Қазақ - ағылшын прагматонимдерінің семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ / ағылшын прагматонимдерінің семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТ
:
РЕФЕРАТ:
:
:
РЕФЕРАТ: КІРІСПЕ
:
:
РЕФЕРАТ:
:
: 1
РЕФЕРАТ: Прагматоним ұғымы және түсініктемесі
:
:
РЕФЕРАТ:
:
: 1. 1
РЕФЕРАТ: Тауар белгісінің даму тарихы.
:
: 1. 2
РЕФЕРАТ: Тауар белгісі, сауда белгісі, фирмалық белгі және бренд ұғымдарының түсініктемесі
:
: 1. 3
РЕФЕРАТ: Прагматоним ұғымының классификациясы
:
: 1. 4
РЕФЕРАТ: Прагматонимдер мен жалқы есім разрядтарының байланысы
:
:
РЕФЕРАТ:
:
: 2
РЕФЕРАТ: Прагматонимдердің семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері
:
:
РЕФЕРАТ:
:
: 2. 1
РЕФЕРАТ: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі прагматонимдердің құрылымы
:
: 2. 1. 1
РЕФЕРАТ: Прагматонимдердің жасалуының лексикалық-семантикалық әдісі
:
: 2. 2
РЕФЕРАТ: Қазақ және ағылшын тілдеріндегі прагматонимдердің семантикасы
:
: 2. 3
РЕФЕРАТ: Қазақ және ағылшын прагматонимдерінің уәжділігі
:
:
РЕФЕРАТ:
:
:
РЕФЕРАТ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
:
РЕФЕРАТ:
:
:
РЕФЕРАТ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
:
РЕФЕРАТ:
:
:
РЕФЕРАТ: А ҚОСЫМШАСЫ Қазақстанда жасалған прагматонимдер
:
:
РЕФЕРАТ: Б ҚОСЫМШАСЫ Ұлыбритания мен АҚШ-та жасалған прагматонимдер
:

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы: Қазақ / ағылшын прагматонимдерінің семантикалық және құрылымдық ерекшеліктері.

Диплом жұмысының көлемі:

Диплом жұмысына пайдаланылған әдебиеттер саны:

Тірек сөздер: прагматоним, сауда белгісі, тауар белгісі, бренд, ономастика, фирмалық белгі.

Диплом жұмысының нысаны: ағылшын және қазақ прагматонимдері.

Диплом жұмысының пәні: ағылшын және қазақ прагматонимдерінің құрылымдық және семантикалық ерекшеліктері болып табылады. Пәні мен өзектілікті қарастырудың негізгі себебі:

  1. Экономикалық, әлеуметтік өзгерістерінің әсерінен қазіргі таңда лексиканың бұл бөлшегі өте маңызды мағынаға ие болып, күнделікті өмірдің айырылмас бөлшегіндей болып кетті.
  2. Прагматонимдердің құрылымы мен семантикасы аппелятивті лексикаға қарағанда ерекше болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты - ағылшын және қазақ прагматонимдерінің құрылымы мен семантикасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындай отырып, прагматонимдердің құрылуына әсер етуші интралингвистикалық, экстралингвистикалық факторларды айқындау.

Осы мақсат негізінде келесі зерттеу міндеттері туындайды:

  • ағылшын және қазақ тілдеріндегі азық-түлік өнімдері мен сусындардың сөздік тауар белгілерін бір жүйеге келтіріп, классификациялау;
  • прагматонимдердің мотивациялану және номинациялану ерекшеліктерін бекіту;
  • ағылшын және қазақ прагматонимдерінің негізгі жасалу жолдары мен құрылымын зерттеу;
  • ағылшын және қазақ прагматонимдерінің семалық құрылымын анықтау;
  • ағылшын және қазақ прагматонимдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысына қойылған міндеттерді шешу үшін дескриптивті және салыстырмалы әдістер негіз болды.

Зерттеу материалы жете түрде сараланып, таңдалынып алынғанорыс тіліндегі 3 әдебиеттен және газет-журнал беттерінде жарияланған мақалалардан тұрады.

Зерттеудің дереккөздері ретінде көртеген интернет сайттардан іріктелініп алынған деректі материалдар және де Ж. Б. Кошпанова, А. А. Исакова, Т. А. Соболева, А. В. Суперанская секілді авторлардың зерттеу жұмыстары, А. Н. Банько секілді зерттеушілердің мақалалары мәліметтер қорын кеңейтуге негіз болды.

Алынған нәтижелердің басты маңыздылығы болып олардың қазақ және ағылшын тілдеріндегі лексикология мен ономастиканың немесе семантиканың арнайы дәрістерін жүргізуде сөзжасам ретінде қолдануға болады, сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдерін оқытудың теоретикалық және практикалық курстарын құраудағы және ономастика мен лексикология бойынша арнайы курстар құрауда негіз болып табылады. Лексикографиялық тәжірбиеде, яғни лингво-елтанулық сөздіктер құрастыруда немесе жарнамалық лексика сөздіктерін құрастыруда, сауда белгілерінің атауларын құрастыруда, сөздік тауар белгілерін құрастырудағы кәсіпкерлер, маркетологтар, бренд-менеджерлер, және басқа да коммерциялық салада жұмыс істейтін адамдарға арналған анықтамалар құрауда қолдануға мүмкіндік береді.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты: Дипломдық жұмыс ағылшын және қазақ прагматонимдерінің семантикалық және құрылымдық ерекшеліктерін қарастырып, оларға мысалдар келтіруде қазіргі экономика және сауда саласында болып жатқан белсенді өзгерістерді ескере отырып қарастыруға арналған.

Зерттеудің өзектілігі қазіргі таңда қажеттілікке ие болып отырған прагматонимдердің құрылымдық және семантикалық ерекшеліктері мен пайда болу жолдарын және де ономастикалық кеңістіктің қажетті аумақтарының тілдік бірліктерінің дамуын қарастыру болып табылады. Қазақ ономастикасында қазіргі таңда ағылшын және прагматонимдерін зерттеуге бағытталған зерттеулер өте аз болып келеді. Сондықтан, қазақ және ағылшын прагматонимдерін өзіне тән спецификалық және ерекше қасиеттерімен қатар зерттеу қызығушылық туғызуда.

Диплом жұмысының нысаны - ағылшын және қазақ прагматонимдері.

Диплом жұмысының пәні: ағылшын және қазақ прагматонимдерінің құрылымдық және семантикалық ерекшеліктері болып табылады. Пәні мен өзектілікті қарастырудың негізгі себебі:

  1. Экономикалық, әлеуметтік өзгерістерінің әсерінен қазіргі таңда лексиканың бұл бөлшегі өте маңызды мағынаға ие болып, күнделікті өмірдің айырылмас бөлшегіндей болып кетті.
  2. Прагматонимдердің құрылымы мен семантикасы аппелятивті лексикаға қарағанда ерекше болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты - ағылшын және қазақ прагматонимдерінің құрылымы мен семантикасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айқындай отырып, прагматонимдердің құрылуына әсер етуші интралингвистикалық, экстралингвистикалық факторларды айқындау.

Берілген мақсаттармен байланысты келесідей мәселелер алға қойылады:

  • ағылшын және қазақ тілдеріндегі азық-түлік өнімдері мен сусындардың сөздік тауар белгілерін бір жүйеге келтіріп, классификациялау;
  • прагматонимдердің мотивациялану және номинациялану ерекшеліктерін бекіту;
  • ағылшын және қазақ прагматонимдерінің негізгі жасалу жолдары мен құрылымын зерттеу;
  • ағылшын және қазақ прагматонимдерінің семалық құрылымын анықтау;
  • ағылшын және қазақ прагматонимдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындау.

Зерттеу материалы жете түрде сараланып, таңдалынып алынғанорыс тіліндегі 3 әдебиеттен және газет-журнал беттерінде жарияланған мақалалардан тұрады.

Зерттеудің дереккөздері ретінде көртеген интернет сайттардан іріктелініп алынған деректі материалдар және де Ж. Б. Кошпанова, А. А. Исакова, Т. А. Соболева, А. В. Суперанская секілді авторлардың зерттеу жұмыстары, А. Н. Банько секілді зерттеушілердің мақалалары мәліметтер қорын кеңейтуге негіз болды.

Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысына қойылған міндеттерді шешу үшін дескриптивті және салыстырмалы әдістер негіз болды.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін Ж. Б. Кошпанова, А. А. Исакова, Т. А. Соболева, А. В. Суперанская, А. Н. Банько секілді авторлардың еңбектері құрайды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Прагматоним ұғымы және түсініктемесі

  1. Тауар белгісінің даму тарихы.

Тауар белгілері тамыры тереңге жайылған, сан ғасырлық тарихы бар таңбаның түптұлғасы болып табылады.

Таңба (мон. «тамга», түр. «дамга») сөзі моңғолдық түп тамырға ие ерекше белгі. Ол Алтын Орда кезінде Орталық Азия, Шығыс Еуропа, Орталық шығыс, Кавказ жерлеріне кең таралып, жаңа «ханның мөрі бар құжат», «салық» секілді мағыналарға ие бола бастаған.

Ш. Құдайбердіұлының шығармаларына назар аударар болсақ, «үй жануарларына таңба салынады, жайлауда оны ешбір бөтен ала алмайды» деген үзіндіден таңба сөзі түріктерде V ғасырдан қолданылып келе жатқандығын байқауға болады.

Ал Ежелгі Египетте малға таңба салу сонау б. з. д. XXI ғасырда пайда болған. Ол кезде оны ғибадатханаға тиесілі бұқаларға ен салу үшін қолданған. Осы кезден бері иелікті білдіру үшін таңба салу Еуропаның көптеген мемлекеттерінде кең таралған. Ал алғашқы тауар белгілері, яғни белгілі бір затты жасаушы немесе туындыгер екендігі жөніндегі таңба салу археологтардың айтуынша сонау б. з. д. 3200 жылы ежелгі Египетте пайда болған. Сол кездегі Египеттік пирамидаларда тастардың қайдан әкелінгендігін көрсететін және ол тасты кім қашағандығын дәлелдейтін таңбалар көрсетілген.

Орта ғасырларда сұранысқа ие тауарлардың сапасын көрсететін белгілер пайда болған, осы белгі арқылы тауардың сапасының жоғары, не төмен екендігін көріп отыруға болатын болған.

Халықаралық сауданың дамуына байланысты таңбалар мен белгілердің маңыздылығы арта түсіп, олар тек қана тауарларда ғана емес, олардың қаптамасында да жарнама түрінде қолданылған. Ал бәсекеге қабілетті компаниялар мен фирмалардың көбеюіне байланысты тауар таңбаларын құқықтық қорғау қажеттілігі туындады. Осылайша, таңба тауар белгісіне айналып, XIX ғасырда өндіріс дамыған мемлекеттерде тауарлық белгілер туралы заң пайда болды.

Мәселен, Англияда 1876 жылы тауарлық белгілерді тіркеу жөніндегі патенттік бюро ашылған. Ал бұл бюроға бірінші болып 1876 жылы (кейбір деректер бойынша 1855 жылы) өтініш білдірген компания «BASS &CO» болды.

Қазіргі таңда тауар белгісінің тіркелген екендігін дәлелдейтін белгі ® болып табылады. Ал ™ белгісімен компания тауар белгісін тіркеуге ниетті екендігін немесе жалпы ережелерге сай белгіні өз меншігі деп санайтын жағдайларда тауарлар белгіленеді.

Ал Қазақстанда тауар белгілерін заңды тіркеудің негізгі критерийлері белгіленген «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шыққан орнын көрсететін атаулар» жөніндегі заң 1999 жылы қабылданған.

  1. Тауар белгісі, сауда белгісі, фирмалық белгі және бренд ұғымдарының түсініктемесі

Қазіргі таңда әлемде 20 миллионға жуық тауар белгісі тіркелген. Жекелей тоқтала кетсек, Қазақстанда 18 мыңға жуық, АҚШ-та 3 миллионға жуық және Ұлыбританияда 2 миллиондай тіркелген тауар белгісі бар деп есептелінеді. Алдыңғы қатарлы әлемдік фирмалар жеке өндіріс объектілерін патенттеуге, сонымен қатар тауар белгілерін жасау мен оны сыртқы заңсыз қол сұғушылықтардан қорғайтын міндетті заңды тіркеуге көптеген қаржы жұмсайды. Жылдан жылға тіркеліп жатқан тауар белгілері екпіндеп көбеюде. Мәселен, әлем бойынша жыл сайын 750-800 мыңға жуық тауар белгісі тіркелінсе, Қазақстанда 1500-ға жуық, АҚШ-та 300 мыңға жуық, Ұлыбританияда 60-70 мыңға жуық тауар белгілері тіркеледі. Кейбір өткен ғасырда пайда болған тауар белгілері әлі күнге дейін өте танымал. Мәселен, 1886 жылы тіркелген Coca-Cola , 1837 жылы тіркелген P&G , 1869 жылы тіркелген Heinz тауар белгілері кең қолданысқа ие.

Кесте 1- тіркелген тауарлар көлемі:

Жылы / мемлекет
Қазақстан
Ұлыбритания
АҚШ
Жылы / мемлекет: 1999
Қазақстан:
Ұлыбритания: Мәліметтер жоқ
АҚШ: 104324
Жылы / мемлекет: 2000
Қазақстан:
Ұлыбритания: 19283
АҚШ: 127794
Жылы / мемлекет: 2001
Қазақстан:
Ұлыбритания: 18811
АҚШ: 124502
Жылы / мемлекет: 2002
Қазақстан:
Ұлыбритания: 17656
АҚШ: 164457
Жылы / мемлекет: 2003
Қазақстан:
Ұлыбритания: 16923
АҚШ: 185182
Жылы / мемлекет: 2004
Қазақстан:
Ұлыбритания: 19931
АҚШ: 155991

Тауар белгілері тауарды теңестіру және оған ұқсастардан саралау үшін, сонымен қатар тауар мен мекемеге танымалдылық алып келумен қатар, мекеменің патенттік құқықтарын қорғау мен тұтынушыны белгілі бір сапалық көрсеткіштермен қамтамасыз ету үшін енгізіледі.

Тауар белгілері көрінісінің сипатына қарай келесідей түрлерден тұрады:

  1. Суреттік(сурет немесе геометриялық фигура, кей жағдайларда екеуінің қосындысы) ;
  2. Сөздік(сөз, әріп, сан немесе осы бірліктердің қосындысы) ;
  3. Құрама(суреттік және сөздік түрлердің таңбаларының бірліктерінің қосындысы) ;
  4. Көлемдік(туындының қаптамасы немесе қалыбына негізделген үш өлшемді белгінің кескіні) ;
  5. Ерекше(дыбыстық, иістік, қимылдық, жарықтық және т. б. )

Осы тауар түрлерінің ішіндегі ең кең таралғандары бастапқы үш түр белгілері, яғни суреттік, сөздік және құрама. Барлық тауар белгілері түрлерінің 90 %-ға жуығын сөздік тауар белгілері құрайды. Бұл көрсеткіштегі басымдылықтың негізгі себебі сөздердің тез жатталынып, есте сақталынуы болып табылады. Сөздік тауар белгілерінің оқылына алуы ең ыңғайлы жарнама болып табылады, яғни сөз тауардың аты ретінде де қолданыла алады.

Тауар белгісі терминіне мағыналас, синонимдес сөздер ретінде көбіне сауда белгісі, фирмалық белгі және бренд ұғымдары қолданылады. Енді әрбір ұғымға жеке тоқтала кетер болсақ,

Сурет 1 - тауар белгісі, сауда белгісі, бренд және фирмалық белгі ұғымдарының өзара байланысы

Сауда белгісі (trademark) - белгілі бір тауар немесе нақты бір сатушы мен сатушылар тобының қызметін бәсекелестерден айырмашылығын анықтап тұру мақсатында қолданылатын атау, термин, сөз, көрініс, белгі, рәміз, дизайнерлік шешім немесе олардың қосындысы.

Тауар белгісі (tradename) - заңды күшке ие, заңнамамен қорғалған, ресми тіркелген бір немесе бірнеше сауда белгісінің элементтері. Біздің зерттеуіміз бойынша, сөздік белгі немесе прагматоним.

Фирмалық белгі - саудаға шығарылып жатқан тауарлар мен қызмет көрсету осы белгі мен атауға ие фирмамен жүзеге асырылатындығын білдіретін термин.

Brand - (ежелгі викингтер тілінен аударғанда «өртеу», «таңбалау», «күйдіру») бұл тауар мен оның сипаттамасын байланыстыратын, сауда белгісі, тауардың тұтынушылардың ойындағы бейнесі, және де өндірушінің өз тауарына, сауда белгісіне және тұтынушыларға деген қатынасының концепциясы. Маркетологтардың айтуы бойынша, бренд ол тауар туралы тұтынушылар білетін сауда белгісі мен ол туралы жалпы түсінікті білдіреді. Қазақстандағы танымал брендтер деп «Қазақтелеком», «Helios», «Food Master» атап өтуге болады.

Сауда белгісі, тауар белгісі және бренд ұғымдары өте ұқсас, бірақ бірегей деп те айтуға келмейді. Бренд пен сауда белгісі ұғымдары кейде синоним ретінде қолданылғанымен бренд термині кең ұғымға ие. Себебі оның құрамына сауда белгісімен қоса, тауар мен толық сипаттамалардан тұратын қызмет түрі, әр түрлі ұйымдардың сипаттамалары мен тұтынушылардың оларға деген беретін бағасы және де тұтынушы туралы ақпарат, сонымен қатар өндірушілер тарапынан тұтынушыларға берген уәделерінен тұрады. ал олардың айырмашылығына тоқталар болсақ, бренд ұғымы көбіне маркетингте қолданылса, ал сауда белгісі ұғымы жалпы заң саласында да, экономика саласында да қолданылады.

Сонымен қатар, әр түрлі тауарлар категориясынан немесе тағайындауларынан тұратын бірнеше тауарларды білдіру үшін қолданылатын шатырлы тауар белгісі деген ұғым кездеседі. Мысалы: Қазақстандық «Одари» сауда белгісі сүт, айран, қаймақ, ірімшік, йогурт, сүзбе, май өндіреді; ал американдық «Colgate-Palmolive» сауда белгісі Colgate, Palmolive, Lady Speed Stick, Mennen, Protex, Ajax тұрмыстық заттар өндіреді, ал британиялық «Unilever» компаниясы Rexona, Dove, Clear, Cif, Domestos секілді тұрмыстық заттар өндірумен қатар, Calve. Lipton, Rama, Инмарко, Балтимор, Восточный Гурман, Пышка секілді азық-түлік өнімдерінің өндірісімен де айналысады. Осы орайда айта кетерлік жайт А. В. Суперанская мен Т. А. Соболеваның айтуы бойынша, кейбір ірі фирмалар бір сауда белгісі арқылы бірнеше тауар шығару арқылы, үлкен шырмауыққа айналуда, осы арқылы жарнамалық шығындары да аз болуда.

Кесте 2 - танымал америкалық, ағылшындық және қазақстандық компаниялардың тауар белгісі, сауда белгісі және брендтері

Бренд
Бренд: Abdi
: Apple
: Unilever
Бренд: Тауар белгісі
:
:
Бренд: Abdi
: Apple
: Lipton
Бренд: Сауда белгісі
:
:
Бренд:

Кеңсе тауарлары

Оқу құралдары

Білім тауарлары

Сурет тауарлары

Сыйлықтар

Кітаптар

:

Ipad

Iphone

Ipod

Imac

Macbook

Mac mini

Ipad mini

Ipad air

:

Қара шәй

Көк шәй

Жемісті шәй

Ақ шәй

Шөпті шәй

«Сауда белгісі» ұғымы экономикалық қарым-қатынастардың кеңеюімен қазіргі таңда адамзат санасында кеңінен орын алуда. Сауда қатынастары кеңейіп, бәсекеге қабілеттілік өсуде, осы орайда өз ісін сауда белгісі арқылы жекешелендіруге талпыныс білдірушілер молынан.

  1. Прагматоним ұғымының классификациясы

Сөздік тауар белгілері қазіргі таңда қоғамның бөлінбес бөлшегі болғандықтан, ономастика мен лингвистиканың зерттеулерінің жаңа бағыты болып отыр. Оған себеп, осы уақытқа дейін сөздік тауар белгілерін атайтын нақты бір ортақ термин жоқ. Осы орайда бұл тақырыпта көптеген зерттеулер жүргізген ғалымдардың піклрерін назарға алып, саралап өтсек.

А. Л. Василевский тауарлар мен жеке ұйымдардың қызметтерін атауға «ктематоним» терминін қолданған, яғни ктематоника, бұл - сөздік тауар белгілерін зерттейтін ғылым.

П. Т. Поротников сауда белгілеріне ономастикалық терминология аясында лайықты атау таңдау мақсатында, «товароним» терминін ұсынған болатын. Товароним сөзбе-сөз аударғанда «Тауарлар атауы» деген мағынаны береді.

З. П. Комолова тауар белгілерінатау үшін, лингвистикалық термин ретінде (гректің πραγμα «зат», «тауар» және ονομα «атау») «прагмоним» атауын қолдануды ұсынған болатын. Автордың айтуынша, жаңа термин зерттеу объектісін нақтылау үшін енгізілген, себебі тауар белгілері тек сөздік қана емес, сонымен қатар суреттік немесе құрама да бола алады. Ал прагмоним ұғымы тек тіркелген және тіркелмеген сөздік тауар белгілерін білдіреді.

Дегенмен, прагмоним терминін қолдану басқа да зерттеушілер қатарынан қолдау таппады. Мәселен, В. М. Лейчиктің пікірінше, прагмоним ұғымы жалпы терминдер, жалқы есімдер, номенклатуралық бірліктер және тауар белгілерінен тұрады. Бұл жайылмалыққа, белгісіздікке әкеліп соғады, сондықтан да ол ономастикалық терминология қатарына қосыла алмайды. Осылайша, прагмоним ұғымы жәй ғана өзіндік «авторлық сөз» болып қалды.

С. О. Горяев, С. К. Иманбердиева, А. А. Исакова, Н. В. Кутуза, В. И. Супрун, С. О. Шестакова, Кошпанова Ж. Б. секілді бірқатар зерттеушілер болса, прагмоним терминін қолдайды, олардың пікірінше, аталмыш термин өзінің құрылымы бойынша ономастикалық терминдерге дәлме-дәл сай болып келеді, және де белгілі бір объектіні сипаттауға қажет ерекшеліктерін нақты көрсетеді.

Ал бұл зерттеушілерге қарама-қарсы пікірді бірқатар атақты жалқы есімдерді зерттеуші ғалымдар А. В. Суперанская мен Т. А. Соболева ұстанып отыр, олардың айтуынша сөздік тауар белгілерін атау үшін «Прагматоним» терминін қолданған жөн.

Аталмыш жұмыстың объектісі ретінде А. В. Суперанская мен Т. А. Соболеваның ұстанымы бойынша прагматоним термині алынды.

А. В. Суперанская мен Т. А. Соболеваның ұстанымы бойынша прагматоним ұғымы ономастикалық терминологияның бірқатар талаптарына сай келеді:

  1. Бір, екі немесе үш негізді болып келуі;
  2. Терминнің негізінің грек немесе латын әріптерінен құралуы. Г. Б. Мадиеваның ойынша, терминдердің негізінде жатқан грек және латын элементтері қажеті жоқ теңестірулерден қорғап тұрады. Олардың мағынасы қысқа, түсінікті әрі нақты болады.

Прагматоним - жалқы есімдер тобының бірі болып табылады. Ғылымда прагматонимнің бірыңғай берілген нақты анықтамасы жоқ. А. В. Суперанскийдің айтуы бойынша: «Прагматонимдер - пәндік, тәжірибелік саламен байланысты адамзат іс-әрекетінің прагматикалық аумақта денотанттары бар онимдердің тобы».

Бір тауарды екінші бір тауардан ерекшелеп тұратын кез-келген қаптамада көрсетілген сөздік түсініктеме прагматоним деп аталады. Әйтсе де заң тұрғысынан қарастырар болсақ Пшеничная (арақ), Абрикосовый рай (кәмпит) секілді атаулар құқықтық қорғауға ие бола алмайды, себебі олар тек сипаттаушы тауар белгілері болып табылады және кез-келген өндіруші тарапынан қолданыла алады.

1. 4 Прагматонимдер мен жалқы есім разрядтарының байланысы

Қазіргі таңда ономастика жеке есімдерді бөліп зерттеп қана қоймай, оларды зерттеу барысында маңызды рөл атқаратын алуан түрлі факторлар, яғни жеке есімдердің экстралингвистикалық байланыстары мен лингвистикалық байланыстарының өзара байланыстылығы мен жеке есімдердің қалыптасуына әсер ететін, сонымен қатар онимикалық типтердің бір-бірімен байланысын қарастыратын алғы шарттарды ұстанады. Енді, прагматонимдерді басқа да жалқы есімдердің разрядтарымен салыстыра, салғастыра отыра қарастырсақ . . .

Жалқы есімдерге негізінен антропонимдер, топонимдер, зоонимдер және т. б. жатады. Қазіргі таңдағы ғылымның, техниканың және өндірістің шапшаң дамуы секілді экстралингвистикалық факторлардың әсерінен ономастикалық кеңістікте аралық категориялар өсуде. Мұның бәрі арнайы қарым-қатынас түрлері, көбінде өнерлі сипаттағы арнайы лексиканың кең қабаттарының туындауына себепші болып табылады. Мұндай арнайы жалқы есімдерге прагматонимдер, эргонимдер ( қоғам, мекеме атаулары ), хрематонимдер ( заттық мәдениеттің дара туындылары ), порейонимдер ( транспорт құралдарының атауы ), гемеронимдер ( жүйелік баспа органдарының атауы ) және т. б. олар жалқы есімдерден жекеше орналасады да, ономастиканың шекаралық разрядын құрайды. И. В. Крюковтың айтуынша, келесі мәселелер әсерінен ономастиканың шекаралық разрядтары қажетті баяндауға ие бола алмаған:

  1. Жалқы есімдердің қасиеттерінің әлсіз көрініс беруі;
  2. Жалқы есімдерге тән емес ерекшеліктердің болуы;
  3. Ішкі қалыбының сақталуы;
  4. Нақты классификацияланатын біртекті топтардың болмауы;
  5. Саяси, экономикалық өмір мен сәннің әсерінен туындайтын тұрақсыздық пен өзгергіштік;
  6. Сандық индекстер, аббревиатуралар және көп құрамды қосындылар мен сандардан тұруы.

Жоғарыда аталынып кеткендей, ономастикалық кеңістікке прагматонимдерден басқа, эргонимдер, хрематонимдер, сұрыптық атаулар және т. б. жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАҚ ОСЫ ШАҚ СУБКАТЕГОРИЯСЫНЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі қарсы мәндес фразеологизмдер
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Дипломатиялық терминдер
Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер
Қысқарған сөздер аббревиатураларды талдау
Тұрақты сөз тіркестері
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі етістіктердіңлексика-семантикалық ерекшеліктерініңтеориялық аспектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz