Гуманистік білім беру парадигмасының рухани адамгершілік тәрбиелеудегі рөлі


Гуманистік білім беру парадигмасының рухани адамгершілік тәрбиелеудегі рөлі
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі кең ауқымды реформалаумен сипатталады, яғни оның базисті негізінің жаңа әдіснамасын анықтау арқылы жүзеге асырылуы көзделіп отыр. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылғы білім беруді дамыту бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір сатылық кезеңдеріне білім мазмұнының жетілген жаңа үлгілері енуі тиіс. Біздің еліміздің білім жүйесін реформалау үшін ғылыми негізделген ықпалдарды өндеуді болжауда жұмыс істейтін механизмдер енгізу мен оны жаңарту жолын қарастыру қажеттігі мемлекеттік бағдарламаларға еніп отыр. Қазіргі заманғы философиялық, педогогикалық зерттеулердің концептуалды бағыттарымен сәйкес білімді жаңартудың негізгі принциптері гумандық, демократиялық және білімді гуманитарландыру принциптері “гуманистік парадигманы”орындауға бағытталған. Сол себепті білімді гуманитарландыру идеясы білім беру мазмұнын ізгілендіру ойларымен тығыз байланысты және технократиялық құндылықтардан азат қоғамдық санаға қайта бағдарлауына бағытталған.
Қазақстан Республикасында білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жастарға гуманистік тәрбие беру мәселесі жалпы адамзаттық құндылықтармен мазмұнында қалыптастырылуы тиіс делінген. Ал, гуманистік көзқарас гуманитарлық мазмұнды білім негізінде қалыптасады, олар әлем бейнесін негіздеу қызметін атқарады, ол ғылыми білімнің әр түрлі өрістерін, гуманистік жемтану негізінде интеграциялау XXI ғасыр адамының қалыптасуы үшін толық құнды негізді құрайтын ескермесе болмайды. Ол мазмұн бойынша “гуманистік адами көзқарастар жүйесіндегі рухани құндылықтарды мойндауға икемделу, сол арқылы бостандыққа, бағытқа ұмтылудың жағымды әрі ізгілікті өрикеттерін жүзеге асыруға қабілетті болу” - деген анықтаманы тұжырымдауға болады.
Гуманистік көзқарас қалыптастыру гуманистік парадигмада “Өмірге дайын адамды” немесе “Әрекет жасайтын адамды” парадигмасын “білімді адам” парадигмасымен ауыстыруды жөн деп санайды. Барлық парадигмалардың осылайша алмастырылуы барлық оқытудың әдістемелік жүйесінің маңызын қайта ойластыруды талап етеді. Т. Кун, М. Н. Берулова, В. А. Сластенин және т. б. ғалымдардың пікірі бойынша, гуманистік тәрбие парадигмасы - білім беру міндеттернің біркелкі шешімін табатын нақты көзқарас пен айқын стандарты болып табылады.
Қазіргі педогогикалық терминалогияда “оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру дегеніміз - гуманнитарлық пәндердің рөлін күшейту, оқу пәндерінің мазмұнының гумандылығын анықтау және оның жаңа бағалау нормаларын анықтау, оқу процессін толық ізгілендіру” - болып табылады деп анықтама берілгенімен, оқу-тәрбие процессін гуманитарландыру аксиологиялық тұрғыдан алып қарағанда, оның мазмұнын әлеуметтік құндылық кешені ретінде “адамдардың мәндік күштерінің еркін дамуы және өмірлік ұмтылыстардың шығармашылық сипатта жүзеге асырылуы үшін жағдай туғызуды талап ететін әрекет жүйесі деп санау қажеттілігі (саяси, экономикалық, психологиялық педогогикалық және т. б. ) есепке алынбаған. Осы тұрғыдан қарағанда гумандылықты-тұлғалық бағдарлаушы көзқарастардың жүйесі ретінде, әлемдік құрылымның өзіндік үлгідегі болмысы деп қарастыру дұрыс болып табылады. Ол адамға бағытталған кең түрдегі әлеуметтік бағдарлама сипатына ие бола алады, бірақ тәрбиелене алмайды.
Гуманистік(Феноменологиялық) парадигма
Басты назарда - оқушының дамуы, оның жеке мұқтаждықтары, тұлғааралық қарым-қатынастар. Түйіні: ізгілікті амал, тұлғалық өсуге көмек беру, өмірге дайындығына назар аудару. Бұл амалдың негізінде даму, өзіндік даму, өзін-өзі көрсету, шфғармашылық жатыр.
Даму - оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі. Выгодскийдің айтуынша, даму балаға берілетін көмек шамасымен анықталады. Выгодский бойынша, дамудың екі аймағы бар:
Өзекті даму аймағы, яғни БИД (білім, икем, дағды) меңгеріп, оны өздігінен пайдалану аймағы. Жақын даму аймағы, яғни білім игеру үшін баланың ересектер көмегін пайдалану аймағы. Сонымен бірге, жалпы даму (әмбебап қабілеттер), арнайы даму (салалық қабілеттер, дарындылық), мәдени даму салалары бар.
Дамудың ең жоғары деңгейі - өзіндік даму.
Бастысы: таным жолын әркімнің өздігінен табуы.
Ұраны: «Таным - күш!».
Педагогикалық процесс диалог немесе полилог бойынша жүзеге асады және импровизацияға толы, біржақты шындық болмайды.
Негізгі ұстанымы: әркімнің дүниені тану құқығын шектемей балалар мен ересектердің құндылық-бағдарлы теңдігі. Бұл бағыт субъект-субъектілік қарым-қатынасты қалыптастырады. Мұғалім мен оқушылар іс-әрекеттің мақсатын, оның мазмұнын бірлесе жасап, оны ұйымдастыру мен бағалау формаларын ынтымақтастықта жұмыс жасай отырып, таңдайды. Негізгі өкілдері: Сократ; Коменский; Песталоцци; Руссо; Дьюи және тағы басқалар. Олардың көзқарастары бағыттас болғанымен, пікірлері бірдей бола бермейді. Парадигма аясында білім берудің алуан түрлі үлгі, нобайлары қатар жүзеге асырылуда. Бірақ олардың бір бағыттас екендігін балаға деген құндылық қатынас пен баланың дамуы мектептің басты мақсаты екендігін мойындауы көрсетеді. Парадигма 1991 жылы әр жерде мұғалімдер бастамасымен енгізілді. Осы уақытқа дейін өзектілігін жойған жоқ. Кейбіреулер бұл парадигманың уақытша құбылыс екенін, кейін менталитетке сай келетін білімдік парадигмаға қайта оралатынын айтады.
Қоғамның қандай саласы болмасын тәрбие өзінің маңыздылығын жоймайды. Қарапайым адамның жеке бас тәрбиесінен бастап, қоғам алдындағы, Құдай алдындағы тәжрибесіне дейін барлық деңгейде, барлық салада тәрбие түсінігі болады және адамның әлеуметтік дәрежесіне қарай да одан ерекше тәрбие түрі талап етіледі. Мысалы: Пайғамбарымыздың мына хадисіне қарайтын болсақ, «Көршісі аш бола тұра өзі тоқ болып түнеген мұсылман емес» дей отырып, тәрбиенің көршілердің арасында да жоғары деңгейде көрініс табатындығын меңзейді.
Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын қоғамның моральдық сипаты мен тәрбие мақсатының тұжырымдамасы белгілейді. Қазіргі мектептердегі адамгершілік тәрбиенің мәнін ажырату үшін ондағы моральдық құндылықтарға зейін қою керек. Дәлірек айтқанда, қалыптасқан адамгершілік таным, имандылық, тұлғаның өзі мойындаған адамгершілік талаптар және Батыс пен Шығыс елдерінің келіп жатқан тәрбие саласындағы ұғым-түсінік, әдеп тәлімдеріндегі түрлі тәжірибелер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz