Мемлекеттік несие мен қарыздар


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1. Мемлекеттік қарыздың ішкі және сыртқы мәселелерінің теориясының негіздері4

1. 1. Мемлекеттік кредиттің мәні мен мазмұны4

1. 2 Ішкі мемлекеттік кредит нысандары7

2. Мемлекеттік қарыз және оны басқару15

2. 1 Мемлекеттік қарыз туралы түсінік15

2. 2 Мемлекеттік борыш және оны басқару18

2. 3 Қарыз ауыртпалығы25

3. Мемлекеттік кредит пен қарызды өтеу арқылы бюджет тапшылығын болдармау жолдары28

Қорытынды33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі34


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруга және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Шығыста бюджеттік ассигнациялардың, қаржылардың бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден түрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердін шығындары.

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты өдісі мемлекеттік кредит болып табылады.

Мемлекеттік кредит - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.

Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттік несие мен қарыздардың мәнін ашып анықтау болып табылады. Ол үшін курстық жұмыста келесідей міндеттері қаралады:

  • Мемлекеттік несиенің мәні мен мазмұнын айқындау
  • Бюджет балансы және бюджет тапшылығы
  • Тапшылықтар мен мемлекеттік қарыздар
  • Қарыз ауыртпалығы

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мемлекеттік қарыздың ішкі және сыртқы мәселелерінің теориясының негіздері

1. 1. Мемлекеттік кредиттің мәні мен мазмұны

Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынстарды банк несиесімен шатастыруға болмайды

Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландырута бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

  1. мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
  2. алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар " салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.

Мемлекеттік кредит ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Кредиттің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.

Кесте 1 - Мемлекеттің кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:

Жекеше кредит: Жекеше кредит
Мемлекеттік кредит: Мемлекеттік кредит
Жекеше кредит:
  1. өндірістік мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
  2. несие капиталы жұмылдырылады;
  3. өтеу қосымша өнім немесе өндіріс процесінде пайда болатын құннан жүргізіледі;
  4. капиталдың қолдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.
Мемлекеттік кредит:
  1. өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
  2. төлем және сатып алу каражаттары жұмылдырылады;
  3. өтеу бюджет кірістірінен (негізінен салыктық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;
  4. капиталды қолдану сферасын тарылтады.

Ағымдағы кезенде пайдаланылатын қаражаттар несиегерге ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сондай-ақ оның мерзімінен бұрын төлену қасиетінде көрінеді. Сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердіің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді ("уақытқа қарай қайта бөлу") .

Мемлекеттік кредиттің екінші функциясы - реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері") . Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.

Мемлекеттік кредит рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.

Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады (1 сызба) .

Ішкі кредитте мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.

Халықаралык, кредитте қатынастарға бір жағынан, үімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.

Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несигерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.

Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиегер ретінде де бола алады.

Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы - күрделі жұмсалымдар: басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.

Несие капиталдары рыногында мемлекет гарант ретінде бола алады. Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдіктер; банкроттық; саяси және басқадай себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.

Мемлекеттік кредиттің көздері - кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.

Мемлекет кредит ресурстарын:

  1. бюджет тапшылығын қаржыландыру;
  2. ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру;
  3. биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
  4. елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.

1 сызба. Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыштың сыныптамасы

Түрлері: Түрлері
Ішкі: Ішкі
Сыртқы: Сыртқы
Шартты: Шартты
Түрлері: Н
Ы
С
А
Н
Д
А
Р
Ы
Ішкі:

Қарыздыр

Сыртқы:

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер

Шартты:

Мемлекеттік банктер салымдарының қалдықтарн пайдалану

Орталық банктің кредиттері

Қазыналық несиелер

Ақшалай қарыздар

Тауарлық қарыздар

Дамуғы ресми көмек

Өтемдік келісімдер

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарыздары бойынша мемлкеттің кепілдіктері

Түрлері:

Байланған

байланбаған

Түрлері:

Ә

Д

І

С

Т

Е

Р

І

Ішкі: Беру, орналастыру шарттары, табысты өтеу мен төлеудің әдістері мен мезгілдері
Түрлері:

Мемлекеттік бағалы қағаздар облигациялар, қазынашылық міндеттемелер, бондар,

векселдер, сертификатар, өндірістік қаржылық құралдар

Ішкі:

Беру,

өтеу

мезгілдері

Сыртқы: Табысты есептеу (пайыздық табыстар, дисконт, ұтыстар)
Шартты: Кепілдікке салу міндеттемелерді, кепілдіктерді ресімдеудің тәртібі
Орналастыру және қызмет көрсету үшін делдалдарды таңдау
Басқа әдістер, тәсілдер
М е м л е к е т т і к б о р ы ш: М е м л е к е т т і к б о р ы ш
М е м л е к е т т і к б о р ы ш: Күрделі
Ағымдағы
М е м л е к е т т і к б о р ы ш: Басқару және қызмет көрсету
М е м л е к е т т і к б о р ы ш: Лимиттерді басқару, мониторинг, борыш пен пайыздардың негізгі сомасын төлеу, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, қайта қаржыландыру, кері арасалмақ бойынша облигацияларды айырбастау, өтеудің мерзімін ұзарту, борыштың күшін жою

1. 2 Ішкі мемлекеттік кредит нысандары

Ішкі мемлекеттік кредиттің нысандары:

  1. мемлекеттік қарыздар шығару;
  2. коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру;

3) қазынашылық несиелер.

Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.

Мемлекеттік қарыздар - нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.

Кесте 2 - Қарыздардың салықтардан айырмашылығы

Қарыздар: Қарыздар
Салықтар: Салықтар
Қарыздар:
  1. ерікті сипаты;
  2. мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны
Салықтар:
  1. мәжбүрлеме сипаты;
  2. мәжбүрлеудің анық нысаны

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.

Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдык, қарыздарға) ажыратылады.

Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады) ; ұтыс немесе лотереялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.

"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына, Бюджет кодексіне сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдік берген қарыз алу.

2 сызба- Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар

Алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік және мемлекеттік емес сыртқы қарыздардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы резиденттерінің Қазақстан Республикасы бейрезиденттерімен келісім-шарттары бойынша берешектік міндеттемелерінің белгілі бір күнгі сомасы жалпы сыртқы борышты құрайды. Ол сыртқы мемлекеттік борышты және ішкі мемлекеттік борышты кіріктіреді. Сыртқы мемлекеттік борыш -Қазақстан Республикасы өкіметінің, жергілікті атқарушы органдарының және Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының бейрезидент несиегерлері алдындағы сыртқы мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Ішкі мемлекеттік борыш - Қазақстан Республикасы өкіметінің, жергілікті атқарушы органдарының және Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының қарызгер-резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борыштың құрамдас бөлігі.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.

Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:

1. Қарызгерге қатысы бойынша:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;

Жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.

2. Несие капиталының рыноктары бойынша:

сыртқы мемлекеттік қарыздар;

ішкі мемлекеттік қарыздар.

3. Қарыз алу нысаны бойынша:

мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;

қарыз шарттарын (келісімдерін) жасасу болып бөлінеді.

4. Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:

айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;

айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;

айналыс мерзімі 5 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда (оны ұстаушылар үшін тек қана құжаттық нысанда), номиналды және дисконтталған құны бойынша, сый-ақының бекітілген және бекітілмеген мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.

Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың банктердегі салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру әдетте жинақ банкілері арқылы жүргізіледі және егер, олардың капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану тәуекелдіктері бойынша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің) капиталына мемлекет қатынсқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің) пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының проблемалары пайда болады.

Қазынашылык, несиелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджет қаражаттары есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақша қатынастарын білдіреді.

Мемлекеттік кредиттің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда - бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу, мерзімсіз қарыздарда - пайыздық кірісті дүркіндік төлеу) .

Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, қайта қаржыландыру) .

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде (МҚМ-да) мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы1, көрсетулі құны бойынша МҚМ-ды өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудіің тәртібі (реті) .

Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде - мемлекеттік банктердің депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары - әдістері ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.

Мемлекеттік кредиттер нысанындағы әдістер кәдімгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.

Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ, әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредит мәмілелерінің қатысушылары болып отыр.

Халықаралық мемлекеттік кредит - халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.

Халықаралық кредит - бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ басқа заңи және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңи және жеке тұлғаларына берілетін қарыздары. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр: Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі және оның ұйымдары - Дамудың Халықаралық Ассоциациясы, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы, Европа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары. Халықаралық Валюта Қоры валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға бақылау жасау, қатысушы-елдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем баланыстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.

Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.

Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып саналады.

Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық зандардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.

Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:

  1. еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу;
  2. өндірістің мамандандырьшуы, қауымдасуы;
  3. елдердің табиғи ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;
  4. жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;
  5. дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;
  6. дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы.

Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредит ресурстары:

  1. қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан;
  2. ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары) ;
  3. мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.

Ақша нысанындағы халықаралық кредит ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.

Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі процесінде тауар және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.

Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.

Халықаралық кредиттің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады. Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу - сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады. Сыртқы сауда-ны несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.

Халықаралық кредит нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуға ресми көмек ерекшеленеді. Көмек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады, яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары өздерінің пайдасын барынша көбейтуге ұмтылмайды, керісінше құрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, Халықаралық валюта қорының кредиттері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу шарттарының бірі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие туралы
Мемлекеттік несие, мемлекеттік қаржыдағы оның ролі
Халықаралық мемлекеттік несие
Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш
Мемлекеттік несие
Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары
Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз
Мемлекеттік несие түсінігі, нысандары мен сыныптамасы
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz