Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-7
I-тарау. Қазақстанда адамзаттың қоғам институттарын қалыптастырудың негіздері
1. 1. Қазақстан республикасы конституциясы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарына сипаттама . . . 7-10
II-тарау. Қазақстан Республикасының адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
2. 1. Қазақстан Республикасының азаматтарының Конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері . . . 10-16
2. 2. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың конституциялық тетіктері . . . 16-20
2. 3. Қазақстан республикасы - адамның құқығы мен бостандықтарының кепілі . . . 20-23
Қорытынды . . . 24-25
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 26-27
Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыт аралығында Қазакстан Республикасында болған саяси жэне экономикалық реформалар түлға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне басты роль берген қоғам дамуының жаңа бағыттарын айқындады. Қазіргі біздің конституциялық жүйеміз бүрыңғы кеңес дэуіріндегіден өзгеше адам және оның тұлғаллығына ерекше сыйластықпен қараудан тұрады. 20 қыркүйек 2002 жылғы ҚР Президентінің «ҚР-ның құқықтық саясаты Концепциясы туралы» жарлығында: «ҚР Конституциясында бекітілген адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жоғарлылығы, құқық үстемдігі, мемлекеттің билік тармақтарының бөлінуі және олардың өз қызметін жүзеге асыру барысында тепе-тендік және тежемелік қағидасына сүйене отырып жүзеге асыратындығы негізінде демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі бағытын біртіндеп және ретімен заңдастыру керек» деп көрсетілген. Осылайша жүзеге асырылып отырған Конституцияның теориялық мәселелері және адам және азамат құқықтары мен бостандықтары саласындағы заңдарды жетілдіру таңдап алынған тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Ал тақырыптың зерттеу пәні: ҚР адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары, оның дамуының ерекшеліктері, бағыттары, қағидалары, тенденциялары және заңдылықтары. Зерттеудің әдістемелік негізі-бұл диалектикалық, тарихи-логикалық, институционалдық, құрылымды-жүйелік, салыстырмалы-құқықтық және баяндаушы ғылыми әдістердің жиынтығы. Зерттеудің теориялық негізі. Жұмыс қортындысы табиғи құқық теориясына, Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектеріне, ұлттық және шет мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып жазылған. Жоғарыда аталған мәліметтермен қатар мемлекет және құқық теориясы саласындағы отандық және шетел ғалымдарының еңбектері, конституциялық құқық, философия, политология салаларынан құнды мәліметтер алынған.
Еңбектің ғылыми жаңалығы. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының жүйелі зеріттелуінен сондай-ақ оның конституциялық-құқықтық және халықаралық-құқықтық аспектілерін қарастырудан тұрады. Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Тұлғаның құқықтық мәртебесі өз бойына Конституция арқылы бекітілетін құқықтар мен бостандықтарды қамтиды. Осы қамтылған бөлігі барлық құқықтар мен бостандықтардың шағын бір бөлігін өз бойына жинақтайды. Негізгі құқықтар мен бостандықтарға тән заңдық ерекшеліктер мыналар:
1. Конституциялық құқықпен бостандық, тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізін қалайды және басқа құқық салаларында бекітілген құқықтардың барлығына негіз әрі бастау болады.
2. Негізгі құқықтар мен бостандықтар әрбір азамат пен адамға беріледі.
3. Негізгі құқықтар мен бостандықтардың өзіне тән бір сипаты - бұл олардың ортақтығымен бейнеленеді. Олар барлық адамдар үшін бірдей әрі тең деп есептеледі.
4. Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары өзінің пайда болуы және қалыптасуымен ерекшеленеді. Оған жалғыз ғана негіз ретінде оның ҚР-ның азаматтығына қатыстылығы бола алады.
5. ҚР-ның азаматының негізгі құқықтары мен бостандықтары азаматтың еркі бойынша алынбайды немесе кері қайтарылмайды. Бұл құқықтар оған азаматтығына байланысты беріледі, бұл құқықтар азаматтығы жоғалтылған жағдайда бірге өз күшін жояды.
6. Негізгі құқұқтар мен бостандықтар оларды іске асыру механизміне байланысты ерекшеленеді. Барлық өзге құқықтары мен міндеттері нақты бір құқықтың қатынас барысында, құқықтық қабілеті арқылы өзінің жетістігі болып қалады.
7. Негізгі құқық, бостандық және міндеттерге тән тағы бір ерекшелік, мұнда олардың заңды түрде бекітілуіне де байланысты. Олар мемлекеттің құқықтық актілерінде тіркеледі, бұл құжат әрине жоғарғы заңды күші бар ел Конституциясы болып көрініс табады. Жоғарыда айтылған белгілер, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтары ұғымының ерекшеліктерін сипаттайды. Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы жеке тұлғаның табиғи шығу төркінін бекітті, сөйтіп 12-баптың 2-тармағында «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды» деп жариялады.
Жеке тұлға мен мемлекеттің, сондай-ақ адамдардың өздерінің арасында пайда болатын қарым-қатынастардың сипатына орай конституциялық құқықтар мен бостандықтар түрлі салаларға бөлінеді. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар үш топқа бөліп қарастырылады: жеке; әлеуметтік-экономикалық; саяси. Жеке бас құқығы мен бостандықтары іс-жүзінде әрбір адамның жеке құқығы болып есептеледі, оның тұлғаның мемлекетке қаншалықты байланысы барына ешқандай қатысы жоқ. Бұл құқықтар әрбір адамның бөлінбес құқығы, ол құқық оған туылған кезінен бастап тиісті болады. Адамның жеке құқығы болып есептелетін құқықтарға адамның табиғи құқығы жатады. Бұл құқық адамның жеке басы өмірімен байланысты көрінеді. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес әркімнің өмір сүру құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Адамның жеке басытың бостандығы және еркін жүріп тұру құқықтары конституциялық түрде бекітілген. Кез келген конституциялық мемлекеттердегі сияқты Қазақстан Республикасында заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
Конституциялық құқықтарда бекітілгентағы бір жаңалыққа Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы барлығын жатқызуға болады. Әрбір адамның Республикадан тыс жерлерге кетуіне және Республика азаматтарының Республикаға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық құқығы конституциялық құқық болып табылады. Адамдық қадір-қасиеттерге құрметпен қарау азаматтық қоғамның басты белгілерінің бірі. Жеке құқықтар мен бостандықтар саласына адамның жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына конституциялық құқығы барлығын жатқызуға болады. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды конституциялық принциптерінің бірі заң мен сот алдында жұрттың бәрі бірдейлігі танылады. Ол тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтындығы жайындағы конституциялық құқықтан анық көрінеді. Сондай-ақ жеке құқықтар мен бостандықтарға әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылылығы да жатады. Адам мен азаматтың негізгі құқығы мен бостандығының ерекше тобын әлеуметтік-экономикалық құқықтар құрайды. Конституциялық құқықтардың бұл тобы жеке тұлғаның азаматтық қоғамның мүшесі ретіндегі құқықтық жағдайын анықтайды. Әлеуметтік-экономикалық құқықтардың маңыздылығы оның жеке меншікті иемдену және ұстау құқығы болып табылады. Конституцияна сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Бірінші рет 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы жерге жеке меншік құқығын бекітті. Конституцияда меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқыққа заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
Еңбек ету бостандығы - азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Бұл құқық еңбекке қабілетті адамның өз еңбегімен өз өмірін асырауға заңды мүмкіндігі бар екендігін білдіреді. Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Азаматтардың тынығуға құқықтары бар. Тынығу уақыты - қызметкердің өзінің еңбек ету міндеттемесін орындаудан босаған кездегі уақыттарын оны өзінің қалауы бойынша пайдаланатын уақыты. Қазақстан Республикасы азаматтарына әлеуметтік қамсыздандырылуға конституциялық құқық беріледі. Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтауға құқығы бар. Республика заматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы. Сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдарда ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі. Денсаулықты сақтау құқығы, сондай-ақ азаматтардың әр түрлі жолдарды (бұқаралық ақпарат құралдары, өтініш, хат және т. б. ) пайдаланып, халықтың қамтылуын жақсарту мәселесін көтере алатындығын білдіреді. Халықтың денсаулығының негізі - қоршаған табиғи орта. Оның жағдайы қандай болса, адамдардың денсалығы да сондай. Сондықтан Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.
Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарға азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуларына кепілдік берілу құқығы жатады. Бұл ретте орта білім алу міндетті. Ата-аналар орта білім алуды қамтамасыз етуге міндетті. Саяси құқықтар мен бостандықтар - бұл тек мемлекеттің азаматтарына берілетін және оларға елдің қоғамдық және саяси өміріне қатысуға мүмкіндік беретін конституциялық құқықтар мен бостандықтардың бір тобы. Саяси құқықтардың ең маңыздысы азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқығынан тұратын сайлаушылық құқық субъектісі болып табылады. Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Сайлау құқығына тек сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың сайлауға және сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқықтары жоқ.
Саяси құқықтар мен бостандықтар қатарына Республика азаматтарының мемлекеттік істі басқаруға қатысу құқығы жатады. Азаматтар бұл құқықты әр түрлі жүзеге асырады. Азаматтардың белсенділігін танытудың, қоғам мүдделеріне ынтасын арттырудың бір құралы олардың мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы барлығы болып таыбалды.
Мемлекеттік қызметке кіруге тең құқық Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік қызмет туралы бірқатар негіз боларлық идеялар беріледі. Онда мемлекеттік қызмет лауазымына кандидатқа қойылатын талап тек лауазымдық міндеттер сипатымен ерекшеленіп, заңмен белгіленетіні көрсетілген. Саяси құқықтар мен бостандықтар қатарына жатқызылатын Қазақстан Республикасы азаматтарының маңызды құқықтарының бірі бірлесі бостандығы құқығы болып табылады. Республика Конституциясы азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығын таниды. Дегенмен бұл құқықты пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мүдделері үшін заңмен шектелуі мүмкін екендігі ескертіледі. Адам мен азаматтарға көптеген құқықтық міндеттер жүктеледі. Адамдардың конституциялық міндеттері мыналар болып табылады:
-Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау;
-Басқа тұлғалардың құқықтары, бостандықтары, ар-қжданы мен қадір қасиетін құрметтеу;
-Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу;
-Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу.
Ал азаматтрадың конституциялық міндеттеріне мыналар жатады:
-Қазақстан Республикасын қорғау және әскери қызмет атқару;
-Тариха және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау;
-Табиғатты сақтау және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау.
Бір қарағанда конституциялық міндеттер соншалықты көп емес сияқты көрінуі мүмкін, дегенмен олар қоғам мен мемлекеттің қалыпты дамуы үшін қажетті негізгі, маңызды салаларды қамтиды. Қазақстан Республикасының Конституциясы Республика аумағына келген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін белгілейтін негізгі принциптерді бекітті. Сондай-ақ шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының 1995 жылы 19 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы шетелдік азаматтардың құқықтық жағдайы туралы» Заңымен реттеледі. Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республика азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады.
I-тарау. Қазақстанда адамзаттың қоғам институттарын қалыптастырудың негіздері
1. 1 Қазақстан республикасы конституциясы бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарына сипаттама
Қазіргі кезде адамның ең жоғарғы құндылық екені, оның құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығы туралы идеяның озіне лайықты баламасы жоқ. Адамзат тарихы қоғамдық басқа басымдылықтарын шектеуге, тоталитарлық режимдердің орнауына алып кететінін дәлелдеді. Адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары доктринасының адамның ең жоғарғы құндылық екендігі туралы идеяны бекітуде оң роль атқарғаны даусыз. Бұл тұрғыдан алғанда адамның табиғи ажырамас абсолюттік құқықтары мен бостандықтары идеяларының ҚР Конституциясында бекітіліп, онда адамның мемлекеттік саясаты салыстыру үшін бағдар қызметін атқаратынына ерекше назар аударылуы өте орынды. Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясымен басқаға жалпы мойындалған халықаралық актілерінің қағидаларын кеңінен қабылдап, қайталаған Қазақстан Республикасының 1993 жылғы тұңғыш Конституциясын қысқаша қарастырып көрейік. Ал 1995 жылғы қабылданған қолданыстағы Конституциясының адам құқықтарын қорғау аясында алдыңғы Конституциясымен сабақтастығын сақтап, оның негізгі қағидаларын, яғни адам құқықтары мен табиғи сипатын, халықаралық құқықтың жалпы жұрт мойындаған нормалары мен қағидаларының ішкі заңнамадан басымдылығын, мемлекеттің азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға міндеттілігін және басқа да көптеген мәселелерді бекітіп, дамытты. Қазақстандағы әлеуметтік заңнаманың жүйесі мен мазмұнының дамуына қайта құру және одан кейінгі кезеңдерде бірсыпыра факторлар әсер етті. ҚР Конституциясында тек әлеуметтік мемлекеттің ғана емес, сонымен бірге құқықтық мемлекеттің де қағидалары дамытылады. Тұңғыш рет мемлекет пен тұлғаның қарым-қатынасы сот негізінде қойылды, барлық құқықтар мен бостандықтарды сотта қорғау құқығы бекітілді, заңға мемлекеттік органдар, азаматтар мен олардың бірлестіктері араларында туындайтын барлық дауларды сот жолымен шешу қағидасы енгізілді. 1997 жылы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының қабылдануына орай 1995 жылғы Конституцияның талаптарына сай адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарына берілетін кепілдік кеңейтілді. Адамнаң құқықтары мен бостандық тары мен мүдделерін басымдылықпен қорғау қағидасын бекітудегі келесі маңызды қадам-ҚР Конституциясының қабылдануы болды. Конституцияда адамның құқықтары мен бостандықтарының үлкен тізімі бекітілген. Бұл арада ҚР Конституциясында адам құқықтары мен бостандықтарының адам құқықтарының халықаралық стандарттарынан бастау алып, бекітілуінің аса маңызды факт екенін талап еткен жөн. ҚР Конституциясында бекітілген адамның құқықтары мен бостандықтары заңдардың, мемлекетті билік органдары мен олардың лауазымды тұлғаларының қызметтерінің мәнән, мазмұны мен қолданылуын белгілейді. Конституция құрамындағы бұл маңызды ережелер мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін бөлімдердің алдында келтірілген, бұл мемлекеттің адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын ең жоғарғы құндылық деп санап, қоғамның оның мүдделерін мемлекеттікінен жоғары қоятынын білдіреді.
ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымының ролін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғышарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасау егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы. Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуында көмектесетін адам құқықтыра мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандартқа сай келеді. Оның үстінде, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді. Қазіргі заманда адамның бостандығы басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез-келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі-жауапты шешімдерді қабылдау екендігі. Бұл адамның санасы мен мәдениеттің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді. Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекетте сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамнаң табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол ешуақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар дерді деп бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірлерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі. Егер кісі өзінің қандай да болмасын моральдық құқығының бұзылғаны туралы талап-арыз қоярда өзінің ондай құқықтарға иелік етуін дәлелдеуге тиіс болса, адам құқықтарына байланысты мұндай дәлелдеудің қажеттілігі жоқ, өйткені олар оған тумысынан тиесілі. Оның үстіне адам құқықтарының өзі оларға негізделетін талаптар қою үшін жеткілікті негіз болып табылады. Талап ету қабілеті-адам құқықтарының маңызды тұстарының бірі. Құқықсыз адам өзінің өмірі, бостандығы мен әл-ауқаты тәуелді адамдарға жалынып-жалбарына алады. Өтініш пен жалбарыну жағдайының тең еместігін білдіреді. Құл не қызметші өтінеді, ерікті адам талап етеді. Талап ету-адамның қадір-қасиетінің маңызды элементі. Қадір-қасиетін қорғау, өз кезегінде адам құқықтарын қорғаудың негізгі қызметінің бірі болып табылады. Адамның абсолюттік құқықтарының доктринасы батыстың табиғи-құқықтық теориясы шеңберінде қалыптасты. Табиғи-құқықтық көзқарастардың шеңберінде адам құқығының ажырамас, алып қоюға болмайтын абсолюттік сипаты сияқты сипаттамалары өзара тығыз байланысты және бір-бірін қажет етеді. Бірақ алған сипаттамалардың әрқайсысы адам құқықтарының түрліше тұстарына назар аудартады. Қазақстан жағдайында адамның ажырамас табиғи абсолюттік құқықтары мен бостандықтары доктринасының маңызы оның жеке адам мен биліктің арасындағы қарым-қатынастардың жаңа өлшемдерін белгілеуде: ол адамның басымдылығын бекітті.
II-тарау. Қазақстан Республикасының адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
2. 1. Қазақстан Республикасының азаматтарының Конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz