Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктегі қиыншылықтар мен одан шығу жолдары



Кіріспе
І Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен ерекшеліктері
ІІ Шағын кәсіпкерліктің даму қиыншылықтары
ІІІ Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен даму деңгейі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің мәнін түсінуге, кәсіпкерлік процесті қалыптастыратын факторлар мен жағдайларға, олар атқаратын функцияларға, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қоршаған ортаның әсеріне, әр түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларға және тағы басқаларға қатысты басылымдардың көп болуына қарамастан зерттелетін проблемалар шеңбері азаймай, керісінше ұлғая түсуде. Және бұл заңдылық. Қазіргі таңда шағын кәсіпкерліктің өткен жолы өте қысқа және ол барлық және қайтадан пайда болған проблемаларды шеше алмайды. Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің болашағы бар ма, ел экономикасында маңызды ролді атқарады ма, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандырады ма, кәсіпкерлік процесті қандай негізгі факторлар қалыптастырады және біздің қоғамымыздың берілген кезеңінде оның динамикалық қозғалысын қандай проблемалар ұстап тұр – мұның бәрі зерттеу объектісі. Ал шағын кәсіпкерлік аймағында орындалған зерттеулер іс жүзінде шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында зерттеудің, таратудың және енгізудің тек алғашқы сатысында тұр. Соның ішінде кәсіпкерлік қызметтің және ынтаның даму деңгейін бағалау жөніндегі мәселе аз зерттелген, ол Республика аймақтарында экономиканың бұл сферасының даму нәтижелерін салыстыруға, жеке алынған аймақта шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын бақылауға, әкімдер жұмысы туралы айтуға, табиғи, материалдық және еңбек ресурстарын пайдалануды сипаттауға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстың мақсаты проблемаларды зерттеу және шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін кешенді бағалаудың кешенді жүйесін дайындау. Аталған мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер қойылған:
• Кәсіпкерліктің теориялық негіздерін зерттеу;
• Шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік және отандық тәжірибесін қорыту;
• Шағын кәсіпкерліктің даму проблемаларын анықтау;
• Аймақтарда кәсіпкерлік қызметті және ынтаны бағалаудың кешенді жүйесін негіздеу мен дайындау. Ол кәсіпкерліктің осы формасын қолдаудың қабылданған мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларының тиімділігін бағалауды және аймақтарда шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалауды қарастырады;
• Кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы ортасын дамытуға бюджеттік қаржыларды үлестіруде бағдарлама шараларын орындау дәрежесі мен өңірдегі шағын кәсіпкерліктің даму деңгейі арасындағы өзара байланыс матрицасын құру.
Зерттеу тақырыбы қазіргі кезеңде экономиканың осы сферасының қызметіне байланысты пайда болған проблемалар және қазіргі деңгейде шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін кешенді бағалау болып табылады.Зерттеу нысаны ретінде шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілері алынған.
1. Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы №450 Қаулысы. Шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен дамуын талдау //http://www.government.kz/kz/text.postan.down.
2. Николас К.Сирополис. Управление малым бизнесом. Руководство для предпринимателей. Перевод с англ.
3. С. Ташенова, Г.Ким. О проблемах кредитования малого предпринимательства // Саясат- №8, 2004г.
4. Назарбаев Н.Ә. Кәсіпкерлік – кемел келешек кепілдігі //Егеменді Қазақстан – 2005.-26 наурыз.
5. Горфинкель А.М. Курс предпринимательства.
6. Пол Хокен «Кәсіпкер болу оңай ма?»

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктегі
қиыншылықтар мен одан шығу жолдары

Орындаған:

Тексерген:

Алматы, 2006 ж.
ЖОСПАР

Кіріспе

І Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен ерекшеліктері

ІІ Шағын кәсіпкерліктің даму қиыншылықтары

ІІІ Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы мен
даму деңгейі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазіргі кезде шағын кәсіпкерліктің мәнін түсінуге, кәсіпкерлік процесті
қалыптастыратын факторлар мен жағдайларға, олар атқаратын функцияларға,
шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне қоршаған ортаның әсеріне, әр
түрлі ұйымдастыру-құқықтық формаларға және тағы басқаларға қатысты
басылымдардың көп болуына қарамастан зерттелетін проблемалар шеңбері
азаймай, керісінше ұлғая түсуде. Және бұл заңдылық. Қазіргі таңда шағын
кәсіпкерліктің өткен жолы өте қысқа және ол барлық және қайтадан пайда
болған проблемаларды шеше алмайды. Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің
болашағы бар ма, ел экономикасында маңызды ролді атқарады ма, елдегі
әлеуметтік жағдайды тұрақтандырады ма, кәсіпкерлік процесті қандай негізгі
факторлар қалыптастырады және біздің қоғамымыздың берілген кезеңінде оның
динамикалық қозғалысын қандай проблемалар ұстап тұр – мұның бәрі зерттеу
объектісі. Ал шағын кәсіпкерлік аймағында орындалған зерттеулер іс жүзінде
шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында зерттеудің, таратудың және
енгізудің тек алғашқы сатысында тұр. Соның ішінде кәсіпкерлік қызметтің
және ынтаның даму деңгейін бағалау жөніндегі мәселе аз зерттелген, ол
Республика аймақтарында экономиканың бұл сферасының даму нәтижелерін
салыстыруға, жеке алынған аймақта шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын
бақылауға, әкімдер жұмысы туралы айтуға, табиғи, материалдық және еңбек
ресурстарын пайдалануды сипаттауға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстың мақсаты проблемаларды зерттеу және шағын кәсіпкерліктің
даму деңгейін кешенді бағалаудың кешенді жүйесін дайындау. Аталған мақсатқа
жету үшін жұмыста келесі міндеттер қойылған:
• Кәсіпкерліктің теориялық негіздерін зерттеу;
• Шағын кәсіпкерліктің қызмет етуінің шетелдік және отандық тәжірибесін
қорыту;
• Шағын кәсіпкерліктің даму проблемаларын анықтау;
• Аймақтарда кәсіпкерлік қызметті және ынтаны бағалаудың кешенді жүйесін
негіздеу мен дайындау. Ол кәсіпкерліктің осы формасын қолдаудың
қабылданған мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларының тиімділігін
бағалауды және аймақтарда шағын кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалауды
қарастырады;
• Кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы ортасын дамытуға бюджеттік қаржыларды
үлестіруде бағдарлама шараларын орындау дәрежесі мен өңірдегі шағын
кәсіпкерліктің даму деңгейі арасындағы өзара байланыс матрицасын құру.
Зерттеу тақырыбы қазіргі кезеңде экономиканың осы сферасының
қызметіне байланысты пайда болған проблемалар және қазіргі деңгейде шағын
кәсіпкерліктің даму деңгейін кешенді бағалау болып табылады.Зерттеу нысаны
ретінде шағын кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізуші субъектілері алынған.
Орындалған жұмыстың ғылыми жаңашылдығы шағын кәсіпкерліктің
проблемалары мен даму деңгейін кешенді бағалауды арнайы зерттеу
талпынысынан тұрады.

І Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен ерекшеліктері

Кәсіпкерлік – бұл табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын
қозғалысқа келтіретін және толық белгісіздіктің белгілі үлесімен жанасатын,
шаруашылық жүргізуші субъектілердің ынталы, инновациялық қызметіне
негізделген өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі. Ал кәсіпкер
– бұл табысты алу мақсатымен қауіп және белгісіздік жағдайларында жұмыс
істейтін, өндірістік-шаруашылық қызметтің барлық аймақтарындағы
жаңалықтарға бейімді, жігерлі, білімдер мен ақпараттың белгілі деңгейіне ие
адам. өз кезегінде кәсіпкерлік табыс – бұл кәсіпкердің пайдасы (таза
табысы) және үстеме пайдасы.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлікті жандандыру процесі экономикалық және
инвестициялық дағдарыстармен; білікті мамандардың жоқтығымен; нормативті-
құқықтық базаның жетілдірілмеуімен, коррупциямен, тікелей шаруашылық-
коммерциялық қызметпен, тұрақты қауіппен; капиталдың тапшылығымен;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің моралды және табиғи тозған материалдық
базасымен байланысты қиын жағдайларда өтуде. Осыған қарамастан Республикада
шағын кәсіпкерлік қызметтің алғашқы жемістері бар, бірақ оның көпшілігі
сауда мен делдалдық қызметтерде.
Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық. Ал
шағын кәсіпкерлік құрылымдарына кіруге мүмкіндік жоқ деген пікір бар.Басты
дәлел шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен бәсекелес бола
алмауы. Шын мәнінде, шағын бизнес бірнеше себептерге байланысты ірі
компаниялармен сәтті бәсекелес бола алады. Мысалға, ірі компаниялардың
стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл уақыт керек, ал оған жаңа стратегия енгізу
үшін 10 жыл қажет. Ал шағын фирмалар үшін бұл уақыт жрты жылдан бір жылға
дейін уақытты алуы мүмкін. Шағын бизнесті сипаттаудың көптеген критерийлері
бар. Олар: өндірістің көлемі, жұмысшылардың саны, негізгі өндіріс
құралдарының актив бөлігінің өлшемі, басқару әдісі және кіріс
мөлшері.осылардың ішіндегі көп тараған бірі жұмыс істеушілердің саны.
Кейбіреулер жұмысшылар санының 100-ге, 50-ден 1000-ға дейін немесе 100-
ден 1500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп те
санап жүр. Германияда ереже бойынша жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден
500-ге дейін жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады.
Қазіргі кезде Қазақстанда қабылданған заңдарға сәйкес, шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің орта жылдық жұмыскерлер саны 50-ден және жылдық
активтердің жалпы құны 60 еселік есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғаларды жатқызады.
Нарықтық қатынастарды енгізуші ТМД республикаларының біразында, соның
ішінде Қазақстанда, шағын кәсіпкерлік кеңінен тарады, өйткені шағын
бизнессіз нарықтық экономика не қызмет ете алмайды, не дамымайды. Нарықтың
әр түрлі аймақтарын жеңіп алу және көптеген елдердегі шағын кәсіпкерліктің
әлемдік нарықта өркендеуі, экономиканың осы сферасының шаруашылық
жүргізуші субъектілерін мақсатты түрде мемлекеттік қолдау, ғалым
зерттеушілерді оның негізгі сипаттамаларын негіздеуде, ұлттық экономикадағы
ролі мен орнын анықтауда қызығушылығын тудырмай қоймады.
Шағын кәсіпкерлік – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық
экономикалық жауапкершілігіне, ынталы, инновациялық қызметіне негізделген,
қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және
белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен
өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің
өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін-өзі
ұйымдастыру және өзін-өзі жаңарту процесі.
Менің ойымша, берілген анықтама шағын кәсіпкерлік процесін толық
көлемде сипаттайды, оның мәнін инновация ретінде анықтайды, кәсіпкерлер
қызметінде қауіп және белгісіздік элементтерінің болатындығын білдіреді;
кәсіпкерлік процесс өндірістің барлық факторларының өзара әрекеттесуі
арқасында мүмкін болатындығын көрсетеді, өндіріс пен басқару процесінде
меншік иесінің ролін анықтайды және ең бастысы кәсіпкерлік қызмет
ынталандырушысы алынатын табыс екендігін айтады.

ІІ Шағын кәсіпкерліктің даму қиыншылықтары

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санының тұрақты өсуі және
онда жұмысшылар санының артуына қарамастан, шағын бизнес секторы мемлекет
экономикасының мәселелерін шешудегі үлесі айтарлықтай көп емес. Ол осы
экономика секторының проблемаларымен түсіндіріледі. Яғни еліміздегі шағын
кәсіпкерліктің дамуына кедергі ретінде мынадай проблемалар жиынтығын айтуға
болады:
1. Салық саясатының жетілмеуі, нормативті-құқықтық актілердің жиі
өзгеруі, салықтар мен алымдардың жоғарғы өлшемі;
2. Бизнесті жандандыруға несие алудағы қиындықтар, яғни кепілдемелік
қамтылу мәселесі, жоғарғы ссудалық капитал және несиенің қысқа
мерзімділігі;
3. Өнімді өткізу мәселелері, яғни нарықтағы арзан сапасыз импорттық
өнімдердің болуы, өнімнің жоғарғы бағасы және серіктердің
сенімсіздігі;
4. Мемлекеттік органдардың бизнестің ішкі ортасына араласуы мен бақылауы,
яғни бюрократизм, өкілеттіктің артуы және мәжбүрлеу.
Осы проблемалардың ең бастыларының бірі несиелік ресурстарды алудың
қиындығы. Кәсіпкерлер республиканың банк жүйесінен шағын кәсіпкерлікті
дамыту қорынан, еуропалық қайта құру банк ісінің ашық несиелік жүйесінен,
екінші деңгейлі банктерден, достар мен туыстардың және шағын кәсіпкерлікті
қолдайтын басқа да қаржы көздерінен ала алады. Бірақ шағын кәсіпкерлікті
қолдау көздері анықталғанмен, оны қолдану және инвестициялау механизмін
жетілдіру қажет.
Бұл тұрғыда несие алу кезінде, кәсіпкерлер алдында мынадай кедергілер
кездеседі:
• Жоғарғы пайыз мөлшерлемесі
• Несиені қайтарудың қысқа мерзімділігі
• Несие алудағы құжаттар санының көптігі
• Кепілдікпен қамтамасыз ету мәселелері
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы негізгі мәселелердің бірі – бұл салық
саясатының жетілмеуі болып табылады. Бұл мәселеге заңдылық нормативті
актілердің жиі өзгеруі, салық салу қойылымдарының жоғары болуы, салық
түрлерінің көпжақтылығы және салықтар мен төлемдерді жинаудың күрделі
жүйесін жатқызуға болады. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметтің салықтық
реттелуінде салық туралы заңдар жүйесінің көп өзгертіліп отыруы негізгі
мәселе болып табылады.
Салық жүйесін белгілейтін негізгі заң 1995 жылы енгізілгеннен кейін,
оған толықтырулар мен енгізулер көп болған. Сондықтан бұл мәселе
кісәпкерлер үшін салық заңдарының шығарылуына сай тұрақсыздық туғызады.
Қазақстанда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызудың негізгі бағалау
өлшемі шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметі түрлерінің, ұйымдастыру-
құқықтық формалары тұрғысынан нақтылауды талап ететін, экономиканың осы
сферасындағы жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің саны болып табылады.
Шағын кәсіпкерліктің келесі проблемалары, оның дамуына кедергі болатын
бірқатар факторлармен қамтылған, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қызметімен байланысты. Бұл факторлар кәсіпкерлердің республикалық және
облыстық форумдарында, Республика Президентімен кездесулерде бірнеше рет
айтылды. Жалпы Республика. Жеке алынған аймақтар және облыстар бойынша
шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын себептерді анықтауда көптеген
зерттеулер жүргізілген болатын. Шағын кәсіпкерліктің дамуының
мониторингтері шағын бизнесті дамыту Департаментімен, ҚР табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі Агенттігімен, Экономикалық зерттеулер институты РМК, жеке
алынған статоргандармен облыс орталықтарында жүргізілді.
Мысалға айтқанда, ҚР Президенті жанындағы қоғамдық ойды зерттеудің
Республикалық орталық Панорамасының қызметкерлерімен жүргізілген,
эксперттік сұрастыру мәліметтері бойынша мемлекеттің ролінің шағын және
орташа кәсіпкерліктің өркендеуі үкіметтің барлық ынталандырушы шаралары
іске қосылғаннан кейін басталады. Мұндай тұжырымды сұралғандардың 66%
мәлімдеді. Халықтың орташа және шағын кәсіпкерлікпен айналысу шешімдерін
қабылдауының негізгі себептері:
1) материалдық пайда – 42,0%;
2) қолайлы жұмысты табу мүмкіндігінің жоқтығы – 38,0%;
3) өз ойларын, жоспарларын жүзеге асыру – сұралғандардың 16%.
Сонымен қатар, сұралған сарапшылар шағын және орташа кәсіпкерліктің
қалыптасуына тек екі фактор әсер етеді деп санайды. Оларға халықтың білім
деңгейі мен еңбек нарығындағы жағдайды жатқызды.қалған факторлар шағын және
орташа кәсіпкерліктің дамуына кедергі болады.
Сұрастыру көрсеткендей, шағын және роташа кәсіпкерліктің дамуына кедергі
болатын басты себептердің бірі – коррупция (сұралғандардың 72%), шамадан
тыс салықтар (68%), бақылаушы органдардың көп саны (56%), несиелердің
жетіспеушілігі (52%), және олардың жоғарғы пайыздық ставкасы (50%) болып
табылады. Республикада коррупция туралы заңның қабылдануына қарамастан,
оның әсері белсенді түрде кәсіпкерлерге таралған жоқ, яғни ол барлық
рангтердегі чиновниктердің басымшылығына елеулі әсер етпейді.
Бүгінгі күнге дейін еліміздегі банк жүйесі шағын және орташа
кәсіпкерліктің дамуына үлкен кедергі келтіруде. Біріншіден, банктер
тарапынан негізінен қызмет етуші шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу
жүзеге асырылуда, онымен қоса несие уақыт бойынша азғантай мерзімге
беріледі, екіншіден, несиелер үлкен пайыздармен беріледі, үшіншіден,
мүліктік кепілдікпен байланысты проблемалар, әсіресе ауылды жерлерде орын
алған.
Сонымен қатар, сарапшылардың айтуынша, қызметтің алғашқы мезгілінде
салық жеңілдіктерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдірудің бағыттарын анықтау
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау
Кәсіпкерліктің экономикадағы орны
Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру
ҚР-ның ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІГІ ЖӘНЕ ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ
Пәндер