Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде


КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннанға дейін қазақ халқы өз даму жолында сан қилы заманды бастан кешірді. Жетпіс жылдан астам өмір сүрген кеңес өкіметі тарихы тарих ғылымында үлкен орын алады. Сол себепті оның бастау көзі, яғни Қазан төікерісінің тарихы әлі де болса толық зерттелмей отыр. Кеңестік ғылымда Қазан төңкерісі Қос Өкіметті жойып, орнына пролетариат диктатурасын орнатты. Осы кезеңде кеңес Өкіметінің орнауы обьективті құбылыс деп баға берген бұл дәуірдің зерттеушілеріне қазақ қоғамының шынайы өмірі, олардың зомбылық көруі және сонымен қатар кеңес өкіметінің саясатына қарсы шыққан қазақ ұлт зиялылары үлкен соққы берді. Олар өз еңбектерінде кеңес өкіметі қазақ жеріне қарулы күреспен орнатылып, оның қазақ еліне қажетсіз екендігін дәлелдеген. Ұлт зиялыларының наразылық көрсетуінің бірден бір себебі кеңес өкіметінің сырттан таңылғандығы, қазақ елі оған дайын еместігі әрі ешбір пайдасыздығын айта отырып, бұл большевиктерінің саясатына қарсы шығып, қазақ елінің атынан ұлт зиялыларының кеңес өкіметі саясатына наразы болды. Зиялылардың сол кезеңдегі көзқарастары мен пікірінің шынайылығына тәуелсіздік жылдары көз жеткізілді. Осы орайда олардың рухани мұрасын зерттеудің маңызы арта түседі.
Ұлт зиялыларының Қазақстанда кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелеріне арналған еңбектері талданды. Дегенмен ұлт зиялыларының барлығы дерлік аталмыш мәселені арнайы зерттемеген. Тоталитарлық жүйе кезеңінде отандық тарих ғылымында Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы ғылыми тұрғыда зерттеліп, бірқатар еңбектер жарияланды. Сонымен қатар Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы арнайы зерттеу нысанына алынбай, мәселе кешенді түрде қарастырылмады. Осы себептен оны зерттеу мәселесі қайта қаралып, оның шынайы бейнесін, ақиқат беттерін ашу маңызды болып отыр. Алайда тарихшылар кеңес өкіметінің орнатылуын обьективті түрде зерттей алмады. Әлемдік маңызы бар оқиғаның шынайы тарихына байланысты ой пікірлер қайта құру кезеңінде айтыла бастады. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін кеңес өкіметінің орнауы мәселесі жаңа тарихи таным тұрғысында зерттеле бастады. Мәселенің тарихы толық зерттелмегендіктен оның тарихнамасы туралы айту қисынсыз. Сондықтан да Қазақстанда кеңес өкіметінің тарихнамасын талдау ғылым үшін маңызды. Себебі бұл мәселе қазақ тарихындағы елеулі оқиғалардың бірі болып саналатындықтан, біз осы тарихнамалық талдау арқылы оның шынайы болмысын айқындай түспекпіз. Егеменді Қазақстан, тұғыры биік ел болғандықтан осынау уақытқа дейін сан қилы кезеңдерді бастан өткергеннен кейін кеңестік идеология шырмауында қалған тарихты жазуды жаңадан қолға алып, әсіресе Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы тарихымен қоса тарихнамасы да осы күнгі өзекті мәселердің бірі болып табылады. Сол себепті біз аталған мәселе бойынша барлық ғылыми еңбектер негізінде оның тарихын тарихнамалық тұрғыда зерттеуіміз қажет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы тарихнамасы зертелмегендіктен тарихнамалық еңбектер туралы айту қиын. Дегенмен Т. Елеуовтың [1] ., С. Покровскийдің [2] ., А. Тұрсынбаевтың [3] ., З. Әйтімовтың [4] . еңбектерінің кіріспе бөлімдерінде тарихнамалық шолулар жасалған. Алайда мұндай шолулар мәселенің зерттелмеген тұстарын айқындауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан зерттелу деңгейі туралы сөз қозғайтын болсақ, онда тек іргелі тарихи зерттеулерге тоқталамыз.
Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы туралы тарихнамлық шолулар Мұстафа Шоқайдың еңбектеріне тарихнамалық талдау жасай білген және оның көзқарастарын нақты көрсеткен Қазақстандағы Шоқайтанушы ғалымдардың бірі - Әбдуақап Қараның «Мұстафа Шоқай: Өмірі. Күресі. Шығармашылығы. » [5] . атты ғылыми монографиясында берілген. Онда негізінен Шоқайдың Парижде жарық көрген еңбектері, 1917 жылы естеліктеріне тарихнамалық тұрғыда талдау жасалынып, оның Түркістандағы кеңестік билік барынша антидемократиялық сипатта екендігін нақты дәлелдермен көрсете білген. Шоқай еңбектеріне ғылыми тұрғыда тарихнамалық талдау көрсетіп, оларға жеке - жеке баға беріп өткен.
Мәселеге қатысты тарихнамалық шолулар Ш. Т. Омарбековтың ҚазҰУ хабаршысындағы 2001 жылы жарияланған «1917 жыл: Қазақ интеллигенциясының көзқарастарын тарихнамалық талдау» атты мақаласында[6] . орын алған. Онда 1917 жылы Қазан төңкерісі мен оның қазақ жерінде салдарларын коммунистік методология тарих ғылымында Қазан төңкерісінің және оның салдарларының шынайы бейнелеуге мұрсат бермегенін көрсетіп, Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін пікір еркіндігін пайдаланып, тарихнамалық талдаулар Кеңес Нұрпейісовтің «Алаш һәм Алашорда», Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» еңбектерінде орын алғандығын баяндайды. Автор сонымен қатар алдына 1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ даласы қалай қабылдағаны туралы, Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ даласындағы саяси, әлеуметтік ахуал деген секілді өзекті мәселелерді алдына қойды. Ұлт зиялылырымыздың кеңес өкіметіне қатысты көзқарасында А. Байтұрсыновтың 1919 жылы жарық көрген «Революция және қырғыздар» атты мақаласын басшылыққа алды. Сонымен қатар бұл мақалда Г. Сафаровтың, Мұстафа Шоқайдың, Міржақып Дулатовтың Қазан төңкерісіне қатысты көзқарастары қамтылып өткен.
Келесі Кеңес Нұрпейісовтың «Алаш һәм Алашорда» атты еңбегінде[7] . Қазан төңкерісіне қатысты ұлт зиялыларының ғылыми мақалалары мен зерттеу еңбектеріне тарихнамалық талдау жасаған. Автор мәселеге қатысты тың тұжырымдар айтып, оны зерделеуде өз көзқарасын да беріп отырған.
Түркістандағы кеңес өкіметінің орнауы туралы большевик қайраткерлерінің бірі Г. Сафаровтың мәселеге қатысты көзқарасын Мәмбет Қойгелдиевтің «Алаш қозғалысы» атты еңбегінде [8] . аз да болсын тарихнамалық талдауды кездестіреміз. Автор Сафаровтың еңбегін негізге ала отырып, кеңес өкіметі кезеңіндегі саяси жағдайды баяндап өтеді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті. Мақсаты - Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы мәселесіне қатысты ғылыми зерттеулерге тарихнамалық талдау жасау және оның отандық тарих ғылымы үшін ғылыми маңыздылығын айқындау. Осы мақсатымызға сәйкес төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- Заки Валидидің және Г. Сафаровтың кеңес өкіметі туралы көзқарастарын тарихнамалық тұрғыда талдау;
- Мұстафа Шоқай және ұлт зиялыларының Түркістанда кеңес өкіметінің орнауы сипатына қатысты ғылыми зерттеулерге тарихнамалық баға беру;
- Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы мәселесіндегі кеңестік тарихнама негізінде басты ұстанымдар мен саяси көзқарастарды айқындау;
- Мәселенің Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде зерттелу деңгейін анықтау;
- Кеңес өкіметі орнауының және шет ел әдебиетінде көрініс табуын зерделеу.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстанда кеңес өкіметі орнауы туралы ұлт зиялылары және кеңестік, тәуелсіздік кезеңдег жарық көрген еңбектер.
Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Белгілі бір мәселеге тарихнамалық талдау жасағанда оған деректік негіз ретінде: монографиялар, ұжымдық зерттеулер, қорытындылаушы еңбектер, ғылыми мақалалар, диссертациялар, рецензиялар, заманхаттар, күнделіктер, мерзімдік басылым материалдары жарық көрген деректер топтамалары т. б. жатады. Мәселеге қатысты аталған дерек көздерін біз хронологиялық әдісімен талдап көрсетсек:
Заки Валидидің 1890-1960 жылдары Уфада жарық көрген естеліктері негізінде оның Түркістан аймағында кеңес өкіметі орнауы туралы көзқарастары баяндалған. Онда Валиди өмір баяны, қоғамдық саяси өмірдегі әрекеттері мен ғылыми ізденістері, сонымен қатар өмірінің соңындағы саяси белсенділігі сипатталған. [9. ]
Келесі Кульшарипов пен Юльдашбаевтың «Заки Валиди как политки и учёный-востоковед» атты еңбекте Заки Валидиге арналған біршама ғылыми мақалалар мен зерттеулердің жинағы болып жарық көрген. Онда жекелеген зерттеуші ғалымдардың Заки Ваилидидің шығармашылық болсын саяси өмірдегі ұстанымдары туралы хабарларды насихаттайды. [10. ]
Заки Валидидің Түркістанда кеңес өкіметі орнауына қатысты көзқарасын дәл ашып анықтап берген бұл - Булат Султанбековтың «История Татарстана» еңбегі. Онда Заки Валидидің Ресейде Патша билігі құлатылғаннан кейін Ресейдегі мұсылмандар халықтарының қозғалысына белсене араласқаны және Мәскеу және Казань қалаларындағы Мұсылман съездерінде негізгі рольді иеленгенін атап өтеді. [11] .
Заки Валиди көзқарасымен үндес Георги Сафаровтың ең алдымен атақты «Колониальная революция» еңбегі оның Түркістан өлкесінде кеңес өкіметі орнауы барысын және ғылыми негізде тұжырым мен көзқарастарын білдірген бірден бір еңбегі болып саналады. Онда Г. Сафаров 1917 жылғы революцияға дейін Түркістандағы жағдайды есепке алған ешқандай да революциялық идеология, орыс жұртының арасында революциялық қозғалыста бірлікке ұмтылушылықыты аңғартатын кішкене де ыңғай, ешқандай да бұқараны революциялық ұйымдастыру, ешқандай да революциялық дәстүр болмағандығын баса көрсеткен [12] .
Түркістанда кеңес өкіметінің орнауына қатысты толық мәліметтерді беретін бірден бір мағызды дерек бұл - сырт елде жүріп те кеңес өкіметіне наразылығын тоқтатпай, қазақ өлкесінің шынайы ащы шындық бейнесін баяндай білген мұсылман фракциясының көрнекті өкілі Мұстафа Шоқайдың ең алғаш Францияда «Орта Азияда, Кеңестерде » деген атпен жарық көрген еңбегі. Бұл еңбекте Түркістандағы кеңес билігінің халықтардың бауырластығына сүйенген өзін-өзі басқару жүйесі еместігін, тіпті, керісінше деспоттық және зорлықшыл билік екендігін шегемен қаққандай дәлелдеп, кеңес өкіметі тыйым салған Георги Сафаровтың « Отарлық төңкерістің «Түркістандық тәжірибесі», Тұрар Рысқұловтың « Төңкеріс және Түркістандағы жергілікті халық », Брайн мен Шафироның « Кеңестердің Жетісудағы алғашқы қадамдары » мен « Алашорда тарихы туралы очерктер » атты шығармалармен оқырман қауымын таныстырды. Сонымен қатар оның еңбегі кеңес өкіметінің Түркістан өлкесінде кеңес өкіметінің орнауын шынайы бейнелегенімен, қазақтарға кеңес билігінің қажетсіз оның сырттан таңылғандығын дәйектеген ең елеулі еңбек болып табылады[5. 273-275бб. ] .
Бұл еңбек толықтырылып, 1935 жылы Парижде жарық көрген «Туркестан под властью Советов» еңбегін т. ғ. д., профессор Әбу Тәкеновтің басшылығымен орыс тілінде 1993 жылы қайта басылып шығады. Оның кіріспе бөлімінде Мұстафа Шоқайдың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы қысқаша баяндалады. Ал негізгі бөлімде Октябрь революциясы барысында Түркістанда орны алған шынайы көрінісін оқырман назарына ұсынады. Кеңес өкіметінің 1935 жылға дейінгі шовинистік пиғылдағы саясатын баяндайды. [13] .
Әлихан Бөкейхановтың Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауына қатысты дәйекті ұстанымын оның ғылыми мақалалары мен арнайы зерттеулері толық қамтылған «Таңдамалы шығармаларынан» көруге болады[14] . Онда Әлихан Бөкейхановтың кеңес өкіметіне қатысты көзқарасы, яғни Ақпан революциясын ол қазақ даласына еркіндік әкелді десе, ал кеңес өкіметінің орнауына толықтай қарсы шығып, Ленин бастаған большевиктер саясатын қолдамайтынын жария етуі орын алған.
Т. Рысқұловтың көзқарастарын жан - жақты баяндауда өзінің үлесін тигізетіні бұл - «Таңдамалы шығармалары» [15] . Онда Рысқұловтың саяси қызметіне қатысты мәліметтер айшықтала көрсетілген. Съезде сөйлеген сөздері, сол таңдағы қазақ елінде орын алып жатқан өзекті мәселелерді көтеруі, оның көзқарастарының барлық қыры көрсетілгенін айта кеткен жөн. Саяси қызметі өзінің әсіресе ашаршылыққа байланысты қосқан үлесін, оған қатысты жүргізген іс - шараларды айта кету керек.
Кеңестік тарихнамада өзіндік орны ерекше еңбек - Т. Елеуовтың «Қазақстанда Совет өкіметі қалай орнады»[16] атты еңбек. Мұнда автор тарихи шындықты бұрмалап, яғни кеңес өкіметінің орнауын тарихи объективті процесс ретінде көрсетеді. Оның нақты дәлелі еңбектегі Қазақстанда кеңес өкіметнің орнауын жіне қазан төңкерісін айшықталған «Ұлы Октябрь революциясы» деп баға беруінде. Қай қырынан қарастырсақ та бұл еңбек Қазақстанда кеңес өкіетінің орнауы процесін кеңестік идеология тұрғысында, яғни кеңес өкіметінің орнауы туралы тарихи шындықты бұрмалап, қазан төңкерісіне шектен тыс ұлылық идеясын айшықтайды.
Сонымен қатар Қазақстанда кеңес өкіметінің обьективті сипатта деп көрсетілген еңбек бұл - С. Жүсіпбековтың «Жетісу большевиктері Совет өкіметін орнату жолындағы күресте» атты еңбегі. [17] . Онда Ленин бастаған большевиктер саясатын оң көзқарас ретінде бейнелеп, Совет өкіметі Қазақстанда кеңес өкіметінің билігін мойындаған аумақтарда қазан төңкерісі бейбіт түрде, ал кеңес өкіметінің билігіне наразылық туған аймақта қарулы күреспен орнады деп тарихи үрдісті бұрмалаған. Еңбек бес бөлімнен тұрады және бұл еңбектің ерекшелігі Ақпан төңкерісінен кейінгі Қазан төңкерісінің орнауы тарихи сабақтастық көрсете алуы және бізге кеңес өкіметінің орнауы үрдісі жалпылама ақпарат бере алады деп айтуға болады.
Лениннің жеке басына қатысты оны әсіре мақтаулар мен «большевиктердің көсемі» ретінде барынша дәріптеген келесі еңбек - А. Тұрсынбаевтың «Путь Казахстана к социализму» атты еңбегі. [3] . Онда Қазақстанда кеңес өкіметінің орнау үрдісі, Октябрь революциясын дәріптеумен қатар, қазақ елі революцияға дейін Патшалық Ресейдің отарындағы дамудың ең артта ел болғаны, казақ халқының әлі де көшпелі мал шаруашылығымен айналысып, оны егін шаруашылығына қарағанда пайдасыздығын толық әшкерелеп жазады. Қазақ елінің ұлт зиялылары негізін қалаған Алаш-орда үкіметін толықтай жаншыған қазан төңкерісін оң сипатта бағалайтынын көреміз. Қазақ еңбекші қауымы кеңес өкіметін зор қуанышпен қарсы алды деп, одан өзге өкімет келсе, қазақ даласын толық күйреу күтіп тұр деген тұғырлы көзқарасын айшықтайды.
Мәселенің Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі зерттеулердің ішінде ең көрнектісі бұл - Кеңес Нұрпейісовтің атақты «Алаш һәм Алашорда» атты еңбегі[7] . Онда Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауына қатысты мәселе жаңа қырынан көрсетілген. Яғни еңбектің Бірінші тарауында Қазақстанда кеңес өкіметі орнауына қатысты ұлт зиялыларының, атап айтар болсақ, Ахмет Байтұрсыновтың, Сәкен Сейфуллинннің, Мұстафа Шоқайдың және т. б. ғылыми мақалары мен естеліктері негізінде жаңаша көзқарастар білдірілген. Автордың мәлімдеуінше большевиктік үстемдік Ресейден өзге аймақтарда оның алғашқы қадамдары зорлау, қиянат жасау және ерекше диктаторлық өкімет билігімен орнаған. Сонымен қатар автор бұрын патша чиновниктері қазақтарды езіп жаншыса, коммунистер атын жамылған большевиктер мұндай әрекеттерді жалғастырғанын айтады. Еңбекте Мұстафа Шоқайұлының естеліктерінен осы мәселеге қатысты ой - пікірлерін ұтымды көрсетіп, ондағы негізгі идея төңірегінде Түркістандағы Ақпан төңкерісінен кейінгі саяси жағдайды түсіндіріп кетуімен шектелген.
Қазақстанда кеңес өкіметі орнауына қатысты мәселенің шетел әдебиетке негізделе жазылған ғылыми монография ол - Көшім Лекерұлы Есмағамбетовтың «Қазақтар шетел әдебиетінде» атты еңбегі[18] . Бұл еңбектің «кеңес империясының құрамында» атты бөлімінде Батыс Еуропа зерттеушілерінің жекеленген тұжырымдары айтылып, пікірлері нақтыланған. Оларды атап айтар болсақ, АҚШ- тағы, Франциядағы және Ұлыбританядағы белді университеттердің профессорлары Қазан төңкерісіне, большевиктер саясатына, Түркістандағы сол кезеңдегі әлеуметтік және экономикалық жағдайына қатысты құнды мәліметтер көрсетілген.
Зерттеудің хронологиялық шеңбері. 1920 жылы жарық көрген Мұстафа Шоқайұлының алғаш жарыққа шыққан еңбегінен басталады. 1920-2010 жж. аралығын қамтиды.
Зерттеу жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Диплом жұмысын жазу барысында тарихилық және әлеуметтік ғылымдарының негізгі теориялық тұжырымдамаларын басшылыққа ала отырып, Елбасы еңбектеріндегі Қазақстанның тәуелсіздік алуы мәселелерін обьективтілік және жүйелеу принциптері арқылы тұжырымдар жасау, нақты және логикалық талдау, проблемалық - мерзімділік, өзектілік, перспективтілік т. б. әдістер қолданылды.
Диплом жұмысының жаңалығы. Отандық тарихымызда маңыздың елеулі бір кезеңі әрі тәуелсіздігімізді алғанға дейін орны тарихи оқиға ретінде бағаланып келген Қазақстанда кеңес өкіметінің орнауы туралы мәселе әлі күнге дейін тарихнамалық тұрғыда аса көрнекті зерттеумеуі себепті Қазақстанда кеңес өкіметі орнауын тарихнамалық түрде талданды.
Зерттеудің қолданбалы маңызы. Зерттеу жұмысы жаңаша көзқараспен зерттелген еңбектердің қатарын толықтыра түседі. Зерттеу жұмысындағы деректер мен қорытындыларды ғылыми еңбектерде, тарих сабақтарында және жоғары оқу орындарында оқытылатын арнаулы курстарда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе бөлімінен, 2 тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
1 Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары
еңбектерінде
- Заки Валидидің және Г. Сафаровтың кеңес өкіметі туралы
көзқарастары
Бірінші орыс революциясы жылдарындағы азаттық қозғалысқа қатынасқандарға кеңестік кезеңдегі тарихнамада панисламшылдық пен пантүріктік идеяларды жақтаушылар деген «саяси айып» тағылып келді. Біз мұндай айып оларға дәлелсіз тағылғандығын баса айтамыз. Қазақ халқының өкілдері жалпыроссиялық мұсылмандық қозғалыс қайраткерлерімен байланыста болып, олармен хат алысып тұрғаны рас, І және ІІ Мемлекеттік Дума шеңберінде россиялық мұсылмандық қозғалыс өкілдерімен бірлескен акциялар жасағандары да шындық. Алайда 1905-1907 жылдары бірде-бір қазақ саясаткері өз саяси бағытын батыстан шығысқа ауыстыру жөнінде мәселе қойған жоқ. Әлихан Бөкейханов төңірегіне топтасқан, кейін Алаш партиясын құрып, Алаш автономиясын жариялаған қайраткерлер батыс бағытындағы сяасаткерлер болатын. Ал россиялық мұсылмандық қозғалыстың өзі біртұтас орталықтанған Россия мемлекетін сақтап қалуды көздеген кадеттердің идеялық - саяси бағдарламасына негізделген еді. Әрине, осы кезеңде діндарлардың жекелеген өкілдері де саясатпен айналысты [7. 46 - б] . Қазақ депутаттары Дума жұмысына мұсылман депутаттары фракциясы құрамында қатынасты. Бұл фракцияның заң жобасы ретінде дайындаған ең басты құжаты аграрлық мәселеге байланысты еді. Мұсылмандар фракциясы аграрлық тұжырымдамасына мұсылмандар партиясының бағдарламасын ала отырып, біріншіден, жерді облыстық меншікке айналдырып, сол арқылы облыс қарауындағы жерді оның тұрақты жұрты арасында бөлуді, екіншіден, жер үлесі көлемі оны игеруші егіншілер үшін ғана емес, сондай-ақ малшылар үшін де өсуін, үшіншіден, жер мәселесі шешілгенше сырттан келіп қоныс тебу біржола тоқтатылуын, төртіншіден, жеке мүшелері арасында бөліске салу үшін жер ауылдық қауым меншігіне берілуін талап етті. [8. 113-114] .
Мұсылмандар фракциясы ретінде Кеңес өкіметі саясатына қазақ зиялылары ғана емес, сонымен қатар басқа да Кеңес өкіметінің құрамына кірген ұлттардың зиялы қауымы да өз бағытын айқындаған. Солардың бірі ХХ ғасырдың басындағы башқұрт ұлттық қозғалысының көшбасшысы, ең бірінші башқұрт үкіметінің басшысы әрі негізін салушы, жазушы, әлемге танымал Заки Валиди туралы бірер сөз:
«Ахметзаки Валидов 1890 жылы желтоқсанда Башқұртстанның Уфим губерниясы, Стерлимак уезі, Макаров облысының Кузянов ауылында дүниеге келген. Әкесі осы аймақтағы медресені басқарып, ұстаз әрі имам болады. Осында Ахметзаки ислам негіздерін, араб, парсы және орыс тілдерін меңгереді.
1901-1908 жж. Ахметзаки Утяков елді мекеніндегі анасы жағынан атасы болып келген Хабибназардың медресесінде оқиды. Онда тарих, философия, география, математика секілді ғылым негіздерін жете меңгерген болатын.
1908 жылы Ахметзаки Орынборда «Хусания» медресесінде білім алып, кейін Казаньға келеді. Университетте оқып жүргенімен қатар «Касимия» медресесінде тарих пен араб тілінен тәлім береді. Мұнда ол шығыстанумен айналысып, оның үздік жемісі ретінде 1912 жылы жарық көрген «Түріктер мен татарлар тарихы» атты еңбегін айтуға болады. Бұл еңбек үлкен табыс әкеледі.
Заки Валидидің саяси қызметі 1916 жылы Уфадан думалық мұсылман фракциясы ретінде Петроградқа басталады. Ақпан революциясы кезінде Валидов өзінің халық өкілдерінің ұсынысын орныдай отырып, башқұрт территориялық автономиясы туралы міселені көтереді. Осы сәттен бастап Заки Валиди Шығыс халқының ұлттық қозғалысының көшбасшысының бірі, оның идеологы ретінде шыға бастады.
Азамат соғысы жылдарында башқұрт әскерінің әскери басшысы, Башревкомның төрағасы болды. 1919 жылы Орталық биліктің республика құру еркіндігінен қол үздірген башқұрт автономиясы туралы біржақты декреттен кейін Заки Валиди Мәскеуге шақырылды, бірақ ол құпия түрде Түркістан халықтарының бұқаралық қозғалысына аттанады.
1923 жылы А. Валидов жер аударылып, шығыс және Еуропаның бірқатар елдерінде болады, атап айтар болсақ: Иран, Ауғанстан, Үндістан, Париж, Берлин, Прага, Будапешт және т. б. И где бы не был, независимо от срока пребывания, Заки Валиди қай жерде болмасын тілді, белгілі бір халық тарихын, шығыстануды зерттеумен белсенді айналысып, белгілі кітапханалар, архивтерде жұмыс істеу барысында сирек кездесетін қолжазбаларды тауып, бірқатар жаңалықтар ашады.
1925 жылдан өмірінің соңына дейін Ахметзаки Валидов - Заки Валиди Тоган Түркияда тұрып, профессор, әлем таныған атышулы ғалым біраз жылдар бойы Стамбул университетінің тарих кафедрасын басқарады»[19. 30-32бб] .
Ал енді Заки Валидидің Қазақстанда Кеңес өкіметі орнауы мәселесіне қатысты пікірі мен саяси көзқарастарын зерттеуші Қыдырәлі Дархан былайша келтіреді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz