Арал теңізінің тартылу себептері

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Асылы Арал терең теңіз емес, әсіресе осы теңіздің оңтүстік және сыпыра
шығыс жағалауы тіпті тайыз тұғын. Сондықтан да қайтқан судың қасіреті көзге
ерекше түседі. Бұл тұстарда қайтқан су теңіз түбін ырситып, жалаңаштап жүз
шақырымнан да кетіп қалған. Көк теңіздің көлемі отыз жеті процентке кемісе,
ал тереңдігі тіпті құлдырап он екі метрге терең түсті. Күні кеше ғана бұл
жер бетінде теңдесі жоқ ғажап теңіз еді. Халқымыздың ежелден маңдайына
біткен осы теңіз Қарақұм мен Қызылқұмның екі аралығын алып жатқан осынау
суы тапшы, шөбі жұтаң ұлан-байтақ шөл далаға ажар, көрік беріп, ел ырысына
айналған құты еді ғой.Жер-дүниенің апшысын қуырған аптап ыстықта қуаң
даланың тіпті бұрынғыдан бетер құты қашты. Көзге қуаныш, көңілге демеу,
жанға шипа теңіз еді ғой.
Арал сияқты үлкен теңіздің бұлайша тез тартылып кетуінің өзіндік себебі
бар. Себептің сыры белгілі де-қос өзен-Сырдария мен Амударияның теңізге
сыңар тамшы тамбай қалғалы қанша жыл. Қазақстан мен Орта Азияның халық
шаруашылығы, ала-бөле соғыстан кейін күрт көтерілді. Ежелгі ел мекендемей
бос жатқан иен сардала, шөл далаға арықтар, каналдар қазып, су тартты.
Күріш екті,мақта өсірді. Кеше құрық сүйреткен малшы қазақ өзінің ежелгі ата-
кәсібін тастап, біріңғай диқаншылық жолға көшті. Тек бір ғана
Қызылордалықтар Сыр өзенінің алып жатқан иен алқапқа жайқалтып ақ күріш
өсірді. Қос өзеннің екі аралығында ежелден ел ырысы болған диқан-бабажеріне
кейіннен қанша қала салынды, кен ашылды, өндіріс орнады. Тусырап жатқан тың
жерлер игерілді. Күн сайын, апта сайын қатар өсіп, өркендеп жатқан өндіріс
пен ауыл-шаруашылығы құдды құстың қос қанатындай Орта Азия мен Қазақстан
экономикасын күрт көтеріп, шырқау биікке шығатындай жіберді.Арал өңірінен
ежелден бері, жері, желі, суы мен қалыптасқан жарасымды табиғи әдемі
үйлесімнің шырқын бұзып, көресіні көріп отырмыз. Табиғаттың тепе-теңдігі
біржолата бұзылды. Қосмостан алған соңғы мағлұматқа қарағанда қазірдің
өзінде теңіз түбінен босаған жерден жылма-жыл көтерілген жетпіс бес
миллионнан тоннадан астам тұзды сор шаңдақ ауа арқылы маңайындағы аяқ жетер
жерді басып салған. Сол сияқты Бұқар, Хорезм, Қызылорда облысына қарасты
суармалы егістіктің әр гектарына орта есеппен жыл сайын жеті жүз киллограм
тұз жауады екен. Жер азды, су бұзылды. Бұрында келіспеген ауа-райы теңіз
тартылғалы тіпті қатты бұзылып, жаз болса ыстық аптап айлап, апталап ұрып,
қайта-қайта қара дауыл қаптай соғып бергенде бетіне соры шыққан борпылдақ
дала алағайда-бұлағай борап ала жөнелді. Осының салдарынан қанша жылдан
бері Арал өңірін мекендеген сол араның тұрғын халқының тірлік,
денсаулығына шаш-етектен зиянды, төтенше қиын жағдай туа бастағанын Қазақ
Ғылым Академиясы өзінің ақпарында бүкпесіз ашық айтты. Томаға-тұйық су
қоймаларында ұзақ тұрып қалған, адам түгіл мал ішуге жарамсыз, борсыққан
ақаба суды тұрғын халық басқа лажы болмаған соң амалсыз пайдалануда. Күріш
пен мақта егістігін бастырған су шілденің сарытап ыстығында әрі-бері тұрып
бұзыла бастағанда, арық-атыз бойымен Сырға қайта құйғанда лайланып, өзімен
бірге неше түрлі зиянды химикаттарды ала келеді. Ауыз суға қойылар
санитарлық талаптың жұрнағы да сақталмаған суды ішкен бұл өңірдің тұрғын
халқы шалдықпаған аурудың түрі кемде-кем. Мәселен, республика бойынша сары
ауруға шалдыққан кісілердің көбі Қызылордалықтардан табылды. Ал асқазаны
ауыратын, ішегінің қырындысы кеткен сырқаттардың түр-түрі Қызылорда
облысында. Тек соңғы жылдары төрт жылда бұл облыста жұқпалы індет бірнеше
рет қайталаныпты. Халық Жұт – жеті ағайынды дейді. Рас болар. Теңіз
тартылғалы ауа – райының күрт өзгеруіне байланысты бұл өңірде жауын – шашын
да пышақпен кескендей тыйылды. Сондықтан жазда жаңбыр, көктемде қар суына
үміт артудың да қисыны қалмады. Аралдың үстіне бұлт айналмағалы қай заман.
Көктемнің аяқ кезінен бастап, жаз бойы қырдан толассыз соғатын қара дауыл
қылтанақ шөптің түбіндегі топырақты суырып, ал жусан атаулы құдды күйіп,
әуелі қурап, сосын жер тістеп жығылып жатқаны. Теңіз суы күрт төмен түскелі
бұрын кісі бойы қазсаң су шығатын далалықтағы құдықтардың көзі алыстап
кетті. Су шыққанның өзінде де бірер күнді артына салғасын әуелі кермек дәм
пайда болып, сосын көп ұзамай ашып кететін болып жүр. Жер астының суы
азағайлы, жер бетінің түгі жұтаңданып, мал жайылымы қурап кетті. Жемшөптен
кемтарлық көргелі мал басы да шұғыл кеміп, қайсыбір қыста жұтқа ұшырап
жатқаны. Басқасы – басқа , бір кезде Асанқайғының Ұлықұм-ау, Ұлықұм,
тізеден еді құдығың - деп сұқтанатын, шынында да шұқысаң ар жағынан су
шығатын шөбі шүйгін құтты мекен – Ұлықұм мен Кішіқұмның да күйі тайған.
Егер таяу уақытта ғажайыптан – тайып бір кездейсоқ құдірет күш қол ұшын
берсе өзі біледі, өйтпеген жағдайда, қос өзеннің суын бұрынғы
бейпілдігімізге салынып қолы жеткен жыл сайын көлемі өсіп далиып бара
жатқан егістік даласына бас жоқ, аяқ жоқ ысырап қып лақылдатып ағызып әкете
берсе, көрерсің де білерсің, соңыра Арал теңізі дәл бір оқымыстылар айтқан
болжам аумай - төкпей келіп, аспанға жылма – жыл алпыс текше метр бу
ұшыратып алып қазанға айналады. Аралдың ендігі жауы – жел мен күн. Осы
рақымсыз қатал екі жау екі жақтан тиісіп бергенде, онсыз да өлімші теңізден
тамтық қалып жарымас. Сонан ары бір кезде марқұм академик Федоров айтқан
долбар аумай – төкпей келіп, Арал қылышпен шапқандай екіге қақ бөлінеді.
Айтса да биылдың өзінде бұрынғы Көкарал деп аталатын аралдың деңгейінен
әлден – ақ алдағы бөліністің нышаны анық белгі беріп қалды. Келешекте
әлгіндей екіге бөлінген екі көлшік келе – келе азая – азая ақырында
жырымдалып, ұсақ – ұсақ шалшықтарға айналып, орнында ақырған ащы тұз
қалады. Оқымыстылардың өзі Аралдың құритыны анық ақиқат, келешекте кісі
тұру – тұрмауы неғайбыл - деп тұжырым жасап қойды. Осы заманның кісілері
қолдан жасаған көл екеш көлге мақтанып, қуанышы қойнына сыймай газет бетіне
айқайға толтырып жібереді. Ал енді осынау ай мен күн астында нелер ықылым
заманнан бері тірлікпен қоян – қолтық жасап келе жатқан ғажайып бір теңіз
тағы да сол адам шіркіндердің сұқақтап араласқанының арқасында көре – көзге
құрып бара жатқанына куә боп отырған біздер бұған не дейміз Рас, Аралдың
аянышты тағдыры талайдың жүрегін сыздата бастады. Аралдыапаттан құтқарудың
амалын қарастырып, жолын іздеп ғалымдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz