МЕН БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
2. 1 Бағалы қағаздар қаржы нарығының негізгі қаржы инструменті ретінде
Қазақстан республикасының “Азаматтық кодексiнiң” 1-шi бөлiмiнде 129 - бабында бағалы қағаздарға құқықтық анықтама келесiдей мағынада берiледi:
Белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкiн болатын мүлiктiк құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. /4/
Бағалы қағаздар туралы көптеген теориялардың өз көзқарастары бар. Мысалы: бағалы қағаздар ұғымы туралы “Жалпы экономикалық теория” кiтабында бағалы қағаздар өз иеленушiсiнiң меншiк құқығын куәландыратын құжат. Бұл капитал не қарыз және процент немесе дивиденд түрiнде болуы мүмкiн.
Камаев В. Д. бағалы қағздарды қаржылық құжатпен байланыстырады. Ол қандай түрде болмасын өз иеленушiсiне меншiктiк құқық беретiн документ ретiнде қарайды.
Клешев Н. Т. және Федулов А. А. бағалы қағаздарға үш түрлi сипаттама бередi:
- Айналымдылық;
- Өтiмдiлiк;
- Тәуекелдiк; /5, 36 б/
Сонымен, бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалай құны бар құжат (акция, облигация немесе опцион) . Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы жазу түрiнде болады.
Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк берушi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz