Абайдың «Қара сөздерін» қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың прагматикалық аспектілері



Аударма теориясының негізін салушы ең басты категориялардың бірі- стилистикалық, лексикалық және прагматикалық аспектілерге қатысты аудару тәсілдері және түрлері екі тілдегі сәйкестіктерге тікелей қатысты болып табылады. Бір тілден екінші тілге тәржімалауда сөз түсіру, үстемелеу, толықтыру, антонимиялық аударма, орын ауыстыру, сөз қосу, сипаттау арқылы аудару, тұтастай өзгерту сияқты трансформациялар, түптеп келгенде, аударылатын тілден сәйкес келетін баламалар мен эквиваленттер табуға байланысты. Табылған соң, қолданылатын сәйкестіктер аударманың нәтижесін, екінші тілде алынған мәтінді еркін аударма, сөзбе- сөз аударма, толыққанды аударма, сайма- сай аударма және басқа да атаулармен бағалауға мүмкіндік береді. «Қарасөздердегі» мына мәнмәтінді талдап көрелік.
Нами было проанализировано 45 слов назиданий Абая Кунанбаева с казахского языка на русский и с русского языка на английский язык. В ходе анализа было выявлено, что анализируемый текст был переведен изначально с казахского языка на русский, и только потом с русского языка на английский. Например: (четко видно)
Таким образом, прагматическими особенностями перевода является способность текста производить подобный коммуникативный эффект, вызывать у Рецептора прагматические отношения к сообщаемому, иначе говоря, осу¬ществлять прагматическое воздействие на получателя инфор-мации, называется прагматическим аспектом или прагматиче¬ским потенциалом (прагматикой) текста.
Аудармадағы лексикалық және стилистикалық сәйкестіктер мәселелері аудармашының лингвомәдени (лингвоэтникалық) құзыреті мәселесімен тығыз байланыста. Белгілі ғалым Э. Сүлейменованың аудармашының лингвомәдени құзыретінің «қостілділікке»; «кодтарды ауыстыру механизмі (диглоссия) мен екі тілді алмастырып қолдану механизміне (қостілділікке)» қатысты; сондықтан «қостілділікке диглоссия ілесе жүреді» [7, 75-77 бб.] деген көзқарастарына сүйене отырып, аударманың жоғары деңгейде (екінші тілде түпнұсқа сияқты коммуникативтік функция атқаратындай) болуы аудармашының лингвомәдени құзыретіне қатысты екендігі талдаңды.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Абайдың Қара сөздерін қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың прагматикалық аспектілері

Аударма теориясының негізін салушы ең басты категориялардың бірі- стилистикалық, лексикалық және прагматикалық аспектілерге қатысты аудару тәсілдері және түрлері екі тілдегі сәйкестіктерге тікелей қатысты болып табылады. Бір тілден екінші тілге тәржімалауда сөз түсіру, үстемелеу, толықтыру, антонимиялық аударма, орын ауыстыру, сөз қосу, сипаттау арқылы аудару, тұтастай өзгерту сияқты трансформациялар, түптеп келгенде, аударылатын тілден сәйкес келетін баламалар мен эквиваленттер табуға байланысты. Табылған соң, қолданылатын сәйкестіктер аударманың нәтижесін, екінші тілде алынған мәтінді еркін аударма, сөзбе- сөз аударма, толыққанды аударма, сайма- сай аударма және басқа да атаулармен бағалауға мүмкіндік береді. Қарасөздердегі мына мәнмәтінді талдап көрелік.
Нами было проанализировано 45 слов назиданий Абая Кунанбаева с казахского языка на русский и с русского языка на английский язык. В ходе анализа было выявлено, что анализируемый текст был переведен изначально с казахского языка на русский, и только потом с русского языка на английский. Например: (четко видно)

Таким образом, прагматическими особенностями перевода является способность текста производить подобный коммуникативный эффект, вызывать у Рецептора прагматические отношения к сообщаемому, иначе говоря, осу - ществлять прагматическое воздействие на получателя инфор - мации, называется прагматическим аспектом или прагматиче - ским потенциалом (прагматикой) текста.

Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз.
Довольствуясь внешним видом того, что охватывает взор, не пытаемся вникнуть во внутренние тайны, полагая, что ничего не теряем от этого незнания.
Satisfied with outward appearances, we make no attempt to uncover inner mysteries, in the vain belief that we shall lose nothing by such ignorance.

В оригинальном значении выражения Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық стилистическая окраска глагола тойдық в словаре Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі дает значение әбден ығыр болу, жалығу [806], в то время как в переводе на русский оно передаетсяя как утомляться, уставать от чего- либо, а на английском языке из четырех значений что даны в словаре, выражение переведено как to please someone by giving them something they want or need, что в переводе означает угождать кого-то предоставляя ему то, что он хочет или то, что ему нужно. Как мы видим, передача окрашенного глагола имеет противоположное значение, тем самым снижает эмоциональную нагрузку на глагол тойдық.

Исходный текст
Переводной текст
Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың? (10- қарасөз, 26 б.)
A good child is a joy, but a bad one is a burden. Who knows what kind of a child God will bestow on you? Or haven't you had enough of the humiliation you have had to swallow all your life? Or have you committed too few misdeeds? Why are you so eager to have a child, to rear yet another scoundrel and doom him to the selfsame humiliations? (Word-10, pp.97-98).

В переводе 1. Бала- child, жақсы- good, жаман- bad, аз- not enough, туғызу- to have a child деген сөздер мен сөз тіркестері мәнмәтіннің аудармасында сөздіктегі абсолютті сәйкестіктер болып алынған.
2. Мәтіндік (яғни, контекстуалды) сәйкестік алынған. Бұған қызық сөзінің Қарасөздердегі қолданысы дәлел бола алады. Семантикалық өрісте орналасуы бойынша қызық сөзінің ядролық мағынасымен (тартымды, тамаша) бір-бірімен қатар ауыспалы мағынада жұмсалып, семантикалық реңктерімен танылатын 20-дан астам мағынасын кездестіруге болады. (ҚТТС-6-том, 559-561 бб.). Лексикографиялық еңбектің мәліметі бойынша жан сүйсінерлік, ляззат, рахат мағынасы Абай қолданған ұғымға сәйкес келеді: қызық- joy. Контекстуалды сәйкестіктер: күйік- burden, дүние- life, иттігің аз болды ма- to commit misdeeds.
3. Сөздер мен сөйлемдердің орны ауыстырылған (баланың жақсысы- a good child- хороший ребенок)
4. Көптеген сөз тіркестері мен сөйленістер түсіріліп тасталған (... не түрлі боларың біліп сұрадың?- Who knows what kind of a child God will bestow on you? ; Оны да ит қылуға- to rear yet another scoundrel and doom him to the selfsame humiliations).
5. Кейбір толықтырулар мен сөз қосулар да бар (Who knows what kind of a child God).
6. Бірақ қалай болғанда да, бірқатар стилистикалық, сонымен қатар лексикалық аудару тәсілдеріне қарамастан, мәтіннің мазмұны толығымен сақталған.
Осы мәнмәтін түпнұсқаның қандай тәсілмен тәржімалағандығын анықтаудың біршама күрделі екендігін көрсетеді.
Дипломдық жұмыста аударудың тәсілдері мен сәйкестіктердің арасындағы қарым- қатынасты дәлелдеу мақсатында тәржімалаудың әдістері мен түрлері қарастырылады; сөзбе- сөз аударма- қальқа аударма- әріпқойлық- дәлме-дәл аударма; балама аударма- жолма- жол аударма- сайма- сай аударма; еркін аударма- адекватты аударма мәселелері бойынша ғылыми көзқарастар зерделеніп, бұл мәселелердің барлығы да қазақ аударматануында тиянақты қарастыруды қажет ететіндігі аталады.
Аудармадағы лексикалық және стилистикалық сәйкестіктер мәселелері аудармашының лингвомәдени (лингвоэтникалық) құзыреті мәселесімен тығыз байланыста. Белгілі ғалым Э. Сүлейменованың аудармашының лингвомәдени құзыретінің қостілділікке; кодтарды ауыстыру механизмі (диглоссия) мен екі тілді алмастырып қолдану механизміне (қостілділікке) қатысты; сондықтан қостілділікке диглоссия ілесе жүреді [7, 75-77 бб.] деген көзқарастарына сүйене отырып, аударманың жоғары деңгейде (екінші тілде түпнұсқа сияқты коммуникативтік функция атқаратындай) болуы аудармашының лингвомәдени құзыретіне қатысты екендігі талдаңды.
Мысалы, қазақ халқының ұғымында дүние сөзі- қазақ философиясында айырықша байқалатын, ұлттық- мәдени жүк арқалайтын концептінің бірі (дүние сөзі 23 рет қолданылған). Бұл сөзді Абай, жинақталған материалдар дәлелдеп отырғандай, мынадай мағыналарда жұмсаған:

өмір, тіршілік, жалған;
мал-мүлік, байлық;
жаратылыс, табиғат, әлем, жиһан, жер жүзі.
Екі ортада бұл дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін- бірі аңдып, біріне- бірі мақтанып... (4-қарасөз, 16 б.).
Between these two events, without fully comprehending the value and uniqueness of the life bestowed upon him, he will burn it up thoughtlessly... (Word-4, p. 86).
Дүниені бір тиын есеп көрмейтұғыны, жомарттығы, әртүрлі белгісі бойында тұрмас па еді? (30-қарасөз, 66 б.) .
My God! If he were good at heart, generous and unselfish, if he were brave and true to his, could his good points be not seen in his face? (Word-306 p. 137).
Сонымен қатар дүниенің бас-аяғы; дүниенің жарымы; дүниенің кілті; дүниенің қамын жеу; дүниенің қайғысы және т.б. қолданыстар бар.
Орыс тіліндегі аудармасында дүние сөзіне негізгі трек болып жизнь деген лексема алынған.
Біз бұл мысалдар арқылы аудармашының лингвоэтникалық құзыреті жеткілікті деп бағалай аламыз, оған себептер мыналар:
Қарасөздерде дүние- өмір - мағынасында емес, ұлттық пайымдаудан туған жалған дүние, қысқа ғұмыр, уақытша берілген өмір, оны өкінбейтіндей етіп өткізу керек деген ұғымда, философиялық реңкпен жұсалған; бұның сөдіктегі сәйкестігі былайша беріледі: deceitful life, short life және т.б. Бұндай мағынасы жоғалған аударма аудармашының қанағаттандырмаған. Сондықтан ол дүние деген сөз беретін ұғымның ұлттық- философиялық мәнін аша түсу үшін үстемелеу трансформациясын қолданып, екінші тілдегі ценности и неповторимости дарованной жизни деген лексикалық бірліктердің семантикасымен толықтыру арқылы түпнұсқадағы терең ұлттық ерекшелікті мағынасын сақтап аударуға қол жеткізе алған. Осы мысал арқылы біздің тарапымыздан: Аудармашының әрбір тілдің типологиялық құрылымын, модельденуін, функционалдық ерекшеліктерін жетік білуі; ұлттық- мәдени стереотиптерді жан-жақты оқып меңгеруі; түпнұсқа тілдегі белгілі бір мазмұнды жеткізетін сөйленісті екініші тілде қандай тілдік құралдармен берудің ерекшеліктерін мергеңгендігі; аударма саласында жинақталған тәжірибесінің болуы [8, 51-52 бб.] қажет деген тұжырымның дәлелі екендігі анықталды. Бірақ шар земной, щедрый, и бескорыстный, ключ к мировым сокровницам, печалиться о вещах, земные печали типтес баламалар Абай қолданысындағы дүние сөзінің семантикалық тереңдігі толық жеткізілмегендігіне дәлел бола алады.
Аудармадағы стилистикалық, лексикалық сәйкестіктер мәселесі аударманың бірлігі ұғымымен де тығыз байланыста болып келеді. Л. Бархударов аударманың бірлігі мәселесі: Аударма теориясындағы аса күрделі мәселе; ... аударманың бірлігін анықтауда түпнұсқаның тілдік бірліктері басшылыққа алына ма, әлде аударылатын тілдің тілдік бірліктерін назарға алу керек пе дегеннің өзі де анықталмаған дей келіп, аударманың бірлігі- екінші тілден баламасын, сәйкестігін табуға болатын түпнұсқа мәтіндегі бірлік, - деп қорытынды жасаған. [5,174-175 бб.] .
Аударма арқылы адресант- адресат; жеткізуші- қабылдаушы диллемасы пайда болады. Адамның ойлау үдерісіне тікелей қатысты тілдің негізгі функцияларының бірі- коммуникативтік функция болып табылады. Яғни тіл адамдар арасындағы қарым- қатынасты орнатады, ой алмасуды жүзеге асырады. Осындай қарапайым тұжырым тұрғысынан қарағанда, әрине, аударма да коммуникацияның бір түрі болып табылады. Дегенмен, оның бір тілде атқарылатын коммуникациядан айырмашылықтары бар және бұл айырмашылықтар қүрделі болып табылады. Себебі ол екі тілдегі тілдік бірліктердің тұрпат межесі мен мазмұн межесіне, коммуникацияны дәнекерлеуші адамның- аудармашының лингвомәдени құзыретіне (өйткені ол екі тілдегі тілдік бірліктердің тұрпат межесі мен мазмұн межесін жетік білуі қажет) байланысты болады. Аударманы коммуникацияның түрі деп тану аудармадағы аударылмайтындық, эквивалентсіз лексика, аудармадағы ақтаңдақтар құбылыстарымен, сондай- ақ аударманың түрлерімен де тығыз байланыста танылады.
Жұмыста аудармада сөз мағыналарының берілуі, сәйкестіктер туралы түсінік және сәйкестіктердің түрлері жан- жақты талданды. Ең алдымен сәйкестік ұғымының ұқсастық, теңбе- теңдік, үйлестік, бірдейлік, сәйкестік, бірдей болу, ортақтық, жақындық, аналогия, ұқсас болу деген философиялық- логикалық күрделі категорияларды білдіретін лексикалық тілдік бірліктердің денотативті мағыналарымен дәлме- дәл келетіндігі айқындалды. Жалпы алғанда, ұқсастық үшін салыстырылатын нысананың кем дегенде бір ортақ белгісі болуы қажет болса, теңбе- теңдік екі заттың, құбылыстың өзара тең болуы, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік дербестілігінің сақталуы. Тілді атамағанның өзінде қоршаған ортада абсолютті түрдегі теңбе- тең құбылыстар мен заттар бола ма, жоқ па, ол өз алдына жеке мәселе болып табылады. Осыған қарағанда, аударма теориясындағы сәйкестіктер ұғымы да біршама түрде шартты.
Шетел ғалымы Дж. Кэтфорд rank of translation (аударманың дәрежесі) қандай болу керек дегенде, көбіне- көбі формалды баламалылықты анықтап алу керек деп бағалаған [9, 91 б.]. Өйткені ол аударманы екі тілдің арасындағы белгілі бір типтердің қарым- қатынасын зерттеу деп анықтайды да , толық аударма, ішінара аударма, тұтас аударма және шектеулі аударма деген түрлерге бөліп жіктеп, бұлай топтастыруда формалды сәйкестіктер басты рөл атқарады деп қорытында жасаған болатын.
Екіншіден, аударма теориясында, оның ішінде қазақ аударматануына қатысты еңбектерде де аудармадағы сәйкестіктердің басқа да ғылыми ұғымдармен аражігі ашыла қоймаған. Мысала, бірқатар зерттеулерде баламалылық пен сәйкестіктің қатар мағынада қолданылатынын көреміз. Осыған байланысты жұмыста Я. Рецкер (заңды сәйкестіктер теориясын айтты), В. Комиссаров (эквиваленттілік), Э. Сүлейменова (контрасивті лингвистиканың аспектісі бойынша- эквиваленттілік; эквиваленттілік объектілерінің нақты бір қарым- қатынастағы теңдігі) Ю. Найда (формалды эквиваленттілік және динамикалық эквиваленттілік), Г. Каримова (ңе оңтайлы тәсіл- эквивалентті аударма), Л. С. Бархударов (толық сәйкестік, ішінара сәйкестік, сәйкестіктердің болмауы және т.б.) ғалымдардың көзқарастары терең талданып, қазақ және ағылшын тілдерінің материалдарын салыстыру негізінде, яғни бір тілден екінші тілге аудару барысында, нәтижесінде мыналар анықталды:
толық сәйкестік дегеніміз- сирек болады, бұлар, әдетте, бірмағыналас сөздер (жалқы есімдер, ғылыми терминдер, ай, апта, күн аттары); ішінара сәйкестіктер- кеңінен таралған; яғни бұлар: қосу (мысалы, мінез- character); түйісу немесе тоғысу (мысалы, стол- table);
мағынаның дифференциациясының болмауы (arm- hand); мағынаның анықталмауы; сәйкестіктердің болмауы: баламасыз лексика (жалқы есімдер, номенклатуралық атаулар, жер- су атаулары және т.б.); реалийлер (материалдық және рухани мәдениеттің әртүрлі заттарының атаулары); кездейсоқ ақтаңдақтар (лакуналар) деп атауға болатын лексикалық тілдік бірліктер болатындығы дәлелденді.
Абай Қарасөздерінің жанрлық- стильдік типі және оны аударудың ерекшеліктері лексикалық сәйкестіктерге тікелей қатысты. Өйткені аударма- тіл жүйесіне емес, мәтін ерекшеліктеріне қатысты құбылыс. Егер осылай болатын болса, онда мәтін деңгейінде фонеманың, морфеманың рөлі айтарлықтай емес, өйткені мәтін үшін негізгі - сөз және сөз тіркесі, сондай- ақ одан әрі күрделене түсетін мәнмәтін (абзай, текст, сөйлем). Осы себепті бір тілден екінші тілге аударуда мәтіннің қандай жанр үлгісі, қандай жанр типі екендігін анықтап алу осы үдерістің өзіне де, оның нәтижесіне де баға беруде маңызды болып табылады. Мұхтар Әуезовтың пікірі бойынша Қарасөздер Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі, ақынның қойын дәптері (М.С. Сильченко), өсиет- ғақлия, кеңес- әңгіме (Х.Ж. Сүйіншәлиев) педагогикалық трактат (А. Көбесов), өсиетнама (Ә. Қодар) деген пікірлер бар. Р. Сыздықтың тұжырымы - ғылыми- публицистикалық еңбек. Бұл пікір нақты пікір деп бағалаймыз.
Бірақ бұл қалай болғанда да қазақ халқының өзінікі, қазақ ұлтының өкілі қай кезеңде де Қарасөздердің негізгі мазмұнындағы барлық философиялық, өсиеттік тұжырымдарды айқын сезініп қабылдайды. Ал аудармада жеткізуде осының бәрі мүмкін бола бермейді. Өйткені бұнда бірнеше жанрлық- стильдік сипаттар шоғырланған. Аудармашы оған осы әр жанрлық- стильдік тұрғысынан қарау керек пе немесе тұтас шығарма тұрғысынан, тұтас жанрлық жиынтық тұрғысынан ала ма деген сұрақ пайда болады. Мысалы, Қарасөздердер былай делінген:

Түпнұсқада: Адам баласының ең жаманы - талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һәм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һәм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, ләкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір бәрекелдіні керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, бәрекелді деушіні көңіл іздеп тұрады (44- қарасөз, 119 б.)

Ағылшын тілінде: He is the most miserable among men who has no aspiration. Yet there are aspirations of different kinds. Those who aspire to something are not all alike in their abilities and strength of will. Talented or not, all of them like to hear praise and are eager for praise, whether merited or not (Word-44, p. 179).
Орыс тілінде: Ничтожнейший из людей тот, кто не имеет стремления. Но стремления бывают различные. И те, кто стремится к чему-либо, отличаются друг от друга по способностям и силе воли. Талантливые или бездарные, все они не прочь услышать похвалу в свой адрес. Они ждут ее, заслуженную или нет, все равно (Слово-44, с.247).

Бұл фактіден байқалатын ерекшеліктер мыналар:
Адам баласының ең жаманы деген тіркес үшін абсолютті сәйкестік болса, онда орыс тілінде самый плохой деген балама алынған болар еді. Ағылшын тіліндегі аудармасында miserable (ничтожнейший) деген балама арқылы аудармашылар түпнұсқадағы барлық стильдік реңктерді көрсетіп тұр. Сол сияқты Абай қолданған өнерлі сөзі способность емес. Немесе бәрекелді похвала емес.
Түпнұсқадағы субъектілік (талап қылушылар) объектіге айналған (стремление); тілдік бірлікке индивидуалды сәйкестік таңдалған (жаман- ничтожнейший; өнерлі, тырлаулырақ- способность, сила; орынды ма, орынсыз ба- заслуженную или нет, всё равно); бірқатар лексемалар түсіру трансформациясына ұшыраған. Бұлардың ағылшын тіліндегі көрінісі төмендегідей: жаман- miserable, яғни орыс тіліндегі аудармасы: жалкий, несчастный, ничтожный, мизерный; талапсыз- who has no aspiration, орыс тіліндегі аудармасы: у которого нет стремления достигнуть что- либо; талап қылушылар- who aspire- кто стремиться; талап- aspiration- стремление, сильное желание достигнуть чего- либо, талапты- talented- талантливый; бәрекелді- praise- похвала; достоинство, заслуга); орынды- merited- заслуженный; ал талапсыз, талапсыз болу және орынсыз деген сөздердің ағылшын тіліндегі нұсқасында аудармалары жоқ.
Мысалы тілдік аспектіден талдаудың нәтижесінде, ең алдымен, бұндай жайттардың сәйкестіктер теориясына байланысты екендігін көреміз. Сонымен қатар бұл мысал аударманы герменевтикалық жағын да айқындай түседі, яғни мәтінді түсіндіру мен интерпретациялау көзге түседі.
Сәйкестік- баламалылық- дәлме-дәлдік (адекваттылық): олардың арақатынасы және айырым белгілері- аса маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Осы айтылғандары тағы бір рет қорыта шолып шықсақ, талданып отырған ұғымдардың араласа түсіндірілетінін көреміз. Кейбір пікірлер бойынша эквиваленттілік- априори болса, кей реттерде адекватты болуды екі мәтіннің мазмұн ұқсастығы болса жеткілікті деп тұжырымдайды. Адекваттылық және эквиваленттілік деген ұғымдардың ауқымы кең, айтылатын пікірлерге қарағанда, түпнұсқа мен аударылған мәтін арасындағы мазмұндық, текстуалдық, стильдік, экспрессивтік, формалды және динамикалық, функционалдық, коммуникативтік және прагматикалық ұқсастықтардың болуы, сонымен қатар қабылдаушыда тура түпнұсқаны қалыптастыратындай әсердің жасалуы бір жағынан адекваттылық та және эквиваленттілік те. Осы мәселелердің арасында сәйкестік деген де айтылады, әрине, бұл басқа ұғымдарға қарағанда, анықтамасы біршама айқын берілген категория. Дегенмен аудармадағы сәйкестіктер- жоғарыда көрсетілгендермен тығыз байланыстағы, сол құбылыстардың деңгейі арқылы анықталатын күрделі құбылыс.
Аудармадағы сәйкестіктер бір тілден екінші тілге аудару үдерісі барысында түпнұсқаның жанрлық- типтік, ұлттық- мәдени ерекшеліктерін және аударылатын тілдің нормалары мен узусын ескере отырып аудармашы әрбір аударманың бірілігі үшін іріктеп таңдайтын екі тілдегі қатар тілдік бірліктер; осы іріктеп, таңдап алынған тілдік бірліктердің аударма нәтижесіндегі (тұтас мәтіндегі, мәнтмәтіндегі) аударманың барлық сипатын талдауға негіз болатын көрінісі деп есептеуге болады.
Публицистикалық стиль үлгісі болып табылатын 21- сөздің барлық лексикалық тілдік бірліктерін талдау барысында анықталғандар:
Бұл мәтінде лакуналар, баламасыз лексика, реалийлер үлгілері жоқ, сонымен қатар сол кезеңнің нормалық каноны болып табылатын және қазір архаизм формалар болып есептелетін лексикалық және грамматикалық тілдік бірліктер (арабизмдер, фарсизмдер) жоқ (ләкин деген сөзден басқа).
Қарасөз ауызша әдеби тілде баяндау үлгісінде жасалған. Қазақ тілінің синтаксистік құрылымының заңдылықтары сақталған.
Дипломдық жұмыста абсолютті сәйкестіктер болатын тілдік бірліктермен қатар (адам, бала, аз, көп, басқа, іздеу және т.б.) үлкендік, мақтаншақтық, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді, надан және тағы басқа типтес тілдік фактілердің ағылшын тілінде қандай баламамен берілгенін анықтау үшін семантикалық талдау жасалды. Бұған мысал ретінде үлкен деген сөздің берілуін атауға болады (кесте 1).

Кесте 1- Қарасөздерде қолданылған үлкен деген сөздің лексикографиялық сипаттамасы

Түпнұсқадағы сөз, сөз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар
Жалпы аударма теориясы
Көркем әдебиеттегі көркемдік-бейнелеу
Аударма
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Аударуманың теориялық мәселелері
Аударманың лексиколистикалық мәселелері
Лингвистикалық аударма теориясы
Аударма теориясының негізгі ұғымдары
Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері
Пәндер