Қараханн мемлекетінің негізін салушы хан



1.Қараханн мемлекетінің негізін салушы хан.
2.Жерінің ұлғаюы.
3.Шаруашылығы мен мәдениеті.
4.Елдегі салық түрлері.
5.Мемлекеттің ыдырауы
Әбділкәрім Сатұқ Қарахан Орта Азияда Қарахандар мемлекетінің негізін қалаушы. Шыққан тегі мұсылман түркі әулетінен.
Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлұқ қағанатының ыдырауымен тікелей байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен екі ірі тайпалар бірлестігінен шігілдір (шикілдер) мен иағмалардан құрылғанға ұқсайды. Қарахан осы иағма тайпасынан шыққан.
Қарлұқ қағанатының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның орнында қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ Боғра хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз бен Қашқарды одан тартып алады.
942 жылы ол Баласағұн билеушісін тақтан тайдырып, өзін «қағанмын» деп жариялайды.
Қарахан 960 жылы қайтыс болады. Оның орнына отырған баласы Мұса исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Осыдан болар мұсылман тарихшылары қарахандар әулеті билеушілерінің кестесін осы Мұсадан бастайды. Бірақ шын мәнінде Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Мұсаның әкесі Әбділкәрім Сатұқ Қарахан, кейінгі тарихшылардың мемлекет атын оның есімімен «Қарахан» деп атауы да осыдан. Қараханның мазары бұл күнде Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында тұр.
1.Қазақстан тарихы. Очерк. 184-194-бб.
2.Қазақстан тарихы. 5-томдық. 3-том., 1-бөлім. 1,2,3,6,7,8-тараулар.
3. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 5-бөлім
4.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи XVII-XVIII вв. А., 1991.
5.Галиев В.З. Хан Джангир и Орбулакская битва.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

1.Қараханн мемлекетінің негізін салушы хан.
2.Жерінің ұлғаюы.
3.Шаруашылығы мен мәдениеті.
4.Елдегі салық түрлері.
5.Мемлекеттің ыдырауы

ӘБДІКӘРІМ САТҰҚ ҚАРАХАН
Әбділкәрім Сатұқ Қарахан Орта Азияда Қарахандар мемлекетінің негізін
қалаушы. Шыққан тегі мұсылман түркі әулетінен.
Қарахан мемлекетінің құрылуы Қарлұқ қағанатының ыдырауымен тікелей
байланысты. Тарихи әдебиеттерде Қарахандар әулетінің шығуы жөнінде түрлі
пікірлер айтылады. Солардың ішінде Қарахан мемлекетінің тарихын зерттеуде
үлкен еңбек сіңірген. О. Прицактың пікірінше, Қарахандар әулеті негізінен
екі ірі тайпалар бірлестігінен шігілдір (шикілдер) мен иағмалардан
құрылғанға ұқсайды. Қарахан осы иағма тайпасынан шыққан.
Қарлұқ қағанатының қағаны Білге Құл (Қадыр хан) өлгеннен кейін, оның
орнында қалған екі баласы Бәзір Арслан мен Оғұлшақтың немере інісі Сатұқ
Боғра хан ерекше көзге түседі. Ол кейін Оғұлшақтың өзіне қарсы шығып, Тараз
бен Қашқарды одан тартып алады.
942 жылы ол Баласағұн билеушісін тақтан тайдырып, өзін қағанмын деп
жариялайды.
Қарахан 960 жылы қайтыс болады. Оның орнына отырған баласы Мұса исламды
мемлекеттік дін деп жариялайды. Осыдан болар мұсылман тарихшылары
қарахандар әулеті билеушілерінің кестесін осы Мұсадан бастайды. Бірақ шын
мәнінде Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Мұсаның әкесі Әбділкәрім Сатұқ
Қарахан, кейінгі тарихшылардың мемлекет атын оның есімімен Қарахан деп
атауы да осыдан. Қараханның мазары бұл күнде Жамбыл облысының орталығы
Тараз қаласында тұр.

Қарахан Әулетінің мемлекеті (942-1210 жж.). Негізін салған Сатұқ Боғра хан
(915-955). 940 (942) ж. Сатуқ Баласағұн билеушісін құлатып, өзін жоғарғы
қағанмын деп жариялайды.
Осы кезден бастап Қарахандар мемлекеті тарихы басталады. Қарахан
мемлекетінің құрылуы мен оның ерте тарихында басты рольді Қарлұқ
конфедерациясының тайпалары атқарды. 10 ғ. сонына таман Қарахандар иелігі
Батыста Амудария мен Сырдария арасындағы Мәуереннахрдан бастап, Шығыста
Жетісу мен Қашғарға дейін созылды. Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты,
толып жатқан еншіліктерге бөлінетін. Еншілік иелерінің құқтары зор болатын.
Олар өз атымен теңгелер шығаруға дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте
алатын. 11 ғ. 30-ж. соңында Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге
бөлінеді: біріншісі, орталыпы Бұқарда болған, қарауына ходжентке дейінгі
Мәуереннахрды қосып алған Батыс хандығы, екіншісі - қарамағына Тараз,
Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның
астанасы Баласағұн қаласы. Осымен Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі
заңды түрде бекітілді. Арслан-хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін
бөлініп кетеді: әрбір еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж.
Қадырханның ұлы Йинал-тегін өкімет мұралыпы жолындағы күресте інісі
Сүлейменнің иелігін басып алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-
таққа Йинал-тегіннің баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін
Барысхан әміршісімен болған соғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс
қағанатын 15 жыл бойы (1059-1074) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрулхан мен
Бограхан харун басқарады.
Олардың тұсында Ферғана Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат
арасындағы шекара Сырдарияны бойлай өтеді. Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін
оның еншілігі Бограхан харунның (1075-1102)- Қашғар, Баласағұн мен хотан
қожасының қоластына көшеді. 1089 ж. бастап ол Салжұқ сұлтаны Мәлікшахтың
кіріптар вассалына айналады. 1102 ж.
Бограхан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға Баласағұн мен
Таластың иесі Қадырхан шабуыл жасап, Амударияға дейінгі жердің бәрін басып
алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып алмақшы болады, бірақ олардан
жеңіліп қалады.

Ұсақталғандық
Қарахан мемлекеті шекаралары тұрақты, толып жатқан еншіліктерге бөлінетін.
Еншілік иелерінің құқтары зор болатын. Олар өз атымен теңгелер шығаруға
дейін, кейде тіпті лауазымдарын өзгерте алатын. 11 ғ. 30 жж. соңында
Ибрахим ибн Насырдың тұсында мемлекет екіге бөлінеді: біріншісі, орталығы
Бұқарда болған, қарауына Ходжентке дейінгі Мәуереннахрды қосып алған Батыс
хандығы, екіншісі — қарамағына Тараз, Исфиджаб, Шаш, Ферғана, Жетісу мен
Қашғар кіретін Шығыс хандығы. Оның астанасы Баласағұн қаласы. Осымен
Қарахан мемлекетінің еншіліктерге бөлінуі заңды түрде бекітілді.
Арслан хан кезіңде қарахан мемлекеті одан сайін бөлініп кетеді: әрбір
еншілік өз тәуелсіздігін құру үшін таласады. 1056 ж. Қадыр ханның ұлы Йинал-
тегін өкімет мұралығы жолындағы күресте інісі Сүлейменнің иелігін басып
алады. Бірақ ұзамай ол у беріліп өлтіріледі. Тәж-таққа Йинал-тегіннің
баласы Ибрахим ие болады, бірақ ол да біраздан кейін Барыс хан әміршісімен
болған соғыста қаза табады.
Осыдан кейін Шығыс қағанатын 15 жыл бойы (1059—1074) Қадыр ханның балалары
Юсуф Тоғрул хан мен Боғра хан Харун басқарады. Олардың тұсында Ферғана
Шығыс қағанатқа күшпен қосылады. Екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияны
бойлай өтеді.
Сурет:Қазақстан және Орта Азияның картасы(12 ғасырға дейін).png
Тоғрұл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Боғра хан Харунның (1075—1102)
— Қашғар, Баласағұн мен Хотан қожасының қол астына көшеді. 1089 ж. бастап
ол Салжық сұлтаны Мәлікшахтың кіріптар вассалына айналады.
1102 ж. Боғра хан қайтыс болғаннан кейін, көп ұзамай Мәуереннахрға
Баласағұн мен Таластың иесі Қадыр хан Жабраил шабуыл жасап, Амударияға
дейінгі жердің бәрін басып алады, тіпті Салжықтардан Термезді тартып
алмақшы болады, бірақ олардан жеңіліп қалады. Сұлтан Санжардың басқаруы
кезінде (1118—1157) салжықтар Мәуереннахрда шексіз билігін жүргізеді, бірақ
бұл кезде Қарахан әулетінің саяси құлдырауының белгісі біліне бастады.
Бұған бас себебі — Қарақытай мемлекетіінің құрылуы және оның жүргізген
сыртқы әскери саясаты болып табылады.

Ыдырауы
12 ғ. екінші жартысында қарақытайлар Батыс қағандығына қауіп төндіре
бастайды. 1141 ж. Қарахан — Салжықтың әскерін талқандағаннан кейін
Қарахандар мемлекеті екі хандығының билігі де қарақытайлар қолына көшеді.
1210 ж. шығыс Қарахандар әулеті наймандармен соғыста жеңіледі. Ал 1212 ж.
Хорезм шах Мұхаммед батыс қағанаттың соңғы қағаны самарқандық Османды
өлтіреді, ұзамай Қарахандардың Ферғана тармағы да жоқ болады. Қарахан
әулетінің мемлекеті тарихы осылай аяқталды.
Сурет:Қазақстан және Орта Азия(1213 жылға дейін).PNG

Шаруашылығы мен мәдениеті
Қарахан әулеті мемлекетінде аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-
мұралық жүйе болды. Хандар өз туыстарына белгілі бір территорияның, сол
уақытқа дейін мемлекет пайдасына деп алынған салықты өздері жинап алу құқын
берді. Мұндай салық икта деп аталады, ал оны жинаушыны мукта, немесе
иктадар деп атаған. Халық көшпелі, жартылай көшпелі болды.
Мемлекеттік дін ретінде — Ислам діні болды. Исламның (960 ж. Мұса
жариялады) енуіне байланысты, араб әрпіне негізделген жаңа түркі жазуы
қалыптасады. Түрік этносының ой-санасы өседі.
Мемлекеттің этникалық құрамы: шігіл, яғма, қарлұқ, оғыз, қаңлы сияқты т.б
түрік тілдес тайпалардан тұрған. Шігіл және Яғма тайпалары негізгі роль
атқарған. Өкімет басындағы билеушілер алма-кезек осылардан тұрған.
Өкімет ұймы-мемлекеттік қурылым.
Жоғарғы өкімет билігі хақанның (ханның) қолында болды. Ол мұрагерлікке
қалып отырған. Үстем тап өкілдеріне ханның ұрпақтары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңестік Қазақстандағы атеистік насихат
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
Қарахан Әулетінің мемлекеті
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Шыңғыс хан империясы
КАЗАҚСТАН ЖЕРГНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ДЕЙІНГІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАР МЕН ОЛАРДЫҢ САЯСИҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Моңғолдар мемлекетінің құрылуы
Қарахан мемлекеті туралы
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Қарахан мемлекетінің құрылуы және Сатух Боғра Қараханның кезеңі
Пәндер