Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым тарихының зерттеудегі теориялық методологиялық мәселелері


Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылым тарихының зерттеудегі теориялық методологиялық мәселелері.
Казіргі кезде «батыр» сөзінің этималогиясы туралы нақты ғылыми дәлелденген ортақ пікір жоқ. Бірақ бұл сөздің бір ерекшелігі қандай тіл құрамында қолданылмасын барлық тілдердегі ұғымы бір. Сонымен бірге «батыр» сөзі Қиыр Шығыстағы алтай тіл семьясына жататын халықтардан бастап, батысында Шығыс Европадағы славян тілдес халықтарда, солтүстігінде фин-угор тіл семьясына жататын халықтарды, ал оңтүстікте Солтүстік Кавказ халықтары арасында кең тараған сөз болды. Бұл феноменнің басты себебі көшпелі дүниенің қозғалысқа түсуіне байланысты жаңа әлеуметтік топ «батырлардың» қалыптасуы болды.
Қазіргі кезеңдегі тарихи зерттеулерге талдау жасай отырып, «батыр» сөзінің этималогиясына байланысты зерттеулерді үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші топка «батыр» сөзі көне түркі тілінде қалыптасқан ұғым деген пікірді қолдаушыларды жатқызуға болады.
1891 жылы жарық көрген энциклопедиялық сөздікте «богатырь» -түрік сөзі. Бахгатур, багадур, батур, батырь, батор - деген әртүрлі формада қолданылған және ол багатырь сөзінің ең алғаш Серницкийдің 1585 жылғы кітабында кездеседі дегенді атап көрсеткен. [3, 18 б. ] .
Профессор И. Е. Андреевскийдің энциклопедиялық сөздігінде «батыр» сөзінің ешқандайда орыстық тамыры жок, ол алғашқы кезде татарлардың әскер басы титулы ретінде қолданылғанын және батырлардың тек тарлар заманынан бастап пайда болды деген пікірден аулақ екенін фйта келіп, татарлар кезеңіне дейін бұл сөздің синонимдері - храбрь сияқты сөздеодің пайдаланылғанын айтады. [3, 18 б. ] . Ал М. Фасмер сөздігінде «батыр» сөзінің орталық Волга3 жерінде артель старшинасы, жүкшісі деп қолданылғаны туралы айта келе Соболевскийге сілтеме жасай отырып, бұл сөз түріктің «батыр» сөзінен шыққан дейді. Ол «ержүрек, күшті, шаба алатын адам» орыстың «богатырымен» ұқсас деп есептейді. Сематикалық тұрғыдан атамен сөзімен салыстыруға болатындығын атап өтеді. [3, 18 б] .
Бір қатар зерттеушілер «батыр» сөзінің этималогиясына ерекше мән бере отырып, оның түрк халықтарының арасында кеңінен тарауын VІ ғасырдан бастау алып, ІХ-Х ғасырларда Волга бойындағы түркі тілдес булгарлар мен хазарлар арасында тарай бастады деп есептейді.
Мысалы, белгілі түркітанушы С. Г. Кляшторный «багатур» термин-титулы көне түркілер арасында VІ ғасырдан бастап тарай ьастады деп есептесе [4, 113 б. ], ал Минорский Х ғасырда хазарлар арасында кеңінен тараған «багатар» титулын Аланияның билеуші топтары қолдана бастады. Бұл сөзді «багаир» түрінде аландар арасында кеңінен тарағанын Ибн Руст жазып кетсе, ал грузин хроникаларында да осы ұғым кездеседі деп жазды . В. Б. Пфафф «осетин княздарында татарлардың құрметті «Багатар» титулы VІІ ғасырда хазарлармен араласудың нәтижесінде пайда боды деп жазса, ал В. Ф. Миллер «түрік сөздері, соның ішінде Багатар сөзі де, осетин тіліне ХІІІ ғасырдағы татарлардың Солтүстік кавказды бағындырған кезіне дейін енген сияқты. Бахатур сөзі қыпшақтарда болған сияқты» деп жазды. Г. Моравчик б. э. І мыңжылдығының екінші жартысында түркі тайпаларында кеңінен тарады, соның ішінде булгар ақсүйектері ІХ-Х ғасырларда қабылдады деп есептесе, де ал Артомонов осы кезеңде хазарларда да тарады деп жазды [3, 19 б] .
Қазақстандық белгілі зерттеуші И. Ерофеева: «тюрко-монгольское слово «батыр», «багатур», «бахадур» первоначально означало храбреца, вызывающего врага перед битвой на противоборство. В этой транскрипции оно еще в ХІV в. проникло в русский язык, потеснив более ранний, автахтонный термин южнославянской книжности "храбр", т. е. "воитель". Наряду с русской калькой данного термина - "богатырь" - в Московском государстве конце ХV- первой трети ХVІ в для обозначения иноземных храбрых воинов уже использовался собственно тюркоязычный термин "батыр", подтверждением чему могут служить одельные земечания небезызвестного автора "Записок о Московии", германского посла Сигизмунда Герберштейна (1486-1566), впервые услышавшего это найменование от русских людей», - деп тұжырым жасайды [5, 33 б. ] .
Сондай-ақ «батыр» сөзінің моңғолдарға дейін де болғандығын патша әскерінің генерал-лейтенанты, әскери-оқу комитетінің бас штаб мүесі болған М. Иванин еңбектерінде: « . . . из оставшихся сведений видно, что отец и дед Темудзина был храбрыми воинами, грабили Китай и за свои военные подвиги получили название батырей (багату или багадур ), т. е. выражая по нашему, богатырей или степных героев» [6, 36], -деген деректер келтіріледі.
«Батыр» немесе «багатурь» сөзі орыс жылнамаларында тек монғол-татар кезеңінде пайда болғанымен белгілі ақын, зерттеуші Олжас Сүлейменов «АЗиЯ» атты еңбегінде «Игорь полкы туралы» жырдағы «бойтур» сөзін «батыр» сөзімен байланыстырады. Ол батыр сөзінің -буйтур, батыр, батур, боотур, богатырь делініп пайдаланылғанынғ мүндағы буйтур сөзінде буй-ағы, жабайы дегенді білдірсе, тур-өгіз, бұқа деген мағынада айтылады, осы екі сөз косылып айбынды, күшті, өгіздей күшті дегенді білдірсе керек деген болжамдар жасап өтеді. [7, 51 б. ] О. Сүлейменовтың бұл пікірледі кей жағдайларда VІІ-VІІІ ғасырлардағы оғыз батырлар жыры туралы баяндалатын Қорқыт ата кітабіндағы «Дерсе хан ұғлы Бұқаш хан туралы жырымен түйіндес болып келеді. Бұл жырда басты кейіпкер Дерсе ханның құдайдан сұрап алған жалғыз ұлы күшті бұқамен айқасып, жіңіске жетіп, осыған орай оның азан шақырылып қойылған атты өзгертіліп бұқаны жеңген айбатының құрметіне Бұқаш өзгертілгені бізге жыр жолдарынан белгілі » [8, 11 б] .
Зерттеушілердің екінші бір тобы «батыр» сөзінің түп төркіні көне арийлерден басталады деп есептейді. Мысалы, О. Ф. Миллер «багадур» сөзі татар сөзі емес, санкриттік «bagadhara», яғни бақыт иесі, жолы болғыш дегенді білдіреді, ал орыстың богатырь сөзі праарейлік бастауға тән- дген пікір ұстанады. [3, 19 б] .
Ал енді зерттеушілердің үшінші тобы- «батыр» сөзін бастауын монғол тілінен іздейді. Мысалы, В. В. Радлов «батыр» сөзін монғол тіліне жатқызады. Сондай-ақ Б. Я. Владимирцев «батыр» лауазымының моңғол дәуірнде де болғанын және оның кейбір кірме сөздермен ауысып «тайшы», «бұйрық», «ноян», «тегін», «бұйрық» аталғанын айтады [3, 20 б] .
«Батыр» сөзі көнеарийлік немесе монғол тілінен шықты деп дәлелдеп жүрген зерттеушілердің басым болігі көне руникалық жазулар мен түркі дәуіріндегі жазба деректерде «батыр» сөзінің болмауын алға тартады. Осыған байланысты ерте түркі дәуірінде «батыр» сөзінің орнына «ер» сөзінің кең қолданылғанын айтып өткіміз келеді. Мысалы, Р. С. Липец Күлтегіннің Үлкен және кіші жазбасының өн бойында кездесетін эпосқа тән баяндау тәсілдерін талдай келсе, ескерткіштің лексикасы да эпосқа тән екендігін алға тартады. [9, 84 б] .
Ал енді «батыр» сөзінің «этнонимінің, яғни мағынасына келетін болсақ онда зерттеушілердің басым бөлігі ортақ пікірде сияқты.
Белгілі қазақ тарихын зерттеушілердің бірі М. В. Вяткин «батыр» сөзінің екі түрлі нұсқасын ұсынған болатын: бірінші нұсқасы бойынша «батыр» қара халық арасынан шыққан батыл, жауынгер, ер жүрек адамды айтса, екінші нұсқасында «батыр» деп ерекше жауынгерлік өнер иесі
[10, 108 б] . -дей келе бұл сөздің түп-төркінін моңғолдың - «bagatur», орыстың - «богатырь» сөздерінің мағынасымен төркіндес келеді деп өз ойын жалғастырады. [10, 109]
М. Вяткин «батыр» сөзінің ХVІ ғасырға дейін де адамның есіміне қосылып айтылатын титул ретінде пайдаланып келе жатқанын, ал «бахадур», «багатур», ерекше батылдығы үшін кей жағдайда «толы батыр» яғни толық батыр деп те қолданылады және ХV ғасырға дейін бұл титул «бек» деп аталып моңғолдың нойан, араб-парсылардың әмір лауазымымен мағыналас болып, ХV ғасырдан бастап оның би лауазымымен орайласқаны туралы тұжырым жасаған. Революцияға дейінгі кезеңдегі белгілі ғалым Л. Костенко өзінің зерттеуінде «батыр» сөзі түркі-моңғолдың «баһадур, ba, tur, багадур, бакхату»-деген сөздерден шыққан, негізгі мағынасы ер жүрек, қаһарман, батыл дегенді білдіретінін атап өтеді. [3, 20 б] .
ХХ ғасырдың І-жартысындағы қазақ тарихындағы есімі ерекше аталатын тарихшы ғалым Ермұхан Бекмаханұлы Бекмаханов еңбектерінде «батыр» - термині түріктің «багадур», «бакхатур» деген сөздерінен шыққан. Ол тіпті сонау ықылым замандардан-ақ сыртқы жаудан қорғану үшін арнайы топтардың топтасқнын айта келіп, оны әсекри қолбасшы басқарғанына тоқталады. Осындай топтардың ерекше көзге түскен каһармандарын батыр деп атаған. Батыр сөзі қазақ және түркі тілдерінде де «күресуші, күшті, батыр, ержүрек» дегенді білдіреді деп тұжырымдайды. Зерттеуші Кенесары ханның жақын серігі Төлебай батырды жеке батырлық ерекшелігімен көзге түскендігіне байланысты «Жеке батыр» атағаны туралы дерек келтіреді [11, 98 б] . Е. Бекмаханов кейінгі кезеңдері руаралық қақтығыстар кезінде немесе барымтаға шығып көзге түскендерді де «батыр» атай бастағанын қынжыла жеткізеді. Батыр атағына кедей адамдар да қол жеткізе алған. Олардың қатарына Арғын Бүхарбай батыр, шұбыртпалы Ағыбай батырларды қосады [11, 99 б] .
«ХV-ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы тарихына қатысты материалдар» атты еңбек авторлары қазақтар өздерінің ерлігімен де, қуат-күшімен де бүкіл әлемге танылған халық дей келе, батырлықтың халық арасында ежелден бар екенін жазады [12, 28 б] . «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы» атты еңбек авторлары Р. Сыздықов мен М. Койгелдиев «бахадур» тұлғасы екі мағынада: бірінші-батыр, жүректі адам, екіншісі- сол батыр адамға берілетін атақты білдіреді. Бахадур сөзі моңғол билігі тұсында феодалдық қоғамдағы әскери иреарзияның титулы болған, ал «бек» сөзі ханнан кейінгі билеушінің титулы деп жазады [13, 57 б; 68 б] .
Кеңестік дәуір кезіңіне тән көптеген сөздіктерде «батыр» терминінің мәні В. В. Радлов, М. П. Вяткин, Е. Бекмаханов пікірлерімен бір арнаға тоғысып жатады. Атап айтса, Қазақ Кеңес Энциклопедиясында [14, 199 б] . Көне түркі сөздігінде [15, 89 б], «Большая Советская энциклопедия» [16, 339 б], және т. б. сөздіктерде «батыр»- «араб және иран тілдеріндегі «бахадур»- жауапкершілік кездерімен, әскери жорықтарда жеке ерліктерімен ерекше көзге түскен ержүрек, қаһарман адамдара берілетін құрметті атақ» - деген мәліметтер келтірілген. «Қазақ тілі түсіндірме сөздігі» деген еңбекте «Батыр ел қамы үшін жаумен сайысқан тарихи қаһарман, алып ер» деген анықтама берілген. [17, 152 б] . В. Даль сөздігінде Волга бойында батыр деп ат үстінде бұзықтық жасаушыларды, жігіттік көрсетушілерді, батырлық жоруылдар жасаушыларды атайтындығы, батырлықтың мүрагерлікке қалдырылмайтыны жазылған. Сонымен қатар В. Даль «батыр» азиаттықтарда білікті күш иесі, батыл, жеңіскер, сабаз, шабандоз дегенді білдіреді, -дей келе батыр лауазымының атаққа берілетініне де тоқталған. [3, 21 б. ] .
Орыстың филологиялық сөздігінде батыр-күшті адам, сабаз, шабандоз мағынасын білдіретінін оқуға болады. [3, 21 б. ] Ал, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі кездерде жарық көрген Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының екінші томында «батыр» сөзі парсының баһадур-ержүрек, батыл, батыр-әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан қаһарман адамға берілетін құрметті атақ», -делінген [18, 184 б] .
Соннымен батыр сөзінің мәні ержүрек, батыл, әскери өнерді жетік меңгерген, ерлігімен атты шыққан деген мағына беретіндігіне көз жеткіземіз. Ал, батыр атағы тек ғана адамның жеке бас қасиеттеріне, яғни батыр сөзінің жоғарыдағы анықтамасына ғана сәйкес келетін тұлғаға ғана берілетін атақ деген тұжырым жасаймыз.
Би сөзі Диплом сноска карау
«Би» сөзінің этимологиясы жайлы қазіргі күні бірауызды келісіліп - пішілген тұжырымды пікір жоқ. Бұл мәселеге алғаш көңіл аударған Ш. Уәлиханов «би» сөзінің түбірін көне түркінің «бек» және «бей» сөздеріне тіреп, оның негізгі мағынасы «сотты» білдіретінін атап көрсеткен. [42, 87 б] . Мұнан кейінгі уақытта А. Леонтьев «би» сөзін «билеу» етістігінен туындата келіп, оның «басқарушы» мағынасында қолданылғанын айтса, [43, 54 б], В. В. Бортольд «би» түркінің «бек» лауазымының варианты, осман түркілерінде бұл термин «бей» фопмасында қолданылып, біріншіден, қара халықтан да, билеуші династиядан да бөлек тұрған «шонжарларды», екіншіден тайпа немесе рудың жетекшісі ретінде «князьды», үшіншіден сөздің кең мағынасында кез келген «басқарушыны» білдіреді дейді. [44, 35-36, 225-226, 502 бб. ] . В. Бортольд тәрізді В. Радлов та «би» сөзінің үш түрлі мағынасын келтірген болатын: « би»- князь, патша, қожайын (господинь) ; «би» - сот (судья) ; «би» - дана, шешен. [43, 54 б. ] . Кеңес дәуірінде жарық көрген кейбір сөздіктерде «би» термині осы В. Радловқа негізделе отырып «билеуші, қожайын, көсем, князь» мағынасында түсіндіріледі. [4, 54 б] .
Құрбанғали Халид «Би - бектен, бек - бүюктен» қысқарған атаулар. «Бүюк - үлкен, зор» мағынасында айтылған, - дейді. [45, 87 б. ] .
Кейінгі зерттеушілер арасында мұндай тұжырымды О. Сүлейменов қайталайды. [46, 54 б] .
Аталмыш терминнің шығу төркініне байланысты С. Аманжолов айрықша көзқарас ұстанады. Оның ойынша, «берік» (мысалы, «ақыл берік» мағынасында айтылатын) сөзінен «бек» ( «бек мықты»), ал одан «би» сөзі туындайды. Ендеше «бек» сөзі - белгілі танымал, бекзат ұғымын, ал «би» - сот, судья билеуші ұғымын білдіреді. [43, 55 б. ] .
Қазіргі ғалым - зерттеушілердің басым көпшілігі Ш. Уәлиханов пен А. Леонтьевтің тұжырымын қолдайды. Мәселен, «ХV-ХVІІІ - ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихына қатысты материалдардың» автролары академик В. В. Бартольдты қайталап, «бек», «би» сөздерінің «рубасы» мағынасын білдіретінін және осы мағынада ол арабтың «әмір», сол сияқты моңғолдың «ноян» сөздерінің синонимі болып табылатынын айтса [47, 35, 64 бб. ], Т. Сұлтанов келтірілген пікірге қоса, «би» сөзінің ежелгі түркінің «бек» сөзінен бас алатынын және бұл орйда терминнің ХV-ғасырға дейінгі деректерден мүлдем ұшыраспайтындығын айтады. [24, 351 б. ] . «Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы» атты құнды зерттеу еңбегінің авторлары Р. Сыздыкова мен М. Койгелдиев «би» сөзін «бек» сөзінің бір варианты ретінде қарастыра келіп, «бек» - ханнан кейінгі билеушінің титулы», ал «би» вариантымен ру-тайпаның басшысын, билеушісін немесе билеуші топтың өкілін атаған» деп жазады. [48, 68 б. ] .
Қарастырылып өткен ғылыми болжамдардың айналып келгенде бір ғана пікір төңірегінде тоқаласып жатқанын байқау қиын емес. «Би» сөзі ежелгі түркінің «бек» сөзінен бас алады да, негізінен «басқару», «билеу», «билік ету» ұғымдарын білдіреді. Олай болса, «би» сөзінің пайда болу уақыты да ежелгі түркі заманына тірелетіні даусыз. Десек те, «терминдерге (шендер мен әскер түрлерінің атаулары, топонимдер мен этнонимдерге т. б. ) келетін болсақ, егер тарихшының өзі, әр түрлі жеке сөздердің этимологиясына емес, оқиғалар комплексіне сүйене отырып, мәселені өзі шешіп алмаса, бұл сөздердің мәнісін ашу ісінде . . . ешкім көмек бере алмайды, өйткені әлгі оқиғалар шоғырын сипаттау үстінде осынау қиын сөздер әр түрлі үйлесімде кездесіп отырады ғой». [47, 17 б. ]
Шын мәнінде де, V - VІІ - ғасырларға жататын көне түркі жазбаларнда «би» сөзі ұшыраспағанымен, «бек» сөзі жиі кездеседі. Мәселен, «Күлтегін» ескерткішінің кіші жазуында түркі қағанының оңындағы - «шад апат бектер», солындағы «таркандар», бұйрық бектер» жайлы айтылатыны бар. [24, 53 б. ] . Бұл жерде «бек» сөзінің мағынасы қағаннан кейінгі лауазым білдіріп тұрғаны айқын. Алайда, ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік жүйесінде қаған (хан) әулетіне жататын аксүйек ябғулар, шадтар, тарқандар және бұйрықтармен қатар қара халықтан шыққан бектердің болғаны да әбден дәлелденген нәрсе. А. Бернштамның көрсетуінше: түркі қағаны қалыптасып келе жатқан жаңа таптың - бектердің мүддесін қозғаушы». Соңғыларының бір бөлігінің сот билігін атқарушылар мен салық жинаушылар ретінде хан әулетіне тікелей қатысы бар». [43, 56 б. ] . Ал бектердің екінші бөлігі болса, ол негізінен қара халық - «будынмен» байланысты. Ал енді, ХІ - ғасырдың туындысы болып табылатын Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», яғни «Түркі тілдерінің сөздігі» кітабіндағы «бек» сөзінің мағынасы да белгілі бір лауазым иесін білдіретіні шек келтірмейді. Мысалы: «Күнде сығат жоқ, бетте қайту жоқ», «Батырмен ұрыспа, бектермен тұрыспа» [48, 36, 42 бб. ] және тағы сол сияқты. VІІ- ІХ ғасырлар туындысы болып есептелетін «Оғыз-нама» жырында «Оғыз қаған бектері мен ел-жұртына қарап:
Мен сендерге болдым қаған!
Алалық жай, тағы қалқам!
Тамға бізге болсын бұйан
Көк бөрі болсын ұран» -
дейтіні бар.
Назар аудару қажет, О. Сүлейменов «Игорь полкі туралы» жырдаға Сятославтың Игорьді үш рет «буим» деп атағанын, жырда «буим» сөзінің көп кезестіріліп және «буй» түбірінің, жырдың аудармашылары айтқандай «буйный», яғни «ашушаң», «қатігез» мағынасында емес, «атағы биік», «атақты» мағынасында қолданылатындығын дәлелдейді. [46, 54-55 бб. ] . Оғыз қағанының жоғарыда келтірілген сөзіндегі «бұйан» сөзі көне түркі тілінде «ізгілікті» мағынасын білдіретіндіктен, [43, 57 б. ] V-ХІІ ғасырлар аралығын қамтитын түркі кезеңінде «бек» сөзі тек қана лауазым иелерін ғана емес, сонымен қатар рулар мен тайпалардың бетке ұстар игі-жақсыларын білдірген болар деп ойлаймыз. Жалпы, түркі тіліндегі «бек» термині «игі-жақсы» мағынасында осы күнге дейін қолданылады: «бек жігіт, «бек көркем» және т. с. с., ал әйелдерге қатысты «бегім» термині жағымды кейіпте кеңінен айтылатыны белгілі: «бегім сұлу», «бегім айдай», т. б.
Л. Гумилев ежелгі түркі қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастыру барысында бектердің қара халықты билеуге қойылған ел басқарушылары ретінде сипаттайды. Мұның дәлелі ретінде көне түркі жазуларындағы «бектер» мен «будын», яғни қара халықтың үнемі қосақтала аталуы және будынның қатардағы жауынгерлерді, ал бектердің көп аса әскербасылар санын құрайтындығы көлденең тартылады. [49, 60 б. ] Шындығында да, ежелгі түркілер дәуірі мен ІХ-ХІІ ғасырлардағы Оғыз мемлекеті, Қарлұқ мемлекеті, Түркеш қағандығы, Қарахан мемлекеті тәрізді саяси бірлестіктердің әлеуметтік құрылымынан дәстүрлі түрде орын алған бектер, ақсүйектік және мұрагерлік заңына негізделген қағандыққа қарағанда, әлеуметтік топтардың төменгі жіктеріне біршама жақын, халықтың қайнаған ортасынан шығып, табиғи талантының арқасында абырой беделге ие болған ру-тайпа жетекшілерінен құралған деуге толық негіз бар.
ІІ-тарау. Билер мен батырлардың қоғамдық саяси-қызметінің тарихнамасы
ІІ. 1. Билердің қазақ қоғамындағы ролі туралы көзқарастар.
ІІ. 2 . Батырлар туралы зерттеулер
Сноска дипломда
Қазақ қоғамындағы билер институты мәселесі революцияға дейінгі авторлар болсын, немесе кеңес дәуірі ғалымдары тарапынан болсын қандай да бір арнайы зерттеу тақырыбы ретінде қарастырылмаса да, аталыш мәселе жанама түрде көтерілген еңбектер баршылық. Бұл ретте тарихшылар қазақ қоғамындағы билер туралы шағын болса да өте бағалы пікірлер жазып қалдырған Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа көп борыштар. Қазіргі күні, Ш. Уәлихановтың қазақ қоғамындағы билер институты хақындағы құнды тұжырымдары, бұл мәселені одан ары зерттеушілер үшін аса маңызды методологиялық негіздеме болып табылады десек артық айтқандық емес. Ең бастысы, Шоқан сол уақыттың өзінде-ақ көтеріліп отырған мәселенің қоғамдық маңызын айқындап берген болатын: «Если 40-летнее русское владычество, внесшее много совершенно новых элементов в общественную жизнь киргизского народа, не имело никакого влияния на древний киргизкий суд биев, если суд этот мог устоять против неблагоприятных условий русского законодательства . . . , ясно что он вполне удовлетваряет настояшему развитию киргизского народа» . [42, 90 б. ]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz