Джон Ф. кеннеди саясаткер және дипломат



МАЗМҰНЫ

І.Кіріспе.

І.тарау. Кеннедидің өмірі мен қызметі
1.1.Джон Ф.Кеннедидің өмірі
1.2.Джон Ф.Кеннеди. Конгрестен Ақ үйге дейін
1.3.Джон Ф.Кеннедидің ішкі реформалары

ІІ.тарау.Джон Кеннедидің сыртқы саясаты
2.1.Кариб дағдарысы
2.2.АҚШ және Үндіқытай
2.3.Ақ үйдің Африка және Латын Америкасында
жүргізген саясаты
2.4.Кеннедидің құпия өлімі . ғасыр қылмысы

ІІІ.Қорытынды

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

V.Сілтемелер тізімі
Кіріспе


Джон Фитцджеральд Кеннеди АҚШ-тың ең танымал әрі жас президенттердің бірі.Джон Кеннеди АҚШ президенті қызметінде тура 1936 күн болды және осындай аз ғана уақыттың ішінде ішкі-сыртқы саясатта көптеген өзгерістер жасап үлгерді.Ол президент постына келмес бұрын демократиялық және республикандық қарсыластарымен ұзақ күресуге мәжбүр болды.Джон Кеннедидің Ақ үйге дейінгі жолы оңайға түскен жоқ. Бұл жол Трумэн мен Эйзенхауердің жолына қарағанда өте қиын болды.Сондай-ақ жас президенттің өмірінің соңы да өте қайғылы аяқталды.
60 – жылдары АҚШ оңшыл реакция күштерінің өте жоғары белсенділік танытқан кезеңі еді.Әскери өндіріс кешені монополиялары, әскерилер және Орталық барлау басқармасы – барлығы да сыртқы саясатқа араласуын үдете түсті. Олар қарулану жарысын өрістетуді,социалистік және дамушы елдерге қарсы агрессиялы саясатты талап етті.
Джон Кеннедидің АҚШ Конгресіндегі қызметі оны билік басына келуі және президент қызметіндегі жұмысы АҚШ сыртқы саясатының бағытын анықтайтын және бақылайтын күштердің дәл ортасында болды. Президенттің және оның айналасындағылардың жеке көзқарастары саясат мәселесінде және АҚШ сыртқы саясатының бағытын айқындауда белгілі роль ойнады, бірақ оның қызмет уақытында бұл көзқарастардың шешуші маңызы болмады.
Президент Кеннеди алғашқы екі жылда айтарлықтай дәрежеде «қырғи – қабақ соғыста » жақтаушылардың жетегінде жүрді және үкіметті құруда және АҚШ сыртқы саясатын жүзеге асыратын Уолл – Стрит монополистік топтармен тығыз қарым – қатынаста болды.Шынында да, 1961 жылдың сәуірінде Куба халқына қарсы авантюрасы әлсіздікке ұшырағаннан кейінгі екі жылда Кеннеди көптеген мәселелерде авантюралық әрекетке баруды талап еткен американ әскер басыларының қысымына жиі ере бермеді. Тек үшінші жылы ғана Кеннеди «қырғи-қабақ соғыс» саясатының шеңберінен шығуға ұмтылыс жасады. Оның бұл шешуші қадамдары халықаралық тұрақтылыққа, американ-кеңес қатынастарының дамуына оң септігін тигізді.
Джон Кеннеди өз өмірің соңына қарай сыртқы саясатта парасатты бағыт ұстануға деген ниетін ашық білдіре бастады. Бірақ, мұндай әрекетке баруға АҚШ монополистік капиталы мүмкіндік бермес еді.
АҚШ - өте құдіретті империалистік держава. АҚШ басқарушы топтарының жүргізіп отырған агрессивті саясаты халықаралық тұрақтылыққа кері әсерін тигізді. Сонымен қатар, бұл саясат социалистік елдердің қарсылығына және ұлт-азаттық қозғалыстардың өсуіне әкеліп соқтырды.
Кеннедидің АҚШ және әлем тарихында алатын орны ерекше. Өйткені, ол барлық мәселелерді тек бейбіт жолмен шешуге тырысты. Сол кездегі әлемді дүрліктірген «қырғи-қабақ соғыстың» жұмсаруына үлесін қосқан бірден-бір президент. Сондықтан да Кеннедидің билік еткен кезеңін «жылымық» кезең деп атайды. Сондай-ақ, ол Азия, Африка және Латын Америкасы елдеріне АҚШ
капиталын енгізуде «жұмсақ» әдісті қолданды. Кеннеди соғыс одақтарын нығайтуға, АҚШ-тың соғыс қуатын арттыруға, сондай-ақ басқа елдерге экономикалық «көмек» беру мен ықпал жасау әрекеттерін «коммунизмді тежеу», АҚШ-тың және тұтас алғанда, күллі капиталистік жүйенің позицияларын нығайту мақсатына пайдалануға шақырды./1/
Тақырыптың өзектілігі: 60-жылдардағы әлемдегі халықаралық жағдайды ғылыми тұрғыдан зерттеу қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі. Кеннедидің сол кездегі бүкіл әлемге төнген қауіп-қатерді сейілтуде атқарған жұмысы өте зор. Оның жүргізген сыртқы саясаты, әсіресе социалистік елдер соның ішінде КСРО-мен жүргізген ымырашыл саясатын айта кеткен жөн. Оның құпия өлімі де қазіргі күнге дейін нүкте қойылмаған сұрақтардың бірі. Сондай-ақ ол сол кездегі әлемдегі халықаралық тұрақтылықты сақтауда және АҚШ позициясын беріктендіруде аянбай қызмет істеген АҚШ президенті.
Тақырыптың негізгі мақсаты мен міндеттері: Тақырыптың маңыздылығы мен бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, Кеннедидің АҚШ президенті болғанға дейінгі және болғаннан кейінгі қызметінің ерекшеліктері маңызын ашып көрсету және кеңес идеологиясымен жазылған деректкрді шетел деректерімен салыстыра отырып, ортақ пікір қалыптастыру басты мақсат болса, осыған сай мына міндеттер айқындалады:
- Кеннедидің саясатқа ерте араласуына итермелеген факторларға тоқталу
- Кеннедидің Конгрестегі және Сенаттағы қызметінде әлеуметтік салаға көңіл бөлгенін ашып көрсету
- Сыртқы саясатта дамушы елдерге әлеуметтік көмек арқылы АҚШ ықпалын күшейтудегі әрекетін қарастыру
- Кеннедидің жұмбақ өлімінің себептерін ашып көрсету
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізі: Тарих ғылымының мынадай жалпы теориялық принциптері зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізін құрады: Қажетті деректерді табу және оларға сипаттама берудегі тарихи таным; оқиғалар мен жағдайларды зерттеуде тарихи объективтілік нақтылық. Қоғамдық құбылыстардың дамуын және өзгеруін зерттеудегі нақтылы – тарихи әрекет; Танымдағы жан-жақтылық, олардың бір-бірімен ара қатынасы, байланыстары. Тақырыпта тарихи ғылым саласындағы авторлардың еңбекткрі пайдаланылды.
Еңбекте анализ, синтез, салыстыру және басқа да әмбебаптық жалпыға мәлім зерттеу әдістемелері қолданылды.
Тарихнамасы: Кейінгі уақытта АҚШ-та және тағы басқа елдерде Кеннедидің билік басындағы қызметі мен өміріне арналған көптеген еңбектер жарық көруде.
Кеннедидің өмірі мен қызметі жөніндегі көлемді еңбектерді А.А.Громыконың «1036 дней президента Кеннеди» (1968), Броган Хьюдің «Джон Кеннеди» (1997), Э.А.Иванянның «От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша» (1991) және М.А.Островцованың «Сто великих правителей ХХ века» (2000) кітаптарынан ала аламыз.
Ал сол кездегі КСРО сыртқы істер министрі А.А.Громыконың «Внешная политика США: уроки и действительность» (1978), Э.А.Иванянның «Белый дом: президенты и политика» (1979) және А.А. Кокоревтің «Силовая дипломатия Вашингтона» (1985) деген еңбектерінен Кеннедидің сыртқы саясаты туралы мәлімет табамыз.
Ал Үндіқытай және Кубаға агрессиялы саясаты жөнінде Б.Сиоктың «Покончить с войной во Вьетнаме» (1970) және Ф.М.Сергеевтің «Тайная война против Кубы» (1982) кітаптарында көрініс тапқан.
Кеннедидің құпия өлімі туралы версиялар И.Ефимовтың «Кто убил президента Кеннеди?» (1991), О.Нечипоренконың «Три пули для президента» (2003), Л.Маттиастың «Оборотная сторана США» (1968) және У.Манчестердің «Убийство президента Кеннеди» (1969) деген еңбектерінде баяндалған.
Сонымен қатар, Джон Ф. Кеннедиге, Кариб дағдарысына арналған ғылыми-конференцияларда сол кездегі саясаткерлердің сөйлеген сөздері, құжаттары көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер.


1.Громыко А.А. 1036 дней президента Кеннеди. Москва-1968
2.Маттиас Л. Оборотная сторона США. Москва-1968
3.Комов Ю. Охота на президента [К историй расследования убийства
Д.Ф.Кеннеди]. В мире книг.-1988 №12-52-бет.
4.Александров В.В. Новейшая история стран Европы и Америки. Москва-1988
5.Островцова М.А. Сто великих правителей ХХ века. Москва-1988
6.Пономарев М.В. Новая иновейшая история стран Европы и Америки.
Москва-2004
7.Громыко А.А., Кокошин А.А. Братья Кеннеди. Москва-1985
8.Громыко А.А. Внешная политика США: уроки и действительность.
Москва-1979
9.Дмитриев Б.Д. США: политики, генералы, дипломаты. Москва-1971
10.Зинн Г. США после второй мировой войны:1945-1971 гг. Москва-1977
11.Иванян Э.А. Белый дом: президенты и политика. Москва-1979
12.Кокорев А.А. Силовая дипломатия Вашингтона. Москва-1985
13.Манчестер У. Убийство президента Кеннеди. Москва-1969
14.Мельников Ю.М. Сила и бессилие: Внешная политика Вашингтона.
Москва-1983
15.Кременюк В.П. Политика США в Азий. Москва-1977
16.Сергеев Ф.М. Тайная война против Кубы.Москва-1982
17.Сиок Б. Покончить войной во Вьетнаме! Москва-1970
18.Изаголов Г.Н. Миллиарды на оружие: Военно-промышленный
комплекс США. Москва-1981
19.Яковлев Н.Н. Преступившие грань. Москва-1970
20.Броган Хью. Джон Кеннеди. Ростов на-Дону-1997
21.Горовиц Д., Кольер П. Клан Кеннеди. Москва-1988
22.Ефимов И. Кто убил пезидента Кеннеди? Москва-1991
23.Иванян Э.Л. От Джорджа Вашингтона до Джорджа Буша. Москва-1991
24.Хайде-Кинг Ю. Американские президенты: 41 Исторический портрет
от Дж. Вашингтона до Белла Клинтона. Ростов на-Дону-1997
25.Севостьянов Р.Н. История США. Москва-1985
26.Нечипоренко О. Три пули для Кеннеди. Москва-2003
27.Қазақ Совет Энциклопедиясы Алматы-1980

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Джон Ф.Кеннеди саясаткер және дипломат

МАЗМҰНЫ
І.Кіріспе.

І-тарау. Кеннедидің өмірі мен қызметі
1.1.Джон Ф.Кеннедидің өмірі
1.2.Джон Ф.Кеннеди. Конгрестен Ақ үйге дейін
1.3.Джон Ф.Кеннедидің ішкі реформалары

ІІ-тарау.Джон Кеннедидің сыртқы саясаты
2.1.Кариб дағдарысы
2.2.АҚШ және Үндіқытай
2.3.Ақ үйдің Африка және Латын Америкасында
жүргізген саясаты
2.4.Кеннедидің құпия өлімі – ғасыр қылмысы

ІІІ-Қорытынды
ІV-Пайдаланылған әдебиеттер
V-Сілтемелер тізімі

Кіріспе

Джон Фитцджеральд Кеннеди АҚШ-тың ең танымал әрі жас
президенттердің бірі.Джон Кеннеди АҚШ президенті қызметінде тура
1936 күн болды және осындай аз ғана уақыттың ішінде ішкі-сыртқы
саясатта көптеген өзгерістер жасап үлгерді.Ол президент постына
келмес бұрын демократиялық және республикандық қарсыластарымен
ұзақ күресуге мәжбүр болды.Джон Кеннедидің Ақ үйге дейінгі жолы
оңайға түскен жоқ. Бұл жол Трумэн мен Эйзенхауердің жолына
қарағанда өте қиын болды.Сондай-ақ жас президенттің өмірінің соңы
да өте қайғылы аяқталды.
60 – жылдары АҚШ оңшыл реакция күштерінің өте жоғары белсенділік
танытқан кезеңі еді.Әскери өндіріс кешені монополиялары, әскерилер
және Орталық барлау басқармасы – барлығы да сыртқы саясатқа
араласуын үдете түсті. Олар қарулану жарысын
өрістетуді,социалистік және дамушы елдерге қарсы агрессиялы
саясатты талап етті.
Джон Кеннедидің АҚШ Конгресіндегі қызметі оны билік басына келуі
және президент қызметіндегі жұмысы АҚШ сыртқы саясатының бағытын
анықтайтын және бақылайтын күштердің дәл ортасында болды.
Президенттің және оның айналасындағылардың жеке көзқарастары
саясат мәселесінде және АҚШ сыртқы саясатының бағытын айқындауда
белгілі роль ойнады, бірақ оның қызмет уақытында бұл
көзқарастардың шешуші маңызы болмады.
Президент Кеннеди алғашқы екі жылда айтарлықтай дәрежеде қырғи
– қабақ соғыста жақтаушылардың жетегінде жүрді және үкіметті
құруда және АҚШ сыртқы саясатын жүзеге асыратын Уолл – Стрит
монополистік топтармен тығыз қарым – қатынаста болды.Шынында да,
1961 жылдың сәуірінде Куба халқына қарсы авантюрасы әлсіздікке
ұшырағаннан кейінгі екі жылда Кеннеди көптеген мәселелерде
авантюралық әрекетке баруды талап еткен американ әскер басыларының
қысымына жиі ере бермеді. Тек үшінші жылы ғана Кеннеди қырғи-
қабақ соғыс саясатының шеңберінен шығуға ұмтылыс жасады. Оның бұл
шешуші қадамдары халықаралық тұрақтылыққа, американ-кеңес
қатынастарының дамуына оң септігін тигізді.
Джон Кеннеди өз өмірің соңына қарай сыртқы саясатта парасатты
бағыт ұстануға деген ниетін ашық білдіре бастады. Бірақ, мұндай
әрекетке баруға АҚШ монополистік капиталы мүмкіндік бермес еді.
АҚШ - өте құдіретті империалистік держава. АҚШ басқарушы
топтарының жүргізіп отырған агрессивті саясаты халықаралық
тұрақтылыққа кері әсерін тигізді. Сонымен қатар, бұл саясат
социалистік елдердің қарсылығына және ұлт-азаттық қозғалыстардың
өсуіне әкеліп соқтырды.
Кеннедидің АҚШ және әлем тарихында алатын орны ерекше. Өйткені,
ол барлық мәселелерді тек бейбіт жолмен шешуге тырысты. Сол
кездегі әлемді дүрліктірген қырғи-қабақ соғыстың жұмсаруына
үлесін қосқан бірден-бір президент. Сондықтан да Кеннедидің билік
еткен кезеңін жылымық кезең деп атайды. Сондай-ақ, ол Азия,
Африка және Латын Америкасы елдеріне АҚШ
капиталын енгізуде жұмсақ әдісті қолданды. Кеннеди соғыс
одақтарын нығайтуға, АҚШ-тың соғыс қуатын арттыруға, сондай-ақ
басқа елдерге экономикалық көмек беру мен ықпал жасау
әрекеттерін коммунизмді тежеу, АҚШ-тың және тұтас алғанда, күллі
капиталистік жүйенің позицияларын нығайту мақсатына пайдалануға
шақырды.1

Тақырыптың өзектілігі: 60-жылдардағы әлемдегі халықаралық
жағдайды ғылыми тұрғыдан зерттеу қазіргі таңдағы өзекті
мәселелердің бірі. Кеннедидің сол кездегі бүкіл әлемге төнген
қауіп-қатерді сейілтуде атқарған жұмысы өте зор. Оның жүргізген
сыртқы саясаты, әсіресе социалистік елдер соның ішінде КСРО-мен
жүргізген ымырашыл саясатын айта кеткен жөн. Оның құпия өлімі де
қазіргі күнге дейін нүкте қойылмаған сұрақтардың бірі. Сондай-ақ
ол сол кездегі әлемдегі халықаралық тұрақтылықты сақтауда және АҚШ
позициясын беріктендіруде аянбай қызмет істеген АҚШ президенті.
Тақырыптың негізгі мақсаты мен міндеттері: Тақырыптың
маңыздылығы мен бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып,
Кеннедидің АҚШ президенті болғанға дейінгі және болғаннан кейінгі
қызметінің ерекшеліктері маңызын ашып көрсету және кеңес
идеологиясымен жазылған деректкрді шетел деректерімен салыстыра
отырып, ортақ пікір қалыптастыру басты мақсат болса, осыған сай
мына міндеттер айқындалады:
- Кеннедидің саясатқа ерте араласуына итермелеген
факторларға тоқталу
- Кеннедидің Конгрестегі және Сенаттағы қызметінде
әлеуметтік салаға көңіл бөлгенін ашып көрсету
- Сыртқы саясатта дамушы елдерге әлеуметтік көмек арқылы
АҚШ ықпалын күшейтудегі әрекетін қарастыру
- Кеннедидің жұмбақ өлімінің себептерін ашып көрсету
Зерттеудің методологиялық және әдістемелік негізі: Тарих
ғылымының мынадай жалпы теориялық принциптері зерттеудің
методологиялық және әдістемелік негізін құрады: Қажетті
деректерді табу және оларға сипаттама берудегі тарихи таным;
оқиғалар мен жағдайларды зерттеуде тарихи объективтілік
нақтылық. Қоғамдық құбылыстардың дамуын және өзгеруін
зерттеудегі нақтылы – тарихи әрекет; Танымдағы жан-жақтылық,
олардың бір-бірімен ара қатынасы, байланыстары. Тақырыпта
тарихи ғылым саласындағы авторлардың еңбекткрі пайдаланылды.
Еңбекте анализ, синтез, салыстыру және басқа да әмбебаптық
жалпыға мәлім зерттеу әдістемелері қолданылды.
Тарихнамасы: Кейінгі уақытта АҚШ-та және тағы басқа елдерде
Кеннедидің билік басындағы қызметі мен өміріне арналған
көптеген еңбектер жарық көруде.
Кеннедидің өмірі мен қызметі жөніндегі көлемді еңбектерді
А.А.Громыконың 1036 дней президента Кеннеди (1968), Броган
Хьюдің Джон Кеннеди (1997), Э.А.Иванянның От Джорджа
Вашингтона до Джорджа Буша (1991) және М.А.Островцованың Сто
великих правителей ХХ века (2000) кітаптарынан ала аламыз.
Ал сол кездегі КСРО сыртқы істер министрі А.А.Громыконың
Внешная политика США: уроки и действительность (1978),
Э.А.Иванянның Белый дом: президенты и политика (1979) және
А.А. Кокоревтің Силовая дипломатия Вашингтона (1985) деген
еңбектерінен Кеннедидің сыртқы саясаты туралы мәлімет табамыз.
Ал Үндіқытай және Кубаға агрессиялы саясаты жөнінде
Б.Сиоктың Покончить с войной во Вьетнаме (1970) және
Ф.М.Сергеевтің Тайная война против Кубы (1982) кітаптарында
көрініс тапқан.
Кеннедидің құпия өлімі туралы версиялар И.Ефимовтың Кто
убил президента Кеннеди? (1991), О.Нечипоренконың Три пули
для президента (2003), Л.Маттиастың Оборотная сторана США
(1968) және У.Манчестердің Убийство президента Кеннеди (1969)
деген еңбектерінде баяндалған.
Сонымен қатар, Джон Ф. Кеннедиге, Кариб дағдарысына
арналған ғылыми-конференцияларда сол кездегі саясаткерлердің
сөйлеген сөздері, құжаттары көрсетіледі.

І-тарау. Кеннедидің өмірі мен қызметі.
1.1. Джон Фитцджеральд Кеннедидің өмірі.
Джон Фитцджеральд Кеннеди 1917 жылы 29 мамырда Массачусетс
штатының Бостон қаласы, Бруклин ауданында дүниеге келді. Ол
отбасында Джозеф пен Роза Кеннеди тоғыз баланың ішіндегі екінші
ұлы еді. Оның атасы Патрик Кеннеди ХІХ ғ. 50ж. Ирландиядан
қиыншылық көргендіктен Құрама штаттарға қоныс аударуға мәжбүр
болады. Джонның әкесі Джозеф Кеннеди АҚШ-тағы жағдайға тез
бейімделді. Ол Бостон мэрінің қызына үйленіп, өз карьерасын тез
арада көтеруге зор мүмкүндік алды , банк ісімен айналысты.1917
жылы Джозеф Кеннеди өз карьерасында бір сатыға көтерілді. Ол
"Бетольком стиль" компаниясының бас меңгерушінің көмекшісі болып
орналысты.
1930 жылы Джозеф Кеннеди ірі миллионерлердің қатарына
қосылды. 1932 жылы саясатпен айналысуға кіріседі. Сөйтіп,
Франклин Рузвельттің президентік кандидатурасын қуаттап, оған
көптеген қаржысын құрбан етеді. 1936 жылы ол Я-за Рузвельта
деген кітабін жазады. Осылай ол Англиядағы АҚШ-тың елшісі
қызметіне дейін көтеріледі. Менің Джон Кеннедидің әкесіне тоқталып
кетуімнің себебі, Джонның саясатта осындай жетістікке жетуіне
бірден-бір септігін тигізген оның әкесі еді. Өйткені, Джозеф
Кеннеди балаларын жастайынан саясатқа баулып, сол кездегі әлемдегі
халықаралық жағдайды талдап, өз көзқарасын, пікірін айтып отыруға
баулыған.2

Джон Кеннедидің балалық шағы Бруклинде өтті. Әкесінің
қызметінің жоғарылауымен Кеннедилер отбасы Нью-Йоркке қоныс
аударады. Әкесі Джонды жергілікті бастауыш мектепке береді. Ол
жерде оқып жүріп оның тарихқа деген қызығушылығы көрінеді. Ол
жастайынан алғыр, зерек болып
өсті. Кітап оқуға әсіресе, тарих, география және рыцарьлардың
жорықтары
мен Американың алғашқы қоныстаушылары туралы тақырыптарды оқуға
құштарлығы зор еді.

13 жасында Джонды Коннектикут штатындағы католиктік мектеп-
интернатына береді. Бірақ бұл жерде ол ұзақ тұрақтамады.Өйткені,
бұл мектептегі білім оны қанағаттандырмады. Одан кейін жекеменшік
мектепке
береді.Джозеф Кеннеди өз балаларын буржуазиялық тұрғыдан
тәрбиелеп, білім береді және саясатқа қызығушылығын бақылап
отырады. Бұл туралы Джонның інісі Роберт Кеннеди былай дейді: біз
дастархан басында отырғанда, әрдайым президент Т.Рузвельттің
қандай саясат ұстанғандығын және әлемдегі халықаралық жағдайды
талқылап отыратынбыз.
Джон жекеменшік мектепті бітіргеннен кейін әкесі оны Лондон
экономика мектебіне жібереді. Содан соң ол Гарвард университетіне
түседі. Кеннеди
Гарвард университетінде оқып жүрген кезде мемлекеттік құқық және
буржуазиялық мемлекет қызметінің механизімінің қыр-сырын оқып
үйренеді.3

Джон Кеннеди бірінші курсты аяқтаған соң Европа елдеріне
сапарын ұйымдастырады. Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңындағы
Европа өмірін өз көзімен көреді. Джон 1937 жылдың жазында әкесіне
жазған хатында былай жазады: Испания халқының 95% Құрама
Штаттардағы жағдайдан толығымен бейхабар. Кеннедидің айтуынша,
испан халқының көпшілігі азамат соғысында Францияны қолдайды. Ол
республикалық Испаниядағы жұмыстар халық игілігіне жасалып
жатқанына таң қалды.
Джон өзінің күнделігінде,Испаниядағы соғыс республика құруға
талпынды,- деп жазады. Бірақ, фашизмнің біріккен күштеріне қарсы
күрескен республикандықтар жойылып кетті. Кеннедидің мойындауы
бойынша Испаниядағы республиканың режиміне деген көңілі суыды. Ол
Германия мен Италия үшін фашизм қалыпты жағдай,-деп есептеді.
1937 ж. аяғында президент Рузвельт Джозеф Кеннедиді
Ұлыбританиядағы елші етіп тағайындады. Ол өзінің мәлімдемесінде
Чемберлен үкіметімен бейбіт саясат жүргізуді ұсынды. Ол Рузвельтке
Европадағы әскери шиеленістерге араласпауын және қауіпті жағдайлар
туындамас үшін қарулану керектігіне кеңес берді. Джон Кеннеди
өзіндегі мүмкіндіктерді пайдаланып, өзінің демалыстарын Лондон мен
Францияда өткізеді. 4
Кеннедидің сүйікті кітабі - Виктория ханшайымның премьер-
министрлерінің бірі - Вильям Лэмбтің қызметінің тарихына арналған
– Мельбурн кітабы еді. Кітапта саяси қайраткерлердің қызметі
баяндалады. Мельбурнның өз қарсыластарына қарсы күресі Кеннедиді
таңқалдырады. 1938-39 жылдары Джон Кеннеди Европа мемлекеттеріне
сапарын ұйымдастырады. Ол осы сапарында Кеңес Одағында,Балкан
елдерінде болады. 1940 жылы Джон Гарвард Университетін үздік
дипломмен бітіреді. Ол өзінің диплом жұмысын ағылшын сыртқы
саясатына арнап, оны Мюнхендегі ымырашылдық деп атайды.
Бұл шығармада Джон Кеннеди Чемберленнің саясатын жақтап,
оның ымыралшылдыққа тек ағылшын іскер тобының және пацифистердің
қысымымен барғанын баяндады. Кейіннен бұл жұмыс Джозеф Кеннедидің
көмегімен Почему спала Англия ? деген атпен жарияланады Почему
спала Англия ? кітабы АҚШ пен Ұлыбританияда 80 мың данамен
тарады. Бұл кітап Джон Кеннедиге танымалдылықпен қатар 40 мың
доллар қаламақы әкелді.
1939 жылы 1 қыркүйекте Гитлер әскері Польшаға басып
кіргеннен кейін, екінші дүниежүзілік соғыс басталады. 1940 жылы
Рузвельттің сайлау компаниясына қатысу үшін Джозеф Кеннеди АҚШ-қа
қайта оралады. Ол Бостон газеттеріне берген сұхбатында Мен АҚШ-
тың бұл соғысқа араласпауы үшін барлық әрекетке барамын. Соғысқа
араласудың ешқандай мәні жоқ,-деп мәлімдеді.
Осы мәлімдемеден кейін Рузвельт Джозеф Кеннедиден көңілі
қалады. 1940 жылы Рузвель президент болып сайланған соң
Джозеф Кенадиді АҚШ-тың Англиядан елшісі қызметінен босатады.
Осыдан кейін ол Америкадағы саяси топтардың арасында ешқандай роль
ойнамайды.
Жапонияның Перл-Харбор әскери базасына жабуылынан кейін
және Тынық Мұхитта соғыс басталғаннан кейін Джон Кеннеди әскерге
қабылдану туралы өтініш береді. Бастапқыда денсаулығына байланысты
кедергілер туындағанымен, оған әскери теңіз флотына қабылдану сәті
түседі. 1942 жылдың аяғында Джон Кеннеди АҚШ әскери теңіз
күштерінің торпедо қатерлерінің отрядын басқару туралы бұйрық
алады. 1943 жылы жас офицерді Тынық мұхитының оңтүстік бөлігіне
жібереді.
1943жылы 2 тамыздағы түнде Кеннеди Фергюсон бұғазында оның
РТ -109 катерін жапондық Амагири эскадралық минатасушысы
шабуыл жасағаннан кейін өлім аузынан қалады. Қатты соққы штурвалда
тұрған Кеннедиді суға лақтырып тастайды. Кейіннен Кеннедидің
экипажын американдықтар құтқарып алады.
Бірақ, соғыс оның ағасы Джоға қайырымдылық танытпайды. 1944
жылы оның ұшағы неміс базаларына шабуылы кезінде жарылып кетеді.
Екінші дүниежүзілік соғыс біткеннен соң Кеннеди өз күшін
журналистика саласында байқап көреді. Оны 1945жылы Херст
прессасының өкілі ретінде Сан-Франциско конференциясына жібереді.
Конференцияда БҰҰ құру туралы келісімге қол қойылады. Кеннеди БҰҰ
маңызын түсінбеді. Бұл халықаралық ұйымның жарғыларына көңілі
толмады.
Кейіннен Джон Кеннеди журналистикамен қоштасады. Оның
саяси күресте өз бағын сынап көру ынтасы оянады. Бұл жоспарларды
жүзеге асыруда Кеннедиге демеуді әкесі береді, өйткені үлкен ұлы
Джо қайтыс болғаннан кейін барлық үмітті Джонға артады. Кеннеди өз
отбасының саяси өмірге араласуын былай баяндайды: Егер мен өлсем,
онда менің інім Боб сенатор болар еді, ал ол бақытсыз жағдайға
ұшыраса, ініміз Тедди біз үшін сенатор болуға ұмтылар еді.5
1946 жылы Джон Кеннеди қала өміріндегі саяси жағдаймен
танысу үшін Бостанға келеді. Джон Кеннедидің саяси карьерасы АҚШ
Конгресіне Бостан қаласы бойынша №11 сайлау округінен басталады.
Көргендердің айтуы бойынша Кеннеди біраз уақыт бойы Массачусетс
штатының көлеңкелі жақтарына үйрене алмады. Ол: Етік киетін сәт
туды Джо. Егер ол тірі болғанда, мен бұл тірлікпен ешқашан
айналыспайтын едім, - деп жиі айтатын.
1952 жылы Кеннеди республикандық сенатор Г. Лоджды саяси
күреске түсуге шақырады. Джонның сайлау компаниясын інісі Роберт
басқарды. Лодж қауіпті қарсылас болатын және осы уақытта генерал
Д. Эйзенхауер бастаған республикалықтар билік басына оралған еді.
Генерал Массачусетс штатынан 208 мың дауыс жинап жеңіске жетсе,
Кеннеди болса 70 мың дауыс басымдықпен Лоджды жеңіліске ұшыратты.
Ол 1958 жылы сайлаушылардың 70% - тен артық дауысын жинап, қайта
сайланды.
Сенатор-Кеннеди бағаны және тұрғын үй ақысын реттеу
саясатын қолдады. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын мақұлдады.
Кәсіподақтардың құқығын қорғады және Тафт – Хартли заңына
қарсылығын білдірді.
Бірақ сыртқы саясат саласында және бірқатар мәселелерді
шешуде солтүстік штаттардың демократтарының басым көпшілігінен
оңшыл саясат ұстанды. Ол президент Труменді, мемлекеттік хатшы Дж.
Маршалды және мемлекеттік департамент шенеуніктерін, Қытайды
коммунистердің билігіне беріп қойғаны үшін айыптаған
республикалықтарға қосылды. Қорғаныс саласы бойынша Ақ үй саясатын
сынға алып, шет елдерге көмек беру бағдарламасына сенімсіздік
танытты. Шіркеу мектептеріне көмек беру бағдарламасына қолдау
білдірді. Ауылшаруашылық жәрдем ақшалардың жоғары және қатаң
бағалармен бекітілуіне қарсы дауыс берді. Азаматтық құқық
мәселесінде өз позициясын нықтап ұстанды. Кеннедидің және
ортодоксальді либералдардың көзқарастары азаматтық бостандық
саласына келгенде екі жарылғаны айқын көрінеді. Бұл уақыт ұлттық
қауіпсіздік және жеке бостандық арасындағы тепе-теңдіктің
бұзылғандығы анық көрінген Қырғи қабақ соғысы мен Кореядағы
соғыс жылдары еді. Кеннеди азаматтық бостандық жағынан гөрі,
қауіпсіздік жағында болды. Бұл мәселе коммунистерге қарсы крест
жорықтарын ұйымдастырушы Висконсин штатынан шыққан республикандық
сенатор Дж. Маккартидің әрекеттерінің нәтижесінде көпшілік
назарында болды. Кеннеди Маккартиден бөлек болуды дұрыс көрді,
бірақ оның ашық қарсыластарының арасында да болмады. 1954 жылы
Сенат Маккартидің әрекетін жоққа шығару үшін дауысқа салғанда
Кеннеди денсаулығына байланысты қатыса алмады және бірнеше жыл
көлемінде осы мәселе бойынша өз позициясын айқындай түсті. 1952
жылы Сенаттағы орын үшін болған компания барысында Кеннеди
республикандықтардан қолдау тапты. Кеннеди де Лодж да Маккарти
туралы пікірталастан аулақ болуды дұрыс көрді, өйткені
Массачусетсте оның жақтастары көп болатын.
1953жылы Джон Кеннеди Вашингтонның Таймс геральд
газетінің фоторепортері, Нью – Йорктік банкирдің қызы – Жаклин
Бувьеге үйленеді.
Бір жағынан Джон Кеннеди 50ж. басы мен ортасында жас саяси
қайраткер сияқты көрінді. Бірақ, көпшілік оның қатты ауру екенін
білмеді. Омыртқадағы ауру күннен күнге асқына түсті. Дәрігерлердің
айтуы бойынша Кеннеди қан рагінің жарылуынан бірнеше жыл ғана өмір
сүруі мүмкін еді.6
1954 жылы басында омыртқадағы аурудың асқынуына байланысты
Джон Кеннеди қайта операция жасатуға шешім қабылдайды. Кеннедиге
операция жасап, омыртқасына болат пластина орнатады. Бірақ, бұл
одан да жаман ауру тудырады. Сөйтіп, пластинаны алдырып тастайды.
1955 жылы Нью – Иорктік дәрігер Жаннет Травельді естімегенде,
оның одан кейінгі өмірі мен саяси карьерасы қалай өрбитіндігі
беймәлім еді. Дәрігердің емін қабылдағаннан соң Кеннеди біртіндеп
жеңілдене түседі. Кеннеди операциядан кейін өзінің сол аяғы оң
аяғынан қысқарғанын анықтайды. Бұл арқадағы аурудың күшеюіне әсер
етті. Кейін оның денсаулығы бірден жақсарады. Кеннеди өзін
белсенді өмірге қайта әкелген тек қана дәрігер Травель деп
есептеді. 1956ж. Джон Кеннеди ауруханада жатып, Черты мужества
кітабын жазып шығарады. Черты мужества кітабы АҚШ –та даулы
табысқа ие болды және Кеннедидің танымалдылығының өсуіне ықпал
етті. Кітап жарық көргеннен бір жыл өтісімен Кеннеди өмірбаян
бөлімі бойынша Пулицер сыйлығын иеленеді.
Саясат аренасына қайта келгеннен соң Кеннеди бірқатар заң
жобалары үшін көп еңбектенеді. Президент сайлау жүйесіндегі халқы
тығыз орналасқан өндірістік дамыған штаттар ұсынған басты басымдық
консервативті селолық аудандар делегаттарын өзіне қаратуда маңызды
қарсы салмақ екенін айқындай отырып, ол 1956 жылы сайлаушылар
коллегиясы реформасына қарсы күресті басқарды. Ол бұрынғы
президент Г. Гувер басқарған үкімет аппаратын қайта ұйымдастыру
бойынша көптеген заңдық нұсқауларды рәсімдеді. Кеннеди қарулы
күштердің медициналық кітапханасын ұлттық медициналық кітапханаға
айналдыру жөніндегі заң жобасын бекітуді де қамтамасыз етті. Осы
жобалардың нәтижесінде оның Конгрестегі абыройы да беки түсті. Ол
бұл постқа Дж. Адамстан Тафтқа дейінгі американ
саясаткерлеріне арнаған Черты мужества кітабы үшін Пулицер
сыйлығын алған соң ғана орнықты.
1956 жылы Демократиялық партияның ұлттық конвенті Джон
Кеннедидің жалпы халықтық саяси аренаға шығуына жол ашты. Э.
Стивенсон екінші мәрте президент постына бару үшін өз партиясымен
басқа да жолдарға барды және конвентке сайлауда вице –
президенттікке кандидат ретінде серіктес таңдау туралы ұсыныс
жасады. Кеннедиге теннесийлік сенатор – Кнефовер өте қауіпті
қарсыластық білдірді. Өйткені, ол алдын – ала сайлау нәтижесінде
бірқатар штаттарда жеңіске жеткен болатын. Кеннеди келесі
сайлауларда сайлау бюллетендердегі алғашқы орындарға ұмтылуға
асықпай кірісті. Ол 1958 жылы Сенатқа қайта сайлауда сенімді
жеңіске қол жеткізген болатын. Кеннеди қоғамдық өмірдің назарында
болу үшін барлық әрекетке барды. Ол газет – журналдарға ондаған
мақалалар жазды. Кәсіподақтың әрекеттерді тергеумен айналысқан
Маккленланның кең көлемде жарнамаланатын комитетінің мүшесі болды.
Сонымен қатар, Сенат арқылы еңбек қатынастарын реформалау
туралы заң жобасын өте шебер жүргізе білді. Алжир мен Үндістанға
экономикалық көмек беру мәселелерінде өз тағдырын өзі шешуін талап
етіп, сыртқы саясат саласында өз беделін көтеріп алды.
1960 жылдың басында Кеннеди өз кандидатурасын ресми түрде
ұсынған кезде, оған Миннесоталық сенатор – Х. Хэмфри, Миссурилік
сенатор – Саймингтон, Техастық – Л. Джонсон және Э. Стивенсон
қарсы тұрды. Екі апта өткеннен кейін республикалықтар өз кандидаты
етіп вице – президент Никсонды таңдады. Кеннеди өз серіктесі
сенатор Джонсон оңтүстіктен дәстүрлі қолдауды қамтамасыз еткеннен
кейін, өз күшін халық тығыз орналасқан солтүстік – шығыс штаттарға
салуға кірісті. Бұл стратегия табыс әкелді, бірақ бұл басымдылық
маңызды болмады. Кеннеди Никсонды 119 мың дауыс басымдығымен
жеңді. Кеннеди мен Джонсон сайлаушылардың 303 дауысын алды,
Никсон иен Лодж – 219, сенатор Бирд – 15 дауыс жинады.7
Кеннеди 1961 жылы 21 қаңтарда АҚШ президентінің антын
қабылдады. Жаңа президенттің жоспары Жаңа шекара бағдарламасы
деп аталды. Конгресс бейбітшілік корпусын құруды, ең төменгі
жалақыны көтеруді, әлеуметтік сақтандыруды, ымыраға келтіруді
мақұлдады және тұрғын үй, елдің кедейленген аудандарына көмек
беру, жұмысшы күшін қайта даярлау және уақытша жұмыссыздарға
жәрдем ақы тағайындау туралы заңдарды қабылдады. Президентке
импортқа тарифті төмендету туралы келіссөз жүргізуге теңдессіз
өкілеттілік берілді.
Конгресс оның бірқатар қарттарға медициналық көмек көрсету,
қала істері жөніндегі министірліктер құру, білім беру саласына жан-
жақты көмек беру туралы ұсыныстарын қабылдамады.
Конгресс Ақ үймен салыстырғанда либералды және
белсенділікке ынталы болмады. Маңызды комитеттердің басшылығының
орнын бақылап отыратын оңтүстік демократтар, республикандық
одақтастарының көмегімен атқарушы биліктегі өзінің тежеуіш
әрекетін сақтап қалды. Президент өзінің заң шығарушы
бағдарламасымен қоғамдық қолдауға ие бола алмады. Жеке тұрғыдан
алғанда, ол өте танымал болды. Дегенмен, ел өркендей түсті және
сайлаушылардың қалың топтарын билікті ауыстыру қажет екенін
сендіру қиын болды. Президенттің жоғары бағаланған екі заң жобасы
бірнеше айлар бойы жүзеге асырылмады. Бұл заң тек президент
өлгеннен кейін қабылданды. Бұл заңның бірі жеке және корпоративтік
кіріс салығының мөлшерін төмендету жолымен экономикалық өсуге
жағдай жасауды көздеді. Екінші жоба азаматтық құқықты қорғауға
байланысты еді. Бұл салада президент анағұрлым кешігіп әрекет
етті. 1960 жылы демократиялық платформадағы өзінің сайлау
алдындағы уәдесіне және сеніміне қарамастан, ол басқа
бағдарламада, әсіресе сауданы либерализациялау барысында оңтүстік
штаттардың конгресмендерімен ара-қатынасты шиеленістіріп алмау
үшін тәуекелге бара алмайтынын білдірді. 1963 жылы бүкіл елді
афроамерикандық тұрғындардың ірі –ірі ереуілдер толқыны жайлады.
Администрация жұмысқа жалдау және жергілікті қоғамда қолдану
барысында дискриминациялауға қарсы тарауларды қарастыру, сонымен
қатар, федералдық жәрдем қаржы беру бағдарламасын тоқтату сияқты
заң жобаларын талдауда толық құқылы серіктес ретінде Конгресстің
республикандық мүдделерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырады.
1963 жылдың аяғында алдынғы сайлауға дайындалу мақсатымен,
президент Кеннеди АҚШ қалаларына сапарға шықты. 22 қараша күні
Техас штатында іс– сапармен жүргенде Даллас қаласында атып
өлтіріледі. Полиция бұрынғы теңіз жаяу әскері, біраз жылдар бойы
КСРО – да өмір сүрген, кейіннен АҚШ– қа оралып, Жаңа Орлеанның
мафия топтарымен тығыз байланыста болған және бір жағынан өзін
солшыл деп атаған 24 жастағы Ли Харви Освальдты тұтқындады.
Тұтқындағаннан екі күн өткен соң Освальд Далластағы түнгі
клубтардың қожайыны, қылмыс әлемімен байланыста болған Дж. Рубидің
қолынан қаза тапты. Кеннедидің өлімінен кейін президенттік антты
қабылдаған, вице – президент Л. Джонсон президент өлімін зерттеу
үшін Жоғарғы соттың төрағасы Уорреннің басшылығындағы комиссияны
тағайындады. Комиссия 1964 жылы 27 қыркүйекте жариялаған
баяндамасында Кеннеди Ли Харви Освальдтің қаласынан қаза тапқанын
дәлелдеді. Бұл оқиға ХХғ. ең шулы, құпия қылмыстардың бірі. Бұл
қылмысқа әлі күнге дейін нүкте қойылған жоқ. Сондықтан мен бұл
мәселеге кеңінен тоқталып кетемін.

1.2. Джон Ф. Кеннеди. Конгрестен Ақ үйге дейін.

Джон Кеннедидің саясатпен араласуына тікелей ықпал еткен
фактордың бірі әкесі Джозеф Кеннеди. Президент Рузвельт
уақытында АҚШ-тың Ұлыбританиядағы елшісі болған Джозеф Кеннеди өз
ұлдарын саясатқа баулып отырды. Джонның інісі Роберттің айтуы
бойынша Джозеф дастарқан басында өз ұлдарымен Рузвельттің қандай
саясат ұстанып отырғанын және әлемдегі халықаралық жағдайды
талдап, бағандап отыратын. Сонымен қатар, Кеннедилер отбасының
саясатқа араласуына ынтасын Джонның мына сөздерінен білеміз:
Егер мен өлсем, інім Роберт сенатор болар еді, ал Роберт
бақытсыз жағдайға ұшыраса, ініміз Тэдди біздің орнымызға
Конгресске ұмтылар еді. Кеннедидің саясатқа ерте араласуына ағасы
Джоның соғыста қазаға ұшырауы болатын. Джон бір сөзінде: Егер Джо
тірі болғанда, саясатқа араласудың ешқандай мәні жоқ еді, -
дейді.
1946 жылы Джон Кеннеди саясатпен араласу үшін Бостанға
оралады. Джон Кеннедидің саяси карьерасы АҚШ Конгресіне сайлау
бойынша Бостан қаласындағы №11 сайлау округінен басталады. Бірақ
Кеннеди біраз уақыт бойы Массачусетс штатының саяси өмірінің
көлеңке жақтарына үйрене алмады. 1947 жылы АҚШ Конгресінің
өкілдер палатасының мүшесі болып сайланғанда Джон Кеннеди 24 жаста
еді. Басында ол өзін палатаның 435 мүшесінің арасында қаңғып
қалған адамша сезінді. Бірақ біртіндеп Кеннеди саяси карьерасын
дамыту үшін алдымен өзінің танымалдылығын кеңейту қажет деп білді.
Ол Массачусетс штатында үгіт – насихат жұмыстарын жүргізеді.
Кеннеди өз көңілін негізінен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін
шешуге бөледі. АҚШ үкіметінің әлеуметтік саладағы жұмыстарына
американдық еңбекшілердің наразылығы, Кеннедидің бәрінен бұрын
американдық кәсіподақ сайлаушыларының сенімінен шығуға тырысты. Ол
конгресмен – демократқа республикандық қарсыластарымен күресте
табысқа жету үшін оңшыл кәсіподақ басшыларының қолдауы керек деп
ойлады. Кеннедидің өкілдер палатасындағы негізгі қызметі тұрғын үй
заң жобасы еді. Бірақ, тұрғын үй заң жобасы 1948 жылы
бірнеше конгресмендердің соның ішінде Кеннедиден қолдау
тапқанымен, өкілдер палатасындағы республикандықтар мен оңтүстік
демократтар тарапынан сәтсіздікке ұшырады. Кеннеди сонымен қатар
АҚШ – тағы еңбек жағдайларының жақсаруының жақтаушысы болды.8
Тафт – Хартли заң жобасы айналасында көптеген айтыс –
тартыстар болды. Бұл жерде Джон Кеннедиге айқын позиция мен қатаң
пікір ұстануы міндетті болды. Ол корнгрестің екі тобының арасында
бұлтарып қалып, өз жақтасы Гофтты да және американдық кәсіподақ
басшыларында мақұлдаудан бас тартты. Осылай Кеннеди еңбек заң
жобасының мәселелеріне келгенде екі қарама – қарсы ойды
ымыраластыруға ұмтылады. Конгресс комиссиясының отырысында
Кеннеди: Кәсіпкерлер де, кәсіподақ та тек өздерінің пайдасын
көздеп отыр, - деп мәләмдеді. Ол барлық ереуіл түрлерін, сондай –
ақ жұмысшылардың жұмысты тастап кетуін жауапсыз мінез-құлық деп
дәлелсіз кінәлауды айыптады. Кеннеди қабылданған Тафт-Хартли заң
жобасын кәсіподақтарды қатігез әрі қауіпті соғысқа жетелейді және
таптық күрес доктринасын уағыздайтын, радикалды кәсіподақтардың
ашса алақанында, жұмса жұдырығында болады, - деп мәлімдеді.
Тафт – Хартли конгресс мүшелерінің көпшілігінің дауысымен
қабылданғаны белгілі. Кеннеди бұл заңға қарсы дауыс берген өкілдер
палатасының 79 мүшесінің бірі болды. Бірақ, Тафт – Хартли заңы
Конгресте қабылданғаннан кейін оны өзгертуді талап еткен
кәсіподақтарға да қолдау білдірмеді.
Конгресстегі екі жылдан кейін Кеннеди сыртқы саясатпен
айналысуды жөн көрді. Бастапқыда, ол бұл салада да өзінің
дербестігін көрсете алмады. Кеннеди экономикалық көмек арқылы
АҚШ-тың Батыс Европадағы ықпалын күшейтетін атышулы Трумэн
доктринасын және Маршалл жоспарын қолдады. Ол АҚШ үкіметінің
Азияда жүргізген американ саясатының сәтсіздікке ұшырағанын сынға
алды. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін Кеннеди АҚШ
әкімшілігін коммунизмнің бүкіл Азияны жаулап алуына жол бермеуді
қамтамасыз етуге шақырды. Азиядағы оқиғаның күшеюін түсінбеген
Кеннеди, Қытайдағы американ империализмінің сәтсіздігін тек
американ дипломатиясының және президент Трумэннің қателігі деп
түсіндірді.
АҚШ-тың Кеңес Одағына және басқа да социалистік елдерге
жүргізіп отырған қырғи қабақ соғысы Кеннеди көзқарасына кері
әсерін тигізді. Бірақ, ол Конгресте қырғи қабақ соғыстың
тұтануын қолдайтындардың ішінде болды. Кеннеди қарулану жарысын
қолдайтынын білдірді.
1951 жылы Джон Кеннеди НАТО-ның елдеріне сапар
жасауды қабыл алып, Англия, Италия, Францияда болады. Содан соң ол
Испания, Батыс Германияға сонымен қатар, Югославияға сапарын
жалғастырады. Кеннеди АҚШ-қа келгеннен кейін сыртқы істер және
қарулы күштер жөніндегі сенат комиссиясының бірлескен отырысында
мәлімдеме жасап, конгресс мүшелеріне Батыс Европадағы американ
империализмінің стратегиялық маңызы зор екенін айтып, ол жаққа
қосымша американ әскерін жіберуді талап етті. Сонымен қатар, ол
Батыс Европалық серіктестерінің НАТО-дағы әрекетке белсенді түрде
қатысуын күшейтуге шақырды.9
Содан соң Кеннеди Таяу Шығыс елдерінде және Пакистан,
Үндістан, Малай, Оңтүстік Кореяда болып, бұл жердегі Батыс
державаларының отарлаушыларына қарсы ұлт-азаттық күрестің өскеніне
көз жеткізді. Кеннеди Вашингтонға келгеннен кейін АҚШ өз назарын
Батыс Европа елдерінен бөліп жібергенін мәлімдеп, АҚШ көмегінің
Азияға және Орта Таяу Шығысқа бөлінуін талап етті. Кеннеди
американ көмегін алған дамушы елдер АҚШ-қа тәуелді болып қалады, -
деп есептеді.
Джон Кеннеди өкілдер палатасындағы бірнеше жыл қызметінен
кейін саясатта тағы бір сатыға көтерілуді ойлады. Ол Массачусетс
штатынан сенатор болуды мақсат етті және сол мақсатқа ондаған
қалада үгіт-насихат жүргізу арқылы жетеді. 1952 жылы Кеннеди
штаттың жүздеген қала мен елді мекендерінде митингілер жасады.
Кеннеди Массачусетс штатының сенаторының орнына белгілі
республикандық сенатор Лоджбен күресуді шешеді.
Кеннедидің тәжірибелі Лоджбен күреске түсуі көпшіліктің
түсінбеушілігін туғызды. Өйткені, Лодж штат бойынша жақсы
байланысқа ие болатын. Бірақ Кеннеди өзінің сайлау компаниясына
және қаржылай жағдайына сенді. Дегенмен, Лодждың байлығы да
Кеннедиден кем болған жоқ.
Джон Кеннедидің Массачусетс штатындағы сайлау науқанына
оның барлық серіктері, сондай-ақ шешесі Роза да қатысты.
Кеннедидің серіктерінің бірі өз сөзінде: Байқұс Лодждың
жеңіске жетуіне еш мүмкіндігі жоқ. Кеннеди бүкіл штатты жаулап
бара жатқан танкілі дивизияға ұқсайды , - деді.
Сайлау қарсаңында Кеннеди штаттағы ең соңғы үгіт-
насихаттарын жүргізсе, Лодждың беделін көтеру үшін президент Д.
Эйзенхауердің өзі Бостанға келіп үгіт насихат жүргізді. Бірақ
республикалық партияның соңғы күші де Лоджға көмектеспеді. Кеннеди
оны оңай жеңді. Сөйтіп, Джон Кеннеди Массачусетс штатына сенатор
болып сайланады. Кеннеди Сенатта еңбек және тұрмыс жағдайын
жақсарту комиссиясының мүшесі болады.
Ол өзінің Сенаттағы екі жылын – Массачусетс штатының
мәселелерін шешуге бөледі. Ол текстильді, кеме жасайтын
өндірістердің дамуын реттейтін заң жобаларын ұсынды. Сонымен қатар
Кеннеди Бостон портын модернизациялау туралы заңның қабылдануына
қол жеткізеді. Штаттың халқы оған өз ырзашылығын білдіреді.
Кеннеди Сенатта болған кезінде оның лидерлеріне айрықша
жақындауға ұмтылмады. Оны көптеген маңызды сұрақтар бойынша
саясат жасаған сенатта тар шеңберлі сенаторлар мүшесі болу
идеясы қызықтырмаған сияқты болып көрінетін. Алайда, Кеннеди сенат
лидерлерімен тең қатынас ұстауға тырысты. Кеннедидің Американың
саяси өмірі жайлы бірқатар анық пікірлері оның сенаттағы іс-
әрекетін айқындады. Кеннеди кез-келген буржуазиялық саяси
қызметкердің белгілі бір принциптерді қорғаудағы ымырасыз ұсталымы
өзіне зиян келтіреді және саяси сахнада жоғалады деп есептеді.
Кеннедидің замандастары, оның ішінде буржуазиялық ғалымдар оның
осындай көзқарастарын болашақ президентте өзін-өзі қорғаудың
саяси инстинкті жедел дамығандығымен түсіндіреді. Олар Кеннедидің
жаратылысында радикал екеніне атүсті қарады. Алайда, Кеннедидің
өзін-өзі қорғаудың саяси инстинкті әрқашан бірінші орында, ал
радикализм оның бүкіл саяси карьерасы кезеңінде екінші орында
болғандығына күман тудыра алмаймыз.
Осылайша Кеннедиде прогматизм, консерватизм және барынша
радикалдық көзқарастар үйлесіп жатты. Сондықтан, көптеген
буржуазиялық, саяси қайраткерлер, консерваторлар болсын,
либералдар болсын, оны өз адамы деп есептеді. Кеннедиде осыған
ұмтылған еді. Ол америкалық қайраткер табысқа жету үшін қулыққа
бару және жалтаруды білді және келісімдерге баруы керек екенін
тамаша түсінді. Ол жәй жетістікке емес, сенсациялық жетістікке ие
болғысы келді. Кеннеди АҚШ президенті болуға ұмтылу үшін ойлана
бастады.
Кеннеди мен конгрестегі либералдық топтардың өзара
қатынасы қызық болып көрінді. Джон Кеннедидің сенаттағы қызметі
уақытында либералдардың оған арақатынасы қырағы болды. Джонның
әкесі президент Рузвельттің жаңа бағыт саясатының жақтастары
болғанына қарамастан, либералдар Джон Кеннедиге толық сенім
білдірмеді. Бұл күмандану Кеннедидің сенатор Джозеф Маккартиге
деген көзқарасына байланысты ерекше күшейе түсті.
Кеннеди 1950 жылы өзінің бір сөзінде АҚШ үкіметі
коммунистерге қарсы күресті белсенді түрде жүргізіп жатқан
жоқтығын және сенатор Маккартиді өте жақсы сыйлайтынын мәлімдеді.
Кеннеди өз саяси карьерасын қауіпсіздендіруге сенатқа сайлануды
жеңілдетуге тырысты.
1952 жылы қарашада Кеннеди Сенатқа сайланған кезде АҚШ-та
Маккармизм дәуірі орнады. Сенатор Маккарти Трумэн үкіметінің өзі
де коммунистерге аздап бүйрек бұратанын дәлелдеді. Оған Екінші
дүниежүзілік соғысқа қатысушы, белгілі генерал Маршаллды өтірікке
малынған адам деп айыптауы дәлел болады. Генерал Маршаллдың жақын
досы республикалық партиядан президенттікке үміткер Дуайт
Эйзенхауер де өз жолдасын қорғауға ұмтылмады. Өйткені, ол
Маккартимен күреске түскісі келмеді.
Сондықтан Кеннеди Маккартизмнен қауіптенген адамдармен тіл
табысуға тырысты. Кеннеди оларға елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қажет екенін дәлелдеді. 1954 жылы сенатор Ральф Фландерс
Маккартиді айыптайтын резолюцияны Сенат талқысына ұсынды. Бұл
резолюция конгресте өте даулы пікірталас туғызды. Кеннеди
Маккартиді айыптайтын резолюцияны жақтап дауыс берді, бірақ
Фландерстің ұсынған себебі бойынша емес.
Сенаттағы республикандық Ноуленд басшылығындағы
маккартистер Маккарти әрекетін айыптайтын резолюцияның
қабылдануына кедергі жасауға тырысты. Солардың қысымымен
Фландерстің айыптау резолюциясын кейінге қалдыру жөніндегі
Ноулендтің ұсынысын 75 сенатор қолдады. Олардың ішінде Кеннеди де
болды. Тек 12 сенатор ғана қарсы дауыс берді. Дегенмен,
Маккартидің әрекетін айыптау резолюциясының кейінге қалдыруына
қарамастан, сенаторлар арасындағы шешуші күрес шиеленісе түсті.
Бірақ Кеннеди кейінгі мәселелерге қатыса алмады. Оның омыртқадағы
ауруы сыр берді. 1954 жылы 2 желтоқсанында Маккартиді айыптау
резолюциясы бойынша шешуші дауыс беру кезінде Кеннеди операция
күтіп, хирургиялық ауруханада жатты.10
Денсаулығына байланысты бірнеше жыл үлкен саясаттан тыс
болған Джон Кеннеди 1956 жылы АҚШ президенттігіне үміткер
демократиялық партияның көрнекті өкілі Эдлай Стивенсонның
кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді. Кеннеди інісі Робертке елде
үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде Стивенсонға көмек беруін
тапсырады. Роберт Кеннеди әрдайым Стивенсонның жанында болды және
өзінің демократ күштерінен еш көмегін алған жоқ. Бірақ,
Стивенсонның сайлау компаниясын ұйымдастырушылар Роберт көмегінен
бас тартты. Сонда да ол Стивенсонның сайлау компаниясының
жұмыстарын бақылап отырды. Ол осы жұмыстан көп тәжірибе жинақтап,
оны 1960 жылы Джон Кеннедидің сайлау компаниясында іске асырды.
1956 жылы демократиялық партиядағы сайлау науқаны Джон
Кеннеди мен Эдлай Стивенсонның өзара қатынасына өз әсерін тигізбей
қоймады.Олардың бір-біріне деген жек көрушілігі осы уақытта
туындаған болатын. Кеннеди осы жылдың өзінде-ақ Стивенсон оған
вице-президенттікке сайлауға түсуді ұсынады,- деп ойлаған. Бірақ,
бұл орындалмас үміт болды. Көптеген демократтар Кеннедидің
кандидатурасын қолдады. Демократиялық партия өкілі Фарли Стивенсон
Кеннеди туралы Америка католикті сайлауға дайын емес деп
мәлімдеді.
Стивенсон демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне
үміткер ретінде бірінші турдың өзінде-ақ сайланды. Стивенсон вице-
президенттікті ешқандай демократқа сонымен қатар, Джон Кеннедиге
де бермеуді шешті. Кеннеди мұндай шешімді күтпеген еді.
Стивенсонның келісімімен съезде вице-президенттікке сайлануға
құқық беретін ашық түрде дауыс беру өткізді. Бұл сайлауда сенатор
Кефовер жеңіске жетті. Кеннеди өз жақтастарын Кефоверге дауыс
беруге шақыруға мәжбүр болды. Дәстүр бойынша съезд соңында жеңіске
жеткен кандидат бірауыздан сайлануға тиіс болатын.
1957-1958 жылдары Кеннеди саяси күресті жалғастыра отырып,
білім беруге және төменгі жалақыны өсіруге, жұмыссыздарға
жеңілдіктерді көбейтуге және имигранттық квоталарды жеңілдетуге
үкімет тарапынан бөлінетін қаржыны көбейту керектігін мәлімдеді.
1958 жылы Кеннеди өзінің дауыс жинауда көп жетістікке
жететінін тағы дәлелдеді. Сенатқа Массачусетс штатынан қайта
сайлауда ол 73% дауыс жинады.
1958-1959 жылдары президент постына болған күрес
қарсаңында Кеннеди конгрестегі демократтардың либерал қанатының
ұсынған әлеуметтік іс-шаралар өткізу және азаматтық құқық туралы
мәселелеріне қолдау білдірді. Сонымен қатар, ол уақыттық жұмыс
ақысының өсуіне көп назарын аударды. Кеннеди бұл жұмыстар оның
американдықтар арасындағы танымалдылығын арттыратынын түсінді.
Кеннедидің президенттік пост үшін күресі 1956 жылы Эдлай
Стивенсонның сайлауда Эйзенхауерден екінші мәрте жеңілуі себеп
болды. Кеннедидің Массачусетс штатынан сенатқа сайлауда жеңіске
оңай жетуі Жаңа Орлеан штаттарындағы саяси топтар арасындағы
беделінің өсуі, оның ұлттық масштабта сайлауға түсуіне жол ашты.
Ағайынды Кеннедилер және олардың жақын саяси серіктері егер де
Кеннеди өз кандидатурасын АҚШ президенттігіне ұсынатын болса,
қандай кедергілерге тап болатынын талқылады және келесі негізгі
кедергілерге тоқтады.
Біріншіден, АҚШ президенті болып әлі ешқашан католик
сайланбаған, екіншіден Америка әлі өте жас президентті сайламаған.
АҚШ-та жоғары президент постына сайлану үшін буржуазиялық
партияның бірінің қолдауына және кең көлемді қаржыға ие болу
керек.
50-жылдар аяғында АҚШ-та демократиялық партияда да,
республикалық партияда да ішкі саяси күрес шиеленісе түсті. Бұл
саяси аренаға Дуайт Эйзенхауэр келуімен байланысты болды.
Эйзенхауэрдің америкалықтар арасындағы танымалдылығы 1952
жылы республикалық партияның үгіт-насихат аппаратындағы дауда ғана
емес, генерал Эйзенхауэрдің танымалдылығы АҚШ және ағылшын қарулы
күштерінің бас қолбасшылығымен және фашистік Германияны жеңуге
үлес қосқанына, сонымен қатар, Эйзенхауэр Кореямен де бітімге
келгеніне байланысты еді.
1960 жылы 2 қаңтарда салыстырмалы түрде атағы аз сенатор
Джон Фитцджеральд Кеннеди АҚШ президенттігіне өз кандидатурасын
ұсынды.
Демократиялық партиядан Кеннедидің қарсыластары кімдер
еді? Президенттікке үміткер ретінде алға жылжуына кімдер кедергі
келтірді? Олар бірнешеу еді.
Алдымен Кеннедидің мықты қарсыласы сенатор Хуберт
Горацио Хэмфри болатын. Ол кезінде қала мэрі болған. 1952 жылы
Хэмфри президент постына Эдлай Стивенсонның кандидатурасын ұсынған
болатын. Сондай-ақ, Хэмфри көмегімді бағалап, мені вице-президент
тағына үміткерлер қатарына қосады,- деп үміттенген еді. Бірақ оның
бұл арманы орындалмады.
Бірақ, Хэмфри өзі көздеген мақсатына жету үшін қажымай
еңбек етті. 1956-1960 жылдар аралығында сенатор өз белсенділігін
көрсетті. Америкалықтар арасында оның беделі тез өсті. Сөйтіп,
1958 жылы оның суреті белгілі американ газеті Таймның бірінші
бетінде жарияланды. Ол демократтардың лидері болатынын қайта
сезінді және Эдлай Стивенсон және Линдан Джонсонмен ақылдасты. Екі
қарсыласы да оның президенттікке кандидатурасын алға жылжытуына
қарсы болмайтынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Хэмфри Кеннедиден қауіптенетінін мойындады.
Газет-журналдардағы Кеннеди жарнамалары тәжірибелі сенатордың
назарынан тыс қалмады. Хэмфриге үлкен қауіп төніп, бұл кезекте
оның қарсыласын жеңу қиынға түседі. Оның қауіптенуінің себебі,
өзінің айтуы бойынша: мен тек Миниссота штатында ғана бақылау
жасаймын. Менде ешқандай ақша да, бұқаралық ақпарат құралдары да,
жарнамамен айналысатын адамдар да жоқ. Біраз уақыт өткеннен кейін
Кеннеди оны өзі қауіптенген ақшаның және жарнаманың күшімен жеңді.
Америка саяси өмірінде жарнаманың маңызы зор екендігі жақсы
белгілі.
Үлкен ақшасыз қазіргі Американың саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Джон Кеннедидің саяси қызметінің басталуы
Кеннеди саясатының қорытындылары
ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы АҚШ-тың саяси-экономикалық дамуы
Г. Киссинджер:тұлға әрі саяси қайраткер
Құқықтық билік
АҚШ екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Томас Джефферсонның өмірбаянын, саяси қызметін, ол басқарған кездегі Америка Құрама Штатының тарихы
Латын Америкасы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін
АҚШ Ұлы депрессия жылдарында
КСРО және Кариб дағдарысы
Пәндер