Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі


Пән: Сертификаттау, стандарттау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Сапа көрсеткіштерінің мәні мен қызметі

Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылган өнімнің сапасына басқалай талап қояды. Бұл қазіргі дүниеде кез келген кәсіпорынның өміршендігі, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді.

Өз кезегінде бәсекеге жарамдылық екі көрсеткішке байланысты - баға деңгейіне және өнім сапасы деңгейіне. Ал екінші фактор бірте - бірте бірінші орынға шығады. Еңбек өнімділігі, ресурстардың барлық түрлерін үнемдеу өнімнің сапасына тікелей орын береді.

Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі. Өнімнің сапалылығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Экономикалық санаты ретінде ол тұтыну құнына тығыз байланысты. Егер де тұтыну құны - бұл жалпы алғанда тауардың пайдалылығы болса, ал онімнің сапалылығы - бұл оны пайдаланудағы нақтылы жағдайда тұтыну құнының деңгейіндегі көрінуі.

Өнімнің сапа деңгейі оның сапалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның әрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу және ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Сапаның көрсеткішін анықтау оның саңдық маңызын өзін өзі түсіну болып табылады. Ол үшін практикада өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты мына төмендегі әдістер пайдаланылады:

  • өлшеуші әдіс (аснаитар, приборлардың көмегімен) ;
  • тіркеу әдісі - бұл тіркеуге және есептеуге негізделген. Тіркеу әдісі мынадай көрсеткіштермен, атап айтқанда: қауіпсіздік, патенттік-құқықтық стандарттау, сәйкестендірумен анықталуы мүмкін;
  • есептеу әдісі - өнімнің сапасы жөніндегі көрсеткіштерді анықтау үшін арнайы математикалық үлгілерді қолдануға негізделеді;
  • органолептік әдіс - адам мүшесін сезу-көру, есту, дәм, түйсінуді талдауды қамтиды. Табылған маңыздылықтың дәлдігі және растылығы адамдардың біліктілігі, даңдылығына және қабілеттілігіне байланысты;
  • социологиялық әдіс - өнім, оны нақты немесе тұтынушылардың мүмкіншілігі туралы пікірлерді талдау және жинау негізінде жүзеге асырылады;
  • сарапшылық әдіс - мамандар тобы арқылы іске асырылады. Мысалы, дизайнерлер, дәм айырушылар.

Практикада өнімнің сапа деңгейін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін пайдаланады. Онда өзіне қорытындылау және өнімнің сапасы жөнідегі жеке көрсеткіштер қосылады.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

  • сұрыптылығы;
  • маркасы;
  • жүктелімі;
  • пайдалы заттың мазмұны;
  • өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т. б. жеке көрсеткіштер тым әр түрлі және не ол, не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

Тауар сапасының бәсекеге жарамдылығы

Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің ерекшелігінің жиынтығы сатын алу сату актісінде көрінеді Мұндай ерекшеліктің үйлесті өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар және тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестігін бәсекенің жарамдылығы деп атайды.

Өнімнің бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына мүмкіндік беретін тұтыну кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге жарамдылығы өнім рынокта жеңіл және тез сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда, сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген қанағаттанушылық деңгейінде жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды, оның тағы да нарықтың пайда болу қарасында қалыптасады.

Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалың және құндық сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі ұқсас тауар - бәсекелестер ерекшеленеді.

Бұл маңызды көрсеткішті анықтаудың бірнеше тәсілдері белгілі. Олардың ең көп таралғандарына қысқаша тоқталайық.

Бірінші тәсіл. Техникаға бәсекенің жарамдылығын анықтайтын белгісі - бұл тауарды тұтыну бағаны болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады:

Б т = Б с Ш т

мұнда, Б т - тұтыну бағасы

Б с - сатылу бағасы

Ш т - бұл өнімді тұтынушылардың шығындары (оның барлық норматавтік мерзім ішіндегі қызметі)

Екінші тәсіл. Тауардың бәсекелестік жарамдылығын анықтағанда бұл тәсіл екі өлшемді еске алуы мүмкін; өнімнің өзіндік құны, тауарды сату және оның сапалылық деңгейі. Сөзсіз, бәсекеге жарамдылығы артытырақ болатын тауар оны өндіруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейі бәсекелес тауарға қарағанда жоғарылау болатын болса.

Үшінші тәсіл. Бұл тәсіл техниканың деңгейін және сату бағасын есепке ала отырып, бәсекелестік тауарларды қалыптастыруға негізделген. Бұл тәсілге сәйкес басымда салыстырмалы сапаның сандық көрсеткіштерінің деңгейі және базалық үлгілер (тауар) мына формуламен анықталады:

КК = КК э КК т КК с

мұнда, КК - тауар деңгейінің кешенді көрсеткіші;

КК э - стетико - аргономикалық деңгейінің кешенді көрсеткіші;

КК т - техникалық деңгейдің кешенді көрсеткіші;

КҚ с - көрсеткіш кешенінің сектімділігі.

Төртінші тәсіл. Бұл тәсілде бәсекеге жарамдылықтың деңгейі қалай техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негізінде анықталады. Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары деңгейде қызықтыратындарды таңдайды.

Қорыта айтқанда, біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпінің және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады.

Сапа көрсеткіштері

Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн:

  • әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;
  • нақты позициялар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.

А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері.

Көрсеткіштердің алғашқы тобы өндіріспен байланысты:

  • атқарумен түзетулердің көлемі.
  • Жұмыс жүктемесіндегі (нарядтағы) қателер.
  • Жарамсыз деп табылған бұйымдар проценті.

Екінші топ - сапаны қамтамасыз ету.

  • Қате жасалған партия проценті.
  • Құрылымды өзгерту мөлшері.
  • Есеп айырысудағы және шоттарды ресімдеудегі қателіктер.
  • Түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің ұзақтығы.

Үшінші топ - бухгалтерлік есеп:

  • Мерзімі өткен төлемдер проценті;
  • Жаңылыс бухгалтерлік жазбалар;
  • Төлем тізімдемесіндегі қателер;
  • Ақпарат алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру.

Төртінші топ - маркетинг:

  • Болжамдық жорамлдың дәлдігі;
  • Қате толтырылған тапсырыстар мөлшері;
  • Мәмілелердегі қателер;
  • Ақпарат алу уақыты.

Бесінші топ - ақпараттық қызмет көрсету;

  • график бойынша шығарылмаған есеп берулер саны;
  • бағдарламадан табылған қателер;
  • мәтінде өзгертілгендер саны;
  • Ақпаратты алу уақыты.

Өнім сапасын басқару жүйесі

Өнімнің сапасын басқару - бұл белгілеу, камтамасыз ету және сапаның қажетті деңгейін қолдау мақсатындағы құру және пайдалану немесе өнімді тұтыну кетіндегі жүргізілетін іс-әрекет.

Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда сапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай өнім сапасы техникалың деңгейге бағытталды.

Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары, өнімде табылған кемістіктер, оларды талдау және обоптерін белгілеу кіреді.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандың өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:

- өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

  • тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
  • өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерді күшейту.

Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- өнім көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;

  • жоғары бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;
  • өнімнің бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.

Сонымен, өнімнің сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.

Кәсіпорындарда шығарылатын өнімдердің сапасы - нарықтық жағдайда қызметтің негізгі факторы болып табылады, себебі, нарықтық саралымды кеңейтуді, кәсіпорынды жаңдандыруды, пайданың артуын қамтамасыз етеді.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, сапалылықты арттыру қызметі жүйелік басқару шеңберінде жүргізілуі мақсатқа сай болғаны дұрыс, өйткені, өнімнің барлық өміршеңдік кезеңін қамтиды - жобалаудан бастап жұмысшыларға және кәдеге жараттуға дейін.

Өнімнің сапасын басқару стандарттауға негізделеді Ол ұлттық шаруашылықтың, халықтық, қорғаныстың, экспорттың қажеттілігі үшін дайындалатын өнімдерге үдемелі талаптарды анықтайтын нормативті-техникалық негізі болып табылады.

Дайындалған өнімнің сапасының түпкілікті бағалылығы сертификат көмегімен жүзеге асырылады, өнімді сапауды, тиісті сертификат беруді, бағалау сынағының көмегіен кейінгі өндірістің жағдайы үшін өнімді таңбалауды және бақылауды білдіреді.

Өнімнің сапасын басқаруда нормативтік актілерді іске асыру сапаны және өнім қауіпсіздігі заңдылығын қамтамасыз етуде тиімділік жүйені ұйымдастыруды талап етеді.

Шетелдік және отандық практиканы еске ала отырып, құрылған өнімнің сапасын бақылаудың нормативтік-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың және жеке тұлғалардың құқықтарының бұзылуында құқықтарын және мүдделерін қорғаудан тұрады.

Жалпы ұлттық өнім

Өнімнің сапасы - бұл белгілі мұқтаждықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі мен кəсіпорынның маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналады.

Өнімнің сапалығы тек техникалық, тауар тану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды экономикалық санаты болып табылады. Өнімнің сапасы - өндіріс тиімділігінің жоғарлауының, кəсіпорынның бəсеке қабілетінің, елдің өмірлік деңгейінің өсуінің маңызды факторы, көптеген əлеуметтік мəселелердің шешілуінің амалы.

Сонымен қатар, ол қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне, қор қайтымына, материалдық ресурстардың үнемделуіне ықпалын тигізеді. Қоғамдық қажеттіліктің өсуі, ғылыми техникалық процестің жоғары қарқыны сапа мəселесіне күрделі, кешендік мінездеме береді.

Сапа - бұл экономикалық категория, ол «тұтынушы құны», «құн», «тиімділік», «баға», «пайда», «материалдық қызығушылық» түсініктерімен тығыз байланысты. Сапаны зерттеу арқылы сапаның өндіріс тиімділігімен байланысын, баға қалыптасудағы сапаның ролі, еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін анықтау, өнімнің өзіндік құнын жəне тағы басқа мəселелерді түсінуге болады.

Өнімнің сапа деңгейі оның салалық көрсеткіштері жүйесі негізінде анықталады. Бұл деңгейді анықтау үшін мұның əрбір көрсеткіштерінің сандық маңызын білу жəне ұқсастық өнім көрсеткіштерімен салыстыру қажет.

Өнімнің сапасын басқару - сапа талаптарын қанағаттандыру, оның ішінде жобалау - конструкторлық жəне өзара шарттық талаптарға сай келуі үшін пайдаланатын əдістер мен қызметтер жиынтығы. Сапаны басқарудың нысанына өнімнің сапасына əсер ететін процестер жатады. Олар өнімнің өмір сүру циклының өндіріске дейінгі, өндіріс сатысында жəне өндірістен кейінгі сатыларында кездеседі.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық 71 өндірушілердің алдына қойылатын негізгі мəселелер, олар: өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу; тұтынушыға жəне барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау; өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм əсерлерін күшейту. Сапаны басқару жүйесін енгізу кəсіпорында мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

- жоғары сапалы өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

- өнім көлемін ұлғайту жəне оны сататын нарықты (нарықты) табу;

- жоғарғы бағада сататын өнімді көбейту мүмкінділігін қарастыру;

- өнімнің бəсекеге жарамдылығы жəне қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі мəселелерді шешу.

Нарықтық қатынастар дамуы жағдайында өнімдердің сапасын жақсарту - басқарылатын процесс. Қайта құру кезеңінің алдында өнімнің сапасын жоғарлату мəселесіне мүлдем көңіл бөлінбеді деуге болмайды.

Өнімді аттестаттау, стандарттау, оны бақылаудың əртүрлі əдістері болды, бірақ тамақ өнеркəсібінде сапаға ықпал ету мүмкіндіктері локальды болды, комплекстік, логикалық қорытындылаумен ерекшеленбеді.

Нарықтық қатынастар жағдайында өнімдер сапасының жоғарлауының бағыттылығы, экономиканың дамуының құрама элементі, ал жоғары сапаға жету - өндірістік жəне əлеуметтік сферадағы қайта қалыптасудың негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

Бірақ қазіргі уақытқа дейін өнім сапасын жоғарлату мəселесіне айтарлықтай көңіл бөлінбеді, тұтынушылар сұранысы жоғары сапалы өнім жағына ауыса бастады. Өкінішке орай, өндірушілердің өздері шикізаттың сапасына емес, ең алдымен табысты жоғарылатуға, өндіріс көлемінің өсуіне көп көңіл бөлді. Сонымен қатар, сапасы төмен өнімдер импортының өсуі байқалып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау әдістерінің класификациясы
Өнім сапасын басқару жүйесінің дамуы
Сапа деңгейін бағалау
Қазақстан Республикасында өлшеу бірегейлігін ұйымдастыру қамтамасыз ету жүйесі
Өнімнің сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы
Сапа және оның теориясы
Квалиметрия. Сапа көрсеткіштері
Квалиметрия - сапаны сан жағынан бағалау
Өнімді стандарттау, оның қағидалары мен түрлері
Квалиметрия
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz