Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының құрамдас бөлігі туралы ақпарат



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

1 Бағалы қағаздар нарығы . қаржы нарығының құрамдас бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Алғашқы.екінші бағалы қағаздар нарығы. Қор биржасының қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың үрдістері мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1 Қазақстан Республикасының заң актілерінде бағалы қағаздар нарығының орын алуын реттейтін жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Банктер бағалы қағаздардың эмитенттері ретінде ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.4 Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.5 Қор биржасындағы келісімшарт түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып, оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсынысс пен сұраныс болатыны белгілі. Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115 млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд. теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені «таза» ақшаның жетіспеушілігін әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының бүгінгі жағдайын қарастыру болып отыр.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы бағалы қағаздар қызметтері, мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Бағалы қағадарды реттейтін жүйелер;
• Қор биржасының қызметі;
• Бағалы қағаздарды қызметтеріне талдау жасау.
1. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2001ж
2. Мақыш С. Ақша, Несие, Банктер Алматы Экономика 2000 ж
3. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы, 2000 ж.
4. Журнал «Рынок ценных бумаг» Москва 2000/11
5. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Н.А. Ғұмар, Р.Ж. Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.
6. "Банки Казахстана" журналы №5 2000ж.
7. Банк хабаршысы. 2000
8. Сейтқазина Р.С. учебник. Банковское дело. Алматы. 2002.
9. Раланова В.А. учебник. Рынок ценных бумаг. Москва 1996 г.
10. Камаев В.Д. учебник. Экономика и бизнес. Алматы 1998.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының құрамдас
бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...4
1.1 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Алғашқы-екінші бағалы қағаздар нарығы. Қор биржасының
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3 Қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың үрдістері мен
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.1 Қазақстан Республикасының заң актілерінде бағалы қағаздар
нарығының орын алуын реттейтін
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Банктер бағалы қағаздардың эмитенттері
ретінде ... ... ... ... ... ... ... .12
2.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби
мамандары ... ... ... ... ... ... .. ... ..14
2.4 Бағалы қағаздар нарығына басқа
қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.5 Қор биржасындағы келісімшарт
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 8

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30
Кіріспе

Бағалы қағаздар нарығы дегеніміз қаржы қорларындағы сатушылар мен
алушылар арасындағы келісімдерді реттейтін механизм. Жай ғана келісімдерді
реттейтін механизм ғана емес, пайдалы келісімдерді жасауға мүмкіндік
беретін келісімдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан
астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлік қоғамдар құрылып,
оның 4605-і өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар
нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.
Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын
ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи
маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсынысс пен сұраныс болатыны белгілі.
Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс
таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда
заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып
табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына
ортақ қаржыларын депозиттік салымдарға салғанды дұрыс көреді. 2001 жылдың
аяғында барлық депозиттік салымдар көлемі 147 млн. теңгеге жеткен, 115
млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд.
теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның
басты себептерінің бірі бағалы қағаздарға төленетін дивиденд көлемінің өте
төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлік қоғамдарға сенімсіздік
танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетін дивидендтер көлемі акция
құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл
көрсеткіш 25%-ке дейін жетеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар
тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда
анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы үлғайған сайын вексельдермен
жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені таза ақшаның жетіспеушілігін
әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қазіргі жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы
ұғымдар мен түсініктер, ондағы жүргізілетін келісім түрлері қарастырылады.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының бүгінгі
жағдайын қарастыру болып отыр.
Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы бағалы қағаздар
қызметтері, мәселелері мен перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
• Бағалы қағадарды реттейтін жүйелер;
• Қор биржасының қызметі;
• Бағалы қағаздарды қызметтеріне талдау жасау.
Әдістемелік негіз ретінде, Қазақстан Республикасының бағалы
қағаздарына қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық
актілері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері қолданылды.
1 Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының құрамдас бөлігі

1.1 Қазақстанстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда
болуы

Бағалы қағаздар айналымы болатын нарықты құнды қағаз нарығы немесе қор
нарығы деп атайды. Басқаша айтқанда құнды қағазды сату мен сатып алу және
эмиссияны жүзеге асыратын ссудалық капитал нарығының бөлігі. Ол қаржы
ресурстарды, капиталды қайта бөлудің тиімді механизмі. Осы нарықтың пайда
болуымен ерекше операцияларды тудырды. Олар: эмиссия, листинг, котировка,
сату-сатып алу келісімдерімен құнды қағаз портфелін басқару және т.б.
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да
жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда
бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының
негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның
құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
* сұраныс пен ұсыныс;
* делдалдар мен басқа қатысушылар;
* нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары,
инвестициялық институттар және с.с.;
* нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып
болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету
жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру
Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері
-акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші роль атқарды. Дегенмен,
Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайында толыққанды бағалы қағаздар
нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп
жағдайда халықтың эл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс
халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі -
Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрамы және бағалы қағаздардың
өтімдісі қандай? Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы
қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері.
Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға
байланысты:
Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті - Қаржы
Министрлігі;
Екіншіден, Ұлттық банк - оның (Қаржы Министрлігінің) қаржы агенті
(уәкілі), сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен,
бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды
шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.
Мемлекеттік бағалы қағаздар:
• мемлекеттік қазыналық вексельдер;
•мемлекеттік қазыналық облигациялар;
• Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді, ноталары;
• жекеменшіктендіру купондары.
Мемлекеттік қазыналық вексельдер мен мемлекеттік қазыналық
облигацияларды ішкі мемлекеттік қарыз өлшерінде мемлекеттік бюджетті
қаржыландыру мақсатында Қаржы Министрлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді
ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын
толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады.
Жекеменшіктендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік
кәсіпорындарды жекеменшіктендіруге пайдаланылды, ал оның көптеген мөлшері
жеке адамдар қолында осы күнге дейін қалуда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап,
жұмыс істемей тұрған қазіргі кезде жекеменшіктендіру купондарының орнына
берген акциялар оны иеленушілерге әлі дивиденд (пайда) өткен жылы түңғыш
рет пайда түсірді.
Біз Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздардың пайда болуы туралы
айта келіп сөзімізді түйіндеу барысында Қазақстан Республикасында тұңғыш
рет сонау жекешелендіру жылдарында халыққа берілген купондардың қайтарымы
болғанын баса атап өткіміз келеді.
Сол жылдары құрылған 57 жекешелендіру қорларының арасынан тек қана
жалғыз Бутя-капитал қоры ғана халықтың бағалы қағаздарының дивидендін
биыл берді. Бұл да болса бағалы қағаздарға деген халық сенімін арттыратын
қадам деп ойлаймын. Мүмкін келешекте акционерлік қоғамдардың акциялары
халық арасында сұранысқа ие болып, олар биржадағы котировка курстарын жіті
бақылайтындар қатарына кірер деген үміттемін. Әзірге бірақ мұндай жетілген
капитализмнің ауылы әлі де алыста сияқты. Үмітсіз шайтан деген...

1.2 Алғашқы-екінші бағалы қағаздар нарығы.
Қор биржасының қызметі

Қазіргі нарықтық экономиканың қалыптасуы жағдайында райы өндіріс
қаржыны несиеге алып өркендеуімен ерекшеленеді. Оның ең жарқын көрінісі
қарыз міндеттемелерінің кең түрде айналымда жүруі. Қарыз міндеттемелерінің
көптеген анықтамалары бар. Олардың әрқайсысы қарыз міндеттемесінің әр
жақтарын сипаттайды. Солардың екі-үшеуін қарап өтейік:
1. Қарыз міндеттемесі - оны иемденушінің басқалардың
шаруашылығына несиеге ақша немесе мүлік салып, сол үшін табыс алу құқын
дәлелдейтін қарыз алушының берген заңды құжаты.
2. Қарыз міндеттемесі - қарыз алу кезінде несие алушының несие
берушіге (кредиторға) беретін құжаты.
Сонымен, қарыз міндеттемесі деген жеке немесе заңды тұлғалардың, яғни
нарыққа қатысушылардың мүліктік немесе қаржылық жағдайларын анықтайтын
құжат. Қарыз міндеттемесін шығарып және оған одан әрі ұстаушыға дейін
қызмет ететін тұлғаны эмитент деп атайды. Көп жағдайда эмитентпен қарыз
міндеттемесін ұстаушының арасында ұстаушының құқын және эмитенттің міндетін
анықтайтын шарт жасалады.
Қарыз міндеттемесі нарыққа қатысушылардың қаржылық жағдайларын алдын
ала болжау қажеттілігінен шыққан құжат. Ал нарыққа қатысушылардың қаржы
жағдайын сол уақыттағы олардың табысының кірісі мен шығынының арақатынасы
анықтайды.
Қаржымен қамтамасыз етудің 3 түрлі жағдайы кездеседі:
1. Тепе-теңдік жағдай. Ол кіріс пен шығынның теңдігінен туындайды.
2. Артық жағдай. Ол кіріс шығыннан көп болғанда туындайды. Демек,
сақтаудағы қоры мол, сондықтан бұл субъектінің басқаға несие беруге
мүмкіндігі бар.
3. Қаржыға тапшылық жағдай. Ол шығын кірістен көп болғанда
туындайды. Демек, бұл субъект қаржыға мұқтаж, яғни оған несие алу қажет.
Кез келген уақытта қаржысы артық шаруашылық субъектілері де, қаржы
тапшылығында отырғандар да бір ұлттық қаржы жүйесі шеңберінде кездеседі.
Дәл осы жағдайда екі шаруашылық субъектілерінің біреуі артық табысын
екіншісіне несиеге беріп, орнына қарыз міндеттемесін алады. Керісінше,
бүрынғы қарыз міндеттемесінің орнына қолма-қол ақша жүруі де мүмкін. Қарыз
міндеттемесін борышқор несие берушіге жазып береді. Ол борышқор несиесін
өтегенше несие берушіде сақталады. Қарыз міндеттемесін иемдену құқынан оны
орындау құқы туындайды.
Қаржы міндеттемелерін жеке тұлғалар да, мемлекет және Орталық
(эмиссиялық) банк те шығаруы мүмкін. Қаржы міндеттемелерінің шаруашылық
айналымын қолдануын есептеуді қаржы активтері деп атайды. Қаржы активтері
мен оны айналымға түсіретін ұйымдық түрінің органикалық бірлігін елдің
қаржы жүйесі дейді.Ұйымдық тұрғыдан қаржы жүйесінің негізін ақша нарығы
және капитал нарығы құрайды. Ақша нарығы бір жыл мерзімге дейін шығарылған
қарыз міндеттемелерін біріктірсе, капитал нарығы - бір жылдан көп уақытқа
шығарылған қарыз міндеттемелерінің жиынтығы. Бұл инвестициялық қорлардың
нарығы.
Өз кезегінде қаржы нарығы алғашқы және екінші (қосалқы) нарық болып та
бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шыққан қаржы міндеттемелері
орналастырылса, екінші нарықта оның бүрын шыққандары айналымда болады.
Демек, алғашқы нарықта олар сатылады, ал екіншісінде - сатып алынып, қайта
сатылады.
Бағалы қағаздардың екінші реттегі нарығының қайнаған ортасы қор
биржасы белгілі бір сипатта ұйымдастырылып, мұнда бағалы қағаздарды сатып
алу, сату ісі жүреді. Бұл биржалардың пайда болуы нарықтық қатынастардың
дамуының объективті салдары. Мұндай институттардың өмірге келуі ішкі зат,
ауыл шаруашылығы тауарлары, соңынан бағалы қағаздарды сатудың ұлғаюымен
түсіндіріледі. Аталған тауарлардың белгілі ерекшеліктері бұлардың биржалық
тауарға ауысуын сипаттайды. Белгілі бір ережелермен сипатталатын ұйымдық
құрылымы саудаласу, нақты сату, тауарды көрсетпей-ақ жүргізуге мүмкіндік
береді. Биржа мынадай қызметтер атқарады:
- құнды қағаздарды сатып алушы мен сатушыларды кездестіреді;
- құнды қағаздар курсын тіркейді;
- акция түрлерімен облигацияларға инвестордың қатынастарын
жинақтайды;
- бағалы қағаздарды тікелей сату мен сатып алу жүретін орнын
белгілейді. Капиталдың бір саладан (кәсіпорыннан) басқа салаға ауысуының
механизмін зерттейді.
Бүкіл елдің және жекелеген салаларының іскерлік белсенділігінің
экономикалық барометрі саналатын биржалар экономиканың құрылымдық бағытын
қайта бағалауға көмектеседі. Биржаны акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке
кәсіпкерлік шарт бойынша немесе мемлекеттік мекеме ретінде ұйымдастыруға
болады. Бірінші жағдайда олар акционерлер меншігінде, екіншісінде
мемлекеттік меншігі, оның жұмысы жарғы негізінде жүреді. Мұнда биржаны
ұйымдастырумен қызметі анықталады, мүшелерді, оларды қабылдау белгіленеді.
Биржаны биржа комитеті басқарады.
Қор биржасы дегеніміз - бағалы қағаздар акция, облигация сатылатын
және сатып алатын, өзінінің тұрақты орыны мен жұмыс уақыты бар, қатаң
белгіленген тәртіппен тұрақты түрде әрекет жасайтын қаржы мекемесі. Қор
биржасы, негізіне шығарылған және айналыста жүрген қағаздарды қайта сататын
екінші кезектегі бағалы қағаздар нарығына қызмет етеді. Биржаға биржа
коммерциясының мүқият тексеруінен экспертиза өтетін бірінші класты бағалы
қағаздар жіберіледі.
Нарық экономикасының маңызды элементі бола тұра, қор биржасы бағалы
қағаздарды сату арқылы уақытша бос ақша құралдарын жинақтап таратуға
мүмкіндік жасайды. Биржада бағалы қағаздарды сатып алу-сату биржалық курс
негізінде жүзеге асырылады. Биржалық курс - бұл қор биржасында айналыста
жүрген бағалы қағаздардың сатылу бағасы.
Биржалық курс дивидендтің шамасынан тікелей тәуелділікте, ал қарыз
процентінен кері тәуелділікте болады.

1.3 Қаржы нарығындағы бағалы қағаздардың үрдістерімен перспективалары

2004 жылы брокер-дилерлер санының өсуі нақты көрсеткіштер мен оларды
капиталдандырудың өсуімен жалғасты. Брокер-дилерлердің 2005 жылғы 1
қаңтардағы жиынтық активтері жыл ішінде 62,49%-ке өсіп, 2 666 788 млн.
теңге, жиынтық міндеттемелер - 2 394 595 млн. теңге (63,31%), меншікті
капитал - 272 193 млн. теңге (55,67%) болды. Брокер-дилерлердің жиынтық
активтерінің капиталының едәуір өсуі (62,01% және тиісінше 53,30%)
брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар банктердің
есебінен іске асты.
2005 жылдың басында тіркеушілердің активтерінің және меншікті
капиталының жиынтық көлемі 1 097 млн. теңге және тиісінше 1 079 болды.
Тіркеушілердегі активтердің өсуі 21 млн. теңге болды немесе меншікті
капиталдың 1,95%-і - 31 млн. теңге немесе 2,96%, сонымен бірге
міндеттемелердің 10 млн. теңгеге немесе 35,7%-ке азаюы байқалып отыр.
Есепті күнге зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушылардың
(жинақтаушы зейнетақы қорларын шегеріп) активтері мен меншікті капиталының
жиынтық көлемі 2 620 млн. теңге және тиісінше 2 571 млн. теңге болды.

Қолданылып жүрген пруденциалдық нормативтерге сәйкес зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдар меншікті
капиталдың жеткіліктілігі нормативін және негізгі құрал-жабдықтарға мен
материалдық емес активтерге салымдар салу жөніндегі нормативті орындайды.
ЗАИБЖА¥ негізгі қызметке байланысты уақытылы және толық орындауды
қамтамасыз ету үшін қалыптастырған жиынтық резервтік капитал 2005 жылғы 1
қаңтарда 275 млн. теңге болды. Олардың инвестициясының жеке қаражат
есебінен жиналған жиынтық мөлшері 2 096 млн. теңге болды.
Инвестициялық портфельді басқарушылардың активтерінің және меншікті
капиталының жиынтық көлемі 2005 жылғы 1 қаңтарда 5 606 млн. теңге және
тиісінше 2 839 млн. теңге болды. Сонымен бірге 2004 жылдың меншікті
активтері 250,16%-ке, меншікті капиталы - 96,88%-ке өсті.
Агенттік 2004 жылы шығарылған 327 акцияларды және жалпы номиналдық
құны 222,6 млрд. теңге болатын 46 мемлекеттік емес облигацияларды тіркеді,
694 шығарылған акция жойылды, жалпы номиналды құны 18,8 млрд. теңге болатын
12 мемлекеттік емес облигациялар жойылды.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айналыста 3 154 қолданыстағы
шығарылған акциялар жүр, тіркелген 3 071 акционерлік қоғам және жиынтық
номиналды құны 404,8 млрд. теңге болатын шығарылған қолданыстағы
мемлекеттік емес облигациялар бар.
2004 жылдың қорытындысы бойынша қор биржасының ресми тізімі бойынша
мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша жасалған мәмілелер көлемі 113,76%-ке
өсті және 405 010 млн. теңге болды.
Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген шығарылған бағалы қағаздар
саны кезеңдер аралығында 45 шығарылымға өсті (34,88%) және 174 болды, ал
олардың эмитенттерінің саны да 11 (16,18%) өсті және 79 болды.
2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы

2.1 Қазақстан Республикасының заң актілерінде бағалы қағаздар
нарығының орын алуын реттейтін жүйелері

Кез келген заңның мазмұны қоғамда орын алып және одан әрі дамып келе
жатқан экономикалық құбылыстарға сай болуы шарт. Себебі құқықтық нормаларды
шығару белгілі экономикалық мүдделерге қызмет көрсетуге бағытталған. Бағалы
қағаздар нарығын құқықтық ережелерімен қамтамасыз ету мемлекеттік
органдардың бағалы қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін
белгілі бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет
мүддесімен халық керегін қанағаттандырып нарық қатынастарға бет алған
қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келді. Қазіргі кезде
Қазақстанның мемлекеттік заңдарына егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар,
Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар бағалы
қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Аталып
өткен бағалы қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан
заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат бағалы қағаздар
деп аталады. Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау
көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігі арттыру механизмінің құру жолдарын
табу керектігін меңзейді. Қазіргі заңдар Республикасы Конституциясына
негізделген. Олар мемлекеттік және жекеменшікті мойындап қорғауға кепіл
болады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес мемлекет басшысы заң күші
бар жарлықтар шығарды. Олар азаматтардың кодекспен бірге бағалы қағаздар
нарығын дамытудың заңды негіздерін құрайды:
1. 2003 жылдың 2003 жылы "Бағалы қағаздар нарығы туралы".
2. "Қазақстан Республикасы ұлттық банкі туралы" Заңы
3. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының заңы
10.07.98ж.
4. Басқа заңдар және нормативтік құқықтық актілер.
Оған бағалы қағаздарды шығару және айналымға түсіру мәселелерін,
Қаржылық нарық, қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу агентствосы (бұдан әрі
- Агентство) өкілдігін реттейтін Президенттің заңдық күші бар жарлықтары
жатады. Мысалы, валютаны реттеу туралы заң бойынша Агентство валюта
қатынастарын, соның ішінде, ішкі нарыққа шетел бағалы қағаздарын түсірудің
тәртібін реттейтін орган болып тағайындалады.
Басқа нормативті-құқықтық актілердің ішінде төмендегілерді атап айтуға
болады:
- бағалы қағаздар нарығының кейбір мәселелерін реттейтін ережелерді
бекіткен Қазақстан Республикасы қаулылары.
- бағалы қағаздар жөніндегі Агентствоның актілері - бағалы қағаздар
нарығын реттейтін ережелер.
- басқа орталық атқару органдарының бағалы қағаздар айналымына
байланысты актілері.
Жоғарыда айтылған құқықтық негіздерге сай қазіргі кезде Қазақстанда
бірсыпыра қор биржалары құрылды, брокерлік және дилерлік кеңселер ашылып,
олар акциялардың мемлекеттік бумалары және басқа мемлекеттік бағалы
қағаздар түрлерімен мәмілелерге қатысты. Сонымен қатар, Қазақстандағы
акционерлік қоғамдардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеуден өткізу іске
асырылып, көптеген азаматтар бағалы қағаздар нарығында қызмет істеуге
мамандандыру куәлігін алды. Қазіргі уақытта бағалы қағаздар туралы шыққан
заңдар жетілген және бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздерін
қалыптастыру процесі аяқталды деуге болмайды. Дегенмен, бүгінгі күні
айтылған заңдарды пайдаланудың нәтижесінде республикадағы бағалы қағаздар
нарығын құқықтық қамтамасыз етудің жетістіктері мен кемшіліктері анықтауға
мүмкіншілік бар.
Бағалы қағаз нарығының реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы
мақсаты - бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңды мүдделері мен
құқығын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаз нарығында қызмет атқаратын
қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға
жүктелген. Республикада ондай органдар болып Қаржылық нарық, қаржылық
ұйымдардың қызметін реттеу агентствосы, Қаржы Министрлігі, ұлттық банк,
Мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитет және жекешелендіру жөніндегі
мемлекеттік комитет саналады.
Қаржылық нарық, қаржылық ұйымдардың қызметін реттеу агентствосының
төрағасы және төрт мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдармен
міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілігі атқарады. Агентство
төрағасы мен оның мүшелерін Премьер-министр ұсынумен 5 жыл мерзімге
Республика Президенті бекітеді.
Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған
негізінен 3 қызмет атқарады. Олар:
Біріншіден, нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін
барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы
қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін
барлық кандидаттардың керекті мөлшерде өз капиталы болғаны жөн.
Екіншіден, экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен
қамтамасыз ету. Ол, әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар
туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге
асырылады.
Үшіншіден, институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру
және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органның
өкілі заң бұзушылардың кез келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара
қолданып, істерін сотқа беруге құқы бар.

2.2 Банктер бағалы қағаздардыц эмитенттері ретінде

Бағалы қағаздар нарығындағы банкілік операциялардың түрлері.
Бағалы қағаздар нарығында банктер бағалы қағаздардың эмитенті ретінде,
бағалы қағаздармен операцияларды жүргізгенде делдал ретінде бола алады және
табыс алу мақсатында өз атынан бағалы қағаздармен операцияларды іске
асыруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 129-бабына сәйкес бағалы
қағаз дегеніміз белгіленген форманы және міндетті реквизиттерді сақтай
отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік
құқықтарды куәландыратын құжат.
Жоғарыда келтірілген анықтамаға сәйкес бағалы қағаз ұғымы бәрінен
бүрын мүліктік құқықты куәландыру тәсілін білдіреді. Дәлірек айтар болсақ,
бағалы қағаздардың іскерлік айналымдағы мақсаты мүліктік құқықтық
қатынастарды растау. Сондай-ақ, бағалы қағаздар тапсыруды және тиісті
құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ете отырып, мәмілелерді жүзеге асырудың
максимальді деңгейіндегі мүліктік құқықтардың айналымын қамтамасыз ететін
құқықтық механизмнің қажеттілігі нәтижесінде пайда болды. Экономикалық
теорияның ережелеріне сәйкес, бұйымдардың шектеусіз мөлшері иелену,
пайдалану және билеу құқықтарының объектісі болып табылатын материалдық
ресурстардың ролін атқарады.
Мұндай объектілерге деген мүліктік құқық мүліктен ажыратылуы және жеке
зат ретінде - бағалы қағаз түрінде болуы мүмкін. Объектілердің әрбір түріне
өз бетінше меншік объектісі бола алатын, сатуға, сатып алуға, кепілге
беруге болатын бағалы қағаздары болады. Мысалы: жерге - ипотекалық куәлік;
жылжымайтын мүлікке - акция, ипотекалық куәлік; өнімге - коносамент,
фъючерстік контракт, товарлыц опцион ақшаға - облигациялар.
Бағалы қағаз - ақша қаражатына және материалдық товарға мүліктік
құқықты растау ғана емес. Оның құндылығы сол бағалы қағазды иеленушіге
беретін құқықтарымен де түсіндіріледі. Бағалы қағаздың иесі өзінің товарын
немесе ақшасын сол бағалы қағаз ақша немесе товардан артық болған жағдайда
ғана бағалы қағазға ауыстырады.
Экономикалық тұрғыда бағалы қағаз - өзінің ерекше нарығында - бағалы
қағаздар нарығында айналымда болатын ерекше товар. Алайда оның бұйымдық та,
ақшалай тұтынушылық та құны болмайды, яғни, физикалық товар немесе қызмет
болып табылмайды.
Бағалы қағаздар сату-сатып алудың және мазмұнына мәміле мен басқа да
заңды айғақтардың негізінде құқықтың бір субъектіден екінші субъектіге өтуі
кіретін азаматтық-құқықтық айналымның объектісі болады.
Осылайша, құқықтық және экономикалық ұғымдарды біріктірер болсақ,
төмендегідей анықтама аламыз: яғни, бағалы қағаздар дегеніміз - мүліктік
объектіге қатысты, материалдық та, материалдық емес те тәсілдермен расталуы
мүмкін, сонымен қатар, азаматтық-құқықтық айналымның жеке-дара объектісі
ретінде бола алатын құқық.
Заңмен бағалы қағаздардың мынадай түрлері бекітілген:
1. Акциялар.
2. Облигациялар.
3. Ипотекалық куәліктер, коносаменттер және бағалы қағаз құзыретіне ие
болатын құжаттардың басқа да түрлері.
4. Құнды қағаздар.
5. Басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес шығарылған, Қазақстан
Республикасы аумағында өкілді орган бекіткен тәртіпте айналымға
жіберілген, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздары.
6. Бағалы қағаздардың Қазақстан Республикасының заңдарымен
танылған басқа да түрлері.
Бірақ бағалы қағаздарды осылайша бөлу жалпы сипатқа ие, себебі, біздің
мемлекетімізде корпоративті бағалы қағаздар және мемлекеттік бағалы
қағаздар бар. Сонымен қатар, заң бағалы қағаздардың қор құндылықтары
ретінде қаралатындарын ғана қалдыра отырып, төлем құжаттарын (чек, вексель,
банкілік сертификаттар және т.б.) бағалы қағаздардан бөліп қарастырады.
Корпоративті бағалы қағаздар - мемлекеттік емес заңды тұлғалар
шығаратын қағаздар. Іс жүзінде бағалы қағаздардың кейбір түрлері
корпоративті де, мемлекеттік те болады (Мысалы: облигациялар).
Бағалы қағаздардың жеке түрлерін талдап шығайық. Қазақстан
Республикасының заңдары бойынша акция дегеніміз - иесіне акционерлік
қоғамның табысының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға, акционерлік қоғамның
істерін басқаруға қатысуға және акционерлік қоғам жойылған жағдайда оның
мүліктерінің бір бөлігін алуға құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Осы
бағалы қағазға тән белгісі - оны тек акционерлік қоғам ғана шығарады және
Жарғылық қорға қатысады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 2-
мамырда шыққан Шаруашылық серіктестіктері туралы заң күші бар Жарлығы
акциялардың екі түрін жәй және басымдылығы бар акцияларды шығару
мүмкіндігін бекіткен.
Жәй акция бойынша оларды иеленушілерге қоғамның тапқан табысына қарай
дивидендтер төленеді. Қарапайым акцияны иеленушінің акционерлердің жалпы
жиналысында дауыс беру құқығы бар, ол басқару органдарын және ревизиялық
комиссияны сайлауға, бақылауды іске асыруға және іскерлік саясатты бекітуге
қатысады,
Басымдылығы бар акцияны иеленуші табыс мөлшеріне қарамастан,
кредиторлардан кейін, бекітілген дивидендтер алуға, сондай-ақ, заңды тұлға
таратылған жағдайда оның мүлкін бөлуге қатысуына басым құқығы бар. Бұл
акцияларды иеленушілердің Жарғымен басқаша көзделмесе, акционерлік қоғамды
басқаруға қатысу құқығы болмайды. Қазақстан Республикасының заңдарына,
сәйкес, облигация дегеніміз - оны иеленушінің облигацияны шығарған
тұлғадан, онда көрсетілген мерзімде облигацияның номиналдық құнын немесе
мүліктік эквивалентін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Облигация
сонымен қатар, оны иеленушіге облигацияда көрсетілген облигацияның
номиналдық құнының бекітілген процентін немесе басқа да мүліктік
құқықтарды алуға құқық береді. Облигациялардың мынадай түрлерін
шығаруға болады:
а) Ішкі мемлекеттік және жергілікті заемдардың облигациялары.
б) Заңды тұлғалардың облигациялары.
Заңды тұлғалардың облигацияларын Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектелген серіктестіктер үш
жыл аралығында шығынсыз жұмыс істеу шартымен шығара алады. Алайда,
облигациялардың мөлшері эмитенттің Жарғылық қорының мөлшерінен аспауы
керек.
Облигициялар бір тұлғаның атына, ұсынушы тұлғаға, процентті және
процентсіз, еркін айналымдағы және шектеулі айналымдағы деп шығарылуы
мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығы туралы заңының 4-
бабына сәйкес, туынды бағалы қағаздар дегеніміз - заңға сәйкес және өкілді
органмен осындай деп танылған бағалы қағаздар. Атаулы анықтама туынды
бағалы қағаздардың құзыреті мен мазмұнын анықтаудағы мемлекеттің
позициясының белгіленбегендігін көрсетеді.

2.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары

Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін
атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және
қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін
қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Бағалы
қағаздар нарығының кәсіби мамандары:
1. Брокердер - делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер
келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір
жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде
жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік
беріледі. Ол тек сол өкіметтік шегінде әрекет етуге міндетті.
2.Джобберлер - нарық коньюктурасын бақылаушылар.
3.Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.
Осы мамандармен катар бағалы қағаздар бағалы қағаздар нарығына банк
қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін
реттейтін ереже, заң шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң
қызметкерлері қатысады.
Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтың тұлға ретінде тіркелген
мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не
және фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен
мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып
құрылған. Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес
беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама-техникалық
бөлімінен тұрады. Шамамен мұндай фирмада 15-25 адам қызмет жасайды.
Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
1. Консалтинг (кеңес беру).
2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру.
3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.
Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:
1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша
келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде
(қор биржасынан ба, элде биржадан тыс нарықтан ба).
2. Брокер клиенттің белгіленген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ
алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.
3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген
уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны
клиенттің есепшотына аударады.
4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Клиент ол жөнінде
көшірме талап етуге құқы бар.
5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үнім бере
алады.
Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда
ауызша болса, ол кейін жазбаша құжатта көрсетіліп, заңды күшіне енеді.
Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді
талап етеді. Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:
1. Мәміледегі бүкіл сомаға вексель.
2. Мәміленің кемі 25%-тін немесе 100% құрайтын сома брокердің шотына
түсілуі керек.
3. Брокердің атына ағымдарды шот ашылуы мүмкін
4. Брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдер.
Осылар жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлан тұруы қажет.
Ал дилерлер - олар да делдалдар. Олардын брокерлерден айырмашылығы
шарт жасағанда өз капиталын жұмсауы. Бағалы қағаздар операциясына
мамандалған дилерлерді жауапкершілігі шектелуі дилер деп атайды. Дилердің
атқаратын қызметі:
- Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар
тарату;
- Клиенттердің тапсырмасын орындау;
- Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы
қағаздарды сату-сатып алу баяуласа, онда онда бағалы қағаздардың курсын
тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебімен операция жүргізеді.
- Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы
қағаздар нарығының жұмысына себепші болады. Олар нарықтың
катализаторы ретінде жұмыс істейді.
Бағалы қағаздар нарығында дилерлердің қызметі брокерлердің қызметінен
өзінің кең көлемділігімен ерекшеленеді. дилер-фирмалардын алғашқы да өзінің
бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол делдалдың сыйақымен және
инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырылады.
Джобберлер - бағалы қағаздар нарығы конъюнктура мәселелері жөнімен
кеңес берушілер. Олардың іс әрекеті бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең
көлемде және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек кеңес беріп қана
қоймай, күрделі, кейде комплексті мәселелерді шешуге көмектеседі.
Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлерінде ғана маманданатын болғасын
оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер
пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғарғы
жалақы алатындар қатарына жатады.
2005 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша бағалы қағаздар нарығында
57 брокер-дилер жұмыс істейді, оның ішінде номиналды ұстаушы ретінде
клиенттер шоттарын жүргізетіндері - 49 және клиенттер шоттарын жүргізу
құқығынсыз - 8, 18 тіркеуші, 10 кастодиан банк, зейнетақы активтерімен
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 10 ұйым, оның ішінде зейнетақы
активтерін дербес басқаруды жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар - қарыз міндеттемесі
Бағалы қағаздар рыногы және оның Қазақстан Республикасындағы дамуы
Қазақстан Республикасының экономикасының нақты секторын белсендірудегі бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен объектілері
Қаржы нарығы мен қор биржасының дамуы
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Нарықтық құнды қағаздар
Қаржы нарығының міндеттері
ҚР-дағы бағалы қағаздар қатынастарының реттелуі
Қаржы нарығының құрылымы
Пәндер