Қазақстан Республикасының мемлекеттің қаржылық қызметі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қаржылар саласындағы басқарудың маңызы және құқықтық негіздері
1.1 Қаржылардың түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13
1.3. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың теориялық мәселелері
2 Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне
асыратын органдар қызметінің құқықтық негіздері
2.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыретті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
2.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 36
2.3. ҚР Ұлттық Банкінің қаржы рыногын мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Комитетінің құзіреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
3 Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттің қаржылық қызметін іске асыруға қатысуы және олардың
3.1.Қазақсан Республикасы Қаржы Министірлігінің Қазынашылық комитеті: негізгі міндеттері, атқаратын функциялары және құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
3.2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің міндеттері, функциялары және қызметтерін ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 53
Пайдаланылған нормативтік.құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диплом жұмысымда қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі процестермен айқындалып отыр. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистің құрамына жатады.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр. Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз: Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығаруға болмайды;
Екіншіден, мемлекеттің экономика, рөлі күшейе бермек; үшіншіден, мемлекет ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн; төртіншіден, нарықтық өзіндік реттеу стихиялық процестер туындатады жөне ол процестер нарықтың бір қыры ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. әсіресе қазіргідей, қысылтаяң реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан келеді; бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық.
Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің тікелей қатысуымен жүргізіледі [1]; алтыншыдан, жеке меншік және оған байланысты қатынастар оның аясында мемлекет аумағында өте қатал экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет құзырында болады; жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика салаларының монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын шектей отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимді белілейді, сондай-ақ ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып табылады. Мемлекеттік басқару әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге асырылатыны белгілі.

1. Мухитдинов Н.Б. Состояние и тенденции развития теории финансового законодательства и финансового права. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Хабаршысы. Заң сериясы, Алматы №5 (33) 2004 жыл. 13-бет;
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 35-бап. (Конституция 1995 жыл 30 тамызда Республикалық референдумда қабылдынған. 1998 ж.7 қазанда және 2001 жыл 21 мамырда және 2 ақпан 2011 жылы енгізілген өзгертулер және толықтырулармен);
3. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2001. 35-бет;
4. Белинский В.И. Финансовое право. Москва, 2009ж., 30-бет;
5. Горбунова О.Н. Финансовое право РФ. Новосибирск, 2010ж., 39-бет;
6. Найманбаев С.М. Бюджеттік құқық. Алматы, 2006 ж, 58-бет;
7. Химичева Н.И. Финансовое право, М. Бек, 2008 жыл, 236-бет;
8. Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржылық хұқы. Алматы. 1994, 63- бет;
9. Е.Б.Стародубцева. Бюджетное финансирование и проблема государственного долга // Москва, Экономист, № 4, 2010 ж., 26-бет;
10. Химичева Н.И. Финансовое право, М. Бек, 2008 жыл, 230-бет;
11. Сейтжанов А.А. Банк жүйесіндегі банкілік қадағалау. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Хабаршысы.Заң сериясы, Алматы №5 (33) 2004 жыл.46-бет;
12. Сман Б.Ө. Сақтандыру құқығының қызметі, өзектілігі мен мемлекеттік құқықтық реттеу мәселелері. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і Хабаршысы. Заң сериясы, Алматы №5 (33) 2004 жыл. 24-бет;
13. Е.Б.Стародубцева. Бюджетное финансирование и проблема государственного долга // Москва, Экономист, № 4, 2010 ж., 28-бет;
14. Карасева М.В. Бюджетный федерализм: проблемы и перспективы // Москва, Экономист, №11, 2008ж., 56-бет;
15. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 2001. 35-бет;
16. Найманбаев С.М. Бюджеттік құқық. Алматы, 2006 ж, 56-бет;
17. Найманбаев С.М. Бюджеттік құқық. Алматы, 2006 ж, 58-бет;
18. Белинский В.И. Финансовое право. Москва, 2009ж., 123-бет;
19. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Сермиов У.С, Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері. – Алматы, 1999ж., 56-бет;
20. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 35-бап, 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды. Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 1996 жыл №4. Конституция жаңа редакцияда – ҚР 7.10.1998 ж., №284-I; 21.05.2007ж. №254-III; 2.02.2011ж. №403-IV Заңдарымен өзгерістер мен толықтырулар еңгізілген;
21. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, 1-бап. 4 желтоқсан 2008 жылы қабылданған;
22. Найманбаев С.М. Бюджеттік құқық. Алматы, 2006 ж, 66-бет;
23. Давыдова Л.А. Бюджетное право. Москва, 2009 жыл, 46-бет;
24.Қазақстан Республикасының Президенті туралы Қазақстан Республикасының 1995 жыл 26 желтоқсандағы № 2733 Конституциялық Заң күш Заңы, 16-бап. Соңғы өзгертулер мен толықтырулар 19.06.2009 жылы енгізілген;
25. Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы 1995 жыл 16 қазандағы №2529 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. 16-бап, 1-тармақ, 5-тармақша;
26. Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасының 1995 жыл 18 желтоқсандағы №2680 конституциялық Заңы. 9-бап, 4-тармақ;
27. Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігінің Қаржылық бақылау комитеті туралы ереже. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаулысымен 2008 жыл 24 сәуірдегі №202 Бұйрығымен бекітілген, 2-тармақ, 3-тармақша;
28. Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігінің Қаржылық бақылау комитеті туралы ереже. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаулысымен 2008 жыл 24 сәуірдегі №202 Бұйрығымен бекітілген, 2-тармақ, 5-тармақша;
29. Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігінің Қазынашылық Комитеті комитеті туралы ереже. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаулысымен 2008 жыл 24 сәуірдегі №202 Бұйрығымен бекітілген, 2-тармақ;
30. Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіружөніндегі Комитеті туралы ереже. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаулысымен 2008 жыл 24 сәуірдегі №202 Бұйрығымен бекітілген, 3-тармақ;
31. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасында туралы» ҚР Президентінің 1 ақпан 2010 жылғы №923 Жарлығы. 1-бөлім, 1.1-тармақ;

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Жоспар.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Қаржылар саласындағы басқарудың маңызы және құқықтық негіздері
1.1 Қаржылардың түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 7
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметінің
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 13
1.3. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың теориялық мәселелері
2 Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне
асыратын органдар қызметінің құқықтық негіздері
2.1. Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу
саласындағы
құзыретті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 17
2.2. Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.3. ҚР Ұлттық Банкінің қаржы рыногын мен қаржылық ұйымдарды реттеу және
қадағалау жөніндегі Комитетінің
құзіреті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
3 Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттің қаржылық қызметін
іске асыруға қатысуы және олардың
3.1.Қазақсан Республикасы Қаржы Министірлігінің Қазынашылық комитеті:
негізгі міндеттері, атқаратын функциялары және
құқықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... . 43
3.2. Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігінің мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің міндеттері, функциялары және қызметтерін
ұйымдастыруы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
Пайдаланылған нормативтік-құқықтық актілер мен әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Диплом жұмысымда қаржылар саласындағы
мемлекеттік басқарудың түсінігі, қоғамдағы орны, маңызы мен мақсаты
қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта
дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жөүйедегі
процестермен айқындалып отыр. Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың
маңызы өте зор екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының
материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз
етудің қайнар көзі болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелеген
азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы
мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде
ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы
болып табылады және базистің құрамына жатады.
Алайда, соңғы кездерде нарықтық қатынастарға көшуімізге байланысты
экономика, қаржылар аясындағы мемлекеттік басқаруды жоққа шығару және
әлеуметтік-мәдени салалардағы мемлекет атқаратын қызметтердің рөлін
төмендету сияқты келеңсіз көзқарастар қоғамымызда орын алып отыр. Оған қоса
Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік басқару сияқты
мемлекеттік-құқықтық категорияның орнына атқарушы органдар (атқарушы билік
органдары) терминінің пайдаланылуы жаңағы көзқарастарға негіз болып отыр.
Ал осы атқарушы билікті жүзеге асыру мемлекеттік-басқарушы қызметті жүзеге
асыру болып табылатынын білуге тиіспіз. Демек, мемлекеттік басқару атқарушы
билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай жоғарыдағы мемлекеттік
басқару жөніндегі көзқарастарға қарсы пікір айту қажет болар деп ойлаймыз:
Біріншіден, мемлекет бұрын да қазіргі кезеңде де өзінің табиғи құрылымына
байланысты экономикалық және әлеуметтік-мәдени саясатты қаржылардың
көмегімен жүзеге асыруға атсалысады. Бұл жерде олар алуан қоғам
мүдделіктерін көздейтіндіктен осы аялардағы мемлекеттік басқаруды жоққа
шығаруға болмайды;
Екіншіден, мемлекеттің экономика, рөлі күшейе бермек; үшіншіден, мемлекет
ешқашан да нарықтық экономикаға қарсы тұрмайды, қайта біз оның қолында
нарықтық қатынастардың тиімді дамуы мен жандануына себін тигізетін зор
мүмкіншілік бар екенін ұмытпағанымыз жөн; төртіншіден, нарықтық өзіндік
реттеу стихиялық процестер туындатады жөне ол процестер нарықтың бір қыры
ретінде қаржылар және әлеуметтік-мәдени салаларындағы дәрежесі ұзақ жылдар
бойындағы тарихи тәжірибелермен белгіленген. әсіресе қазіргідей, қысылтаяң
реформа кезеңінде мемлекеттің, мемлекеттік басқарудың ауыздықталмаған қара
күштермен сипатталады. Оны тежеу, реттеу тек мемлекеттің ғана қолынан
келеді; бесіншіден, жоғарыда айтқанымыздай нарықтық өзіндік реттеу анархия
мен хаосқа әкеліп соғатынын байқадық.
Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңестіру
қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің
тікелей қатысуымен жүргізіледі [1]; алтыншыдан, жеке меншік және оған
байланысты қатынастар оның аясында мемлекет аумағында өте қатал
экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет
құзырында болады; жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика
салаларының монополист субъектілерінің халыққа ауыр тиетін іс-қимылдарын
шектей отырып, осы нарықтық аялардағы қажетті режимді белілейді, сондай-ақ
ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі болып
табылады. Мемлекеттік басқару әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге
асырылатыны белгілі.
Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекеттік басқару ілімі, осы
жайындағы әкімшілік, қаржылық құқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге
жеткенімен, көптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы мемлекеттік
басқару жеткілікті деңгейде (көлемде) өз шешімін тапқан жоқ.
Қазіргі кезде осыған байланысты сонымен бірге өтпелі кезең, мемлекет,
ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік басқару жолдарын
қалыптастыру мәселелері мына келесі сұрақтарды шешуді алға қойып отыр:
қаржылар саласындағы басқаруды экономика аясындағы түрлендірулерді және
меншік құқығымен өзара байланыстырып талдау; есептеу және ұйымдастыру
техникасының, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін экономикалық
және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни қаржыларды басқарудың
автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық экономика аясында жүзеге
асырылып жатқан қаржылық қызметтің-мемлекеттің басқарушы қызметтің бір түрі
екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік және қаржылық заңдар болып
табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу; мемлекеттік басқару және атқарушы
билік органдардың қызметтері нарық талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша
бағытта жүзеге асырылатыны жөнінде теориялық негіздеме бере отырып осы аяға
ықпал ететін факторларды зерттеп, талдау: қаржылар саласындағы мемлекеттік
басқару, қаржылық қызметті жүзеге асыру процестерінің ерекшеліктерін,
айырмашылықтарын зерделеп зерттеу және мемлекеттік реттеудің (мемлекеттік
бағдарламалар, мемлекеттік контракті, тіркеу, лицензиялау нысанындағы)
мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу маңызы мен мәнін және
механизмін жалпы мемлекеттік басқарушы-атқарушы органдар жүйесімен
байланыстырып, ұйымдастырып көрсету: мемлекеттің бюджет және салық
жүйесіне, олардың нарықтық қатынстар жағдайындағы құқықтық режиміне назар
аудару және олардың экономикалық табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып
зерттеу арқылы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу: Қазақстан Республикасы
Президентінің “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында айқындалған
мемлекеттік басқарушы-атқарушы билік жүйесін орталық, жергілікті атқарушы
билік органдарын қайта құру жөніндегі қағидаттар мен ережелерді және
осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының жетілдіруін
көздейтін жолдарды басшылыққа ала отырып, құқықтық тҗрғыдан негіздеу.
Жұмыста негізінен жаңаша сипаттағы мемлекеттің қаржы жҹйесін және оның
құрамын қалыптастыру критерийлерін айқындау, қаржылар саласындағы
мемлекеттік басқарудың құқықтық базасы ретінде әкімшілік және қаржылық
Заңдарды зерделеу және олардың негіздерін қалыптастыру, сондай-ақ осы
аядағы мемлекеттік қызметтердің экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында
оларды ғылыми мәселелері көзделді.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Мемлекеттің қаржылық қызметінің нысандары
мен әдістерін, қаржылық-құқықтық шарттардың ерекшеліктерін зерттеуде
бірқатар жетістіктерге қол жетті. Олардың ішінде алыс шетелдік және
ресейлік ғалымдар: Годме Поль Мари, Е.Ю. Грачева, Б.Ю.Дорофеева,
Н.Н.Земцов, Н.И. Химичева, В.А.Пушина болса, қазақстандық ғалымдар А.И.
Худяков, Н.Б. Мухитдинов, С.М. Найманбаев, Э.Мухамеджанов, М.Оспановтар
және т.б. болды. Қаржы құқығының теориясын зерттеуде А.И. Худяков елеулі
табыстарға қол жеткізді. Ол бұл салада бірқатар құнды еңбектерді жазып,
жариялады: Основы теории финансового право (1999жыл), Финансовое право
Республики Казахстан (2001 жыл). Сондай-ақ қаржы саласындағы мемлекеттік
басқару мәселесіне Н.Б. Мухитдиновтың, С.М.Найманбаевтың, Қаржылар
саласындағы мемлекеттік басқару (1998жыл), Н.Б. Мухитдиновтың,
С.М.Найманбаевтың, Ө.Серимовтың Қаржылар саласындағы мемлекеттік
басқарудың құқықтық негіздері монографиялары жарияланды. Зерттеу жұмысын
жазу барысында осы аталған ғалымдардың еңбектері, ғылыми мақалаларына жан-
жақты талдау жасалынып, Қазақстан Респубикасының нормативтік-құқықтық
актілері зерделенді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: зерттеу жұмысының мақсаты
мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық негіздерін, мемлекеттің қаржылық
қызметінің әдістерін және қаржылық қызметтің бағыттарын жан-жақты кешенді
зерттеу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешуді
алға қойып отырмыз:
- Қазақстан Республикасының әлемдік экономикаға интеграциялануы
жағдайында, нарықтық экономиканың заңдылықтары орын алып отырған қазіргі
кездегі, қаржылық құқықтағы мемлекеттік қаржы ұғымының теориялық
мәселелелерін, мемлекеттік қаржының жеке қаржылардан ара-жігін ажыратудың
мәселелерін зерттеу;
- Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық реттелуінің өзекті
мәселелерін зерттеу; мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістерін, оның
негізгі бағыттарына талдау жасау;
- Қаржылар саласындағы мемлекеттік басқарудың теориялық мәселелері
мен мемлекеттің қаржылық саясатының өзекті мәселелерін зерттеу.
Зерттеу объектісі мен пәні. Қазақстан Республикасының қаржылық
құқығы, қаржылық құқықтық қатынастар, қаржылық қызмет пен қаржылық қызметті
реттейтін заңнама.
Зерттеу пәні болып мемлекеттің қаржылық қызметі, қаржылар саласындағы
мемлекеттік басқару және мемлекеттің қаржылық қызметінің әдістері, сондай-
ақ мемлекеттің қаржылық саясаты болып табылады.
Зерттеудің әдіснамалық нормативтік-құқықтық және теориялық негізі.
Зерттеудің әдіснамалық негізі ғылыми танымның жалпы және арнайы әдістері
болып табылады. Зерттеудің дерекнамалық базасын ғылыми танымның
диалектикалық әдісі, теориялық талдау әдісі құрайды: салыстырмалы-құқықтық,
тарихи, жүйелі-құрылымдылық, функционалдық, логикалық-құқықтық, нақтылы-
әлеуметтік.
Зерттеудің нормативтік-құқықтық негізін Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының өзге де құқық салаларының қаржылық қатынастарды
реттеуге бағытталған нормалары құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің
мақсаты мен сипатына қарай құрылған. Жұмыс көлемі 59 бет. Кіріспеден,
негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік-
құқықтық актілер тізімінен тұрады. Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі жеті
тармақшаны қамтыған үш бөлімнен тұрады.
1. Қаржылар саласындағы басқарудың маңызы және құқықтық негіздері
І.1. Қаржылардың түсінігі мен мәні.
Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны,
олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде атақаратын рөлі өте зор екені
әркімге белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және
тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды
қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Қаржылық құралдар арқылы
мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде
ықпалын тигізеді. Ал бұл қаржылардың негізгі көзі салықтар болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясында ...заңды түрде
белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу
әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, деп бекітілген [2]. Бұл жерде
күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды
ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың
атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу,
айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын
көрсетеді.
Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды
орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады,
сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге
асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А
процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік
қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу
көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен
қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының
қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада
болатынын байқаймыз.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де қаржыларға айрықша көңіл
бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің қаржы жүйесі арқылы ұлттық табысты
қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған байланысты,
олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.
Сонымен, қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық. Сондықтан, оның
мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде қарастырсақ онда
негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.
Біріншіден, қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық
ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша
қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанадағы
ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есепетелінеді.
Олар мемлекетте немесе шаруашылық субъектілерінің қарамағында әртүрлі ақша
түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып,
қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға,
жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып,
жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден, қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде қаржыландыру
терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы термині
мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерелерді, аумақтарды, әлеуметтік-
экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің
қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде қаржылар
бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу түрінде
жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады. Қаржылардың
арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде және шаруашылықтың
әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу процестері жүзеге
асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын қайта бөлу ақшалай табысты
мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет деңгейінде
бөліктерге бөлу арқылы жҹргізіледі және осы жағдайларда туындайтын
көптеген қатынастар қаржылық қатынастар деп аталады. Сонымен қаржылардың
ақшалармен өте тығыз байланыста болатынын және ақшалардың қаржылар
болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік. Ақшалардың
тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі ақшалай
қатынастар түріндегі айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады.
Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі қаржылардың
өте маңызды белгілері қаржылық қатынастардың бөлу сипатында болуы, ақша
нысанындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Қорытынды ретінде тағы
бір айта кететін жәйт, қаржылардың материалдық негізі өндіріс болып
табылады. өйткені шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары мен
экономикалық өнімді жасау және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен
бірге, қаржылар сол өндіріс аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің
ұлғайтылуына, дамуына және құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды.
Қаржылардың арқасында мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі
меншік нысанына негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы
экономикалық байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын
мемлекет қарамағына жұмылдырады. Қаржылардың негізінде, олардың көмегімен
шаруашылық қызметтердің нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына көз
жүгірте отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті
ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финис”, яғни қандай да істің
бітуі, ақыры немесе төлемнің, жалақының төлену мерзімі деген сөзінен
туындаған дейді [3]. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio деген
сөздер міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші
ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын,
мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шаруашылықты айтатын
болған.
Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз
байланысқан. Сондықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды
қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер
азаматтардың қаржылары; мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың
қаржылары деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен
заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар”
түсінігімен сәйкес келеді.
А.И.Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада
түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағындағы ақша қаражаттары деген
тұжырым.
Егер арнайы мағынада қаржыларды – мемлекеттік қаржылар десек, яғни
белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу
тәртібі белгіленетінін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар
екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И.Худяков. Осы қорларға
жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады.
Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншігіндегі ақша
қаражаттарының жиынтығын айтамыз.
Қаржылар экономикалық категория ретінде де айқындалады. Экономикалық
мағынада қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және
пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың жиынтығын айтамыз. Дәлірек
айтсақ экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады. Қаржыларға
байланысты тағы бір көңілге қонбайтын, санаға симайтын нәрсе олардың
құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық
күні жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе
экономист айтқандай, “А-Т”, “Т-А” қатынастарында жүзеге асырылады. Алайда
бұл қатынастар тауар-ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі жақтың заң
жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал қаржылық экономикалық
қатынастардың бір жағында оның тұрақты субъектісі ретінде әрдайым
мемлекеттің біртұтас өзі немесе мемлекет уәкілдік берген мемлекеттік
өкілетті органы тұрады және осы қатынастар қаржылық құқықтық нормалармен
реттеледі. Сонымен қатар, қаржылық-экономикалық қатынастардың бір жағында
әрқашанда билікші субъект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі
сөз қозғалмайды. Ал тауар-ақша қатынастары, яғни сату-сатып алу қатынастары
азаматтық құқық, еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының
нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет
қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне
ат үсті қарай алмайды. өйткені қаржылар өзінің ақша қаражаттары
болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты
бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын (жұмсалуын) ұйымдастырады.
Қаржылар мемлекттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп
жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан қаржылардың атсалысатын басты бағыт –
қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету.
В.И.Белинский қаржыларды экономикалық категория ретінде және қаржылық
ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады [4]. Осы автор
қаржыларды ақша қҗжаттары қорларын құру және оларды орталықтандырылған,
сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде туындайтын экономикалық
қатынастар деп түсіндіреді. Қаржылардың материалдық негізі өндірістік
қатынастар болып табылады. Сонымен қатар қаржылардың туындауының және
өмірден орын алуының бірден-бір шарты тауарлық өндірістің және айналымның
өздеріне тән құндылық категорияларымен болуы. Кейбір экономистер қаржыларға
ақша қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және басқа игіліктерді
немесе кіріс және шығысты, сондай-ақ, ақша қорларын жатқызады.
Қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне ешкімнің күмәні
жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты объектісі ақша қорлары болып
табылады.
Ал қаржылардың пайдалану негізіне белгілі бір кезеңдегі, яғни қазіргі
кездегі объективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және қоғамның тауарлық
өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда көрініс табады – тауар
және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А – Т - А) җдайы өндірістің бір
ерекшелігі, яғни үзбей жҹргізілетін қоғамдық қызметтің саласы болып
есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн нысандары
туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды
көрсеткендіктен шаруашылық механизімінің белгілі бір элементтерін құрайды.
Қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай-қаржылық қорларды
қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі болып
табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, қаржылардың ақшалай қатынастарға
негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде
көрініс табуы.
Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары
қаржылар жөніндегі ғылымның объектісі болып табылмайды. Қаржылардың
құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан бөлек
болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген экономикалық
категориялар болып табылады. Негізінде қаржылардың өзіне тән функциясы –
бөлу (жиынтық өнімді және таза табысты) және бақылау функциясы бар. Бұл
жерде автор үшінші функция жөнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сөз
қозғамаған. Ал ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция
атқарады: құн өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде;
қазына құрау құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына
қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір
шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.
Қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан айырмашылығы,
олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу немесе пайдалануға байланысты
ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекеше аясын көрсетеді. Алайда
қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық маңызын айқындай алмайтын сияқты.
Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік және кассалық жоспарларда,
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жоспарларында қатынастар
емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының сомасы көрсетіледі. Бұл
сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда оның
мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы
кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қаражаттары қорларының жиынтығы екенін
байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И.
Ресейлік ғалым Горбунова О.Н. қандай да болмасын мемлекетте жиынтық
қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу, сондай-ақ қайта бөлу процестері
ақшалай нысанда болады, ал “қаржы” термині француздың финанс, яғни
кәсіпорын, мемлекет қарамағындағы барлық ақша қаражаттарының жиынтығы мен
оларды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жүйесі болып табылды дейді [5].
Мемлекеттік қаржыларды өзінің материалдық мәні бойынша ақша
қаражаттары қорларынан тұрады және олар орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қаражаттары қорларын жұмылдыру (жинақтау), қайта
бөлу, сондай-ақ пайдалану процесіндегі қоғамдық экономикалық қатынастардың
атқарылуымен тікелей байланысты болады.
Горбунова О.Н. мемлекет өзінің экономикалық және әлеуметтік
процестерін басқару жөніндегі қызметтерінің барысында кіріс және шығыстарға
ақша нысанында, әртүрлі ақша қорларын құра отырып есеп жүргізгендей,
қаржыларды ақша қаражаттары емес, олар тек ақша қаражаттары қорларын
жинастыру, қайта бөлу және пайдалану жөніндегі адамдардың арасындағы
қатынастар болып табылады деген. Бұл жердегі көзге түсіп отырған кемшілік
қаржылар экономикалық тұрғыдан алғанда, жәй ғана қатынастар емес арнайы
экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ал материалдық мағынасына келсек, онда
қаржы тек мемлекеттің меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығы деп
айта аламыз.
Қаржылар жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты білетін
экономикалық құрал болып табылады.
Мемлекетті басқарудың ең жақсы тәсілі ақша қаражаттарының көмегімен
басқару болып есептелінеді. Ақша қаражаттарын реттей және ақша қорларын
құруға бағыттай отырып кейіннен сол құрылған қорлардан қажетті, белгіленген
тараптарға қаражаттарды біліп, пайдалану арқылы мемлекет көптеген аялардағы
қызметтерді ынталандырады немесе кейбір бағыттар бойынша тежей алады.
Ресейлік оқымысты заңгер А.Жданов қаржыларды мемлекеттің және жеке
мекемелердің ақша қорларын құру, білу және пайдалану жөніндегі экономикалық
қатынастар, ал қаржы жүйесін қаржылардың әртүрлі буындарының өзара
байланыстары мен жиынтығы ретінде түсіну қажет деп көрсеткен.
Ресейлік ғалым О.Н. Горбунова қаржы жүйесін екі тұрғыдан қарастырған:
а) әрқайсысы тиісті ақша қорларын құратын және пайдаланатын қаржылық
институттардың жиынтығы;
ә) өздерінің құзыреттерінің шегінде қаржылық қызметті жүзеге асыратын
мемлекеттік органдар мен мекемелердің жиынтығы ретінде.
Ал қаржылық институттардың жиынтығы өзіне орай мемлекеттің қаржы
жүйесін құрды
1.2. Мемлекеттің қаржылық қызметі.
Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің
түпкілікті объектісі болып есептелінеді. Қаржылық қызметінің процесінде
қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып
келеді:
1) ақша қорларын жұмылдыру (жиыстыру) функциясы;
2) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды (материалдық өндіріс
аясындағы және аясында емес) ақшалай қамтамасыз ету функциясы;
3) бақылау функциясы[6];
Бірінші функцияның мәні мынада: жаңа, қаржылар туралы сөз
қозғағанымызда мемлекеттің өз меншігіндегі ақша қаражаттары болмай,
мемлекет бола алмайды дегенбіз. Ендеше осы функция арқылы мемлекет өз
мұқтаждықтарын өтеуге қажетті ақша қаражаттарын жиыстырады және осы
қаражаттарды ақша қорларына қалыптастырады, яғни мемлекет өтеуге қажетті
ақша қаражаттарын жұмылдырады.
Бірақ біз мемлекеттің алға қойған негізгі мақсаты – тек ақша
қаражаттарын жиыстыру ғана емес екенін білеміз. Сондықтан екінші функция
мемлекеттің өзіне және өз тарапынан жасалатын қызметтеріне жұмсалатын
шығындарды өтеуге байланысты ақша қорларын пайдаланудан тұрады.
Үшінші функция мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру және білу, сондай-
ақ қандай да болмасын шаруашылық субъектілерінің осы қорлардан алған ақша
қаражаттарын мақсатқа сай пайдалануларын кезіндегі барлық әрекеттерінің
дәрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған. Аталған функциялар
туралы айта кететін бір жай бар.
Қаржылардың функциялары жөніндегі оқымысты ғалымдар әлі де пікір- талас
тудырып ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, қалыптасқан көзқарасқа келе алмай
жатқан жәйттер бар. Қазіргі қаржылардың функциялары турасында – білу және
ұдайы өндіріс атты екі концепция өмірден орын алып отыр.
Бірінші концепцияны жақтаушылар, қаржылар қоғамдық ұдайы өндірістің
екінші, яғни білу сатысында, ақша түріндегі қоғамдық өнімнің құнын білу
процесінде пайда болғандықтан, оларға тек білу функциясы ғана тән болады
деп есептейді.
Осы концепцияға сай қаржылар білу және бақылау функцияларын ғана
атқарады. Бұл жердегі қателік бірден көзге түсіп тұр, өйткені қаржылардың
басқа да білу процесіне қатысатын экономикалық (баға, ақша, жалақы төлеу,
несие т.б.) категориялар бар екенін білеміз.
Осы білу функциясының көмегімен жалпы қоғамдық өнімді және оның ең
басты білу және қайта білу процестері жүзеге асырылады. Бөлу функциясы
қаржылардың бөлу категориясы ретіндегі мағынасын ашып көрсетеді. Бақылау
функциясы, осы бөлу және қайта бөлу процестері кезінде заңдылықтың, сондай-
ақ мақсатқа сәйкестіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Ал екінші, ұдайы
өндіріс концепциясы бойынша қаржылардың үстінде аталып, қарастырылған үш
фукнциясы көрсетіледі. Бұл концепцияны қолдаушылар, қаржылар, қоғамдық
ұдайы өндіріс сатыларын (бөлу, айырбастау және тұтыну) бәрінің категориясы
болып есептелінетіндіктен, оларды тек бөлу категориясымен шектеу
дұрыс емес деп тапқан.
Олар келтірген дәлелдер мына төмендегідей болып келеді:
1) қоғамдық ұдайы өндірістің сатылары бір-бірімен тығыз байланысқан;
2) қаржылар тек қана ұдайы өндіріс сатыларын ғана қамтамасыз етіп қоймай,
қоғам өмірінің барлық аяларын қамтиды;
3) қаржылар қоғамдық өнім қозғалысының барлық сатыларында пайдаланылатын
жан-жақты бақылау құралы болып табылады.
Мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жұмылдырудың (жиыстыру) тікелей
түсім көзі материалдық өндіріс аясында жасалатын ұлттық табыс болып
есептелінеді.
Ұлттық табысты бөлу кезінде мемлекеттің, кәсіпорындар мен
бірлестіктердің және азаматтардың кірістері құралады.
Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары – бюджеттен бар
екенін білеміз. Бюджет арқылы, әр түрлі ақша қорларын құру нәтижесінде
қоғамдық өндіріске қатысушылар тапқан кірістер басқа қатысушылардың
мұқтаждықтарына пайдаланылады. Қаржылардың бақылау функциясы бар екенін
бірі мойындайды. Қаржылар белгілі жүйеден құрылатынын білеміз.
Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, білу және
пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір
қаржылық құқықтық институттардың материалдық көрінісі (қорлары) болып
табылатын қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз [7].
Ал қаржылық-экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің ақша
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда
болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Орталықтандыру дәрежесі мен
осы институттарға жататын ақша қорларының түрлері бойынша Қазақстан
Республикасының қаржы жүйесінің институттары қаржылары орталықтандырылған
және орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.
Орталықтандырылған институттар (қаржылар) мына төмендегідей болып
келеді:
1) Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар республикалық бюджет
арқылы көрсетіледі.
2) Жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті өкілді органдардың
бюджеттері арқылы көрсетіледі. Жергілікті бюджеттерге мыналар жатады:
облыстық бюджеттер; Астана және Алматы қалаларының қалалық бюджеттері;
қаладағы аудандық бюджеттер; аудандық бюджеттер.
3) Мемлекеттік банктердің қаржылары. Осы банктердің ақша қорлары мынадай
көрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор; өндірістік-әлеуметтік
даму қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры; ұзақ мерзімге несиелеу қоры;
валюталық аударым қоры; материалдық марапаттау қоры және т.б. Бұл
қорлар мемлекеттің орталықтандырылған несиелеу қорларын
қалыптастырады.
4) Мемлекеттің мүлікті жүне жеке басты міндетті сақтандыру қаржылары,
мынадай сақтандыру қорларымен көрсетіледі: жарғылық қор; сақтандыру
резервтік қоры; ағымдағы түсімдер қоры; сақтандыруды дамыту қоры;
әлеуметтік-мәдени шаралар қоры; алдын алу шараларын қаржыландыру қоры;
сақтандырудың қалпына келтіру түрлері бойынша запастағы қорлар жүйесі;
әлеуметтік бағыттағы: мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры; жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу қоры және т.б. қорлар.
Мұнда айта кететін бір жәйт бар. Банкілердің қаржыларын оқулықтарда,
көбінесе, банкілік кредит деп айтатынын көріп жүрміз. Былайша айтқанда,
банкілік қызметтің кредит (несие) беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты
көзқараспен шектеліп қоймай, бұл қаржыларды қаржы жүйесінің институты деп
алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің ссудалық қорларын кредит беру
түрінде жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды
қалыптастыратын да институт екенін көреміз. Сондай-ақ бұл институт тек
мемлекеттік банкілердің қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды.
Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке
жатпайды. Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да
осыны айтуға болады. Бүл институт қаржы жүйесінің ерекше институты ретінде
қалыптасады және оның әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып
есептелу себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-ақ
мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
Сақтандыру қызметімен айналысатын мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен
мекемелердің әрекеттері қаржылық қызметтің құрамына кірмейді, сондықтан бұл
қызметтер қаржылық құқықтың пәніне жатпайды.
Негізінде, мемлекеттік емес заңды ұйымдар мен мекемелердің және
азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары қаржылар жүйесінің құрамына
кірмесе де, олардың ақша жөніндегі қызметтері азаматтық-құқықтық
нормалармен реттелетінін білуіміз керек. Азаматтық-құқықтық әдістермен
реттеу реттеу арқылы өнім (тауар) өндірушілердің құқықтарымен мүдделері
қорғалады. Ал егер құқықтық реттеу қаржылы құқықтық әдістері арқылы жүзеге
асырылса, онда ол мемлекет мүддесін көздеу болып табылады.
Қаржылық қатынастардың тауар-ақша қатынастарынан туындайтынын және
оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан мемлекеттің қаржылық қызметінің
мақсаты тек қаржыларды қалыптастыру емес екені белгілі.
Орталықтандырылмаған институттарға (қаржыларға) мыналар жатады:
1) Мемлекеттік басқару органдарының қаржылары. Министрліктердің,
ведомстволардың және басқа да басқару орталықтарының орталықтандырылған
ақша қорларын білдіреді. Бұл салалық орталықтандырылған қорлар халық
шаруашылығы саласының немесе басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық
басқару звенолары болғандықтан министрліктер мен ведомстволардың қарамағына
берілген ақша қаражаттарынан тұрады [8].
2) Мемлекеттік шаруашылық субъектілерінің қаржылары. Осы субъектілердің,
яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорларын білдіреді:
жарғылық қор, өнеркәсіпті, ғылымды және техниканы дамыту қорлары;
резервтік қорлар және т.б.
3) Мемлекеттік қазыналық ұйымдар мен мекемелердің қорлары. Осы
субъектілердің ақша қорларымен көрсетіледі.
Қаржы жүйесі жөнінде кейінгі кезде қалыптасқан көзқарастарды салыстырмалы
талдау жасау мақсатында қарап өтеміз. Е.Б.Стародубцеваның айтуынша қаржы
жҹйесі жалпы мемлекеттік, салалық және қоғамдық қаржылық қатынастардан
тұрады, сондай-ақ оның құрылу негізіне функционалдық бағдары, аумақтар,
жүйенің бірыңғайлығы сияқты үш элемент жатады [9].

Мемлекеттің қарамағында ең мол ақша қаражаттары қорлары – бюджеттің
бар екенін білеміз. Бюджет арқылы, әр түрлі ақша қорларын құру нәтижесінде

мұқтаждықтарына пайдаланылады. Бюджеттік қаржылардың бақылау функциясы бар
екенін бәрі мойындайды. Бюджеттік қаржылар белгілі жүйеден құрылатынын
білеміз.
Бюджет жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу
және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі
бір қаржылық құқықтық институттардың материалдық көрінісі болып табылатын
бюджеттік қаржылық – экономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.
Ал бюджеттік қаржылық – экономикалық институттар дегеніміз мемлекеттің
ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында
пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы [10].
Орталықтандыру дәрежесі мен осы институттарға жататын ақша қорларының
түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің институттары
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып екіге бөлінеді.
Орталықтандырылған институттар мына төмендегідей болып келеді:
1) Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған қаржылар республикалық
бюджет арқылы көрсетіледі;
2) Жергілікті орталықтандырылған қаржылар. Жергілікті өкілді
органдардың бюджеттері арқылы көрсетіледі. Жергілікті
бюджеттерге мыналар жатады: облыстық бюджеттер; Астана және
Алматы қалаларының қалалық бюджеттері; қаладағы аудандық
бюджеттер; аудандық бюджеттер;
3) Мемлекеттік банктердің қаржылары. Осы банктердің ақша қорлары
мынадай көрініс табады: жарғылық қор; резервтік қор;
өндірістік-әлеуметтік даму қоры; қысқа мерзімге несиелеу қоры;
ұзақ мерзімге несиелеу қоры; валюталық аударым қоры;
материалдық марапаттау қоры және тағы басқалары. Бұл қорлар
мемлекеттік орталықтандырылған несиелеу қорларын
қалыптастырады;
4) Мемлекеттің мүлікті және басты міндетті сақтандыру қаржылары,
мынадай сақтандыру қорлармен көрсетіледі: жарғылық қор;
сақтандыру резервтік қоры; ағымдағы түсімдер қоры;
сақтандыруды дамыту қоры; әлеуметтік-мәдени шаралар қоры;
алдын алу шараларын қаржыландыру қоры; сақтандырудың қалпына
келтіру түрлері бойынша запастағы қорлар жүйесі; әлеуметтік
бағыттағы; мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры; жұмыспен
қамтуға жәрдемдесу қоры және тағы басқа қорлар.

көбінесе, банкілік кредит деп айтатын көріп жүрміз. Былайша айтқанда,
банкілік қызметтің кредит беру жағымен ғана шектелген. Бір жақты

алып қарасақ, онда олардың тек банкілердің ссудалық қорларын беру түрінде
жұмсайтын институт ғана емес, сонымен қатар осы қорларды қалыптастыратын да
институт екенін көреміз. Сондай-ақ бұл институт тек мемлекеттік банкілердің
қызметі мен солардың ақша қорларын қамтиды. Осы жерде айта өтерлік маңызды
жайт, банк құқығы саласының белгілі ғалымы А.А. Сейтжановтың пікірінше
... банк-кредит саласын мемлекеттік органдар тарапынан реттеу мен
қадағалауды қажет етеді [11]
Ал мемлекеттік емес банкілердің қызметтері қаржылық қызметке жайпайды.
Жеке басты және мүлікті міндетті сақтандыру институты туралы да осыны
айтуға болады. Бұл институт қаржы жүйесінің ерекше институт ретінде
қалыптасады және оның әрекеттері мемлекеттің қаржылық қызметі болып есептеу
себебі, аталмыш қызмет мемлекеттік сипатта болады, сондай-ақ мемлекеттік
органдар арқылы жүзеге асырылады.
Б.Ө. Сман Сақтандыру қызметімен айналысатын мемлекеттік емес заңды
ұйымдар мен мекемелердің әрекеттері қаржылық қызметтің құрамына кірмейді,
сондықтан бұл қызметтер қаржылық құқықтың пәніне жатпайды [12].

азаматтардың ақшалай қорлары мен қаражаттары бюджет жүйесінің құрамына

реттеу арқылы өнім өндірушілердің құқықтары мен мүдделері қорғалады. Ал
егер құқықтық реттеу бюджеттік құқық әдістері арқылы жүзеге асырылса, онда
ол мемлекет мүддесін көздеу болып табылады.
Қаржылық қатынастардың тауар-ақша қатынастарынан туындайтын және
оларға қызмет ететінін білеміз. Сондықтан мемлекеттің бюджеттік қызметінің

Орталықтандырылмаған институттарға мыналар жатады:

ведомстволардың және басқа да басқару орталықтарының
орталықтандырылған ақша қорларын білдіреді. Бұл салалық
орталықтандырылған қорлар халық шаруашылығы саласының немесе
басқа да шаруашылық жүйелерінің орталық басқару звенолары
болғандықтан министрліктер мен ведомстволардың қарамағына
берілген ақша қаражаттарынан тұрады;
2) Мемлекеттік шаруашылық субьектілерінің қаржылары. Осы
субьектілердің, яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың
ақша қорларын білдіреді: жарғылық қор, өнеркәсіпті, ғылымды және
техниканы дамыту қорлары; резервтік қорлар және тағы басқалары;
3) Мемлекеттік қазыналық ұйымдар мен мекемелердің қаржылары. Осы
субьектілердің ақша қорларымен көрсетіледі.
Қаржы жүйесі жөнінде кейінгі кезде қалыптасқан көзқарастарды
салыстырмалы талдау жасау мақсатында қарап өтеміз. Е.Б.Стародубцеваның
айтуынша бюджет жүйесі жалпы мемлекеттік, салалық және қоғамдық қаржылық
қатынастардан тұрады, сондай-ақ оның құрылу негізіне функционалдық бағдары
аумақтар, жүйенің бірыңғайлығы сияқты үш эемент жатады және мына келесідей
көрініс табады:
1. Мемлекеттік қаржылар:
- мемлекеттік бюджет;
- бюджеттен тыс қорлар;
- мемлекеттік кредит.
2. Сақтандыру:
- әлеуметтік сақтандыру;
- жеке басты сақтандыру;
- мүлікті сақтандыру;
- жауаптылықты сақтандыру;
- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдарының қаржылары:
- коммерциялық ұйымдардың қаржылары.
- коммерциялық кәсіпорындардың қаржылары;
- қоғамдық ұйымдардың және қорлардың қаржылары [13].
Осыған қоса, Е.Б.Стародубцеваның Батыс өркениетті әрі дамыған
елдердің, мысалы Англия, Франция, Италия мемлекеттерінің бюджеттік
жүйелерінің құрылымын: мемлекеттік бюджет; жергілікті қаржылар; арнайы
қорлар; мемлекеттік корпорациялардың қаржылары сияқты өте ірі және мол ақша
қаражаттары қорлары арқылы көрсетіп өткені орынды болған.
Себебі, қаржылық құқық теориясы тұрғысынан мемлекеттік емес
кәсіпорындар мен ұйымдардың, банктердің және тағы басқа ақшалай қаражаттары
қаржы терминімен қамтылмайды. Ресейлік ғалым-заңгер Карасева М.В. қазіргі
кезде Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мына келесідей біршама дербес
бөліктерден тұрады деп тұжырымдайды:
1. бюджеттік қорлар;
2. мемлекеттік тыс қорлар;
3. мемлекеттік және муниципалдық кредит;
4. сақтандыру қорлары;
5. кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылары [14].
Ал Қазақстанның бюджет жүйесі жөнінде, оның даму ерекшеліктерін ескере
отырып біздің ойымызша, мынадай тұжырым жасауға болады:
Республикалық бюджет; жергілікті өзін-өзі басқару құзырындағы
бюджеттер; мемлекеттік несиелеу қорлары; мемлекеттік сақтандыру қаржылары-
орталықтандырылған мемлекеттік қаржылар ретінде бюджет жүйесінің құрамдас
бөлігі болып табылады.
Бюджеттік құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына
белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам
өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат
деп түсінетін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функция білмейтін
адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және тағы
басқа құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Ал бюджеттік қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген
функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру
болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну
процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың
пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал
мемлекеттік бюджеттік қаржыларды жұмсау-бөлу нысанында жүзеге асырылып,
тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша
қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша
қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең
мағынада болатынын байқаймыз [15].
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де мемлекеттік
қаржыларға айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің бюджет
жүйесі арқылы ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып
отыр. Осыған байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт
өсіп отырады.
Сонымен, бюджеттік қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық.
Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде
қарастырсақ онда негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз.
Біріншіден, бюджеттік қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық

қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанындағы
ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есептелінеді.
Олар мемлекетте немесе шаруашылық субьектілерінің қарамғында әртүрлі ақша

Екіншіден, бюджеттік қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде
қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы
термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді, аумақтарды, әлеуметтік-
экономикалық және тағы басқа бағдарламаларды қаржылық ресурстармен
қамтамасыз етудің қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде бюджеттік
қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу
түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады.
Бюджеттік қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде
және шарушылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу
процестері жүзеге асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын бөлу ақшалай
табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет
деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда
туындайтын көптеген қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Сонымен,
қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынан және ақшалардың
қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік.
Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі
ақшалай қатынастар түрінде айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі [16].
В.И. Белинский бюджеттік қаржыларды экономикалық категория ретінде
және қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы
автор бюджеттік қаржыларды ақша құжаттары қорларын құру және оларды
орталықтандырылыған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде
туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Бюджеттік қаржылардың
материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар,
бюджеттік қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір
шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құндылық
категорияларымен болуы. Кейбір экономистер бюджеттік қаржыларға ақша
қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және қорларын жатқызады.
Бюджеттік қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне
ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты обьектісі ақша
қорлары болып табылады.
Ал бюджеттік қаржылардың пайдаланылуы негізіне белгілі бір кезеңдегі,
яғни қазіргі кездегі обьективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және
қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда
көрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А-Т-А) ұдайы
өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жүргізілетін қоғамдық қызметтің
саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн
нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды
көрсеткендіктен шаруашылық механизмінің белгілі бір элементтерін құрайды.
Бюджеттік қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай – бюджеттік
қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі
болып табылады [17].
Бұл жерден байқайтынымыз, бюджеттік қаржылардың ақшалай қатынастарға

қаржылар жөніндегі ғылымның обьектісі болып табылмайды. Бюджеттік
қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан
бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген
экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде бюджеттік қаржылардың
өзіне тән функциясы – бөлу және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор
үшінші функция жөнінде, яғни жұмылдыру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал
ақшалар тауар-ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн
өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау
құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.

Бюджеттік қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан
айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу және
пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекше
аясын көрсетеді. Алайда бюджеттік қаржылардың осы сипаттамасы олардың толық
маңызын айқындай алмайтын сияқты. Себебі мемлекеттік бюджетте, кредиттік
және кассалық жоспарларда мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық
жоспарларында қатынастар емес белгілі бір мөлшердегі ақша қаражаттарының
сомасы көрсетіледі. Бұл сомалардың шаруашылық қызметтердің қаржылық
нәтижесі екені белгілі.
Сондықтан бюджеттік қаржылық ресурстар деген ұғымды қарастырсақ, онда
оның мемлекет қарамағындағы немесе қандай да болмасын меншік нысанындағы

байқаймыз, деп тұжырымдайды Белинский В.И. [18].
Ал орталықтандырылмаған мемлекеттік қаржылар ретінде –
министрліктермен ведомствалардың, өзге де басқарушы, атқарушы
құрылымдардың өздеріне тән функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақша
қаражаттарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың,
корпорациялардың, мемлекеттік қазыналы кәсіпорындардың ақшалай қаражаттарын
атап көрсеткен абзал.
Республикада болып жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты қаржылық –
экономикалық институттар түрлеріне және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz