Қазақ ертегілерінің тұлғаның өмірлік сценариінде алатын орны


Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Этникалық және педагогикалық психология кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қазақ ертегілерінің тұлғаның өмірлік сценариінде алатын орны
Ғылыми жетекші: психол. ғ. д., проф.
Жақыпов С. М.
Орындаған: 1 курс магистранты
Мынкенова С. Д.
АЛМАТЫ - 2007 жыл
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1 Э. Берннің «сценарий» ұғымының отандық және
шетел психологиясында теориялық талдауы 4
1. 1 Өмірлік сценаридің анықталынуы және табиғаты 5
1. 2 Сценаридің қайнар көзі 6
2 Ертегілердің тұлғаның қалыптасуында алатын орны 12
2. 1 Ертегілердің функциялары 13
3 Ертегілердің психологиялық талдауы 17
3. 1 Ертегілердің теориялары 17
3. 2 Ертегінің классификациясы және қазақ ертегілерінің басқа
елдің ертегілерінен айырмашылығы 20
ҚОРТЫНДЫ 24
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
Кіріспе
Тұлғаның қалыптасуы - мазмұны және құрлымы бойынша күрделі процесс. Адамның рухани құндылығының қалыптасуында эффективті механизм ретінде баланы мәдениет әлеміне еңгіздіретін субмәдениетінде маңызды роль атқаратын ертек табылады. Өз кезегінде көп функционалды - ол баланы өзін түсінуге, серіктестіктен өзін құанышты сезінуге, өзінің уникалдылығын көрсетуге көмектеседі. Ол баланы индивидуалды және ұжымдық творчествосының субъектісіне қаратқызады: ертедегі бар адамзаттық бай әлеуметтік тәжірибесіне сіңіп өзінің творчестволық потенциалын байытады.
Ертегі ол мінез-құлықтын мотивін өзгертетін мықты детерминанта ғана емес, ол адамзат қоғамын біріктіретін әлеуметтік күші ретінде «келусішілік зонасы» болады [1] . Ертегінің әлеуметтік маңызды, алғашқы механизмі ретінде айтқанда көп деген авторлар балаларға білім беруші мүмкіншілік ретінде оның танымдық қабілеттеріне толық бағалай алмай, ертегінің мақсаты - ол сезімдерді көрсететін образын беру ғана емес.
Сиқырлы ертегілер ұжымдық бейсананың психологиялық процестердің тіклей бейнеленуі, сондықтан ғылыми зерттеу үшін өзінің құндылығы бойынша басқада материалдардан артық [2] .
Мың жылдай бері ертек әлемге деген баланың жолын ашады. Өзінің «Мен» «Мен-еместен» ажырытуы қоршаған дуниені ұғынуы, қарым - қатынас заңдылықтарын игеруі, «жақсы» және «жаманның» арсындағы айырмашылықты орнату ертегілер арқылы жүреді. Және ертегілер бойынша бала өзінің өмірін жоспарлайды.
Эрик Берн Адамның өмірі мифтерде, аңыздарда және сиқырлы ертегідегі бар үлгі бойынша жүреді және болашақ өмірін ойша кино көргендей сияқты болады деген. Кейін бала осының негізінде өмірлік сценариін құрады [3] .
Сценарий - ол ата-ананың әсері негізінде балалық шақта қалыптасатын, біртіндеп жүзеге асатын өмірлік жоспар. Бұл психологиялық импульс үлкен күшпен адамды өзінің қарсыласуына еркін таңдауына қарамай өз тағдырына итермелейді.
Берн бойынша әр адамның тағдыры қоршаған әлемге деген өзінің ақыл-ой қатынасымен ойлауымеy анықталады және өз өмірін өзі жоспарлайды. Берн барлық адамдардың мінез-құлықтарын белгілі формула бойынша жүрмейді, керісінше тұлға ретінде шынайы адам рационалды және алдын ала белгілі үлгі бойынша әрекеттесіп, назарына басқа адамның әрекеттерін пікірлерін тыңдайды. Ал формула бойынша жүретін адамдардың шынайы емес тұлға деп атап, адамзаттың көбісі солардан тұрады деген. Осы жұмысымызда ертегілердің тұлға қалыптасуына әсерін көрсетуге тырысамыз.
1 Э. Берннің «сценарий» ұғымының отандық және шетел психологиясында теориялық талдауы
Бұл бөлімде Э. Берннің транзактілі теориясының негізгі бір компоненті ретінде «сценарий» ұғымының анықтамасын, қайнар көзін және табиғатын ашамыз. Бұл ұғымның түп мәнін ашу үшін шетелдік және отандық психологияда ұқсас немесе жақын теорияларды қарастырамыз. Олар: А. Адлердің өмір стиль теориясы және К. А. Абульханова-Славскаяның өмірлік стратегиясы.
Эрик Берн (Эрик Леонард Бернштейн) 1910 жылы Монреаль қаласында дуниеге келген. Медициналық колледжге түсіп 1935 жылы дәрігер болып шықты. Кейін американдық азаматтықты қабылдап Берн фамилиясын алды.
Эрик Берн өзінің бір неше еңбектерімен танымал, әсіресе «Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры ». Бұл еңбектін екінші бөлігі басқаша «Адам тағдырының психологиясы» деп аталады және біздің жұмысымыздың негізгі еңбектердің бірі.
Берн бойынша әр адамның тағдыры қоршаған әлемге деген өзінің ақыл-ой қатынасымен ойлауымен анықталады және өз өмірін өзі жоспарлайды. Әр адам балалық шағында, жиірек бейсаналы тұрғыда болашақ өмірі туралы ойлайды, өмірлік сценариін кино көргендей ойша қарастырып шығады [3] .
Сценарий- ол ата-ананың әсері негізінде балалық шақта қалыптасатын, біртіндеп жүзеге асатын өмірлік жоспар. Бұл психологиялық импульс үлкен күшпен адамды өзінің қарсыласуына еркін таңдауына қарамай өз тағдырына итермелейді.
Берн барлық адамдардың мінез-құлықтарын белгілі формула бойынша жүрмейді, керісінше тұлға ретінде шынайы адам рационалды және алдын ала белгілі үлгі бойынша әрекеттесіп, назарына басқа адамның әрекеттерін пікірлерін тыңдайды. Ал формула бойынша жүретін адамдардың шынайы емес тұлға деп атап, адамзаттың көбісі солардан тұрады деген.
Сценаридің алғашқы және ең архаикалық түрі - ол қоршаған орта баланың санасында әлі толық қалыптаспаған кезіндегі алғашқы «протокол». Өсе келе бала сценариін қайта өңдейді. Оған қалыпты жағдайда жануарлар туралы аңыздар және сиқырлы ертегілер көмектеседі. Терапиялық жағдайда себепке жету үшін сиқырлы ертек сценаридің элементтерін ашуға көмектеседі [4] .
Адамның өмірі мифтерде, аңыздарда және сиқырлы ертегідегі бар үлгі бойынша жүреді деген Берннің ойы Юнг және Фрейдтің идеяларына негізделген. Фрейд көп деген өмір сүру аспектілерін Эдип мифтің драмасымен сәйкестендірген. Сценарлық талдауда Эдип - ол экспозициясы, кульминациясы және финалы бар, сценалармен актілерге шынайлықта жүзеге асып отырған драма.
Кейбір ғалымдар - Фрейдтің ізбасарлары «Эдипті» - реакциялардың талдауы ғана емес, ол драма деп есептесе, басқа психологтар ең маңызды мифтер және сиқырлы ертегілер бір фундаменталды сюжеттен шығып бүкіл әлемнің көп деген адамдардың фантазияларында немесе шынайы өмірлерінде іске асады деген пікірді ұстанады. Ең байырғы сценарлық психоаналитиктер Ежелгі Үндістанда болған. Олардың болжамдары, өмірді түсіндіруі астрологиялық идеяларға негізделген. Бұл жерде Берн (3-4 ғғ. шамасында) «панчатантраны » (үндістанның бес кітаптік санскрит әдебиеті) айтып кеткен еді [5] .
Ян Стюарт және Вэнн Джойнс Берннің айтылып кеткен өмірлік сценарий құрлымына келесіні қосады. Дүниеге келесалысымен адам өз өмірінің сценариін жаза бастайды, 4 жасқа таман мазмұнның негізгі моменттері анықталады, 7 жасқа дейін маңызды бөлшектерін еңгізіп, 7-12 жас аралығында жетіледі. Өмірлік сценарий (Life script) жастық шақта қайта қарастырылынады, ал ересек жаста әдетте өмірлік сценариді ұғынбайды жәнеде өмірлік сценаримен мінез-құлық стратегия ұғымы синоним болып табылады.
Транзактілі талдаудың негізгі ұғымы бола отырып өмірлік сценарий психотерапиялық іс-әрекетте өте маңызды. Адамдар санадан тыс өз бастарына мәселені қайтып тауып алатындығын анықтау үшін сценариға талдау жасайды. Әр бір тарихи оқиға сияқты өмірлік сценарида басы, ортасы және соңы болады. Онда кейіпкер, жауыз және басқада персонаждар, негізгі тақырып және бөлек сюжеттер бар. Өмірлік сценарий комедиялық немесе трагедиялық; қызықты және қызықсыз; жанды тебірентетін немесе ұятқа ұшырайтын деп бөлінеді.
1. 1. Өмірлік сценаридің анықталуы және табиғаты
Алғаш рет сценарий теориясы жоғарда айтып кеткендей Эрик Бернмен және оның әріптестері әсіресе Клод Стайнермен 60-шы жылдардың ортасында жасалған. Содан бері көп деген авторлар оған өздерінің оригиналды ойларын еңгізген [6] .
«Принципы группового лечения» атты еңбегінде Берн сценариді «бейсаналы өмірлік жоспар» деп анықтаған [7] . Кейін «Что вы говорите после того как сказали «здраствуйте» деген кітабінда толық анықтама беріп кеткен: «Өмірлік жоспар балалық шақта құрылып, ата-аналармен мақұлданады, оқиғалармен ақталынып және жол таңдауда шыңына жетеді». Сценариді түсіну үшін жоғарғы анықтамалардың бөлшектерін талдау қажет.
Сценарий - бұл өмір жоспары. Балалық әсерлер ересек адамның мінез-құлық паттерндарына үлкен әсер тигізеді деген ой транзкатілі талдауда ғана емес басқада психологияның бағыттарында орталық идея болып табылады. Транзактілі талдауда сценарий теориясының негізгі ерекшелігі - ол өмірге деген негізгі көз қарастарды қалыптастыру емес, ол өз өмірінің негізгі жоспарын құру. Теорияға сәйкес бұл жоспар нақты белгіленген басы, ортасы және соңы бар драма формасы ретінде құрастырылады.
Сценаридің финалы болады. Сценарий теориясының басқа басты ерекшелігі ол - өмірлік жоспар «таңдалынған альтернативада кульминацияға жетеді». Сценаридің бастапқы сценадан бастап соңғы сценаға алып келуге жасалынған.
Адам сценарий туралы өзі шешім қабылдайды. Берн сценариді «балалық шақта құрылған өмірлік жоспары» деп анықтаған еді. Демек, бұл баланың өзі қабылдаған шешімі. Әрине сценариді таңдау шешімге ересек адамдар немесе қоршаған орта әсер еткені мен бала оны өзі қабылдайды. Оның дәлелі - ол әр түрлі балалар бірдей ортада тәрбиеленгені мен жоспарлары әр түрлі. Бұл жерде Берн екі ағайынды туралы мысал келтіреді: екі ағайынды балаларға анасы «екеүінде «жындыханаға» түсесіндер» деген. Соңында біреуі психиатриялық емханада созылмалы ауруға шалдықса, екіншісі психиатр болады.
Шешім қабылдау сөздіктегі түсініктен қарағанда шамасымен басқа. Өз сценариі туралы шешімді бала ойламай қабылдайды. Ең алғашқы шешімдер сезімдер нәтижесінде және әлі сөйлей алмайтын деңгейде қабылданады.
Сценарий ата-аналармен нығайтылынады. Ата-аналар баланы белгілі шешім қабылдауға мәжбүр ете алмасада, дегенімен олар оған үлкен әсер етеді. Өмірінің алғашқы күндерінен бастап ата-ана белгі жібереді соның негізінде бала өзі, басқа адамдар және өмір туралы түсініктері қалыптаса бастайды.
Сценарий санадан тыс. Ересек жаста түс және фантазиялар арқылы балалық шақты еске түсіре аламыз. Сол арқылы сценариді біле отыра адам өз әрекеттерінің мағынасын түсінеді.
Сценариді «ақтау» мақсатында шынайлықты өзгерту. Өз қажеттілігін жүзеге асыруда, болмысқа кедергі ретінде әр қауіпті мұқият қарастыруда шынайлық өзгереді.
1. 2. Сценаридің қайнар көзі
Сценарий келесі екі негіздерден қалыптасады:
- Баланың өміріне қауіпті әлемде аман қалу үшін сценарлық шешімдер ең жақсы стратегия болып табылады.
- Сценарлық шешімдер баланың эмоциясына сәйкес және оны шынайлықты тексеру амалы ретінде қабылданады.
Дұшпандық әлемді сезіну. Нәресте үшін әлемді дәу адамдар ғана мекендейді. Күтпеген кезде қатты дауыстын шығуы бала үшін оның өміріне қауып ретінде сигнал болу мүмін. Еш бір сөз немесе ойланбай-ақ баланың анасы немесе әкесі кетіп қалса, ол өзінің өліп қалатындығын біледі. Егерде ол аш немесе тоңса, ал анасы қасына келмесе, онда да мүмкін бала ол өлімге апаратын жол деп түсінеді немесе өлімнен басқада қорқыныш сезімдерін білдіртеді.
Мүмкін бала екі немесе үш жасында інісі не қарындасы туылса, ол одан өліп қалмайтынын түсінгенімен, жаңа туылған нәресте ана махаббатын алып алама деген қорқыныш болады.
Сценаридің қалыптасу кезіндегі уақытта бала үнемі басыңқы жағдайда болады. Бала үшін бұл күш өмір немесе өліммен, кейін өз қажетіліктерін қанағаттандыру немесе қанағаттандырылмау мүмкіншілігімен байланысты болады. Осындай жағдайларға орай бала тірі қалу мақсатымен және өз қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін стратегияны таңдайды. Бұл жерде өзіміз көріп тұрғандай Берн стратегия ұғымын анықтамайды, бірақ сценарий ұғыммен синоним ретінде айтып кетеді жәнеде сценарий ұғыммен өмірлік курс (course) немесе бағыт ұғымдардың арасынан айырмашылықты жүргізген. Сценарий жоғарыда айтылып кеткендей ол адамның болашаққа деген құрылға жоспары, ал өмірлік бағыт - шынайы болып жатқан дәл осы кездегі жағдай. Өмірлік бағыт өз ара байланысты 4 фактордың негізінде құрылады - ол тұқым құалаушылық, сыртқы жағдайлар, сценарий, автономдық шешімдер.
Сценарий қалыптасуындағы екінші маңызды негізді Стэн Вуллэмс шынайлықты және эмоцияларды алғашқы тексеруі деп бөледі. Баланың ойлауы және эмоцияларыда ересек адамда сияқты бомайды жәнеде сценарлық шешімдер баланың ойлауымен сезімдер ерекшелеріне сәйкес қабылданады.
Сценаридің мағынасын ашу үшін Ян Стюарт және Вэнн Джойнс бірнеше жаттығу тізімін ұсынған. Олар - кейіпкер, ертек немесе басня, түс, бөлмедегі зат, өмірге ойын немесе сахнадағы пьеса ретінде қарау [8] .
Сценаридің мазмұны «не» және процессі «қалай» жүреді. Бір адамның сценарий мазмұны екінші адамның сценариіна ұқсамайды. Мазмұны бойынша сценарий үш топқа бөлінеді: жеңімпаз, жеңілген және жеңімпаз емес.
Жеңімпаздың сценариі. Берн жеңімпазды «алдына қойған мақсатқа жеткен» деп анықтады «және оның нәтижесінде өмірін өзгертеді» деп Роберт Гулдинг қосқан еді. Жеңіс ретінде алдына қойылған мақсат оңай және еркін түрде жету деп түсініледі
Жеңілгеннің сценариі . Жеңілген адам ол «қойылған мақсатқа жетпеген адам». Сценаридің трагедиялық финалына байланысты жеңілгендерді үш дәрежеге жіктеуге болады. Бірнеше дәрежедегі жеңілген адамның сценариі ол аса маңызды емес сәтсіздіктер. Мысалы жұмыста қайталанатын ұрыстар ұзақ емес депрессия немесе институтқа түсер кездегі сәтсіздік. Екінші дәрежедегі жеңілген адам жағымсыз сезімдерді бастан кешеді. Ол жұмыстан шығарып тастауы, қатты ауырып емханаға жату немесе үлгере алмау үшін универитеттен шығарып тастау. Сценаридің үшінші дәрежесі өлімге, күрделі ауруға немесе сотталынып кетуге алып келеді.
Жеңімпаз еместің сценариі. Жеңімпаз емес сценариі бар адам «алтын ортада» болады. Күннен күнге өз жүгін арқалап кішкене жеңіліп және кішкене ұтылып жүреді. Ондай адам ешқашан тәуекелге бармайды. Сондықтан бұл сценариді қарапайым деп атайды. Жұмыста жеңімпаз еместер бастықта болмайды, жұмыстанда оны шығарып тастамайды да. «Ол соңына дейін жұмыс істеп, сыйлықа сағатын алып, тыныш қана зейнетке шығады».
Дегенімен бұл жіктеудің шегіде бар, мүмкін сәтті бір финал бір адам үшін ұтысты болса, екінші адамға дәл сол финал керісінше болу мүмкін.
Сценарий балалық шақтағы шешілмеген негізгі сұрақтын сиқырлы шешімі болып табылады: махаббатпен ардақтауға қалай жетуге болады ?
Өмірлік сценаридің талдау барысында Я. Стюарт және В. Джойнс сценарлық процесстің 6 негізгі паттерндарын бөліп шығарды: «әлі жоқ» (пока не), «кейін» (после), «ешқашан» (никогда), «әр дайым» (всегда), «дерлік» (почти) және ашық соңы.
Берн өмірлік позиция ұғымын ұсынған еді (life position) . Олар: Мен ОК - Сен ОК, Мен ОК емес - Сен ОК, Мен ОК - Сен ОК емес, Мен ОК емес - Сен ОК емес. Кейін бұл идеяны Харрис Т. Я. дамытты [9] . Бұл позицияның біреуісін таңдай отырып, бала бүкіл сценариді соған ынғайластырады
Осылайша Эрик Берннің өмірлік сценарий ұғымын және оның із басарларының қосқан үлестерін толықтай қарастырып шықтық. Әрине Бернің психологиялық практикаға қосқан үлесі зор - едәүір транзактілі талдау бағытын қалыптастырған. Ары қарай бұл бағыттын негізгі бір ұғымдарының бірі өмірлік сценариді шетел психологияда (А. Адлер) және отандық психологияда (К. А. Абульханова - Славская) ұқсас немесе жақын теорияларды қарастырайық.
Альфред Адлер Берн сияқты З. Фрейдтің шәкірті болған, кейін әр қайсысы Фрейдтің психоанализінан бас тартып жеке бағыттарын қалыптастырғандарын білеміз. Дегенімен олардың еңбектерінде психоанализ идеялары байқалады.
А. Адлер толық емес комплексі, компенсация идеяларымен танымал. Сонымен қатар индивидуалды стиль ұғымын еңгізген еді, сондықтан оның териясы индивидуалды теория деп аталынады.
Алғашқы вариантта өмірдің стилі ол «өмірлік жоспар» немесе «жетекші бейне» деп түсіндірген [10] . Кейін Адлердің динамикалық теорияның ерекше компоненті болды. Адлер бойынша өмірдің стилі өзіне қырлардың уникалды бірігуі, мінез-құлық және әдеттер тәсілін еңгізе отырып индивидууымның қайталанбас бейнесін анықтайды. Өмірдің стилін дұрыс түсіну үшін толық емес комплексі және компенсация ұғымын қарастыруымыз қажет.
Балалық шақта әр адам өзін толық дамыған деп санамайды, сондықтан өзінің кемшіліктерін компенсациялауға тырысады. Мысалы: нашар координациясы бар бала өзінің компенсаторлық күшін керемет атлетикалық қасиетін жасауға жұмсайды. Оның мінез-құлығы, өзінің физикалық кемшіліктерін ұғынуға бағытталып оның өмірінің стиліне айналады. Немесе керемет спортшы бола алмайтынын түсінген бойжеткен ғылымның кандидаты болуды армандайды. Бүкіл уақытын кітапханада өткізуге тырысады жәнеде көп деген әрекеттері отырылынып жасалынады, көп ойлануға, талдауға қортындылауға тура келеді. Сонымен, өмірдің стилі толық емес сезімін жеңуге бағытталуына, тырысуға негізделеді.
Адлер бойынша өмірдің стилі 4, 5 жаста нығайып, тұтастай өзгермеуге дерлік. Әрине адамдар өзінің индивидуалды өмір стилінің көрсетуге жаңа тәсілдерін іздейді, бірақ ол ерте балалық шақта салынып қойған құрлымды дамыту. Өмір стилін қалыптасуға болашақта мінез-құлықтын басты желісі балып қала береді.
Адлер әр түрлі «өмірлік стильдерін» қалыптастыратын компенсация түрлерін бөліп шығарған:
1. Толық емес сезімін сәтті компесациясы нәтижесінде, басым болу ұмтылысы әлеуметтік қызығұшылықпен сәйкес келеді.
2. Компенсациядан үстем ол бір қырды немесе қабілетті даму нәтижесінде өмірге бір жақты бейімделу болып табылады.
3. Ауруға шалдығу. Адам ауру симптомдардың арқасында өзінің сәтсіздігін ақтайды [11] .
Демек Адлер мен Берннің теориялары биологиялық детерминизмге ие екендігін көріп тұрмыз. Өмірлік стиль сценарий сияқты - ол жоспар. Сол жоспар адамның «идеяларын» болашақта жүзеге асуына итермелейді. Енді бұл мәселе отандық психологияда қалайша дамығанын қарастырайық
С. Л. Рубиштейн үшін өмірлік жол - ол тек қана алға емес, адам болмысының мінсіз жоғарғы формаларға талпыну және әрекетін бағыттау. Рубинштейн бойынша өмір сүрудің 2 негізгі тәсілі бар [12] . Біріншісі отбасылық, өндірістік, достық, серіктестік, бәсекелестік және т. б. қатынастардың жүзеге асыруымен байланысты. Екінші өмір сүру амалы тек тұлғаның өзіндік жетілу ғана емес, өмірге тұтас өзінің қатынасын философиялық тұрғыда ұғыну. Бұл жерде адам күнделікті өмірден абстрактілікке икемі бола отырып тұлға дамуға, тврчествоға, рефлексияға, пайымдауға қабілетті. Кейін Ксения Александровна Абульханова-Славская осы амалдардың негізгі сипаттамаларын бір уақытта кеңейтіп және «өмірлік стратегия» ұғымы деп нақтылады [13] .
Адам өмірінің стратегиясы үш негізгі белгіден турады. Біріншісі - адам үшін негізгі бағыт ол өмір сүру тәсілін тандау, оның басты мақсаттарын анықтау және мақсаттың кезеңдерін бөлу. Бастапқы кезде стратегия ол өмірдің мағынасы, идеалды жоспар ретінде құрылып практикада жүзеге асуын талап етеді. Өмір стратегияның екінші белгісі - ол өмірдің қарама қайшылықтарын шешу мақсатымен жоспарларды жүзеге асыру. Үшінші белгі - ол творчество, өз өмірінің құндылықтарын жасап шығару, өз қажеттіліктерін өмірімен ерекше құндылық ретінде біріктіру. Қызығұшылықтардан, қанағаттанудан және жаңа іздеуден туратын өмірдің құндылықтары Абульханова бойынша өмірдің өнімі, индивидуалды өмір стратегиясы б. т.
Стратегия өз бетінше универсалды заң, өмірдің әр түрлі аяларында адамның өзін жетілу амалы. Әр адам өз өмірін өзі жасағандықтан индивидуалды жетістік - индивидуалды жаңа ашылу болып табылады. Нәтижесінде әр адам өзі жасаған өмірінде өмір сүреді. Тек бір принципиалды айырмашылық бар, біреуі шын мәнінде саналы түрде өмірін құруға тырысса, екіншісі қолдағы барына қанағаттанады. Тұлға өз өмірін ұйымдастырады, өмір барысын реттейді, бағытты таңдап іске асырады.
70-ші жылдары қоғамдық - саяси әдебиетте белсенді өмірлік позиция ұғымы п. б. Әлеуметтанушылар бұл ұғымды өмірде қолданылатын рольдердің жиынтығы ретінде түсіндіруге тырысты, бірақ мұндай анықтаулар тұлға өзінің өмірлік ролдерін қалайша жүзеге асатынын таппады. Абульханова-Славская бойынша тұлғаның өмірлік позициясы - өмірге деген қатынастардың жиынтығы деген. В. Н. Мясищев қатынас ретінде тұлға үшін субъективті мәні бар жиынтық деп түсінген, ал өмірлік жоспар субъективті қатынастарды ғана емес, ол өмірде тұлғаның әрекеттік, практикалық іске асуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz