Әртүрлі елдерде әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың салыстырмалы талдауы (нақтылы мәліметтер бойынша)



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ТАРАУ. ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әртүрлі елдердердегі әлеуметтік қызметтің мәні, мақсаты және теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Әлеуметтік жұмыстың шет елдік тәжірибесін зерттеудегі методологиялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Батыс елдеріндегі әлеуметтік жұмыстың өзіндік даму сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ТАРАУ. ӘЛЕМНІҢ ӘРТҮРЛІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Америкадағы әлеуметтік қызмет түрі және оның басты ерекшеліктерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Азия мемлекеттеріндегі әлеуметтік жұмыс, олардың ерекшеліктері және ұқсастықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақстандағы әлеуметтік қызмет жүйесі және оның басқа елдерден салыстырмалы өзгешелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ШЕТ ЕЛ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕСІН ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
Шет ел тәжірибесінің ТМД мемлекеттерінде қолданылуы және оның Қазақстандағы қолданылуын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Шет елдерде әлеуметтік жұмыс ең алғаш мамандық ретінде солтүстік Америка және Батыс Еуропа елдерінде пайда болды.
ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың басында, АҚШ және Батыс Еуропа елдеріндегі позитивизм және либерализм өкілдері, мемлекеттің халық алдындағы жауапкершілігін, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін көмекке мұқтаж адамдарға индивидуалды көмек көрсету керектігін түсіне бастады.
Осылайша халықтың аз қорғалған қайырымдылық жасау ұйымдастырылмаған филонтропия түрінен – «әлеуметтік жұмыс» түріне ауыса бастады. Сонымен қатар бұндай қызметтің жаңа түрлері де қалыптаса бастады. Мысалға, сеттельмен қозғалысы АҚШ және Англиядағы имигранттар ұйымы, Германия, Финляндия және Швейцариядағы кедейлерге көмек көрсетудің Эльберфельдің жүйесі және т.б. енгізілді.
Сондықтан да дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі әртүрлі елдердегі әлеуметтік жұмыстың негізін қарастыру және оны Қазақстан Республикасымен салыстырмалы түрде зерттеу болып отыр.
Әлеуметтік сала – қай кезде де, қандай жағдайда да кез келген мемлекетті толғандыратын мәселе. Әсіресе, кедей елдер үшін мұның зардабы ауыр, өйткені, ол толығымен мемлекеттің мойнына асылып, ұлттық экономиканың онсыз да қиын жағдайын ауырлата түседі. Сондықтан да үшінші әлемнің кедей елдері аса көп бас қатырмай, оны халықтың өзі басына аударып, бұл міндеттерден бойын аулақ салады.
Мұндай жағдайда біздің өз басымыздан да өтті. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының ортасында бізде де әлеуметтік саланың балабақша, мектеп, аурухана, кітапхана, кинотеатр, ауылдық клубтар секілді мекемелері жаппай жабылды. Барлық әлеуметтік бағдаламалардың орындалуы ең төменгі деңгейге түсірілді. Зейнетақылар мен түрлі әлеуметтік жәрдемақылар өте аз болды және соның өзі де уақытында берілмеді. Яғни осындай проблемаларды ескере отырып дипломдық жұмыстың мақсаты осы мәселелердің шет елдердегі көрінісін зерттеу және оны шешуді Қазақстанда мүмкін болған жағдайда қолдану болып табылады.

Т.РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК

РЕТТЕУ КАФЕДРАСЫ

ӘРТҮРЛІ ЕЛДЕРДЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУЫ
(НАҚТЫЛЫ МӘЛІМЕТТЕР БОЙЫНША)
тақырыбы бойынша

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Орындады: Ахметжанов А.
4 курс студенті (күндізгі бөлім)

Әлеуметтік жұмыс мамандығы
Мамандық шифрі: 050905
Ғылыми жетекшісі:
Аға оқытушы Қ.К. Примжарова
______________

Кафедраның шешімімен
жұмыс қорғауға жіберілді
(хаттама № ___ 2008ж.)
Кафедра меңгерушісі:
э.ғ.д., профессор
Ж.О. Ихданов _______________

Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ
беттер
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
ТАРАУ. ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Әртүрлі елдердердегі әлеуметтік қызметтің мәні, мақсаты және
теориялық 5
1.2.негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . 7
1.3.Әлеуметтік жұмыстың шет елдік тәжірибесін зерттеудегі
методологиялық 12
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. ... ... ... .
Батыс елдеріндегі әлеуметтік жұмыстың өзіндік даму
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...
35
2.2.ТАРАУ. ӘЛЕМНІҢ ӘРТҮРЛІ ЕЛДЕРІНДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ ЖАСАУ 41
2.3.Америкадағы әлеуметтік қызмет түрі және оның басты
ерекшеліктерін 43
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІІ ... ... ... ... ..
Азия мемлекеттеріндегі әлеуметтік жұмыс, олардың ерекшеліктері
3.1.және
ұқсастықтары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..75
... ... ... ... ... ... ... . 84
3.2.Қазақстандағы әлеуметтік қызмет жүйесі және оның басқа елдерден 97
салыстырмалы 101
өзгешелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ШЕТ ЕЛ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕСІН ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛУДЫ
ЖЕТІЛДІРУ
Шет ел тәжірибесінің ТМД мемлекеттерінде қолданылуы және оның
Қазақстандағы қолданылуын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... . .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Шет елдерде әлеуметтік жұмыс ең алғаш мамандық ретінде солтүстік
Америка және Батыс Еуропа елдерінде пайда болды.
ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың басында, АҚШ және Батыс Еуропа
елдеріндегі позитивизм және либерализм өкілдері, мемлекеттің халық
алдындағы жауапкершілігін, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін көмекке
мұқтаж адамдарға индивидуалды көмек көрсету керектігін түсіне бастады.
Осылайша халықтың аз қорғалған қайырымдылық жасау ұйымдастырылмаған
филонтропия түрінен – әлеуметтік жұмыс түріне ауыса бастады. Сонымен
қатар бұндай қызметтің жаңа түрлері де қалыптаса бастады. Мысалға,
сеттельмен қозғалысы АҚШ және Англиядағы имигранттар ұйымы, Германия,
Финляндия және Швейцариядағы кедейлерге көмек көрсетудің Эльберфельдің
жүйесі және т.б. енгізілді.
Сондықтан да дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі әртүрлі
елдердегі әлеуметтік жұмыстың негізін қарастыру және оны Қазақстан
Республикасымен салыстырмалы түрде зерттеу болып отыр.
Әлеуметтік сала – қай кезде де, қандай жағдайда да кез келген
мемлекетті толғандыратын мәселе. Әсіресе, кедей елдер үшін мұның зардабы
ауыр, өйткені, ол толығымен мемлекеттің мойнына асылып, ұлттық экономиканың
онсыз да қиын жағдайын ауырлата түседі. Сондықтан да үшінші әлемнің кедей
елдері аса көп бас қатырмай, оны халықтың өзі басына аударып, бұл
міндеттерден бойын аулақ салады.
Мұндай жағдайда біздің өз басымыздан да өтті. Өткен ғасырдың 90-шы
жылдарының ортасында бізде де әлеуметтік саланың балабақша, мектеп,
аурухана, кітапхана, кинотеатр, ауылдық клубтар секілді мекемелері жаппай
жабылды. Барлық әлеуметтік бағдаламалардың орындалуы ең төменгі деңгейге
түсірілді. Зейнетақылар мен түрлі әлеуметтік жәрдемақылар өте аз болды және
соның өзі де уақытында берілмеді. Яғни осындай проблемаларды ескере отырып
дипломдық жұмыстың мақсаты осы мәселелердің шет елдердегі көрінісін зерттеу
және оны шешуді Қазақстанда мүмкін болған жағдайда қолдану болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында әлеуметтік сала бойынша нақты
жұмыстар келесі жұмыстар жүргізіліп отыр, олар: зейнеткерлерді қолдау,
мүмкіндігі шектелген жандарға, қарттарға және қараусчыз қалған балаларға
интернат үйлерімен қамтамасыз ету, нашақорлыққа, ішімдеікке салынған
азаматтармен әлеуметтік жұмыс, халықтың жұмыссыз топтарымен әлеуметтік
жұмыстар жүргізу, отбасыларымен және жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізу.
Бұл тек біздің Қазақстан Республикасындағы жасалатын әлеуметтік
шаралар болып отыр. Сонымен қатар басқа елдерде, оның ішінде ТМД, Батыс
Европа, Америка елдерінде осы салалардың барлығы дерлік қамтылған деп
айтуымызға мүмкін болады, себебі ол әлеуметтік жұмыстың басталу уақытынан
бастап қолға аланып келе жатқан шаралар болып отыр.
Сонымен қатар дипломдық жұмыстың келесі тапсырмаларын анықтауға
болады:
- шет елдердегі әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау;
- әртүрлі елдердегі әлеуметтік жұмыстың ерекгеліктерін салыстырмалы
көрсеткіштерін жасау;
- басқа мемлекеттермен саыстырғандағы Қазақстан Республикасындағы
нақты әлеуметтік жағдайға сипаттама беріп талдау жасау;
Сондықтан әлеуметтік жұмыстың халықаралық тәжірбиесін зерттеген кезде,
оның қайталанбас формаларын ескеріп отыруы қажет.
Әлеуметтік жұмыстың әдістемелік проблемасы болып, оның қандайда бір
елдің тәжірбиесін, басқа мәдени тарихи қоғамда пайдалануы болып табылады.
Әлеуметтік жұмыс пайда болған кезде христиандық дәстүрге үйренгені белгілі.
Сондықтан да бізге әртүрлі елдердегі әлеуметтік жұмыстың тарихын білу және
оның қазіргі кездегі ағымы қандай, оны біз қай мағынада қолдана аламыз?
Осындай мәселелерді білу біз үшін маңызыды сондықтан да дипломдық жұмыста
шет елдердегі әлеуметтік жұмыс салысытрмалы түрде қарастырылады.

І. ТАРАУ. ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Әртүрлі елдердердегі әлеуметтік қызметтің мәні, мақсаты және теориялық
негіздері

Әлеуметтік жұмыс – қоғамда болып жатқан процестермен, құбылыстармен,
қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайын көтеруге және пайда болатын
қиындықтарын шешуге бағытталған қызмет түрі. Қоғамның әр түрлі топтарымен,
мысалы, мүгедектер, қарттар, девиантты мінез-құлықтағы жасөспірімдер,
әлеуметтік дезадаптацияға ұшыраған және тағы басқалармен жұмыс жасайды.
Әлеуметтік жұмыскердің міндеті – барлық мұқтаж адамдарға көмек көрсету,
қоғамның әлеуметтік денсаулығын жақсарту болып табылады.
Шет елде әлеуметтік жұмыс туралы, әдетте Канада және АҚШ, батыс
еуропалық мемлекеттерді негізге алады. Дегенмен, әлеуметтік жұмыс арнайы
түрде, түрлі және ұқсас әдістермен, түрлі тапсырмалармен барлық
мемлекеттерде жүргізіледі. Бұдан Ресей де шығарылып қалмайды. Көптеген
шетелдік және Ресейлік зерттеушілер біздің елімізде жұмыстың ХХ ғасыр
жүзжылдықта, 90 жылдары басталды деп отыр, бірақ та бұл тұжырым дұрыс емес.
Бәрінен бұрын халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік жұмыста басты екі
аспектіні негізге алу қажет. Әлеуметтік жұмыс қолдау көрсетуге бағытталған,
адамдарды қиыншылықтан қорғау іскерлігі ретінде адамдық қоғамның пайда
болу және даму кезеңінде пайда болған. Сол кезеңде ол түрлі жағдайда, әр
түрлі форма мен арнайы әдістер арқылы іске асырылды, халық құрамынан алыс
емес және қоғаммен, түрлі институттармен әрқалай бағаланады. Сонымен қатар
мүгедектерге, т.б. көмек көрсету, қолдау жасау болды. Әрине, Ресейде бұны
дәлдейтін тарихи құжаттар бар.
ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр әлеуметтік жұмыс кәсіби іскерлік түрінде
құрылған. Ал, әлеуметтік жұмысты кәсіп, мамандық, мемлекеттік ресми
құжаттарда әлеуметтік жұмыскерлердің міндетін жүргізу ретінде түрлі
мемлекеттерде, әр түрлі уақытта іске асырылады. Әлеуметтік жұмыс қоғам,
мемлекет қиын кезеңдерде болғанда, әлеуметтік проблемалардың шиеленіскен
кезңінде белсенді роль атқарады. Бұл жағдайяттарды шешу әлеуметтік жұмыстың
материалдық қорының мүмкіндігіне, сонымен қатар қоғамда әлеуметтік саясатты
ұстануға байланысты. Әлеуметтік қорғаудың көптеген жағдаяттары қоғамның
экономикалық жағдайының күшімен ғана емес, халықтың белгілі топтарының
қызығушылығымен пайда болатын мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізінде
шиеленіседі. Түрлі себептермен бастапқы жағдаяттардың жиілеуі пайда болады,
содан кейін онымен күресуге тырысады. Сондықтан да әлеуметтік саясат тек
көмек көрсетуге ғана емес сонымен қатар әлеуметтік жағдаяттарды, атап
айтсақ, жұмыссыздық, нашақорлықты азайтуға немесе тоқтатуға бағытталуы
керек.
Әлеуметтік жұмыста шет елдік тәжірибені үйрену кезіндегі тәжірибеде
халықаралық конференция өткізу, коллоквиумдар және семинарлар, дөңгелек
столдар, іс-сапарлар, әлеуметтік оқу орындарында оқу немесе жұмыс істеу,
шет мемлекеттерде әлеуметтік қызметте болу, кітаптар, брошюралар, оқылықтар
және оқу пособияларын т.б, шығару әдістерін қолдануы мүмкін. Осыған
байланысты АҚШ, Норвегия, Швеция, Финляндия, Мальта, Корея республикасы
және басқа мемлекеттердегі оқу орындары мен дамыған байланыстарды айтуға
болады.
Жоғарыда көрсетілген әдістемелік және әдістік аспектілер біздің
көзқарасымыз бойынша әлемнің түпкір-тіпкірінде, жеке мемлекеттерде
шоғырланған әлеуметтік жұмыс тәжірибесін дұрыс түсіну үшін қажет. Қазіргі
әлемде барлвқ үрдісте интернационализация әлеуметтік қорғау жағдаяты мен
қоса, әр мемлекеттің егер ол өзінің халқына әлеуметтік дәрежені жоғарылату
үшін барлық күшін қосса да, бұл тапсырманы жеке жүзеге асыра алмайтындығын
көрсетеді. Адамдық дамудағы социализация және гуманизация толық қоғамның
және әр адамның мамандығына әлеуметтік дамуына ықпалын қосуға біріншіден,
әлеуметтік даму, әлеуметтік үрдіс критерийлерінің өзгерісінң, екіншіден,
барлық халықтар мен мемлекеттердің бірігуін талап етеді. Тарихи тәжірибе
өзіндік тәжірибесі бар әр мемлекеттің өінің қайталанбас ғұрпы бар. Әр халық
басқалардан өзгеше осы жолмен бөлек жүретіндігін көрсетті сондықтан әр
ммелекеттің дәстүрін үйрену қажет. Сонда ғана қазіргі әлеуметтік
жағдаяттарды шешу және дамудың шегін көреміз. Әр халық басқалардың
тәжірибесін және жолын салыстыра алады.

1.2. Әлеуметтік жұмыстың шет елдік тәжірибесін зерттеудегі методологиялық
аспектілері

Әлеуметтік нормативтік реттеу жүйесінің ұқсатығына қарамастан,
әлеуметтік жұмыс әр қоғамда әр түрлі, қайталанбас болып келеді.
Шет елде әлеуметтік жұмыс туралы, әдетте Канада және АҚШ, батыс
еуропалық мемлекеттерді негізге алады. Дегенмен, әлеуметтік жұмыс арнайы
түрде, түрлі және ұқсас әдістермен, түрлі тапсырмалармен барлық
мемлекеттерде жүргізіледі. Бұдан Ресей де шығарылып қалмайды. Көптеген
шетелдік және Ресейлік зерттеушілер біздің елімізде жұмыстың ХХ ғасыр
жүзжылдықта, 90 жылдары басталды деп отыр, бірақ та бұл тұжырым дұрыс емес.
Бәрінен бұрын халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік жұмыста басты екі
аспектіні негізге алу қажет. Әлеуметтік жұмыс қолдау көрсетуге бағытталған,
адамдарды қиыншылықтан қорғау іскерлігі ретінде адамдық қоғамның пайда
болу және даму кезеңінде пайда болған. Сол кезеңде ол түрлі жағдайда, әр
түрлі форма мен арнайы әдістер арқылы іске асырылды, халық құрамынан алыс
емес және қоғаммен, түрлі институттармен әрқалай бағаланады. Сонымен қатар
мүгедектерге, т.б. көмек көрсету, қолдау жасау болды. Әрине, Ресейде бұны
дәлдейтін тарихи құжаттар бар.
ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр әлеуметтік жұмыс кәсіби іскерлік түрінде
құрылған. Ал, әлеуметтік жұмысты кәсіп, мамандық, мемлекеттік ресми
құжаттарда әлеуметтік жұмыскерлердің міндетін жүргізу ретінде түрлі
мемлекеттерде, әр түрлі уақытта іске асырылады. Әлеуметтік жұмыс қоғам,
мемлекет қиынкезеңдерде болғанда, әлеуметтік проблемалардың шиеленіскен
кезңінде белсенді роль атқарады. Бұл жағдайяттарды шешу әлеуметтік жұмыстың
материалдық қорының мүмкіндігіне, сонымен қатар қоғамда әлеуметтік саясатты
ұстануға байланысты. Әлеуметтік қорғаудың көптеген жағдаяттары қоғамның
экономикалық жағдайының күшімен ғана емес, халықтың белгілі топтарының
қызығушылығымен пайда болатын мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізінде
шиеленіседі. Түрлі себептермен бастапқы жағдаяттардың жиілеуі пайда болады,
содан кейін онымен күресуге тырысады. Сондықтан да әлеуметтік саясат тек
көмек көрсетуге ғана емес сонымен қатар әлеуметтік жағдаяттарды, атап
айтсақ, жұмыссыздық, нашақорлықты азайтуға немесе тоқтатуға бағытталуы
керек.
Шет елдегі әлеуметтік жұмыс тәжірбиесі көп түрлі және бірнеше бағыт
бойынша жұмыс жасайды.
Әлеуметтік жұмыс мамандары негізінен барлық елдерде бар. Олардың бірі
арнаулы оқу орындарынан сәйкес білім алғандар, бірі арнаулы білімі жоқ,
қоғамдық жұмыстар жасаудан басталғандар және тағы басқалар.
Әлеуметтік жұмыста шетелдік тәжірбиені үйренуде әдістердің түрлерін
қолдану ұсынылады. Соның ішінен жалпы, сонымен қатар жиі кездесетін
әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Тарихи әдіс. Бұл әдіс түрлі мемлекеттерде қолдау көрсетудің болуымен
және оның дамуына үрдісінің қалай жүргендігін, кәсіби әлеуметтік жұмыстың
қалай пайда болғанын және дамығанын салыстыруға мүмкіндік береді.
Салыстырмалы әдіс. Бұл әдіс мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық
даму және қоғамдық саяси деңгейімен салыстыру обьектісін анықтайды.
Сондықтан белгі ретінде капиталисттік және капиталисттік емес мемлекеттерді
бөліп көрсетуге болады.
Әлеуметтік жұмысқа шетелдік тәжірбиені алу әлеуметтік жұмыстың
құрылған жүйесі бойынша мемлекет типологиясын ұсынады. Халықты әлеуметтік
қорғау жағдаятының шешімінде мемлекеттің рөлі ерекше. Сол себептен, белгі
ретінде қазіргі кезде америкалық әлеуметтік әлсіз топқа қолдау және
мемлекеттік емес түрде көмек көрсету және еуропалық жүйе арқылы айырылады.
Әлеуметтік жұмысты салыстыру шаруашылықты жоспарлы түрде жүргізу
немесе рыноктік түрін қамту есебімен іске асуы мүмкін. Бұл жағдайда қазіргі
кездегі мемлекеттер, сонымен қатар халыққа әлеуметтік қолдау көрсетуде
демалыс, медициналық көмек, тегін білім алумен қамтамасыз ету үшін
қолданылатын қоғамдық қорды қолдану бұрынғы мемлекеттер жоғары роль
ойнайды.
Жүйелік анализ әдісі. Бұл әлеуметтік жұмыс мақсаты және құрамы,
басқару, құралы, құрамы, обьектісі және субьектісі сияқты элементтері бар
толық жүйе ретінде әлеуметтік жұмыста жүйені үйренуге мүмкіндік береді. Бұл
жағдайда жеке мемлекеттік толығымен қорғау жүйесі, сонымен қатар оның бөлек
және қажетті құрамы сияқты салыстырмалы анализ болуы мүмкін. Мемлекетті
басқару субьекті обьектілік, құрылымдылық қадамның байланысы сөзсіз
қойылған. Оның әрқайсысы әлеуметтік жұмысты шет елдік тәжірибені алудағы
жалпы аталған әдістер қатарын әрқайсысы жеке әдістер де қолданады.
Әлеуметтік қызметкерлер негізінен көптеген сала бойынша қызмет
атқарады. Мысалға индивидпен және отбасымен, топтармен, ұйым мүшелерімен,
балалармен, қарт адамдармен медициналық мекемелерде психолог немесе
консультант ретінде әлеуметтік жоспарлау мекемелерінде маман ретінде;
тұрмыс тіршілігі нашар адамдарға тегін медициналық қызмет көрсетуші және
тағы басқа. Әлеуметтік жұмыс түсінігі ХІХ ғасырда индустриалды дамыған
елдерде пайда бола бастады. Бірақ, әлеуметтік институт және мамандық
ретінде ХХ ғасырда айтыла бастады.
Бірақ кейде бай елдер де әлеуметтік сала бойынша төменгі орындарда
жүреді. Мәселен, бүгінгі Германияны алайық. Бұл ел өзінің экономикалық
дамуы бойынша әлемде үшінші орын алады. Сөйте тұра, адам өмірінің деңгейін
анықтайтын Хюман Девелопмент Индехс бойынша ол әлемде 18 орында тұр.
Мұның себебі неде?
Германия өзінің әлеуметтік жүйесінің тереңдігі жағынан Еуропадағы ең
күшті елдердің бірі екендігі белгілі. Осының өзі Германияны бірнеше
жылдарға созылған экономикалық дағдарысқа алып келді. Қазір бұл елдегі
әлеуметтік шығындар мемлекеттік бюджеттің жартысына жуығын жалмайды. Тіпті,
мынадай қарама-қайшылықты жағдай қалыптасты: адамдарға жұмыс істегеннен
гөрі жұмыссыздар қатарына қосылып, мемлекеттен субсидия немесе дотация
алған тиімді. Осының өзі Германияда кәсіби жұмыссыздар атты сегментті
дүниеге әкелді. Мәселен, 2005 жылы 5 млн. – нан артық адамның немесе ел
тұрғындарының 12,6 пайызының тұрақты жұмыс орны болмады. Германияның
бірігуі үрдісімен тереңдей түскен бұл бюджетке түскен салмақ ақырында
экономиканы тоқырауға ұшыратты. Сайып келгенде, бұл әлеуметтік саланың
өзіне бумеранг болып тиді. Г.Шредер кабинетінің жағдайды жақсартпақ болып
жанталасқан істерінен еш нәтиже шықпады. Олардың еңбек рыногы мен
әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін реформалау туралы ұсынған шаралады қатаң
сынға ұшырап, жолы болмады. Соңғы сайлаудағы ГСДП –ның жеңіліп, Ангела
Меркель бастаған ХДСХСС блогының үкіметі басына келуі – соның нәтижесі.
Әлеуметтік сала жалғыз Германия емес, барлық Еуропалық одақ елдерінің
бүгінгі күні басын ауыртып отырған саласы. Тіпті АҚШ та бүгінгі күні осы
мәселемен бетпе-бет келіп отыр. 2007 жылы бұл елде соғыстан кейін туған
бэби - бумерлер деп аталған күрт көп туылған ұрпақ жаппай зейнетақыға
шығады. Сондықтан да биылға жолдауында АҚШ президенті Дж. Буш оны ұлттық
қауіпсіздікке қауіп төндіретін мәселелердің қатарына қойды.
Шығыстағы көршіміз Қытай да экономикасының күрт өрлеп, қатты дамуына
қарамастан, өз халқының ең қарапайым: таза сумен қамтамасыз етілуі,
қолжетімді медициналық көмек және т.б. секілді әлеуметтік мәселелерін толық
шеше алмай отыр. Әсіресе мұнда жұмыссыздық басым. Қалалық жерлерде ғана жыл
сайын 80 пайызы тұратын ауылдық жерлерде бұл мәселе тіпті қиын.
Осынау күрделі мәселенің тығырығынан шығуды әр ел өзінше шешуде, 1970-
ші жылдардың аяғы мен 1980-ші жылдардың басында Ұлыбритания осындай
тығырыққа тірелгенде премьер-министр Маргарет Тэтчер экономиканы толығымен
ырықсыздандыра отырып, әлеуметтік бағдарламаларды барынша азайтты. Сонымен
қатар, ол осы әдіске қарсы болғандарды қатаң тәртіппен орнына қойып отырды.
Темір ханымның мыңдаған адам қатысқан шерулер мен кәсіподақтардың
қарсылықтарын аясыз қуып, таратқан жол болғанын кейінгі жылдар көрсетіп
берді.
Бүгінгі күні экономиканың өсуі мен күшеюінің арқасында Қазақстан
әлеуметтік салаға түбегейлі бет бұруға мүмкіншілік алды. Соңғы жылдары осы
салада көптеген жұмыстар атқарылды. 2002 жылдан бастап республикалық
бюджеттің әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығысы
160 млрд. теңгеден 362 млрд. теңгеге көптеген мемлекеттік жәрдемақылардың
кезекті рет артуы жоспарлануда. Ал жаңа жылдан бастап бюджеттегілердің
бәрінің еңбекақысы артатын болады.
Мұндай жақсылықтарға біз тез үйреніп алдық. Бірақ осының ар жағында
бір қауіп жоқ па дегенді ешқайсымыз әсте ойланбаймыз. Халықаралық
тәжірбиеге қарасақ, әлеуметтік қолдауларды көп жасамай бергендік – халық
арасында әлеуметтік басымдылықты тудырып, экономиканы тоқырауға әкелетінін
көреміз.
Әлемдегі рыноктык шаруашылықтың идеологы Людвиг Эрхард әлеуметтік
саладағы жеке бастамаларды ғана ынталандыру қажеттігін айтады. Әрине, дейді
ол, мемлекет қарттар мен мүгедекетрге көмектесуі керек. Бірақ еркін
экономикалық және қоғамдыққұрылыста тәуелсіз өмір сүру үшін адамның өзі
өмірдің қиындығы жеңуге дайын болуы қажет. Әрбір адам: Сен, мемлекет,
маған көмек бер, мені қорға, маған көмектес деп емес, Мен өзімді қорғауға
күшім жетеді, өз тағдырымды жасау үшін мен өзім тәуекелге баруым керек. Ал
сен, мемлекет, менің солай істеуіме жағдай жаса деуі керек, дейді ол.
Осы орайда, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына кіру стратегиясы атты Жолдауында Елбасының әлеуметтік саясат
саласында халыққа балық емес, балықты ұстайтын қармақ беру керек деген
қағидатқа негізделген үлгіні ұсынуы кздейсоқтық емес екенін айта кеткіміз
келеді. Әлеуметтік қолдау жүйесін нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес
бағыттау керек, деді Нұрсылтан Назарбаев. Осыған орай Елбасы мемлекеттің
қоғамымыздағы қолдауға зәру топтарға ғана көмектесу міндетін толық өз
мойнына алатынын баса айтты. Басқа жағдайда әлеуметтік көмек бару саясаты
әлеуметтік топтардың қажеттіліктерімен емес, жұмыс істейтіндердің
қатарына енетін кәсіби қабілетті азаматтарды дайындаумен айналысады.
Сөйтіп, мемлекеттік қолдау жүйесі азаматтардың оқып, жаңа мамандық алуына
көмектесіп, соған ынталануына жағдай жасайтын болды.
Еліміз Президенті әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде, соның ішінде
білім беру мен жаңа мамандықты игеру ісінд, қала берді бизнестің әлеуметтік
тұрақтылықты сақтау алдындағы жауапкершілігін күшейтуде жеке секторды бұл
іске қатыстыратын мезгіл жеткенін айтты.
Әлемдік экономикалық тәжірбие жүргізілетін реформалардың табысты болуы
тиімді әлеуметтік саясат ұстанғанда ғана мүмкін болатынын көрсетіп берді.
Қоғамдағы бойда тұмшаланған белсенділік пен жаңа мүмкіндіктердің жарқырай
ашылуына нақ сол ғана күшті серпін береді. Және бұл ешкімнің күдігін
тудырмайтын аксиома екендігіне дау жоқ.

1.3. Батыс елдеріндегі әлеуметтік жұмыстың өзіндік даму сипаттамасы

Ұлыбританияда - әлеуметтік қызметтердің жұмысы жасында, этникалық және
басқа да демографиялық жағдайларға байланысты, сондай-ақ физикалық немесе
психикалық денсаулығының бұзылуына байланысты мемлекеттік көмекті қажет
ететін азаматтардың әртүрлі категориясын әлеуметтік қорғау мен көмек
көрсетуден тұрады. Осыған байланысты, әлеуметтік қызметтердің әрекеттерінің
саласына әлеуметтік, психологиялық қорғауды қажет ететін балалар,
жасөспірімдер мен жастар, сондай-ақ отбасылары кіреді.
Әлеуметтік қызмет орталықтары бюджеттік ұйымдар болғандықтан, ақысыз
көмек көрсетеді. Бұл қызмет орталықтарының өзіндік айырмашылығына олардың
оқу, емдеу және жас ұрпақтың білім алуына, тәрбиесі мен денсаулығына
жауап беретін мекемелерден тәуелсіз болуы. Сондықтан әлеуметтік
қызметтердегі әлеуметтік қызметкерлер балалармен, жасөспірімдер мен
бозбалалармен жұмыс істейтін, солар үшін жауап беретін басқа мекемелердің
қызметкерлердің маманданбаған немесе ізгілікке қарсы әрекеттеріне шынайы
қарсы тұра алады.
Әлеуметтік қызметкер жергілікті билік органдарына нақты мекеменің,
маманның, ата-аналары немесе жеке тұлғаның тарапынан баланың немесе жас
адамның психикалық болмаса физикалық дамуына қауіп төндіретіні жөнінде
мәселені көтере алады. Әлеуметтік қызметкердің арызының және оған сәйкес
материалдар негізінде жергілікті сот органы сәйкес заңды немесе жеке
тұлғаларды жауапкершілікке тарта алады, билік органы отбасына қаржылай
көмек көрсету мөлшерін белгілейді, жас адамның жұмысқа орналасуына
жәрдемдеседі, тұрмыстық жағдайын жақсартады және т.б.
Көптеген әлеуметтік қызметкерлер тікелей білім беру және емдеу
мекемелерінде жұмыс істеп, штаттық педагогтар мен психологтармен тығыз
байланыста бола отырып, кәмелетке толмағандармен жеке және топтық
жұмыстарды жүзеге асырады, бірақ әкімшілік жағынан жергілікті әлеуметтік
қызмет орталықтарына бағынады. Бұл елде әлеуметтік қызмет орталықтарымен
бірдей деңгейде жұмыс істейтін әр кешенді көптеген орталықтар да
бар.Орталықтар нақты аймақтарда тұратын халықтың белгілі-бір санаттарына
қызмет көрсетеді. Соның ішінде балаларға, жасөспірімдер мен олардың
отбасыларына қызмет көрсететін арнаулы орталықтар бар. Мұндай орталықтар
нақты бағыттарда жұмыс істеуге арналады және әлеуметтік қызметтердің
желілік құрылымы болып табылады. Мысалы, тек отбасыларына көмек беретін,
немесе тек маскүнем жасөспірімдер мен нашақорларға және басқаларына
көмектесетін орталықтар бар. Желілі құрылымдардағы әлеуметтік
қызметкерлер барынша шектеулі маманданған: бірі психотерапевтік практикамен
айналысса, екіншісі отбасы психологтары сияқты әрекет етеді де, бірнеше
отбасыларына ондағы жанжалдардың шешілуіне дейін ғана көмектеседі, ал
үшіншілері орталыққа келушілерге әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етіп, заңды
мекемелермен, денсаулық сақтау ұйымдарымен, әлеуметтік қамтамасыз ету
қызметтерімен, бос уақытты өткізу мекемелерімен байланысып отырады.
ХІХ ғасыр – Германиядағы әлеуметтік жұмыстың дамуы болып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың дамуы мемлекетпен бірге өсіп-өрбіді. Көптеген адамдар
әлеуметтік қамсыздандыруды пайдалана бастады. ХІХ ғасырдың екінші
жартысында мемлекетке әлеуметтік қамсыздандыру жөнінде сұраныс көбейді,
өйткені мешіттер және жеке қайырымдылық қорлары әлеуметтік жағынан үлкен
шығынды иемдене алмады.
1880 жылы Германияның қайырымдылық прогресіне байланысты Германияда
кедейлерге арналған қайырымдылық одағы жарық көрді. 1919 жылы Германия
сьезінде бұл қайырымдылық одағы Германиядағы мемлекеттік және жеке меншік
қамқоршылық одағы болып ауыстырылды. Алғашында ол берлинде болды, одан
кейін Майнадағы Франк-Фурдқа ауыстырылды (1933-1945 жылдар аралығында дем
алды). Бұл жеке меншікті, қоғамдық ұйымдарды, біріккен мемлекеттерді, жеке
тұлғаны әлеуметтенуге көмектеседі.
ГДР мен ФРГ бірігуінен кейін олардың қатысушылары 3000-ға дейін жетті
(1990 жылы 3 қазан). Мемлекет жағынан федералдық деңгей өкілдері, жер
федералдығының өкілдері, жеке аймақтар мен қалалар кіреді.
Қоғамдық ұйымдардың одаққа жұмыскерлерге арналған қайырымдылық
бірлестігі, католиктік каритасы, Германия қызыл кресті, Бірлестік
одағы, Евангеликадағы қайырымдылық мешіт одағы және т.б. кіреді, сонымен
қатар әлеуметтік жұмыскерлер, басқарушылыр, біріккен және құқықтық
басқарушылар, атақты қоғамдық қызметтер де кіреді.
1991 жылы 2 қазанда Хельборнда өткен жиналыста шығарған үкім бойынша
одақтың мақсаты әлеуметтік жұмыс мақсатын жүзеге асыру, Германиядағы
денсаулық сақтау және жастарға көмек, сонымен қатар, мемлекетті, қоғамды
және жеке әлеуметтік қолдау көрсету т.б.
Одақта төрт орынбасар болады, эксперттер комиссия мүшелері бойынша:
әлеуметтік көмек және әлеуметтік саясат, жастар көмегі, жастар саясаты,
отбасыларына көмек көрсету, отбасын құруға көмектесу саясаты, жасы жеткен
адамдарға көмектесу, бала кезінен пайда болған мүгедек балаларға көмек;
мүгедектерге көмек; әлеуметтік мамандар, әлеуметтік қызмет ұйымдары.
Бұл арнайы эксперт комиссия мүшелері 20 топ шығарады, бұл адақты
мемлекет есептейді. Әлеуметтік көмекті қажет ететін адамдар мемлекетке
шағымданады, соның есебінен одақ 1975 жылы оысндйа сұрақты шешу үшін
бірнеше әдістер тапты.
1898 жылы Берлинде Қаталдық көрсеткіші үшін, балаларды қорғау заңы
шықты.
Балаларды мемлекет, одақ қаражаты есебінен күштеп оқыту басталды.
Осының есебінен, осы заңға өз кадрларын қоса отырып, әлеуметтік мектептің
ашылуына алып келді.
1905 жылы ең бірінші әлеуметтік христиандық қыздар мектебі ашылды.
Әлеуметтік жұмыс әдісінің алғашқы жұмысы АҚШ-тағы жұмыс тәжірибесін
оқыту негізінде Германияда пайда болды.
Фашистердің келуіне байланысты Германияда елдің демократиялық дамуы
тоқтатылды. Осыған байланысты халық арасында әлеуметтікті жүргізу тоқтатыла
бастады.
Германия фашизмнен босаған кейін демократиялық ел өз дамуын АҚШ-тың
әлеуметтік жұмыс тәжірибесімен одан әрі жалғастырды. Сонымен қатар 50
жылдардың ортасында әлеуметтік жұмыскерлер клиенттер мен өзара қарым
қатынасқа түсті.
60-шы жылдардың ортасында әлеуметтік аймақта жұмыс істеуге көшті.
70-ші жылдары ФРГ-да әлеуметтік жұмыстың жұмысқа таза кіріскен жылдары
болып табылады.
Германияда әлеуметтік жұмыскер маманы қайырымдылық мекемелерден,
мешіттерден, мемелекеттік орындардан жұмыс таба алады.
Әлеуметтік жұмыскерлердің қызметіндегі тәжірибе мемлекеттің әлеуметтік
саясаты толтырады.
90-шы жылы Германияда 60 мыңға жуық, қызмет және ұйымдар жұмыс істеді.
Айналымға 50 млд. Неміс маркасынан 700 мыңға жуық штаттық әріптестер және
1,5 млн. адамдар өз еркімен жұмыс істеуге келушілер бар.
1994 жылы Германияда әлеуметтендіру мақсатында әр адамға 13 000 неміс
маркасын құрады. Германияда әлеуметтік көмек реформасы жүргізілді.
1995 жылы амбулаториялық емдеуге 70 млн неміс маркасы бөлінді, соның
ішінде: 25 млн. – жастарға көмек, 38 млн. – отбасыларға көмек.
Сонымен қатар Германияда мамандандырылған мекемеде көмекке бара алады,
олар:
- әлеуметтік-педагогикалық мекеме;
- өз-өзіне көмек көрсете алатын топтар (мүгедектер, аурулар);
- үйі жоқ әйелдер мен ерлерге мемлекеттік, қоғамдық, жеке меншіктен
көмек беру;
- медициналық мекемелер;
- психиатрлық, диагностика-психологиялық, психотерапевтік мекемелер;
- отбасы сұрақтары бойынша медик кеңес берушілер, психиатрларға;
- әлеуметтік өз бетіндік қызмет;
- мектептер, интернаттар, қатысушыларға көмек көрсетудің мекемелері;
- заңнамалық кеңес беру (арнайы және жалпы сұрақтар бойынша);
- адвокаттарға;
- полицияға;
- әлеуметік аймақтағы басқарушыларға және орынбасарларға.
Германияда әлеуметтік қызмет-коммерциялық емес мекемелерде көрсетіледі.
Халықтың өмірлік аз қамтамасыз етілген топтарын көтеру, олардың мақсаты
және мазмұны болып табылады. Осыған орай бірнеше әдістер түрін көрсетуге
болады:
1. Германиядағы әлеуметтік қызмет бойынша өмірлік деңгейін көтеру басты
міндет болып табылады;
2. әлеуметтік қызметтің типологиясының мақсаты мен тапсырмасынан бөліп
қарауға болады;
3. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің а\сақтандырмасы азаматтардың
туылған күнінен басталады;
4. Германияда әлеуметтік қызмет көрсету федералдық заңнама базасына
сүйенеді.
Германияда - әлеуметтік-педагогикалық әрекеттің жаңа формаларына
жастармен ықшам аудандарда жұмыс істеу жатады. Мұнда ықшам аудандардың
өзіне тән ерекшеліктері әлеуметтік-педагогикалық әсер ету бағыттарын
анықтайды (мысалы, жұмысшы кварталдардағы превентивті және білім беру
әрекеттеріне, ал, жаңа құрылыстар салынған аудандарда – кеңістік
терапевтік әрекеттерге баса назар аудару және т.б.). балалар мен жастардың
қалыпты дамуына жағдайлары жоқ ескі кварталдар делинквенттік мінез-
құлықтардың әлеуетті ошақтары болып табылады. Әлеуметтік қызметкер оның
кеңес беруін қажет ететін жеке клиентпен ғана кездесіп қана қоймай, шынайы
көмекті қажет ететін, әлеуметтік-экономикалық сипаттағы көзқарастары бір
жастар тобымен кездеседі. Мұндай көмектер әлеуметтік қызметкердің белгілі-
бір құқықтарды біліп қана қоймай, кәсіби маман болуын шынайы
мүмкіндіктерін, ең алдымен өзіндік нақты әлеуметтік айқындамасын болуын да
қажет етеді. Қаңғабастықтың және педагоикалық салақтықтың әлеуметтік
себептерін білу бұл жұмыстағы басты алғышарт блдып табылады.
Әлеуметтік жұмыстың тағы бір өзіне тән ерекшелігіне жастармен мекен-
жайы бойынша жаңа құрылыстар салынған аудандардағы баланы тәрбиелеуде, үй
шаруасын жүргізуді және неке-отбасылық мәселелер бойынша кеңес беру және
басқа да түрлі кеңестер беруді аса қажет ететін жас отбасылармен жұмыстар
жатады. Осы аудандарда анонимді, тұйық өмір салты, аға ұрпақ өкілдерімен
отбасылық қайшылықтар, жас аналардың кәсіби еңбекпен қамтылуы, салына
қоймаған балалар бақшасы мен яслилердің жүйесі күн тәртібіне жаңа
проблемалар қойып, әлеуметтік-педагогикалық араласуды өзекті ете түседі.
Германияда - отбасы тәрбиесі мен отбасы кеңесінің Орталықтарының
желісі кеңінен дамыған, ондағы жұмыс психолого-педагогикалық сипатта болады
да, балаларда немесе ата-аналардың өздерінде мінез-құлқы мен коммуникациясы
бұзылған отбасыларына көмек көрсетуді қарастырады. Психологиялық тесттерді
толтыруға қажетті әңгімелесулер кезінде Орталық қызметкерлері проблемаларды
мұқият талдап, жұмыстың әртүрлі терапевтік нысандарына сүйенеді, қиын
жағдайлардан шығудың жолдарын табуға тырысады. Жұмыс әдетте ерікті түрде
барлық отбасылармен жүргізіледі.
Елдің ірі қалаларында отбасында физикалық, психикалық, сексуалдық
немесе басқа да зорлық көрген балаларға көмек көрсетуге арналған Балалардың
көмек көрсету орталықтары құрылған. Бұл орталықтарда 5-10 қызметкерлер
жұмыс істейді, олар: Әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, педагогтар,
социологтар. Орталықтар кешенді көмек көрсетеді: кеңес беру, дағжарыс
жағдайларында араласу, үйге келіп көмектесу, проблеманы шешуге басқа
мекемелерді тарту, отбасының мамандарымен кездесуін ұйымдастыру, зорлық
көрсету проблемасы бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу.
Норвегиядағы әлеуметтік қызметкерлердің көпшілігі жастар іс әрекетінің
ассоциясын, топтардың бірігуін, профсоюздарды, түрлі альтернативті
қозғалыстарды немесе байлар және шіркеуге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайындағы компанияның ақша қаражатының экономикалық маңызы, атқаратын қызметтері мен міндеттері және оларды басқару ерекшеліктері. «Аққайнар» АҚ - ның қаржылық жағдайын талдау
Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамалары
Бизнес тиімділігін бағалаудың маңызы мен негіздері
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КЛАСТЕР ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Еңбекақы формалары мен жүйелері
Аудит және бизнесті категориалдық талдау
Өңірлік келісімдерге қатысатын аккредиттеу жөніндегі органдар
Пәндер