Абай «Қарасөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.1 Аудармадағы сәйкестіктер. аударматану ғылымының негізгі категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Прагматика туралы түсінік және оның теориялық негіздерінің бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПӘЛСАПАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.1 Абай шығармаларының пәлсапалық көзқарастар сипаттамасы ... ... ...
2.2 Абай қарасөздерінің философиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ...
2.3Абай философиясындағы адам мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3. АБАЙДЫҢ «ҚАРА СӨЗДЕРІН» ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ..15
3.1 Абай қарасөздерінің ағылшын тіліне аудармасындағы лексикалық және стилистикалық сәйкестіктердің жалпы сипаттамасы
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысы қазақтың ұлы ақыны, философ- ойшыл Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерінің» ағылшын тіліндегі аудармасына арнайы талдама жұмысын жасау арқылы қазақ аударматануы ғылымындағы зерттелмеген мәселелердің бірі- түпнұсқа мен аударылған мәтін арасындағы прагматикалық, стилистикалық, сонымен қатар лексикалық сәйкестіктерді теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеп, жан-жақты талқылауға бағытталған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасында сындарлы жүзеге асырылып келе жатқан ішкі және сыртқы саясаттан бастау алып отырған жайттардың бірі- қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті нұсқаларын әлем кеңістігіне шығару, өз еліміздің өкілдеріне кеңінен насихаттау. Осы тұрғыдан Абай мұраларын тарату, ұлттық танымның, ұлт мәдениетінің қайнаркөзі ретінде насихаттау мәселесі өзектілік танытуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған үштұғырлы тіл саястын дамыту мақсатында да Абай «Қара сөздерінің» ағылшын тіліне аударылған нұсқасы лингводидактикалық қайнаркөз ретінде пайдалану тиімді әрі құнды материал болып табылады.
Қазақ ұлтының көрнекті өкілі, әлемдік деңгейде мойындалған ұлы ақын, жазушы, данышпан, ойшыл-философ Абай Құнанбаев шығармаларының тілдік-құрылымдық сипаты, басқа шет тілдерге аударылуы қазақ тіл білімінде тіл тарихы, әдеби тілдің даму динамикасы, салыстырмалы тіл білімі аспектілерінде, сондай- ақ әдебиеттану, философия ғылымдары аясында да бірқатар қарастырылған. Дегенмен қазақ ғалымы, академик Р. Сыздықтың көрсетуі бойынша: «Абай тілін танып- таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, біралуан еңбектер ұсынғанымен, әлі де арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз» [1, 401 б.].
Қазақ мәдениетінде аударматану ғылымы- енді- енді өрістеп келе жатқан сала. Бұл бағытта біралуан ғылыми тұжырымдар сараланғанымен, қазақ тілінен басқа тілдерге тәржімалаудың үдерісі мен нәтижесіндегі ұлттық ерекшеліктердің, аударылған мәтінде сақталуға тиісті ұлттық- мәдени, когнитивті сипаттардың көрінісі, сондай- ақ аударматанудың негізгі түсініктерінің бірі- лексикалық сәйкестіктерді зерделеу сөз болып отырған саланың жалпы және дербес теориялық тұжырымдарын дамыту және жетілдіру үшін аса маңызды.
1 Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі.- Алматы: «Арыс» баспасы, 2004.- 616 б.
2 Гумбольт В. Язык и философия культуры.- М.: Прогресс, 1985.- 456с.
3 JakobsonR. (1970). Linguistics in its Relations on other Sciences // Main Trends of Research in the Social and Human Sciences: Part one: Social Scinces.- Paris; The Hague: Mounton, 1970.
4 Әуезов М. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері.- Жинақ: Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы).- Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1957.- 170 б.
5 Бархударов Л.С. Язык и перевод (Вопросы общей и частной теории перевода).- М.: Международные отношения, 1975.- 240 с.
6 Комиссаров В.Н. Слово о переводе (Очерк лингвистического учения о переводе).- М.: Международные отношения, 1973.- 214 с.
7 Сулейменова Э.Д. Казахский и русский языки: основы контрастивной лингвистики. 2-е изд.- Алматы: Демеу, 1996.- 208 с.
8 Catford, John C. (1965) A Linguistic Theory of Translation: an Essay on Applied Linguistics, London: Oxford University Press.
10 Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері.- Кітапта.: Бисенғали З., Манкеева Ж. Қазақ филологиясы: егіз негіз (ғылыми мақалалар жинағы).- Алматы: Арыс, 2010.- 352 бет.
11 Виноградов В.С. Лексические вопросы перевода художественной прозы.- М., 1978.- 174 с.
12 Абай тілінің сөздігі. Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы.- Алматы, 1968.- 735 б.
13 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 10 томдық.- Алматы, Ғылым, 1976- 1986 жж.
14 Большой англо- русский словарь: в 2-х т. Ок. 160 000 слов/ Ю.Д. Апресян, И.Р. Гальперин, Р.С. Гинзбург и др. под общ. рук. И.Р. Гальперина и Э.М. Медниковой.- 4-е изд., испр,. С дополнением- М.:Рус.яз.,1987 Т.I, Т.II.
15 Словарь русского языка.- В 4-х томах.- М.: Русский язык, 1981
16 Бектаев Қ. «Сөздік» Үлкен Қазақша- орысша орысша- қазақша сөздік. Алматы: 2007.- 712 б.
17 The Pocket Oxford Russian Dictionary. 2-е изд. М., 2004
18 Ағылшынша- қазақша сөздік. Алматы: Мектеп, 2006.- 400 б.
19 Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, «Арыс», 1998. – 215 б.
20 Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату: Оқулық. – Астана: ТОО «Искандер Ко», 2005. – 142 б.
21 Абай Құнанбаевтың қарасөздеріндегі дидактикалық идеялар Жұбанов тағылымы: VI-халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Ақтөбе, 2005. – 431 б.
22 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». – Астана, 2007. – 56 б.
23 Қазақстан Республикасы ғаламдық мәдениетаралық кеңістікте, 2 бөлім. – Алматы, 2003. – 338 б.
24 Абай. Өлеңдер. – Алматы, «Жазушы», 1976. – 240 б.
25 Бисенғали З.К. М.Әуезов Абай қарасөздері туралы. – Қазақ тілі мен әдебиеті, 2003 №8. – 33 б.
26 Абай. Қара сөз Книга слов. – Семей, «Халықаралық Абай клубы», 2007. – 368 б.
27 Нұрғалиев Р.Н. Абай Энциклопедия. – Алматы, «Атамұра», 1995. – 665 б.
28 Құлмат Әмірәлиев Абай афоризмі. – Алматы, «Қазақстан», 1993.- 231 б.
29 Абай журналы. – Семей, 1996 №1(29). – 97 б.
30 Мекемтас Мырзахметұлы Абай және Шығыс. – Алматы, «Қазақстан», 1994. – 208 б.
31 Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 3 том. – Алматы, Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1978. – 768 б.
32 Ахметов З., Қирабаев С. Абай Құнанбайұлы шығармаларының екі томдық толық жинағы / Қаз. Респ. Ұлттық ғылым акад. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ин-ты. – Алматы, «Жазушы», 1995. – 384 б.
33 Сейсенбаев Роллан Abai Books of words. – Семей, «Аманат», 2005. – 360 б.
34 Оңдасынов Н.Р. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. – Алматы, «Мектеп», 1989. – 140 б.
35 Қазақ совет энциклопедиясы 10 том. – Алматы, 1977. – 456 б.
36 Колшанский Г.В. Объективная картина мира в познаний и языке. – Москва, «URSS», 2005. – 355 стр.
37 Геляева А.Н. Человек в языковой картине мира. – Нальчик, 2002. – 280 стр.
38 Әуезов М.О. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеу. – Алматы, «Санат», 1995. – 266 б.
39 Әуезов М.О. Көркем аударма жайындағы ойлар. - Әлем әдебиеті, 2007 №4. – 98 б.
40 Сарындық салтанаты: Абайдың аудармашылық алыптығы. Абдрахманов Сауытбек. – Егемен Қазақстан, 2007/29 тамыз. – 55 б.
41 Абай журналы. – Семей, 2004 №4. – 98 б.
42 Түретаева Г.І. Абай Құнанбаев шығармаларындағы дидактикалық ойлар. – Алматы, 2005. – 30 б.
43 Аханов К.А. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, «Санат», 2003. – 420 б.
44 Хасенов Әмеди Тіл білімі. – Алматы, «Санат», 1996. – 337 б.
45 Қазыбек Г.Қ. Көркем аударма тәжірибесі. – Алматы, «Қазақ университеті», 2005. – 311 б.
46 Абдрахманов Сауытбек Тәржіме туралы толғансақ. – Ақиқат журналы, 2007 №10. – 76 б.
47 Абдрахманов Сауытбек Аударма ағаттықтарының типологиясы. – Жалын журналы, 2007 №9. – 81 б.
48 Абай. Қара сөздер. – Алматы, 1993. – 363 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

1.1 Аудармадағы сәйкестіктер- аударматану ғылымының негізгі категориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

1.2 Прагматика туралы түсінік және оның теориялық негіздерінің бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

2. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПӘЛСАПАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2.1 Абай шығармаларының пәлсапалық көзқарастар сипаттамасы ... ... ...
2.2 Абай қарасөздерінің философиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ..
2.3Абай философиясындағы адам мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗДЕРІН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ..15

3.1 Абай қарасөздерінің ағылшын тіліне аудармасындағы лексикалық және стилистикалық сәйкестіктердің жалпы сипаттамасы

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысы қазақтың ұлы ақыны, философ- ойшыл Абай Құнанбаевтың Қара сөздерінің ағылшын тіліндегі аудармасына арнайы талдама жұмысын жасау арқылы қазақ аударматануы ғылымындағы зерттелмеген мәселелердің бірі- түпнұсқа мен аударылған мәтін арасындағы прагматикалық, стилистикалық, сонымен қатар лексикалық сәйкестіктерді теориялық және практикалық тұрғыдан зерделеп, жан-жақты талқылауға бағытталған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасында сындарлы жүзеге асырылып келе жатқан ішкі және сыртқы саясаттан бастау алып отырған жайттардың бірі- қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті нұсқаларын әлем кеңістігіне шығару, өз еліміздің өкілдеріне кеңінен насихаттау. Осы тұрғыдан Абай мұраларын тарату, ұлттық танымның, ұлт мәдениетінің қайнаркөзі ретінде насихаттау мәселесі өзектілік танытуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған үштұғырлы тіл саястын дамыту мақсатында да Абай Қара сөздерінің ағылшын тіліне аударылған нұсқасы лингводидактикалық қайнаркөз ретінде пайдалану тиімді әрі құнды материал болып табылады.
Қазақ ұлтының көрнекті өкілі, әлемдік деңгейде мойындалған ұлы ақын, жазушы, данышпан, ойшыл-философ Абай Құнанбаев шығармаларының тілдік-құрылымдық сипаты, басқа шет тілдерге аударылуы қазақ тіл білімінде тіл тарихы, әдеби тілдің даму динамикасы, салыстырмалы тіл білімі аспектілерінде, сондай- ақ әдебиеттану, философия ғылымдары аясында да бірқатар қарастырылған. Дегенмен қазақ ғалымы, академик Р. Сыздықтың көрсетуі бойынша: Абай тілін танып- таныту саласы өзінің зерттеу нысаналары мен әдістерін, сондай- ақ жеке және жалпы мәселелерін біршама анықтап, біралуан еңбектер ұсынғанымен, әлі де арнайы жүргізілетін зерттеулердің қажеттігі даусыз [1, 401 б.].
Қазақ мәдениетінде аударматану ғылымы- енді- енді өрістеп келе жатқан сала. Бұл бағытта біралуан ғылыми тұжырымдар сараланғанымен, қазақ тілінен басқа тілдерге тәржімалаудың үдерісі мен нәтижесіндегі ұлттық ерекшеліктердің, аударылған мәтінде сақталуға тиісті ұлттық- мәдени, когнитивті сипаттардың көрінісі, сондай- ақ аударматанудың негізгі түсініктерінің бірі- лексикалық сәйкестіктерді зерделеу сөз болып отырған саланың жалпы және дербес теориялық тұжырымдарын дамыту және жетілдіру үшін аса маңызды.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаттары (Название дипломной) мен міндеттері (задачи по разделам). Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу мақсаты- Абай Қарасөздерінің ағылшын тіліне аударылған нұсқасындағы прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лексикалық және стилистикалық жағынан қарастырылған сәйкестіктерді анықтау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясы мен практикасына қатысты жалпы тұжырымдар жасау, осы мүдеде төмендегідей міндеттер ілгері шығарылады:
Аудармадағы сәйкестіктер мен аударматану ғылымының негізгі категорияларын анықтау;
Прагматика ұғымына түсінік беріп, оның теориялық негіздерінің бағыттарын көрсету;
Абай шығармаларының пәлсапалық көзқарастар сипаттамаларын зерделеп салыстыру;
Абай қарасөздерінің философиясындағы адам мәселесі мен надандық мәселесі ерекшеліктерін түсініп білу;
Абай қарасөздерінің қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың прагматикалық аспетілерін жан- жақты зерделеп, талдау жасау;
Бір тілден екінші тілге аудару үдерісіндегі негізгі категориялардың бірі- аудармадағы сәйкестіктер мен ерекшеліктер жөнінде әлемдік лингвистика мен қазақ тілтанымы саласындағы теориялық, сонымен қатар практикалық тұжырымдар мен ғылыми көзқарастар, өзге де құнды мәліметтер мен деректерді жан-жақты жете зерделеу;
Аударматану ғылымының ең негізгі категорияларының бірі- сәйкестіктердің толық сипатын ашу, аудармадағы сәйкестіктердің аударманың үдерісі мен нәтижесіне тікелей қатысты басқа ұғымдармен (аударманың түрлері, аудармашының линговомәдени құзыреті, аудармадағы баламалылық, толыққандылық және т.б.) байланысы мен айырым белгілерін анықтау;
Аудармадағы сәйкестіктер тікелей тәуелді болып саналатындықтан, Абай Қарасөздерінің жанрлық-стильдік типін анықтап білу;
Абай Қарасөздерін ағылшын тіліне аударудағы абсолютті, контекстуалды және ішінара сәйкестіктер тобын саралау;
Қарасөздерде концептілік мазмұнға және ұлттық-мәдени мазмұнға ие ұғымдардың ағылшын тіліндегі сәйкестіктерін анықтау, олардың іріктелу себептерін трансформация, аудару тәсілдері арқылы дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысы үшін негіз болған дереккөздер: Абай Құнанбайұлы шығармаларының екі томдық толық жинағы (Алматы, 2004); Абай. Книга слов. Перевод с казахского К. Серикбаевой, Р. Сейсенбаева (Алматы, 1993); Abay. Bookofwords. RichardMcKane(Семей, 2005); негізгі түпнұсқа мен аударылған мәтінді зерттеу барысында қазақ, ағылшын, орыс тілдері бойынша лексикографиялық еңбектердің материалдары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Дипломдық жұмыста қорыту, баяндау, салғастырмалы талдау, философиялық талдау, прагматикалық талдау әдістері пайдаланылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар (результаты):
Аудармадағы сәйкестіктер- аударматану ғылымының басты категорияларының бірі, ол баламалылық, толыққандылық, дәлме- дәлдік сияқты ұғымдармен және аударма жасау тәсілдерімен (еркін, сөзбе- сөз, баламалылық және т.б.) тығыз байланыстағы күрделі құбылыс.
Аудармадағы сәйкестіктер дегеніміз- аударманы коммуникацияның бір түрі ретінде тани отырып, түпнұсқа мәтіннің жанрлық- стильдік ерекшеліктерін, ұлттық- мәдени, когнитивті парадигмаларын ескеру нәтижесінде осы аталғандарға сәйкес аудару тәсілдерін кешенді түрде игеру арқылы екінші тілде сәйкес тілдік бірлік (аударманың бірлігін) таңдау. Басқаша айтқанда, бір жанрлық- стильдік типтегі мәтінде бірнеше аудару тәсілдері араласа жүріп, сөз таңдаудың- сәйкестіктер табудың жоғары дәрежесіне қол жеткізуге үлес қоса алады.
Абай Құнанбаевтың Қара сөздерінің ағылшын тіліне аудармасы- абсолютті, контекстуалды сәйкестіктер арқылы жасалған толыққанды аударма үлгісі.
Қара сөздердің ағылшынша аудармасында лексикалық және стилистикалық сәйкестіктерді табудың алты типі кездеседі, олар: абсолютті сәйкестіктер немесе сөздіктегі сәйкестіктер; гиперо- гипонимдік сәйкестіктер; контекстің мазмұны арқылы жеке сөздер мен сөз тіркестеріне баламалар жасау; индивидуалды сәйкестіктер; тұрақты тіркестердің сәйкестіктері; ұлттық- мәдени мазмұнға ие сөздердің сәйкестіктері.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.Дипломдық жұмыс Абай Қара сөздерінің ағылшын тілінде жасалған аудармасының тілдік- концептілік ерекшеліктерін кешенді түрде жинақтап тұжырымдау арқылы қазақ аударматану ғылымының дербес теориясына қатысты аудармадағы сәйкестіктер мәселесі бойынша (нақтылануы, басқа категориялық ұғымдармен арақатысы, сәйкестіктерді табудағы ұлттық- танымдық ерекшеліктердің және екінші тілдің лексикалық- семантикалық құрылымының ықпалы) теориялық тұжырымдар ұсынылған және практикалық тәжірибе жинақталған алғашқы еңбек болып табылады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Дипломдық жұмыста анықталған мәселелер, бір тілден екінші тілге аудару үдерісі мен нәтижесіндегі лексикалық сәйкестіктерді нақты мәтін көлемінде кешенді зерттеу қазақ аударматану ғылымының лингвистикалық дербес теориясының проблемаларын нақтылауға үлес қоса алады.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.Дипломдық жұмыста ұсынылған тұжырымдарды, кешенді түрде жинақталған тілдік фактілерді салыстырмалы тіл білімі, аударматану, лингвомәдениеттану салалары бойынша жоғары оқу орындарында дәрістер мен семинарлар жүргізуде, бір тілден екінші тілге аударудың тәсілдері мен түрлеріне қатысты мағлұматтарды және тілдік фактілерді ағылшын тілін оқыту дәрісханаларында, қазақша- ағылшынша лексикографиялық еңбектер түзуде пайдалануға болады (лингвокультурологические справочники).
Зерттеу жұмысының құрылымы.Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшылардан тұрады.
Кіріспе бөлімде дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы, зерттеу жұмысының өзектілігі, зерттеудің нысанасы мен пәні, зерттеудің мақсат- міндеттері және әдіснамалық негіздері, қолданылған әдістер, жұмыстың теориялық жаңалығы мен практикалық маңызы, дереккөздер, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, жұмыстық мақұлданымы және құрылымы баяндалады.

1 КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ АУДАРУДЫҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Аудармадағы сәйкестіктер- аударматану ғылымының негізгі категориясы

Бір тілден екінші тілге аударылған мәтін жайында жазылған еңбектердің барлығында да сәйкестік, сәйкес болуы қажет, теңбе-теңдік, барабарлық, сайма-сайлық, баламалылық дегендер сияқты ұғымдар мен түсініктер аталады. Бір байқағанда, мәселе түсінікті сияқты болып көрінеді, алайда біздің тарапымыздан жүргізілген зерделеу арқылы көптеген жайттарды нақтылаудың қажеттілігі белгілі болып отыр. Ең алдымен бұл мәселені анықтап алу үшін аударманың жалпы теориялық мәселелеріне тоқталып, тұжырымдар жасау қажет болады деп санаймыз.
Қазіргі тіл білімі қарастырып отырған және алдағы уақытта зерделенуі қажетті көптеген мәселелердің қатарында аударма деп аталатын тіларалық қызметтің прагматикалық және лингвистикалық аспектілерін зерттеу маңызды орын алып отыр, өйткені бұл мәдениеттердің байланысына, жаһандану үдерісіне тікелей қатысты. Бір тілден екінші тілге аударудың тілге қатысты мәселелерімен Ұлыбритания, Канада, Болгария, Франция, АҚШ, Ресей және көптеген басқа да елдердің ғалымдары терең шұғылдануда. Аударманың лингвистикалық теориясына O. Kade, J. Catford, R. Jacobson, K. Rais, E. A. Nida, Г. Егер, А. Федоров, Я. Рецкер, И. Ревзин, А. Швейцер, В. Коммисаров, Л. Бархударов, В. Виноградов елеулі еңбек сіңірді, ал қазақ тілтанымында бұл мәселеге назар аудару белгілі ғалымдар - А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбановтың еңбектерінен бастау алып, әдебиеттанушылармен қатар (М. Әуезов, Ә. Нұрпейісов, М. Қаратаев, М. Жанғалин, Т. Ахтанов, Ә. Ипмағамбетов, С. Талжанов, Ә. Сатыбалдиев, Г. Бельгер, Ә. Қодар және т.б.) Ө. Айтбаев, Э. Сүлейменова, З. Ахметжанова, А. Алдашева, Н. Шәймерденова және осы ғалымдардың шәкірттерінің еңбектерінде жалғасын тапты.
Аударма үдерісі мен одан алынатын нәтиженің лингвистика мен прагматикаға қатысы- маңызды мәселелердің бірі. Өйткені бұл, яғни жүргізілетін үдеріс және осы үдерістің қорытынды нәтижесі В. Фон Гумбольдт көрсеткендей: Сөйлеу, ойды жеткізу қажеттілігінен туындайтын міндеттерді әрбір тіл қалай жеткізе алады,- деген [2, 371 б.] , психолингвистика, герменевтика, антропоөзектік лингвистика, когнитивті лингвистика және басқа да көптеген тармақтармен тығыз байланысты күрделі құбылыс. Егер аудармашының аудару үдерісі барысындағы қызметі, түпнұсқа мен мәтін арасындағы байланысты орнату және оны жүзеге асыру басқа ғылым салалары арқылы анықталатын болса, аударма үдерісі мен нәтижесін тілдік талдау бойынша толық дәлелдеуге болатын аспектілер бар. Туындап отырған бірқатар мәселелердің алдыңғы қатарында бір тілден екінші тілге аударудың тілтанымдық аспектілерінің өзікті тұсы болып отырған жайт- аударма жасау барысында екі тілдегі сәйкестіктер мен ерекшеліктердің анықталуы. Белгілі аударматанушы ғалым Р. Якобсон: Айырмашылық бар жерде баламалылық, сәйкестік те болады, бұл тілдің, жалпы лингвистиканың ауқымды мәселелерінің бірі болып табылады, деп бағалаған болатын. [3, 233 б.].
Сәйкестік факторы өз алдына оқшау дүние емес, ол аударманың басқа да категорияларымен, ұғым- түсініктерімен тығыз қарым- қатынаста және солардың белгілері арқылы анықтала түседі. Зерттеуде ең алдымен әлемдік лингвистика және қазақ тілтанымы өкілдерінің көзқарастары талдана келе, аударманы тілдік тұрғыдан қарастырудың маңыздылығы (өйткені қазақ ғылымында ұзақ уақытқа дейін бір тілден екінші тілге аудару тек әдебиеттің ісі деген тұжырым әбден орныққан болатын), бұған қатысты проблемалар талданып қарастырылуда. Соңғы жылдары әлемдік лингвистикадағы еңбектерде: лингвистикалық аударматанудың объектісі мен мәні; аударудың тәсілдері және түрлері; аударманы лингвистикалық тұрғыдан зерттеудің әдістері; аудармашының лингвистикалық құзыреті; аудармадағы баламалылық (эквиваленттілік) деңгейі; аудармадағы заңды сәйкестіктер мен нақтылық мәселесі; аударманың бірлігі; аударма- коммуникацияның айрықша түрі; стильдік- жанрлық типтердің аударылу ерекшеліктері; аудармадағы трансформациялар, стилистикалық аударма тәсілдері, прагматикалық аспект мәселесі; аударманы бағалау немесе оның норма мен узусқа қатысы деген мәселелер жан- жақты зерттеліп қарастырылды.
Қазақ ғылымында аударматану теориясын талдап қарастырудың маңызы өте зор екендігін жүйелеп көрсету көркем аударманың практикасы белсенді кезеңдегі (ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап) Мұхтар Әуезовтың көзқарастар мен ой-пікірлерінен басталады. Ол аударманың ұлттық түрлері, аудармашы қолданған құрал- тәсілдерді зерттеу, аудармадағы сөз ерекшеліктері, түпнұсқа мен аударма мәтіннің арасындағы ерекшеліктер, аударылған мәтінде сақталған дәлділік пен нақтылық, аудармашының құзыреті деген мәселелерге назар аудартып, осыларды зерттеудің көкейкестілігін таразылаған болатын. Мұхтар Әуезовтың көзқарастарында нақты көрсетілмегенімен, оның аударманы тілтану арқылы зерделеуде аудармадағы сәйкестіктерге назар бөлудің маңыздылығын анықтағанын байқаймыз.
Өткен ғасырдың 50-ші жылдарындағы қазақ тіл ғылымында салыстырмлы тіл біліміне қатысты ғылыми зерттеулерде дерлік бір тілден екінші тілге аударудың материалдары салғастырылған, бірақ олар аударма үдерісі немесе аударма нәтижесі ретінде бағаланбаған. Әрине, салғастырмалы тіл білімінің екі немесе кейде бірнеше генетикалық жағынан туыстас және туыс емес тілдердің материалдарын салыстырып, тіл құрылымының барлық деңгейлеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайтын ғылым саласы екендігі белгілі. Қазақ тілтанымында осыған байланысты көптеген зерттеулер бар екендігін атап айту тиіс.
Жалпы айтқанда, әлемдік лингво-мәдениет саласындағы зерттеушілердің барлығы да ең алдымен екі тілдің арасында біріне- бірі сәйкес келетін тілдік бірліктердің (сөз, сөз тіркесі, морфема, синтаксистік құрылым, мәнмәтін, толық мәтін) қандай жәрежеде сәйкес келетінін анықтау маңызды екендігін баса көрсетеді. Осы себепті де берілген дипломдық жұмыста аударматанудың прагматикалық аспектісі, сонымен қатар лингвистикалық аударматанудың объектісі мен мәніне қатысты барлық дерлік көзқарастар мен ой- пікірлер талқыланып, Л. Бархударовтың төмендегі тұжырымы басшылыққа алынған: Аударма теориясының объектісі- түпнұсқа мәтін мен аударылған мәтін арасындағы эквиваленттілікті анықтау, қандай мәселелердің негізінде түпнұсқа мен аударылған мәтіннің бір-біріне эквивалентті болып тұрғандығын сипаттау, бір тілдегі мазмұнның, мағынасы мен мәнің екінші тілде берілгеніндегі инварианттылықтың себептерін көрсету [5,7 б.]. Өйткені бұл арада ғалым айтып отырған эквиваленттілік біздің нысанымыздағы сәйкестік ұғымымен толық мағыналас болып қолданылған. В. Комиссаровтың: Аударма үдерісі кезінде бір тілдегі тілдік кодтың екінші тіл кодына ауысуы жүреді, сондықтан бұл мәселе (аударма) тілтаным аспектісінде қарастырылып зерттелуі тиіс, бұның себебі әрбір тілдік кодтың мазмұн межесі болады, осы мазмұн межесі аударылған мәтін мен түпнұсқаның арасындағы барлық қарым- қатысты (экстралингвистикалық, ұлттық-танымдық, индивидуалды- авторлық және т.б.) анықтауда басты негіз болады, - деп қорытынды жасаған ой- пікірінде де [6, 21 б.] сәйкестік категориясының маңыздылығы айқын көрінеді.

1.2 Прагматика туралы түсінік және оның теориялық негіздерінің бағыттары

Зерттеу бағыты ретінде прагматика шама- мен 1960-1970 жылдарда тілдің толық моделі семантикалық жағынан ғана емес, оның қызметі прагматикалық жағынан да қарастырылуы қажет екендігі белгілі болып, тілдің толық моделін жасауды енгізуден пайда болған. Осыдан тілдің семантикалық жəне прагматикалық жақтарын бір теория аумағында бірге қарастыру шарты анықталды. Осыған орай тілге анализ жасауда жаңа қырынан қарастыру ерекшелігін В.В.Петров: резкий поворот к изучению реальных условий функционирования языка, его прогматических аспектов,-деп анықтайды [1; 4]. Прагматика сөзінің лингвистикаға келуін Т.В.Булыгина 1970 жылдарға шамалап, лингвистикалық прагматиканың қарқынды дамуын тілдердің прагматикасы бойынша халықаралық симпозиум өткізу кезеңімен байланыстырады [2; 333].
Әрбір мәтінде автордың өзіндік коммуникативті мақсаты түрліше болатындықтан, мәтіндегі ақпаратты қабылдай отырып, оқушы (аудармашы) мәтінмен, яғни тілдік бірліктермен белгілі бір қатынасқа түседі. Бұлпрагматикалық қатынас деп аталады. Бұл қатынас негізінен интеллектуалды сипатқа ие болады. Алынған ақпарат оқушының (аудармашының) сезіміне әсер етіп, белгілі бір эмоционалды реакция тудырып, қандай да бір іс-әрекетке итермелеуі мүмкін. Мәтіннің осындай коммуникативті әсер етуі, оқушының (аудармашының) хабарға прагматикалық қатынасын тудыруы, басқаша айтқанда, ақпарат алушыға прагматикалық әсер етуімәтіннің прагматикалық аспектісі немесе прагматикалық әлеует (прагматика) аталады.
Ақпарат алушыға прагматикалық әсер ету кез келген тіларалық коммуникацияның маңызды қызметі болып табылады. Аудармашының берілетін хабарға қажетті прагматикалық қатынасын білдіруі негізінен оның аударма мәтінді құру кезінде тілдік құралдарды таңдауына байланысты болады.
Аудармашы аударма процесінің алғашқы кезеңінде түпнұсқаны жеткізуші (түсіндіруші) рөлін атқара отырып, ондағы ақпаратты мүмкіндігінше толық сығып алуға ұмтылады. Ол үшін аудармашының бастапқы тіл тұтынушыларына тиесілі фондық білімі жеткілікті болуға тиіс. Аударманың сәтті шығуы аудармашының бастапқы тілде сөйлейтін халықтың тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, салт-дәстүрімен, қазіргі өмірімен және басқа да реалийлерімен жан-жақты таныс екендігін дәйектейді.
Аудармашы кез келген оқырман (тыңдарман) тәрізді берілетін хабарға өзінің жеке қатынасын да үстемелеуі мүмкін. Алайда тіларалық коммуникацияның тілдік делдалы ретінде аудармашы түпнұсқа мәтіннің аудармасын дәл беру үшін өзінің жеке қатынасын әсіре бейнелеуге ұмтылмауға тиіс.
Аударма процесінің екінші кезеңінде аудармашы оқырманның (тыңдарманның) бастапқы хабарды түсінуін қамтамасыз етуге тырысады. Аудармашы олардың басқа тілдік ұжымға жататындығын, білімінің және өмірлік тәжірибесінің, тарихының, мәдениетінің өзге екендігін ескереді. Сондықтан бастапқы мәтінді толыққанды түсінуге кедергі келтіретін жағдайларда аудармашы аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізе отырып, бұл кедергілерді жояды [2, 163-166] және түпнұсқа мәтіндегі ұлттық колоритті сақтай отырып, аударылатын тілді тұтынушы халықтың танымымен байланыстырады.
Аударманың прагматикалық мақсаты оқырманға (тыңдарманға) автордың (тіпті аудармашының өзінің де) коммуникативтік әсер етуі түпнұсқаның басым (доминантты) қызметімен анықталады. Көркем әдебиет шығармалары үшін оқырманға, тыңдармаға әсер ету мәтіннің әдеби құндылығына байланысты болады. Ал ісқағаздарының, ғылыми-техникалық материалдардың басым қызметі қоршаған орта объектілерін бойынша сипаттама, түсініктеме немесе оларды пайдалану туралы нұсқау беру болғандықтан, оқырманға (тыңдарманға) прагматикалық әсер ету қызметі ғылыми немесе техникалық сипаттағы қажетті ақпаратты ұсыну болып саналады. Егер хабарды алушы оның негізінде сипатталған экспериментті жүзеге асыруға, операцияларды аспаппен немесе станокпен жасауға қабілетті болса, онда мәтіннің коммуникативтік әсеріне қол жеткізілгендігі. Мұнда түпнұсқа мен аударманың әсер етуінің тепе-теңдігі абсолютті болуы міндетті емес. Аудармада ғылыми-техникалық ақпарат осы ақпаратты мамандардың дұрыс пайдалануын қамтамасыз ететін дәл әрі қолжетімді түрде берілген жағдайлар болады, сөйтіп аударма аудармада прагматикалық міндет түпнұсқаға қарағанда жақсы болуы мүмкін.
Аудармашының түпнұсқаның мазмұнына байланыссыз, бірақ оны аудару барысында қол жеткізілетін прагматикалық мақсатты жүзеге асыру мүмкіндігі аудармашының тіларалық коммуникациядағы рөліне байланысты. Бір жағынан, ол тілдік делдал қызметін атқарады, екінші жағынан, аударма тілде мәтін жасаушы ақпаратты беруші болып табылады. Кез келген қызметтің нәтижесі көбінесе оның мақсатымен анықталатын болса, аудармашылық актінің мақсаты тіларалық коммуникацияның жалпы мақсатына сәйкес келмейді және аударма тілде түпнұсқаға коммуникативтік жағынан тең мәтін жасауды көздемейді.
Аударма процесі түпнұсқаны толыққанды берумен қатар, аудармашының өзінің, сондай-ақ тапсырысшының немесе жұмыс берушінің ниетімен байланысты қандай да бір мақсатты жүзеге асыруы мүмкін.
Аудармашы алдына насихаттық, ағартушылық және т.б. сипаттағы мақсат қойып, оқырманды (тыңдарманды) бір нәрсеге сендіруге, өзінің қатынасын түпнұсқа авторына немесе сипатталатын оқиғаларға таңуға, оған қандай да бір саяси, экономикалық немесе жеке сипаттағы дау-дамайлардан қашуға немесе керісінше оларды ушықтыруға ұмтылуы мүмкін. Мұндай жағдай түпнұсқаның толықтай бұрмалануына алып келеді. Сондықтан кәсіби аудармашы аударма процесіне өзінің жеке түсініктері мен қызығушылығының мұндай әсерлерінен қашуға тиіс. Мұндай экстрааудармашылық прагматикалық факторларды қарастыру аударманың жалпы теориясының аумағынан шығып кетеді [2, 171-175].
Аударма - мәдениетаралық қатынастың маңызды құралы, өйткені ол бір тілдік мәдениет айғағын екіншісіне таныстырушы әрекет. Мәдени қарым-қатынасқа көп түскен, яғни өзге мәдени әлемнің когнитивті тәжірибесімен кеңінен таныс мәдениеттің тілінің аударуға бейім келетіндігі, соның нәтижесінде аударма ісінің үдере өрбитіндігі де белгілі жайлар. Сондықтан аударманың сауатты жүйесін жасау үшін қазақ тілі немесе аудармаға түсіп отырған өзге тілдің мәдениеті саласындағы білімдерін толықтырады әрі кеңейтеді [3, 44].
Бүгінгі аударма қызметінің кеңеюіне, қажеттілігіне қарай, мынадай маңызды міндеттердің әсер ететіндігі анықталады: 1) ұлттық мәдениеттің өзінің қайталанбас төлтума тұрпатын сырт елдерге танытады; 2) сыртқы мәдениеттердің құндылықтарын жеткізу арқылы жасаң мәдениеттерді жаңғыртып, жаңартып, тың даму үрдісін жасайды; 3) елдердің өзара байланысында тілдердің сырттан кірген жаңа ұғымдар мен түсініктерді бейнелеуге бейім сөздерін іздестіруге, саралауға бейімді етіп, тілді жаңартып, жасандырады; 4) қазақ тіліндегі төл ұғымға жаңа заман тілдесімінің қондырғысы болады; 5) сөйлем құрылымында еш өзгеріс болмаса да, грамматика-лингвистикалық стиліне толықтырулар жасап, өзгеріс енгізуіне себепші болады [3, 45-46].
Сөз соңында аударма процесінде, негізінен көркем аудармада (ғылыми-техникалық материалдар мен іс жүргізуге қатысты құжаттар аудармасында прагматикалық өңдеу сирек кездеседі) түпнұсқа авторының прагматикалық қатынасын толыққанды зерттеу прагмалингвистика, сондай-ақ этнолингвистика, когнитивті лингвистика салаларының тығыз бірліктегі қарастыратын мәселесі дегіміз келеді. Жалпы прагматикалық қатынас әр ұлттың өзіндік ерекшелігіне байланысты болатындықтан, мұндай қатынасты аударма мәтінде беру әрбір халықтың танымын жетік білуге, мәдениетаралық қатынасты қалыптастыруға байланысты болады.

2 АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ПӘЛСАПАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР СИПАТТАМАСЫ

2.1 Абай шығармаларының пәлсапалық көзқарастар сипаттамасы

Қазақ әдебиетіндегі сондай жеке тамаша үлгі, өнеге Абай аудармалары екені мәлім. Әрине, Пушкинді аударуда Қасым Аманжолов, Ғали Орманов, Қалижан Бекхожин, Қуандық Шаңғытбаев аудармаларының кейбір үлгілері Абай дәстүріне біршама жақын десек те, жалпы алғанда поэзияны аударудағы Абай үлгілері- біздің әлі де жетпеген шыңымыз, алғмаған, аспаған асуымыз, аударма өнеріндегі болашаққа апарар мұрамыз. Оны Абайдың төл шығармаларымен қоса жасайтын мәңгілік мұра деп толық айтуға болады. Аударма өнеріндегі Абай мұрасы дегеніміз- ол ақындық өнер, ол- ана тілінің құдіретті күші, ол- орыс классиктері А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крыловтарды ана тілімізде көркем сөйлете білу. Шын шебердің өзі аударып отырған ақынының жүрегін, үнін сезінуінің, соны ана тілінде жасаудың жолы, солардың принциптері, аударма өнерінің ерекше бір сыры, сипаты. Міне, бұл жайлардың барлығы қазір де біздің аудармашылардың хал- қадірінше шешіп жүрген проблемалары. Мұра дегендер, әсіресе, әдеби мұра, сол мұра қалпында бұлжымай қала бермейтіні мәлім.
Ол биік деңгейінен айырылмаса, үлгі- өнеге болуымен құнды болып қала бермек. Абай аудармалары осы талғамға татып, таңдай қақтырып жүрген халықтың алтын қазынасына айналған дүниелер екені даусыз.
Абай қазақ топырағында шын мәніндегі аударма әдебиеттің, оның ішіндегі орыс әдебиеті классиктері шығармаларын аудару үлгісін жасаушы болды. Көркем аударманы өнер етіп тұңғыш таныстырушы да, таратыушы да- Абай. Поэтикалық аударма дегеніміздің өзі жалпы адамзат мәдениетінің айнасы екені де Абай өнерінен анық көрінді. Ардагер ақын салған жол ұлт мәдениетінің, интернационалдық мәдениеттің, әдеби даму, әдебиеттегі өзара ықпал дегендердің асқан өнегесі болып қалды және қала береді.
Бүгінгі қазақ тілі Абай тілінен әлдеқайда байығанына, орасан дамығанына қараамастан, Абай тілі өнегелік, үйренерлік дәрежесінде қалды. Бұл- аудармада Абай стилі туралы айтуға құқық береді. Бізге белгілі мөлшерде Абай дәстүрі де бар.
Бұл пікірлерді Абайдың аудармадағы ізденушілік, асқан шеберлік қасиетін танытатын туындыларымен дәлелдеуге болады. Соның бір тамаша мысалы: Гете, Лермонтовтан жасаған Қараңғы түнде тау қалқып өлеңінің аудармасы. Абай шығарманың мазмұнын, философиялық толғауын дәл беретін жолдар табады. Аудармада Гетеде жоқ, бірақ Лермонтовта бар жолдар, сөздер мен Абайға ғана тән жолдар да жүргенін білеміз. Соның өзінде Абай аудармасы тіпті Гете нұсқасымен де үндес түсіп жататынына еріксіз таңғаласыз.

Лермонтовтағы:

Подожди немного,
Отдохнешь и ты,-

деген өлең жолдары Абайда:

Тыңшығарсың сен-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ,-

деп берілген.
Атақты ақын, тамаша аудармашы Николай Заболоцкийдің Аудармашылар жазбасы атты еңбегінен осы аударма жайында: Лермонтовтың Қараңғы түнде тау қалқыбы Гете нұсқасынан озық. Бұл міне, ешқашан ережеге сыймас ерекше жағдай, - деген пікірлерді оқимыз.
Осы айтылған ережеге сыймас ерекше жағдайлар Абай аударған орыс әдебиетінің классикалық шығармаларының бәрінен де анық танылады. Бұл Абайдың қазақ әдебиетінде ашқан поэтикалық жолына да тікелей байланысты. Өлеңді түпнұсқадағыдай етіп екінші тілде жасау- ақындық өнерге пара- пар шығармашылық еңбек, былайша айтқанда, кеудеден ағып құйылып кететін өнер екенін Абай тамаша көрсете алды. Абай да барлық өнерлі, талантты аудармашылар сияқты, аударып отырған шығармасының ойын, мазмұнын, негізге түйінін басты нысана етіп алады. Онда еркін шалықтау қаншалық болса, жолма- жол нақтылы берліген жерлер де аз емес. Осы арада Абайдың еркіндігі қандай және сол еркіндіктің шегі неде деген сауалдарға жауап беру өте қиын. Бұл- әрбір дарында ақынның алдында тұратын көкейтесті мәселе болып табылады. Рас, Абай қазіргі аудармаларға қойылатын жазушы стилін беру дегендерді тым қатаң сақтамаған. Оның орнына, керісінше, дәл аударма үлгісінен алыстап кету жағы молырақ. Сонда да Абай аудармалары идеяны, көркемділікті, образды, адамның жан- күйін беру жағынан түпнұсқаға жақын жатады. Бұған А. Пушкин, М. Лермонтов, И. Крыловтан жасаған аудармалары айғақ.
Абайдың Евгений Онегинді қалай аударғанын байқап көрелік. Ең алдымен, Абай Пушкин нұсқасына өте құрметпен, аса сақ қараған. Сонымен қатар, оқырман қауымның мүддесін ескеріп, соған сай болуды да естен шығармаған. Сөйтіп, өз заманының талабы, талғамы оған Пушкин кейіпкерлерінің өзінше, Абайша сөйлетуге мұрындық болды.
Абай аудармаларын жай қарапайым аудармашы еңбегімен салыстыруға болмайды. Абай қазақ әдебиетіне барлық ұлтқа, дүниежүзі әдебиетіне ортақ мұра болып кеткен орыс классикалық әдебиетінің шығармаларын әкелді. Міне, олар бір ғасырға жуық қазақ әдебиетінің мұрасы болып келеді және мәңгі мұрасы болып қалады. Өйткені абай түпнұсқаларындағы ұлы идеяларды дәл беруге, өз заманындағы қоғамды толғандырған ой- пікірді жеткізе айтатын ана тілінен көркемсөз өрнектерін өлең үлгісін жасады. Абай аудармаларының төл шығармалық қасиетке ие болуының сыры да осында. Аударма авторына ұдан артық абырой, бұдан асқан қуаныш болуы да мүмкін емес.
Жазушының суреткер болып тууы сияқты аудармашының да суреткер болып жаралуы керек. Абай аудармаларының оның төл шығармалары дәрежесінде болуы да осыны көрсетеді. Абай Өлең, шіркін, өсекші, жұртқа жаяр дегенде өлеңге деген сенімін, өлеңнің қасиетін айтқан. Ол аудармада да осы қасиетті мықтап ұстанды.
Міне, Абай аудармаларының өнеге болатын, аудармашыларды, ақындарды ойландыратын кейбір кезеңдері осындай. Абайдың аударма өрнектерінен (М. Әуезов қолдаған сөз) әлі біздің аудармашыларымыздың үйренері көп. Аударма өнеріндегі мұндай терең көзқарас ешқашан да ескірмейді, тозбайды.
Мұның өзі қазақ әдебиетіне орыс әдебиетінің тамаша үлгісін әкелу жолы болды және қазақ әдеби тілінің ғажайып мүмкіншіліктеріне жол ашты. Бұлардың қайсысы болмасын, біз жоғарыда там - тұмдап сөз еткен, көркем аударманың басты қасиетін ұғу, соны шешудің ең күрделі мәселесі болып саналады.
Ақындардың аудармада ұстанатын принциптері, Абай дәстүрі, соны жете игеру жолындағы ақындарымыздың ізденісі, т.б. өзекті мәселелер сөз болуы керек-ақ. Аударма өнері туралы ұлт әдебиеттерінің мысалына сүйенген, білгір, білікті еңбектер өте қажет. Ал осы мәселелер аудармашы атаулының алдынан қашан да кес- кестеп шығады да отырады. Одан кейде тіпті талантты ақындар да аттап өте алмады. Міне, осының сырын ашу, аудармадағы сәтсіздіктердің себебін айту аударма практикасы үшін ең маңызды, ең түйінді мәселе болып отыр. Аударма өнеріне әр ақын, әр аудармашы өз тұрғысынан келеді және шын аудармашының да, нағыз ақынның да өз үні, өз ыңғайы, өз стилі бар, оның болуы шарт. Мұның бай тәжірибесін ең алдымен орыс әдебиетінен, қала берді бауырлас мемлекеттер әдебиетінен көреміз.
Жалпы айтқанда, аударманы ғылыми жолға қою- алды тұған басты мәселе болып табылады. Осы орайда Мұхтар Әуезовтың еңбектері жасалған сәтті қадам, жол сілтеуші деуге болады. М. Әуезовтың Гоголі, Шекспирі үлгі- өнеге болуға татырлық. Бұл аудармаларда қазақ оқырмандарына көркемдік, дәл сол қаймағы бұзылмай жетіп, төл туындыдай ара жігі білінбей сіңісіп кетті. М. Әуезовтың жалпы эрудициясы, асқан таланты, шаршау- шалдығуды білмейтін еңбегі, орыс әдебиетінің бүге- шігесіне қанықтығы, қазақ, қырғық фольклорына жетіктігі оның аударма саласындағы өнеріне әсер етпей қоймады.
Аударма- өз зерттеушісін күтіп тұрған тақырып. Жетістік, кемістігіміз бар, жақсы, жаманымыз бар, шыққан биік, ала алмай жүрген асуымыз бар- осының бәрін қорытып, ақ- қараның басын ашып, бағыт- бағдарымызды айқындап алатын кез жеткен тәрізді.
Қазақ әдебиетіндегі көркем аударма өнерінің ертеден көзге түсер ерекше бір қасиеті- әуелден-ақ орыс классиктерінің Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларының аударылуы. Абай бастаған орыс өнердің үлгілері қазақ әдебиетінің мұрасы болып қалғанын мақтанышпен айтып келеміз.
Сонымен қатар, аударма тәжірибесінде басқа да көптеген мәселелер бар. Соның ішіндегі аударма өнеріндегі көркемдік, дәлділік дегендердің мазмұны неде деген сауалға жауаптың ізделуі- аудармадағы бүгінгі күннің зәру мәселелерінің бірі. Аудармадағы ана тіліміздің орны, ерекшелігі, салмағы туралы, оны іске асырушы- аудармашының өнері, таланты, эрудициясытуралы мәселелердің басын ашып алудың маңызы зор. Бұлардың бәрі- аударма өнерінің жолын іздеу, ондағы мәселелерді күн тәртібіне қоюдың басты бағыттары.
Аударма өнері, аудармашы еңбегі туралы біз үлгі тұтарлық зерттеулер орыс әдебиетіндегі де, басқа туысқан халықтар әдебиетінде де, дүние жүзі әдебиетінде де бар. Әлеуметтік елдердің қазақ әдебиетінің жақсы үлгілерін аударудағы тәжірибесі де айырықша назар аударуға тұрарлық жағдай.
Көркемдік дегеніміздің өзі дәлділіктен , түсініктіліктен туады, мұнсыз көркемдік болуы мүмкін емес. Көркем аударма ақиқатына жету қиын, жатқан бір тұңғиық деген көзқараспен қарау дұрыс болмас еді, барлық өнер сияқты аударма өнеріне де қойылатын талаптың да, көркемдіктің де белгілі шегі, мөлшері бар. Сол мөлшерді, шекті ана тіліміздің икемділіг, мүмкіндігі көлемінде шешкен лазым. Аударма өнерінің табысы дегеніміз- аударылған шығарманың көркемдік тұрғысынан да, мазмұн дәлдігі жағынан да, стильдік орайында да түпнұсқадағыдай болып шығуың айтамыз.
Аудармашы көптеген шарттармен қоса, мына негізгі үш талапты әсте ұмытпағаны жөн. Олар: көркемдік, дәлдік, түсініктілік.
Сөз жоқ, бізде аударма саласында ойланатын, шешетін мәселелер көп; аудармалық шығармалар күннен- күнге молайып, көбейіп келеді. Осылардың болашаққа дұрыс бағытта аударылуы, шикі, дүмбілез болмауы- аударма тәжірибесін адал, жан- жақты түбегейлі сөз етуімізге байланысты. Аудармадағы үлгі- өнеге тұтарлық үлгілеріміз қаншалықты дәріптеме, олақтық- шолақтық, кемшілік- қателік, аударма өнерінде ұсталынып жүрген принциптік бағыттарлың дұрыс- бұрыстығы бетке соғылып, ашық айтылуы керек. Мәселені бұлай қоймайынша, көркем аударманы шығармашылық арнаға бұру қиын.
Аударма өнерін, аудармашы мәдениетін зерттеуде ана тілінің маңызы, алатын орны, оның байлығы, дамуы туралы едәуір пікірлер айтылды. Ана тіліне жасалатын қиянаттардың көпшілігінде аударылып отырған жазушы тілінің ықпалы көбірек болатыны байқалады. Тілге жасалатын ықпалдың екі бағыты бар: оның бірі- түбірі бір тілдердің бір- біріне ықпалы. Бұл- тіл ғылымы негізінде жүреді. Мұнда салыстыру әдісін де қолдануға болады. Ал екіншісі- жалпы сөз мәдениетінен туатын ықпал. Ол тілдің мифология, синтаксисіне оншалықты ықпал етпейді, етсе де, бірен- саран шамалы сөз тіркестерінде бой көрсетуі мүмкін.
Тіл мамандарының зерттеулеріне қарағанда, қазақ тіліне етістіктерінен кірген сөздер жоқ. Ал зат есім, есімдерден кірген сөздер көп. Калька түрінде алынған сөздер де, фразалар да баршылық. Бұл жерде, тіпті, нағыз әділін айтатын болсақ, стиль жағынан орыс тілінің ықпалы тимеген бізде жазушы шығармасы аз. Тіпті төркіні орысша ұғымнан алынған сөйлемдер де толып жатыр. Алайда, бұлардың бәрі сөз шеберлерінің елегінен өткен сөз тіркестері, оларда жоғарыда сөз етілген аудармаларда аяқ алып жүргісіз калькалар немесе М. Әуезовтың сөзімен айтсақ, осы күнге аудармаларда көптеп кездесетін абракадабралар болмайды.
Осы орайда мына жайды ды айта кеткеніміз жөн. Қазақ тіліне бір кездерде араб, парсы тілдерінің де ықпалы күшті болды. Олардың қазақтың төл сөзіне айналғандары да баршама. Бірақ ана тіліміз өз жаратылысын, өз табиғатын сақтап қалды. Тілге жасалатын ықпал грамматикалық мүмкіншіліктер тілдің ішкі заңдылықтары негізінде жүзеге асқанда ғана нәтижелі болмақ.
Аударма тіл өнерінің барлық қасиеттерінің өлшем, таразысы емес. Сол сияқты бүкіл тіл мәдениетінің негізгі аударма бола алмайды және болмайды да. Жалпы аударма тілі жазушы тілін, стилін зерттеуге негіз етіп алынбайтыны да осыдан. Мұның ғылымда, жалпы әдебиет дүниесінде басы ашық. Бұл орайдағы түп қазық төл шығарма, соның тілі, стилі. Абай аудармаларындағы жаңа ұғымдардың өзін қазақ тіліне Абай әкелген ұғымдар деп қарайтынымыз да осыдан. Бұл Пушкин, Лермонтов, Крылов стилі емес, аудармашының ғана, Абай тілінің үлгісі.
Әйтсе де, бұларды бір- біріне қарсы қоюдан аулақпыз. Аударма ана тілі ғана жетекші ролі атқарады дегенді қайталап еске салмақпыз.
Бізде әзірше аударма әдебиеті жайында жинақталған пікірлер көп емес.
Тіпті, әрбір аудармалық шығарма тиісті бағасын ала алмай жүргені былай тұрсын, бұрыңғы- соңғы тәжірибелерді жақсы- жаман жақтарын айтудың өзі, жалпы шолудан асып кете қойған жоқ. Осы пікірлердің өзі әлдебір кезеңдерге орай немесе мерекелі күндерге байланысты жазылады. Аударма сыңдары талдауға емес, көбінесе үстірт үзіңділерге ғана құрылады; шығарманың тұтас бітімі туралы ой қорыту некен- саяқ.
Аударма жанрын және әдебиетін сөз еткенде, даусыз, дүйім жұртқа әйгілі ақиқат мынау: барлық ұлтта сол әдебиеттің төл шығармаларын қабылдайтындай аударма үлгілері бар, бұдан орыс әдебиетін өнеге етуге болады. Осындай аударма үлгісіг жасап, төл әдебиетімізді байыту- әлі де өз шеберлерін күтіп тұрғпн мәселе болып табылады. Бұл Абай салған дәстүр негізінде, орыс классиктерінің шығармаларын аудару арқылы шешілуі керек сияқты.
Әрине, орыс классикалық әдебиетінің ана тіліміздегі шыңдарын жасау мәселесін ұлт әдебиетінің зергерлері ғана шешеді. Басқа жол жоқ. Бірақ, өкінішке қарай, олардың көбісі өз шаруасын ғана күйттеуде, аудармаға самарқау қарауда. Абай дәстүрін дамыту, тереңдету орнына іргені аулақ салып жүр. Мұхтар Әуезов Дворян ұясын аударды. Жай аударған жоқ, принциппен әдейі аударды. Бұл іздену жолы еді. Өз қара басының ғана ізденісі емес, бүкіл қазақ әдебиетінің болашағы үшін ізденіс. Кемеңгер жазушы бүкіл әлем әдебиетінің уызын еміп өскен, замана биігіне көтеріліп кеткен орыс әдебиетінің игі дәстүр молынан игермейіңше, жаңбыр күткен өскіндей боп жатқан құнарлы төл топырақтың гүлдемейтінін білді. Қыруар шаруасын ысырап қоя тұрып, жанын салғаны да содан. Бұл ізденістің кемшелігін де, жетістігінде жоғарыда айттық. Мәселе- жетістік, кемшілікте емес, ізденісте.
Біздің барлық сөз зергерлеріміз осылай ізденсе, бірде дәл түсерміз, бірде мүлт кетерміз, айналып, үйіріліп келіп, бір ақиқат жолына шығарымыз кәміл. Олардың еңбегінен әлі күнге дейін жалына қол арттырмай жүрген ортақ шындықты табар едік. Тіпті болмаса, сол ізденістер, бір- біріне жанаспайтын дара ізденістер, аударма өнеріндегі өз алдына дәстүр, бөлек мектеп болып қалуы да ғажап емес.
Қазіргі күндерде аударма жұмыстары жан- жақты дамып, зерттелуде. Бұған дейін аударма жұмыстары бірнеше сатыдан өтті. Оның жері, өсуі мен тіл әдебиетінң дамуы осы күндерге дейін анықталмаған. Алғашқы аударма үлгілері газет бетінен басталды. Тұңғыш қазақ газеті 1870 жылы сәуір айының 28- інде Ташкент қаласында жарық көрді. Ол Түркістан уәлаяты газеті деп аталды. Бұл газет сол кездегі Туркестанские ведомости деген газетке қосымша ретінде өзбек- қазақ тілдерінде шықты және мұны генерал-губернатор басқарды. Түркістан уәлаяты газеты 1833 жылға дейін бір айда 4 рет шығып тұрды және бұл газет аудармалы болды. Газет баспасөз тілін аударатын ресми газет болды. Бұл газет бұйрық - жарлықтарды, ресми құжаттары, ел арасындағы хабарларды басып отырды. Ал газеттердің ресми емес бөлімінде орыс халқының аңыз- ертегілері, қазақ халқының салт- дәстүрі туралы, т.б. материалдары шығарылды. Сол кездің өзінде- ақ газеттердің аударма жұмысына байланысты әкімшілік басқару, заң шығару, кеңсе ісін жүргізу, пошта байланыс, әдебиет пен мәдениетке қатысты атаулардың аударма сөздері іздестіріліп қарастырылған. Кейін 1880 жылы қаңтардың 1- інен бастап, Омбыда Дала уәлаяты газеті шықты.
Сонымен, Түркістан уәлаяты газеті қазақ даласында жалпы аударманың, оның ішінде көркем аударманың да негізін салуда бірталай жұмыстар атқарды. Ол өз сөзімен айтқанда, халден келгенше аударманың тілін халыққа түсінікті етуге тырысты. Оның тұсында орыстың көп сөздеріне қазақ сөздерінің баламалары белгіленіп, тиянақты түрде қолданыла бастады. Мұның бәріне газеттің негізінен екі тілде аударма газет болып шығуы да да себепші болып отырды. Сол кездің өзіне тек ол газеттің бетінен- ақ қазақ жұртшылығы орыс тілі арқылы жалпы дүние жүзінің мәдениетінен хабар ала бастады, яғни газетте халықаралық хабар- ошарлардан бөтен басқа халықтардың да әр алуан ертегі- аңыздары, көркем әңгімелері, мысалдары екі тілде басылып отырды. Аударма өткен ғасырдың аяқ шенінде- ақ қазақтың рухани және мәдени өмірінен елеулі орын алып, әдеби тіліміздің дамуы мен қалыптасуына белгілі жәрежеде ықпалын тигізе бастады. Бұған сол кездерде қазақ даласында шыққан газет- журналдардың, кітап бастыру жұмыстарының біраз өріс алғандығы себеп болды.

2.2 Абай қарасөздерінің философиялық ерекшеліктері

2.3 Абай Қара сөздерінің ағылшын тіліне аудармасындағы стилистикалық сәйкестіктердің жалпы сипаттамасы

Аударма теориясының негізін салушы ең басты категориялардың бірі- стилистикалық, лексикалық және тағы басқа аудару тәсілдері және түрлері екі тілдегі сәйкестіктерге тікелей қатысты болып табылады. Бір тілден екінші тілге тәржімалауда сөз түсіру, үстемелеу, толықтыру, антонимиялық аударма, орын ауыстыру, сөз қосу, сипаттау арқылы аудару, тұтастай өзгерту сияқты трансформациялар, түптеп келгенде, аударылатын тілден сәйкес келетін баламалар мен эквиваленттер табуға байланысты. Табылған соң, қолданылатын сәйкестіктер аударманың нәтижесін, екінші тілде алынған мәтінді еркін аударма, сөзбе- сөз аударма, толыққанды аударма, сайма- сай аударма және басқа да атаулармен бағалауға мүмкіндік береді. Қарасөздердегі мына мәнмәтінді талдап көрелік:
Түпнұсқада:Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың? (10- қарасөз, 26 б.)
Ағылшын тіліне аударылған мәтінде:A good child is a joy, but ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Абайдың «Қара сөздерін» қазақ тілінен ағылшын тіліне аударудың прагматикалық аспектілері
Лексикалық трансформацияларды аударудың ерекшеліктері
Көркем аударма түсінігі
Жалпы аударма теориясы
Лингвистикалық аударма теориясы
Абайдың жетінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, отыз сегізінші қарасөздерінің ағылшын тілі аудармасындағы тілдік ерекшеліктері, аударма мәтініне салыстырмалы талдау жасау, лексикалық, грамматикалық, стилистикалық ерекшеліктері
Аударма теориясының негізгі ұғымдары
Сөздің контекстуалды мағынасы
Аударма теориясының негізгі ұғымы және оның басқа ғылыми салалармен байланысы
Пәндер