Орталық Азия қауіпсіздігіне дәстүрлі емес қауіптер



Кіріспе
1. Орталық Азиядағы Ислам
2. Орталық Азияда Исламның қайта жандануы
3. Орталық Азиядағы Исламдық партиялар және топтар
4. Исламдық қайта жандану партиясы (ИПР)
5. Өзбекстанның исламдық қозғалысы және Түркістанның исламдық қозғалысы
a. «Хизб.ут.Тахрир»
6. Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Келісім Ұйымы (ОДКБ)
7. Постталибтік кезең
8. Орталық Азиядағы діни экстремизм және Үндістан үшін нәтижелері
9. Тенденциялар сараптамасы
КСРО-ның құлдырауымен және «қырғи-қабақ» соғыстың аяқталуымен 1991 жылы Б.Бузанның қауіпсіздік мәселесіне байланысты ұстанымы одан да көп жақтаушыларға ие бола бастады. «Қырғи-қабақ» соғысы кезінде қауіпсіздік мәселесіне саяси шешімдердің қабылдануына ықпалын тигізген, дәстүрлі (әскери-саяси) көзқарас басым болды. Алайда, «қырғи-қабақ» соғысының аяқталуынан кейін халықаралық күн тәртібіне қауіпсіздікке дәстүрлі емес қауіптер қосылды.
Олардың ішінде:
1. Діни экстремизм.
2. Терроризм.
3. Адам саудасы.
4. Экологиялық қылмыстар.
5. Есірткінің заңсыз айналымы.
6. Теңіздік қарақшылық.
7. Қару-жарақ контрабандасы.
8. Жаппай қырып-жою қаруын және оның бөлшектерін заңсыз сату.
Бұл жұмыс Орталық Азия мемлекеттеріндегі діни экстремизмнен төнетін қауіптерге ғана арналған. Атап өтетін бір жайт, ұзақ уақыт бойы Ферғана аймағы экстремистік күштердің орталығы болып келді. Орталық Азиядағы қоғамдық және экстремистік күштер арасындағы жанжалдар 1991 жылы басталғаннан бері көптеген қатал келіспеушіліктер орын алған еді. Кеңес Одағының құлдырауынан кейін кейбір ғалымдар діни экстремизм Ортаазиялық аймақты әлемдегі ең тұрақсыз аймақтардың біріне айналдырады деп болжады. Бұл болжамдарда шынайылық бар, себебі, соңғы уақытта діни экстремизмнің белсенді бола бастауы белгіленген болатын, соның ішінде, Түркістанның Исламдық қозғалысы және «Хизб-ут-Тахрира».
Кейбір сараптаушылардың ойынша, Өзбекстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда экстремистік қозғалыстардың көбеюінің себептері болып мынадай факторлар табылады: саяси бағыттың әлсіздігі, экономикалық шарттардың нашарлауы, жемқорлық, өмір сүру деңгейінің бірден төмендеуі, жұмыссыздық және жұмысы нәтижесіз болып табылатын мемлекеттік басқару. Осылардың кейбіреуімен келісуге болады. Алайда, Түркістанның Исламдық қозғалысы мен «Хизб-ут-Тахрираның» өз мақсаты ретінде неліктен халифатты құруды белгілегенін түсіну қиын. 2005 жылы мамырда өзбектің Андижан қаласында орын алған оқиғалар тек әлеуметтік және экономикалық себептерден ғана туындаған жоқ. Онда билік үшін күрестің жалғасуын білдіретін күрделі діни және саяси себептер жатыр. Сонымен қатар, эксперттердің белгілеуінше, тәртіпсіздіктерге қатысқан террористер іштен қаржылай көмек алып отырды.
Бақылаушылардың ойынша, кейбір посткеңестік мемлекеттерде орын алған «түрлі-түсті көтерілістердің» әсері, ізі Ферғана аймағының өзбек бөлігіне жатады. Бұл ой бұрыс ақпаратқа негізделген, экстраполяция әрекеті болып келеді. Бірақ, оған қарамастан, Ферғана аймағы Орталық Азиядағы халық ең көп шоғырлаған жер боғандықтан, және бұл аймақтағы пертурбация күрделі геосаяси нәтижелерге алып келу мүмкіндігінен, оқиғаның дамуының мүмкін жолдарын зерттеу мен бақылауды жалғастыру керек. Берілген мақалада ислам ұстанымдарының әрдайым Ферғана аймағында мықты болатыны айтылады. Алайда, 1991 жылдан кейін экономикалық қиындықтар жағдайды одан сайын күрделендірді.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Орталық Азия қауіпсіздігіне дәстүрлі емес қауіптер
Рамакант Двиведи
КИСИ. Рамакант Двиведи Үндістан қорғаныс Министрлігі жанындағы
қорғаныстық зерттеулер мен сараптама Институтының мүше-тілшісі, Үндістан-
Орталық Азия Фондының зерттеулер жөніндегі координаторы, Нью-Дели, Индия
Қауіпсіздік мемлекеттер мен қоғамдардың қауіптерді шектеуге тырысуын,
сонымен қатар, осы мемлекеттермен жаугершілік деп қарастырылатын өзгерістер
жағдайында мемлекеттердің өз тәуелсіздігі мен қол сұғылмаушылығын сақтауын
білдіреді. Аман-есен қалу қауіпсіздіктің өзекті тапсырмасы болып табылады,
алайда, сонымен бірге, қауіпсіздік өмір сүру шарттарымен байланысты
бірқатар мәселелерді де қамтиды.

Барри Бузан ХХІ ғасырдағы жаһандық қауіпсіздіктің жаңа моделі

Кіріспе

КСРО-ның құлдырауымен және қырғи-қабақ соғыстың аяқталуымен 1991
жылы Б.Бузанның қауіпсіздік мәселесіне байланысты ұстанымы одан да көп
жақтаушыларға ие бола бастады. Қырғи-қабақ соғысы кезінде қауіпсіздік
мәселесіне саяси шешімдердің қабылдануына ықпалын тигізген, дәстүрлі
(әскери-саяси) көзқарас басым болды. Алайда, қырғи-қабақ соғысының
аяқталуынан кейін халықаралық күн тәртібіне қауіпсіздікке дәстүрлі емес
қауіптер қосылды.
Олардың ішінде:
1. Діни экстремизм.
2. Терроризм.
3. Адам саудасы.
4. Экологиялық қылмыстар.
5. Есірткінің заңсыз айналымы.
6. Теңіздік қарақшылық.
7. Қару-жарақ контрабандасы.
8. Жаппай қырып-жою қаруын және оның бөлшектерін заңсыз сату.
Бұл жұмыс Орталық Азия мемлекеттеріндегі діни экстремизмнен төнетін
қауіптерге ғана арналған. Атап өтетін бір жайт, ұзақ уақыт бойы Ферғана
аймағы экстремистік күштердің орталығы болып келді. Орталық Азиядағы
қоғамдық және экстремистік күштер арасындағы жанжалдар 1991 жылы
басталғаннан бері көптеген қатал келіспеушіліктер орын алған еді. Кеңес
Одағының құлдырауынан кейін кейбір ғалымдар діни экстремизм Ортаазиялық
аймақты әлемдегі ең тұрақсыз аймақтардың біріне айналдырады деп болжады.
Бұл болжамдарда шынайылық бар, себебі, соңғы уақытта діни экстремизмнің
белсенді бола бастауы белгіленген болатын, соның ішінде, Түркістанның
Исламдық қозғалысы және Хизб-ут-Тахрира.
Кейбір сараптаушылардың ойынша, Өзбекстанда, Қырғызстанда және
Тәжікстанда экстремистік қозғалыстардың көбеюінің себептері болып мынадай
факторлар табылады: саяси бағыттың әлсіздігі, экономикалық шарттардың
нашарлауы, жемқорлық, өмір сүру деңгейінің бірден төмендеуі, жұмыссыздық
және жұмысы нәтижесіз болып табылатын мемлекеттік басқару. Осылардың
кейбіреуімен келісуге болады. Алайда, Түркістанның Исламдық қозғалысы мен
Хизб-ут-Тахрираның өз мақсаты ретінде неліктен халифатты құруды
белгілегенін түсіну қиын. 2005 жылы мамырда өзбектің Андижан қаласында орын
алған оқиғалар тек әлеуметтік және экономикалық себептерден ғана туындаған
жоқ. Онда билік үшін күрестің жалғасуын білдіретін күрделі діни және саяси
себептер жатыр. Сонымен қатар, эксперттердің белгілеуінше,
тәртіпсіздіктерге қатысқан террористер іштен қаржылай көмек алып отырды.
Бақылаушылардың ойынша, кейбір посткеңестік мемлекеттерде орын алған
түрлі-түсті көтерілістердің әсері, ізі Ферғана аймағының өзбек бөлігіне
жатады. Бұл ой бұрыс ақпаратқа негізделген, экстраполяция әрекеті болып
келеді. Бірақ, оған қарамастан, Ферғана аймағы Орталық Азиядағы халық ең
көп шоғырлаған жер боғандықтан, және бұл аймақтағы пертурбация күрделі
геосаяси нәтижелерге алып келу мүмкіндігінен, оқиғаның дамуының мүмкін
жолдарын зерттеу мен бақылауды жалғастыру керек. Берілген мақалада ислам
ұстанымдарының әрдайым Ферғана аймағында мықты болатыны айтылады. Алайда,
1991 жылдан кейін экономикалық қиындықтар жағдайды одан сайын
күрделендірді.

Орталық Азиядағы Ислам

VIII ғасырда Ферғана аймағы қытай династиясы Тань мен Ислам күштерінің
арасындағы қатаң жанжалдың объектісі болды. Қарама-қайшылықтың нәтижесі
б.з.д. 751 жылғы Таласстық күрес болды. Бұл күрестің нәтижесінде Ислам
жеңіп, Қытай Орталық Азиядан ығыстырылды. Қайнар көздердің мәліметтеріне
сүйенетін болсақ, Ферғана басшысы Аббасидтік халифатқа төлемақы беріп
отырды. Халифат Ферғана аймағына теологтарды жіберіп отырды, ал, ІХ ғасырда
жергілікті билік Исламға бағына бастады. Содан бері аймақ мұсылмандық
діннің орталығы болып табылады. ХІІІ ғасырда аймақ басқа мемлекеттерге
қарағанда монғол шапқыншылығына жақсырақ төтеп берді, ал, монғолдардың
өздері Исламды қабылдай бастады. Монғол ықпалы әлсіреген кезде, Ферғана
аймағында Кокан хандығы (соңғы 400 жыл ішіндегі Орталық Азиядағы үш ірі
хандықтың бірі) пайда болды. ХІХ ғасырдың басында патшалық Ресейдің
әскерлері Орталық Азияда орналасып алған болатын, ал, 1860 ж.ж. олар Хивин
хандығы мен Бұқар эмиратын жаулап алды. Кокан хандығы 1870 ж.ж. аяғына
дейін ғана өмір сүрді.
1897 жылғы халық санағы Худжанд территориясы айналасындағы тәжік халқы
мен Ферғана аймағы орталығының тұрғылықты түркі тілдес халқы арасындағы
айырмашылықтарды анықтады. Бұл лингвистикалық және мәдени шекара 1924 жылы
территорияны делимитациялау кезінде байқалған болатын. Жалғыз ерекшелік, ол
– өзбек халқы тұратын, Қырғызстанға тап келген Ош қаласы. Аймақтағы
жағдайды қазіргі таңда зерттеу кезінде бір маңызды нәрсе ескерілмеген. Бұл
сарттарға байланысты. 1920 жылы кеңестік билік бұл атауды дөрекі деп
атап, оған тиым салды. Дегенмен де, осында бұрын көшіп келген, ұйғыр тіліне
жақын түрік тілінің огуздық диалектісінде сөйлейтін ирандалған түрік
халықтары мен өздерін өзбектер деп атайтындардың арасында айырмашылық бар.
Өзбектер бұл аймақта XVI ғасырдың ортасында Шайбани ханмен бірге пайда
болды. Ферғана аймағында осындай айырмашылықтардың болуын қазақстандық
иранолог Тимур Бейсембиевпен аударылған (Лондон, 2003 ж.) Алимкул өмірі
деп аталатын шығармадан көре аламыз. Алайда, 1924 жылы кеңес билігінің
шешімімен Орталық Азияның барлық тұрғылықты түріктері өзбектер деп аталуы
тиіс болды. Сондықтан, Ферғана аймағы әлі күнге дейін өзбек этносының
жүрегі ретінде қабылданады.
Большевиктердің көтерілісінен кейін ортаазиялық халықтар теңдік туралы
кеңестік ойдың Ресейдің басымдылығын білдіргендігін түсінді және Ферғана
аймағында көтеріліс жанданды. Кеңес әскерімен күреске өздерін басмачтар
деп атаған адамдар тобы кірісті (Орталық Азия аймағының көптеген тұрғындары
әлі күнге дейін оларды батыр деп санайды). Олар мұсылман болды, және
жергілікті исламдық көшбасшылар оларға жан-жақтан көмектесті. Нәтижесінде,
олар жеңіліске ұшырап, аймақтың оңтүстігіне қарай ығыстырылды. Бірақ,
алдыңғы ғасырдың 30 ж.ж. дейін өз шабуылдарын жалғастырып отырды.
Ферғана аймағындағы діни экстремизмнің тарихының түп тамыры ХХ
ғасырдың 50-ж.ж. жатыр. Мухаммад Хиндустани Рустамов, сонымен қатар, Хаджи
Домла (мұғалім) ретінде белгілі болған, Орталық Азиядағы елеулі биресми
рухани көшбасшы болды. Ол 1892 жылы Ферғана аймағындағы Кокан деген жерде
дүниеге келген, Бұқарада, Ауғанстанда және Деобандада (Үндістан) білім
алды. 1929 жылы Өзбекстанға қайтып келген кезінде салафизмді таратты деген
айыппен қамауға алынды. Ол 15 жыл Сібірде болды. 1947 жылы Душанбеге көшіп,
Тәжікстанның ғылым Академиясы жанындағы шығыстану Институтында қызмет етті.
1989 жылы Душанбеде қайтыс болады. 1970-ж.ж. оның жолын қуушылардың
кейбіреуі ваххабиттік және салафиттік қозғалыстарға қосылып кетеді. Олардың
айтқан сөздерінің жазбасы әлі күнге дейін ваххабиттер арасында сақталуда
және жаңа мүшелерді қабылдауда пайдаланылады. Соңғы уақытта ваххабиттер
тобына әлеуметтік негізді кеңейту үшін әйелдерді де қабылдай бастаған.
Орталық Азиядағы ваххабизмді қолдаушылар шетелдегі осы қозғалысты
қолдайтындардан және көшбасшылардан көмек алады. Тексерулерге тап болмау
үшін Орталық Азия тұрғындары Түркияда, Сауд Аравиясында және Пәкістанда
туристік сапарларды сылтау етіп, идеологиялық дайындықтан өтеді. Сонымен
қатар, дәріс алушылар қайтып келгеннен кейін өзінің табысты бизнесін ашу
үшін бастапқы қаржы алады.

Орталық Азияда Исламның қайта жандануы

Кеңес Одағының құлдырауынан кейін Орталық Азияда Ислам қайта жандана
бастады, және Ферғана аймағы осы үрдістің орталығы болатынын күтуге болатын
еді. Орталық Азиялық Республикаларда, негізінен Пәкістаннан және Сауд
Аравиясынан шыққан мұсылмандық миссионерлер пайда болды. Бүгінгі күнде
Ферғана аймағына халықтың үлкен тығыздығы және мешіттердің үлкен саны тән.
Діни экстремистік қозғалыстардың көп бөлігі дәл осы жерде пайда болып
немесе дәл осы жерде қолдау тапқаны таң қаларлық нәрсе емес.
Экстремизмнің идеологтары бүкіл аймаққа өз сенімін таратып, ақыр
соңында орнататынына нық сенімді, әрине, осы жағдай бұл идеологияны
қолдайтындар мен оның қарсыластарының арасында күресті туғызды. Сонымен
бірге, Исламның рөлі туралы жанжалдар қазіргі кезде Ферғана аймағының
қауіпсіздігі мәселесін туғызып отыр. Кеңестік уақытта Исламның таралуы
шектеулі болды, себебі, ол кезде діннің әлеуметтік және жеке басты мәні
құнсызданып кетті. Кеңес Одағы тарағаннан кейін Ферғана аймағында саяси
Ислам күшейе бастады.
Кейбір бақылаушылардың ойынша саяси күшшіздік және парақорлық діни
экстремизмнің туындауына алып келді. Экономикалық бағытты ұстанушылар
экстремизмнің пайда болуында әлеуметтік-экономикалық себептердің
маңыздылығын атап өтеді. Осылайша, Грэм Фуллердің айтуынша, экономикалық
жағдай мен Ферғана аймағында экстремистік қозғалыстың күшеюі арасында
байланыс бар. Осы бағытқа сүйенетін болсақ, экстремистік қозғалысты
жұмыссыздық, кедейшілік, инфляция және экономикалық дамудың төмен деңгейі
тудырды. Алайда, бұл бағыт бірдей қиын жағдайға қарамастан, неліктен бір
мемлекеттерде экстремизм дамыған, ал, басқаларында дамымаған екендігін
түсіндіре алмайды.
Біз білетідей, Исламдағы кейбір бағыттар мен қозғалыстар ортодоксалды,
компромиссіз болып келеді. Олар Исламның шынайы мәнін тежейтін
мұсылмандарды сынайды. Салафизм және ваххабизм қозғалыстары ортаазиялық
мемлекеттердің діни, мәдени және дәстүрлі негіздерін қабылдаудан бас
тартады. Джон Эспозитоның айтуынша, джихад үшін діни экстремистер Исламның
классикалық канондарын мойындамайды. Көптеген исламдық теологтар
Кашмирдегі, Чечнядағы, Андижандағы және басқа жерлердегі моджахедтердің іс-
әрекеттерін сынайды, себебі, олар Исламның негізгі канондарын тежейді.
Олардың ойынша, Ислам террорист-өзін-өзі өлтірушілерді қолдамайды және
хадистан үзінділерді келтіреді: кімде-кім өзін қандай да бір жолмен
өлтірсе, тозақта дәл сондай қиындық кешеді және кімде-кім осы өмірде өзін
қандай да бір жолмен өлтірсе, дәл сондай қиындықты қайта өмірге келген
кезде басынан кешеді. Діни экстремистік топтардың, қозғалыстардың,
партиялар мен ұйымдардың пайда болу себептерін сараптау үшін діни, мәдени,
әлеуметтік, саяси және идеологиялық алғышарттаға тоқталып өту қажет.

Орталық Азиядағы Исламдық партиялар және топтар

Діни экстремизм Орталық Азияның көптеген облыстарында таралған суфизм
дәстүрлеріне қарсы қойылады. Төменде Орталық Азия территориясындағы
исламдық партиялар мен топтардың тізімі келтірілген:
• Өзбекстанның қайта жандану исламдық партиясы (ИПВУ);
• Адолат партиясы (Әділет);
• Ислом Лашкарлари (Ислам күресушілері);
• Товба (Тәуба);
• Иймончилар (сенушілер) және Акрамийлар, немесе
Халифатчилар (халифатты ұстанушылар);
• Өзбекстанның исламдық қозғалысы (ИДУ);
• Хизб-ут-Тахрир (Босату партиясы);
• Түркістанның исламдық қозғалысы (Орталық Азия);
• Тәжікстанның қайта жандану исламдық партиясы (ПИВТ).
Жоғарыда аталған барлық ұйымдарды ортақ талаптар біріктіреді:
• Исламның негізгі қағидалары мен канондарына қайтып оралу, оны
ерес пен шегінулерден тазарту;
• Хакимия мен халифатқа негізделген саяси жүйе;
• Шариаттық құқық және шариат нормаларының орындалуының заң
шығарушы және атқарушы биліктің алдында приоритетті болып келуі.

Исламдық қайта жандану партиясы (ИПР)

Алғашқы мұсылмандық партия Исламдық қайта жандану партиясы 1990 жылы 9
маусымда Астрахань қаласында құрылды. Бұл партия Кеңес Одағы ыдырағаннан
кейін Жалпыресейлік Исламдық қайта жандану партиясына айналды. Партия
Өзбекстанда қызмет етті, алайда, ұзақ емес, себебі, көп ұзамай оның
қызметіне үкімет тиым салды. Партияның мүшелері мен қолдаушылары өз
қызметін заңсыз түрде жалғастырды. Намангандағы Ата-Вали-Хан-Тура мешітінің
имамы және Рахматулла-коридің жолын жалғастырушы Абд Аль-Ахад өз
жақтастарымен қосылып, шариаттық құқықты орнатуға шақырды. Олардың
айтуынша, шариаттық құқық барлық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп,
деспотизмге, теңсіздікке және қылмыскерлікке жол бермейді.
Тиым салынған Исламдық қайта жандану партиясының мүшелері 1991 жылы
Адолат (әділет) партиясын құрады. Сонымен қатар, 1991 жылы Наманган,
Андижан және Ферғана аумақтарында алдарына исламдық мемлекет құруды мақсат
етіп қойған екі заңсыз топ құрылады: Ислом Лашкарлари (Ислам
күресушілері) және Товба (Тәуба). Адолат партиясы Наманганда исламдық
мемлекет құруға шақырған шерулерді өткізді. Күрделі жағдай 1991 жылы
Наманганда болды. Ол кезде Адолат партиясының мүшелері мен жақтастары
Өзбекстанның Коммунистік партиясының штабын қоршауға алады. Намангандық
қалалық әкімшіліктің басшысы оларға таңдап алған жерлерінен мешіт салуға
рұқсат бермеген еді. Осы жағдай бұл қоршаудың себебі болды.
Иймончилар, Акрамийлар және Халифатчилар да осындай немесе басқа
жолмен болсын, халифатты құрудағы жалпы іске өз септігін тигізді. Осы
партиялардың ұйымдастырушысы болып Акрам Юлдашев саналады. Осы топтар мен
партиялардың қызметі посткеңестік Орталық Азиядағы діни экстремизмге бастау
салды.
Осы уақытта Ферғана аймағында мықты көшбасшы – Тохир Юлдашев пайда
болды. Осыған байланысты, діни экстремисттер Ташкенттегі Ислам Каримовтың
үкіметін құлату үшін соғыс бастай алатындарына сене бастады. Үрейленген
өзбек үкіметі бұл топртарға қатысты бірқатар шараларды қолданды, және 1995
жылы олардың қызметі бақылауға алынды.
Ташкентте 1992 жылы 8 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Жоғарғы
Кеңесінің ХІ отырысында қабылданған Өзбекстан Конституциясының 31 бабына
сәйкес: Барлығы үшін ар-намыс еркіндігіне кепілдік беріледі. Әрбір адам
кезкелген дінді уағыздауға немесе ешқандай дінді уағыздамуға да құқығы бар.
Діни көзқарастарды мойындатуға тиым салынады. 61 бапқа сәйкес: Діни
ұйымдар мемлекеттен бөлек болып табылады және заң алдында тең. Мемлекет
діни ұйымдардың қызметіне араласпайды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, діни экстремизм
және халықаралық терроризммен күрес ұлттық қауіпсіздіктің приоритеті болып
табылады. Қазақстанның сәйкес халықаралық келісімдерді дайындауға, жүзеге
асыруға қатысуы үлкен мәнге ие болар еді. Сонымен қатар, ол діни
экстремизммен күресте тығыз аймақтық ынтымақтастықтың қажеттілігін атап
өтті. Қазақстан терроризммен және экстремизммен күресте антиәскери шаралар
жөніндегі 11 халықаралық конвенцияға қол қойды. Сонымен бірге, Қазақстан
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШОС) мүшесі болып табылады. Бұл ұйымның
мүшелері терроризммен, сепаратизммен және экстремизммен күрес жөнінде
Конвенцияға қол қойды және Қазақстан Ұжымдық Қауіпсіздік Келісімі Ұйымының
(ОДКБ) және ТМД антитеррористік орталығының (АТЦ) қызметіне белсенді
қатысуда.
Қазақстанда да діни экстремизмнің қаупі өте жоғары, себебі, 2004 жылы
республикада Хизб-ут-Тахрир экстремистік ұйымының қағаздарын таратудың
182 фактісі тіркелген. 2004 жылы кувейттік Әлеуметтік реформалар
қоғамының қазақстандық бөлімшесімен құрылған Оңтүстік Қазақстандық
гуманитарлық Академияның қызметіне тиым салынды.
Алдыңғы жылдың ақпан айында Қазақстанда экстремизмге қарсы іс-шаралар
жөнінде заң қабылданды. Қазақстан территориясындағы шетелдік және
халықаралық ұйымдар прокурордың арызының негізінде экстремистік болып
танылуы мүмкін. Өз мақсаттары ретінде елде діннің басымдылығын, діни
қайшылықтарды туғызу мен діни экстремизмнің пропагандасын анықтаған діни
ұйымдардың құрылуы мен қызметіне заң тиым салады.
Есте сақтайтын бір жайт, экстремистік топтардың көп бөлігі Ферғана
аймағында пайда болды. Бұл аймақ Орталық Азияның жалпы аумағының 5% алып
жатыр, осыған қарамастан, осында бүкіл аймақтың халқының 20% өмір сүреді.
Аймақтағы тарихи исламдық дәстүрлер әлдеқайда мықты болды, ал, Бұқара,
Самарқанд, Хива секілді аймақтарда экстремизмнің ізі де болған жоқ.
Тағы да бір маңызды аспект – халықаралық есірткі контрабандасы мен
діни экстремистік ұйымдар арасындағы байланыс. Бұл ұйымдардың мүшелері мен
жақтастары Ауғанстаннан Орталық Азия мен басқа елдерге есірткі тасымалына
қатысты. Бұл байланыс әлі де сақталуда, ал, сауда көлемі өсуде. БҰҰ-ның
бағалауынша, Ауғанстан әлемдегі ең ірі есірткінің қайнар көзі болып
табылады. 2003 жылы есірткі саудасынан түскен пайда (2,3 млрд. $) елдің
ішкі өнімінің көлемінің жартысын құрады. Ал, 2004 жылы елде жасалып
шығарылған есірткінің жалпы көлемі 4 мың тоннадан асты.

Өзбекстанның исламдық қозғалысы және Түркістанның исламдық қозғалысы

1996 жылы біріккен тәжік оппозициясы тәжік үкіметімен бейбіт келісімге
қол қоятыны белгілі болғанда, бірден Тохир Юлдашевпен Өзбекстанның исламдық
қозғалысы құрылды. Джума Намангани немесе Тожиба есімдерімен белгілі болған
Джумабой Ходжиевпен бірге ол бұл ұйымның құрылуы мен қызметіне көмектесті.
Намангандық облыста дүниеге келген Джума Наиангани 1987 жылы КСРО әскери
қызметіне орналасады. Бір кездері ол Ауғанстанда қызмет етті. 1989 жылдан
бастап Исламды игере бастады және діни білімін белгілі теолог Абдулвали
Мирзоевтан алады. 1991 жылдан бастап, ол – салафизм мен ваххабизмнің
белсенді жақтасы.
Өзбекстанның исламдық қозғасының жарияланған мақсаттары –
Өзбекстандағы Ислам Каримовтың үкіметін құлатып, исламдық мемлекет құру. Өз
қызметінің басынан бастап бұл ұйым Тәжікстан мен Қырғызстан арқылы
Ауғанстаннан Ресейге, Шығыс Еуропасы мен Батысқа тасымалданған есірткі
контрабандасына қатысты. Осылайша, есірткі саудасы партияның қаржылық
жүйесінде өте маңызды рөлді ойнады. Біріккен тәжік оппозициясының
күштерінің көмегімен Джума Намангани Тәжікстанның ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның қауіпсіздік жүйесіндегі терроризмге қарсы күрес саясатының шаралары, мақсаттары мен бағыттары
Халықаралық терроризмнің Қазақстанға қауіп төндіру жолдары
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Қазақстанның саясаты
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның қатынастары: жаңа қауіптер жағдайындағы саясат ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС САЯСАТЫНЫҢ ШАРАЛАРЫ, МАҚСАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ ЖАЙЫНДА
ХХІ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ
Қазақстанның Ресей мемлекеті үшін маңыздылығын сараптау жұмысын
Қазіргі кезеңдегі ақш-ң сыртқы саясатының концептуалдық негізі
Пәндер