Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ФАКУЛЬТЕТІ

Тақырыбы: Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын

қалыптастыру жолдары

Тексерген: Құдайбергенова А. М.

Орындаған: Сағатқызы А.

Мамандығы: ОПиЭ

Тобы: 05-қ2

Алматы 2007

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Дүниетаным ұғымының мәні және оның құрамды бөліктері
  2. Ғылыми дүниетаным негіздері
  3. Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдері
  4. «Дүниетанымдық көзқарастар» ашық сабағына талдау

ІІІ. Қорытынды

Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары

І. Қазіргі кезде жұртшылықты алаңдатып жүрген іргелі мәселелердің бірі - жас ұрпақтың рухани құлазуы. Сондықтан да Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев білім беру саласында халқымыздың руханилық дәстүрлерін кең дамытып, өскелең ұрпақты рухани сезімдерінің биік, өз Отанын, халқын қастерлеп сүйетін, сонымен қатар жалпы адамзаттық құндылықтардың бүгінгі таңдағы маңыздылығын түсінетіндей етіп тәрбиелеудің қажеттілігіне баса назар аударуда. Ал адамзаттық құндылық ұғымының мәнін түсіну - бұл жеке тұлғаның өмір сүруінің мәні, оның толық тіршілік етуінің алғышарты деуге болады. Жеке тұлғаның құндылық дүниесінің қалыптасуына оның дүниетанымының ықпалы зор.

Жаңа заманның нарықтық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өзі үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік - адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.

Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдарын қарастырмас бұрын сол ұғымның өзінің мәнін ашып алайық.

ІІ. 1 Дүниетаным - адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдерінің жүйесі. Адамдардың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми дүниетаным. Оның басты ерекшелігі - ғылымға негізделетіндігі. Өзімшілдік, адамға деген өшпенділік, шындықты көре тұра бұрмалаушылық, пессимизмге салыну - керітартпа дүниетанымның басты белгісі. Адамдардың дүниетанымы ұжымшылдықты, гуманизмді, оптимизмді (жарқын болашаққа сену) дәріптеп қоймай, әр адамды дүниені қайта құру жолындағы күреске баулиды. Дүниетаным ұғымының түбірі - дүние. «Дүние» сөзі араб тілінен аударғанда - өмір, тіршілік сөздерінің мәнін береді. Ал жалпы алғанда оны қоршаған орта, табиғат, әлем ретінде қабылдауға болады.

Дүниетанымның екінші құрамы - «таным» ұғымы. «Таным» философиялық ұғым, ол қоршаған ортадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнеленуін көрсетеді.

Дүниетанымға қысқаша энциклопедияда «жеке адам және оның қоғамдағы орны, сана - сезімдік қалпы туралы ұғымдардың жиынтығы» деген анықтама берілген. Яғни, ол сана ядросы ретінде орын алады. Дүниетаным дегеніміз - дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік - экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеру нәтижесінде қалыптасады.

Ал ғылыми дүниетаным - қоғамдық сананың ең жалпы және жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.

Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процесінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі.

Адамның дүниетанымдық көзқарасы оның тікелей өмірлік тәжірибесінен бастау алады және соған негізделеді. Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы барынша қалыптасады.

Жеке тұлғаның дүниетанымы, дүниетанымдық білімдер мен сезімдер дүниетанымдық көзқарастардың кең көлемге ие болуы және тереңдеуі қажеттігінен туады.

Дүниетанымның қалыптасу процесі көп қырлы, сондықтан педагогикалық ғылымда бұл ұғымға байланысты әртүрлі көзқарастар бар. Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне деген қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамның және жеке адамның ұйытқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Дүниетаным - дүниенің, адамның, қоғамның бейнеленуі. Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс-әрекеттерінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады.

Тұтас психикалық білім ретінде дүниетаным - күрделі де көпаспектілі құрылым. Оның ұйытқысы - теоретикалық ойлау, жоғары интелектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар - адамның идеясы, білімдер, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдауы. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.

Әрбір адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет пен әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның «Мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім - көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың ұжымдық индивидуалдық тәжірибесін меңгергеннің нәтижесі. Сенімге айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшке айналады.

Регулятивті қызмет атқара отырып сенім жеке тұлғаның тұтас рухани, құндылық бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілек-қажеттілігін, сезім мен қылықтарын анықтайды. Сенім - жеке тұлғаның қазіргі уақытта іс-әрекетінде басшылық алып, оның болашақ өмір жолын анықтайды. Адамның сенім жүйесі - оның дүниетаным көрінісі. Сезім - сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимизм мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезімдермен байланысты.

Қажымас ерік-жігер - дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды іс-әрекетке итермелейді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз - адамның білімдерді, болмыстың құбылыстарын шығармашылық түрде ұғынып түсіну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті. Арман - мұрат өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады.

Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелей өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Оның мазмұны елеулі түрде адам өмірінің жағдайларына байланысты өзгереді. Әлеуметтік орта - адамды әлеуметтік өміріндегі қоршаған қоғамдық қатынастардың дамуының белгілі бір сатысындағы нақты көрінісі. Әлеуметтік орта қоғамдық-экономикалық формация түрінде, қай ұлт пен қай тапқа жататындығына, белгілі бір топтардың ішкі таптық айырмашылықтарына, тұрмыстық және кәсібіне тәуелді.

Жеке тұлғаның дүниетанымы онда өмір үндестігі мен қарама-қайшылығы көрініс тапқан кезде ғана әсерлі және тиімді болып келеді.

Ғылыми педагогикалық тұжырым жеке тұлғаның қоғамдық қатынастар, іс-әрекет, қарым-қатынас жүйесіндегі, дүниетанымдық сана, сезім мен ерік-жігердің тұтас қалыптасу идеясынан бастау алады.

«Дүниетаным - философия, философия сияқты ол да бүтінге, жан-жақтыға, соңғыға, ақырғыға қарай бет алады, ол тек космос туралы білімдерден ғана емес, сонымен қатар бағалаудан, субординацияға ұшыраған құндылықтардан, өмір формаларынан тұрады» (Г. Мейер) . Философияның өзі де - дүниетаным, яғни бүтіндей дүниеге, адамның осы дүниеге қатынасына деген көзқарастар жиынтығы.

Жеке тұлғаның дүниетанымы - ақиқаттың жалпылама көрінісінің жоғары деңгейімен ерекшеленетін әлеуметтік мәдениеттің, интеллектуалды және эмоционалды-жігерлік сипаттарын топтастырған феномен.

Л. И. Божовичтің пайымдауынша, жеке тұлғаның дүниетанымы - біршама кешіңкіреп келетін құбылыс, ол адамның жеткіншек шағында пайда болады, оның қалыптасу негізі жалпы тәрбиелік бағыттылық, дүниетану мен дүниені сезіну жүйесі болып табылады. Б. Г. Ананьевтің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өз-өзіне деген қатынасының қалыптасуы жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып келеді. Рефлектілі қасиеттер «мінез-құлықтың біртұтастығын анықтайды. Бұл орайда олар өзін-өзі реттеу мен дамуды бақылау қызметтерін атқара отырып, өмір мен іс-әрекеттің мақсатымен, құндылық бағыттарымен, нұсқауларымен тығыз байланысты».

ІІ. 3 Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдары мен тәсілдері.

Дүниетанымның қалыптасуы, педагогикалық процесс ретінде, объективті түрде әдіснамалық идеялардың реттелген жиынтығын оқушылар игілігіне айналдыруды талап етеді.

Дүниетанымды қалыптастыру үшін адамға бәрінен бұрын білім негіздерін меңгеру қажет. Білімсіз дүниетаным қорланбайды. Өйткені білім - дүниетанымды қалыптастыратын негізгі құрылыс материалы. Тек зердесіне құйылған, саналылықпен меңгерілген, белгілі жүйемен алған білім ғана адамның дүниетанымының негізі бола алады.

Оқушы жастардың алған білімі өзінің көзқарасы мен сезіміне айналған жағдайда ғана оның дүниетанымының қалыптасып дамуына өз әсерін тигізеді.

Дүниетаным қалыптасуының біртұтас процесі білім берудегі бірізділік пен оқу пәндері арасындағы байланыс арқылы жүзеге асырылады. Білім беру процесс ретінде ұстаз бен оқушының бірлескен іс-әрекетімен сипатталады, іс-әрекеттің мақсаты - оқушыларды дамыту, олардың бойында білім, білік, дағдыларды, нақты бір іс-әрекеттің бағыттылық негізін қалыптастыру.

Аналитикалық-жүйелік іс-әрекеттердің нәтижесінде (түсінікте, арман-мұраттарда, теорияларда) білім де, іс-әрекеттер әдіс-тәсілдері де бар. Бұл сананың әртүрлі жақтары, бірақ бұл процесте ең басты орында білім тұрады. Осының барлығы оқушы бойында білім мен білікке қоса ойлау мен әрекет ете алуды дамытуды талап етеді. Ғылыми білім құрылымында екі деңгей бар: эмпирикалық және теориялық. Олар объективті болмысты көлемірек, тереңірек және толығырақ суреттеуі бойынша ажыратылады. Дүниетаным жекелеген білімдерден емес, заманның талабына сай білімдердің құрылымын қамтитын әдіснамалық идеялар, теориялар мен принциптер негізінде ұйымдастырылатын жүйе. Оқушылардың меңгерген білімдер жүйесі әрдайым қозғалыста болады, басқа жүйелермен қатынасқа түсіп, оларды пайдалану міндеттеріне сәйкес жалғасады.

Білім беру - оқушылардың ғылыми білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудегі, шығармашылық қабілеттілігінің, дүниетанымы мен адамгершілік-эстетикалық көзқарастарының дамуындағы белсенді оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. Оқыту адамның іс-әрекетін белгілі бір білімдерді, білік пен дағдыларды меңгерудің саналы мақсаты билеген кезде қызмет-әрекет ретінде жүзеге асады. «Түсініктерді, ұғымдарды, заңдарды оқушылардың басына жаттанды түрде сіңіруге болмайды. Оларды оқушының өзі, мұғалімнің басшылығымен, көмегімен қалыптастырылуы керек. Түсініктердің пайда болуы, заңдарды жете түсіну - оқушының ойлау мен іс-әрекетінің белсенді процесі» (М. Н. Скаткин) .

Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардың бойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны - іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.

Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезімініе айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.

Оқу мен еңбек, қоғамдық іс-әрекет оқушыларды әлеуметтік, жан-жақты ақпаратпен, саяси қарым-қатынас тәжірибесімен қаруландырады. Ол оқушының ішкі жан-дүниесіне, жеке тұлғаның белсенді жасампаздық қажеттілігін дамытады.

Адамның көзқарасы оның дүниетанымына үлкен әсер етеді. Көзқарас адамның әлем туралы түсінігін, оны танып-білуін, әсерленуін сипаттайды. Көзқарастың қалыптасу негізі ғылыми білім болып табылады. Кеңестік кезеңдегі коммунистік көзқарас қалыптастыру бағытындағы ұстанымда диалектикалық-материалистік теорияға сүйенді және табиғатты, қоғамды, адамды тануға материалистік көзқарасты бекітуге ұмтылды. Барлық оқулықтар, саяси әдебиеттер осы көзқарас тұрғысынан жазылды. Кеңестік жүйе ыдырап, коммунистік үстемдік құлағаннан кейін көзқарастық танымда жаңаша тұжырымдар өмірге келді. Діни оқу орындары өрістей бастады, Ислам Университеті, медреселер, басқа діндер де тиісті оқу орындарын ашып, жастардың бойына жаңаша көзқарастар қалыптастыруға ұмтылуда.

Ұлттық мәдениетпен сусындау жастардың рухани құндылық әлемін байытып, имандылық, адамгершілік қасиеттерін дамытып қана қоймай олардың дүниетанымын дамытады, қоршаған ортамен үйлесімділікті арттырады.

Оқушыға ғылыми дүниетанымға көзқарас пен сенім қалыптастыру жұртшылықпен тіл табысып, қарым - қатынас жасай білумен де байланысты болғандықтан тұлғаның күнделікті өмірдегі атқаратын еңбегі, қоғамдық жұмыстары, түрлі үйірмелерге араласуы т. б үлкен мән берілу керек.

Оқушының дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуында мұғалімнің әсері мол. Педагогика ғылымында ұстаздың өнегесі шәкірттің бойында жақсы мінез-құлықты меңгеруге ұйытқы болумен қатар тиісті көзқарас қалыптастыратын, ертеңгі мұраттарына бағдар сілтейтін үлгі ретінде танылады.

ІІ. 4 Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда әр түрлі ашық сабақтардың, сыныптан тыс жұмыстардың, т. б әсері мол. Осы орайда мектеп оқушыларының ғылыми дүниетанымдық тақырыбына арналған ашық сабағына талдау жасай кетелік:

«Дүниетанымдық көзқарастар». Ашық сабақ

Мақсаты:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылар дүниетанымының қалыптасуы мектептің іс-әрекетінің басты бағыты
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру жолдары
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми- теориялық негіздері
Ақпараттық дүниетанымды қалыптастыру
Дүниеге көзқарас - дүниенің даму заңдылықтарын ғылыми негізде танып білу
Жеке тұлғаның дүниетанымын еңбек қызметі арқылы қалыптастыру жолдары (Автоматика негіздері бойынша)
Бастауыш сыныптағы балаларға экологиялық тәрбие беру жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымының ерекшеліктері
Ұлттық дүниетанымды халық өнері арқылы қалыптастыру
Бейнелеу өнері пәні барысында бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz