Кәсіпкерлік шарттар


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3

  1. Кәсіпкерлік шарттардың түсінігі 4
  2. Кәсіпкерлік шарттардың түрлері 7

Қорытынды 13

Пайдаланылған әдебиеттер 14

Кіріспе

Кәсіпкерлік шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Кәсіпкерлік шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (АК-ның 378-бабының 1-тармағы) .

Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіпкерлік шарттар институты, өте жақсы қарқынмен дами бастады.

Оған себеп болған басты жағдай әрине 1994 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің қабылдануы болатын.

Менің өзіндік жұмысымның негізгі мақсаты - ол кәсіпкерлік шарттардың түсінігін, түрлерін теориялық және құқықтық аспектілеріне байланысты мәселелерді жан-жақты қарастырып оған талдау жасау арқылы оның маңызды мән-жайларын ашып көрсету.

  1. Кәсіпкерлік шарттардың түсінігі

Кәсіпкерлік шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Кәсіпкерлік шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.

Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық катынастың нысаны ретінде қарастырады 1 .

Сонымен, "Шарт" термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат.

Шарт - құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады.

148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т. б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.

Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады,

себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде - сол құкыққа икемделген міндет (борышкер) болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады (АК-ның 228-бабы) .

Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес (АК-ның 228-бабы) .

1 ДернбургТ. Пандекты. Обязательственное право. М., 1990, 18-бет

Көп жақты шарттарға, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс 2 .

Шарт туралы мұндай көзкарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде төртіптелген.

Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтың құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: "шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады". Сонымен бірге, "мәміле" ұғымы "шартқа" қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін 3 .

Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін" (379-баптың, 1-тармағы) деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.

Сонымен, шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.

Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт еркіндігі болып табылады (АК-тің 2-бабының 1-тармағы) .

Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда: 1) шартты жасау не жасамау; 2) шарт бойынша серікті жақты таңдау; 3) шарттың түрін таңдау; 4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.

Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының 2-тармағы) 3 .

Азаматтық-құқықтық шартты, міндеттемелік құқық қатынас-тарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар.

2 Сүлейменов М. К. 32 тарау. Азаматтық құқық. 1 том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық

Алматы, 2003. 712 бет.

3 Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: Жоғары оқу орындарына арналған
акад. курс. I -том. Алматы «Жеті жарғы», 2001. 303-304 бет.

Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортак меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда) .

Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында), өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т. б. туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.

Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды (41-бап) .

Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже қолданылады (268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да көрсетілген кейбір түрлері жайындағы ережеде (379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген.

379-баптың 2-тармағы міндеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдық фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты аудару туралы кейбір ережелер (339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде (лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Шарттардың осы түрлері туралы нормалар қолданылады.

АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа) туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа) құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгедей туындамаса, АК-ның 22-тарауының баптары (Шарт үғымы және оның ережелері) қолданылады.

Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай шартының мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен және бұзумен байланысты көптеген ерекшеліктер туындайды, олар АК-ның 2 және 12-тарауларында немесе шартта АК-ның 22-тарауына қарағанда басқаша шешіледі.

АК-ның 379-бабы заттық, авторлык. немесе шарттан туындайтын өзгедей құқықтық катынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы мәселені шешпейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады. Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы) .

Шарттың еркіндігі туралы айта кету керек. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе ез еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді (АК-ның 380-бабының 1-тармағы) .

Шарт еркіндігі туралы норма 8-баптың азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.

Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқығымен үйлестікте болады (10-бап) .

380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сәйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.

Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.

Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында жинақталған (АК-ның 399-бабы) .

Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап) .

Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңның 23-бабында бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.

Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады (АК-ның 390-бабы) .

306-баптың 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.

Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз.

2. Кәсіпкерлік шарттардың түрлері

Кәсіпкерлік шарттарды түрлерге бөлу кезінде әр түрлі категориялар мен шарт бойынша тараптардың көздеген мақсаттарын енегізе алады.

Бір жақты және екіжақты шарттар. Біржақты шарт деп бір жақта тек құқық ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екіжақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу, шарттау, мердігерлік, тасылмалдау және т. б. ) . Мысалы, сатып алу-сату шартында сатушы сатылған затты сатып алушыға тапсыруы керек, бірақ одан ақша төлеуді талап етеді, ал, сатып алушы заттың құнын төлеуге міндетті, және затты өзіне беруді талап ете алады.

Сатып алу-сату шарты. Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байкалады. Ол өзінің алуан түрлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.

Сатып алу-сату шартының басқа шарттардан ажырататын белгілері бар.

Біріншіден, шарт күшіне енуі үшін тауардың сатушыға өтуі міндетті емес. Тараптардың арасында өзара келісімнің болғаны жеткілікті, себебі бұл шарт консенсуалды. Яғни, сатып алушы сатушыдан талап ету құқығын алады, ал сатушы осы тауарды сатып алушыға беруге міндеттенеді.

Екіншіден, сатып алу-сату шарты екі жақты міндеттемені тудырады. Бір тараптың құқықтары мен міндеттеріне екінші тараптың кұқықтары мен міндеттері қарсы тұрады. Бұл міндеттемелер өзара сипатқа ие және шарттың сол бір пәніне қатысты пайда болады. Бір жақ тауарды берсе, екіншісі бұл тауар үшін ақы төлеуге міндеттенеді. Тауарды беру мен оның құнын төлеу бір уақытта емес, уақыт аралығында жүзеге асады.

Үшіншіден, сатып алу-сату шарты қайтарымдылыққа ие. Мұндай қайтарымдылық ақшалай сипатта, яғни бұл шарт ақшалай міндеттемені тудырады.

Кеңес дәуірі қарсаңында азаматтық құқықтың даму кезіндегі сатып алу-сату шартының қодданылу аясы тек азаматтар арасындағы қатынастарға және азаматтар мен бөлшектеп сатып алу-сатудың сауда косіпорындары арасындағы қатынастарға арналды. Өндірілген тауар мен өнімді жүзеге асырумен байланысты «әлеуметтік» ұйымдар арасындағы қатынастар тауар жеткізілімі шарттарымен, контрактация және энергиямен жабдықтау шарттарымен реттелді. Ол кездері жоспарлы сипатқа ие болды және дербес шарттар ретінде танылды.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері, елімізде жекешелендіру процесі жүріп, азаматтар мен заңды тұлғалар емін-еркін өз мүліктерін, заттарын сатып, ала бастады. Сатып алу-сату шарты нарық экономикасында жиі қолданылатын шарттардың қатарына қосылды. Қазіргі уақытта, сатып алу-сату жөніндегі ережелер мүліктік құқықтарды сатып алу-сатуға да, интеллектуалдық меншік нәтижелеріне де, фирмалық атауларға да, тауарлық белгілер, жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды дараландыру құралдарына да, азаматтық құқықтар объектілерінің мәнінен немесе тиісті құқықтардың мазмұны мен сипатынан өзгеше шықпаса, қызметтер мен жұмыстарға да қолданыла береді.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің сатып алу-сату шарты жөніндегі жалпы ережелері сатып алу-сату шартының барлық түрлеріне таралады. Егер сатып алу-сату шарттарына қатысты арнайы ережелер болса, онда арнайы ережелер қолданылады.

Қандай да бір шарттың пәнін анықтау үшін тараптардың сол шартты орындау мақсатында жасайтын әрекеттерін анықтаған жөн. Сатып алу-сату шарты бойынша сатушы тауарды беруі қажет, ал сатушы тауар үшін белгілі бір соманы төлеуі керек. Бұл шарттың пәнінен, тараптардың жасайтын әрекеттерінен шығады.

Сатып алу-сату шартына сатып алушы жағына мүлікті меншікке беру шартқа сияқты көзқарас дәстүрлі болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3-ші тармағына сәйкес зат үшінші тұлға меншігіне берілу мүмкіншілігі жоққа шығарылмайды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: "Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жургізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті".

Мердігерлік шарт. Мердігерлік шартынан туындайтын құқықты

қатынастар жұмыс орындау бойынша міндеттемелерге жатады. Солардың көмегімен, белгілі бір тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нәтижесі тиісті ақшалай құндылыкқа айырбасталады.

Экономикалық тұрғыда мердігерлік бұл қызмет, оның нәтижесі заттай мінезде болып келеді (белгілі мүлік пайда болады) . Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелері болуы мүмкін бірақ бұл мердігерлік қатынастарының мәнісін жоққа шығармайды, себебі оларда қол жететін нәтижемен қатар белгілі қызметтің өзі де (оның барысы) маңызды болып келеді. Осы қызметті негізінен (жалпылама) онды (пайдалы) қызмет деп мінездеуге болады, сондықтан мердігерлік шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бірге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледі.

Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметі жалпы түрде реттеледі, өйткені ол тұлға мердігерлік шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық, сипатта болса, тұлғаның қызметінің нәтижесінде оны беру бойынша міндетті де қамтиды. Сондықтан мердігерлік шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетілген қызметті реттеу бойынша ережелерімен елеулі ерекшеленсе де, жасалған мүліктің өзі және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда мердігерлік шартының тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша сатып алу-сату шартымен ортақтығы болып келетінін тануымыз мүмкін. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердігерлік қатынастардың жақындығы жөнінде айтылады. Бірақ негізінен мердігерлік қатынастарды сатып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және міндеттері жүзеге асырылатын шарттардың мазмұнынан айқын көрінеді.

Мердігерлік шарты бойынша бір тарап (мердігер) екінші тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгілі бір жұмысты атқаруға және белгіленген мерзімде оның нәтижесін тапсырысшыға өткізуге

міндетті, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) міндетті.

Мүлік жалдау шарты. Мүлік жалдау қатынасы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 29-тарауында реттелген, мүлік жалдау туралы жалпы ережелер мазмұндалған. Мүлік жалдау қатынастарын реттеу, тек АК-пен шектеліп қоймайды, олар сондай-ақ басқа да заңды актілермен реттеледі. Азаматтық құқық нормаларының диспозитивтік мінезі мүлік жалдау шартына да қатысты өзінің көрінісін табады. Сондықтан нақты шарт қатысушыларына алғашқы нормаларды озгертуге, оларды өздерінің қажеттіліктерін барынша толық қамту үшін лайықтауға мүмкіншілік береді.

Сатып алу-сату шарты сияқты мүлікті жалдау шартында жалдау нысанасының, шарт орнауының ерекшелігіне сондай-ақ басқа факторлардың әсерінен оның бірнеше түр-түрі қалыптасады. Күшіндегі Азаматтық кодекс мүлік жалдаудың лизинг, кәсіпорынды жалдау, ғимарат және үйлер жалдау, көлік кұралын экипажымен жалдау, прокат, тұрғын үйді жалдау сияқты түр түрлерін қамтиды. Мүлік жалдаудың болуы мүмкін бөлек түрлері мұнымен шектелмейді.

Мүлік жалдау және аренда терминдері (түсініктері) тепе тең болып келеді, осыны қоғамдық катынастардың, аталмыш түрін реттейтін Азаматтық кодекстің 29-тарауының өзінен де байқауға болады.

Мүлік жалдау (аренда) шарты бойынша жалға беруші жалға алушыға мүлікті ақыға уақытша иеленуге және пайдалануға беруге міндеттенеді. (ҚР Азаматтық кодексінің 540-б. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік шарт түсінігі
Кәсіпкерлік саласындағы міндеттемелік-құқықтық қатынастар
«Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсініктері
Кәсіпкерлік шарттың белгілері мен қызметтері
Айналым қорлары
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Кәсіпкерлік құқық негіздері
Кәсіпкерлік құқық негіздері туралы
Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық
Кәсіпкерлік құқықтың тар және кең мағынадағы түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz