ХХ ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі кітап сыны және жарнамасы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Кітапқа қойылатын көркемдік талаптар

1.1. Кітап сынының пайда болу, қалыптасу, даму жолдары ... ... ... ...7
1.2. Әдеби сын . әдебиет әлеміндегі күрделі жанр ... ... ... ... ... ... ... ...30
1.3. Қазақ тіліндегі кітап жарнамасының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ..80

ІІ тарау. Кітапқа қойылатын техникалық талаптар

2.1. Кітаптың полиграфиялық сапасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..86
2.2. Кітап безені мен мәтіндік сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...93
2.3. Кітаптың тілдік.стильдік табиғаты, пунктуациялық сауаты ... ... 97

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тақырыпқа дендеп енбес бұрын кітаптың адам өмірінде алар орнына тоқталып өтейік. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгіге қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік» - дейді Ғабит Мүсірепов. Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Бірақ, қазіргі таңда кітап оқу үрдісі бұзылды. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деген Шекспир сөзінен құн кетті. Оған бір себеп – теле-радио, интернет сияқты заман талабына сай озық технологиялардың кітапты екінші орынға ысырып тастауы болса, екінші себеп – кеңес дәуірінен кейін қайта түзілген қоғамда рухани азық жинау емес, нәпақа табу, отбасын асырау, күнелту алдыңғы орынға шығып кетті.
Міне, дәл осы тұста кітапқа қатысты туындаған бірнеше нақты мәселелерге арнайы тоқталып өтуге болады. Олар: баспалардың нарыққа оңай бейімделе алмауы, қаржылай қиындықтар, кітап тиражының күрт төмендеуі, жаңа ашылған жеке баспалардағы жауапкершіліктің жоқтығынан сапасыз кітаптардың көптеп шығуы, көркемдік кеңес немесе арнайы бақылау орындары болмағандықтан қаржысы бар әркімнің кітап шығаруға деген ұмтылысы, грамматикалық, техникалық қателіктерге жол беру, т.б. Осы аталған олқылықтардың бәрі де оқырман қауымның кітаптан қол үзуіне, тіпті, қол сілтеуіне белгілі дәрежеде себепкер болатын жайттардың бірі еді.
Ал, кітап сынына келсек, сын түзелмей, мін түзелмейді. Тек әр кітаптың сапасына, мазмұнына көңіл аудару үшін білікті, танымы терең маман керек. Олар кітап шығару ісіне қатысты барлық талаптарды білуі тиіс. Мәселен, әдебиеттің өз сыны бар, өнердің сан саласында да өзіндік сын бар. Сондықтан, кітап шығаруды да кәсіп емес өнер деп қабылдайық. Өйткені ол автордың, безендірушінің және редактордың шығармашылық ізденісі тоғысқан үлкен бір туынды. Ол оқырманның қолына тигенде оны қуантатын, эстетикалық ләззат сыйлайтын және мазмұны пішініне сай құнды дүние болуы керек. Ал ол үшін тек әдеби сын аз болады, полиграфиялық таным деңгейі мен баспагерлік өлшем керек. Кітапқа қойылатын талаптар, өлшемдер, қағаздан бастап, әріптердің орналасуы, терілуі мен құрылымына дейін, қысқасы, оқырман қолына тигенге дейінгі аралыққа байыпты баға беру және соны үнемі қадағалап отыру қажет. Яғни кітапты сынағанда, тек қана ішкі мазмұнын ғана сынамау керек, онда ол әдебиетті сынаған болып есептеледі. Ал, кітаптың өтуі, кітаптың жетуі, шығуы, дизайны, сапасы, оқырманға үлкен ләззат сыйлауы баспагерлік-полиграфиялық талғам мен талапқа байланысты. Кітап сыны дегенде осының бәрін ескеру керек. Интеллектуалдық білімнің қайнар көзі – кітап болғандықтан
Қазақстандағы кітап нарығына тоқталмау орынсыз болар. Өйткені, елімізде әлі күнге дейін мемлекеттік тілдегі кітап басылымы ақсап жатыр. Оның бір себебі: кітап саудасы айтарлықтай дербестікке жете қойған жоқ.
1. Омарова Б. «Қазіргі полиграфиялық технологиялар» Алматы, 2011
2. Әзімжанова Г. Мәтіннің функционалды перспективасы.-2003.-67-71б
3. «Қазақ әдебиеті» газеті «Қазіргі кітап сыны» 2011 ж. 10 маусым
4. Құсайнов А.Қ., Асылов Ұ.Ә. оқулықтану. Өзекті мәселелері.-Алматы: Рауан,2000
5. Ысқақұлы Д. Сын өнері. Алматы, 2001.
6. «Қазақ әд ебиеті» газеті «Қазіргі кітап сыны» 2011 ж. 10 маусым
7. Әшімбаев С. Парасатқа құштарлық. Алматы, 1985.-
8. Суперанская А.В «Әдеби тіл және терминологиялық лексика»
9. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы, 1996.
10. Сарыбаев.Ш «Сөйлемде үтірдің қойылатын орындары»
11. «Қазақ әд ебиеті» газеті «Қазіргі кітап сыны» 2011 ж. 10 маусым
12. Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы, 1998.
13. «Қазақ әд ебиеті» газеті «Қазіргі кітап сыны» 2011 ж. 10 маусым
14. С. Әшімбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. Астана: Елорда, 2006ж.-265бет.
15. Мұхамеджан Қаратаевтың «Қазіргі қазақ әдебиеті сынының жәйі» атты баяндамасы, «Қазақ әдебиеті» газеті. 1968 ж. 26 октябрь.
16. Д. Ысқақұлы «Сын шын болсын», -Алматы,-«Қазақ университеті», 1993ж.-4 бет.
17. М. Мағауин. «Тасқа басылған қолжазбалар»,-Алматы-«Қағанат-ҚС», 1999ж.-418 бет.
18. С. Әшімбаев. «Қазақ әдебиеті» газеті, 1970. 15 май, 3-бет.
19. Ғ. Қабышев. «Қазақ әдебиеті» газеті, 1970. 15 май, 3-бет.
19. Жердің жаратылысы жайында. //"Еңбекші қазақ" газеті. №295. 4-бет. 28 қараша 1925 ж.
20. Ж. Аймауытов. "Тәрбие". // Абай, 1919ж. №1, 12-б.
21. Әлихан Бөкейханов. Кітап сыны (Қартқожа). //"Еңбекші қазақ" газеті. 4 қараша 1926 ж.
22.Әлихан Бөкейханов. (Қыр баласы). Кітап сыны. Психология. //Еңбекші қазақ. сәуір. 1926 ж.
23. Қаныш Қазанғапұлы. Кітап сыны. //"Еңбекші қазақ". 1926. №208 саны.
24. Көлденең. (Бүркешік есім). // "Еңбекші қазақ". Қараша. 1926. №671-002. 3-4 бет.
25. Ғ. Қабышев. «Қазақ әдебиеті» газеті, 1970. 15 май, 3-бет
26.М. Мағауин. «Тасқа басылған қолжазбалар»,-Алматы-«Қағанат-ҚС», 1999ж.-82-бет.
27.С. Әшімбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. І том. Астана: Елорда, 2006ж.-290-бет.
28.Д. Ысқақұлы «Сын шын болсын», -Алматы,-«Қазақ университеті», 1993ж.-8-бет.
29.Т. Кәкішев. «Қазақ әдебиетінің тарихы»,-Алматы, «Санат», 1994ж.-69-бет.
30.Мұхамеджан Қаратаевтың «Қазіргі қазақ әдебиеті сынының жәйі» атты баяндамасы, «Қазақ әдебиеті» газеті. 1968 ж. 26 октябрь.
31.Кекілбаев.Ә. Дәуірмен бетпе -бет. – А., 1972.
32.Серікқалиұлы.З. Сын кітабы. Алматы. Раритет, 2008.
33.Көпен Ә. Із. –Алматы: Білім, 2005, 18-19 бб.
34.Скуленко М.И. Журналистская пропаганда. – Киев, 1998.
35.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы: 1988.
36.Амандосов Т. Журналист және өмір. - Алматы: Қазақстан, 1967.- 280.
37.Амандосов Т. Қазақ совет баспасөзінің жанрлары. – Алматы: Мектеп, 1968.- 244б.
38.Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. – Алматы: Қазақстан, 1974. 118б.
39.Ахметов З. Өлең - сөздің теориясы.- Алматы, Мектеп, 1973.
40.Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1993. – 534б.
41.Бекхожин Х. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – Алматы: Қазкемкөркемәдеб, 1964. -264б.
42.Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: 1989.
43.Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. – Алматы.
44.Базарбаев М. Замана тудырған әдебиет. – Алматы: Жібек жолы, 2005.
45. Барманқұлов М. Телевидение: деньги или власть? – Алматы: Санат, 1997 – 272б.
46. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. - Алматы: Санат, 1994. - 448б.
47.Кольцов М. Писатель в газете. – Мәскеу, 1961.
48.Қабдолов З. Әдебиет теориясының негіздері.- Алматы: Мектеп, 1970. - 380б.
49.Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 357б.
50.Қожакеев Т. Жыл құстары. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 237б.
51.Прохоров Е. Публицист и действительность. - Мәскеу: МГУ, 1973.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖУРНАЛИСТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ КАФЕДРАСЫ

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ХХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНДЕГІ КІТАП СЫНЫ ЖӘНЕ ЖАРНАМАСЫ

Орындаушы ______________ Төлебаева Мөлдір Балқашбайқызы

_____ ________2013 ж.

Ғылыми жетекші____________ ф.ғ.к., доцент Сағатбек Медеубекұлы
_____
___________2013 ж.

Қорғауға жіберілді:

___ _______ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі

ф.ғ.д., профессор ______________________________ Қ.Ж. Тұрсын

Алматы 2013

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Кітапқа қойылатын көркемдік талаптар

1. Кітап сынының пайда болу, қалыптасу, даму жолдары ... ... ... ...7
2. Әдеби сын – әдебиет әлеміндегі күрделі
жанр ... ... ... ... ... ... ... ... 30
3. Қазақ тіліндегі кітап жарнамасының
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . .80

ІІ тарау. Кітапқа қойылатын техникалық талаптар

2.1. Кітаптың полиграфиялық
сапасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .86

2.2. Кітап безені мен мәтіндік
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..93

2.3. Кітаптың тілдік-стильдік табиғаты, пунктуациялық
сауаты ... ... 97

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыпқа дендеп енбес бұрын кітаптың адам өмірінде алар орнына тоқталып
өтейік. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен
тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың кейінгіге
қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар
едік - дейді Ғабит Мүсірепов. Кітапты таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну
мен түйсіну, алған әсеріңді қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі
мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Бірақ,
қазіргі таңда кітап оқу үрдісі бұзылды. Кітап маған тақтан да қымбат, -
деген Шекспир сөзінен құн кетті. Оған бір себеп – теле-радио, интернет
сияқты заман талабына сай озық технологиялардың кітапты екінші орынға
ысырып тастауы болса, екінші себеп – кеңес дәуірінен кейін қайта түзілген
қоғамда рухани азық жинау емес, нәпақа табу, отбасын асырау, күнелту
алдыңғы орынға шығып кетті.

Міне, дәл осы тұста кітапқа қатысты туындаған бірнеше нақты мәселелерге
арнайы тоқталып өтуге болады. Олар: баспалардың нарыққа оңай бейімделе
алмауы, қаржылай қиындықтар, кітап тиражының күрт төмендеуі, жаңа ашылған
жеке баспалардағы жауапкершіліктің жоқтығынан сапасыз кітаптардың көптеп
шығуы, көркемдік кеңес немесе арнайы бақылау орындары болмағандықтан
қаржысы бар әркімнің кітап шығаруға деген ұмтылысы, грамматикалық,
техникалық қателіктерге жол беру, т.б. Осы аталған олқылықтардың бәрі де
оқырман қауымның кітаптан қол үзуіне, тіпті, қол сілтеуіне белгілі дәрежеде
себепкер болатын жайттардың бірі еді.

Ал, кітап сынына келсек, сын түзелмей, мін түзелмейді. Тек әр кітаптың
сапасына, мазмұнына көңіл аудару үшін білікті, танымы терең маман керек.
Олар кітап шығару ісіне қатысты барлық талаптарды білуі тиіс. Мәселен,
әдебиеттің өз сыны бар, өнердің сан саласында да өзіндік сын бар.
Сондықтан, кітап шығаруды да кәсіп емес өнер деп қабылдайық. Өйткені ол
автордың, безендірушінің және редактордың шығармашылық ізденісі тоғысқан
үлкен бір туынды. Ол оқырманның қолына тигенде оны қуантатын, эстетикалық
ләззат сыйлайтын және мазмұны пішініне сай құнды дүние болуы керек. Ал ол
үшін тек әдеби сын аз болады, полиграфиялық таным деңгейі мен баспагерлік
өлшем керек. Кітапқа қойылатын талаптар, өлшемдер, қағаздан бастап,
әріптердің орналасуы, терілуі мен құрылымына дейін, қысқасы, оқырман қолына
тигенге дейінгі аралыққа байыпты баға беру және соны үнемі қадағалап отыру
қажет. Яғни кітапты сынағанда, тек қана ішкі мазмұнын ғана сынамау керек,
онда ол әдебиетті сынаған болып есептеледі. Ал, кітаптың өтуі, кітаптың
жетуі, шығуы, дизайны, сапасы, оқырманға үлкен ләззат сыйлауы баспагерлік-
полиграфиялық талғам мен талапқа байланысты. Кітап сыны дегенде осының
бәрін ескеру керек. Интеллектуалдық білімнің қайнар көзі – кітап
болғандықтан
Қазақстандағы кітап нарығына тоқталмау орынсыз болар. Өйткені, елімізде әлі
күнге дейін мемлекеттік тілдегі кітап басылымы ақсап жатыр. Оның бір
себебі: кітап саудасы айтарлықтай дербестікке жете қойған жоқ. Екіншіден,
біз әлі де рухани қажеттілікті қанағаттандыруда Ресейге тосқауыл қоя алмай
келеміз. Түрлі саланы қамтитын кітаптарды айтпағанның өзінде, күніне көрші
елден сандаған газет-журналдар келетіні, ең бастысы, олар көтеретін
мәселелер қазақ елінің түсінік-танымына, ұстанымына сай ма, кері ақпараттар
бар ма? Ол да сүзгіден өтіп жатқан жоқ.

Енді қазақ тіліндегі кітаптардың сапасы қандай? Онда интелектуалдық ой-
қазына қаншалықты көрініс тапқан? Немесе ішкі-сыртқы безендірілуі, мазмұны
сын көтере ме? деген сұрақтарға өзімізше жауап іздеп көрейік.

Біріншіден, басқа тілдерден аударылған қазіргі ғылыми немесе көркем
дүниелердің басым бөлігі сын көтермейді. Яғни, қазіргі таңда ғылыми
кітаптардың қазақ тіліне тәржімалану мәселесі сапалылық пен үлкен
жауапкершілікті қажет етеді. Қазақ тіліндегі ғылыми әдебиеттердің
жеткіліксіздігі салдарынан, еліміздің жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік
тілде білім алушылар – 30-40 пайыздай ғана. Бұл мәселенің айтылғанына
жылдар асты, нақты шешімі әлі де табыла қойған жоқ.

Мәселен, Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде түркі тілдес халықтардың
ішінде татар тіліндегі кітаптардан кейін қазақ тіліндегі кітаптар саны мен
көлемі жағынан екінші орын алған. Бұл кітаптар, негізінен, Қазан, Ташкент,
Петербург, Уфа, Астрахань баспаханаларынан шыққан. Қазақ тіліндегі ең
алғашқы басылым 1831 жылы Қазақ халқына хабарлама деген атпен Қазан
университеті баспаханасынан жарық көрді. 1862 жылы көптің қолына тиген Ер
Тарғын эпосының таралымы 33 800 данаға жеткен еді. Кезінде таралымы 57 800
дана болған Біржан мен Сара айтысы да халыққа кең тараған.

Қысқасы, кітап – адамзат тарихындағы тұңғыш бұқаралық ақпарат құралы.
Оның шығуы, дамуы жазу мәдениетімізбен тығыз байланысты. Арғысы тас
кітаптан, одан соң орама кітаптан негізі қаланған рухани қазына ХІІІ
ғасырдан кейін ғана қағаз бетіне түсе бастады. Сол дәуірдегі біздің алғашқы
қолжазбалар - әл-Фарабидің, М.Қашқаридің шығармалары.

Кітап - адамзат тарихының сан ғасырлық ақыл-ой, парасатының, жеткен
жетістіктері мен ашқан жаңалықтарының, барлық көрген-білген, көңілге түйген
жақсы-жаман іс-әрекеттерінің жиынтық үлгісі. Кешегі тарих бүгінге тасқа
басылып, осы кітап арқылы жетті, бүгінгі өмір де болашаққа тағы осы кітап
бетінде жол тартпақ. Ендеше, адамзатты рухани сусындататын, қараңғының
көзін ашып, білмегенге жөн сілтейтін кітап қандай болуы керек? Жиырма
бірінші ғасыр сыйлаған жетістіктері бар құндылықтар өзіне дейінгі
кітаптардан несімен ерекшеленбек? Қазір жиі сөз болатын электронды кітап
жайлы не білеміз? Оның баспа бетін көрген кәдімгі кітаптан қандай
айырмашылығы бар?

Міне, диссертацияда біз осы сауалдарға жан-жақты жауап іздеп көруге
тырыстық. Сонымен, қазіргі кітап сынын сөз еткенде кітапқа қойылар үш басты
талапты өзімізге арнайы нысана етіп алдық. Оның біріншісі - кітапқа қойылар
техникалық талаптар болса, екіншісі - көркемдік талаптар, қазіргі кітап
сыны, заманауи бет-бейнесі. Техникалық талаптарды Кітаптың полиграфиялық
сапасы және Кітаптың мәтіндік сипаты, кітап безені, атты үш тақырыпшаға
бөліп қарастырдық. Көркемдік талапты Кітаптың мазмұндық болмысы,
Кітаптың тілдік-стилдік табиғаты және Кітаптың пунктуациялық сауаты
деген (тақырыпшаларға жіктедік. Ал, үшінші тарауда Кітап тарату
мәселелері, жарнама мен насихаты, сондай-ақ электронды кітаптар жүйесі
жайлы сөз болмақ.

Осы тақырыпшалар ішінде алғашқы кітаптардың шығу тарихы, олардың ішкі-
сыртқы безендірілуі, ерекшеліктері, сатылап даму жолынан бастап, осы күнге
дейінгі қол жеткізген жетістіктері мен кемшіліктері сөз болды.

Енді диссертацияның жалпы сипаттамасына, өзектілігіне, міндеті мен
мақсаттарына және зерттелу дәрежесіне тоқтала кетсек.

Өзектілігі: Жаһандану кезеңі мен жаңалықтар тасқынына ілесу үшін
техникалық және көркемдік сапасы озық кітап шығара білу, заман көшінен
қалмай соңғы жетістіктерді тиімді пайдалана білу – қоғам үшін өте өзекті
мәселе. Бұған дейін кітаптың сыртқы мұқабасындағы жазулар мен сызықтарды,
таңбаларды, бір сөзбен айтқанда безендірілуінен бастап соңғы бетіндегі
көркемдік белгілерге, ішкі құрылымы мен үйлесімін қаріптік, әріптік,
таңбалық орналасуына дейін полиграфиялық барлық талаптарға сәйкестігін
саралап, таразылап, артық кемшілігін ажырата білу, ажыратып қана қоймай,
соны кәсіби таным тұрғысынан талдау, жазу. Сонымен қатар, кітаптың әдеби
теориясы тұрғысынан әдеби сынына талдау жасау, баға беру де көзделді.
Кітаптың негізгі құны оның мазмұнында. Мәні мен мағынасы да коркемдік
салмағында. Бірақ, сол көркемдік салмақ пен мазмұн, авторлық идея жұртқа
жету үшін кітап болып шығу керек. Кітаптың редакторлық, корректорлық,
безенші, суретшілік көзқарас тұрғысынан баға беруді және осы баға беру
туындаған ұғым, түсініктерді орнықтыру, соған қатысты телімдер мен
атауларды қалыптастыру, кітап сынын, жарнамасын сөз ету, сапаға, кітапқа
қойылар талаптарға тоқталу, бар мен жоқты ашып көрсете білу – тақырыптың
өзектілігі деп білеміз..

Жаңалығы: ХХ ғасырдағы қазақ баспасөзіндегі жарияланған кітап сыны мен
жарнамасын талданады; тұңғыш рет қазақ тарихында болған және бүгінге жеткен
кітап нұсқаларына баспагерлік, редакторлық талғам тұрғысынан ғылыми
сипаттама беріледі; кітап сынына қатысты туындаған ұғымдар мен түсініктерге
атау беріледі; кітапқа, баспаға, баспаханаға және кітап басу техникасына
қатысты шетелдік аталымдарға тұңғыш рет мемлекеттік тілде балама жасалады;
қазақ кітаптану ғылымында кітап сыны деген терминді енгізеді; кітап
жарнамасына қатысты ұғымдар, пайымдаулар мен ғылыми түсініктер қалыптасады.

Мақсаты: Диссертациялық жұмыстың басты мақсаты кітаптың арғы-бергі
тарихын зерттей, зерделей отырып, оның өз кезеңіндегі, қазіргі қоғамдағы
алатын орнын айқындау барысында кітаптың көркемдік сапасына баға беру,
ғылыми айналымға енгізу, қазіргі кезеңмен салыстыра отырып, оның маңызы мен
ерекшеліктерін саралау. Кітаптың сынын, толық безені, полиграфиялық сапасы,
мәтіндік сипаты, кітаптың мазмұндық болмысы, тілдік-стилдік табиғатын
анықтау.

І ТАРАУ. КІТАПҚА ҚОЙЫЛАТЫН КӨРКЕМДІК ТАЛАПТАР

1. Кітап сынының пайда болу, қалыптасу, даму жолдары
Кітаптың ішкі мазмұны жайлы айтқанда басты тоқталатын мәселе – сын. Сын
түзелмей, мін түзелмейді деп, қазақ әдеби сынының білгірі М.Әуезов
айтпақшы, ішкі мазмұнды талдап-таразылайтын, бар-жоғын көрсететін құрал сын
болмақ. Әдеби сын - әдебиет әлеміндегі ең бір күрделі жанр. Күрделі
болатыны - екінің бірі бел буып бара бермейді. Оның үстіне, сын айту үшін
де өре, талғам және жігер керек.

Ендеше, қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихына, оның жүріп өткен
жолына көркемдік сапа деңгейі тұрғысынан қарағанда бірнеше айтулы
кезеңдерді атап өтуге болады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алаш арыстары
негізін қалаған, солардың арқасында жаңаша, ұлттық танымдық-көркемдік
биігіне көтерілген әдеби-көркем сын, ең бастысы осы арқылы сол кезеңдегі
туған әдебиетіміздің тарихын, теориясын, көркемдік ізденістерін бір жүйеге
түсіруге деген талпыныс, барлығы да зая кеткен жоқ. Сол жылдардағы
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанов,
Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев бастаған және осы ізденістер арнасын
ары қарай сәтті жалғастырып кете алған кейінгі толқын әдебиет зерттеушілері
мен сыншылары да ұлтымызға теңдессіз мол мұра қалдырды. Қазір қолымызда
қалған осынау баға жетпес құнды мұра бүгінгі әдебиетін іздейтін, әдебиетін
сүйетін жас ұрпаққа да таптырмас рухани азық екенін айтып жату артық.
Демек, қазіргі қазақ көркем сыны тақыр жерден басталған жоқ, құнарлы
мектептен, телегей теңіз әдебиетіміздің өз қайнарынан қуат алды. Осы орайда
белгілі сыншы Асқар Алтай өз ойын былай жеткізді: Асқар Алтай - сыншы

Қазір кез келген адам кітап шығаратын болды. Ал, Кеңес заманында
цензура бар еді. Белгілі бір сыни көзқараспен қарап, іріктейтін. Кез келген
адамның жазғанын шығара бермейтін. Қазір демократиялық қоғам. Мұның да өз
кемшілігі мен артықшылығы бар. Өкінішке қарай, жазушылыққа еш қатысы жоқ
біреулер кітап шығарып жатыр. Бұл оқырманның талғамын бұзады. Мұның алдын
алу үшін баспа басшылары мен редакторлары сауатты әрі талапшыл болуы керек.

Көркем әдебиетке келетін болсақ, бізге бүгінгі күннің проблемасын
көсемсөздік тұрғыдан емес, көркемдік тұрғыдан жаңа формада жеткізе алатын,
терең философиялық ойларға толы кітаптар керек. Өкінішке қарай, ондай
әдебиеттер аз. Ал барын талдап-таразылайтын әдеби сын жоқ. Сынға келген жас
буын жоқ. Соның кесірінен шөп те өлең, шөңге де өлең болып, кез келген
дүниені көркем шығарма деп қабылдау басымдыққа айналып кетті. Қазақтың
ұлттық әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымындағы осынау күрделі жылдарда
қалыптасқан, өркен жайған құнарлы дәстүр 60-90 жылдар, керек болса бүгінгі
тәуелсіз әдебиетіміз бен өнеріміз үшін де баға жетпес биік тұғыр,
эстетикалық құндылық болып отыр. Осы жылдар аралығында осынау құнарға табан
тіреген, содан нәр алған бірнеше буын қазақ сыншылары да өсіп жетілді,
әдебиет айдынына шықты. 70-жылдардың ішінде жазған дүниелерімен оқырманын
елең еткізіп осы көшке келіп қосылған З.Серікқалиев, Т.Тоқбергенов,
А.Сүлейменов, Ж.Әбдірәшев, С.Әшімбаев т.б. сын еңбектері әдебиетке соны леп
алып келді. Осынау талантты, тегеурінді, ең бастысы әлемдік әдебиеттен
тоқығаны, түйгені мол білімді, білікті әдебиет сыншылары кәсіби сынның ауыр
жүгін ауырсынбай арқалап, осы әдебиет сынын өз тағдырларына балап,
әдебиеттің барлық жанрларын бірдей қамтып, өндіре жазып, жемісті еңбек
етті. (6)

Осыдан біраз уақыт бұрын баспасөз бетінде сыншылардың кітаптары сирек
шығады, баспа орындарынан қағажу көреді деген сияқты пікірлер шаң беріп
қалып жататын. Дәл осы пікір бүгінде бір жақты дер едік. Олай дейтініміз
қазір, әсіресе, соңғы жылдары жалпы алғанда әдеби сын кітаптарының едәуір
шығып жатқанын көрмеуге болмайды. Сол кітаптардың көпшілігінде қазақ
әдебиетінің арғы бергі тарихына бастап, бүгінгі проблемалық мәселелері,
жеке авторлар шығармашылығы, жан-жақты сөз болып келеді. Жалпы соңғы
уақыттарда шығып жатқан кітаптарға қарап отырып, қазақ сынының ой, парасат
деңгейін нақты нақты болжауға болатын сияқты.

Жалпы қазақ әдебиетінде жазушылар арасында сын, зерттеу икітаптары
жарық көрген осы салада көз жаздырмай, сын жазумен айналысып жүрген
қаламгерлер саусақпен санарлық.

Сыншыл ойымыздың таралып, тамырын кеңге салып өсуіне, оқушы
жұртшылығының талғамвн тәрбиелеуде, әдебиетке деген талабын шыңдауда
профессионал сыншыларымыздың жазғандарымен қатар, аталған кітаптардың да өз
дәрежесінде үлес алмағы болғанын жоққа шығара алмаймыз.

Сыншы Ә.Бөпежанованың айтуынша, әдеби сынның міндеті - әдебиетті сын
садағына алу емес, онда өтіп жатқан үдерістерді зерделеу, сараптау, сол
арқылы қоғамдық-әлеуметтік үдерістерге шығу. Көркемдігі жоғары жаңа
шығармалар туралы мүмкіндігінше пікірлер білдіріп отыру. Ең бастысы, нашар
дүниелерді сынап уақыт кетіргенше, сын жақсы үлгілерді сөз етуі керек.

Қысқасы, оқырманды қызықтыратын басты нәрсе - кітап мазмұны. Кітапта
қорытылған ой - рухани, интеллектуалдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың
мол мүмкіндігі.

Қазір кiтап өз құнын жоғалтып алды. Мұның бiрнеше түйткiлдi себебі
бар:

Бiрiншiден, кiтаптың саудадағы бағасы көтерiлдi, ал рухани бағасы,
оқырманды тарту құны төмендедi.

Екiншiден, басқа тiлдегi кiтаптар өтiмдi болып, қазақ кiтабының құны
түстi. Бiр кезде нарық заманының табалдырығынан аттап, капиталистiк қоғам
талабына бейiмделе алмай, өзiмiз қалай қиналсақ, ендi кiтабымыз да сол
күйдi бастан кешіп жатыр. Басқа елден келген өзге тiлдегi көздiң жауын
алатын түрлi-түстi кiтаптардың көлеңкесiнде қалып, сөрелерде тапжылмай тұр.
Оған кiтап кiнәлi емес, әрине. Оны шығаруды, сапалы, мазмұнды етуді,
халыққа насихаттап, таратуды ұйымдастыра алмай отырған қоғам айыпты.

Енді ішкі мазмұнды бір қалыпқа салып отыратын, кітаптың бары мен жоғын
таразылайтын сын жанрларына тоқталып өтейік.

ӘДЕБИ СЫН – көркем шығармаларды талдап, баға беріп олардың идеялық-
көркемдік мәнін, әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану
ғылымының негізгі бір саласы. Әдеби сынның негізгі міндеті шығарманы нақты
тексеріп, жетістік-кемшіліктерін саралап, эстетикалық баға беру. Әдеби сын
сөз өнерінің бүгінгі таңдағы даму жолдарын анықтауға ат салысады. Әдеби
шығармаларға пайымдаулар жасап, түйінді пікірлер айтады.

СЫНШЫ - әдеби сынның объектісі. Сыншы – күрделі тұлға. Әдеби процесс
өмір-суреткер-шығарма-оқырман-өмір жолдарынан тұратын болса, сыншы осы
сатылардың барлығында дерлік аса белсенді қызмет атқарады. Бірде оқырман
атынан, енді бірде жазушылар атынан, енді бірде жазушылар атынан, одан
қалды бүкіл қоғам атынан да сөйлеп, әдеби процесті, қоғамдық пікірді
ұйымдастырушы, әдебиетті зерттеуші, бағалаушы, оның жылт еткен жаңалықтарын
үгіттеуші, насихаттаушы, оқырманға білім таратушы оқытушы, тәрбие беретін
тәрбиеші функцияларын атқарады.

СЫННЫҢ ЖАНРЛАРЫ (қарасөзбен) рецензия, шолу, эссе, шығармашылық
портрет (өлең сөзбен) эпиграмма, пародия.

ӘДЕБИ ХАБАР сын жарларының ішіндегі жасы жағынан ең үлкені де,
көлемінен шағыны да, икемділігінен шапшаңы да, ең елгезек тіл алғышы да.
Баспасөз бетіндегі әдеби пікірлер ең алғаш рет хабар түрінде көрінді.

АННОТАЦИЯ – сын жанрларының ішіндегі ең шағын көлемдісі. Шын мәніндегі
әдеби сынның бастау алар бұлағы. Аннотацияның объектісі – бір ғана шығарма,
кітап. Мақсаты – кітаптың не туралы екендігімен таныстыру.

РЕЦЕНЗИЯ – сын жанрларының ішінде ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр.
Рецензия латын сөзі. Қазақша тексеру, қарастыру, бағалау, пікір білдіру
дегенді білдіреді. Әдеби шығарманы сыни тұрғыдан талдап қарастырып
бағалайтын, пікір білдіретін әдеби сынның жанры.

МАҚАЛА терминінің әдетте екі түрлі ұғымы бар. Бірінші, көбіне баспасөз
бетінде жарияланған материалдардың жалпы аты ретінде қолданылып жүр.
Газетке мақала шығыпты дегенде, ол рецензия да, хабар да, шолу, фельетон
да болуы мүмкін. Екінші, нақтылы баспасөз жанрының атауы. Газеттің хабар,
аннотация, репортаж, очерк, рецензия сияқты жанрлары бар десек, мақала да
сол секілді осы қатардан белді орын алады. Мақала баспасөз жанрларының
ішіндегі ең көп қолданылатын және кеңінен қамтып, тереңірек талдайтын
мүмкіндігі молырағы. Мақаланың мақсаты - әдеби өмірде болып жатқан маңызды
құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның заңдылықтарын ашу,
оқырмандарға түсіндіріп отыру.

МАҚАЛАНЫҢ ТҮРЛЕРІ теориялық немесе ғылыми мақала, проблемалық мақала,
айтыс мақала.

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПОРТРЕТ негізінен талдаушылық тәсілдің орын алуы – оны
әдеби портреттің басқа түрлерінен ажыратып тұратын басты белгілерінің бірі.
Ш.п. қалың оқырманға арналып жазылып, баспасөз бетінде жарияланатындықтан
да көркем публицистика түрінде жазылады.

ӘДЕБИ ШОЛУДЫҢ негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір де, мақсаты соны
шолып, пікір білдіру. Негізгі мәселе – сыншының әдеби өмірді, даму
бағыттарын қалай көре білуінде, негізгі даму бағыттарын айқындайтын әдеби
фактілерді дұрыс айыра алуында.

ЭССЕ – көркем жанр. Солай бола тұра, оның сыншылық сипаты айқын.
Әдетте әдебиеттің тарихында өзіндік орны бар үлкен қайраткерлер жайында
естелік, не толғаныс түрінде жазылып, оған деген автордың субъективті
пікірлері айтылады. Эсседе ғылыми талдаулардан гөрі автордың өзіндік
әсерлері, шығармашылық тәжірибелеріне негізделген ойлары басым, шағын
көлемді, еркін құрылымды келіп, көркем әдеби стильде жазылады. (7)

Әдебиет пен сын өмірге бірге келді. Сын алғашқы ақын жұрт алдында
шығып, өз өлеңін оқығанда, немесе шебер әңгімеші ертегі, аңыз, мақал-мәтел
айтқан шақта оның тыңдаушыға ұнаған, ұнамаған пікірі ретінде көрінді. Әдеби
сын көркем әдебиеттің болашақ даму жолдарын көрсетіп отыратыны болғандықтан
да оның пікірлерінде болжамдық сипат болады. Әдеби сынның дәрежесі ең
алдымен оның субъектісіне, яғни сыншыға байланысты. Сыншы – аса күрделі
тұлға. Сыншыға бір ғана көркем әдебиетті біліп, әдебиетші болу аз. Ол –
әдебиеттану ғылымымен, одан қалды бүкіл қоғамдық ғылымдардың
жетістіктерімен жан – жақты қаруланған, білімдар адам да. Енді сын
жанрларына тоқталсақ: ӘДЕБИ ХАБАР-жаңа болған әдеби оқиғаны, жаңалықты
оқырманға хабардар ету. Бұл шағын жанр болғанымен де, ұтымды пайдалана
білгенге берер мүмкіндігі мол. АННОТАЦИЯ-сын жанрларының ішіндегі ең шағын
көлемдісі. Шын мәніндегі әдеби сынның бастау алар бұлағы. Латынша ескертпе
деген сөздің мағынасын беріп, кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-
идеологиялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама. РЕЦЕНЗИЯ-
бұл ең көп қолданылатын, өрісі кең жанр. Латынша тексеру, қарастыру,
бағалау, пікір білдіру дегенді білдіреді.  Аннотацияда хабарлаушылық,
үгітшілдік сипаты басым болып, бағалаушылық там-тұмдап қана белгі берсе,
даму барысында бұл жанр рецензияға ұласып, баға беру оның басты
қасиеттерінің біріне айналды. МАҚАЛА-Газетке мақала шығыпты дегенде, ол
рецензия да, хабар да, шолу да, фельетон да болуы мүмкін. Ал баспасөзде бұл
бөлек жанр. Әдеби ой-пікірлерді кеңінен насихаттау үшін әдеби сын
баспасөздің мақала жанрын барынша пайдаланады. Мақаланың мақсаты-әдеби
өмірде болып жатқан маңызды құбылыстарды, оқиғаларды талдап-бағалау, оның
заңдылықтарын ашу, оқырмандарға түсіндіріп отыру. Мақала теориялық, айтыс,
ғұмырнамалық, ескертпе болып өз ішінде бөлінеді. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПОРТРЕТ-
жазушы туралы құжатты очерк. ӘДЕБИ ШОЛУ-аннотация, рецензия, шығармашылық
портрет, мақала сияқты сын жанрлары негізінен әдеби өмірдің бір ғана
құбылысын, не мәселесін қарастырып, сол төңіректе ғана сөз қозғайды.
Негізгі зерттеу объектісі әдеби өмір, мақсаты соны шолып, пікір білдіру.
ЭССЕ-әдебиет жайлы құнарлы ойлардың бір бұлағы, әдебиетіміз,
қаламгерлеріміз хақында жүректі жарып шыққан пікірлерді оқырманға
жеткізудің бір арнасы.(Сын әдебиет пайда болған кезден бері өмір сүріп
келеді. Теориялық еңбектерде сынның төмендегідей сараланған екі ұлы мақсаты
аталып көрсетіледі. Көпшіліктің талғамын қалыптастырып, көркем шығарманы
түсінуге жетелейді.

Жазушының жетістігі мен кемшілігін көрсету, оған жөн сілтеу, шеберлік
шыңына нұсқау.

Сынның әлеуметтік және эстетикалық міндеттері. Сыншы дарыны, ол
жөніндегі ой-пікірлер.

Қазақ әдебиет сынының туып, қалыптасуының негізгі кезеңдері.
Қазан революциясына дейінгі кезең - Сыни ой-пікірдің ояну және
әдебиет сынының туу дәуірі. 1917 жылдан 1937 жылға дейінгі кезең
- қазақ әдебиет сынының жанр ретінде қалыптасу және әдебиеттану
ғылымының туу дәуірі. 1938 жылдан 1991 жылға дейінгі процесс - қазақ
әдебиеттану ғылымының қалыптасуы, әдебиет сынының өркендеу кезеңі.

Жалпы, әр жанрдың өз сыншылары болуы керек екеніне ешкімнің таласы
болмас. Іргелі елдерде солай. Оларда уақыттан қалып қоймау үшін мерзімдік
әдеби басылымдарда жарияланған шығармалар мен бір жыл ішінде жарыққа шыққан
кітаптарды саралап отыратын сын жүйесі қалыптасқан. Бізде осындай жүйе
қашан қалыптасар екен дейсің. Атаусыз қалу - атумен тең деп Асқар
Сүлейменов айтпақшы, кез келген қаламгер үшін өзінің шығармасына сыни
тұрғыда баға берілуі, тіпті жағымсыз күйде болса да, маңызды екені анық.
Сын тағдыры бүгінде орта буын, жас буынның қолына көше бастады. Аға ұрпақ
сыннан біржола сырт айналды. Жаңа жазып бастаған жас сыншылар мен бай
тәжірибелі аға сыншылардың сабақтастығы үзіліп тынған. Содан да жас
сыншылардың сыны сұйықтау, шикілеу, ғылыми негіздемеден жұрдай болып
келеді. Кез келген адам өзінің пікірін айтуға құқылы, бірақ кез келген
адам өзінің көзқарасын білдіруге құқылы емес деген ойлы сөз бар. Пікірді
айта беруге болады, ал көзқарасыңды ғылыми түрде негіздей білуге тиіссің.
Сынға шындап араласқан адамның теориялық жағынан өте мықты дайындығы болуы,
салыстырып отыру үшін, ұлттық әдебиетпен қоса, әлемдік әдебиетті де терең
білетін жан болуы керектігі күмән туғызбаса керек. Сыншы жазушыдан гөрі
таланттырақ болуы, интеллект жағынан да биік тұруы шарт. Сонда ғана оның
сыны қаламгерге ой салып, әдебиеттің дамуына, қоғамдық, әдеби-эстетикалық
ойдың өсуіне ықпал етеді.
Нағыз сын - авторды қаралау емес, үйрету болса керек. Жалпы, бәрін
бірден әлемдік әдебиет өлшеміне салуға тырысатынымыз жаман-ақ. Әдебиетте
жас жоқ деген қағида бар. Десек те, автордың бәріне бірдей талаппен
қарауға болмайтыны анық қой. Сыни тұрғыда сақа жазушыға бір бөлек, жас
жазушыға бір бөлек қарау керек екенін ұмытпауға тиіспіз. Кәсіби қаламгер
мен әуесқой қаламгерді бір қатарға қоюға болмайды. Кейде баспадан көр-
жердің бәрі шығып жатыр, таза әдебиет пен халтура мидай араласып кетті
деген сөздерді естиміз. Ауылдық, аудандық деңгейдегі әдебиет те өмір сүруге
құқылы шығар, кім білген. Бәрібір олар үлкен айналымға түсе алмасы анық.
Бақыт Кәрібаеваның жаңа ұрпақтың өнерін бағалау үшін жаңа сөз керек деп
отырған қыжылы орынсыз емес. Әдебиет - халықтың ішкі запыраны, билік
әдебиетті осылай түсінуі керек, сондықтан әдебиетті жолға салатын,
өрістететін сынға билік көңіл бөлуі тиіс, - дейді сыншы Амангелді
Кеңшілікұлы. - Баяғы кеңестік заманда баспаларда жабық рецензия дейтін
жүйе болған. Оған пікір жазғандарға қомақты қаламақы төленген. Қаламақы
төленген соң, сыншылар жанын салып еңбектенген. Қазір ондай қаламақы жоқ
болғасын, жанбағудың жолында жанталасып жүргендердің босқа арам тер болғысы
келмейді дейді ол. Бұл да үлкен мәселе.
Орыс әдебиетшілері біздің алтын ғасырымыз Пушкин, Толстой дәуірінде өтіп
кетті, ХХ ғасырда орыста үлкен әдебиет туған жоқ деген қорытындыға келіп
жатыр. Кеңестік замандағы мықтыларын қайтадан жаңаша пайымдап, талдап-
сараптауда. Әдеби сыны бұрыннан мықты елдің әдебиеті де мықты. Тургенев
Мен өлгенде мәйітімді Белинскийдің қасына қойыңдар депті. Бұл екеуі -
өнерде көзқарастары түйіспеген адамдар, бірақ... Бұл да - сынның, сыншының
құдіреті. Әдебиет зерттеушісі Айгүл Ісімақованың айтуынша, тәуелсіздік
жылдарынан кейін қазақ әдебиетіне тың серпін әкелген шоқтықты шығармаларды,
келісті кітаптарды таратып талдау, әділ безбендеу үшін бұрынғы академиялық
стильдегі сыни жүйеміз жарамсыз, ол үшін тыңнан ойлайтын жас сыншылардың
жаңа буыны пайда болуы керек.
Қазақ әдеби сынының алғашқы нышандары ертедегі ауыз әдебиет үлгілерінде
көрініс бергенімен, шын мәніндегі сынның жалпы жұртшылыққа жол тартуы
мерзімді баспасөзге байланысты болды. Осы кезеңде сынның жанрлық тұрғыдан
жіктелуі, кәсіби сипатының анықталуы, маман кадрларының бой көрсетуі
процесі жүріп, шындап қалыптасып, дамуға бет бұрды. Сөз қадірін түсінетін
сыншылар қауымы пайда бола бастады.
Бұл орайда ақын – жазушы, қаламгерлеріміздің кәсіби сынның өрісін кеңейтуге
қосқан үлесі ерекше. Әрине, мұнда ауыз толтырып айтар ардақты есімдер
қатарында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров, М.Дулатов,
С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Жолдыбаев, Е.Бекенов, Ғ.Тоғжанов,
М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов т.б.
Бұлардың әдеби сынның даму тарихына қосқан үлестері зор.

20 жылдары дүр ете түскен әдеби айтыстар, кереғар жазылған мақалалар,
қағытпалар мен қияс көзқарастар аз болмады. Солардың бәрін естіген
зерттеуші қазақ сынының сол кездегі басқа жанрдан бір айырмашылығы –
шығармашылық идеялық талас тартысы мен дау – дамайының молдығы еді.
дегеніне қосылмауға болмайды.
Т.Кәкішұлы өз еңбектерінде 20 – жылдарда сыншыл реализм дәстүрінде жазылған
шығармаларға көбірек назар, аударып, Б.Майлин, Ж.Тілепбергенов,
С.Сейфуллин, М.Дәулетбаев шығармаларындағы суреттеу амалдарына, қолданған
көркемдік әдістерінің қасиеттеріне айрықша тоқталған.
Бұл орайда басқа да қазақ әдебиет зерттеушілері өз пікірлерін білдірді.
Солардың алғашқысы болып Б.Кенжебаев Бұл дәуірдегі қазақ әдебиетінің
негізгі әдісі сыншыл реализм болды. (1917-1920 жылдар ). Бұрынғы осы
кездегі демократтық – ағартушылық бағыттағы ақын – жазушылар да асылында
сыншыл реализм әдісімен жазды. Себебі, сыншыл реализм әдісінің негізгі
қасиеті – әшкерелеу, сынау. (Кенжебаев Б. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ
совет әдебиеті. – Алматы: 1961. – 46 б). десе, М.Қаратаев шығармаларды
талдай отырып, пікірін былай түйген: Ол кезде өнімді жазған Б.Майлин мен
М.Әуезов әңгімелерінің тақырыбы ғана емес, тұтас идеялық көркемдік
дәрежесін алсақ, бұл ретте олар бұқарашыл жазушылар жеткен деңгейден асып
кете қойған жоқ еді. Ол сыншыл реализм деңгейі (Қаратаев М. Таңдамалы
шығармалар. 3 томдық. – Алматы. Жазушы, 1974.2 Т – 148 -149 б.б) деп
жазды.

30 – жылдары әдебиет сын саласында аянбай еңбек еткендердің бірі сыншы –
Е.Ысмайылов болды. Ол сол тұстағы әдеби сынның өсуіне кедергі
келтіретіндерді айта келіп, сын өсіп, өркендесін десек, алдымен
сыншылдықтың өзіне айрықша маңыз беру керек, сыншылық жұмысты творчество
деп қарау керек, сыншы кадрларын тәрбиелеп отыру керек, жазушылар арасында
сынды күшейту керек, қазақтың мәдениет қызметкерлері сын жұмысына араласуы
керек, сын еңбектерін бастыру жұмыстарын өңдеу керек. Міне, сонда ғана
сынды барлық жағынан көрсетеміз (Ысмайылов Е. Келелі үш мәселе. \\ Соц.
Қазақстан. – 1939. 16. 06 ) дегенге маңыз берді.
.

Түркістан Уалаятының газеті алғаш Ташкентте шығып тұрған Түркістанские
ведомости газетіне қосымшасы ретінде , кейіннен жеке бөлініп, айына екі
рет қазақша жарық көріп тұрды. Газет бетінде қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігіне қатысты түрлі тақырыптағы мақалалармен қатар әдебиетке , тілге
байланысты бірсыпыра материалдар жарияланды. Газет бетінде алғаш рет
А.С.Пушкиннің, Л.Н.Толстойдың, И.А.Крыловтың аудармалары қазақ тілінде
жарияланды. Қазақтың тұңғыш ғалымы
Ш.Уалиханов туралы алғашқы мақала осы газет бетінде жарық көрді. Онда
Түркістан генерал-губернаторының Жетісуды аралап жүргенде Шоқанның
қабірінің басында болғаны, басына белгі орнатуға бұйрық бергені айтылған.
1876 жылғы 29 санында Қисса и Қожа-
Ғаффанвәһәм Сәдуақас деген кітапты Мұхамеджан Мұфтахиддиннің өз қаражатына
бастырып шығарғанын хабарлап, оған біраз сын айтқан. Кітап қазақ тілінде
басылып шыққан болса тілінің көбі ноғайша, кейбір жерін сөзше түсініп
болмайды. Қазақ тілін бұзып басып шығарыпты. Енді оқыған адам қазақ тілі
осы деп ойласа керек. Қазақ тілі қандай жарасып бір біріне жабысып тұрғанын
білгіңіз келсе, бір екі ауыз сөз жазалық деп мысалға Орынбай ақынның
өлеңдерінен екі шумақ ұсынылған.
Түркістан уалаятының газеті әртүрлі тақырыптағы ауыз әдебиетінің
үлгілерін беріп отырған. Әсіресе мақал мәтелдер мол кездеседі. Көп сөздің
азы жақсы, аз сөздің өзі жақсы, ашу – дұшпан, ақыл - дос, ай – ортақ,
күн – ортақ, жақсы - ортақ, Жаманға жалынғанша жат та жаныңды қарман
секілді мақалдарды оқимыз.
Қазақ мақал – мәтелдерін жинап бастырушы Қожа Садық Бабажанов туралы
мәлімет берілген. (1877, №10). Қ. Бабажанов ... Қазақтың мақал –
мәтелдерін жинауда елеулі еңбек сіңірген адам. Қазақтың мақал Түркістан
уәлаятының газетінде 28 жариялауына қарай бағалап осы саланы зерттеудің
алғашқы бастамасы деп қараймыз деп жазады.
Газет беттерінде жұмбақтар, айтыстар, өлең жырлар, аңыз әңгімелер,
ертегілер үзбей жарияланып отырған. Шығыстық қисса – дастандар, әсіресе
Мың бір түннің хикаялары, араб – парсы әдебиетінен келген қисса дастандар
едәуір орын алған.
Сөйтіп қазақ баспасөзінің тұңғышы саналатын Түркістан уәлаятының газеті
беттерінде қазақ ауыз әдебиетіне, әдеби тілге, жекелеген ақындарға қатысты
материалдар алғаш рет тасқа басылып, оқырман қауымға тарады. Бұл шын
мәніндегі кәсіби жазба әдеби сынның алғашқы көрінісі, бастаулары еді.
Дала уәлаятының газеті, Акмолинские областные, ведомости газетіне
қосымша ретінде Омбыда 1888 жылдан 1893 жылғы дейін орыс және қазақ
тілдерінде шығып тұрған. Соның орыс тіліндегі Особое прибавление к
Акмолинским областным ведомостям атты қосымшасы 1894 жылдан бастап орыс
тілінде Киргизская степная газета ал қазақ тіліндегісі дала уәлаятының
газеті деген атпен жарық көре бастады. Газетте негізінен патша үкіметінің
бұйрық – жарлықтары, заңдары, хабар ошарлары жарияланып тұрды. Сонмен
бірге жергілікті қазақ халқының тұрмыс – тіршілігіне, мәдениеті мен
әдебиетіне қатысты материалдар да жиі берілді. Орыстың Г.Потанин, А.
Алекторов, А. Ивановский, А. Добромыслов, В. Обручев, Н. Пантусов, Н.
Ильминский сияқты зерттеушілерінің қазақтардың тарихына, мәдениетіне,
әдебиетіне қатысты мақалалары жарық көрді.
А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой, М.Ю. Лермонтов, Д.Н. Мамин – Сибиряк, Г.И.
Успенский, И.А. Крыловтың шығармалары қазақша аударылып басылды. Атап айтар
болсақ, Л.Н. Толстойдың Дұрыс әзілдескені, (Старик сажал яблони), Бақыт
пен мужик, (Мужик пошел косить луга и заснул), Құмырсқа мен көгершін
(Муравей и голубка), Бұғы (Олень), Бұғы мен қарақаттың сабағы (Олень и
виноградник), сияқты шығармаларының аудармалары басылған. Газетке
жарияланған Қазақтың тәуір адамдарының қылар ісі (1896№43) атты мақаладан
Тургеневтің, Лермонтовтың, Толстойдың һәм өзгелердің шығарған кітаптарын
Өскенбайұлы еркін перуад қылып шығарған деген жолдарды оқимыз. Бұл жерде
әңгіме Абайдың туысы Халиулла Өскенбаев жайында болып отыр.
Аударма шығармалар беріп тұрумен бірге газет бетінде оның мәселелерді
көтерген мақалаларды да кездестіруге болады. Сондай мақаланың бірінде
газеттің бас аудармашысы Д. Сұлтанғазин келістіріп, ұғымды анық қылып
перуаттау бір зор жұмыс. Қиын сөздер келгенде қазақша балама сөздер болмаса
да қазаққа ұғымды болса, орыс сөздерінің өзін қалдыру керек я қазақша екі –
үш сөзбен айту керек. Сол себептен орысшада переуат қылғанда тұп – тура сөз
қалдырмай, орысша ретімен переуат қыламын деп әуре болу жарамайды , - деп
аударма ісінің аса бір маңызды мәселесіне өз пікірін білдіреді. Ол қазақ
тілінде жазу турадан, Біздің қазақ тілі туралы бес – алты ауыз сөз деген
мақалаларында бүгінгі күн үшін де маңызды пікірлер айтып, Қазақ тіліне
кірген сөздерді жазғанда сөздердің қазаққа қанша ұғымдылығына қарау керек.
Егер қазаққа ұғымды болса, орыстардың өз сөйлегеніне ұқсатып жазуға тырысу
керек. Мәселен қазақтар жандарал, жанарал дейді, һәм генерал дегенді
де жақсы пайымдайды, сол себептен генерал деп жазу керек (1896 № 31, 32)
дейді. Жалпы газеттің аударма ісіне қатысты мәселелерді біршама дұрыс шешіп
отырғаны байқалады. Сұлтанғазин қазақ тіліне сырттан енген сөздерді екіге
жіктеп, бұрындары еніп қазақ тілінің заңдылықтарына сай айтылып жүрген
сөздерді сол күйінде, ал кейін келе әлі сіңісе алмаған сөздердің сол
тілдегі тұлғасын сақтап жазуды ұсынады.
Газеттің қазақ тіліндегі негізгі шығарушылары әрі аудармашылары Дінмұхаммед
Сұлтанғазин, Асылқожа Құрманбаев, Рахымжан Дүйсенбаев болды. Үшеуі де
кезінде қазақ баспасөзінің тарихында елеулі орын алған білімді ғалым,
аудармашы болуымен қатар, газет бетінде халқымыздың мәдениеті, әдебиеті,
тілі, тарихы, шаруашылық мәселелері жөнінде сауатты да білімдар мақалалар
жариялаған. Екі тілде бірдей аударма жасап, қазақ халқының әдет – ғұрып,
заңы, дәстүрі туралы көптеген мақала – хабарлардың авторы болған
Ү.Сұбханбердина. Дала уәлаятының газеті. А., 1996, 45 - бет.
Редакцияның атынан жарияланған мақала авторлары да осы үшеуі болатын.
Сондай мақаланың Мемлекеттік тіл деген атпен жарияланып, онда әр халық
алдымен өзінің ана тілін, екінші билеуші тілін, үшінші сол кезден білім мен
ғылым тілі француз тілін білуді ұсынады.
Тіл туралы газет аудармашыларының бірі Асылқожа Құрманбаев та маңызды
пікірлерді айта білді. Асылқожа: Тіл қай халықтың болса да ғылым мен
өнерге жетілуіне қажетті ең күшті құралдың бірі болып табылады. Тек өзінің
тілін таза сақтай білген және дамыта білген халық қана жарқын болашағынан
үміт күте алады және құрметке бөленеді деп жазады. Ол Қазақ тілі хақында
атты көлемді мақала жазып, онда тіл тазалығын көтерді. Қазақ тілін араб,
парсы, татар тілдерімен шұбарлауға қарсы шығып, сол кезде қалам
ұстағандарды бай қазақ тілінде жазуға үндеді. Дәлел ретінде әйгілі
Алтынсарин қазақ тілін мейлінше бай тіл деген, ол тілде қандай кітап болса
да жазып шығуға болады деген (1894, №27) деп, оның шығармашылығын үлгі
етеді. Автор өз ойларын Алтынсарин қазақ тілінің қасиетін сөзбен ғана
емес, іс жүзінде дәлелдеді. Ол мысалы таза қазақ тілінде үп үлкен Қазақ
хрестоматиясын жазды... Қазақ халқын және оның тілін сүюшілер марқұм
Алтынсарин салып кеткен жолмен жүрулері керек және ол бастап кеткен істі,
қазақ тілінің ережелерін жүйелеп, тәртіпке келтіру ісін жүргізе берулері
керек... Сөз басы, Түлкі мен қарға, Жаз және басқа өлеңдері бөтен
тілдерден құлан тазалығымен ғана қадірлі емес, оның үстіне қазақ тілінің,
қазақ өлеңі мен қазақ поэзиясының тамаша үлгісі болуымен де қадірлі деп
түйінді ойларын тұжырымдаған.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңі алғаш рет осы газет бетінде жарық көрді.
Абайдың Жаз өлеңі Семей оязы Шығыс елінің қазағы Ибраһим Құнанбай
аулының Бақанас өзенінде Көпбейіт деген жерге қонып жатқандағы түрі (1889,
№7) деген атпен, Кісіден үйреніп жаздым деген Көкбай Жанатайұлының
қолымен жарияланған. Ал Күлембайға атты өлеңі авторы көрсетілмей, 1888
жылда май айында Ақшатау деген жерде Семей облысы менен Жетісу облысының
чрезвычайный съезі болғанда бір уездің ел билеушілерінің съездегі түрі
деген атпен басылған (1889, №12). Абайдың көзі тірісінде жарық көрген
өлеңі осы екеу ақ. Бұларды ақынның өзі оқуы әбден мүмкін. Өйткені Абай
Дала уәлаятының газетінде 1895 жылы 3 санында басылған Тәкаппар әскер
басы турасында деген аңыз әңгіменің сюжетін өзінің Ескендірпоэмасында
өзек етіп, дамыта жырлады дей аламыз Ү.Сұбханбердина. Дала уәлаятының
газеті. А., 1996, 607 - бет. Деп жазады қазақ баспасөзі тарихының
білгірі Ү.Сұбханбердина.
Абайдың өлеңдері осы газтте жарияланған соң, ол туралы тұңғыш пікір де
осында жарық көрді. М.Ж.Көпеевтің мақаласы тікелей Абайға арналмағанымен,
ол туралы айта кетеді. Мәшһүр Жүсіп Абайды Құнанбайға ас бермедің деп
кінәлай отырғанымен де оның өлеңдеріне жылы лебіз білдіреді: басылған бір
тоқпақ өлең Құнанбай баласынікі деп естіген едік. Біз Ыбырай мырзаның
өнерін Құнанбайдан артық деп естіген едік... (1889, №48) Сөйтіп Дала
уәлаятының газетінде Абайтанудың алғашқы сүрлеуі осылайша салынды.

Дала уәлаятының газетінде жаңа шыққан кітаптар туралы мақалалардың дені
Жаңа кітап, Басылып шыққан кітап туралы, Жаңа кітап турасынан, Тағы
да бір кітап шықты деген сияқты тақырыптармен беріліп тұрған. Мұндай
материалдар көлемі жағынан көбіне шағын келіп, жаңа шыққан кітаптың не
жайында, пайдалы немес пайдасыз екендігін, жетістіктері мен кемшіліктері
қысқаша тұжырымдалып отырды. Сондай бір мақаланы Асылқожа Құрманбаев
Неклюдовтың орыс – татар сөздігі туралы жазды. Бір жаңа кітап турасынан
атты мақалада автор Неклюдовтың сөздігіне ноғай тілін қазақ тіліне жақын
орыс тілін үйренемін деген қазақтар осы орыс татар сөздігін алып оқысын
дегенін сынай отырып, Дала уәлаяты газеті қазақша газетін алып
тұрғандарға күн бұрын сақтандырып жазамыз. Осы Неклюдовтың кітабын сатып
алып, ақшаларыңды шығарып, уақыттарыңды өткізіп, бейнеттеніп оқып әуре
болмай ақ қойыңыздар. Осы Неклюдовтың шығарған бұл переуаттай переуат
болмағанын айта келіп қазақша тілінің ноғай тілінен онша бөлектігі жоқ,
ноғайдың тілін үйренген соң қазақтың тілін үйренбесе де болады, неге
десеңіз қазақтар ноғайдың тілін де ұғады деген. Ү.Сұбханбердина. Дала
уәлаятының газеті. А., 1996, 41 - бет. Осы сияқты Киргизско – русский
словарь, А.Е.Александровтың Киргиз - казахи, А. Кенесариннің Султани
Кенесары и Сыздық деген сияқты кітаптарға пікірлер берілген.
Газетте қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері тұрақты орын алды. Қозы Көрпеш –
Баян сұлу, Нәрік батырдың ертегілік нұсқасы, Ақсақ құлан Жошы хан,
Қожанасыр секілді аңыздар орын алды.
Сөйтіп, Дала уәлаятының газеті қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, әдеби
сыншыл ойлардың дамуына мол еңбек сіңірді.

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ кітаптарының шыға бастауы сыншыл
ойлардың ояна түсуіне жағдай жасады. Әсіресе 1909 жылы үш бірдей кітаптың
- Абай өлеңдерінің, Ахметтің Қырық мысалының және Міржақыптың Оян,
қазағының! шығуы қазақ әдебиетінің ғана емес, сыншыл ойлар өрісін де
кеңейте түскен айтулы оқиғаға айналды. Арғы бергі әдебиет жайлы жазылған
мақалаларда Абайға соқпай өтпейтін болды. Тіпті әлеуметтік мәдени өмірдің
түрлі мәселелеріне арналғандардың өзінде де ойға дәйек ретінде Абайға
жүгіну жиі кездесті.
Қазақ әдеби ой пікірлерінің дамуында Айқап журналы мен Қазақ газетінің
шығып тұруы тарихи роль атқарды. Осы басылымдар арқылы әдеби сынның да аясы
кеңейіп, көптің көкейінде жүрген өзекжарды мәселелер көтерілді. Айқап
журналының шығарушысы Біздің қазақтың Әй, қап демейтұғын қай ісі бар?!
... Жеңілгеніміз жеңген жағымызға, ендігі сайлауда көрерміз, қап, бәлем-
ай дедік. Осындай біздің қазақтың бірнеше жерде қап деп қапы қалған
істері көп. Қап дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң
журналымыз өкінішімізге лайық Айқап болды деген Айқап журналы, 1911
жыл. 1-ші нөмір журналды өмірге әкелді. Журналдың алғашқы нөмірінде ақ
сыншыл ойдағы мақалалар жариялана бастады. Мысалы Ахмет Байтұрсынов
Қазақтың өкпесі атты мақаласында Дүнияда ерге теңдік, кемге кеңдік, азды
көпке теңгеретін ғылым мен өнерді, елсізді елдіге теңгеретін, жоқты барға
теңгеретін ғылым мен өнерді керек қылатын қазақ аз. Теңдікке қолы қалай
жетсін? Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге
өкпелер бет жоқ [Айқап. А., 1995,  169-бет] деп Ахаң осы жолы халық
алдында қазақ жерінің  сол кездегі тағдыры туралы толғанды.
Кейіннен қанатты сөзге айналып кеткен Біздің заманымыз - өткен заманның
баласы, келер заманның атасы, Талап жоқ, үміт мол бip халықпыз,
Еңбексіз егін шықпайды, терлесең, терің тегін қалмайды, Телміріп  алған
теңгеден тер сіңірген тиын жұғымды, Ата жолдасы – надандық тәрізді
орамды ойларын осы мақаласына сыйдырды.
Басылымның  бұдан кейінгі нөмірлеріне де қызу атсалысқан Ахаңмен 6ipгe
Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов қоғамдық-саяси құрылым жайындағы
маңызды мақалаларын жариялады. Әcipece алаштың осы үш арысы жазған жер
мәселесіне, отырықшылық тұрмысқа көшу жайына, қазақ жазуын тәртіпке
келтіруге қатысты жарияланымдар оқырмандар тарапынан сан алуан  пікірлер
туындатты.
Айқап журналы басқармасында Мұхаметжан Сералинмен бipre сол тұстағы
танымал ақын, жазушы, драматург Әкірам Ғалымов, белгілі ақын, журналист
Мұхамедсәлім Кәшімов, көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров еңбек етіп, өз
шығармаларын жариялап тұрды. Мағжан Жұмабаевтың, Сәбит Дөнентаевтың, Сәкен
Сейфуллиннің, Taйыp Жомартбаевтың, Міржақып Дулатовтың, Қошке
Кемеңгеровтің, Ахмет Мәметовтің, Мұстақым Малдыбаевтың, Кенжеғали
Ғабдуллиннің, Самат Әбішевтің, Байбатыр Ержановтың алғашқы өлеңдері
Айқапта жарық көрді.
Зерттеуші, филология ғылымдарының докторы Серікқали Байменше
Әсіресе жаңа журналды құмарта оқыған сол кездегі көзі ашық жастар  басылым
жарияланымдарынан  жалпы қоғамның саяси сарынын саралап, қоршаған әлемнің
тынысын ұғынды, өзіндік түсініктерін түзіп, нақты   көзқарастарын айқындай
бастады деп жазады.

Жетпісінші жылдардың әдеби сынында қазақ әдебиетінің жеткен
жетістіктері мен кемшіліктерін саралауға қатысты бірсыпыра жұмыстар
атқарылды. Поэзияның, прозаның және әдебиеттің басқа да салаларының
көркемдік мәселелеріне арналған пікір алысулар жиі өткізілді. Поэзияның
түрлі жақтарын көтерген З.Ахметовтің Еркін өлең, ол қандай?, (Қазақ
әдебиеті 27.Х.1972), Ә.Кекілбаевтың Өлең көкжиегі (Жұлдыз, 1972, №1),
Ә. Атаниязовтың Математика және поэзия, (Жалын, 1971, №1),
Ж.Сомжүрековтің Өлең неге оқылмайды?, (Жалын, 1972, №5), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жарнаманың жеке адамдарға керек хабарландыру, құлақтандыру, сақтандыру секілді түрлері
Дандай Ысқақұлының әдеби сын тарихы
Жарнама тілі мен стилі
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕСТЕГІ ЖАРНАМА ЖӘНЕ ОНЫҢ РӨЛІ МЕН ОРНЫ
Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарнама
Жарнаманы қолдану
Жарнама түрлері және жарнама таратушы құралдар
Қазақ әдебиетін тарихи дәуірлеу
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
Сатира жанры
Пәндер