Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ экономикасының дамуы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Бүкіл әлем тарих кафедрасы

Д И П ЛО М Ж Ұ М Ы С Ы

Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ экономикасының дамуы

Кіріспе . . . 3-7

1-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың ішкі саясаты

және оның мәні

1. 1. «Мемлекеттік қайырымдылық» саясаты мен оның мәні . . . 8-23

2 - тарау. Соғыстан кейінгі жылдардағы экономиканы дамыту

бағдарламалары

2. 1. АҚШ экономикасының жеке салаларының

дамуы. Өнеркәсіптік монополияның құрылымы . . . 24-40

Қорытынды . . . 41-43

Сілтемелер тізімі . . . 44-48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 49-52

Кіріспе

Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде АҚШ-тың финанстық-экономикалық және әскери қуаты айтарлықтай күшейді. Американ монополиялары соғыс қаруларын жеткізіп беру есебімен қыруар пайда тауып, өнеркәсіптің өндірістік қуаты адам айтқысыз өсті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдары АҚШ әлемде айтарлықтай үстемдік етті. Олар өз мемлекеттерінің экономикасын нығайту, оның халықаралық беделін көтеру - күн тәртібіндегі маңызды да күрделі мәселенің бірі етіп қойды. Олардың тәжірибесін халықаралық қатынастағы тәжірибесі әлі де аз егеменді еліміз ескруі қажет.

Осы замандағы, яғни ХХ ғасырдағы АҚШ үлгі боларлық мемлекеттің бірі. Сол себептен АҚШ -тың экономикасының даму жолдарын саралап, үлгі болар жақтарын жас елдер өз пайдасына асырып, қателіктерін ескеріп отыруы керек.

Диплом жұмысының зерттелуі дәрежесі. Б ұл мемлекеттің экономикасының дамуы тез арада дүниежүзіне әйгілі болу себептерін әлі де болса терең де жан-жақты жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеуді талап етеді.

Диплом жұмысын жазуда көптеген арнаулы зерттеу мен еңбектер пайдаланып жазылды. Американың халықаралық аренадағы, экономикадағы таңғажайып табыстары тарихшылардың назарынан тыс қалған жоқ.

Бұл мәселені Ресей тарихшылары, алыс жатқан шетел тарихшылары, экономистер де зерттеді. Әртүрлі тұжырымдар, қорытындылар жасаған.

Бұл жұмысты жазуда пайдаланған деректерге келетін болсақ - ол «Жауынгер құқығы туралы билль». Онда негізінен, отставкадағы офицерлер мен жауынгерлерге азаматтық өмірге қайтып келуге және де оларға үй алу үшін кредит беру мен қайта мамандандыру немесе білім алу үшін қаржылай көмек беруге көмектесті /1/.

1944-1947 жылдар арасында көптеген заңдар қабылданған еді. Келесі заң «Экономикалық құқық туралы билль» деп аталады. Бұл заңда негізінен экономикалық құқықтар белгіленіп, нәсілшілдікті жою, тең правалық, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту туралы, жұмыссыздықты қысқарту, бағалардың үстіне мемлекеттік бақылау қою, инвестиция үстіне бақылау орнату, шетелдік валюта үстіне бақылау және империолистік емес сыртқы саясаты туралы құқықтар енгізілген/2/.

«Жұмыспен қамту туралы заң». Бұл заңда негізінен жұмысшылардың жағдайын жақсарту және жұмыс істеуге ниеті бар адамдардың барлығын жұмыспен қамту туралы жазылады/3/.

«Трумэн доктринасында» Г. Трумэннің жүргізген ішкі, сыртқы саясаты ашылған. «Әділ бағыт» бағдарламасы, азаматтық құқықтары тізімі беріледі/4/.

Г. Трумэн екінші дүниежүзілік соғыстан кейін «көмек беру» бағдарламасын жасайды. Ол бойынша соғыста зардап шеккен Батыс Европа мемлекеттеріне көмек беру саясаты жүргізілді.

Ол мемлекет пен сыртқы саудада экономикалық байланыс орнату үшін әскери және экономикалық көмек беруді ұйымдастырды. АҚШ-тың сыртқы стратегиясының басты құралы «көмек беру» бағдарламасы болды /5/.

АҚШ экономикасын кеңінен зерттеген кеңес зерттеушілері қатарына Фуроев В. К., Пожарское С. П., Яковлев Н. Н., Виноградов С. С., Манукян А. А., Мартынов С. А., Мельников Ю. М. сияқты ғалымдар жатады.

Бұл тақырыпты зерттеуге көп үлес қосқан «США в военные и послевоенные годы 1940-1960 г» атты жинақ болып табылады. Бұл еңбекте АҚШ-тың тарихының барлық негізгі сұрақтарына жеткілікті талдау жүргізілмейді. Мұнда тек АҚШ өмірінің экономикалық және саяси өркендеу процестері соғыс және соғыстан кейінгі жылдары қамтылады.

Бұл зерттеу АҚШ-тың белгіленген уақытындағы ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі экономикалық сұрақтарын қарастырған. Кітапта АҚШ тарихындағы жиырма жыл ішіндегі белгілі тарихын ұсынады. Бірінші кезеңде АҚШ-тың соғыстан кейінгі сыртқы, ішкі халықаралық жағдайын белгіленген уақыт бойында саяси сұрақтар бойынша қарастырса, екінші кезеңде экономика мәселелерін қарастырған. Кітапта екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және соғыстан кейінгі американ экономикасының даму нәтижесі және оның АҚШ-тың халықаралық экономикадағы алатын орны және оның салдары көрсетілген және кітаптың ең соңында экономикалық екі жүйенің жарысы белгіленген. Кітаптағы сұрақтарды баяндау хронологиялық жүйелікпен жүргізіліп отырған.

АҚШ-тың қазіргі заман тарихын тікелей зерттеген еңбектер қатарына Сивочев В. Н. Язьков Е. Ф-тың жұмыстарын қосуға болады /6/.

Бұл еңбектерде негізінен АҚШ-тың қазіргі заман тарихындағы іргелі мәселелері талданған. Әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларына назар аударылған. Бұл авторлар әсіресе мемлекеттік-монополиялық капитализм эволюциясына көп көңіл бөледі және оның негізгі этаптарын, түрлерін анықтады. Мемлекеттік-монополиялық реттеу әдістерін де зерттеп, ашқан.

Жұмысты жазуға үлес қосқан келесі бір еңбек В. Б. Ноборовтың еңбегі. Ол АҚШ өкіметінің экономикалық саясатындағы көкейтесті проблемаларын талдауға арналған еңбек. Онда АҚШ-тың сытқы сауда экспонсиясының құралы ретінде сауда саясатының қалай пайдаланғаны қарастырылған және АҚШ-тың дамушы елдермен қарым-қатынасы сын көзбен жазылған.

Бұдан басқа тақырып бойынша көп мағлұмат берген зерттеуші Виктор Перлоның еңбегі /7/. Оның еңбегінде соғыстан кейінгі АҚШ-тың экономикасы зерттелген. Оның өсуі, құлдырауы, жетістіктері жазылған. Көптеген жаңа термин сөздерге түсінік берілген. АҚШ-тағы банктердің қызметін, ақша айналымын, өнеркәсіптік дамуын ол толық зерттеген. Мұндағы тұжырымдар статистикалық көрсеткіштермен дәлелденіп берілген.

Н. Н. Яковлев, А. А. Кредер еңбектерінде /8/ қазіргі заман кезеңі жаңа көзқараспен қарастырылған. Онда әсіресе «мемлекеттік қайырымдылық» саясаты өте жақсы сипатталып жақсы түсіндірілген. Бұл зерттеушілер өзінің еңбектерінде АҚШ-тың ішкі, сыртқы, халықаралық жағдайын, саясатын қарастырып, қысқаша экономикасына тоқталып өткен.

АҚШ экономикасының өсуіне, ерекшелігіне көп көңіл бөлген еңбектің бірі ұжымдық еңбек «Америка Құрама Штаттары» /9/.

Америка экономикасының циклдік 1945-1950 жылдардағы кезеңі қамтылған. Мұнда американ экономикасының дағдарысқа ұшырауы, уақытша құлдырауы себептері де зерттелген.

Ал, А. Блис еңбектерінде /10/ соғыстан кейінгі АҚШ-тағы мемлекеттік -монополиялық капитализмнің тарихи ерекшелігі көрсетілген. АҚШ-тың екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуын зерттеу үшін баспасөз материалдары да қолданылды /11/.

Сондай-ақ, А. С. Сергеева, А. Т. Лоповтың ғылыми жұмыстарын /12/ пайдаландым. Сонымен қатар, М. Брукс, А. Джеймс, К. Б. Гофмон, С. Бегловтың /13/ еңбектерін де пайдаланылды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті. Д иплом жұмысын жазуда алдымызға қойған мақсатымыз- АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық даму жолдарын біліп, оның қарқындылығының себебін анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа сай төмендегідей міндеттер алға қойылады:

-Соғыстан кейінгі жылдардағы АҚШ-тың ішкі саясатын және оның экономикаға тигізген әсеріне қарастыру;

-Соғыстан кейінгі АҚШ экономикасының даму жолдарын талдау.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тарау және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде жұмыс тақырыбының өзектілігі және пайдаланылған деректер мен әдебиетке шолу жасалады.

1-тарауда АҚШ-тағы «мемлекеттік қайырымдылық» ішкі саясатының жүргізілуіне, орнығуына, оның экономикаға тигізген әсеріне, әлеуметтік реформаларға тоқталдық.

2-тарауда АҚШ-тың екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикасының жеке салаларының дамуына көңіл бөлдік. Онда банк жүйесі, салық саясаты, мемлекеттік бюджет, ауыл шаруашылығы, көмір, мұнай өндіру, мемлекеттік меншік, сауда, финанс жүйесі, өнеркәсіптерге сипаттама берілді.

Қорытындыда АҚШ экономикасын гүлденуге әкелген факторлар жинақталып, қорытыланды.

Соңында жұмысты жазуда пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1-тарау. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың ішкі саясаты және оның мәні

1. 1. «Мемлекеттік қайырымдылық» саясаты және оның мәні

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Америка Құрама Штаттарының жағдайы басқа ұлы державаларға қарағанда әлдеқайда жақсы еді. Олардың өнеркәсіп потенциалдары екі есе өсті. Барлық 30-шы жылдардағы қоғамдық тұрмыстың дамымай қалған зардаптары жойылды.

«Елде қуатты әскери потенциал құрылған еді. АҚШ-ты антигитлерлік коолицияның арсеналы деп санады. 1945 жылы қарулы күштерде АҚШ-та он екі миллион адам болды. АҚШ теңіз флоты, бірінші класты авиация, мықты құрылымдағы әскери және бірден-бір ядролық қару бар жалғыз мемлекет еді».

АҚШ-тың соғыстан кейінгі жағдайы, экономикасы көтеріле бастады. Осы кезде 1945 жылы 12 сәуірде АҚШ-тың президенті болып тұрған Франклин Рузвельт қайтыс болды. Ол он екі жылға басқарып, саяси сахнада халықаралық тұрғыда беделі зор болды. Енді барлық мәселелерді шешу вице-президент Гарри Трумэнге өтті. Ол халықаралық жағдайда, ел басқаруда тәжірибесі өте аз еді /14/.

Гарри Трумэн бұл жағдайда соғыстан кейінгі Американың ішкі саяси стратегиясын жасауға кірісті.

Трумэн әкімшілігі өнеркәсіп конверсиясын жүзеге асырды. Конверсия-экономиканы әскери өндірістен бейбіт өндіріске көшіру. Яғни, әскери емес өнімдер шығаруға ауыстыру. Әлеуметтік күйзелістен құтылу үшін үкімет «жауынгер құқығы туралы билль» деп аталатын заң қабылдады. Онда білім алуға, тұрғын үй салу үшін кредит (несие) алуға және аз бизнестерін ашуға көптеген жеңілдіктер жасады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ ең жоғарғы держава болды. Гарри Тумэн өз саясатын жүргізе отырып, Ф. Рузвельттің «жаңа бағыты» реформасын да жалғастырды.

1946 жылы үкімет «жұмыспен қамту» туралы заң қабылдады. 1948 жылы президент Трумэн ең төменгі жалақыны көбейту туралы мәселені шешіп берді. Ол әлеуметтік қаматамасыз ету жүйесін күшейтуге және арзан бағада тұрғын үй салу бағдарламасын қабылдауға кірісті. «Мемлекет қайырымдылық» саясаты дегеніміз - нарықтық экономиканы сақтай отырып, өздерінің азаматтарына белгілі деңгейде әлеуметтік қамтамасыз етуге және тұрмыс халін жақсартуға кепіл беретін демократиялық саяси бағдарлама. Мұндай мемлекеттік идея өзіне ұзақ уақытқа жол ашты.

Ал ХІХ - ғасырда әркім өзін-өзі қамтамасыз ету керек болған, ал егер ең қиын жағдай туып, көмек керек болатын болса ғана, мемлекет қарамағына емес, жәрдем беруге арналған ұйымдардың қарамағына өзін тапсыратын болған. Ал енді азаматтардың әлеуметтік қорғану-бұл олардың құқығы сондықтан мемлекет оны қорғау керек деген көзқарас таралды.

“Қайырымдылық мемлекет» саясаты 40-50 ж. орнай бастады. Мұнда негізгі рөлді (жаңа демократиялық толқын) алды. Демократиялық күштердің екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең басты талаптарының бірі-әлеуметтік реформалар болды.

«Қайырымдылық мемлекетінің қалыптасуы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық жағдайға өте қолайлы болды. Мұнда әлеуметтік бағдарламалар үлкен шығынды талап етеді. Қарқынды экономикалық өсу оларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. АҚШ-тың динамикалық дамуына

себеп болған, сөзсіз әсер еткен « Маршал жоспары» болды.

«АҚШ 1951 жылға дейін Батыс Еуропа мемлекеттеріне 13 млрд. доллар пайдалануға берді. Ол өнеркәсіпті жабдықтауды сатып алу негізінде жүру үшін» /15/.

Экономикалық өсуде басты жағдай рынокты кеңейту болды. Ішкі рынок «қайырымдылық мемлекетінің» құрылу әсерін сынады. Тұтынушылық шығын мен сәйкес халықтық кіріс өсті. Кірістің өсуі өкіметке қарай тұтынудың құрылымы өзгере бастады.

Американың соғыстан кейінгі экономикалық дамуының ерекшелігі қарқынды халықаралық сауда болды. Дамудың бағыты дүниежүзілік сауданы либерализациялауға бағыттады.

Ал бұл кезде Батыс Европада экономикалық интеграция басталған еді. Интеграция - мемлекетаралық экономикалық одақтардың құрылуы. Яғни, ішкі сауда экономиканың дамуына ынталандыру болып табылады (стимул) /16/. Барлық экономиканық өсуға қажетті жағдай қаражатын жұмсау инвестициясы болып табылады. Инвестиция - капиталистік елдерде өнеркәсіпке, ауылшаруашылығына, басқа кәсіпорындарына пайда, немесе әртүрлі табыс табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсалды.

“Қырғи-қабақ” соғысы әскери өнеркәсіптің өсуіне жағдай жасады. Экономикалық өсуді қолдау өкіметтің саясаты еді. Олар белсенді көмектесіп, инвестицияны қолдау арқылы тұтынушылыққа сұраныстарды көбейтті.

Осы реформалар нәтижесінде “Қайырымдылық мемлекеті” пайда болды. “Мемлекеттік қайырымдылық” саясаты 40-50 жылдары құрылса, 60-шы жылдары гүлденді.

“Мемлкеттік қайырымдылықтың” ең қажетті құрама бөлігі еңбекші қатынастардағы мемлекеттік реттеу болып табылады. Бәсекелестерін қамтамассыз ететін, құқықтық шеңберде кәсіподақ пен кәсіпкер әрекеттестігі орнатылды.

Еңбек туралы заң шығарушы жолдаманы жұмысшыларғы “Жұмысты қамтуға” кепілдік берді.

1950 жылы еңбек жалақысы 2 есе көбейді. АҚШ-та 1953 жылы еңбек жалақысы 20 пайызға көтерілді /17/.

Соғыстан кейін еңбек қатынастары өткірленді. Соғысу уақытында ереуілдерге тыйым салынды. Кәсіпорындар, кәсіподақтар өздерінің ең жоғарғы шектегі мақсаттарына жетті. Оларға қатты әсер беріп, кәсіподақ құрамына 15 млн. адам жиналды “Вагнер” заңына қарсы күресте бұл кәсіподақтар артықшылығын көрсетті. Теміржолшылар, шахтерлер, құрылысшылар, ереуілдері айтарлықтай экономикалық зардап әкелді.

“1947 жылы жаңа еңбек қатынасы туралы Заң қабылдады. Ол Тафта-Хорти заңы еді” /18/. Онда коллективтік қорғануға және ереуілге шығу жұмысшы құқығын сақтап қалды. Жаңа заң ереуілдің кейбір түрлеріне (ынтымақтық, ұйымдық) тыйым салды. Ал бұдан соң ең қиын еңбек қақтығысы орбитраж мәжбүрлік жүйесін енгізді. Орбитраж екі жақтың дамуын қарауға арнаулы уәкілдік алған қазы. Мемлекет қызметкерлеріне ереуілге шығуша тыйым салды.

“1945 жылдың соңына дейін әскери өнеркәсіптен 9 млн жұмысшылар босатылды” /19/. Порттарда күн сайын демобилизацияланған жауынгерлердің саны көбейе түсті. Ал әскер саны қысқара берді.

“1945 жылы - 8, 2 млн. болса, 1946 жылы - 1, 8 млн-ға дейін қысқарды”.

Ардагерлерді қамтамассыз етуге заң шығарылғаны туралы біз айтып кеттік. Ол “Жауынгерлер құқығы туралы билль” деп айттық.

“Онда алғашқы аптасына 20 доллар мөлшерде жәрдем ақымен қамтамасыз етілді. Тағы да оларға кепілі бар кредит екі-төрт мың доллар көлемінде үй алуға және аз ғана іске қажетіне бөлінген еді. Әскери қызмет тәуелділігінен босатылғандарға, яғни жеңілдік беру мүмкіндіктерін туғызды. Олар: жоғарғы оқу орындарында білім алу. Мемлекеттік міндет бойынша, төлем процентін жылына 5 млрд. долларға көтерді”.

Ал енді 1945 жылы “Экономикалық заң туралы билль” атты Заң қабылданды. Бұл екінші қабылданған “Билль” еді. Бұл заңды қабылдау “Болашақта гүлденуге - бәріне жаңа, сынымді негіз болуы мүмкін” - деп атаған Рузвельт. Бұл заңдардың мазмұны мынадай:

  1. Барлық ұлттарға қажетті қоғамға пайдалы және ақы төленетін өнеркәсіпте, мекемелерде, фермаларда, шахталарда жұмыс істеу құқығы.
  2. Әрбір фермерге өз еңбегінің жемісін өсіріп оны өз бағасына сату, өзін және жанұясын лайықты тіршілік етуше қажетті заттармен қамтамасыз ету құқығы.
  3. Әрбір ұсақ және ірі бизнесмендер, сауданы бәсекелестік арам ниетпен емес ерікті атмосферады болып, үсткемдік етуші - монополияны елдің ішінде және шетелде жүргізу құқығы.
  4. Әрбір жанұяға берік тұрақты үй алу құқығы.
  5. Әрбір адам қажетті медициналық көмек алу және өзінің денсаулығын күту, сақтау құқығы.
  6. Қажетті қамқорлық беру: кәрілікке, ауруға, қолайсыз жағдайларға және жұмыссыздардың жағдайына байланысты қамтамасыз ету құқығы.
  7. Бәріне бірдей білім алу құқығы енгізіледі.

“Жұмыспен қамту” туралы заңда, жұмыспен қамтуды жоғары деңгейге ұмтылып жетуге, өндірістік мүмкіншіліктермен жұмысқа деген ынтасы бар қабілеті барлардың жағдайына өз бетінше қызмет ету мүмкіндігін туғызу.

Екінші мақсаты: ірі капиталдың талаптану нәтижесінде, ең басты себеп - бағаның өсуі хабарланғандықтан, еңбек жалақысын көтеруге жол бермеу. Инфляциямен күресті ассоциоциялау еңбек жалақысын көтеруге қарсы күрес тәрізді болды. Ал бұл мақсат анықталмай қалды. Ассоциоциялау - ойға байланыстыру. Инфляция - айналымдағы қағаз ақшаны шамадан тыс көбейіп кетіп құнсыздануы.

Өкімет бұрынғы қиыншылықтарды жою үшін, бұл мақсаттан елді болу үшін тез арада барлық шараларды қолдануға кірісті. Ал экономикалық өсуіне жағдай жасауға экономикалық циклді бағыттады. Цикл- түгел орындалу нәтижесінде дайын өнім шығатын жұмыс айналымы. Тұрақтылық пен өсім, тезірек әлеуметтік мақсат-өнімге айналуы тиіс болды. Тым биік . кірістердің ізіне түскенше, тез арада қабылдайтын шаралардың түрлері мынадай.

  1. Жұмыс пен кіріс. Мұнда жұмыс іздегендерге өнеркәсіп кәсіпорорындарындағы жеке бөлімдердегі адамдардың жағдайы қолайсыз болса, яғни барлық жұмыс іздегендерге қоғамдық - пайдалы, ақы төленетін жұмыспен қамтамасыз ету-өкіметтің алдын -ала қарастырған мәселесі еді. Кең таралған әртүрлі көзқарастар да бар. “Әлі де болса әлеуметтік мұқтаждықты толық қанағаттандырмады. Мысалы: тұрғын үй салу құрылысында, комуналдық (үй жай) қызметтерде, денсаулық сақтау орындарында, Білім беру істерінде, ортаны қорғау күзеттерінде мәдени қамқорлықта демалу ұйымдарында” /20/.

Ұстанған жоғарғы ұлттық қор көлемін пайдалануды нақты қанағаттандыру. Осы қажеттілікті талап етуін куәландырады. Олар өндіріс тұтынуды тудырады.

  1. Национализациялау - мемлекет мүлкіне айналдыру. Экономикада мемлекет мүлігін жою үшін национализациялау жүргізу қажет болды. Онда негізгі өндірістік шаруашылықтың бірліктері мемлекет қолына беріледі. Бұл қажетті даму қайта - құру өмірінде өткізуге, негізгі мағына білдіруге тиісті.

“Жекеменшік кәсіпорындар толық жабылған немесе өндіріс қуаттылығы, жұмысы төмен болса, бірінші кезекте национализациялау объектісі болып табылады” /21/.

Тез арада көліктерді национализациялау керек болды. Себебі, бұл кезде көліктер жеке меншік қолында болған еді. Олардың қызметтерінің нашарлауына байланысты көмектесу үшін керек. Қалада адам таситын көліктер жойылып, ол жол жүру оқысы өте жоғары бағаға өскен. Қалааралық адам таситын көлік елде жоқ болып шықты. АҚШ темір жол жағынан басқа елдерге қарағанда артта қала бастады. Осы жағдайға байланысты көліктердің барлық түрлерін біріңғай мемлекеттік жүйеге, адамдарды және жүктерді тасуға біріктіру қажет болды. Ал жалақысын және сапасын кенет көтеруге тырысты.

Телефон байланыс жүйесін және басқа қызметті қоғамдандыру, бағаның жоғарлауына және оларға түсетін кірістерге де жол бермеу. Осы кезде қызметтерді, бизнесті бақылауға арнайы комиссия құрды.

Қоғамдық жүйенің пайда болуына байланысты, барлығына тегін медициналық көмек беру үшін формацевтикалық өнеркәсіпті, емханаға және медициналық өнеркәсіпке байланысы бар өндірістерді национализациялауға кірісті. Национализациялау бұдан соң, өнеркәсіптің бір саласы - тұрғын үй құрылысына келді.

Бұл 10 млн тұрғын үй салуға жалғыз жол еді және де американдықтарға үймен қамтамасыз ету- қажеттілікті талап ететін сұраныстың бірі.

Демократиялық национализация жүргізу керек болды, яғни халық қолында болуы тиіс /22/.

  1. Жұмыссыздық санын қысқарту. Жедел түрде жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шара қолдану керек болды. Негізгі жұмыссыздыққа қарсы күрес компоненті-жұмыс аптасының ұзақтылығын, мерзімінен тыс жұмысты жоюға күрес болды. Бұл сөзсіз қосымша миллиондаған жұмыс орнын құруға мүмкіндік туғызды. Ақырғы жылдыры жұмысшылар жұмыссыздыққа және сақтандыруға әйгілі талап қоя бастады. Сақтандырудың бұл түрімен барлық жұмыссыздарды қамтуы тиіс болды. Қауіпсіздендіріудің жекелеген жүйесі барлық сипатта болған. Ол бірыңғай федералды жүйеге ауысуға тиісті.

Ал, әлеуметтік төлеуді қаржыландыруды-мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асыру. Национализация, ұйымдарды қорғау-адамдар құқығы, әлеуметтік сақтандыру жәрдемақы алатындарға, жанұяға ең төменгі кіріс туралы келетіндей етіп орнатты. (жылына 6, 5 мың доллор) . Әрине ең төменгі жұмыс ақысы жұмыстардың барлық түрлеріне өнеркәсіптік.

  1. Әлеуметтік өзгеріс және жұмысшылар жағдайын жақсартуға жағдай жасау. Жоғарыда денсаулық сақтауды национализациялау туралы айттық. Онда барлық ортақ және тегін көмек көрсетуді бәрі-мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру, бірінші кезектегі тапсырма ортақ комплексте өтетін шараға айналуы тиіс.

Ұлттық тұрғын үй құрылысы туралы ұсыныстарды жыл сайын пәтер алаңының көлемін ұлғайтуды қарастырады, бірақ ол да мемлекетке қарайтын.

“Үйге төленетін ақының ең төмен мөлшері кірістің 10%-нен шамадан тыс асып кетуі тиіс” /23/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚШ-тың әлемнің ең қуатты еліне айналуы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапония экономикасының “Ғажайып дамуы”
Жапония экономикасының қазіргі жағдайы
Жапония экономикасының қазіргі жағдайын талдау
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
1945-1980 ж.ж. Жапонияның экономикалық дамуы
ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жапония экономикасы
Италия экономикасының құрылымы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі бенилюкс елдерінің жағдайы
Жапон өнеркәсібі және экономикалық перспективасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz