Экономиканы мемлекеттік реттеу: маңызы мен бағыттары
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҮЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен реттеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Экономиканы салықтық.фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2 ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.1 Нарықтағы ақша.несие саясатының механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Қазақстан Республикасының индустриялы.инновациялы саясаты ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғамның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы мемлекеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясаттың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да реттеуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының өз егемендігін алып, жаңадан нарықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік реттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын. Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар мен даму жолдарын мемлекеттік реттеудің рөлі орасан зор болып табылады.
Осыған орай жұмыс тақырыбы «Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары мен үлгілері» деп бүгінгі таңдағы өзекті болып табылатын мәселеге байланысты тақырып алынды.
Тақырыптың өзектілігі макроэкономикалық деңгейде экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызы зор болып табылады. Себебі, әлемде қандай-да мемлекет болмасын, өз экономикасын белгілі бір дәрежеде мемлекеттік реттеп отырады. Тиімді жүргізіліп отырған мемлекеттік реттеу шаралары мен саясаттары негізінде мемлекет өзінің ұлттық экономиканың жан-жақты дамытып, халқының әл-ауқатын жақсартып, әлемдегі өзіндік орны бар жоғары бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосыла алады.
Тақырыпты орындаудағы негізгі мақсат пен міндеттеріме келесілерге келесілер жатады: экономиканы мемлекеттік рететудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің қажеттігі мен ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып табылады.

1. Петрова Р.П. Государственные регулирование рыночной экономики Под. ред. СПб, 1999г.
2. Артықбаева Ж.О. Мемлекет және билік. Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
4. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу: Оқу құралы – Алматы: - 2003. –41бет.
5. А.Исаева Мемлекеттің дамуына әсер ету тұрғысындағы Қазақстанның қазіргі кездегі салық жүйесінің ерекшеліктері // Қаржы-Қаражат, 2005, №6, 52-55 стр.
6. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика: Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М.: Дело. 2002. – 472 с.
7. Мэнкью Н.Г. - Макроэкономика. – Москва. - 1994 г.
8. С.Б. Мақыш. Оқу құралы Ақша айналысы және несие – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.
9. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика. - 2003. –201 бет.
10. Досниязова А.К. Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 56-96 стр.
11. Сайденов А.Г. О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 21-24 стр.
12. Купешова Сауле Телеухановна / Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан, – диссертация, Алматы, 2002 г.
13. К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова.Инновационный менеджмент. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
14. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.- 214 стр.
15. Стратегия Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы – Алматы, 2003 ж
16. Н. Ә. Назарбаев. Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
17. Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ: ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ҮЛГІЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен реттеудің негізгі
әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан экономикасы
үшін маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2 ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДЕГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1 Нарықтағы ақша-несие саясатының механизмі
... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялы саясаты ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...36
КІРІСПЕ
Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғамның негізгі
буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге
асырады. Экономиканы мемлекеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның
экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясаттың
байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады.
Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын
береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану
арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи
да реттеуді қажет етеді.
Қазақстан Республикасының өз егемендігін алып, жаңадан нарықтық
қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі
мемлекеттік реттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы
мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі
туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз
ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау,
экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын. Ал бүгінгі еліміздің
аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа
формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр. Ол әсіресе
Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50 елінің қатарына қосылуға
ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде болып отыр. Сол себепті,
Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың, дамытудың әдіс-
шараларын ендігі жерде дамыған елдердің экономиканы реттеу мен ұлттық
экономика үшін маңызды болып отырған салалар мен даму жолдарын мемлекеттік
реттеудің рөлі орасан зор болып табылады.
Осыған орай жұмыс тақырыбы Экономиканы мемлекеттік реттеу: қағидалары
мен үлгілері деп бүгінгі таңдағы өзекті болып табылатын мәселеге
байланысты тақырып алынды.
Тақырыптың өзектілігі макроэкономикалық деңгейде экономиканы
мемлекеттік реттеудің маңызы зор болып табылады. Себебі, әлемде қандай-да
мемлекет болмасын, өз экономикасын белгілі бір дәрежеде мемлекеттік реттеп
отырады. Тиімді жүргізіліп отырған мемлекеттік реттеу шаралары мен
саясаттары негізінде мемлекет өзінің ұлттық экономиканың жан-жақты дамытып,
халқының әл-ауқатын жақсартып, әлемдегі өзіндік орны бар жоғары бәсекеге
қабілетті елдер қатарына қосыла алады.
Тақырыпты орындаудағы негізгі мақсат пен міндеттеріме келесілерге
келесілер жатады: экономиканы мемлекеттік рететудің қажеттігін, маңызын
және қалыптасқан реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің
қажеттігі мен ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі
мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы
маңызды болып табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау
болып табылады.

1.1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі мен реттеудің негізгі
әдістері
Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін
сферасыда қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса да, экономикаға
араласуы және реттеуі бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.
Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі екі
негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.
1) Кейнстік мектеп – шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу
концепциясы және мемлекеттің қоғмадық шаруашылық өміріне араласпауы туралы
неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы аталған екі
теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың екеуі де
мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған
экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық
қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі
айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы
айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем
араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің түнгі күзетші рөлін
атқарғанын дұрыс дейді. 1, 16 б.
Ал мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді:
экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің құқықтық шаралар жүйесі, реттеу
экономикалық тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік-
экономикалық жүйенің қызметіне араласу болып табылады.
Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік
реттеуді мемлекеттің өзіне негізгі административті экономикалық және
ұйымдық-құқықтық араласуы, әсіресе әлеуметтік-экономикалық процеске, яғни
оның рационалды балансын және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау көрсету
екендігін атап өтті. Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын
сақтауға және дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне тән
кемшіліктерді мемлекет экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті.
Бәрімізге белгілі нарықта негативті жағдайлар бар. Яғни, барлық адамзат
қарамағындағы, теңіздердегі барлық байлықтар толығымен пайдаланылмайды.
2, 64 б.
Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:
1) Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
2) Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр
түрлі нұсқасы;
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:
1) Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
2) Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:
1) Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан;
2) Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет
тәртібінің белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер
жүйесі меншік формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарын келісім-
шарт жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;
3) Әкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады.
Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау
шараларымен айналысады.
4) Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатына және ұлттық
экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл
жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер
ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.
2,76 б.
Ал экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері
кең тараған:
1) Ұлттық қорғаныс;
2) Фундаменталды ғылым;
3) Космостық зерттеулер;
4) Денсаулық сақтау;
5) Қала құрылысы, заводтар салу;
6) Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын
реттеу;
7) Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;
8) Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
9) Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың
тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;
10) Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей: 3, 27 б.
- Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
- Бәсекелік ортаны барынша қолдау.
Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:
1) Экономикалық өсім;
2) Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;
3) Бағаның тұрақтылығы;
4) Сыртқы экономикалық тепе-теңдік.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып
табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттуді қажет ететін
салалары мен аумақтары.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің әдістерін келесідей
жіктеуге болады: 3, 29 б.
1.Сурет – Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері
1-ші суреттен көріп отырғанымыздай тікелей ретету шаралары неғұрлым
әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу әдістері экономикалық сипат
алады. Енді осы экономиканы рететудің нарықтық экономикада маңызды болып
табылатын әдістеріне жекелеп тоқталып өтсек.
1.2 Экономиканы салықтық-фискалдық реттеу және оның Қазақстан
экономикасы үшін маңыздылығы
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу
механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда
болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң
қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы салықтық
және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты саясат
фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен
ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-
теңдіке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және нақты қолдану процесі. 3, 312 б.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi. ҚР Қаржы
министiрлiгiнi бюджетi жедел деректерi бойынша 2008 жылғы 1 шiлдеге
мемлекеттiк бюджет табыстары 1599 млрд. теңгенi немесе орындалатын бюджетке
қатынасы 46,6 % құрады. Шығындар бойынша бюджеттi орындалуы 1547,2 млрд.
теңгенi құрады. 2007 жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда табыстар 21,7%- ға
остi. Бюджет дифицитi ( таза бюджеттiк кредит берудi және қаржылық
активтермен болатын операциялар бойынша сальдоны есепке алғанда) 112,2
млрд. Теңге деңгейiнде қалыптасты.
Мемлекеттiк бюджет табыстарының құрылымында негiзгi үлестi
салықтық түсiмдер (74,6%) алады. Бюджеттiң негiзгi қайнар козi
корпоративтiк табыс салығы, қосылған құнға салық және әлеуметтiк салық
болып табылады.
2.Сурет- Мемлекеттiк бюджеттiң салықтық түсiмдерiнiң құрылымы.
2008 жылғы қаңтар-маусымда мемлекеттiк бюджет табыстарының құрылымында
салықтық емес түсiмдер – 2,3%, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер –
1,7%, трансферттердiң түсiмi – 21,7%-ды құрады.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-
кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық реттеулерді қамтиды. Осы
аталған экономиканы қаржылық реттеулердің ішінде салықтық реттеудің орны
мен маңыздылығы ерекше болып табылады. Экономиканы салықтық реттеуде тура
және жанама салықтар қолданылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық
нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме негізгі қолданыста болады.
Дүниежүзілік тәжірибе салықтық реттеуде келесідей реттеу әдістерін: салық
салуда – салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен
санкциялар, салықтық-бюджеттік ынталандыру және тежеу саясаттары, салықтық
бөлу және қайта бөлу, бақылау қызметтері жатады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылады. Салықтар өз кезегінде қаржының бастапқы категориясы.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын
түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей үш
қызметтерi бар:
1) Фискалдық;
2) Рететушiлiк;
3) Бақылаушылық. 4, 41 б.
Салықтардың экономиканы реттеудегі басты қызметi – фискалдық немесе
бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк
бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады.
Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып,
әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да
шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн
құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар болып табылады.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет
(мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық
табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы
мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Мультипликатордың іс-әрекеттерінің жоғары баяндалған мүмкіндіктері
ескеріле отырып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық
фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы
фискалдық саясат жүргізіледі. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық
экспанция) – бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк
құлдырауды жою мақсатын қояды. Аталған ынталандырушы бюджеттік-салық
саясаты мыналарды қарастырады: 5, 52 б.
1) мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) салықтардың төмендеуі;
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы
тиіс.Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілк фискалдық
саясат кері бағыттарды қамтиды:
1) мемлекет шығыстарының азаюы;
2) салықтардың көбеюі;
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
табылады.Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және
олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды
жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. 5, 55 б.
Сонымен қатар экономиканы мемлекеттік рететулердің негізгі
құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік
қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып
табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі
көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын
халыққа және шаруашылық қызмет етуші субъектілерге салынатын тура және
жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.
Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде
елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге
болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған
сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың
экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар,
одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша
өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағай жасауы қажет.
6, 422 б.
1.Кесте - Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң жалпы кiрiсiндегi
салықтық түсiмдердiң үлес салмағы
2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007
Мемлекеттiк бюджет 242,7 279,4 304,1 393,0 587,0 746,9 978,3
кiрiсi (млрд. теңге)
Оның iшiнде салықтық 178,1 204,1 215,6 330,3 524,1 670,0 816,4
түсiмдер
Салық түсiмердiң 73,4 73,0 70,9 84,0 89,3 90,2 83,5
мемлекеттiң
бюджетiндегi үлесi
Осыған орай қазіргі кездегі салық салу жүйесіндегі заңнамаларға
сәйкес салықтар фискалдық, реттеу, бақылау, бөлу сияқты негізгі
функцияларды атқаратындығын еске түсіре кеткен дұрыс. Фискалды функцияның
мақсаты жалпыға ортақ немес мақсатты мемлекеттік бағдарламаларды орындау
үшін қаржы құралдарын бюджетке жұмылдыру болса, ал қалған функциялар осы
аталған функциядан бастау алады. Яғни, салықтардың реттеу қызметі
мемлекеттің салық механизмі арқылы белгілі бір қаржы-экономикалық
(ынталандыру, шектеу, ұдайы өндірістік) мақсаттарға қол жеткізуге
бағытталған. Бақылау функциясы табыстар көрсеткіштері мен мемлекеттің қаржы
ресурстарына деген қажеттілігін салыстыру арқылы салық сомасын бағалау
мақсатында кәсіпорындар мен халықтың қаржы – шаруашылық қызметтерінің
нәтижесін қадағалауға бағытталады. Әлеуметтік немесе бөлу функциясы
халықтың түрлі әлеуметтік топтарының арасында әлеуметтік тепе-теңдікті
сақтау мақсатында табыстың бір бөлігін бір әлеуметтік топтан алып, әдетте
әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар категориясы деп аталатын екінші топтарға
қарай беру арқылы қоғамдық табысты қайта бөлуге бағытталған.
3.Сурет- Мемлекеттiк бюджет табыстары.
Әлеуметтік комекке және әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған шығындар
2008 жылғы қаңтар-маусымда откен жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда 12,6%-
ға, жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет корсетулерге жұмсалған шығындар 8,5-
ға, бiлiм беруге 25,9%- ға және денсаулық сақтау- ға 16,3%- ға атты.
Салықтарды салу объектісі бойынша олар тура және жанама салықтарға
бөлінеді. Тура салықтар – салық төлеушінің кірісі мен мүлкінің тікелей
төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі.
Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне (үй, жер,
кәсіп, ақшалай капитал) салынады. Жеке тура салықтар – бұл жеке адамдар мен
заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты
салықтардан айырмашылығы – жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке
табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайында ескереді.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық
төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Салық
Кодексіндегі 9 салық түрінің екеуі, яғни қосылған құнға салық пен акциздер
жанама салық түрлеріне жатады. 6, 471 б.
Салық Кодексi Қазақстанда мынадай салықтар енгiзiлдi:
1) Корпорациялық табыс салығы;
2) жеке табыс салығы;
3) қосылған құн салығы;
4) акциздер;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың салықтар мен арнайы төлемдерi;
6) әлеуметтiк салық;
7) жер салығы;
8) көлiк құралдары салығы;
9) мүлiк салығы.
Мұндағы қосылған құнға салық пен акциздер жанама салықтарға жатады. Ал
қалған салықтың жетi түрi тiкелей салық салу болып табылады. 7, 34 б.
Корпорациялық табыс салығы.Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекеттiк
мекемелердi қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары,
сондай-ақ Қазақстанда қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе
республикадағы көздерiн табыс алатын бейрезидент-заңды тұлғалар төлейдi.
Арнаулы салық режимiн қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестiң
субъектiлерi, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнiмiн
өндiрушiлер, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi корпорациялық табыс
салығын төлейдi.
Корпорациялық табыс салығын салу механизмi заңды тұлғалар салықты
есептеу, төлеу тәртiбiн, алу шарттарын, жеңiлдiктер мен санкцияларды, төлеу
уақытын айқындайды. Жалпы табыс салығының мөлшерлемесi 30% болып
белгiленген. Негiзгi өндiрiс құралы жер болып табылатын салық төлеушiнiң
салық салынатын табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзiнен салық салынатын табыстар – дивидендтер, депозитер бойынша
сыйақы, ұтыстар, заңды тұлғаларға төленетiн сыйақы, борыштық бағалы
қағаздар бойынша купон түрiндегi сыйақы 15 % мөлшерлеме бойынша салық
салуға жатады.
Жанама салықтардың iшiндегi ең маңыздысы 1992 жылы енгiзiлген қосылған
құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеушi мемлекетке оны
төлеу нәтижесiнде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады
және салықты төлеудi сатып алушыға ауыстырады. Салық салу объектiсi
материалдық шығындарсыз өндiрiлген өнiм (амортизациясы бар таза өнiм) болып
саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнiмге кешендi шығындар,
мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бiрқатар шығындар қамтылуы мүмкiн.
Демек, бұл салықтың ерекшелiгi – оның салық салынатын объектiсi
сатудан түскен бүкiл түсiм-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық
салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. ҚҚС дүние
жүзiнiң 40-тан астам елдерiнде, соның iшiнде Еуропа экономикалық одағының
17 елiнде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: бiрiншiден, ол
жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушiлердiң үлкен тобынан алынады;
екiншiден, төлеушiлер үшiн де есептеудiң салыстырмалы қарапайымдылығымен
ерекшеленедi және үшiншiден, бағалардың өзгеруiне, төлеушiнiң қаржылық
ахуалына, инфляция деңгейiне қарамастан мемлекет бюджетiнiң кiрiстерiн
қалыптастырудың сенiмдi және тұрақты базасын қамтамасыз етедi. ҚҚС қазiргi
кезде Қазақстан Республикасының бюджет кiрiстерiнiң аса маңызды көздерiнiң
бiрi болып саналады. 2006 жылы мемлекеттiк бюджет кiрiстерiнiң жалпы
сомасында бұл төлемнiң үлес салмағы 23-24%-ды құрады.
Акциздер – бағаға қосылатын және сатып алушы төлейтiн тауарларға
салынатын салық. Акциздердi өзiнiң айрықшалықты ерекшелiктерiне қарай
монопольды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауарларды
өндiрушiлер төлейдi. Акциздер көрсетiлген қызметтерге де салынуы мүмкiн.
7, 68 б.
Акциз ставкаларын Үкiмет бекiтедi және тауар құнына пайызбен және
заттық нысандағы өлшем бiрлiгiне абсалюттiк сомада белгiленедi. ҚР-ның
Мемлекеттiк бюджетiндегi акциздердiң үлесi 2006 жылы 3,5%-ды құрады.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең
алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік
бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға,
әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды
реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
құралы болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты
айқындау процесі келесідей сипатта болады:
1 Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-
бюджет саясатын, соның iшiнде:
1) мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық
көрсеткiштерiн;
2) бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу
тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
3) бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
4) республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi
бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
5) бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
6) мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш
саласындағы саясатты; 8,61 б.
7) ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
2 Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта
мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы
бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық
(секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң
атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл
сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның
жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган
Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы
қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын
жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы

қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1
тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет
шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық
шаруашыылқтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға
жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын
жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі
акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы
рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге
асыруға тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар
мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканын
мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап
отыр.
Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды
тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, қаржы құралдарына салық
салуды және оның нормаларын жетілдіру жәек кәсіпкерлердің инвестициялық
тартымдылықтарын күшейту инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны
кеңейтіледі. Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету
үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ
инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі
жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету
мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары
анықталады. Олар:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану
аясын кеңейюi және оларды ең алдымен экономиканың шикізат емес
секторына инвестиция тарту үшін шаралар қолдану;
2) Салықтық әкімшілендірк процесін одан әрі жетілдіру;
3) Салық салу және оның механизмін акпараттандыру және компьютрлендіру;
4) Қазақстандық экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейту мақсатында
2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың
кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп ауыстыру
мүмкіндігін қарау болып табылады деп көзделуде.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық
дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық
көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және
инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.
Келесі 2-ші кестеден мемлекеттік бюджет кірістерінің 2007-2010
жылдарға арналған болжамын ЖІӨ-гі пайызбен көре аламыз. 8, 198 б.
2.Кесте - Мемлекетік бюджет кірістерінің 2007-2010 жылдарға арналған
болжамы
Атауы 2008 2009 2010
Кірістер 22,3 22,7 23,2
Салықтық түсімдер 21,3 21,5 22
Салықтық емес түсімдер 0,6 0,5 0,5
Негізгі капиталды сатудан түсетін 0,4 0,7 0,7
түсімдер
2007-2010 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму
мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір
мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда орта мерзімі
кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және
мыналарға жіктеледі:
1) Денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
2) Білім беруді дамытуға;
3) Әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетуге;
4) Индустриялық-инновациялық дамуды қолдауға;
5) Аграрлық секторды дамытуға; Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;
6) Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
7) Мемлекеттік қызметтердіңтиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
8) Орта мерзімді кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-
экономикалық дамудың басым міндеттерін шешу үшін салық-бюджет
құралдарын тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және
экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге
қабілеттілігі нарттыру болып табылады. 8, 236 б.
Орта мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді
шешу қажет:
1) Бюджеттік заңнаманы және жоспарлауды жетілдіру;
2) Мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелігін арттыру;
3) Жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету;
4) Перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін жоғарлату;
5) Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
6) ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру;
Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы
мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде
салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Өйткені
елімізде бюджет пен халықтың және шаруашылық субъектілерінің арасында қарым-
қатынасты қалыптастыруда фискалдық және реттеушілік қызметті жүзеге
асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағыттары өзекті мәселелердің біріне
айналып отыр.
4.Сурет- Мемлекеттiк бюджет шығындары.
2008 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Республикалық бюджетке түскен
табыстар 1261,4 млрд. теңгенi құрады.Шығындар 1253,3 млрд. теңге сомада
ондiрiлдi. Бюджет дефицитi 133,2 млрд. теңге денгейiнде белгiлендi. Откен
жылғы тиiстi кезенмен салыстырғанда табыстар 23,7%, ал шығындар 28,6%-ға
артты.
Республикалық бюджет табыстарының 66,3%- салықтар,2,5%- салықтан тыс
түсiмдер және 31%-ын трансферттер түсiмдерi құрады.
Республикалық бюджет шығындарында әлеуметтік комекке және әлеуметтік
қамсыздандыруға- 21,9%, жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет корсетулерге-
17,1%, колiк және коммуникацияға- 9,4%, бiлiм буруге -6,3%, денсаулық
сақтауға- 3,9% және мәдениет , спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiкке
-3,4% келедi.
Жергiлiктi бюджет түскен табыстар 877,9 млрд. Теңгенi, шығындар 834,3
млрд. теңгенi құрады. 2007 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда табыстар 26,6%,
шығындар- 30,2%-ға остi. Бюджет профицитi 22,8 млрд. теңге деңгейiнде
қалыптасты.
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін
ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам
мүддесін қолдауға болады. Сондықтан елімізге салық түрлерін, салық
ставкалары мен жеңілдіктерін енгізу, оларды дамыту арқылы реттеушілік
қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвестицияны,
шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау мен рететуді жүзеге асыруымыз
керек. 8, 248 б.

Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді
және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның
құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін,
банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ
тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу
мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып
табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын
саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банктік жүргізетін ақша-
несие саясаты болып табылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының
экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді
мемлекеттің реттеу және дамыту саясатты болуында.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн,
сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-
қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады. 9, 138 б.
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - коммерциялық банктердiң несиелiк
операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы
мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады.
Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң дамуымен тығыз
байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде,
тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады.
Ақша сұранысын айқындайтын негiзгi үш себеп бар. Табыстағы өзгерiстер мен
пайыз мөлшерлемесiндегi өзгерiстердiң ақша сұранысына әсерiн көруге болады.
Сөйтiп, төмендегi үш теория Кейнстiң ақша ұстаудағы үш теориясымен
сабақтас келедi: 9, 153 б.
1) келiсiмдер мотивi, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретiнде
қолданылады;
2) сақтық аргументi: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
3) жалдаптық (спекулятивтiк) дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер
мен ақша құнына сенiмсiздiк бiлдiредi.
Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенедi:
1) монетарлық ( негiзiнде классикалық теория );
2) кейнстiк 9, 193 б.
Классиктер ақша сұранысын мына теңдеу арқылы түсiндiредi:
MV = PY (8)
Мұндағы:
M – айналымдағы ақша көлемi;
V – ақша айналымының жылдамдығы;
Р – баға деңгейi;
Y - өнiм шығару көлемi.
Сандық теория тұрғысынан ақшаға сұраныс екi мотивке негiзделедi. 1-
мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретiнде қажет етедi.
Мәмiле жасау үшiн керектi ақша көлемi:
1) тауар жиынының көлемi;
2) баға;
3) жиынтық табыс;
4) ақша айналымының жылдамдығына тәуелдi болады.
Бiрақ басты фактор табыс болып саналады, сондықтан
Mdt = f ( Y + ) (9)
Мұндағы:
Mdt – ақшаға трансакциялық сұраныс;
Y – жиынтық табыс. 9, 194 б.
Сұраныстың екiншi мотивi сақтық мотивi бойынша сұраныс деген атқа ие
болады. Ол адамдарда көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл
үшiн оларда белгiлi бiр ақша қоры болуы керек. Оның көлемi көзделмеген
шығындар көлемiне байланысты болып , ал оның өзi ұлттық табысқа тура
пропорционалды болуы керек:
MdI = f ( Y + ) (10)
Мұндағы:
MdI - сақтық мотивi бойынша ақша сұранысы.
Бұл екiншi сұраныс пайыз мөлшерлемесiне тәуелсiз болғандықтан, 2-(а)
суретте ол тiк сызық ретiнде көрсетiледi. 9, 195 б.
Жалдаптық сұраныс кезiнде ақша қаржы активтерiн сату және қайта сату
арқылы табыс әкеледi. Келесi формула осы айтылғандары суреттейдi:
i i
Mda
Mdt1
0 0 M
( а ) ( ә )
i
Md
i10
0 M
2. Сурет - Ақша сұранысы
а – трансакциялық, ә - жалдаптық, б – жалпы
Бағалы қағаздар бағамы = Дивиденд Депозиттер бойынша пайыз
мөлшерлемесi.
Классикалық және кейнстiк тұжырым ақшы сұранысында келесi факторларды
бөлiп шығарады:
Md = f ( Y +, i - ) (11)
Мұндағы:
Md - ақша сұранысы;
i – пайыз мөлшерлемесi;
Y – табыс көлемi. 9, 196 б.
Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстiк керiсiнше
пайыз мөлшерлемесiмен байланыстырады.
Инфляция факторын жою үшiн ақшаға сұраныс көрсеткiшiн пайдаланады ( М
Р )d , ал сұраныс функциясында атаулы пайыз мөлшерлемесi i пайдаланады.
( М Р )d = f ( Y , i ) (12)
Мұндағы:
(MP)d – нақты ақшаға сұраныс;
2(б)-суретiнде жалпы ақшаға сұраныс қисығы трансакциондық және
жалдаптық сұраныстарды горизанталды қосу арқылы алынған. Ақшаға сұраныс Md
i осiн қиып өтпейдi, өйткенi трансакциялық сұраныс және ақшаға сұраныс
мотивi бойынша пайыз мөлшерлемесiнен байланыссыз, ол табыс деңгейiмен
анықталады. 9, 197 б.
Ақша басқа активтерге қарағанда аз пайыз түсiредi: доллар пайызының
түсуi көп болған сайын жеке адам аз ақша ұстайды. Ақшаның пайыз
мөлшерлемесi артқан сайын ақша сұранысы да артады, ал балама активтерге
пайыз жоғары болған кезде ол азаяды. Ақшаның пайыз мөлшерлемесi – дербес
пайыз мөлшерлемесiне жатады.Бұл тұстағы ақша құны басқа активтерден түскен
табыс пен дербес пайыз мөлшерлемесi аралығындағы айырмашылыққа тең болады..
Сондай-ақ ақша сұранысы функциясында номиналды пайыздық қойылым
қолданылады. Нақты пайыздық қойылым табыстың нақты сатып алу қабiлетi.
Номиналды және нақты пайыздық қойылымдар арасындағы байланыс И. Фишер
теңдеуiмен суреттеледi:
i = r + π (13)
Мұндағы: π - инфляция қарқыны;
r – нақты пайыз қойылымы;
i – номиналды пайыздық қойылым. 9, 198 б.
Ақша сұранысы икемдiлiгi. Ақша сұранысының теңдеуiнде табыстың
өсуiне байланысты ақша сұранысы пропорционалды артатыны көрсетiлген.
Басқаша айтқанда, табыстың ақшаға коэффициентi – YN M табыс деңгейiне
қарай артады. Табысы жоғары адам шамамен ақшаны аз мөлшерде ұстайды. Бұл
жерде кассаны басқаруда экономика деңгейi орын алады. Яғни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz