Қаржыны жоспарлау мен болжау әдістері


Кіріспе.
I . Қаржы түсінігі және теориялық негіздері.
1.1.Қаржы қажеттілігінің экономикалық рөлі.
1.2. Қаржылық атқаратын функциялары.
II. Қаржыны жоспарлау мен болжау әдістері.
2.1.Қаржыны жоспарлаудың міндеттері.
2.2 Қаржыны жоспарлаудың маңыздылығы.
2.3. Қаржыны жоспарлаудың принциптері мен әдістері.
III. Қазіргі кездегі қаржыны жоспарлау.
3.1 Қазіргі кездегі қаржыны жоспарлауды жетілдірудің
негізгі бағыттары.
3.3 Қазіргі кездегі қаржыны жоспарлаудың жүйесі.
3.4 Қаржы көрсеткіштері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да , мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рол атқарады . Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы . Бұл орайда әлеуметтік экономикалық мәнін түсіне білудің , оның іс әрекет ету ерекшеліктерін терең ұғынудың , Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғырлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амлдарының көрсете білудің маңызы зор .
Қоғамдық өнімді бөлу мен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды , табыстарды және қорларды жасаумен , оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсатына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымы мән мағынасы болып табылады . Қаржы ресуртары мен мақсаттары ақша қорлары , олардың қалыптасуы , қозғалысы және пайдалануы , қаржының объектісінің , ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретінде мемлекетті қоса алғанда қызметтің өндірісті және өндірісті емес сфераларының сан алуан шаруашылық , қоғамдық және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымды және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі –матералистік диалектикалық- тарихи әдіс қолданылады , ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып , қаржы қатынастарымен құбылыстарын олоардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеулң болжайды .
1. Қ .Қ. Илиясов , С. Құлпыбаев Алматы 2005 . Қаржы. 6-20бет.
2. А.С.Немитов, Финансы , Москва 2001. 425бет.
3. В.Д. Мельников , К.К. Илиясов Алматы 1994 .Қаржы. 60-61 бет.
4. С.Қ. ҚҰлпыбаев Ш. Баязитова , А. Баязитова Алматы 2001. Қаржы.15бет.
5. Л. А Дробозиной. Москва 2001. Финансы. 24-25 бет.
6. П.И Вахрин, Москва 2000 Финансы. 39 бет.
7. В.М. Родиновой. Москва 1993.Финансы. 213 бет.
8. Елена Качович Москва 1996. Финансовая математика.139-140 бет.
9. Нұрсейтова Р.Перспективы развития страхования экспортных кредитов и инвеститций в Казактане. Қаржы қаражат.- 2003.35-40бет
10. Мамыров Н:қ. Тілеужанов М.Ә. Макроэкономика.-Алматы Экономика 2000
11. Санкт- Петербургский гос. университет .Экономика ифинансов .54-56 бет.
12. Әубәкіров Я., Нәрібаев К,Есқалиев М.Экономикалық теория негіздері. Алматы Санат ,1998-448 бет.
13. Мақыш С,Б. Қаржы .Весник КазНу -2004 .33-34 бет.
14. Мамыров Н.Қ. Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика.-Алматы 2003 .328-бет.
15. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие .Алматы 2000 .248 бет.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 34 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге




Жоспар

Кіріспе.
I . Қаржы түсінігі және теориялық негіздері.
1.1.Қаржы қажеттілігінің экономикалық рөлі.
1.2. Қаржылық атқаратын функциялары.
II. Қаржыны жоспарлау мен болжау әдістері.
2.1.Қаржыны жоспарлаудың міндеттері.
2.2 Қаржыны жоспарлаудың маңыздылығы.
2.3. Қаржыны жоспарлаудың принциптері мен әдістері.
III. Қазіргі кездегі қаржыны жоспарлау.
1. Қазіргі кездегі қаржыны жоспарлауды жетілдірудің
негізгі бағыттары.

3. Қазіргі кездегі қаржыны жоспарлаудың жүйесі.
4. Қаржы көрсеткіштері.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Кіріспе
Нарықтық қатынастардың құрылымында да , мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмінде де қаржы зор рол атқарады . Қаржы – нарықтық
қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың
құралы . Бұл орайда әлеуметтік экономикалық мәнін түсіне білудің , оның іс
әрекет ету ерекшеліктерін терең ұғынудың , Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғырлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амлдарының көрсете білудің маңызы зор .
Қоғамдық өнімді бөлу мен және осының негізінде ақшалай
қорланымдарды , табыстарды және қорларды жасаумен , оларды ұлғаймалы ұдайы
өндірістің мақсатына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымы
мән мағынасы болып табылады . Қаржы ресуртары мен мақсаттары ақша қорлары ,
олардың қалыптасуы , қозғалысы және пайдалануы , қаржының объектісінің , ал
қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретінде мемлекетті қоса алғанда қызметтің
өндірісті және өндірісті емес сфераларының сан алуан шаруашылық , қоғамдық
және басқа ұйымдары оның субъектілері болып табылады.
Қаржы туралы ғылымды және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі –матералистік диалектикалық- тарихи әдіс қолданылады , ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып , қаржы қатынастарымен құбылыстарын
олоардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеулң болжайды .

I. Қаржы түсінігі және теориялық негіздері.
1. Қаржы қажеттілігің экономикалық рөлі.

Қаржы ( қолма- қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдағы
латын тілінің finansia сөзінен пайда болған француздың finansia сөзінен
шыққан ) қоғамда нақты өмір сүретін , объективті сипатымен айрықша қоғамдық
арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресуртары мен
қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып
көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі
болып табылады . Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар ақша айырбасына
көшу жағдайында пайда болып , дамыды және мемлекеттің және оның ресуртарға
қажеттіліктерінің дамуы мен тығыз байланыста болды .
Қаржының мәні , оның даму заңдылықтары , тауар ақша
қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі
қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және
функциялары мен айқындалады .
Түрлі қоғамдық экономикалық формациялар қаржысының
айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты :
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді . Сонымен бірге қаржы қлттық табысты мемлекеттің
пайызына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып , оны бөлудің қатынастарын есепке
алады ;
кез келген қоғамдық экономикалық формациялардан қаржы билеуші
таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне
бағынады ;
өндістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады . Мәселен , құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық
сәйкестер келсе , мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық
сипатта болады . Каприталистік шаруашылық тауар ақша шаруашылығы болып
табылады . Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады ;
егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет
ететін болса , онда бұл міндеттерге қаржыда қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және
өзінің ішкі ерекшеліктерімен , сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік
рөлі мен айшықталады . Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін
басқа экономикалық категориялардан кредиттен , жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар .

1.2. Қаржылық атқаратын фукциялар.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да , функциялары жағынанда
айырмашылығы бар . Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары жалпыға ортақ болама , ол қаржы жалпы ішкі
өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі ,
ақща қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы . Ол өндіруге ,
бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады .
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі де бірдей емес .
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және
үшінші стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады .
Екінші стадия ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шектелуімен немесе құнның әр бөлігініің
мақсаты оқшаулануы мен сипатталады.
Үшінші стадияда бөлінген құн тауар нысанына айыр басталады . Бұл
жерде құнның өзінің шектелуі болмайды . Сөйтіп , ұдайы өндістің екінші
стадиясында құнның ақша нысанының біржақты қозғалысының орны болады , ал
үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады , оны ң бірі ақша
нысанында , ал басқасы тауар нысанында болады .
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай
қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болоуының орны еместігін
дәлелдейді . Бөлінген құн тауар нысанымен айырбасталатын , яғни сатып алу
сату актілері жасайтын айырбастауда да қаржыға орын жоқ .Ұдайы өндіріс
процесінің құн сратегиясында тек баға құралын қажет ететін өн бойы
жасалатын айырбас операцмялары болып жатқандықтан , мұнда басқа
экономикалық категорияның механизімі – баға жұмыс істейді.
Қаржының іс әрекет етуіне жиынтық қоғамдық өнімді бөлу
стадиясында асқан дәрежеден көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған
болып саналады . Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып , іс
әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс
процесінің бөлу стадиясы болып табылады.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі , ал
бір бөлігі тұтынылады . Сөйтіп , жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты
арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп , олардың әр қайсысы өндірілген
өнімдегі өз үлесін алуы тиіс . Қаржының қамсыздануынсыз қоғамдық өнімнің
жеке бөліктерге бөлінуі тиіс . Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады .

II.Қаржыны жоспарлаумен болжау әдістері.
2.1. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері.
Қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға
қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің,
шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы
үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажетілігін білдіреді) сипаталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелермен пайдаланылады:
а) автоматтық өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі.инфляция
кезінде деректер инфляцияның коеффиценттеріне көбейтіледі.бұл әдіс ең
қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей,уақыт жетіспеушілігі
кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып,өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс
бұл әдіс нақтылы қажетіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен
үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде
экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту
нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш
бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айрбас сферасына
сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды
өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану (мойындау)
жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу
процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн
заңын, сүраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизімі бар рынок
болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас
нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері
болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.

2.2. Қаржыны жоспарлаудың маңыздылығы.
Ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді
экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік
ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелер және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырылады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдйында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.
Қаржылық болжау – мемлекеттік мүмкіндік болатын қаржы жағдайын алдын
ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу).
Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл ) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам )
болуы мүмкін. Қаржалақ болжау қаржы жоспарларыни жасау стадияларынан бұрын
болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатынның
тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты – болжаған кезеңдегі қаржы
ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың
көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің
органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі
нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандарымен әдістерін белгілеуге
мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді: экономикалық
процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің
динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
Корреляциялық – регрессиялық талдау;
Тікелей сипаттамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік,
яғни ұсынбалы (нұсқамалар) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық –
үйлестіруші рөлдіорындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне
экономикалық реттеушілер арқылы экономиканы мемлекеттік ретеуде және
экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын
алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі
анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны
жасау барысында батыс Еуроппа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізі
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағыиндикативті (жылдық) жоспарлау
негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстарын қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік
қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау
арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда
тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. 2001-2005 арналған
индикативтік жоспардың * басты мақсаты – экономикада бәсекелестікті
арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылықжоспарлау
болып табылады., бұл жоспарлаудың басты мақсаты – болжаған дамуды
қамтамассыз ету үшін қаржы ресупстарының шамаланған ауқымын және олардың
бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекетік секторда ғана міндетті
сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты
болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді – реттелетін бағаны, субсидияларды,
кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген
амортизация және басқалардыпайдалану арқылыжетеді. Аса маңызды
индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанңан
деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық
аударымдардың нормалары.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді
рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың
қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту
бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлұм толық пайдалану есебінен,
шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қысқарту резервтері есебінен
қаржы ресурстарын көбейтуді мүмкіндіктері анықталады. Өндірісте қолда бар
материялдық ресурстарды айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді,
құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау шығындарын
қысқартуды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген қажеттілікті
азайтудың жолдары қарастырылыды. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау, бір жағынан,
қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің процесіне
ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі.
Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) –
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. орталықтандырылған қаржылық
жоспарлау мемлекетке біріңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында
қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік
береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бөліністер мен
биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап,
олардыорындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың
резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі.
Биліктік жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметінң нәтижесіне
тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың
қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып
келеді. Сонымен бір мезгілде жалпымемлееттік қаржыларды жүйелі түрде
нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығының, қоғамдық
өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда
оның рөлін арттыру қажет;

2.3. Қаржыны жоспарлаудың прициптері мен әдістері.
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуетділігіне көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық
жоспарлаудың барысында объектісінің дамуының белгіленген параметрлері
дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке
элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстарытексеріледі. Қаржылық
жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің
тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы жоспарларының
көрсеткіштері оған қарасты субъектілердік жоспарлы жобаламаларын
кіріктіреді.Мемлектік деңгейде жасалыатын қаржы жоспарлары (мемлекеттік
бюджет) басқарудың жергілікті органдарының кәсіпорындары мен ұйымдарының
қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек етеді;
жоспарлаудың үздіксіз қағидаты перспективалық және жылдық (ағымдағы)
қаржы жоспарларының тығыз үйлесуінің шамалайды, бұған перспективалық
жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық жоспарлауда
олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны жоспарлаудың бұл
қағидаты ағымдағы және перспективлық жоспарлаудың арасында үзілісті
болдырмауға, шаруашылықжүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму
перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүкіндік береді; бұл
қағидат шығыстардың көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді
есептеу кезінде қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі –
жоспарлау, бағдарламалау және бюджет жасау:
жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және
баяндауды кіріктіреді;
бағдарламалау деп мақсатқа жету үшін пайдаланылатын құралдардың қолда
барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;
бюджат жасау – жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша
жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік
топтастыру бойынша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын
бөлу процесі.
Қаржыны жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен жүзеге
асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылыры
1. Экстраполяция (немесе коеффиценттер) әдісі. Оның мағынасы қаржалық
көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда болады.
Есеп-қисаптар есепті кезеңінен жетістіктерді және оларды өсудің немесе
төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету негізінде жүргізіледі.
Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:
мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;
материялдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсеретеді, өйткені
жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер
белгіленген нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
3. Математикалық үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы
саласына көшіру.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін,
қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге өндірістік және
қаржылық көрсеткіштердің қаржылық көрсеткіштердің өззара үйлесуін
қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың,
бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының
арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға: ұлттық шаруашылықты
дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға: ішкі резервтерді
жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге мүмкіндік берді.
5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің
параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды
қажет етеді.
Объективті талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру
оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық
экономикалық әдебииеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр
түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі
ережелері ретінде дамытудың барлық дәуірі, кезендері үшін бірдей болады.
Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске асырудың
механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа факторлардың
даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
Қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар қалыптасты:
ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік – мақсаты. Ведомстволық
және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың (оның қатаң,
әміршіл әдістерімен) кезеніне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты
қағидаттар кенінен қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау
әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы рессурстарын анықтауға мүмкіндік
береді; рессурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді қылып
қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша рессурстардың тапшылығы
жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды
орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
Қаржылық жоспарлауда предметтік-мақсатты қағидат белгілі бір
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдармаларды
қамтамасыз ету үшін қаржы рессурстарын нақтылы қалыыптастыруға және
пайдалануға бағытталған.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде
есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің орындалуына
экономикалық талдау жасалады. Қаржылық көрсеткіштерді талдау өндірістік
мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық
жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін
анықтауға, ішкішаруашылық резервтерді табуға мемкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен
бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы
түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары
үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы
тапсырмалар ақша ресурстармен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен
қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді
пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке
түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
3.1. Қазіргі кездегі қаржыны жоспарлаудың жетілдірудің негізгі
бағыттары .
Нарықтық экономиканың принциптеріне сәйкес шаруашылық механизімін
енгізу басқарудың барлық деңгейіндегі қаржылық жоспарлаудың жаңа әістерін
әзірлеу қажеттігін туғызады . Қаржылық жоспарлаудың мазмұнын өзгертетін аса
маңызды шарттар :
кәсіп орындарджың өздерінің қаржы шаруашылық қызметінің
нәтижеелері үшін жауапкершілігінің арттырып , меншігіндегі қаржысын
пайдалану меншігін кеңейту ;
пайданы бөлуде жаңа салық принциптерін енгізу орталықтандырылған
органдардың бақылауынан ресурстардың едәуір бөлігін тыс қалдырады ;
Тауар ақша қатынастарының пайдалану салаларының кеңейту өндіріс
және тұтыну салаларындағы материалдық шығындарды толтырып төлем қабілетін
теңестіретін ідңстерді әзірлеуді талап етеді ;
материалдық заттар және тұтыну скаласындағы материалдық
шығындарды толтыру , төлем қабілетін теңестіретін әдістерді әзірлеуді талап
етеді ;
аумақтық жоспарлау саласында барлық деңгейдегі кеңестердің
өздерінің бюджеттерін әзірлеп , қабылдаудағы дербестіктерді атқарады
Республиканы Жоғары кеңесі аймақтардың қаржы ресуртарына
тиіспей , тек республикалық бюджетті қарайды . Сондықтан аумақтарда өзін
өзі қаржыландыру принципіне көшкенде аумақтық жиынтық қаржы балансын рөлі
артады . Басқарудың барлық деңгейдегі бюджет процесінің автономдау туралы
шешім тиісті аумақтардағы қызметтің нәтижелері мен кірістер түсіміне қарай
жзоспарлаудағы облыстармен басқада әкімшілік теориялық құрылымдық
дербестігін кеңейту жолындағы тағыда бір жаңа қадам болып табылады .
Қаржы мен бюджет жоспары мемлекеттің бірыңғай қаржы саясатын
жүргізуді қамтамасыз ететін ұзақ мерзімдік тұрақты нормативтер жүйесі
негізінде құрылады . Қаржы қатынастарын реттейтін экономикалық норматмивтер
бөліс қатынастарында жалпы мемлекеттік , ұжымдық және жеке бастық мүдделер
барынша толық ұштастырылуы қамтамасыз етілуі тиіс .
Ақшалай қорлардың көбейуін үдемелі фактарлар есебінен
ынталандыру қамтамасыз етілуі тиіс .
Еңбек ұжымдарын өздері жинақтаған қаржы есебінен материалдық
ынталандырылып , әлеуметтік қажеттерін қанағаттандыру , өндірісті дамыту
шығындарын қаржыландыру керек .
Кәсіпкерлік буындар өздерінің шаруашылық коммерциялық
қызметтерінде бизнес жоспарын басшылыққа алады . Бизнес жоспар кәсіпкерлік
қызметтің техникалық экономикалық негіздемесіне сай ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жоспарлау мен болжау
Бюджеттік болжау мен жоспарлау
Экономикалық жоспарлау мен болжау
Бюджеттік жоспарлау мен болжау
Шетелдердегі болжау мен жоспарлау тәжірибесі
Болжау мен жоспарлау туралы түсінік
Қаржылық жоспарлау, болжау
Кәсіпорындағы қаржыны жоспарлау
Кәсіпорынның қаржылық болжау әдістері
Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь