Халықаралық маркетинг субьектілері («Проктер энд Гэмбл» трансұлттық корпорация мысалында талдау)



1. Халықаралық маркетингте трансұлттық компаниялар
1.1. Халықаралық маркетинг субьектілері
1.2. Трансұлттық корпорациялардың ерекшелігі, ролі және орны
2. «Проктер энд Гэмбл» трансұлттық корпорация мысалында талдау
2.1. «Проктер энд Гэмбл» трансұлттық корпорация қызметін сипаттау
2.2.«Проктер энд Гэмбл» трансұлттық корпорациясының ҚР рыногында қызмет жүгізу
Қорытынды
Қолданылған әдебит тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі рынок дамуын жаулап алушы болып халықаралық еңбек бөлісінің тереңдеуін көрсететін жаһандану үрдісі, өндірістік инфоқұрылымның пайда болуы, нарықтың негізгі субъектілері трансұлттық өнеркәсіптердің дамуы танылады. Трансұлттық корпорациялар сауда ісін әрдайым экспорт негізінде ұйымдастырады, ал сыртқы нарықта жұмыс істейтін кез-келген фирма үшін маркетингтік қолдау өте қажет. Өз кезегінде халықаралық маркетингтік зерттеулер нәтижесінде трансұлттық корпорациялардың мемлекет үшін тиімді қызметі анықталып отыр. Осы қызметтердің тиімді болу себебі халықаралық корпорациялардың маңызды ерекшеліктерінің жемісі деп санауға болады:
• трансұлттық корпорациялар өзге елдерге, не болмаса алдын ала танылған шетел нарықтарына белгілі-бір өнім түрлерін шығаруға өз қызметін жоспарлаған, бақылауға алынған өндірістік филиалдар және еншілес кәсіпорындар тобының болуы;
• ірі ұлттық кәсіпорындар қазіргі кезде негізгі назарды жаңа технологиялық жетістіктерге бөлуде және бақылауға арналған кәсіпорындарда тек білікті мамандармен қызмет жасауға ұмтылуда;
• трансұлттық корпорациялар филиалдар мен еншілес компаниялардың қызметін, олардың құқықтық ережедегі айырмашылықтарын ескере отырып, бір орталықтан бақылау жасау және үйлестірудегі жоспарларының тиімді жүзеге асырылуы мемлекетке де өз үлесін тигізуде.
Қазіргі кезде трансұлттық корпорациялар индустриалды дамыған және дамушы елдердің экономикасында маңызды орынға ие. Оның себебі мемлекеттің экономикалық деңгейін көтеруде, кәсіпкерлік пен инфрақұрылымды жедел дамытуда трансұлттық крпорациялар нарықтың негізгі қатысушысы субъектілерінің бірі болып отыр.
Халықаралық байланыс пен интеграцияны көңейту, коммерциялық және іскерлік қатынас орнату, ішкі рыног белсенділігімен қатар әлемдік рыногқа ену - ҚР-ның 50 бәсекелес елдердің қатарына кірудің тиімді жағдайларының бірі. Халықаралық маркетинг әдістері мен стратегияларын қамтып алмайынша бұл жағдайға қол жеткізу мүмкін емес. Халықаралық маркетинг әрекеті халықаралық ережелер мен кодекстер талаптарына сай орындалуы керек.
Халықаралық маркетинг дегеніміз – шетелде тауар және қызмет маркетигін жүргізу. Халықаралық маркетингтің мақсаты – сыртқы рыногта фирманың жақсы имиджін құру, тауарларын өткізу және кәсіпорынның іс-әрекетінің тиімдігін құру.
Халықаралық маркетинг термині халықаралық фималар қызметіне, шет елдерге таралатын өндірістік және коммерциялық қызмет саласына қатысты болады.
1. Елемесов Раушан Елемесович «Халықаралық экономикалық қатынастар». Оқу құралы. Алматы: «Қазақ университеті», 2002. – 389 бет.
2. Байгісиев Майдан-Әлі «Халықаралық экономикалық қатынастар». Алматы: «Санат», 1998 – 192 бет.
3. Қамышбаев Р.А. Баймағамбетова Л.Қ. «Халықаралық маркетинг». Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2003. – 152 бет.
4. www.google.kz
5. www.google.kz
6. www.pg.com

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Халықаралық маркетингте трансұлттық компаниялар

1.1. Халықаралық маркетинг субьектілері

1.2. Трансұлттық корпорациялардың ерекшелігі, ролі және орны

2. Проктер энд Гэмбл трансұлттық корпорация мысалында талдау

2.1. Проктер энд Гэмбл трансұлттық корпорация қызметін сипаттау

2.2.Проктер энд Гэмбл трансұлттық корпорациясының ҚР рыногында қызмет
жүгізу

Қорытынды
Қолданылған әдебит тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі рынок дамуын жаулап алушы болып
халықаралық еңбек бөлісінің тереңдеуін көрсететін жаһандану үрдісі,
өндірістік инфоқұрылымның пайда болуы, нарықтың негізгі субъектілері
трансұлттық өнеркәсіптердің дамуы танылады. Трансұлттық корпорациялар сауда
ісін әрдайым экспорт негізінде ұйымдастырады, ал сыртқы нарықта жұмыс
істейтін кез-келген фирма үшін маркетингтік қолдау өте қажет. Өз кезегінде
халықаралық маркетингтік зерттеулер нәтижесінде трансұлттық
корпорациялардың мемлекет үшін тиімді қызметі анықталып отыр. Осы
қызметтердің тиімді болу себебі халықаралық корпорациялардың маңызды
ерекшеліктерінің жемісі деп санауға болады:
• трансұлттық корпорациялар өзге елдерге, не болмаса алдын ала
танылған шетел нарықтарына белгілі-бір өнім түрлерін шығаруға өз
қызметін жоспарлаған, бақылауға алынған өндірістік филиалдар және
еншілес кәсіпорындар тобының болуы;
• ірі ұлттық кәсіпорындар қазіргі кезде негізгі назарды жаңа
технологиялық жетістіктерге бөлуде және бақылауға арналған
кәсіпорындарда тек білікті мамандармен қызмет жасауға ұмтылуда;
• трансұлттық корпорациялар филиалдар мен еншілес компаниялардың
қызметін, олардың құқықтық ережедегі айырмашылықтарын ескере
отырып, бір орталықтан бақылау жасау және үйлестірудегі
жоспарларының тиімді жүзеге асырылуы мемлекетке де өз үлесін
тигізуде.
Қазіргі кезде трансұлттық корпорациялар индустриалды дамыған және
дамушы елдердің экономикасында маңызды орынға ие. Оның себебі мемлекеттің
экономикалық деңгейін көтеруде, кәсіпкерлік пен инфрақұрылымды жедел
дамытуда трансұлттық крпорациялар нарықтың негізгі қатысушысы
субъектілерінің бірі болып отыр.
Халықаралық байланыс пен интеграцияны көңейту, коммерциялық және
іскерлік қатынас орнату, ішкі рыног белсенділігімен қатар әлемдік рыногқа
ену - ҚР-ның 50 бәсекелес елдердің қатарына кірудің тиімді жағдайларының
бірі. Халықаралық маркетинг әдістері мен стратегияларын қамтып алмайынша
бұл жағдайға қол жеткізу мүмкін емес. Халықаралық маркетинг әрекеті
халықаралық ережелер мен кодекстер талаптарына сай орындалуы керек.
Халықаралық маркетинг дегеніміз – шетелде тауар және қызмет маркетигін
жүргізу. Халықаралық маркетингтің мақсаты – сыртқы рыногта фирманың жақсы
имиджін құру, тауарларын өткізу және кәсіпорынның іс-әрекетінің тиімдігін
құру.
Халықаралық маркетинг термині халықаралық фималар қызметіне, шет
елдерге таралатын өндірістік және коммерциялық қызмет саласына қатысты
болады.
Халықаралық маркетинг – шетелдегі тұтынушылардың тауар мен қызметтерге
сұранысын қанағаттандыруға арналған жергілікті компаниялардың маркетингтік
іс-әрекеті. Ішкі және халықаралық маркетинг арасында түпкілікті
айырмашылықтар жоқ, оларда қолданылатын қағидалар, мақсаттар және әдістер
біртекті. Алайда, ішкі маркетингке қарағанда, халықаралық маркетинг кең
мағыналы болып табылады. Сонымен бірге, халықаралық маркетингтің саяси және
экономикалық саясат жағдайына, ұлттық валюта жүйелеріне, заң жүйесі, тіл,
мәдени, діни және басқа да ерекшеліктерге байланысты маңызды өзгешеліктері
бар.
Халықаралық маркетингтің қызметі мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
• бәсекелестер өндірген тауарларға қарағанда, халықаралық рыног талаптарын
толық қанағаттандыратын тауар жасап шығару немесе қызмет көрсету;
• шетел тұтынушыларының сұранысына сай келетін өнім үлгілерін жасау бойынша
ғылыми-зерттеу және тәжірбиелік-құрылымдық жұмыстарды ұйымдастыру;
• халықаралық рыног бойынша нақты бір тұтынушы сұранысының құрылымы мен
серпіні, шетел тұтынушыларының талғамдары, ұнатулары туралы сенімді,
шынайы, дер кезінде алынған ақпараттарға қол жеткізу;
• фирманың өндіру, өткізу, қаржылық қызметін халықарлық рыноктың негізгі
мақсатымен байланыстара отырып, жоспарлау және үйлестіру;
• тауар өнімдерін сатудың әдіс-амалдарын жетілдіру;
• халықаралық рыногта тауар қозғалысын оңтайландыру;
• тауарлар мен қызмет көрсету саласына халықаралық бақылау жасау;
• рыног субъектісінің барлық қызметін реттеу және өндіру мен өткізу
деңгейінде басты мақсаттарды қамтамасыз ету және оны басқару.
Соңғы жылдары трансұлттық корпорациялардың әрекетінде басқару мен
маркетингтік қызмет көрсету түрі кеңінен тарап келеді.
Халықаралық фирманың ұйымдастыру құрылымы келесідегідей болуы мүмкін:
1. Макропирамида құрылымы. Макропирамида құрылымын орталықтандырудың
жоғары деңгеймен сипатталады. Ерекшеліктері:
a. стратегиялық жоспарлау нақты анықталған және орналасқан орталықта
жүзеге асырылады;
b. жергілікті басқарушылардың іс-әрекеті сфералары шектеледі;
c. фирма соңғы нәтижеге бағытталған;
d. маркетинг іс-әрекеттері оның элементтерін cтандарттауға бағытталған;
e. әлеуметтік және қоғамдық мәселелер бойынша фирма жергілікті ұлттық
мүдделерді ескере алмай қатаң позицияға ие болды.
2. Қолшатыр құрылымы. Бұл рыноктар мен елдердің айырмашылықтарын
қарастыратын және бейімделетін фирманың құрылымы. Ерекшеліктері:
a. орталық негізгі мәселелерді қарастыратын, ал филиалдарда оны жүзеге
асыратын жергілікті жағдайда есепке алады;
b. әр филиал өзін-өзі қамтамасыз етуге және өз бетінше жұмыс істеуге
тырысады;
c. маркетинг мәселелерін шешуде көп күш жұмсалуы мүмкін;
d. рыноктық өзгерулерге байланысты фирманың реакциясы тез болады.
3. Интергломерант құрылымы. Бұл құрылым бойынша бас орталықта
стратегиялық басқару жүргізіледі және ол шетелдік бөлімшелеріне
оперативті басқару жүргізбейді. Сипаттамасы:
a. орталық қаржыны басқарады;
b. орталық аппарат жоғары деңгейде кеңес берушілерден ғана тұрады және
басқа басқару бөлімшеері болмайды;
c. орталық және еншілес кәсіпорындар араларында жақсы байланыс, ал бір
деңгейлі бөлімшелер арасында байланыс нашар;
d. әлеуметтік мәселелер тек қана пайдаға әсер ететін кезде ғана
қарастырылады;
e. орталық салық, қаржы және логистика мәселелерін шешуге ыңғайлы жерде
орналасады.
Курстық жұмыстың мақсаты.
• халықаралық маркетинг субъектісі ретінде трансұлттық
корпорациялардың ролі мен қажеттігін анықтау;
• трансұлттық корпорациялардың құрылымын сипаттау;
• трансұлттық корпорациялардың тиімді қызмет атқаруы үшін халықаралық
маркетингтің қажеттілігін көрсету;
• трансұлттық корпорациялардың халықаралық операциялар жүргізу
процесінде негізінен халықаралық маркетингтік ақпараттарды
қолданудың маңыздылығын айқындау;
• трансұлттық корпорациялардың халықаралық маркетингтің субъектісі
ретінде ел экономикасы үшін тиімді бағыттарын, өнімді өткізу
әдістері мен құралдарын ұсыну.
Зерттелу мәнісі. Курстық жұмыста трансұлттық корпорациялар
халықаралық маркетингтің субъектісі ретінде қарастырылады. Трансұлттық
корпорациялардың қызметін талдау барысында халықаралық маркетингтің қызметі
мен зерттеу тәсілдерін қолданады. Тақырып бойынша мәліметтерге жеткілікті
дәрежеде талдау жасалынды.
Курстық жұмыс екі тараудан тұрады. Бірінші тарауда трансұлттық
корпорацияларға теориялық түсініктеме беріліп, екінші бөлімінде Проктер
энд Гэмбл трансұлттық корпорациясы негізінде талданады.

1. Халықаралық маркетингте ТрансҰлттықКомпаниялар
1.1.Халықаралық маркетинг субъктілері.

Халықаралық экономикалық қатынастар субъектісі деп, осы қатынастардың
дамуы мен өзгеруіне белсенді іс-әрекеттермен әсер ететін ХЭҚ қатысушыларын
айтамыз. Бұл ұғымның негізгі мазмұны халықаралық құқықта ашылған, бірақ ол
әр түрлі субъектілерінің ХЭҚ-ғы орнының өзгеру әсерінен дамиды.
Нарықтық экономика өндіріс факторларына жеке меншіктің болуын
жоспарлайды, осыған cәйкес оның қатысушылары (субъектілері) белгілі бір
функциялары бар,тең құқылы меншік иелері болып табылады. Нарықтық экономика
субъектілерінің өзара байланыстылығының жалпы схемасын былай көрсетуге
болады:

Үй шарушылықтары Кәсіпорындар Мемлекет
(ресурс иелері) (кәсіпкерлер) (шаруашылық
процестердің
реттелуі)

Әлемдік экономика нарықтық болғандықтан, мұнда сол субъектілер іс-
әрекет етеді: жекелеген индиввидтер (жеке тұлғалар); кәсіпорын, фирмалар
(заңды тұлғалар); мемлекеттер мен оған қосымша ретінде халықаралық
экономикалық ұйымдар.
Халықаралық экономикалық қатынастар мемлекеттердің бір-брінен тәуелсіз
өмір сүруіне тікелей байланысты. Қазіргі кезде әлемде екі жүзден астам
егеменді ел бар. Олардың әрқайсысы экономикалық даму деңгейімен, саяси
тәртіптермен, ХЭҚ-ға тартылудың түрлі дәрежесімен, территориясымен, халық
санымен, жалпы ұлттық өнім көлемі және таңғы басқадай көрсеткіштермен қатты
ерекшеленеді. Әр түрлі елдер ХЭҚ-да өзіндік саясат жүргізіп, оны өзінің
қажеттіліктеріне лайықтап, соның көмегімен ішкі мәселелерді шешуге
тырысады. Біз ұзақ уақыт бойы мемлекеттік экономика жағдайында өмір сүрдік.
Ол кезде басты субъект мелекет болғандықтан, сыртқы экономикалық
қатынастарда да жалғыз субъект мемлекет болды. Өзінің идиологиялық және
құқықтық қалыптасуын сыртқы экономикалық іс-әрекеттегі мемлекетік
монополия ұғымынан алды.
Халықаралық ұйымдар, оның ішінде экономикалық ұйымдар мемлекетаралық
экономикалық қатынастарды реттеу үшін құрылған. Халықаралық экономикалық
ұйымдар – мемлекеттердің немесе үкіметтік емес топтарының халықаралық
экономикалық ынтымақтастықта ортақ мақсаттарға жету үшін құрылған
бірлестіктер. Қазіргі кезде бірнеше мың ресми және бейресми ұйымдар бар.
Бұл ұйымдардың әлемдегі маңызы олардың құқықтық сипатына байланыссыз
артуда.
Халықаралық экономикалық ұйымдар көп болуымен қатар, әр түрлі
деңгейде, әр түрлі салмақ категорияларында әрекет етеді.
Қазіргі таңда халықаралық экономикалық ұйымдар экономикалық, әсіресе
сыртқы экономикалық саясатты дайындау мен жүргізуде ХЭҚ субъектілері мен
жекелеген мемлекеттердің үкіметтеріне белгілі болып отыр. Мұнда осы
қатынастаодың басқа да, күштірек субъектісі бар екенін есепке алу қажет.
Мұндай ұйымдардың пайда болуы мен маңызының арта түсуі халықаралқ
экономикалық ынтымақтастық пайдасы үшін ұлттық мемлекеттердің экономикалық
егемендігінің бір бөлігінен бас тартуына тура келетіндігін көрсетеді.
Бірақ нарықтық экономикада өндіру мен сауданы мемлекет пен халықаралық
ұйымдар емес, кәсіпарындар (фирмалар) мен кәсіпкерлер (жеке тұлғалар)
жүзеге асырады. Экономиканың дамуы барысында ХЭҚ-дағы делдал субъектінің
түрі өзгереді. Халықаралық аренада өнеркәсіптің шоғырлануына байланысты
өнеркәсіптік фирмалар, банктік, қаржылық және басқа ұйымдар пайда болады.
Халықаралық деңгейде әрекет ететін, бұл фирмалар трансұлттық компаниялар
деп аталады. ТҰК - әлемдік экономикадағы жаңа құбылыс емес, бірақ олар
жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында айтарлықтай салмаққа ие бола
бастады.
Француз профессорының Р.Петрелланың айтуы бойнша: экономиканың
жаһандануы дегеніміз – ұлттық мемлекеттердің, техналогиялардың дамуы мен
экономиканың өмір сүруіне арналған орталық стратегиялық кеңістік ретінде
жойылуы... Әлемнің қандай да болсын аймағында экономикалық, технологиялық
ресурстарды орналастыруға байланысты шешімдерді немесе қазіргі жағдайды
өзгертіп, болашақ дамуды қалыптастыратын шешімдерді ірі ТҰК-лар қабылдайды.
Олар әлемді жасауды және қайта жасауды өз қалауынша жүзеге асырып, жаңа
сфераларға енуде.
Ресей экономистері ТҰК-дың келесі классификацияларын ұсынады:
1. Трансұлттық корпорация (ТҰК) — бұл шетел активтерімен ұлттық
монополия. Олардың өндіріс және саудалы-өткізу қызметі бір мемлекеттен
тысқары шығатын қызмет. АҚШ-та корпорация деп акционерлік ұйымдарды айтады.

2. Көпұлтты корпорациялар (КҰК) — бұл бірнеше мемлекеттердің ғылыми
және техникалық негіздегі ұлттық компанияларды біріктіретін халықаралық
корпорациялар. Мысал ретінде 1907 жылдан бастап жұмыс жасайтын ағылшын-
голландық “Роял-Датч шелл” кортернін келтіруге болады. Бұл компанияның
ортақ капиталы 60:40 пропорциясына бөлінеді.
Қазіргі халықаралық экономикалық қатынастарда жиынтық экономикалық
қуаты кез-келген орташа дамыған мемлекеттен асып түсетін субъектінің пайда
болғаны сөзсіз. Осы компаниялар арасында жекелеген фирмалардың өндірістік
қуаттылығы көптеген мемлекеттерден асып түседі. ТҰК-дың әлемдік
экономикадғы орны мен маңызы 60-шы жылдардан бастап белсенді талқылауға
түсуі кездейсоқ емес
ТҰК-дың дамуы. ТҰК-лардың алғаш көріністері 16-17 ғасырларда пайда
болды. 1600-де Үндістан байлығын игеруге құрылған Британдық Ост-Үнді
компаниясының құрылтайшыларының арасында тек ағылшын коммерсанттары ғана
емес, Голландия саудагерлері мен Германия банкирлері де жатады. 20-шы
ғасырға дейін ТҰК-лар өндірісті ұйымдастырумен саудамен ғана айналысты.
Жиырмасыншы ғасырға дейін мұндай колониялды компаниялар тек саудамен ғана
айналысты. Оларды он тоғызыншы ғасырдың аяғында пайда болған қазіргі ТҰК-
дың бастапқылары деп қана атайды. Олар бәсекелестіктің орнына ірі
монополиялық-фирмалар келді және олар массалық капиталды шығарумен айналыса
бастады.
Бірінші этап. Жиырмасыншы ғасырдың басында, ТҰК-лар экономикасы аз
дамыған шетел мемлекеттерінің тек шикізат саласан инвестициялаған және де
онда сатып алу мен сөтім бөлімшелерін құрған. Шетелде жоғары технологиялық
өнеркәсіп өндірісін құру тиімсіз. Бір жағынан, қабылдаушы елдерде қажетті
квалификация бойынша қажетті мамандар жоқ болды, ал технология жоғары
автоматтандыру дәрежесіне жетпеген еді. Бұл периодта трасұлттандырудың
субъекктісі ретінде өткізу нарығын бөліп, келісілген баға саясатын
жүргізетін әр түрлі елдердің фирмаларының құрамалары болы.
ТҰК эволюциясының екінші этапы, жиырмасыншы ғасырдың ортасынан, тек
дамушы елдерде ғана емес сонымен қатар дамыған мемлекеттерде шетел өндіріс
бөлімшелерінің ролінің жоғарылауы. ТҰК-лар шетел өндісіс бөлімшелерінде
өзінің туған елінде өндіретін өнімдері бойынша мамандана бастады. Уақыт өте
ТҰК-дың еншілестері жергілікті сұраныс пен жергілікті нарыққа бағыттала
бастады. Егерде алдын әлемдік шаруашылық алаңында халықаралық картерлер
қызмет етсе, қазіргі кезде жеке сыртқы экономикалық стратегиясын жүргізетін
қажетті ірі ұлттық фирмалар. Дәл 1960-шы жылы трансұлттық корпорациялыр
термині пайда болды.
ТҰК-дың 1960-ы жылдары саныны мен мағынасының көбеюі ғылыми-техникалық
революциясының әсері. Жаңа технологияларды енгізу және өндіріс
операцияларын оңтайландыру нәтижесінде төмен квалификациялы және төмен
сауатты персоналды қолдануға мүмкіндік пайда болды. Транспорттық және
ақпараттық коммуникацияның дамуы осы мүмкіндіктерді қолдануға жол ашты.
Жаңа заман этапында, жиырмасыншы ғасыр аяғы, ТҰК-дың даму
ерекшеліктері өндіріс торлары мен жаһандық масштабта өткізуді іске асырудан
тұрады. Статистика бойынша ТҰК-дың санына қарағанда ТҰК филиалдарының
санының өсу деңгейі жоғарырақ. Еншілес фирмаларды құру үшін орынды
іздегенде маңызды ролді өндіріс шығындарының талдауы алады. Ол дегеніміз
дамушы елдерде шығындар төмен болады. Ал өнім ол тауарға сұраныс жоғары
елдерде сатылады, бұл көбіне дамыған елдер. Мысалы, Германия тұрғындары
германияда емес Оңтүстік Коореяда жасалған германдық Bosh фирмасының
өнімін сатып алады.
ТҰК-инвестиция толқыны үлкейді , бірақ олар әлемнің ең бай аймақтарына
бағыттала бастады. 1970-ші жылдары тікелей шетел инвестицияларының 25%
дамушы елдерге түсетін болса, 1980-ші жылдары олардың үлесі 20%-ке түсіп
кеттіті.

1.2.Трансұлттық корпорациялардығ пайда болу ерекшеліктері,
ролі және орны.

Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшыларының пікірі бойынша трансұлттық
корпорациялар дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы күші болып
есептеледі. 90-шы жылдардың ортасында дүние жүзінде 40 мыңнан астам
корпорациялар қызмет атқарған. Олардың бақылауындағы шетелдік еншілес
кәсіпорындардың саны 250 мыңдай болды. Бұл санның соңғы екі онжылдықта өсу
қарқыны 5 есеге жетті. Ең ірі 100 халықаралық компаниялардың жалпы мүлігі
құнының 40% шетелде орналасқан.
ТҰК-лардың негізгі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және
Жапонияда тіркелген. ТҰК-дың дүниежүзілік өнеркәсіп өнімдерін өндірудің 40%-
ін, халықаралық сауданың 50%-ін өз бақылауында ұстайды.
ТҰК-дың жыл сайынғы өндіріс көлемі 10 трлн. доллордан асады. Бұл
корпорацияларда 73 млн. адам жұмыс істейді. Мұның өзі дүиежүзілік
шаруашылықта қамтыған жұмысшы күшінің (ауыл шарушылығын қоспағанда) әрбір
оныншысы деген сөз.
Ең ірі 500 ТҰК-дың 85-і шетел инвестициясының 70%-ін басқарады. Бұл
500 гиганттар химия және электроника өнімінің 80%-ін, фармацевтиканың 95%-
ін, машинақұру өнімінің 76%-ін іске асырады.
БҰҰ-ның анықтамасы бойынша жылдық айналым 100 млн. доллордан асатын
және кем дегенде 6 елде филиалы бар фирмалар корпорация деп аталады.
Кейінгі жылдары бұл түсінік біраз пысықталып, ендігі уақытта фирманың
халықаралық дәрежесінің көрсеткіші ретінде оның өнімдерінің басқа елдерге
сатылған көлемінің проценті алынатын болып жүр. Мысалы, осы көрсеткіш
бойынша Швейцариның "НЭСТЛЕ" фирмасы (98%) алдыңғы орынның бірін алады.
БҰҰ-ның тәсілдемесі халықаралық корпорацияны оның активтерінің
құрылымы арқылы да анықтауға мүмкіндік береді. Дүние жүзінде шетелдік
активтері ең мол ТҰК-ларға ағылшын-голланд концерні РОЯЛ-ДАТЧ ШЕЛЛ және
АҚШ-тың ФОРД, ДЖЕНЕРАЛ МОТОРС, ЭКСОН, ИБМ фирмалары жатады.
Халықаралық монополиялар туралы анықтамаларды: көпұлттық корпорациялар,
интерұлттық корпорациялар, трансұлттық корпорациялар, әлемдік корпорациялар
т.с.с. атауларды кездестіруге болады.
Халықаралық фирма дегеніміз – бірнеше елде орналасқан кәсіпорынның
жұмысшылар еңбегінің кооперация негізіндегі шаруашылық іс-әрекетітің
ұымдастыруының ерекше түрі.
Трансұлттық корпорациялар дегеніміз – шетелде активтерді (құнды
заттары) бар ұлттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-өткізу
қызметтері ұлттық шекарадан тыс елдерде ұйымдастырылады.
Трансұлттық корпорация, ТҰК (transnational corporation, TNC) – бұл
шетел активтері бар (капитал салымы) және халықаралық масштабта
экономиканың қандай да бір саласына (немесе бірнеше сала) тікелей әсер ете
алатын ірі компания немесе әр түрлі ел фирмалары.
ТҰК-дың шаруашылық жүргізу құқықтары шетелде филиал, еншілес
компаниялар ұйымдстыру және іскерлік белсенділікті күшейту арқылы жүзеге
асады. Еншілес компаниялар өндірістік және дайын өнімді өткізу, ғылыми-
зерттеу жұмыстары, тұтынушыларға қызмет көрсету мәселелерінде дербес
шешімдер қабылдайды. Тұтас алғанда олар біріктірілген ірі өндірістік өткізу-
кешендері. Оларда бар акционерлік капиталға меншік құқығы құрылтайшы елдің
өкілдеріне ғана тарайды. Сонымен бірге филиалдар мен сыбағалас компаниялар
жергілікті капиталдың басым қатысуымен аралас кәсіпорындар құруы да мүмкін.
ТҰК басқармасының тиімді құрылысы өзінің шетелдік филиалдарына да
үздіксіз жетекшілік ету қажет, шетел филиалдарындағы басқарушыларға
тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін шешім дербес қабылдауға
мүмкіндік беруде. Бұл жерде қабылдайтын елдің заңдарына сәйкес жергілікті
нарықтың ерекшелігін есепке алу керек. Басты орталық компания ТҰК-ның
өндірісі бүкіл жүйесінің әкімшілік орталығы болып табылады. Оның қызметіне
басқа компаниялармен қосылу, жаңа фирма ашу, тиімсіз бөлімшелерді жою
туралы шешім қабылдау кіреді; филиалдар мен корпорациялардың ұзақ уақытқа
арналған өндірістік, инвестициялық және қаржы саясатын жасайды.
Шетел филиалдарының негізгі ұйымдық формалар:
• еншілес компания (subsidiary) – қабылдайтын елдегі трансұлттық
корпорация жүйесіне енетін өндірс, онда басты компания жарты акция
иемденіп, шешуші дауысқа ие болады және бұл кәсіпорынның жетекшісін
тағайындайды;
• ассоцияцияланған компания (associate) – қабылдайтын елдегі ТҰК
жүйесіне енетін өндіріс, онда басты компания 10-нан кем емес, бірақ
50%-тен аспайтын акцияға ие болады. Басты компания бақыламайды,
бірақ осы кәсіпорынның бақылауына қатысады;
• бөлім (branch) – шетел филиалының түрі, онда басты компания толық ие
болады немесе ол ТҰК-ның біріккен кәсіпорынның бір бөлімі болып
саналады. Бөлімдер шетелдегі басты компанияның өкілеттілігі
формасына ие болады; жергілікті кәсіпкерлермен, басты компанияға
тиесілі жылжымалы мүлік (кемелер, газ не мұнай өндіретін
платформалар) және шетелде бір жылдан кем емес уақыт қызмет
еткендермен серіктес болады.

Әлемдегі ірі трансұлттық корпорациялар

1-ші кесте.
№ “Industry Week” рейтингі бойынша“Financial Times” рейтингі
бойынша
1 General Motors General Elektric
2 Ford Motor Royal Dutch Shell
3 Royal Dutch Shell Microsoft Corp
4 Exxon Exxon
5 Mobil Coca-Cola
6 General Elektric Intel Gorp
7 IBM Nippon Telegraph &Telephone
8 British Petroleum Merck
9 Hitachi Toyota Motor Corp
10 Toyota Motor Corp Novartis

Ел бойынша 500 ірі ТҰК-дың үлесі (“Financial Times” рейтингі бойынша)

1-ші диаграмма

Ел бойынша 1000 ірі ТҰК-дың үлесі (“Industry Week” рейтингі бойынша)

2-ші диаграмма

Көп ұлтты корпорациялар дегеніміз - өндірістік және ғылыми-техникалық
негізде бірқатар мемлекеттердің ұлттық компанияларын біріктіруші
халықаралық корпорациялар.
Халықаралық құқық бойынша көпұлтты корпорациялардың ерекше
белгілеріне:
• көпұлттық акционерлік капиталдың бар болуы;
• көпұлттық басқару орталығының жұмыс істеуі;
• шетел филиалдары әкімшілігіне жерглікті мамандардың тартылуы
жатад.
Трансұлттық корпорациялардың пайда болуының ең басты себебі өндіргіш
күштердің дамуы негізінде ұлттық шекарадан шығуы мүмкін болған өндіріс пен
капиталдың интерұлттануы. Трансұлттық корпорациялардың тез дамуының негізгі
себебі көп пайда табуға ұмтылыс. Өз кезегінде қатаң бәсекелестік күреске
төтеп беру үшін, өндіріс пен капиталды халықаралық көлемде шоғырландыру да
трансұлттық корпорациялардың пайда болуын тежеледі.
Шетелдік шарушылықта жүріп жатқан объективті экономикалық процестердің
нәтижесінде пайда болған тансұлттық корпорациялардың өзіне тән бір қатар
ерекшеліктері бар.
Трасұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді
қатысушы ретінде оның дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Трансұлттық корпорациялар капиталдарының қозғалысы, әдетте, сол
корпорациялар орналасқан елдегі жүріп жатқан процестерден дербес, тәуелсіз.
Трансұлттық корпорациялар халықаралық өндірістер жүйесін қалыптастырады.
Олар дүниежүзінің көптеген елдерінде филиалдар, сыбағалас компаниялар,
бөлімшілер ашуға негізделген.
Трансұлттық корпорациялар орасан зор инвестициялар мен жағары дәрежелі
маман кадрларды қажет ететін жоғары техналогиялық және ғылыми сыйымды
өндіріс салаларына сыналай кіріп, оларды өзіне бағындыра бастайды. Осы
кезде трансұлттық корпорациялардың жекелегенсалаларды монополизациялау
ұмтылысы тенденциясы байқалады.
Халықаралық фирманың басты ерекшеліктері:
1) өзге елдерге алдын ала танылған шетел рыногтарына белгілі бір өнім
түрлерін шығаруға бағдарланған немесе бас компанияның компоненттерінен
немесе шикізат материалдық ресурстармен қамтамасыз ете алатын, бақылауға
алынған өндірістік филиалдар және еншілес кәсіпорындар топтаррының болуы.
2) Техналогиялық кооперациялауды және бақылауға алынған кәсіпорын
мамандығын пайдалану.
3) Филиалдың еншілес компаниялардың қызметін, олардың құқықтық ережелердегі
айырмашылықтарын ескере отырып, бір орталықтан бақылау жасау және
үйлестіру.
Ағылшын әдебиетінде халықаралық экономика бойынша халықаралық бизнес-
ұйымдарды белгілеу үшін көпұлтты корпарациялар (multinational corporation
– MNC) мен көпұлтты фирмалар (multinational firms – MNF) терминдері
синоним ретінде қолданылады.
ТҰК-ның критериі мен типі. Негізгі сапа белгісін келесідей
ерекшелейді:
– іске асыру ерекшелігі: фирма өз продукциясының көп бөлігін
шетелге сатады, сонымен әлемдік нарыққа едәуір әсер етеді;
– өндірісті орналастыру ерекшеліктер: шетел елдерінде еншілес
мекемелері мен филиалдарының орналасуы;
– меншік құқығының ерекшелігі: фирманың иелері әртүрлі елдердің
резиденттері болып саналады.
Маңыздырағы болып біріншісі саналады. Бұл критери бойынша абсолютті
лидер өзінің 98%-ін шет елге экспорттайтын швейцариялық Нэстле (Nestle)
фирмасы.
Қазіргі әлемде трансұлттық және жай корпорациялар арасындағы шекара
шарттық, өйткені әлемде экономиканың жаһандануы дамығанда өндіріс,
жекеменшік және өткізу нарықтарының әрұлттандырылуы. Зерттеушілер ТҰК-ды
ерекшелеуде әр түрлі сандық критерилады қолданғандықтан, ғылыми әдебиетте
ТҰК-дың саны (2000-ші жылдың басына – 40 мыңнан 65 мыңға дейін) және
қызметінің масштабы бойынша бір-бірінен айрықшаланатын мәліметтер.
1960-ші жылдардан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымы ТҰК-дың құрамына жылына
100 млн. доллордан көп айналымы және алты елде еншілестері бар фирмаларды
кіргізген. Кешірек қаталдау шаралар қолданыла бастады. Қазіргі кезде БҰҰ
трансұлттық корпорацияларға келесі қасиеттерге ие фирмалар жатады:
– кем дегенде екі мемлекетте өндіріс орындары бар;
– орталықтандырылған басқару мен келісілген экономикалық саясатты
жүргізу;
– оның өндіріс орындары бір-бірімен белсенді жұмыс атқарады – ресурс
пен жауаптылықты бөліседі.
Өзінің экспансиясын үлкейтуде трансұлттық корпорациялар әлемдік
нарықты тану үшін әр түрлі түрлерін қолданады. Бұл түлер көбіне келісім
шарттық қарым – қатынасқа негізінде және басқа фирмалардың акционерлік
капиталына қатыссыз болады. ТҰК экономикасының мұндай түрлеріне
келдесілерді жатқызады:
1) лицензиялау;
2) франчайзинг;
3) басқару келісім-шарттары;
4) тахникалық және маркетингтік көмек көрсету;
5) ұйымдарды кілт астына тапсыру;
6) бірлескен ұйымдарды құру бойынша уақыты шектелген келісім шарттары мен
бөлек операцияларды іске асыру келісім шарттары.
Практикада трансұлттық корпорациялардың қызметінің түрінлері арасында
нақты шекара жүргізу қиын. Олар дифференцияланбаған түрінде қолданылады
және көп қиылысады. Бұл формалардың дамуының ерекшелігі, олардың көбіне
трансұлттық корпорациялар арасында қолданылуы. Ерекше таралуды лицензиялық
келісім шарттар алды. 1990-жылы ТҰК-дың лицензиялық келімдері 1970-і жылға
қарағанда он есе болды. Лицензиялық келісім бойынша лицензиятор белгілі бір
уақыт аралығына және белгілі бір сыйлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық маркетингтің теориялық ерекшеліктері
Тауар тауарды топтастыру
Маркентингте тауарды маркалау
Тауар мәні, ассортименті, номенклатурасы
Тауар ассортиментінің көрсеткіштері
Ұлттық бренд
Жарнама туралы мәлімет
Тауар және оның қасиеттері. тауар қасиеттерінің альтернативті теориялары
Халықаралық маркетингтін қазіргі проблемалары
Халықаралық маркетинг істерін жоспарлау
Пәндер