Жүрек-тамыр жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру және қарау. Жүрек пальпациясы мен перкуссиясы. Диагностикалық маңызы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырып : Жүрек-тамыр жүйесі ауруларымен науқастарды сұрастыру және қарау. Жүрек пальпациясы мен перкуссиясы.

Диагностикалық маңызы.

Тақырыптың маңызы : Жүрек қан тамырлары ауруларымен ауратындардың пайыздық көрсеткіші әлемде өте жоғары. Сондықтан жүрек ауруларына диагноз қоюдың негіздерін жетік білген жөн, өйткені түскен шағымдары дұрыс жинап, науқасты қарау кезіндегі деректерге дұрыс талдау жасау науқас өмірінде басты рөл атқаруы мүмкін. Жүрек пальпациясымен, перкуссиясын ішкі ағзалар ауруларыдың диагностикасы үшін маңызы өте зор. Осы зерттеу тәсілдерін қолданып ішкі ағзалардың патологиялық өзгерістерін анықтап дұрыс диагнозға келеміз.

  1. Сабақтың мақсаты:

Оқушы білу керек :

  • Жүрек тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын науқастардың шағымдарын, оларды талдау.
  • Жүрек тамыр жүйесі ауруларымен ауыратын науқастарды жалпы қарау, жүрек тұсын қарау әдісін.
  • Жүректі пальпация әдісімен тексеру әдісінің методикасы (жүрек ұшының түрткісі, жүрек түрткісі, мысық пырылы симптомы) .
  • Жүректі перкуссия әдісімен тексеру әдісінің методикасы (абсолютті және салыстырмалы тығыздығы, шекаралары, қалыпты және патологиялық өзгерістері) .
  • Жүректі пальпация, перкуссия әдісімен тексерудің диагностикалық маңызы.

Оқушы істей білу керек:

  • Жүрек ауруларымен ауыратын науқастардың шағымдарын, аурудың анамнезін, өмір тарихының анамнезін жинау әдісін.
  • Жүректің пальпациясын жүргізу әдісін, патологиялық белгілерін анықтау.
  • Жүректің перкуссиясын жүргізу әдісін, шекараларының патологиялық өзгерістерін анықтау.
  1. Өз бетімен дайындалу сұрақтары:
  • Жүрек тамыр жүйесі аурулардың негізгі шағымдары.
  • Жалпы қарап тексергенде қандай клиникалық белгілері анықталады.
  • Жүрек тұсын қарағанда қандай өзгерістер анықталады.
  • Пальпация кезінде жүректің қандай өзгерістерін анықтауға болады, олардың методикасы.
  • Перкуссия тәсілімен жүрек шекараларының қалыпты жағдайдаын анықтау және әр түрлі патологиядағы өзгерістерін анықтау.
  1. Ақпараттық - дидактикалық бөлім:

Жүрек тамыр жүйесі ауруларын сұрастыру

Кеуде тұсынын ауырсынуы. Көбіне жүрек бұлшықеттерінің ишемиясына (оттегінің жетіспеушілігіне) байланысты. Миокард қанмен толық қамтамасыз етілмегендіктен онда зат алмасу процесстері бұзылады, биологиялық активті заттар бөлінеді, олар нерв рецепторларын тітірікендіреді де ауырсыну сезімін тудырады.

Ентіг у тыныс алу жиілігінің, ритмінің, терендігігің бұзылыстары. Оның себебі жүрек қызметінің әлсіреуінен кіші қан айналым шеңберінде іркіліс процесстердін дамуы. Ентігу көбіне физикалық күш түскен кезде пайда болады. Ентігу кезінде науқас отопное мәжбүр қалпында аяқтарын түсіріп, бас жағын көтеріп, қолдарыны тіреліп отырады. Осы жағдайда ентікпе біраз басылады. Кейбір жағдайда ентігу көбіне түнде ұстама ретінде мазалайды.

Жөтел және қан қақыру кіші қан айналым шеңберінде іркіліс процесстердің әсерінен пайда болады. Жөтел көбіне құрғақ, аз мөлшерде ақшыл түсті қан аралас кілегей қақарық бөлінеді.

Жүректін қатты соғуы және ритмінің бұзылуы физикалық күш түскенде, қобалжу кезінде, темекі шеккен соң, қою шай немесе кофе ішкеннең кейін байқалады.

Ісіктер аяқ жақтан басталып жоғары қарай көтеріледі, кешке таман пайда болады. Ісіктер таралған кезде ішкі қуыстарда да жиналуы мүмкін, мысалы іш қуысына жиналса ол асцит деп аталады, плевра қуысына жиналса гидроторакс, перикард қусында гидроперикард.

Естен тану жедел түрде мидың қан айналымы бұзылғандықтан пайда болады.

Тез шаршау жүрек қызметінің жетіспеушілігінде, интоксикацияда байқалады.

Он жақ қабырға астында ауырсыну сезімі үлкен қан айналым шеңберінде іркіліс процесстердің нәтижесінде бауырдың ұлғаюымен байланысты.

Жалпы қарау

  1. Науқас көбінесе мәжбүр ортопное қалыпта болады (аяқ жағын төмен түсіріп, жартылай отыру) .
  2. Деңе қызуынын көтерілуі жүректің инфекциялық қабынуында байқалады.
  3. Көгеру (акроцианоз) дененің шеткі бөліктерінде байқалады (мұрын, құлақ ұшы, еріндері, саусақтары) . Физикалық күш түскен кезде көгеру күшейеді, аяқ колдары салқын болып тұрады. Бұл симптом үлкен қан айналым шеңберіндегі іркіліс процесстерімен байланысты.
  4. Аяқтардың ісінуі үлкен қан айналымдағы іркілістің әсерінен пайда болады. Ісіктер кешке қарай пайда болып, таңертен жойылады.
  5. Аяқ қолдардың саусақтары барабан таяқшаларына, тырнақтары сағат әйнегіне ұқсап кетеді. Ол

Жүрек тұсын қарау және пальпация жүргізу

Жүрек тұсы бұлтиып шығынқы болып тұруы мүмкін. Ол жүрек көлемінің ұлғаюымен байланысты, әсіресе науқас бала кезінен ауыратын болса. Мойының қарағанда веналары кеңейіп, шығып тұруы байқалады (он жақ қарыншалық жүрек жетіспеушілігінде) .

Пальпация әдісімен жүрек ұшы түрткісін, мысық пырылы симптомын анықтауға болады.

Жүрек ұшы түрткісі сау адамдарда сол жақта бесінші қабырғааралықта бұғана ортасы сызығынан бір екі см ішке қарай орналасады. Оны анықтау үшін он жақ алақанымызды жүрек тұсына саусақтарды қолтыққа қаратып қоямыз. Жүрек ұшы түрткінің орналасуын, көлемін, күштілігін анықтаймыз. Жүрек ауруларында, сол жақ қарыншаның ұлғаюында жүрек ұшы түрткісі сол жаққа қарай ығысады, жайылған және күшті болады.

Мысық пырылы симптомы алақанымызды жүрек тұсына қойғанда пырылдаған мысықты сипағандай сезінулер пайда болады. Бұл симптом жүрек ақауларында кездеседі, қанның ағымында бір кедергі болғанда.

Жүрек перкуссиясы

Жүрек екі өкпенің арасында орналасқандықтан, оның шеткі бөліктері өкпе тінімін жабылып тұр. Сондықтан өкпемен жабылған жерден тұйықталған, ал өкпе тіні жоқ жерде жүректін өзінен тұйық дыбыс шығады. Осыған қарай жүректін екі түрлі тұйықтығын айырады: абсолюттік және салыстырмалы.

Салыстырмалы тұйықтығын анықтауды он жақ шекарасынан бастайды. Ол үшін алдымен он жақ өкпенің бұғана ортасы сызығы бойымен төменгі шекарасын белгілеп алып, одан бір қабырғааралыққа көтерілеміз. Сол қабырғааралықпен төске қарай саусақты қабырғаға перпендикулярлы қойып жәй соғып ашық өкпе дыбысы тұйықталған дыбысқа айналған жерін ашық дыбыс жағынан белгілейміз. Қалыпты жағдайда сол жақ салыстырмалы тұйықтығы төртінші қабырғааралықта төс сүйектен бір см сыртқа қарай орналасады. Он жақ қарыншаның гипертрофиясында он жақ шекарасы оңға қарай жылжиды.

Сол жақтан салыстырмалы тұйықтығын анықтау үшін алдымен жүрек түрткісін табамыз; содан кейін жүрек ұшы түрткісі орналасқан қабырғааралықпен сол жақ алдынғы қолтық асты сызығынан бастап ішке қарай жәй соғып тексереміз, тұйықталған дыбыстын пайда болған жерін белгілейміз. Қалыпты жағдайда ол бесінші қабырғааралықта бұғана ортасы сызығынан бір екі см ішке қарай орналасады, жүрек түрткісімен бірдей болады. Сол

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Тынысалу жүйесін зерттеу әдістері кеуде қуысын қарау және пальпациялау. Ересек адамдардың және түрлі жастағы балалардың салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы
Пациентті тексеру әдістері
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
Ауру тарихы жайында
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер
Сырқатнама (ауру тарихы) жайлы
HP инфекциясымен шақырылған асқазан секреторлық қызметі қалыпты созылмалы гастрит
Несеп - тас ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz