Абайдың жетінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші қарасөздерінің ағылшын тілі аудармасындағы тілдік ерекшеліктері, аударма мәтініне салыстырмалы талдау жасау, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктері


КІРІСПЕ
Аударма - күрделі және көп қырлы құбылыс. Сол себепті де оны шек-шекарасы тұйықталған шеңбердің көлеміне сыйғызу немесе жариялық үлгі сұлбаға салу мүмкін емес. Аударма адамзат тарихында адамдар қауымдарының бір-бірін түсіндірудің құралы, өзара қарым-қатынас жасаудың дәнекері болып табылады.
Аударма әдебиеттің тілі - бір тілден екінші тілге ауыстырылған семиотикалық таңба белгілердің жиынтығы емес, коммуникативтік мақсаты бар тұтас құрылым. Сөз жоқ, әр жанрды немесе бір стильді дербес бөліп алып, аударма ерекшелігі тұрғысынан қарастыруға болады.
Көркем әдебиет - айрықша күрделі жанр. Оның әдебиет қисынынан туындайтын жазушылық шеберлік, әр жазушының қаламгерлік даралығы мен таланты, эстетикалық функцияны, мазмұн мен пішінді жеткізудегі жазушының танымдық-психологиялық қабілет-деңгейі сияқты сан алуан проблемалары бар. Көркем әдебиет тілінің де өзге функционалдық стильдерге қарағанда иірімі мол. Көркем әдебиет стилінің әдебиеттік, тілдік ерекшеліктері аударма әдебиетке де тән. Белгілі бір халықтың тілінде жазылған әңгіме, повесть, роман - сол халықтың ұлттық көркемөнері, туындының эстетикалық функциясы прагматикалық сипаты - баршасы тілді иеленуші халықтың рухани-мәдени ұлттық танымының үдесінен шығуды көздейді. Көркем аударманың тілі де сол мақсатқа бағындырылған. Демек, көркем аударма дегеніміз - түпнұсқаның стильдік, тілдік ерекшеліктерін түгелдей ескере отырып, оның көркемдік-идеялық қасиеттерін толық жеткізу, ұтымды етіп шығару. Осының бәрі ұштасқанда ғана аударма көркем болады.
Көркем аударма - ойды және сезімді образ арқылы белгілейтін айрықша өнер. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма - өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды ағза.
Көркем әдебиеттегі зат, кескін, құбылыс сыр-бояуларының қанық, айшықты тұрпатта болуы бейнелену құралдары арқылы іске асады, сондықтан да аударма аудармашыға қос тілдегі көркемдеу тәсілдері мен сөз өрнектерін жазбай танитын хас шебер болу міндетін жүктейді.
Аудармашының алдында қашан да өзара қарама-қайшы, бірақ диалектикалық бірліктегі үлкен мәселе тұрады: бір жағынан, түпнұсқаның «әрпін», рухын сақтау қажет, екінші жағынан, аударма жасалып отырған тілдің ерекшеліктерін, сол тілді оқуға тиіс жұртшылық талап-талғамын ескеруі қажет. Аудармашы таразының екі басын тең ұстауға тиіс [1] .
Көркем аударма мәселесі - адам баласының көптен толғандырып келе жатқан терең мәні бар ғылыми-теориялық мәселе. Оның әр алуан қиыншылықтарына байланысты, тіпті, бір тілде жасалған көркем шығарманы екінші тілде толық жеткізуге бола ма, болмай ма деген сұрақтың өзінің төңірегінде мәдениетті қауым көп заманнан бері айтысын үзген емес.
Олардың ішінде «шығарманың аударылғаны - өлгені» дейтін скептиктер де, «аударғанда шығарманың жалпы желісін, ұзын ырғасын беріп қана қою керек, бәрібір оның көркемдік бояуын жеткізу мүмкін емес» дейтін енжарлар да, «түпнұсқаның әрбір сөзін, тыныс белгілеріне дейін айнытпай орын-орнына дәл қоймаса болмайды» дейтін формалистер де және көптеген басқа пікірлер де бар [2] . Қалай да сол ескі заманның өзінде-ақ прогресшіл ұлы жазушылар шығарманың барлық көркемдік қасиеттерін сақтай отырып, бір тілден екінші тілге аударып жеткізуге болатындығын көрсетіп отырған. Абайдың карасөздері бұның айқын дәлелі бола алады. Қазіргі таңда әлемдік әдебиеттің барлығы дерлік қазақшаға орыс тілінен аударылған - небір өңдеуден өткен дүниелер. Сол сияқты қазақ әдебиетінің Абайдың қарасөздері де орыс тіліне Роллан Сейсенбаевтың көмегімен аударылған болса, орыс тілінен ағылшын тіліне Виктор Чистяков аударған. Әрине бұның объективті себептері жоқ емес, советтік дәуірдің «бір жақты» саясатының нәтижесі деп те айтуға болады: ұлттық тілдің ролі мен қолданыс аясының қаншалықты шектеулі болғандығы. Бұны қазақшадан тікелей (орыс тілінің көмегінсіз) ағылшын тіліне аударушы мамандардың дайындалмағанынан да көруге болады [3] .
Жұмыстың өзектілігі: Егеменді елдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі - дүниежүзілік ақпараттар алмасуының сапалы деңгейіне көтерілу; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде нақты ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяттарға орай соңғы онжылдық көлемінде аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса, күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әралуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, өкімдер, жарғылар мен ережелер, қатынас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарласа аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Сондай-ақ бұрын бір тілден екінші тілге аудару процесі орыс тілі мен қазақ тілінің арасында көрініс тауып келген болса, енді өзге де еуропалық тілдерден және араб, парсы, қытай жапон, түрік тілдерінен қазақ тіліне тікелей аудару тәжірибесі белгі беріп отыр. Қазақ тілінен өзге тілдерге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім-дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр, осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Байырғы тәжірибенің бір тілден екінші тілге аудару процесіндегі ортақ заңдылықтарды, тілдердің өзара ықпалдасуын, бір-біріне қарым-қатынасын ғылыми тұрғыдан қорыту егеменді Қазақстан Республикасымен рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси байланыстары орныққан халықтар мен қазақ халқы арасындағы тіларалық коммуникацияның оңтайлы, ұтымды, білікті деңгейде қалыптасуына ықпал етеді.
Ел басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынамын» дейді. Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынастар тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі [4] . Демек, ел мен елді табыстырып, халық пен халықты жақындастыруда Абайдың қарасөздері, Қазақстан мен Европаны, АҚШ-ты бір-бірімен жақындастыра түскен талай терең сезім, үлкен көрік, ірі алуан «қара сөз» деп аталатын шығармалары Роллан Сейсенбаев, Виктор Чистяков арқылы қазақтың ұлы ғаламасы Абайды ағылшынша сөйлеткен аударма өнерінің ролі айрықша екені даусыз.
Мәдениет пен тіл арасындағы қарым-қатынас мәселелерін тек аударма саласы ғана емес, сондай-ақ С. Е. Исабеков бұл мәселемен айналысатын үш сала бар екенін айтады. Олар: 1) этнолингвистика; 2) лингвоелтану; 3) мәдениетаралық қарым-қатынас (коммуникация) . Бұлардың негізгі қарастыратын мәселелері этникалық мәдениет, өзінің материалдық рухани әртүрлілігімен, (этимологиялық, тарихи, диалектілік) тілде бейнеленетін және тілде қалыптасқан халықтар мәдениетінің пайда болуы болып есептелінеді [5] . Яғни Абайдың қарасөздерін ағылшын тіліне аудару өз дәстүрімізді басқа мәдениет арқылы байытуға және дамытуға көмектеседі, әйтпесе мәдениетаралық алмасу болмаса сол халыққа ғана тән мәдениет көп уақытқа дейін нәтижелі өзгеріссіз қалып қалуы мүмкін. Ал адам қызметінің шеңбері әртүрлі халықтармен қарым-қатынас жасау одан әрі дамып отырғаны жаңа қоғамға тән.
Қазақстан Республикасының егеменді ел, халықаралық қатынастар субъектісі болуына және қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты, республикалық, мемлекеттің тілі ретінде оның халықаралық қатынастар деңгейіндегі коммуникацияда қолданылу ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Өзара қарым-қатынастың нығаюы, тіларалық байланыстардың қазақ-ағылшын қостілділігінің жандануы, дамуы осыған орай, классикалық, көркем әдеби шығармалардың саяси ақпараттардың халықаралық зор мәнділікке ие құжаттардың аралық тіл ықпалынсыз тікелей қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылуы таяу болашақта өрістей түседі.
Бір халықтан емес, тілегі бір, мүддесі бір туысқан сан халықтан сомдалған біздің қауым, тек бүгінгі сәулетті өмірде ғана - өткендегі мен қазіргінің, қазіргі мен болашақтың рухани мұраларына, сол мұралардың өшпес жұлдызы Абай сындас тарихи қайраткерлеріне бірден бір әділ де адал бағасын беріп отыр.
Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегін тебіренткен сансыз ойларын тамаша қарасөздерінің бетіне маржандай төгілдірді, оның әрбір бетінен, әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге, соншама ыстық, соншама жақын леп естіледі, ол леп өткен заманның кешегі тәркі дүниенің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнімізге қосылып, жаңғырып жаңа өріс алып тұр [6] .
Демек, халықтың ғасырлар бойы көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан даналығының қайнар көзі Абайдың қарасөздері бүгінгі күні рухани бай мұраға айналып отырғандықтан ағылшын тіліндегі аудармасы қазақи ұғымдарды аударуда қарасөздердің ауқымы ғана емес, дүниетанымдық ой-парасатының тұңғиық тереңдігіне, шарықтау шегінің биіктігіне, мазмұн-мәнінің кеңдігіне қарай айқындау зерттеудің өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты: Абайдың жетінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші қарасөздерінің ағылшын тілі аудармасындағы тілдік ерекшеліктерін ажыратып, аударма мәтініне салыстырмалы талдау жасап, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктерін айыра қарастыру. Аударманың басты шарты эмоциялық және ұлттық реңкті жеткізу. Сол шарт орындалды ма, жоқ па, соны бақылау болып табылады. Ұлттық реңктегі тілдік белгіні басқа тілге аудару кезінде басты ұстаным - оның ішкі мәдени коннотациясын, мәдени прагматикасын беру болуы қажет. Бұл аудармашының мәдениет туралы қорының, білімінің сай болуын талап етеді.
Жұмыстың міндеті: Тәржіманың алдында екі жақты, бір-біріне ауыр, екеуінің де таразысы тең қос міндет тұр: біріншіден, түпнұсқаның мазмұны, сюжеті, түпнұсқа авторының негізгі идеясы толық сақталғандығына көз жеткізу; екіншіден, аударылған тілде қазақ тілінің табиғи заңдылықтарын, нормаларын қадағалау. Сонымен қатар, мәдениетаралық және тіларалық байланыстардың нәтижесі - аударманың ұлттық мәдениетке ықпалын межелеу, көркем аударма материалдары негізінде аудармадағы сөз таңдау, сәйкестік заңдылықтарын айқындау.
Өзге тілге өзінің негізгі ана тілінен аударылған материалдарды оқу барысында қабылдаушыға тілдік-стильдік кедергілер кездеспеуі керек. Қабылдаушының ұлттық ерекшеліктері ескерілуге тиіс.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Ұлы ақын қарасөздері тілін зерттеп қарастырудың әрі практикалық, әрі ғылыми мәні зор: ғылыми немесе теориялық мәні - қазақ әдеби тіл тарихын жасауда ақын шығармаларының тілінің алатын орнымен өлшенбек; практикалық мәні - ақын қарасөздерін мектепте өткенде оның тілінен мүмкіндігінше толық мәлімет беру қажеттігінен көрінбек. Осы ретте біз жоғарғы мақсаттардың қай-қайсысына болмасын септігі тиеді деген оймен, Абайдың қарасөздерінің ағылшын тіліндегі аудармасындағы тілдік ерекшеліктердің түріне тоқталмақты лайық көрдік.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АУДАРМАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАНЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Абай қарасөздері - Абайдың философиялық көзқарастары жайлы нақты деректер береді және ақынның шығармашылық лабораториясын ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Абай қарасөздерінде кемеліне келген ғұламаның күрделі ойлары сақталған. Оны асықпай оқыған сауатты жанның аңғармауы мүмкін емес [7] .
1. 1 Абайдың қарасөздеріндегі философиялық, танымдық және тілдік ерекшеліктер
Қарасөз - философиялық, тарихи-танымдық толғам. Қазақ поэзиясын, Абай тұңғыш рет терең философиялық қуатты оймен суарды [8] . Абайдың 45 сөзден тұратын қара сөзбен жазылған «Ғақлиялары» - ақынның философиялық көзқарасының мәйегі, өзінің мәні мен тұжырымдарының тереңдігі жағынан ұлттық мәдениет шегінен әлдеқайда асып түсіп жатқан маңызды мұра. Бұл «Сөздер» қазақ халқының сан ғасырғы тәжірибесінен (мәдениет, тарих, дәстүр, әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттер т. б. ), адам және адамзат туралы ойларынан сусындаған. О. А. Сегізбаев, өзінің бұдан кейінгі зерттеулерінде: «Абай Құнанбаев философиясының мәнін толық аштық деу әлі ерте . . . Абай философиясының мазмұнын барынша толық ашу үшін оның шығармаларының шығыс, орыс және дүниежүзілік философияның мәдениетімен байланысын мейлінше терең зерттеу қажет, ал бұл әлі жеткілікті деңгейде қолға алынбаған нәрсе» деп мойындайды [9] .
Бұлардың сыртында тәржімашы тарапынан да тағы бір ескерілетін жайт: Абай қарасөздерінің философиялық, танымдық ерекшеліктері сияқты жанрдың Шығыс және Батыс әдебиетінде туу тарихынан ғылыми-тарихи мәлімет беру болмақ [10] . Біздің ойымызша, Абай қарасөздерін басқа ұлт өкілдеріне таныстыруда, «Абай қарасөздерінің философиялық, танымдық және тілдік ерекшеліктері» деген тақырып бойынша жұмыс істеуден кілт бастамай, кіріспе есепті ақын творчествосының беташары іспетті өзге тақырыппен бастау керек. Бұл ретте Абай қарасөздерінің философиясымен байланыстырып, өзге ұлт рецепторына қарасөздердің не үшін керектігін, ақындықтың қандай мақсатпен қызметке жегілгенін жеткізуді негізгі мақсатқа алу керек.
Заманымыздың көрнекті ғалымы Мұхтар Омарханұлы Әуезов ұлы ақын жасаған дәуірді былай сипаттайды: «Мәдениет, өнер-білімге кенжелеп, артта қалған ел-жұрт бар. Қыс жұты, жаз індетімен аралас ел шаруасының құтын шайқап, барымта жасап, бақталасқан туған әлек, лаң әкеліп, соны қалың ел ортасына пәле ғып тастап, сол арқылы момын еңбекші есесіз көпті жеп жүрген, қанап, тонап, сорлатып жүрген атқамінер шонжар бар. Өздері - надан, өздері - ел тағдыры, халық қамы дегенді ойламайтын дүлей, қараңғы тап. Олар бастаған ел көшінің барар беті - қараңғы, екіталай тығырық». Міне, табан астынан әріні көрсетпеген қараңғылық, осы қараңғылықта талауда жүрген момын жұрт, күйті де күйбен тіршілікті місе тұтқан, тіпті соны бір артықшылық көрген қораш мүдде, қораш қам иесі - міне, қазақтың осы жетім тіршілігі Абайды ақындық жолға әкеп салды. Абай бұл жолды - ақындықты - қоғамға азаматтық қарыздарлығын өтеу құралы ретінде таңдады. Ақындық программасын жасады. Ол программа қауымды, өз отандастарын тәрбиелеуді мақсат етті. Ақын заманды түзетпек болды. Абай әдебиетті қараңғы қауым үшін тәрбиеші ретінде қызметке пайдаланғанда, ол өз творчествосының өзекті бір саласы етіп өсиет поэзиясы мен қарасөзді таңдады. «Өсиет өлең халық дертінің тарих қайшылықтарының бәрін емдеп, тазартатын өзгеше құралы деп білді». Өйткені сол кезде қазақ халқының көпшілік бұқара қауымының мәдени өресі әдебиет мектебінен осындай үлгідегі сөз сабағын керек ететін дәрежеде болатын. Данышпан ақын осы тарихи шындық шегінен асып кете алмады: осы тарихи шындық ақынды заманының өресіне лайық әдеби үлгіні қару етіп, тар өрістіліктің негізгі тамыры - надандыққа соққы беруге міндеттеді, мәдениетте, ой-санада, жалпы қоғамда артта қалған халықтың түсінігіне қозғау салу үшін, құлақ түбінен дауыстап, таза ақыл күйіндегі үгіт, насихат, өнеге сөзін айтатын ақылгөй азамат болуды талап етті. Осы талаппен көп-көп өлеңдер жазды. Бірақ «Абай өзінің сөздерінің көптен-көбін заманындағы оқушы мен тыңдаушыларына үнемі түсінікті болмайтындай көреді, онысы - анығында да, солай да еді . . . Кейбір терең өсиет, озғын ойлары мұның тыңдаушыларының санасына жетпеуге мүмкін. Сол себепті де өлең сөздерінде ұзақтап, тереңдеп айтылған кейбір ағартушылық, адамгершілік үлкен ойлары мен қоғамдық тартыстың қайшылықтарын ашатын анық шыншыл және күшті азаматтық сындарын қарасөздерінде оңайлатып айтады» дейді М. Әуезов.
Басты ескерілетін нәрсе - заманынан, ортасынан озып шығып, сол ортаға: дүлей надандық қоршауында күнделікті тіршілік қамы, жазғы мал өрісі - жайлау үшін, қысқы мал тебіні - қыстау - ықтасын үшін, осы екі қамға тоғысар ел талау құралы - надан, созыр билік-мансап үшін алыс-жұлыспен жүрген; дау-шар, партия бодау-барымта, ұрлық-зорлық негізгі әрекет - кәсіп болған: ғылымнан ада, озғын көрші елдер тауып отырған еңбек-қарекет түрлерінен, өнер түрінен алған түк үлгісі жоқ, болашақ туралы саналы ой жоқ ортаға «үлы зарын, үлкен мұңын, қалың арманын» арнап, соларды түзеу үшін күрескен Абайды көріп отыру, осы күресте Абай ақындарының сыншы, тәрбиеші құрал қызметіне жегілуін көріп отыру, ақын сөзінің халық бойындағы неше алуан мін-дертке ем-дару ретінде жұмсалған, сондай қызметі көп болғанын көріп отыру - міне, осылардың ескерілуі керек болады [10] .
Абай қарасөздерінде философиялық айқындық пен тереңдікке қатты бет бұрды. Ұлы ақынның қай-қайсысы да шалқар философиялық ой тұнығымен жан суарған. Шығыс пен Батыстың философиялық идеялары, ақын қарасөздерінде, терең толғаныс елегінен өтіп, тың тынысты жаңа ойларға ұмтылыс жасайды. Абай шығармашылық өмірінде Шығыстың ұлы ақындары - Омар Хайям, Рудаки, Руми, Яссауилермен сұхбат-кеңесті мол өткізді. Абайдың философиялық толғаулары, өмірге өзінше қарау, адамның тіршіліктегі позициясын айқындау [8] .
Абайдың философиясы, тіпті оның дүниетанымымен де ортақтасатын жақтары барлығын Абайда өзекті желідей таратылатын камили инсани, яки толық адам немесе инсанияттың кәмәлаттығы 1 мен бенделіктің кәмәлаттығы жайлы ой толғаныстары да қарасөздерде де айғақтап жатады. Исламият әлеміндегі «ал-инсан ал-камил» 2 мәселесін мораль философиясы негізінде қалыптастырған әрі осы ілім саласын ғасырлар бойы насихаттап дамытушылар да софылық әдебиет өкілдері болатұғын. Дәл осы мәселеге Абайдың 38 қарасөзінде тікелей пікір айтылып, өз қарым-қатынасын анық аңғартатыны бар. Өйткені осы қарасөзінде Абай таратып отырған ой пікірдің басты сарыны ұлы ақынның « . . . діни сенімді адамгершілік моральдың жоғары түрі деп ұғатыны», - белгі беріп отырады.
Суфизм тарихында «ал-инсан ал-камил» (совершенного человека) танымы 13-14 ғасырда толық қалыптасып шешек атқан заманы болатын-ды. Бұл таным адамгершілік мұрат-мақсат тұрғысынан Шығыстың классик ақындары мен ғұлама ғалымдарының Аристотель, Камю, Сарттың шығармаларында толық көрініс тапса, кейіннен Европа ғалымдары тарапынан да әрқилы пікір айтылып жатты. Абай да өзінің қарасөздерінде суфизм, жалпы философия, дін, таным туралы ой түйеді. 38-қарасөзінде Алланы тану жөнінде пікір білдіргенде, Абай Алланың бойындағы сегіз сипатқа, олар: хаят (өмір), ғылым, құдірет, көру, есіту, тілек, сөз болдыру , қосымша ретінде өз тарапынан нақылия 3 , ғақылия 4 дәлелдерге сүйене отырып екі сипатты: 1) Әділет ; 2) Рахымды қосып, он сипатқа жеткізеді. Ал сегіз сипаттың ішінен құдірет пен ғылымның баламасы ретінде ақылды бөліп алады да оны өзі ұсынған екі сипатпен біріктіріп,
оларға ерекше мән беріп үш сипатқа:
1) ақыл
2) әділет
3) рахым
деп саралайды да, осы үш сипатты бойына дарытқан адам ғана Абайдың ойынша толық адам болмақ. Осы сипаттың ішіндегі рахымға Абай айрықша мән беріп, оны жүректің баламасы ретінде тануы себепті:
1 Кәмәлаттығы - жетілу, толығу.
2 «Ал-инсан ал-камил» - «толық адам» ой толғаныстары
3 Нақылия (арабша) - дәстүрге сүйенген ғылым, дәстүрлі сөздер.
4 Ғақылия (арабша) - ақылмен не оймен түсіну.
Қайрат пен ақыл жол табар.
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шафғат 1 кімде бар
Сол жарасар туғанға, -
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz