Күнтізбе. Уақытты есептеу жүйелері. Байырғы қазақ күнтізбесі


Қазақ халқы ежелден-ақ күн, ай, жұлдыздар бойынша ауа-райына тәуелсіз астрономиялық негізі бар күнтізбе жасаған. Аспан құбылыстарының қайталану заңдылықтарын бақылау нәтижесінде уақытты есептеудің әр түрлі жүйесін игерген. Күнтізбе ғасырлар сынынан өтіп бізге жеткен ұлттық мұрамыз, мәдени байлығымыз. Жалпы адамзатты күнтізбенің шығу трихы даму барысы мен таныстыру мақсатында қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері және байырғы күнтізбе тақырыбында көптеген мәліметтер жеткіземіз.
Күнтізбе (календарь - лат. Calendarium-қарыз кітабы) - ұзақ уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің көрінерлік қозғалысының ауық-ауық қайталану ерекшелігіне негізделген жүйесі анықтамалық басылым. Ежелгі Римде әрбір айдың бір күні календы деп аталған. Сол күні қарыз алғандар несиеқорларға өсім төлеп отырған. Осыған байланысты календылары көрсетілген «қарыз кітаптары» болған. Күнтізбенің негізгі ұғымдары- тәулік, ай және жыл. Күнтізбе жасау үшін күннің, айдың, жылдың ұзақтықтарын есептеп, олардың ара-қатынастарын анықтау керек. Тағылық дәуірден өтіп, азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, өйткені күнтізбесіз шаруашылықты ұйымдастыруға болмайды. Мекеніне, шаруашылығына және даму дәрежесіне қарай халықтардың күнтізбелері әр түрлі болған. Ерте замандардағы халықтар қардың кетуі, өзендердің тасуы, т. б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған. Қазақстан жерінің ежелгі халықтары жыл есебін құстардың көктемде келіп, күзде қайтуы бойынша жүргізіп отырған. Жыл құстары атауы сол ертедегі күнтізбе негізінде қалыптасқан. Ежелгі словяндар жылды жаз бойынша емсептеген. Шаруашылық күржделеніп, еңбек бөлісу аясы кеңейген кезде дәлдігі нашар, құбылмалы ауа-райына тәуелді табиғи күнтізбелер халық қажеттігін қанағаттандыра алмады. Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дәйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген күнтізбелер бойынша жүргізетін дәрежеге жетті. Мұндай күнтізбелер алғаш рет Шығыс елдерінде шықты. Жуық түрде тропиктік жылдың ұзақтығы 365 күн тәулігі 5 сағат 48 минут 46 секунд, синодтық айдың ұзақтығы 29 күн тәулігі 12 сағат 44 минут 3 секунд. Орташа күндік тәулік 24 сағат. Демек, жылыдың ұзақтығы өз құрамындағы айлар мен күндердің сандарына бүтін сан ретінде бөлінбейді. Бұл үшеуі бірдей қалдықсыз бөлінетін сан да жоқ. Бөлшектерін тастап, жылды 365, айды 29 күн деп, немесе жыл ұзақтығын 366, айды 30күн деп алғанда уақыт есебі бірнеше жылда табиғи тұғырынан тайып, шатасып кетеді. Сондықтан кейбір жылдардың ұзақтығы 365 күн, екінші біреулерін 366 күн деп, айларды 28, 29, 30, 31, күнге тең деп алып, орташа мәндері бойынша жоғарыда келтірілген сандарға жақындатып отырады. Орташа мәндерге келтіру де оңай емес. Бұл мәселені ертедегі халықтар әр түрлі жолмен шешуге талаптанған, соның арқасында әр түрлі күнтізбелер шыққан. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді 3 топқа бөлуге болады, олар: күн күнтізбелері, ай күнтізбелері және аралас күнтізбелер.
Күн күнтізбесі ежелгі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығын дәл 365 күнге тең деп ойлап, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. 5 сағат, 48 минут, 46 секунд, жуықтап алғанда 6 сағат, яғни 0, 25 күн есепке алынбай қалатындықтан, Мысыр жылының ұзақтығы тропиктік жылдан кем. Ол нақты жылдан 4 жылда 1 күн, 100 жылда 25 күн дерлік озып кетеді. Мұны түзету үшін Мысыр патшасы Птоломей ІІІ Эвергеттің біздің заманымыздан бұрынғы 238 жылы 7 наурызда шығарылған жарлығы бойынша алғашқы 3 жыл 365 күнге 365 күнге тең болып, одан кейінгі 4 жыл 366 күн болып есептеледі. Сонда жылдың ұзақтығы орташа есеппен 365, 25 күн болып, әрдайым тот айының бірінде (бізше 29 тамыз) басталады. Бірақ Эвергет қайтыс болғаннан кейін Мысырда бұл күнтізбе қолданылмай қалды. Эвергет күнтізбесі осы күні Эфиопияда қолданылады. Мысыр күнтізбесі Еуропалық күнтізбелерге арқау болды.
Б. з. б. 45 жыл бұрын Рим императоры Юлий Цезарь астроном Созигеннің жобасы бойынша ескі Рим күнтізбесін өзгертіп, жаңа күнтізбе жариялады. Бұл күнтізбе Юлий күнтізбесі деп аталады. Юлий күнтізбесі Эвергет күнтізбесіне ұқсас, бірақ Эвергет күнтізбесінде жыл басы 1 тот, Юлий күнтізбесінде - 1 януарис (қазіргі ақпан, қаңтар, т. с. с. ай аттары - Рим айларының орыс тілінде қалыптасқын аттары) Юлий күнтізбесі 2 санат (стиль) деп те аталады. Юрий күнтізбесіндегі жылдық тропиктік жылдан 11 минут, 14 секунд артықтығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн 324 жылда 3 күн жиналады. Сондықтан, 325 жылы 25 наурызда күн мен түннің жазғытұрымғы теңелуі ХVІ ғасырда 11 наурызға сәйкес келген. Теңелу күнін әрдайым 25 наурызға келетін етіп, тұрақтандыру үшін, Рим папасы Григорий ХІІІ 1582 жылы уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5 қазанды 15 қазан деп есептеу және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа санат деп аталады. Осы күні көптеген елерде Григорий күнтізбесі қолданылды. Григорий күнтізбесіндегі жыл тропиктік жылдан 26-ақ секунд ұзақ. Бұдан 3280 жылда бір күн жиналады. Григорий күнтізбесі Ресейде Қазан төңкерісінен кейін ғана қолданыла бастады. 1618 жылы 24 қаңтарда ( 6 ақпанда ) РКФСР Халқом кеңесі «Ресей Республикасында Батыс Еуропалық күнтізбені қолдану туралы» декрет қабылдады. Декрет бойынша күнтізбе 13 күнге жылжытылып, 31 қаңтардан кейінгі күн 14 ақпан болып есептелді.
Алғашқы ай күнтізбесі Ежелгі Вавилонда шықты. Онда әрбір 8 жылдың 15-інің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған 3-інікі 384 күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақтығы ( 354*5+384*3) /8=365. 25 күнге тең болады. Ұзақтығы 354 күндік жылда 29 күндік 6 ай мен 30 күндік 6 айдан - барлығы 12 айдан, 384 күндік жылдар 29 күндік 6 ай мен 30 күндік 7 айдан-барлығы 13 айдан тұрады. 29 және 30 күндік айлар кезек алмасып отырады. Патша есебі де бұдан 4000-5000 ж. бұрын осы ежелгі Вавилонда шыққан, содан біртіндеп, басқа елдерге тараған. Араб күнтізбесі ай қозғалысына негізделген. Ерте кезде әрбір 24 жылдың 15-сі 12 айдан, 9-ы 13 айдан есептелген, 9-ы 13 айдан есептелген. 13-ай «нәси» деп аталған.
631жылы мұсылман дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (571-632) нәсиді есептен мүлдем шығарып тастаған. Содан бері араб жылы 12 айдан құралады. Әрбір 30 жылда 11жыл 365 күннен, 19 жыл 354 күннен саналады. Сонда араб жылының орташа ұзақтығы (354*19+355*11) /30=35, 37 күнге тең болады. Нақты жылдан 11 күні кем болғандықтан, араб жылының басы жылжып отырады. Мысалы бір мұхаррам 1971 жылы 27 ақпанға, 1972 жылы 16 ақпанға дәл келді. Сондықтан бізше 33 жыл арабша 34 жылға жуық. Бізге 622 жыл арабша бір жыл Мұхаммедтің Меккеден Меденеге көшіп барған жылы. Жылдардың бұл жүйесі ай хиджрасы. Араб күнтізбесі араб елдерінде Азия мен Африканың мұсылман дінін тұтатын, көптеген елдерінде ресми қолданылады. Еврейлер ертеде Вавилон күнтізбе б. з. б. ІV ғасырда жылдарды күн қозғалысы, айларды ай қозғалысы бойынша, есептейтін аралас күнтізбесіне көшкен. Еврей жылында, 353, 354, 355 күн (жай жылдар, 12 ай) немесе 383, 384,
н385 күн (кібісе жылдар, 13 ай) болады. Бұлар жөнінде арнайы ережелер бар. Израиль еврейлерінде минут, секунд ұғымдары жоқ, олардың орнына хелек - 76 рек. Еврейше жылдар есебі б. з. б. 3761 жылдан басталады. Діншілдердің долбарынша сол жылы « Дүние жаралған». Бұл күнтізбе Израиль мемлекетінде қолданылады. Аралас күнтізбенің бір түрі ежелгі Қытайда қолданылған. Онда әрбір 198 жылдың 12-сі 12айдан, 7-і 13айдан есептелген. Қытайда 60 жылдық мүшелмен цзеци (жарты ай) есебі де болған. Жылдар есебінің жүйесі заман деп, заманның басталған уақыты оның дәуірі деп аталады. Әр күнтізбенің дәуірі әр түрлі.
Ежелгі словяндар табиғи күнтізбе қолданған. Русь 998 жылы Юлий күнтізбесіне көшкен, бірақ жылдар «дүние жаралғаннан» саналған. Онда бұрынғы сухий, березозол, травен т. с. с. айлардың орнына наурыз, сәуір, мамыр, т. с. с. Рим айлары алынған. Жыл қыркүйектен басталған. Петр І патшаның жарлығымен Ресейде «дүние жаралғаннан» делінген 7209 жылы «Христос туғаннан» делінетін 1700 жылы болып қабылданды, жыл қаңтардан басталатын болды. Бұл күнтізбе 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қолданылып келді. Ежелгі түркілер негізінен күн күнтізбесін пайдаланған. Кейін ол қазақ, өзбек, түрікмен, татар, азербайжан, т. б. халықтардың күнтізбелеріне негіз болған. Жылдың ұзақтығы 30 күндік 12 айға бөлінген, айлардың ұзақтығынан тыс қалған 5-6 күн қосылып, жылдың ұзақтығы 365, 25 күн тәулігіне тең болып алынған, жыл басы- 1 наурыз (яғни 1 амал - 22наурыз) болған. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған. Қазақстанда 1918 жылдан бері Григориан күнтізбесі қолданылып келеді.
Күнтізбе кітапшыларының бізге жеткен ең көнесі - 354 жылы Римде қолмен жазылған қарыз кітабы. 1448 жылы неміс өнертапқышы И. Гутенберг тұңғыш рет күнтізбе кестесін басып шығарды. Неміс астрономы И. Мюллер (латынша аты Региомонтан) күнтізбе кітабын журнал түрінде бастырып шығарды (1474) . 1491 жылы Краковта (Польша) көне славян әріптерімен шіркеулік күнтізбе - «Часослов» басылып шықты. Ресейде күнтізбе кітапшалары 1718 жылдан шыға бастады. Күнтізбе шығаруда И. Д. Сытин (1851-1934) көп еңбек сіңірді, 1877-1922жылы ол орыс тілінде сан алуан күнтізбе кітаптарын бастырып шығарды.
Қазақ халқы орта ғасырларда тақтайшаға жез қаңылтырға жазылған, тоқыма бұйымдарға кестеленген, т. б. қарапайым күнтізбелерді, Омар Һайям (қ. Дарихи Жалели күнтізбесі) мен М. Т. Ұлықбек күнтізбелерінің көшірмелерін қолданған, ал ХVІІІ- ХІХ ғасырларда түрік ғалымы М. Дәурендәуидің «Рузнамасын» пайдаланған. 1870-75жылдары татар тілінде «гариліктер», 1877жылдан бастап Қайым Насыридің «Күнтізбе» кітапшалары (Қазанда басылған) таралған. 1889 жылдан бастап, Санкт-Петербургте шағатай тілінде Ш. Талифидің «мұсылман күнтізбесі» шығып тұрған. 1897жылы Орынборда жекелеген әріптері қазақ дыбыстарына ыңғайланып реформаланған. Орыс әліпбиімен, қазақ тілінде, қазақтарға арналған «Календарь для киргизов на 1897год. 1897 жылға қазақ үшін шығарған календерь» атты тоқсан бір беттік кітап басылды. Қазақ тіліндегі тұңғыш күнтізбе кітабы сол болатын, одан кейін алғаш рет араб әрпімен (төте жазумен) жарық көрген қазақша күнтізбе. - 1922 жылы Орынборда басылып шыққан «1923жылдың қазақ календары». 1929-31 жылдары Б. Майлин мен І. Жансүгіров «Шаруа календарын» шығарып тұрды. Қазақ тілінде жыртпа күнтізбе тұңғыш рет 1960жылы шықты.
Неміс саяхатшысы А. Штубендорф 1854 жылы шыққан «орыс географиялық қоғамы хабаршысы» аталатын VІ томдық кітабында, түркі тілдес халықтардың барлығының да жылды 13 айға бөлгенін жазады. 1903 жылы Семеновтің басшылығымен шыққан «Россияның толық географиялық суреттемесінің» 18-томында қазақтар туралы мағлұматтар келтірген. Осы томда қазақ күнтізбесі сөз болады. Седелников қазақтар жылды он екі айға бөлгенін, әр айда төрт апта, яғни 28 күн болғанын көрсетеді. Мұндай жылыдң ұзақтығы 336 күн болады.
Бируни мен Ұлықбектің еңбектерінде ежелгі түркілер жылды он екі айға бөлген, айларда отыз-отыз бір күннен болған. Айларды атаудың екі жүйесі:
- реттік сан есім арқылы атау;
- хайуанаттар атымен атау қалытасады.
Қазақ халқы қалыптаса бастаған уақытынан бері айлардың төрт жүйесін қолданып келеді:
- тоғыс айлар;
- зодиак айлар;
- азаматтық айлар;
- араб айлары;
Тоғыс есебі-уақыт есебі. Бұл Үркер жұлдыздары бойынша жүргізілген жүйе. Айдың Үркерді басып өтуі тоғыс деп аталады. Тоғыс кезінде шоғырланған Үркер жұлдызы айдың тасасында қалады, бақылаған адамға көрінбейді. Ай ақырын жылжып кеткенде тоғыс аяқталады. Ай мен Үркер үнемі тоғыса бермейді. Тетелес екі тоғыс арлығы жиырма жеті тәулік 7 сағат 43 минутқа тең. Біз оны 28 тәулік деп дөңгелектеп аламыз. Бір жылда 13 рет тоғысады, 11 рет тоғыс көрінеді. Шілдеде екі тоғыс болуы керек. Бірақ ол бізге көрінбейді. Сонда (28*13) 364 күн болады.
Тоғыс үнемі тақ санға келе бермейді, бірақ қалыптасқан дәстүр бойынша тақ санға келтіріп, бес, жеті, тоғыз, деп айта береді. Сондықтан тоғыс есебінде жұп сандар кездеспейді. Күнтізбеде бір жылда 365 немесе 366 күн болатыны белгілі, 13 тоғыстың бұдан 1-2 күні кем, бұл күндер жылдың аяғынада тоғыстан тыс қосылып отырады. Тоғыс есебі бойынша жыл басы май айында басталады. Бірінші тоғысты құстар келіп болады.
Зодиак айлар. Грекше «зоон», яғни хайуан деген сөз. Осыдан зодиак атауы шыққан. Он екі шоқ жұлдызжы зодиак жұддызы деп атайды. Күн өз жолында 12 шоқ жұлдызды басып өтеді. Бұлардың әрқайсысында Күн шамамен бір айдай болады. Күн тұсына келген шоқ жұлдыз көрінбейді.
Зодиак бойынша жұлдыздардың аты -Тоқты, Торпақ, Егіздер, Шаян, Арыстан, Бикеш, Таразы, Бүйі, Мерген, Ешкімүйіз, Суқұйғыш, Балық.
Грек ғалымдарын ұстаз санаған араб астрономдары зодиак атауларын араб тіліне аударады. Қазақ жұлдызшылары бұл атауларды өз тілінің заңдылығына, ұлттық ұғымға бағындырған.
Азаматтық айлар. Мұнда уақыт есебі ауа райының шаруашылық маусымдарына қарай икемдеген. Азаматтық айлар халықтың өмір тәжірибесіне жақын. Қазақ күнтізбесінде азаматтық айлар он екі ай, төрт маусымға бөлінген, яғни көктем, жаз, күз, қыс. Ал маусымдар былай реттеледі:
- Наурыз-көкек-мамыр;
- Отамалы-шілде-сарма;
- Қыркүйек-қазан-қараша;
- Желтоқсан-қаңтар-ақпан.
Жыл он екі айға ай 30 күнге бөлінген. Бұл есеп бойынша бір жылда 360 күн болады, қалған 5 күн жыл аяғында қосылып отырған. Ол күндер «бес қонақ» аталады. Жыл басы наурыз.
Мүшел күнтізбесі. Он екі жыл мүшел деп аталады. Мүшел жылдары рет санымен емес, он екі хайуанның атымен аталады. Олар:1) тышқан; 2) сиыр; 3) барыс; 4) қоян; 5) ұлу; 6) жылқы; 7) жылан; 8) қой; 9) мешін; 10) тауық; 11) ит; 12) доңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz