Қазақстандағы діни бірлестіктер



І. Кіріспе
Қазақстандағы діни бірлестіктер
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы ресми дін . Ислам діні туралы
2. Адастырушы діни ағымдар
3. Қазақстандағы миссионерлер
ІІІ. Қорытынды
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
Қазақстандағы барлық діни бірлестіктер Ислам мен християн православтары діни басқармаларының рұқсатымен тіркелуі шарт. Еліміздегі руханияттың ұйытқысы болып отырған негізгі қос дін өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл шара күмәнді мақсатты көздеген діни қауымдардың әрекетіне тосқауыл болады. Аталған үндеу сәрсенбі күні өткен "Алматы төңірегіне діни-экстремистік бағыттағы ұйымдар идеологиясының таралуын болдырмау" атты семинарда айтылды.
Деректерге қарасақ, қазіргі таңда өзге діннің жетегінде кеткен қаракөздеріміздің саны 700 мыңға жуықтаған. Қазақ халқының дәстүрлі діні саналатын ислам жамағаты-бұған діни сенім жөніндегі заңнаманың солқылдақтығы басты себеп дейді. Аталған заңда 10 адам жиналса діни бірлестік болады деп жазылған. Бірнеше республикадан тұратын іргелес Ресейдің өзі діни мәселеде қатаң ұстаным танытып отыр. Мектептерге "православия негіздерін" жеке пән ретінде енгізгені былай тұрсын, көптеген діни қауымдардың қызметіне заң жүзінде тыйым салды. Өкінішке орай Ресейде жолы кесілген секталар Қазақстанда қаптап жүр. Мамандар бұларға шектеу қоймаса Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деген пікір айтып отыр. Семинар жұмысы исламның атын жамылған радикалды топтар төңірегінде өрбіді. Алайда жиындағылар бірыңғай мұсылман экстремистерімен күреске алаңдамай өз ішіміздегі батыстың қауіпті секталарының әрекетіне де мойын бұруымыз қажет. Өйткені ұлттық мүддеге жат саясат жүргізетін алабөтен ұйымдардың түгелі де біз үшін қатерлі болып табылады.
1. Интернет желісі, http://almaty.tv/index.php?uin=1150950317 сайты
2. Егемен Қазақстан газеті, 2006ж, №18
3. Айқын газеті, 2007 ж, шілде айы
4. Интернет желісі, www.muftyat.kz сайты

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
І. Кіріспе
Қазақстандағы діни бірлестіктер
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы ресми дін – Ислам діні туралы
2. Адастырушы діни ағымдар
3. Қазақстандағы миссионерлер
ІІІ. Қорытынды
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай

І. Кіріспе
Қазақстандағы діни бірлестіктер
Қазақстандағы барлық діни бірлестіктер Ислам мен християн
православтары діни басқармаларының рұқсатымен тіркелуі шарт. Еліміздегі
руханияттың ұйытқысы болып отырған негізгі қос дін өкілдерінің
мәлімдеуінше, бұл шара күмәнді мақсатты көздеген діни қауымдардың әрекетіне
тосқауыл болады. Аталған үндеу сәрсенбі күні өткен "Алматы төңірегіне діни-
экстремистік бағыттағы ұйымдар идеологиясының таралуын болдырмау" атты
семинарда айтылды.
Деректерге қарасақ, қазіргі таңда өзге діннің жетегінде кеткен
қаракөздеріміздің саны 700 мыңға жуықтаған. Қазақ халқының дәстүрлі діні
саналатын ислам жамағаты-бұған діни сенім жөніндегі заңнаманың
солқылдақтығы басты себеп дейді. Аталған заңда 10 адам жиналса діни
бірлестік болады деп жазылған. Бірнеше республикадан тұратын іргелес
Ресейдің өзі діни мәселеде қатаң ұстаным танытып отыр. Мектептерге
"православия негіздерін" жеке пән ретінде енгізгені былай тұрсын, көптеген
діни қауымдардың қызметіне заң жүзінде тыйым салды. Өкінішке орай Ресейде
жолы кесілген секталар Қазақстанда қаптап жүр. Мамандар бұларға шектеу
қоймаса Ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін деген пікір айтып отыр.
Семинар жұмысы исламның атын жамылған радикалды топтар төңірегінде өрбіді.
Алайда жиындағылар бірыңғай мұсылман экстремистерімен күреске алаңдамай өз
ішіміздегі батыстың қауіпті секталарының әрекетіне де мойын бұруымыз қажет.
Өйткені ұлттық мүддеге жат саясат жүргізетін алабөтен ұйымдардың түгелі де
біз үшін қатерлі болып табылады.

ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстандағы ресми дін – Ислам діні туралы
Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 милионнан астам
халқы ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасына көтерілгеніне де он-бес
ғасырдан асты. Ол жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде
дүниеге келді. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш
тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етті.
Алла тағала адам баласын қараңғылық зұлматы мен адасушылықтан –
қайырым, шапағат, рақым, мейірім, яғни тура жолға салу үшін әр кездері
пайғамбарларын жіберіп отырды және оларды белгілі бір қауымдардан шығарды.
Пайғамбарларға Алла тағала қасиетті кітабы - өмір сүру заңын да қоса
жіберді. Адам баласы соны басшылыққа алып, айқын да дұрыс жолмен жүрсін
деді. Бірақ олар пайғамбарларды тыңдамады, жөн сөзді теріске балап, жаһил
тірліктерін жалғастыра берді. Ақырында Жаратушы иеміз қиянатшыл қоғамдарды
жойып жіберді.
Алла тағала адамдарға Алла тартқан желіден (діннен) бекем ұстап,
айрылмаңдар (Әл имран сүресі, 103 аят), Ақиқатында, Аллаға қабыл дін –
Ислам діні (Әл Имран сүресі, 19 аят) деп таза да ақиқат дін – исламды
жіберді. Адам баласы қасиетті Құранды басшылыққа алып, ешкімге де,
ешнәрсеге де қылдай қиянат жасамай өмір сүрсін, қоғамы әділ де иманды
болсын деп дұрыс жолды көрсету үшін Құран кәрімді Мұхаммед (с.ғ.с.)
пайғамбарымызға уахи етті.
Алла елшісі (с.ғ.с.) бұрынғы пайғамбарлардай белгілі бір қауымға ғана
емес, бүкіл адамзат пен ғаламға рахым етіп жіберілген. Ол туралы Алла
тағала: Ей, Мұхаммед! Сен болмағанда мына он сегіз мың ғаламды жаратпаған
болар едім, - деген. Мұса (ғ.с.) және Иса (ғ.с.) пайғамбарлар да Тәурат
пен Інжілдің йаһудилер мен христиандар өзгертпеген бұрынғы нұсқаларының 40-
қа жуық жерлерінде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) болашақта дүниеге келетіндігін
болжай айтқан.
Ол хақында мысалы Иса (ғ.с.): Әй, Исраил ұрпақтары! Сендерге мені
Алла жіберген, өзімнен бұрын келген Тәуратты растаушы, өзімнен соң Ахмед
атты пайғамбар келетіні туралы қуанышты хабар әкелуші пайғамбармын... (Ас-
Саф сүресі, 6-аят), - дейді. Ахмед те, Мұхаммед те, Махмуд та мақтаулы,
мақталған деген мағынаны білдіреді. Демек, Мұхаммед пайғамбарымыздың
(с.ғ.с.) ақиретке дейін мақталып, абыройы үстем бола бермек.
Ислам жаһандағы барлық жанға тыныштық пен қайырым, әділдік, жақсылық
пен игілік тілейді. Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға шақырады. Ол адам
баласын жанындағыларға жақсылық жасап, ізгілік дәнін себуге, тарыққанға
таяныш, жылағанға жұбаныш, ата-анаға мейірімді, әдепті болуға үндейтін
нағыз гуманизмге толы дін.

Міне осындай бірлікке, ынтымаққа негізделіп, ізбасарларын имандылыққа
ұйытатын, рух тазалығын уағыздайтын асыл дін идеясын ту еткен мұсылмандар
аз жылдардан соң Араб түбегінен шағындап шығып, осы күнгі Сириия,
Палестина, Ирак жеріне жетті, Исламды ту еткен араб қосындарының бір бөлігі
Қызыл теңізден өтіп Мысырға табан тіреді, соңыра әрі қарай қазіргі Мағриб
араб елдеріне де байрағын желбіретті. Ливия, Тунис, Алжир, Марокко исламға
мойынсұнды.
711 жылы мағрибтық мұсылмандар жаңа дінді жалау етіп Атлант мұхиты мен
Жерорта теңізін бөліп жатқан Гибралтар бұғазынан өтіп, Андалусияға
(Испанияға) аяқ басты. Олар сондай-ақ Испания мен Франция арасындағы
Пиреней тауларына да жетті. Кейінірек Ислам діні Солтүстік Африка ғана
емес, Орталық Африканың да біраз жерлері мен елдеріне тарады.
Араб жасақтары тек Батысқа ғана емес, сондай-ақ осы күнгі Кіші Азия
мен кавказ тауларына да ат басын бұрды. Бірте-бірте жаңа дін Мауараннаһр
деп аталған орта Азиядағы түркілер өлкесіне де жетті. Бұхара мен Самарқан,
Шаш (Ташкент) пен Отырар, Хорезм өлкесі де исламды қабылдады.
Сөйтіп Ислам діні IX-X ғасырларда сұнниттік бағытта бірте-бірте
түркілер әлемінде де нығая бастады. Әйтсе де ғылым мен білім, ізгілік пен
игілік әкелген дініміздің қазақ жеріне түгел тарап, біржола орнығуына әлі
де біраз уақыт қажет еді.
Ия, түркі тайпаларын исламдандыру бірнеше ғасырларға созылды. Бұл
ретте Талас маңында арабтардың 751 жылы қарақытайлармен болған шешуші
шайқасы үлкен рөл атқарды.
Исламдандырудың келесі кезеңі елімізді Қарахан әулеті (X-XI ғ.) мен
моғолдар (XIV-XV) билеген кезге тұс келді. Бұл кездері Ислам мемлекеттік
дін болды.
Ислам орта ғасырларда қазақ даласында бұрын болған қалалар мен
қорғандар, қамалдар мен кенттердің ірге тасын нығайтып қана қоймай, өзге де
шаһарлардың ірге тебуіне ықпал етті. Исламды уағыздайтын мешіттер мен
медреселер, ғылым-білім ошақтары бой көтерді. Отырардың шығысындағы Сайрам,
Манкент, Тараз, Түймекент, Құлан, Меркі, Аспара, Баласағұн, Шу қалалары
ғана емес, Сыр бойындағы Сүткент, Ясы (Түркістан), Қарнақ, Сауран, Иқан,
Қауған, Өзкент, Аркөк, Қыпшақ, Жент, Асанас, Сығанақ, Баршынкент,
Қаратаудың теріскейіндегі Құмкент, Ақтөбе, Бабата, Саудакент, Созақ
қалалары жандана бастады. Бұл шаһарлардың көпшілігі араб, парсы дүниесі мен
ондағы ғылыми-мәдени ошақтармен байланыста болды. Жергілікті халықтың көзі
ашық, көкірегі ояу азаматтары Шаш (Ташкент), Бұхара, Самарқан, Мерв,
Термез, немесе одан арғы Теһран, Исфаһан, Шираз және оның да арғы жағындағы
арысы Каир, берісі Бағдад, Басра, Дамаскідегі білім ошақтарына барып тағлым
алуға тырысты. Бұл ретте Сырдың оңтүстігіндегі Хорезм елімен де
бабаларымыздың мәдени, рухани байланысы әсте де үзілмеген.
Араб тілі бірнеше ғасырлар бойы Орта Азияда ғылым мен білімнің тілі
болды. Отырарлық Әбу Нәсір әл-Фараби, Исхақ әл-Фараби, Исмаил әл-Жауһарилер
Таяу және Орта Шығыс елдерінде білімін молықтырып, әлем мәдениетінің алтын
қорынан орын алатын классикалық шығармалар қалдырды.
Дегенмен X-XII ғасырларда тек араб тілі ғана емес, сондай-ақ бірте-
бірте жергілікті халықтың түркі тілінде де шығармалар дүниеге келе бастады.
Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашғари, Қожа Ахмет Йассауи салған дәстүрді XVI-
XVII ғасырларда Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали би Қосымұлы Жалайырилер
жалғастырды. Сөйтіп Ислам өркениеті орта ғасырлардан күні кешеге дейін Орта
Азия халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне, рухани өміріне үлкен әсер етті.

Елімізден шыққан араб, парсы, түркі тілді ғалымдардың бір тобы
философия, тарих, мәдениет, астрономия, логика, музыка, әдебиет пен тіл,
медицина саласындағы еңбектерімен аты шықса, енді бірі қасиетті Құран мен
тафсир, шариғат, мазһабтар, фиқһке арналған шығармаларымен де ел құрметіне
бөленген. Бұл ретте Бұрһан ад-Дин Ахмад әл-Фараби, Имад ад-Дин Әбу-л Қасым
әл-Фараби, Қауам ад-Дин әл-Фараби, Маула Мұхаммед әл-Фараби, Молла Ахмет әл-
Женди, Хусамад-Дин әл-Хұсейн ас-Сығнақи, Әбу Абд Алла әл-Баласағұни, Әбд әл-
Ғафур әл-Кердери, Хафиз ад-Дин әл-Кердерилерді атауға болады.
Сайрамдық Ахмад әл-Исфиджаби, Әли әл-Исфиджаби атты ғұламалар да
өзінің терең ойлы туындыларын дін Ислам ғылымына арнаған. Сайрамнан сондай-
ақ әл-Қади әл-Байдауи, Әбу-л Хасан Әли әл-Байдауи секілді қазылар да
шыққан. Соңғы екеуі – туған жері Сайрамда көз жұмған. Орта ғасырларда Орта
Азия мен Қазақстанға софылық ілім де тарады. Ол көбінесе көшпелі тіршілік
кешкен жұртта Ислам дінінің мықтап орнығуына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне,
әдебиеті мен мәдениетіне әсер етті.
XIX ғасырда Қазақстанның патшалық Ресей отарына айналуы, феодализмның
ыдырап, капитализмнің күш ала бастауы діни руханиятқа да әсер етпей қойған
жоқ. Сондай-ақ Таяу Шығыста басталған діни-ағартушылық қозғалыс әсері Орта
Азия мен Қазақстанға да жетті. Соған байланысты діни істерге реформа жасау
қажеттігі көтерілді. Бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қадимшілер мен жаңашыл
жадидшілер сынға түсті. Ия, халқымыздың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары
елінің дініне де көңіл бөлгендіктен мұсылмандардың басын қосып, діни
істерді заман талабына сай жүргізетін ұйым құруға тырысты.
Сөйтіп 1906 жылдың көктемінде Верныйда Түркістан өлкесі
мұсылмандарының I құрылтайы өтті, оған 100-ге жуық делегаттар қатысты.
Құрылтай қаулысында бүкіл Ресей мұсылмандарының діни-руханият мәселелерімен
айналысатын мұсылмандар діни бас басқармасын құру, мүфтиден бастап азаншыға
дейінгі дін қызметкерлерін жергілікті әкімшілік емес, халықтың өзі сайлауы,
вакуфтер ашу, мешіттер салу және оларды жөндеуге рұқсат беру, мектептер мен
медреселерді реформалау қажеттігі атап көрсетілді.
Сөйтіп сол жылдары Жетісуда өзге де саяси партиялар мен қоғамдық
ұйымдар сияқты діни қауымдастық та ресми түрде тіркелген. Ия, Ислам
көптеген ғасырлар бойы қазақ халқының жүрер жолы, арқа сүйер рухани тірегі
болып келді. Дей тұрғанмен Совет дәуірінде қылышынан қан тамған атеизм
Ислам дінінің қолданылу аясын тарылтқан үстіне тарылта түсті.
Ислам діні Кеңес дәуірінде. Қазан төңкерісінен кейін 20-ы жылдар
соңына дейін Кеңес үкіметі дінге кеңшілікпен қарады. Сол себепті мешіттер
мен медреселер өз жұмысын жалғастыра алды.
1920 жылы Орынборда мұсылмандардың тағы бір құрылтайы өтті. 1921 жылы
республикада Ораза айт пен Құрбан айтты ресми мереке ретінде тойлау жайлы
қаулы қабылданды. Орта Азия мен Кавказ республикаларының көпшілігінде жұма
демалыс күні болып жарияланды. Бірақ бұл көпке созыла қойған жоқ. Кеңес
үкіметі өзіне өзі келе бастаған соң көп ұзамай дінмен күреске кірісті. Мың
жылдан бері ізгілік пен игілік дәнін сеуіп келген дініміз кертартпа деп
насихатталды. Дінбасылары қуғынға ұшырады. Атылды, асылды, жер аударылды.
Халық бірте-бірте рухани тірегінен айырыла бастады. Тіліне қысымшылық
жасалды. Орыстандырылу жедел жүргізілді. Рухани жұтаңдық атқа мінді.
Осындай рухани ауыр халге ұшыраса да халқымыз дінінен безген жоқ.
Қалалар мен кенттер, ауыл мешіттерінде жұма намаздары, Құрбан айт пен Ораза
айт, кең көлемде болмаса да, өткізіліп тұрды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің Еділ бойына жақындап
қалғанынан сескенген Сталин 1937-1938 жылдары өзі жазықсыз жапа шектірген
Орта Азия мұсылмандарының ризалығына бөленбек оймен ислам дініне көңіл
бөлуге кірісті. Сөйтіп 1943 жылы Ташкент қаласында Орта Азия мен Қазақстан
мұсылмандарының құрылтайы ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қазақстан
делегациясын шейх Абд әл-Ғаффар Шамсутдинов бастап барды. Құрылтайда Орта
Азия мен Қазақстан республикалары мұсылмандарының діни басқармасы құрылып
төрағасы, Бас мүфти болып Ишан Бабахан Абдулмажидхан (1856-1957) сайланды.

Адастырушы дәни ағымдар
Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары
мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және
кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір
биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking,
Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің
генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-
тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд
университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-
Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей
келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір
көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚШ Коломбия университетінен
Ральф Солеки (Ralph Solecki) Солтүстік Ирақтағы Шанидар (Shanidar)
үңгірінде 1957 жылы жүргізген қазба жұмыстарында табылған заттар осыдан 60
мың жыл бұрын өмір сүрген неандерталь адамдарының діни нанымының
болғандығын дәлелдеген (көбірек мәлімет үшін мына еңбекті оқыңыз: Roger
Lewin, The Origin of Modern Humans, W.H. Freeman and Co., New York, 1993).
Адамзаттың ойлау деңгейі биіктеген сайын, ғылым-білім саласындағы
табыстар көбейіп, өркениет сатысы өрлеген сайын, діннің қоғам өміріндегі
рөлі мен маңыздылығы да күшейе берген. Адам баласының дамуы мен діни сана-
сезім және қатынастардың да дамуы бірге жүрген десек қате болмас. Көне
Мысырдағы перғауындардың ел мен дінді қатар билеуі, Рим императорларының ең
биік діни мәнсапқа ие болуы, Үндістанды билеген Ашоканың (м.б. ІІІ ғ.)
буддизмді тарату жолындағы қанды жорықтары, христиандардың шармық (крест)
жорықтары, пайғамбарлардың ғибратты өмірі зерттелгенде тарихтағы ең елеулі
уақиғалардың басы қасында діннің жүргендігі байқалады. Алып мемлекеттердің
күйреуі яки пайда болуы, төңкерістер, соғыстар, көштер көбінде не белгілі
бір дінді жою үшін немесе белгілі бір дінді орнату яки тарату үшін
жасалған. Осы соқтықпалы-соқпақты жолды бастан кешкен адам баласы діннің ең
кәміл формасы ретінде исламға қол жеткізді. Миладтан кейінгі VII-ғасырда әз
елші Мұхаммед Абдұллаһұлы (569-632) арқылы күллі адамзатқа жіберілген ислам
діні Жаратушының жаратылғандарға жіберген ең соңғы һәм ең кәміл өмір сүру,
ойлау, сезіну, ұйымдасу және даму жолын ұсынды...
Адам баласы жаратылысындағы оң және теріс қабілеттері, күшті һәм әлсіз
жақтары бойынша Жаратушының саф дініне қол сұға отырып, көпшілік
жағдайларда дінді бұрмалап, дінге өзгерістер енгізіп, діннің бақилық
сипатын фәнилендіріп, ізгілік пен бақытқа жеткізуші арнасын ауыстыруға
талпынумен болды. Тарихта болған күрделі уақиғаларды терең зерттегенімізде
есі сау адамға қорқынышты яки жиіркенішті көрінуге тиісті көптеген іс-
амалдардың дін үшін немесе діншіл атанған топтың бастамасымен
болғандығын көреміз. Еуропадағы инквизация жылдарында (1184-1834) шіркеудің
бұйрығымен өлтірілген он мыңдаған ғалымдар, кінәсіз өртелген жүз мыңдаған
әйелдер, Америкада еш жазықсыз қырылған миллиондаған үндістер, Африкада
құлдыққа әкетілген миллиондаған бейкүнә адамдар т.т. осы пікіріміздің
айғағы. Әлемдегі барлық діндер өзінің негізгі формасынан ауытқып, басты
мақсатынан ажыратылған тұста діндердің ішінен діндер бөлініп шығып, олардың
өзі қырқысып, ондаған, тіпті, жүздеген бағыттарға бөлініп, бүгінгі аса
күрделі һәм бақылануы неғайбыл діни ахуал пайда болды. Мұсылмандар да осы
фәнилендіру зобалаңының, дінге іріткі салу фитнәсінің қиянатшыл уә жойқын
тепкісіне душар болды. Пайғамбарымыздың кезінде
бөлінбеген және Құранда ешқашанда жіктерге бөлінбеңдер! (Құран, Әли Имран
сүресі, 3103) бұйрығының болғанына қарамастан мұсылмандар бастапқыда саяси
топтарға бөлінді, оның арты сенім және құқық қағидалары бойынша жіктелуге
ұласты. Осы бөлінудің мұсылмандарға еш жақсылық әкелмегені, әлбетте,
белгілі. Алайда, бүгінгі діндер және мәзһәб уә тариқаттардың (конфессиялар
уә секталар) пайда болу және қалыптасу тарихын аса мұқияттылықпен зерттеп,
талдап, ғибрат алған жөн. Тек қана Аллаһ Тағаланың меншігіндегі діни
алаңға фәнилердің қол сұғуы жалғасқан сайын, дін ішіндегі бөлінушілік
болған сайын, ізгілік пен бақытқа кенелтетін діннің, өкінішке қарай, азап
пен адасушылыққа апаратын сипатқа ие болатынына куә боламыз. Осындайда,
белгілі философ һәм идеолог Карл Маркстың (1818-1883) дін – халықтың
апиыны деген мәшһүр сөзі еріксіз еске түседі. Карл Маркстың йаһұди (еврей)
жанұяда дүниеге келіп, христиан қоғамда өскендігін ескергенде, оның
түсінігіндегі діннің қандай дін екені өздігінен белгілі. Дегенмен,
ізгілікке баулитын сипатынан айырылған және фәни пенделерге яки пұттарға
құлдық ұруға үгіттейтін діннің шын мәнінде апиын болатыны да даусыз...
Фәнилердің қол сұғуы мен бұрмалауына ұшыраған өзге діндерден исламның басты
ерекшелігі һәм артықшылығы – оның негізгі бұлағы Құранның қол сұғушылық пен
бұрмалаушылықтан ада болғандығында. Фәнилер қанша тырысқанымен Аллаһ
Тағаланың кітабы пайғамбарымызға түсірілген күйінде ғасырлар бойы сафтығын,
хақтығын сақтап келеді. Исламға қол сұғушылық Құран аяттарын өзгерту арқылы
емес, аяттардың мағыналарын бұрмалау және Құранға жанама бұлақтарды ойлап
шығарып, солар арқылы тұрмыстағы дінге жаңалықтар мен өзгерістер енгізу
арқылы болған. Бүгін ислам атын жамылып жүрген көптеген ағымдардың өзара
тіл табыса алмай жүргені де сондықтан. Оның ішінде, бастапқыда болғанындай,
саяси мақсатты көздейтіндер, дінді билікке келудің құралы етіп пайдаланғысы
келетіндер, дінді табыс көзіне айналдырғандар мен исламды жойғысы келетін
сыртқы күштердің әрекеттері бар екені белгілі. Демек, Аллаһ Тағаланың саф
дінін түсіну және мұсылман үмметі ішінде Құранның айқын бұйрықтарына қайшы
пайда болған алауыздықты жою үшін жасалатын бір ғана нәрсе бар – Құранға
жүгіну және оны басшылыққа алу. Сонда ғана мұсылмандар арасында келісім мен
түсіністік пайда болады.
Құранның мына бұйрықтарын мүлтіксіз түсініп, орындаған жөн:
Үкім тек Аллаһтікі ғана! Ол тек Өзіне ғана құлшылық етулеріңді әмір етті.
Міне, көнермейтін ең нағыз хақ дін осы! Алайда, адамдардың көбі білмейді!
(Құран, Йұсұф сүресі, 1240)
Көздеріңді ашыңдар! Әбден жақсылап біліңдер-кім, тек Аллаһтың діні
ғана нағыз шынайы дін! Аллаһты тастап, басқаларды өздеріне әулие етіп
алғандар: Біз оларға тек бізді Аллаһқа жақындатулары үшін ғана құлшылық
етудеміз!, дейді. Күдіксіз, Аллаһ олар өз араларында пікір таласқа түскен
мәселе бойынша үкім бермек. Расында, Аллаһ өтірікші және опасыз, шүкірсіз
адамды тура жолға салмайды! (Құран, Зұмер сүресі, 393)
Күдіксіз, мұминдер бауырлар-дүр! Ондай болса, бауырларыңның арасын
татуластырыңдар! (Құран, Хұжұрат сүресі, 4910)
Аллаһтың желісінен бәрің бірге жабыса ұстаңдар және ешқашанда
жіктерге бөлінбеңдер! (Құран, Әли Имран сүресі, 3103)
Жоғарыдағы аяттардың талаптары көрініп тұр. Енді, бұрмаланған діннің,
фәнилердің қол сұғуына ұшырап, рухани қанау қолшоқпарына айналған нахақ
жолдардың адамзатқа қаншалықты зиянды бола алатынын нақты мысалдармен
келтірейік:
Африканың кіндігінде орналасқан Уганда еліндегі Канунгу қалашығында 18
наурыз 2000 жылы Құдайдың 10 бұйрығын жаңғырту (Restoration of the Ten
Commandments of God) христиан сектасына мүше 500-ден астам адам өздерін
өртеп өлтірген. Секта көсемі Жозеф Кибветере (Joseph Kibweteere) секта
мүшелерінің бәрін бір салтанатты мұрасымға шақырып, дастарқан дайындаған
екен. Жас балалар мен көпшілігі әйелдерден құралған өзін-өзі өлтіру
жамағаты шіркеудің есік-терезелерін жауып, алдымен діни әндер айтып, билеп,
сонсоң өздерін өртеп жіберген. Өрт өшіру қызметі анықтағандай, суицид амалы
барысында мүшелер арасында жанжал болмаған. Жозеф Кибветере 31 желтоқсан
1999 жылы қиямет қайым болады, барлық мүліктеріңді сатыңдар, деп
үгіттеген. Айтылған уақытта еш нәрсе болмаған соң ол болжамын 31 желтоқсан
2000 жыл деп өзгертеді. Бұл да болмаған соң араға бірнеше ай уақыт салып,
пенделерімен массалық суицидті уйымдастырады. Уганда Сыртқы істер министрі
Амама Мбабази (Amama Mbabazi) баспасөзге берген сұхбатында үкіметтің осы
секта жөнінде мағлұматы болмағанын, егер болғанда тиісті шараларды алдын
ала қолдануға болатындығын айтқан. Ол, сонымен қатар, діни жамағаттарды
бақылауды күшейтудің қажет екенін білдірген. Уганданың солтүстігінде 1980-
ші жылдары қалыптасқан Киелі Рух қозғалысы (The Holy Spirit Movement) деп
аталатын христиан сектасы да жүздеген адамдарды өзін-өзі өлтіруге
итермелеген-ді...
Адастырушы діни ағымдар мен секталардың қаншалықты қауіпті һәм
кесапатты екенін көрсететін жуық тарихта болған тағы бір мысалды айталық:
АҚШ азаматы христиан көсемі Жим Жонс (Jim Jones) 1957 жылы Халықтың
ғибадатханасы (The People’s Temple) деп аталатын сектаны бастайды. Ол өзін
Иса Мәсіх пен Лениннің тірілген формасы санайтын, ядролық қырғын
ұйымдастыруды көздейтін. Өзіне бағынған адамдармен бірге Оңтүстік
Америкадағы Гуянаға көшіп барып, өз атындағы Жонстаун (Jonestown) деген
қалашықты салады. Осы жерді екі жыл мекендеген ол 1978 жылы 638 ересек және
294 жас өспірім, жиыны 932 мүридіне цианид ішіп өлуді бұйырады. Бұйрықты
орындамағандарды атып өлтірген. Сонда, Жонсты және оның мүридтерін өз
өздерін өлтіруге итермелеген қандай күш, қандай сенім еді? Осыншама
жүздеген адамның ішінен ақыл-есі сау бір кісінің де табылмағанын қалай
түсіндіреміз? Әрине, бұл дін психологтары мен дін социологтарының зерттеу
тақырыбы. Біздің айтпағымыз, қандай теріс дін болса да, көр-соқыр сенімнің
дүлей күшінің орасандығы...
АҚШ-тың Техас штатындағы Вако елді мекенінде 1993 жылғы көкекте болған
қанды қырғын күллі әлем жұртшылығының назарын аударған-ды. Бұл жерде
христиан секта көсемі Дейвид Корештің (David Koresh) фермасы орналасқан.
Кореш мұнда 80 мүридімен тұратын. Ол өзін дүниенің соңғы кезеңінде жер
бетіне келіп Құдай патшалығын орнататын Иса Мәсіх деп жариялаған. АҚШ құқық
қорғау органдары фермаға кіруге әрекет қылғанда секта мүшелерінің табанды
қарсылығына тап болады. 51 күнге ұласқан қоршаудың ең соңғы күні Кореш
мүридтеріне өз-өздерін өлтіруді бұйырады. Сақшылармен болған қақтығыс және
өрт салдарынан сектаға мүше 86 адам көз жұмады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Діни қызмет және діни бірлестіктер
Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Құқық және заң анықтамалары
Діни бірлестіктің жалпы сипаттамасы
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы этноконфессиялық үдерістер
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
Жергілікті билік органдары
Пәндер