Ішкі туризм


Мазмұны
Кіріспе
І. Ішкі туризмнің мәні, мазмұны және дамуы.
1. 1 . Туризм ұғымы, негізгі туризм функциялары мен ресурстары
1. 2. Әлемдік туризмнің пайда болуы мен ішкі туризмнің қалыптасуы
2. Қазақстандағы ішкі туризмнің дамуы.
2. 1 . Қазақстан жеріндегі алғашқы саяхаттар
2. 2. Туристік қоғамдардың құрылуы
2. 3. Қазақстандағы балалар және жасөспірімдер туризмінің тарихы.
3. Қазақстандағы ішкі туризм индустриясының дамуының негізгі концепциялары және ҚР- сы үшін маңызы
3. 1. Қазақстандағы ішкі туризмнің қазіргі жағдайы және дамуының мәселелері
3. 2. Қазақстандық туризм бағдарламалары
3. 3. ҚР- да туризм индустриясын дамытудың концепциясын негіздеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Соңғы 10-12 жыл ішінде Қазақстан Республикасында ту-ризмнің дамуы төмендегідей 2 көрсеткішпен сипатталады:
1) туризмге арналған мемлекеттің және кәсіподактың қар-жысының барынша қысқарғандығы, яғни соның салдарынан ішкі туризмнің біржола жойылуы;
2) экономикалық ішкі туризм (оның тиімділігі туристік іс-шара-лардан түскен табыстармен өлшенеді) бүрын сауықтыру, таным-дық және қарым-қатынастық қызметтер атқарған әлеуметтік туризмнен толуы басым болып алды.
Экономиялық ішкі туризмнің республикада негізгі 3 бағыты бар:
1) Қазақстан азаматтарының шет елдерге коммерциялық (шоп-) сапарлары;
2) Азаматтардың рекреациялық-танымдық мақсаттағы шет елдік сапарлары;
3) Шет елдік азаматтардың Қазақстан және шекаралас мем-декттермен саяхаттың белсенді (немесе аралас) тәсілімен тур-лар жасауы.
Біздің ішкі туризм мазмүнына қарай халықаралыкка жатады, яғни адамдар өздерінің үнемі түратын жерінен басқа мемлекеттерге саяхаттар жасайды.
Коммерциялық (шоп-) туризм 90-жылдардың басында ерекше қарқынмен дамыды, себебі қазақстандықтар шет елге валютаға табар алуға жаппай аттанып, оларды республикамызға алып келіп сатуға машықтанды. Әрине, бүл іс-әрекет белгілі себептермен біздің халқымыздың қажеттілігін өтейтіндігіне сөз жоқ, бірақ республикамыздың экономикасы мен әлеуметтік жағдайына қыруар зиян келтіреді.
Біріншіден, шоп-туристер әкелген табарлар ішкі рыноктағы отандық өнімдерге бәсекелестік тудырады, үлттық өңдірістік күштердің қысқаруына жағдай жасап, халықтың жүмыспен қамтамасыз етілуіне нұқсан келтіреді.
Екіншіден, қыруар ақша мөлшері құнды валюта күйінде шет елге түсіп, басқа мемле кеттің экономикасын нығайтады. Мәселен, Әмірліктегі Дубайға бір жыл ішінде ТМД елдерінен, соның ішінде Қазақстаннан 100 мың турист барады. Жергілікті туризм мен сауда комитетінің есебінше, олардың әрқайсысы Дубайда 5- 7 мың доллар қалдырады. Біздің азаматтардың шет елге, негізінен әлемнің теңіздік және таулы курорттарына рекреация. танымдық сапарларының ел үшін келтіретін экономикалық: әлеуметтік шығындары да осындай.
Жалпы осы жазылған дипломдық жұмыста Қазақстандағы ішкі туризмнің даму мәселелері сөз болмақ. Дипломдық жұмыс үш тараудан тұрады. Әр тарауда ішкі туризм тақырыбына сәйкес мағлұматтар мен оның Қазақстандағы даму мәселелері қарастырылды.
І. Ішкі туризмнің мәні, мазмұны және дамуы.
1. 1. Туризм ұғымы, негізгі туризм функциялары мен ресурстары
Халыкаралык туризмтануда туризмді әлеуметтік феномен деп атайды. Әлеуметгік дегеніміз - қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал феномен үғымының екі мағынасы бар: 1) философиялық түсініп - «қүбылыс» сөзінің синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тәжірибесі арқылы берілетін нәрсе, 2) ерекше, си-рек құбылыс немесе ерекше факт, адам [134; 394-445] .
«Туризм» сөзінің түбірі - француз тілінің «тур», яғни «серуен», «сапар шегу» деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралық туризмде «тур» сөзі алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізбесі бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді.
«Туризм» сөзі қазіргі энциклопедиялық үғымда бос уақытта (демалыс, каникул) саяхат жасау және белсенді демалыстың түрі, денсаулықты сақтау шарасы, жеке адамның танымдық, рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының жолы деген мағына-лар береді. Халықаралық туризмде табыс табудан басқа кез кел-ген мақсатта уақытша, ерікті түрғьш орнын ауыстырушы адам-дардың барлығын туриске санау әдеті қалыптасқан.
1974 жылдан бастап Біріккен үлттар үйымы (БҰ¥) елдің тұрғын орнын және жүмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми, іскерлік және мәдени шарада кездесу мақсатында орын, түрақ ауыстыруларының барлығын туризм деп есептеу керек деген шешім қабылдады [111; 5] .
Ал қазіргі Әлемдік туристік үйым мамандары «туризм» деген үғымға өзі түратын жерден тыс жерлерге белгілі бір мерзім аралығында арасына бір жыл салып демалу, іскерлік және т. б, мақсаттарда болуын және саяхаттауын жатқызады. Туризмнің ең басты әлеуметгік мақсаты - адам өмірін ұзарту және өмір сүруді жақсарту. Туризмнің басты әлеуметтік қүндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен көңілді қарым-қатынас, кездесулер. Себебі қоғамының ең биік мүраты (идеалы) - адам катынастарының жағымды формаларын көбейту, сол формаларды тиіа пайдалану барысында ләззат алу. Жаңа танымдар мен жаңа лықтар ашу - адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғіі бейім-дағды күнделікті өмірде күңгірттенеді де, саяхат барысында адам бойында оянады [78; 3] .
Туристік іс-әрекет ішкі туризм және халықаралық туризм болып екіге бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі түратын елдің аумағында саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету гуризмін атайды. Елден кетіп саяхат-тау туризмі - өзі түрақты орнынан басқа елге бару, ал елге келіп саяхаттау туризмі - бүл елде түрақты коныстанбаған адамдардың қыдыруы [102; 564-566] .
Халықаралық туристер деп өз елінен басқа елдерге саяхаттайтын, бүкіл әлемдік сауда үйымының статистикасына тіркелген азаматтарды атайды. Мәселен, 1994 жылы әлемде 528, 41 млн., 2000 жылы 697, 6 млн. адам халықаралық турист болған. Болжаулар бойынша, 2010 жылы олардың саны шамамен 937 млн. адамға жетпек.
1. Танымдық қызметі. Таным дегеніміз - өмір шындығы-ның адамның ойлау процесіндегі бейнеленуі, талдануи және қайта жасалуы; обьективті әлемнің, табиғаттың және қоғам-ның заңдарының заңдылықтарьш білу; игерген білім мен тәжірибенің жиынтығы [134; 321] .
2 Денсаулық қызметі. Әлемдік денсаулық сақтау үйымы «денсаулық» деген үғымға адамның физикалық, психикалык және әлеуметтік жақтарының жақсы жағдайда болуын жатқы-зады [Ю2; 143] . Адамның денсаулық деңгейін бағалау критериялары оның қоршаған ортаға ыңғайлана білуі. Адамның қоршаған ортаның өзгергіш жағдайларына сәтті дағдылана білуі адаптация деп аталады [102; 15] . Адамныңтуа және жүре пай-да болған қасиеттерінің деңгейінің тиімді адаптациялануын дағдыланғыштық (адаптивность) деп атайды. Физикалық, пси-хикалық және әлеуметтік адаптациялар адам өмірдің барлық саласында белсенді әрекет еткен жағдайда ғана сәтті болмақ. Бүл адамның денсаулык деңгейін анықтайды.
XVIII ғасырда француз дәрігері Тисо: «қозғалыс өз әсері жағынан кез келген дәріні алмастыра алады, ал әлемдегі бар дәрі қозғалыстың әсерін алмастыра алмайды» [111; 52] деп жазған болатын.
Туризмнің негізгі мәні - қозғалыс, сондықтан да туризмде денсаулықтық қызметтің белсенді түрлері, яғни туристердің белгілі бір бағыттар бойынша өз күштерімен қимыл- қозға-лыс жасауына, ерекше көңіл бөлінеді. Мүндай шарттарға кез келген адамның шамасы келеді. Ең бастысы әрбір туриске сәйкес физикалық және техникалық дүрыс жүктеме бере білу керек.
Белсенді саяхаттың спортгық саяхатган ерекшелігі туризмде туристер саяхатгың үзақтығын, қашықтығын және техникалық күрделілік деңгейін өздері айқьшдайды және кез келген уақьпта тоқтата, үзе алады. XXI ғасырдьщ басына қарай медиктер Жер бетіндегі адамдардьщ денсаулығының нашарлауының негізгі екі себебін анықтады:
- адам өмірінің зиянды экологиялық жағдай-лары,
- гиподинамия, яғни қозғалыстың шекгеулілігі.
Адам ден-саулығына тиімді әсер ететін, жоғарыдағы екі себепті жоятын туризмнің белсенді және спортгық түрлері болып табылады.
Гиннестің рекордтар кітабының мәліметі бойынша, 2002 жылғы ақпан айындағы дерек бойынша әлемдегі ең кәрі адам - жапон жібекшісі Юкичи Чугандзи 112 жаста. Оның әлі күнге дейін өз денсаулығына өкпесі жоқ, өзінің ұзақ жасауьшың кұпияларымен бөліседі. Дегенмен де Юкичидің жасы адамның ұзақ жасауының шегі емес.
Ең ұзақ жасаған француз әйелі Жан-Луизе Калмен 199 жылға дейін 122 жыл 164 күн жасаған. Чугандзиге дейін планетаның ең қарт адамы ретінде италиялық Антонио Тодде аналған, ол Юкичиден 3 ай үлкен болған. Юкичидің дәл туған датасы - 1889 жылдың 23 наурызы, Жапонияның Огори қаласы. Ол емір бойы жібек ісімен айналысып, бұл іске басқалар-ды да үйреткен. Юкичидің үзақ жасауының құпиясы, өзініі-әңгімелеуінше, өмір салтын өлшеммен жүргізіп, оптимисті болған, сары уайымға салынбаған. Ол ішімдік ішкен, бірақ қүмар болмаған. Оның сүйікті тағамы балапан етімен араласқ-ан, суға қайнатылған күріш екен. Батыс Европа ғалымдары адам биологиялық түр ретінде өзінің эволюциясын аяқтады, адамдар өз өсуінің шыңына жетті деп есептейді. Адамның эволюциясы өз гендерінің қасиеттері-не негізделгендіктен, тірі организм бойында қоршаған ортаға бейімделу мүмкіншілігі аз, себебі адам дамуды тоқтатқан, оның үстіне адамның биосфераға тәуелділігі кеміген, тіпті кейде адам биосфераны өзінің өмір жағдайларына қарап өзгертеді [233] . Барлық үзақ өмір сүрген адамдар биосферамен тығыз байланысты болып, туристік саяхатгардың бастапқы кезеңдегі түрлері (адам өмірінің белгілі бір кезеңінде) оларды биологиялық ортаға оралтып отырған және оларды биологиялық түр ретінде сактаған. I
Адам денсаулығының ең басты көрсеткіштерінің бірі - оньщ өмірінің үзақ болуы.
3. Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі. Коммуникативтік деген қарым-қатынас жасауға дайындалған, ыңғайланған әре-кет, яғни сөйлеу тілінің көмегімен байланысу, ой мазмүнын кабылдау және беру [134; 190] .
Сонымен туризмнің әлеуметтік-қарым-катынастық қызметі дегеніміз - саяхатқа қатысушылардың бір-бірімен ресми емес жағдайда, өндірістік ара қатынасты (субординация) сактамай-ақ, әлеуметтік мәртебесін, жасын, үлтын, азаматтығын және т. б. адамдарды бір-бірінен ерекшелейтін белгілерді есепке ал-май-ақ байланысу, қатынасу мүмкіндігі.
4. Спорттық қызметі.
Туризмде «спорт» үғымынан басқа «спорт түрі» деген термин қолданьшады. Спорт түрі деген-бәсекелестік іс-әрекеттщ белгілі бір жарыс түрін ерекше спорттық техникамен, тактикамен іске асыру. Сол спорт түрінің бірі - спортгық туризм. Туристік-спорттық жарыстардың:
- спортгық жорықтардан жарыс;
- 2) туристік кеп сайыс бойынша жарыс деген түрлері бар [84; 158] .
Адамзат баласы спорттық бағдарламаның неше түрін ойлап тапқан, бірақ туризм спорты ғана адам денсаулығын нығайту, табиғатпен «тілдесу», психологиялық жеңілдеу, физикалық белсенділік, үйреншікті жағдайды өзгерту деген компонент-терін орындай алады.
Спорттық туризмнің үйымдастырылуы қарапайым және кез келген жастағы адамның онымен шүғылдануға мүмкіншілігі болады. Туризм - спорттың табиғи түрі, себебі онда жүктеме (дозировка) жеңілдетіліп беріледі. Спорттық туризм адамдар-дың бойына үжымшылдық, тәртіптілік, табандылық секілді касиеттерді дарытады [235; 4] .
5-6. Эстетикалық және эмоционалдық-психологиялық кызметтері. Эстетика (грекше «сезімдік», »сезуші» деген мағына береді) философия ғылымының шындық өмірдегі әсемдікті, эстетикалық тәрбиені және әдемілік зандарына арналған шы-ғармашылықтың жалпы принциптерін, өнерге деген түрлі көзқарастардың жүйесін зерттейтін саласы [134; 505] .
7. Шығармашылық қызметі. Ол шығармашылық туындыларға ғылыми жаңалықтар, көркем және кұжаттық және ғылыми-көпшілік прозалық, поэзиялық шығармалар, туризмге қажетті киімдердің, аяқ киі-мдердің, транспорттык көліктердің, жарақ-жабдықтардың, жаңа 1 тағам түрлерінің, саяхатқа қатысушыларды белсенді және спорт- 1 тық саяхаттарға үйретудің жаңа әдістері мен тәсілдері жатады.
8. Қажылық қызметі. Қазақстанда 8 миллиондай мұсылман бар. Ал әлемдегі мұсылмандардың саны - 1 млрд. 126 млн. «Қажылык» деп діннің қасиетті орындарына (христиандар үшін - Иерусалим және Рим, мүсылмандар үшін - Мекке мен Мәди-не) сапар шегуді атайды. Христиандардың әдет-ғүрпы бойынша қажылық сапардың белгісі - Палестинадан пальма бүтағын әкелу [102; 333] .
Уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруда өзінің нақты мақсаты бар алғашқы саяхатшылар қажылыққа баратындар мен сау- дагерлер. Әсіресе қажьшыққа барушыларды классикалық ту-ризмнің көшбасшыларына балайды.
Туризмнің аталған әлеуметтік қызметтерін іске асыру үшін туристік-рекреациялық ресурстарды (ТРР) пайдалану қажет. Бүл ресурстарды шартты түрде 2 топқа бөлуге болады:
1) табиғаттың нысандары мен ресурстарының жиынтығы;
2) мәдени-тарихи нысандардың жиынтығы.
Туризмнің спорттық және сауықтыру қызметтері табиғат ресурстары арқылы, ал қызметтері туристік-рекреациялық ре-сурстар (ТРР) арқылы іске асады.
Адамның денсаулығын өзінің негізгі өндірістік еңбегінен тыс уақытта табиғатпен және адамдармен қарым-қатынас процёсінде қалпына келтіруі рекреация деп аталады. Рекреация белсенді (спорттық-туристік) немесе пассивті (пансионатты) болуы мүмкін.
Адам рекреациясында туристік-рекреациялық ресустар. дщя екінші тобы ерекше рөл атқарады. Мәдени-тарихи нысандарға экскурсия жасау пассивті рекреацияның кеңістік базасі болып есептеледі.
Мамандардың айтуына қарағанда, экскурсиялык нысандад информацияның 2 түрін береді:
1) семантикалық, яғни логика-лық сипаты бар және адам санасына әсер ететін;
2) этикалық.
Белгілі бір рекреациялық әсер алу үшін танымдьщ инфор-мация гана емес, адамның мәдени-тарихи нысандардьщ эсте-тикалық қасиеттерін қабылдау негізінде адамның эмоционал* дық толғануы да қажет [55; 7] .
Халықаралық туризм жекелеген елдердің экономикасында басқа да қызметтер атқарады. Мәселен:
- елге валюта жинаудың көзі және халықты жүмыспен қамтамасыз етудің қүралы;
- төлемдік балансқа салымды кеңейтудің күралы;
- туризм аясына қызмет етудің саласын құрайды, яғни эномиканы диверсификациялаудьщ қүралы;
- үлттық дәулеттің көтерілуі мен кіріс өсімнің, жүмыс орнын
көбейтудің қүралы.
Адамдардың саяхатқа деген қажеттілігінің көлемі жағына артуы және туризм индустриясы өнеркәсіп, мекеме және„ үйымдардың жиынтығы ретінде туристер үшін қызмет көрсе-І ту мен табар өндірудің өндірісін қамтамасыз етіп келеді. Сон-1 дықтан да адам өміріндегі туризмнін әлеуметтік-экономика- лық рөлі өте қаркынды жылдамдықпен артып келеді.
1. 2. Әлемдік туризмнің пайда болуы мен ішкі туризмнің қалыптасуы.
Туризм тарихы дегеніміз - саяхаттардың (жорықтардьщ, экскурсиялардын) ен карапайым түрінен бастап күрделі түрлерін қоса және көне заманнан қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым. Туризм тарихының зерттеу пәніне туристік қозғалыстың әлеуметтік күбылыс ретінде шығу, қалыптасу және даму завдылықтары жатады.
Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология, нумизматика, палеография, этнография және т. б. тарих ғылымының салала-рының деректеріне сүйенеді [237; 3-6] .
«Туризм» термині түрлі халықтардың тілінде XIX ғасырда ғана түрақтала бастады. Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына «саяхат» деген сөзді қолданды. Қазіргі туризм-тануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды [30; 13] .
Қазіргі ТМД елдеріндегі туризм кеңестік кезенде әлеуметтік туризм ретінде дамып, піығындарына қоғамдық қаржы жүмсал-ды. Сол кезде туризм теориялық түрғыда нақты адамдардың туристік іс-әрекеттегі мүратына байланысты зерггелді де, ту-ризмнің қалыптасу тарихы ерекше әлеуметтік қүбылыс сана-тында карастырылды.
Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша айқындалған фактілерді ғана баяндады. Олар адамзат тарихының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен же-тістіктерін үйымдасқан саяхаттардың нақты әлеуметгік-экономикалық себептерімен байланыстырмады.
В. Б. Сапрунованың [186] басқалардан басты ерекшелігі - туризм тарихын 4 кезеңге бөлді:
1-кезең (көне замандардан XIX ғасырдың басынаа дейін) не-месе оны «туризм тарихының алды» деп те атайды;
2-кезең (XIX ғ. -ХХ ғасырдын басы) - элитарлык туризм кезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсібі туындауы;
3-кезең (XX ғасырдың басы - II дүниежузілік соғыстың I жарты жылының басталуына дейін) - бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы;
4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) - бұл жаппай туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның туризм тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы,
Туризмнің дамуының әр түрлі кезеңде дамуының дәуір-дәуірге бөлуге (периодизация) техникалық-экономикалық, әлеуметтік алғы шарттар және туризмнің мақсатты қызметтер негізгі критерийлер етіп алған.
Бірақ В. Б. Сапрунова туризм тарихын кезең-кезеңге бөлгенмен, көне, орта және жаңа кезеңдердегі адамдардың үйымдасқа саяхаттарының дамуын жеке-дара қарастырмаған. Яғни баласының уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруының бастап, мүраттары айқындалмаған деген сөз. Дүрысында жоғары көрсетілген мүраттар туризмтану теориясының басты мәсе лерінің бірі болып табылады. Осы мәселелерді шешу ғана туризм индустриясының әлемдік және өңірлік перманентті классификациясын түсінуге, түсіндіруге мүмкіндік береді. Туризм тарихын зерттеудің мақсаты да осында жатыр.
Үйымдасқан саяхаттардың дамуы мен оның тууына негізі болған түрлі себептерді талдай келе, туризм тарихын дәуір: туудің негізінен адамзаттың жалпы тарихын дәуірлеумен сәйі келетіндігіне көзіміз жетеді.
Адамзаттың тарих алдындагы хайуанаттар ортасына бөлінуі 5-2 млн жыл бүрын басталып, б. д. д. ІУ мыңжылдык аяқталған. Адамзат өркениетінің дамуының бірінші кезеңі кене әлемнің тарихы (б. д. д. IV мыңжылдық - б. д. у ғ. ), екінші кезеңі - орта ғасырлар тарихы (V-XV ғғ. ), үшінші кезені - жаңа дәуір тарихы (1918 жылдан біздің заманымызға дейін Терімшілдік пен аңшылық адам баласының бірнеше миллион жылғы басты кәсібі болған. Шамамен 10 мын жыл бұрын (кейде 5-тен 10 мың жылға дейін делінеді) терімшілдіктен. ; жер өндеу, аңшылықтан - мал шаруашылығы туындаған.
Өндірістік еңбекке дейін адамның кеңістікте орын ауыстыруы терімшілдік пен аншылық мақсатында болған. Адамдар ол орын ауыстырулары ретсіз, жоспарсыз болып, ондағы мақсат аштык инстинкті, өзін-өзі аман сақтау немесе үрпақты калғастыру болған. Мүндай жағдай адам бойында тіршілік ету мен дамудың табигатқа бейімделуінен табиғатты өзіне бейімдеу мәдениеті қалыптасқанға дейін жалғасты [104; 4] .
Түрлі ғылымдардын мәліметтерін талдай қарасақ, адам ба-ласынын Жер шарымен мақсатты түрде танымдық мүддемен саяхаттауы бүдан 5-6 мың жыл бүрын басталғанға үксайды. Міне. осы кезеңнен бастап адам терімшілдік пен аңшылықтан өндірістік еңбекке көшкен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz