Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді ашу және тәртібі. Банк қызметінлегі тәуекелділік


КIРIСПЕ
І Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді ашу және тәртібі
1. 1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді ашу және тәртібі
1. 2 Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрлымы
ІІ Банк қызметінлегі тәуекелділік
2. 1 Банк қызметіндегі тәуекелділік
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КIРIСПЕ
Банкі ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальяннша « banco » сөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиентері ақша-сауда капиталының өкілдері болған. Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиентері саудагер болып табылды№ сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен.
Қазіргі коммерциялық банктер бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ халыққа ететін банктерді білдіреді.
«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР Президентінің заң күші бар жарлығының 1-ші бабына сәйкес «банк - бұл осы жарғыға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, коммерциялық ұйым болып табылатын, заңды тұлға».
- Банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
- Меншік сипатына қарай:
- Мемлекеттік;
- Акционерлік (ақша және жабдық типтегі) ;
- Жеке;
- Пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;
- Аралас;
- Кооперативтік.
- Операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір гана салаға қызмет көрсететін банктер;
- Аумақтық белісіне қарай:
- Халықаралық;
- Ұлттық;
- Аймақтық;
- Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауылшаруашылық;
- құрылыс банктері;
- басқа да.
- Филиалдар санына қарай:
- Филиалсыз;
- Көп филиалды.
Егер банк акционерлік қоғам формасында құрылатын болса, онда оның жарғылық капиталы ашық түрде жазылып таратылатын акциялардың номиналдық құнының сомасында, кейде құрылтайшылардың арасында жарғылық капитплдағы үлесіне байланысты барлық акциялар тартылады. Қазақстан Ресубликасында банктер мәлімдеуші акцияны шығарып сатуға құқысыз, яғни жабық акционерлік қоғам формасында құрылады.
Акционерлік банктердің шығаратын акциялары екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар. Жай акция - оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивидент алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар акция - оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, ягни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жәй акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлессін алуға құқық береді.
Ал мемлекеттік банктер мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылады. Ашық типтегі акционерлік қоғамға банктердің (жабық типтегі акционерлік қоғам формасындағы) өтуі үшін. Ұлттық банктен банктік опреацияларды жүзеге асыруға қағазын алғаннан кейін бір жыл бойына Ұлттық банк тарапынан бекітілген пруденциялдық нормативтерді және басқа да міндеттемелерді орындауы қажет.
Егер де банк жауапкершілік шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасынан байланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары, жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады. Және олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал, оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тиім салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен де құрылуы мүмкін.
Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы, құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді.
Коммерциялық банктер қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілеттіктерін, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.
Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лецензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Банктің өкілеттегі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктік тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздаң астамы бас банкке тиселі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.
1. 1 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді ашу және тарату тәртібі.
Қазіргі коммерциялық банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің небары 10 жылдық тарихы бар. ҚР коммерциялық банктері өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлтық банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР президентінің заң күші бар жарлықтарын басшылыққа алады.
1999 жыфлдың 1 қантарындағы мәлімет бойынша еліміздегі екінші деңгейдегі банктер саны - 71 құраған. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда екінші деңгейдегі банктердің өте көп мөлшерде қысқарғандаған сипаттайды. Олардың қысқаруын банктердің интенсивтік жағынан өсуімен байланыстыруға болады. ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Дамыған шет елдерден айырмашылығы Қазақстандағы берілетін лицензия әмбебап болып табылады.
ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық ипотекалық қызметтерді жүзеге асырылады және т. б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікеоей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады.
Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай*ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлтық банкі лиццензия береді.
Екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін бастауы үшін ҚР Ұлттық банкінен рұқсат алуда төмендегідей құжаттарды табыс етеді:
- Рұқсат алу үшін беретін өтініші;
- Банктің жарғысы (түп нұсқа) ;
- Құрылтайшылық шарт (түп нұсқа) ;
- Құрылтайшылар жиналысы туралы хаттама;
- Үлес қосушылар немесе банк акционерінің тізімі;
- Құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
- Экономикалық негіздеме;
- Банктің 2-3 жылға арналған бизнес жоспары;
- Банк басшысының кәсіби жарамдылығы туралы анықтама қағаз;
- Банктің бас бухгалтері туралы анықтама;
- Жарияланған жарғылық қорға төленген соманы растайтын құжаты - төлем тапсырмасы.
Қазақстандық тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарғылық капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған қордың 50 %-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен тиіс.
Екінші деңгейдегі банктер өз қызметтерін банк құрылтайшыларының шешімімен, сондай-ақ ҚР заңдарына көзделген жағдайларды тоқтата алады. Банкті ашуға берген рұқсаты келесідей негіздерге байланысты қайтарылып алынуы мүмкін:
- Құрылтайшылық шарт пен банк жарғысының жұмыс жасап отырған заңдарға сәйкес келмеуі;
- Банк жетекшілерінің кәсіби жарамсыздығы;
- Банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- Рұқсат берген күннен бастап өз қызметін 6 айдан астам уақытқа дейін кешіктіруі;
- Пруденциалдық нормативтердің жүйелі түрде бұзуы;
- Банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
- Тіркеуге алған уақытқа дейін жарияланған жарғылық қордың төменгі сомасын төлемеуі;
- Құрылтайшылардың қаржылық жағдайларының тұрақсыздығы.
Банктің ашылуына берілген лицензияның қайтарылуы, банктің таратылу туралы шешімді білдіреді.
1. 2 Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функциондық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.
Басқару орган пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы - акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
- Банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- Банктің жарғылық капиталын өзгерту;
- Банктің Кеңесін сайлау;
- Банктің жылдық есеп қисабын бекіту;
- Банктің құрлымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы - банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі - банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде, келесідей міндеттерді шешеді: нормативтік актілерді бекітеді; Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмлелерді бекітеді.
Келесі басқару органы - бұл басқарма (банк кеңесі) - атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың иүдделерін қорғайды. Басқарманың міндеттеріне мыналар жағады:
- Банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
- Банктің саясаттарын жасау;
- Жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
- Комитеттерді құру;
- Ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы - бұл банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына келесідей міндеттер жүктеледі:
- Банктің қызметіне қатысты барлық ұрақтар бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
- Барлық мемлекеттік және басқа да органдарда басқа банктерде, оның ішінде шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша өкілеттілікті жүйеге асыру;
- Банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
- Банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
- Енбек келесім шарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер (контрактілер) жасасу.
Ревизиялық комиссия - банк қызметіне бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет - бұл несиенің байланысты қорытынды жасаушы орган.
- Банк қызметіндегі тәуекелдік.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайына банктік салада банк әр түрлі операцияларды жүргізу кезінде өзіне қабылдайтын тәуекелдік бақылау дұрыстығының маңызы артады.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты тәуекелдік түсінігі банктер өміріне нақты кіруде. Жоспарлы экономика жағдайында банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде «тәуекелдік» деген түсінік те болған жоқ. Егер клиенттің шотында есеп айырсу құжаттарын төлеу кезінде ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматты түрде оған төлем несиесін ұсынатын.
Қазіргі кездегі банктік нарық тәуекелдіксіз мүмкін емес. Ол кез келген операцияда болады, тек тәуекелдік әр түрлі көлемде болуы мүмкін. Сондықтан банктік қызмет үшін тәуекелдік мүлдем жою емес, оны алдын ала болжап, ең төменгі деңгейге дейін жеткізу маңызды болып табылады.
Банк тәуекелдігі дегеніміз не? Тәуекелдік негізінде ықтималдылықты, ал нақтырақ айтсақ, банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысы бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру керек: жоғалтулар, шығындар, залалдар.
Банктік қызметке тән тәуекелдікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды, банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді, сондықтан тәуекелдік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды. Тәуекелдік пен жоғалту түсініктері өзара тығыз байланысты. Сол себептікті тәуекелді жоғалту категориясын қолдану арқылы сан жағынан да бейнелеуге болады. Бұл тәсіл тәуекел теориясының дамуы үшін негіз болып табылады.
Шығындар. Банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар; басқа қаржылық институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем; есеп айырсу операцияларымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар; жұмыскерлерді, ғимараттарды, т. б. ұстауға кететін шығындар. Шығын категориясына қатысты тәуекелдік, көзге көрінбейтін жағдайларға байланысты белгіленген мөлшерден көбірек шығын шегу нәтижесінде пайда болады.
Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын залалдар алдағы операцияларды, есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол секілді залалдар тәуекелдігі нашар несиелік портфельмен (ресурстарды нашар орналастыру), конъюктураның толық есептелінбеуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайларға ұшырауына қауіп төндіреді. Жалпы кез келген қызмет түрі міндетті түрде бнлгілі бір тәуекелмен байланысты. Нарық жағдайында жұмыс істейтін кез келген кәсіпорын сияқты банк те жоғалтулар мен банк тәуекелдігіне ұшырауы мүмкін.
Шынында да, банк жетекшілері пайданы жоғарылатуға тырыса отырып, шығын мен зиянды барынша азайтуға ұмтылыс жасайды.
Мұның барлығы белгілі бір шамада бір-біріне қарама-қайшылық тудырады, оған анк иелері мен оның салымшыларының мүдделерінің келуі негіз ьолады. Біріншілер, қосымша пайда табу үшін тәуекелдікке баруға дайын болса, ал екіншілер үшін, банкке сеніп тапсырылған қаражаттардың сақталуы ең маңызды. Табыстылық пен тәуекелдіктің арасындағы ықшамды қатынасты ұстап отыру, банкті басқарудың біршама күрделі мәселелерін құрайды.
Банк үшін негізгі тәуекелдік түрлері оның портфелімен байланысты болып келеді, яғни банктің қаражатына жұмсалынған қаржылық активтермен байланысты.
Тәжірибеде төрт басты портфельдік тәуекелдік түрлері белгілі: несиелік, өтімділік, пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі, валюталық тәуекелдік.
Несие тәуекелдік - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындамауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Ол қарыздар портфелінің сапасымен тікелей байланысты. Несие тәуекелдігін үш түрге бөлуге болады: қиянатшылық жасау тәуекелідігі, шетел несиелері бойынша тәуекелдік, ішкі зайымдар бойынша төлем төлемеу тәуекелдігі.
Қиянатшылық жасау - 1991-1993 жж. Біздің республикамызда банктің үкіметсіз қарыздарының неғұрлым көп таралу себебі.
Тексеру нәтижесінде маусымды егіндік жұмыстарға, астық жинауға, меншікті қаражаттарды толықтыруға бөлінген мақсатты несиелік ресурстардың көзделген мақсатында пайдаланылмауы туралы көптеген фактіері анықталған. Мұндай жеңілдік несиелері басқа банктерден алған несиелер бойынша қарызды өтеуге машиналар сатып алуға бағытталған. Сондай-ақ бұл несиелерді нарықтың мөлшерлеме бойынша коммерциялық құрылымдарға қайта сатып валбтаға айналдыру, т. б. жағдайлар жиі болып отырған.
Қиянатшылық жасау - банктік жүйеде 80-жылдардың басында кеңірек тарап, олардың үлесіне АҚШ-ғы барлық банкротқа ұшыраған банктердің жартысынан астамы түскен. Бұл жерде банк директорлары мен жоғары лауазымды қызметкерлердің әріптестеріне, туыстарына, достарына, «достық» несиелерді ешқандай да қамтамасыз етусіз және қарыз алушының қаржылық жағдайын тексерусіз бергендігі туралы сөз қозғалады.
Шетел несиелері бойынша тәуекелдіктер - дамушы елдердің қарыз алушыларының несиелер бойынша жаппай төлем төлемеуіне байланысты 70-жылдарда анықталды. Бұл АҚШ-тың бірқатар ірі банктерінің банкротқа ұшырауына себеп болған.
Ішкі займдар бойынша төлемсіздік қарыз алушының төлем қабілетіне ықпал ететін барлық факторларды есепке алу қиындығымен байланысты туындайды.
Несиелік тәуекелдікті төмендетудің бірінеше тәсілдері бар:
- Банктік қарызбар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады. Қысқыртылған несие мөлшері, оны қайтармаған жағдайда зиян шегу шамасының қысқаруына мүмкіндік жасайды.
- Несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі ол несиенің қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық зиянның алдын алады.
Несиелік қабілетті бағалау қарыз алушының қаржылық жағдайының тәуекелдігін және олардың талдауын сипаттайтын көрсеткіштер есебін білдіреді. Ондай көрсеткіштерге келесілер жатады:
- Абсолюттік өтімділік коэффиценті - бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздардың қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысады;
- Аралық өтеу коэффиценті - бұл ақшалай қаражаттар + бағалы қағаздар + есеп айырысудағы қаражаттардың қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
- Жабудың жалпы коэффициенті - бұл айналым капиталы қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасы.
Сонымен қатар, банкке несиені алдағы уақытта қайтару көзі ретінде ақшалай түсімдерді, сондай-ақ қарыз алушының қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін де бағалау қажет.
Соңғы уақытта шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушыны баллдық баға беру арқылы негізделген әдіс кеңірек қолданылуда. Ол клиенттің рейтингін жасауды ұсынады.
- Несиелерді сақтандыру, несиенің қайтарылмай қалу тәуекелі оны сақтандырумен айналысатын ұйымдарға толық өтеуін сипаттайды. Несиелерді сақтандырудың бірнеше жолдары бар, бірақ оларды іске асырумен байланысты шығындардың барлығы алушыға тиісті болып келеді. Біздің республикамызда несиелерді сақтандырумен сақтандыру компаниялары айналысады.
Өтімділік тәуекелділіг. Ең жақсысы оны балансталмаған өтімділік тәуекелдігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің екі түрі болады: ішкі және сыртқы.
Ішкі өтімділік - инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылатын, тұрақты нарығы бар тез іске асырылатын активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздары - 1, 3, 6, 9 ай ішіндегі қазыналық вексельдер жатады.
Сыртқы өтімділік - оның өтімді қаражаттар қорын ұлғайтатын кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа банктер федералдық қорлардың қалдықтарың сатып алу, қолдан-қолға ауыспалы салым сертификаттарын, т. б. сатып алу) қамтамасыз етілуі мүмкін. Егер де банктер ертеректе тез іске асырылатын активтер құру арқылы ішкі өтімділікті қамтамасыз етуге ұмтылған болса, ал қазір олар активтер мен пассивтерді біртұтас басқару есебінен баланс өтімділігін қамтамасыз етуге тырысады.
Бұл тұста ұсақ банктер өтімді активтер құруды дұрыс көрсе, ірі банктер пассивті басқару саясатын (керек уақытта бағалы қағаздарды сата отырып, кейінен қайта қайтарып алу туралы келісім-шарт жасасу жолымен банктік активтерді сату-сатып алу, коммерциялық бағалы қағаздарды қолма-қола шығару және т. б. ) жүргізуді қалайды.
Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік нормасын сақтау жолымен, сол сияқты орналастырылған активтер мен банк пассивтерінің қайтарылу мерзімдерін көлбеу жолымен басқарады.
Өтімділік деңгейін қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:
- Пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа депозитер тарту;
- Айналыста жүретін депозиттік сертификаттар, облигациялар, т. б. шығару;
- Қарыздар және бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату;
- Пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұсақ мөлшері бойынша жинақтау;
- Несиелерді қайтарып алу;
- Ұлттық банктен, т. б. несиелер алу.
Қажетті өтімділік деңгейін ұстап отыру үшін, банк пассивтің төмендеуі және несиеге деген сұраныстың ұлғаюы, яғни конъюнктуралық өзгеру мүмкіндігін болжауға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz