Электрондық оқытушы құралдар


Электрондық оқытушы құралдар

Мазмұны

Мазмұны2

Кiрiспе3

I ТАРАУ Электрондық оқытушы құралдар5

1. 2. Электрондық оқулықтың сипаттамасы6

1. 3 Электрондық оқулық кiмге және не үшiн қажет?8

1. 4Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi8

1. 5 Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар9

1. 6 Электрондық оқулықты пайдалануға дайындық11

II ТАРАУ “МӘлiметтер базасын жобалау” бойынша электрондық оқулық12

2. 1 Мәліметтер базасын құру негіздері12

2. 2 Негізгі түсініктер және анықтамалар16

2. 3 Деректер модельдерінің қысқаша мінездемесі23

2. 4 Реляциондық мәлiметтер базасы30

2. 5 SQL командасын қолдануға мысалы42

2. 6 Мәліметтер базасын жобалау және қолдану44

2. 7 Инфологиялық үлгілеу58

2. 8 Visual Basic - VBA (Microsoft Access мысалында) 64

III ТАРАУ Электрондық оқулықты құру жолдары80

3. 1 JavaScript дегеніміз не?8 0

3. 2 Электрондық оқулықты құрастыру80

3. 3 Асcess ортасында мәліметтер қорын қүру83

Қорытынды86

Қолданылған Әдебиеттер:87

Кiрiспе

Бiлiм беру реформасы мультимедиалық технологиялар болып табылатын электрондық оқулық, құрал, тренажерлар түрiндегi компьютерлiк пакеттердi құру шарттарында ғана орындалуы мүмкiн.

Жоғарғы оқу орындарында студенттерге бiлiм беруде компьютердi қолдану оларды аудиториялық, яғни лекциялық және лабороториялық сабақтарда, өз бетiмен бiлiм алу сабақтарында, алыстан оқыту жағдайында пайдалану мүмкiндiгiн туғызады.

Бүгiнгi таңда оқу процесiнде арнайы оқыту жүйелерiн, оқыту процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану өзектi мәселе болып отыр.

Компьютерлiк оқыту жүйелерiнiң бiр формасы электрондық оқулық болып табылады. Электрондық оқулық депөз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық - әдiстемелiк кешендi айтады.

Электрондық оқулық бiрiншi кезекте басылымдарды толықтыратын, жаңа ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп тестiлеуге бағытталуы керек.

Электрондық оқулық өз алдына мультимедиалық өнiмдi бiлдiредi, ол өз бетiмен бiлiм алу режимiнде және оқытушы бiлiм алушы үшiн қарапайым нұсқаушыдан кеңесшiге ауысатын режимде де студенттердi тиiмдi бiлiммен қамтамасыз етуi керек. Бұл айтылғандардан оқулық үздiксiз, әр қадам бойынша бiлiм беру режимiн қамтамасыз етуi керектiгi шығады. Курстың әрбiр мәтiндiк үзiндiсi практикалық жаттығулар және бақылау - тестiлеу сабақтарымен жалғасуы керек.

Ақпарат жүйесi (АЖ) -қандай да бiр объектiнi басқаруға қажеттi ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, iздеу және шығарып беру жүйесi деп қарастырылады. Әрбiр ақпарат жүйесi (АЖ) ақпараттық объектiлердiң бiрiгуiн қамтитын қандай да бiр ақпараттық кеңiстiктi бейнелейтiн пәндiк саланы иемденедi. Ақпаратты қандайда бiр мәселелердi шешу үшiн пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсiнiктi және бағаланған жаңа бiлiм деп түсiнейiк. Ақпаратдегенiмiз, оны алушы кiсiге дейiн қабылдау механизiмiнiң қабылданды - түсiнiктi - бағаланды деген үш сүзгiсiнен өткен нәрсе.

Мультимедиалық ақпаратты- әдiстемелiк кешендердi практикада пайдалану белгiлi бiр техникалық шарттарға, бiрiншiден, жаңа сипаттағы аудиториялық қордың бар болуын талап етедi. Мультимедиа құралдарын пайдаланып лекциялар даярлауға қосымша жұмыс уақытын шығындауы, сонымен бiрге мультимедиалық аудиториялар, компьютермен жабдықталған лабораторияларды құру, олардың тұрақты жұмыс жасауын ұйымдастыруға арналған материалды қаржылық ресурстарды қажет етедi. Ал, жалпы оқу процесiнде электрондық шолу ресурстарын пайдалану шарттарында электрондық оқулық студенттердiң уақытын үнемдейдi, өз бетiмен бiлiм алу, алыстан оқу жағдайында студенттерге үлкен көмек болады. Осыған орай, көкейтестiмәселе техника мен телекоммуникация байланыстарының жаңа дидактикалық мүмкiндiктерiнiң даму есебiнде бiлiм берудiң жаңа компьютерлiк әдiстерiн өңдеу болып отыр және көрсетiлген бағытта жұмысты жалғастыруды қажет етедi.

Бiтiру жұмысының мақсаты“Ақпараттар жүйесiн математикалық жабдықтау және басқару” кафедрасының негiзгi пәндерiнiң бiрi болып табылатын “Мәлiметтер базасы ” курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау.

Осы мақсатқа жету барысында келесi мiндеттер туады:

“Мәлiметтер базасы” бойынша теориялық материал жинау; Теориялық материалдар бойынша тапсырмалар ұйымдастыру, оларды орындау әдiстемесiн көрсету, бақылау сұрақтар ұйымдастыру; Теория және практиканы бiр жүйеге келтiру; Курс бойынша тест тапсырмаларын ұйымдастыру.

Берiлген бiтiру жұмысым кiрiспеден, екi тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және қолданылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

I ТАРАУ Электрондық оқытушы құралдар

1. 1 Негiзгi ұғымдар

Электрондық басылым (ЭБ) -бұл графикалық, тексттiк, цифрлiк, тiлдiк, музыкалық, видео, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылымдық құжаттардың жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген электрондық тасымалдаушыларда - магниттiк оптикалық оптикалы дискiлерде орындалуы және электрондық компьютерлiк желiлерде жариялануы мүмкiн.

Оқу электрондық басылымы (ОЭБ) -бiлiмнiң сәйкес ғылыми - практикалық саласы бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен оқушылар осы саладағы бiлiмдер, бiлiктер және дағдыларды белсендi түрде меңгеруi керек.

Оқулық (О) -мемлекеттiк стандартқа және оқу программасына сәйкес оқу пәнiнiң немесе оның тарауын жүйелi мазмұндаудан тұратын басылымы.

Электрондық оқулық (ЭО) -өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық-әдiстемелiк кешендi айтады.

Оқу құралы (ОҚ) -бұл берiлген басылымның түрi ретiнде ресми түрде бекiтiлген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық алмастыратын оқулық.

Электрондық оқу құралы (ЭОҚ) -оқулықты толығымен немесе жартылай ауыстыратын немесе толықтыратын және берiлген түрдегi басылым ретiнде бекiтiлген электрондық басылым.

Гиертекст-электрондық формада ұсынылған және оның бiр фрагментiнен басқа фрагментiне дер кезiнде өтудi қамтамасыз ететiн тармақталған байланыстар жүйесiмен жабдықталған текст.

Интеллектуалдық ядро-математикалық операцияларды сандық және символдық формада шығаратын программалардың арнайы жиынтығы.

Визуализация-суреттердiң, графиктердiң және анимацияның көмегiмен көрнекi түрде көрсетiлуi.

1. 2. Электрондық оқулықтың сипаттамасы

Электрондық оқулық-оқу әдебиеттiнiң жаңа жанры болып табылады. Қазiргi заманда бiлiм беру реформасында арнайы компьютерлiк аудиторияларда өткiзiлетiн практикалық сабақтарда, жатақханада, үйде ДЭЕМ - де студенттердiң, оқушылардың және мұғалiмдердiң өзiндiк жұмыс жасауы үшiн электрондық кiтаптар пайдаланған ыңғайлы. Дегенмен электрондық оқулық кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды. ЭО әдебиеттiк шығарманы экранизациялау қандай да бiр жанрға жататындай, ЭО - та оқу мiндетiндегi шығарманың жаңа жанрына жатады. ЭО бiршама ұғымдарды, тұжырымдарды және көптеген мысалдардың түсiнуiн және тез есте сақтауын максималды түрде жеңiлдету керек.

Электрондық оқулықты құру барысында кейбiр принциптер мен Ақпараттық жүйенiң белгiлерiне жүгiнiуiмiз керек:

Кванттау принципi:Мазмұны бойынша тұйық, көлемi минимальдi модульдерден тұратын материалдық бөлiмдерге бөлiнуi. Толықтық принципi:Әрбiр модульдердiң құрамында келесi компоненттер болуы тиiс. Тоериялық ядро; Тоерия бойынша бақылау сұрақтар; Мысалдар; Өзiндiк жұмысы бойынша есептер мен жаттығуларды шешу; Барлық модульдер үшiн бақылау сұрақтары жауаптарымен; Бақылау жұмысы; Контекстiк анықтама; Тарихи түсiнiктемелер; Көрнекi принципi:әрбiр модуль коллекциялық кадрлардан олардың iшiнде минимум текст және визуалдардан құрылуы керек. 4. Тармақталу принципi:пайдаланушының басқа бiр модульге өту үшiн, әрбiр модуль гипертексттiк сiлтеулермен басқа модульдермен байланысуы керек.

5. Реттеу принципi:оқушылардың дербес кадрларды ауыстыруды және экран бетiне кез келген мысалдарды шақыруға мүмкiндiгi бар.

6. Бейiмделу принципi:пайдаланушы оқу барысында электрондық оқулыққа бейiмделуi керек.

7. Компьютерлiк қолдау принципi:кез келген мезетте пайдаланушы компьютерлiк қолдау ала алады.

8. Жинақтылық принципi:электрондық оқулық форматтарда орындалуы керек.

Ақпараттық жүйенiң белгiлерi:

Басқару объектiсiнiң сипатымен; АЖ - ны тұрғызу мен жұмыс iстеудiң жинақталған тәжiрибесiмен; Басқару және басқарылушы жүйелерiнiң құрылымымен; Мәлiметтердi жинауда, өткiзiп беруде және өңдеуде қолданылатын жабдықтармен; АЖ - ны басқару объектiсiнiң жетекшiлiк тұрғысымен және т. б.

1. 3 Электрондық оқулық кiмге және не үшiн қажет?

Электрондық оқулық күндiзгi әсiресе дистанциялық оқу бөлiмiнде оқитындарға жеке түрде жұмыс жасау үшiн қажет. Өйткенi ол:

Оқытылатын материалды басқалардың көмегiмен түсiнудi жеңiлдетедi; Дайындық деңгейiне байланысты студенттiң қажеттiлiктерiне сәйкес интеллектуалдық мүмкiншiлiктермен және амбицияларымен адаптацияны жiбередi; Көптеген түрлендiрулерден және есептеулерден босатады, есептiң мәнiне шоғырланып, есептер шығару және мысалдар қарастыру; Жұмыстың барлық кезеңдерiне байланысты өзiн - өзi тексеру үшiн кең мүмкiншiлiктер туғызады; Электрондық оқулық студентке берiлген пән бойынша жан - жақты бiлiм алу үшiн қажет.

Электрондық оқулық арнайы аудиторияларда өтетiн практикалық сабақтарда пайдалы. Өйткенi ол:

Компьютердiң көмегiмен көптеген есептер шығаруға, алынған шешiмдердi анализдеуге кететiн уақытты босатады; Мұғалiмге сабақты компьютерде өздiк жұмыс ретiнде өткiзуге мүмкiндiк туғызады; Мұғалiмге компьютердiң көмегiмен оқитындардың бiлiм деңгейiн бақылауға, бақылау жұмысының қиындық деңгейiн және мазмұнын беруге мүмкiндiк туғызады.

Электрондық оқулықты жасаудың негiзгi кезеңдерi

Қайнар көздерiн таңдауҚайта жөндеу құқығына авторлармен келiсiмдер жасауҰғымдар тiзiмiн және мазмұнын өңдеуHelp құру және бөлiмдер бойынша модульдегi тексттердi қайта жөндеуЭлектрондық формада гипертексттi шығаруКомпьютердiң көмегiмен электрондық оқулық жасауМультимедианы iске асыру үшiн мәлiметтердi сорттауДыбыстардың шығуын қамтамасыз етуДыбыстардың шығуын үшiн мәлiметтердi дайындауМәлiметтердi визуализациялау.

1. 5 Электрондық оқулықты жасау бойынша методикалық нұсқаулар

Электрондық оқулықты жасаудыңбiрiншi кезеңiндеқайнар көздерi ретiнде басылған және электрондық баспаларды таңдау керек. Олар:

Көбiнесе стандарттық программаға толық сәйкес келу керекГипертексттердi жасау үшiн ыңғайлы Көптеген мысалдар мен есептердi қамтидыЫңғайлы форматта болады.

Екiншi кезеңдеалынған қайнар көздер жиынынан бағасы және сапасы бойынша оптималды қарым - қатынастардан келiсiмдер жасалынады.

Үшiншi кезеңдемазмұны өңделедi, яғни көлемi бойынша минималды, бiрақ мазмұны бойынша тұйық модульдерден тұратын бөлiмдерге материалды бөлу орындалады. Сонымен қатар пәндi меңгерiп алуға қажеттi және жеткiлiктi ұғымдар тiзiмi қарастырылады.

Төртiншi кезеңдемодульдер құрылымына, индексiне және мазмұнына сәйкес қайнар көздердiң мәтiндерi өңделедi; тiзiмiнде қамтылмаған мәтiндер алынып тасталынады; контексттiк анықтамалар (Help) жүйесi өңделедi; модульдер және басқа гипертексттiк байланыстар арасындағы байланыстар анықталады.

Осындай тәсiлмен, компьютерлiк реализация үшiн гипертексттiң жобасы дайындалады.

Бесiншi кезеңдегипертекст электрондық формада шығарылады. Нәтижесiнде оқу мақсаттарында пайдалануға болатын электрондық басылым құрылады.

Алтыншы кезеңдекомпьютерлiк қолдау өңделедi: әрбiр нақты жағдайда компьютерге берiлетiн қандай математикалық әрекеттер және компьютердiң жауабы қандай формада ұсынылу керектiгi анықталады; интеллектуалдық ядро жобаланады және шығарылады; математикалық есептердi шешу үшiн интеллектуалдық ядроны қолдану бойынша пайдаланушылар үшiн нұсқаулар өңделедi.

Нәтижесiнде студенттерге қажеттi аудиториялық сабақтарға пайдалы және мұғалiмдерге ыңғайлы болатын қасиеттерi бар жұмыс жасайтын электрондық оқулық құрылады.

Ендi электрондық оқулық мультимедиалық құрылғылар арқылы одан ары қарай жетiлуiне дайын.

Жетiншi кезеңдежеке ұғымдардың түсiндiру тәсiлдерi өзгертiледi және мультимедиалық материалдармен ауыстырылатын мәтiндер iрiктелiнедi.

Сегiзiншi кезеңдеоқушының есте сақтау қабiлетiн пайдалану, яғни оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн және мәтiндiк ақпаратты экраннан алып тастау мақсатында жеке модульдердiң дыбыстық мәтiндерi өңделедi.

Тоғызыншы кезеңдеөңделген дыбыстық мәтiндер диктафонға жазылады және компьютерде шығарылады.

Оныншы кезеңдеоқушының оқылатын материалды түсiнуiн және есте сақтауын жеңiлдету үшiн эмоциялық жадын пайдалану тексттiк ақпараттан экранда максималды түрде алып тастауын жеңiлдету және көрнекiлiгiн арттыру үшiн модульдердi визуализациялау сценариi өңделедi.

Он бiрiншi кезеңдемәтiндердiң визуализациясы орындалады, яғни өңделген сценарийлердi суреттердi, графиктердi және анимацияны пайдалану арқылы компьютердiң жүзеге асуы.

Осымен электрондық оқулықты өңдеу аяқталады да, оны қанауға дайындық басталады.

1. 6 Электрондық оқулықты пайдалануға дайындық

Бұл жұмыс кезеңiнiң мазмұны:

Тестiлеу; Қанау бойынша нұсқау жазу; Методикалық қамсыздандыруды өңдеу; Бiлiм министрлiгiнен грифтi тiркеу және алу үшiн материалдар дайындау; ЭО - то қорғау және тарату; болып табылады.

II ТАРАУ “Мәлiметтер базасын жобалау” бойынша электрондық оқулық

2. 1 Мәліметтер базасын құру негіздері

1. Пәнді оқыту мақсаттары мен міндеттері

2. МБ - ның тарихы мен МББЖ даму перспективалары

1. Пәнді оқыту мақсаты мен оқу тапсырмалары

«Мәліметтер және бактер базасы» пәнінің оқытудың мақсаты мәліметтер базасын теориялық негізін құру, қазіргі мәліметтер базасын басқару жүйесін құру сонымен қатар, компьютерлік жүйеде ақпараттарды қайта өңдеу және басқаруда қолданылады.

Пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып студенттердің мәліметтер базасын құру, жобалау және банктер мен мәліметтер базасын негізге ала отырып қолдану.

а) МББЖ негізгі құралдары мен персоналды МБ технологиялары

б) Microsoft Excel Access 97/2000 көмегімен мәліметтер базасын бөлу және тұтынушылар қолданатын бөлігін іске қосу.

в) Microsoft SQL Server 7. 0 көмегімен сенрверлі бөлімін іске қосу

Негізгі көңіл аударарлық мәселе болып банктер мен мәліметтер базаларының қызметі, құрылымы, негізгі түсініктер мен анықтамалар берілген білім шегінде бағыттау; қазіргі реляционды алгебра және модельдер қарастырылады, сонымен қатар МБ ның қазіргі стандартты жұмыс тілі, яғни SQL-тілі; МБ жобалау сұрақтары, жалпы МБ ның қолдау принциптері, қайта өңделген мәліметтерді бөлу, МБ дағы ақпараттардың қорғалынуы және қазіргі МБ ның ортақ құрылысы.

2. МБ ның даму тарихы МББЖ даму перспективалары

Есептеу техникаларының даму тарихында оның қолданылуының екі негізгі шегін бөліп көрсетуді қарастыруға болады:Бірінші шегі болып қолмен есептеуге болмайтын өте күрделі есептерді есептеу техникасын қолдана отырып оңтайландару.

Бұл областың дамуы күрделі математикалық есептерді интенсификациялық әдістерді қолдана отырып шешу, бағдарламалық тілдердің пайда болуы, есептеу алгоритмдерінің ыңғайландыруға бағытталуы, ЭЕМ дің жаңа архитиктураларының кері байланыста қалыптасуы болып табылады. Есептеу техникаларының бұл шекте қолданылған қайта өңделген күрделі алгоритмдердің болуы құрылысына қарай жай мәліметтерді құруға болатын көлемі салыстырмалы түрде үлкен емес. Екінші шегі біздің тақырыбымызға тікелей қатысты болып табылатын есептеу техникаларын және де автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді қолдану. Көптеген есептердің шешілу негіздері ақпараттардың қайта өңделуіне байланысты болады. Ақпараттардың қайта өңделуін жеңілдету үшін ақпараттық жүйе (АЖ) құрылады.

АЖ автоматтандырылуы деп техникалық құралдар, көбінесе ЭЕМ қолдану. декватты түрде бөліп АЖ дің көбі автоматтандырылған, сондықтан оны қасқартып АЖ деуге болады. АЖ лер аппаратты бағдарламалық істерді іске қосады, бұлар келесі функцияларды жүзеге асырады:

Ақпараттарды компьютер жадысында сенімді сақтау.

Осы жұмысты спецификалық орындау.

Қолданушыға ыңғайлы және интерфейсті оңай қабылдау.

Әдетте мұндай жүйелер күрделі құрылымды үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс жасайды. Ақпараттық жүйлердің классикалық мысалдары болып кәсіпорынның автоматтандырылған басқару жүйесіндегі(АБЖ) банктік жүйелері, авияциялық және теміржол билеттерінің резервтік жүйелері, қонақ үй орындарының және т. б резевтік жүйелерін айтуға болады. Есептеу техникаларының екінші шегі біріншіден қарағанда кешірек пайда болды. Бұл мүмкіндік ақпараттардың компьютерде сақталуының шектеулілігімен байланысты. . Сенімді және ұзақ уақытқа сақталған ақпараттар туралы еске сақтау құүралдарының болу құрылғылары болған кезде айтуға болады., Біріншіден, компьютерде екі түрлі жады қолданылды, бұлар магниттік ленталар және барабандар. Магниттік ленталардың сиымдылығ айтарлықтай үлкен болды, дегенмен бұл өз табиғатынан мәліметтерге кіру жолын қамсыздандырды. Ал магниттік барабандар еркін кіруге мүмкіндік бергенмен, сақталынатын ақпараттар көлемі шектеулі болды.

Санды есептеулер үшін бұл шектеулер негізгі емес еді. Бірақ АЖ дегі жалпы ақпараттық объектінің екі жақты байланысы нақты әлемнің объектілер модельдерін бөліп көрсетеді. Тұтынушылардың ақпараттарға мұқтаждығы нақты объектілердің жағдайын адекватты түрде бөліп көрсетеді, яғни салыстырмалы түрде өз сұрақтарына жедел реакция беруін талап етеді., бұл үшін магнитті ленталар мен барабандар жадысы жеткіліксіз болды.

Магниттік дисктердің пайда болуымен сыртқы жадының басқару жүйесінің тарихы басталды. Бұған дейін әрбір қолданбалы бағдарламалар магнитті лентаға немесе барабанға өз үлесінше бөліп, жедел жады мен ақпаратты бағдарламалы құралдардың орнын ауыстырып отырған. Бұл дегеніміз әрбір қолданбалы бағдарлама өз үлісіндегі мәселелерді құрылымымен атауына қарай шешу керек болған.

Файлдар мен файлдық жүйелер. Ақпараттық жүйелердің дамуындағы басты қадам болып файлдардың орталықтандырылған басқару жүйесі болып табылады. Бағдарламаның көзқарасына қарасақ файл, сыртқы жадының аталған обласы немесе шегі, мұнда жазуға және санауға болатын мәліметтер кіреді. Файлдардың аталу ережесі, мәліметтерді қолдану әдістері және осы мәліметтердің құрылымдары файлдарды нақты басқару жүйесіне тәуелді (файлдық жүйелер) . Бірақ та айта кететін жайт бірнеше қолданушылардың бір файлдың бәруақытта қолданылуы болған, ал файлдың құрылымын өзгерту қолданушының бағдарламалық қосымшаларының ортақ файлды өңдеу кезінде шешіп отырған мәселелерін өзгерту керек болды. Бұл кемшіліктер ақпараттық басқарудаң жаңа түрін ойлап табуға себеп болды. Бұл жүйе жаңа бағдарламалық жүйелер негізінде іске асырылды, яғни бұл мәліметтер базасын басқару жүйесі (МББЖ) , ал ақпараттар сақталынатын жүйе мәліметтердің банктер мен базалар жүйесі (М Б мен БЖ) деп аталындыМББЖ даму тарихы 40 жылдай уақыт бойы қолданылып келеді. 1968 жылы өндірістік МББЖ жүйе IBM фирмасының IMS қолданылуға кірді. 1975 жылы тілдер жүйесі бойынша бірінші ассоциациясы мәліметтерді өңдеу Conference of Data System Languages (CODASYL) пайда болды, бұл мәліметтер базасындағы теориялық түсініктерді фундаменталды қатарын анықтады, осы уақытқа дейін желілік мәліметтер моделінің негізі болып саналып келуде. Теориялық мәліметтер базасын ары қарай дамытушылар қатырына белгілі үлес қосқан американдық математик Э. Ф Кодд болып табылады, бұл ғұлама реляциондық мәліметтер моделіні ойлап табушы. Кодд реляционды модель мен реляционды алгебраны ойлап тапқаны үшін Американдық Ассоциация Тьюрингі премиясына ие болды. Осылайша мәліметтерді қайта өңдеу бағытының дамуын төрт этапқа бөлеміз.

Бірінші этап үлкен ЭЕМ дағы мәліметтер базасы.

Үлкен IBM 360/370, ЕС ЭЕМ, мини ЭЕМ сы типіндегі мәліметтер базасын ұйымдастырумен байланымты. Мәліметтер базасы ЭЕМ ның орталық сыртқы жадысында сақталды, бұлардың қолданушылары болып пакеттік режимдегі есептер. Мықты операциялық жүйелер паралельді келісілген көптеген есептерді орындауға мүмкіндік берді. МБ на кіру бағдарламасы әртүрлі тілдермен жазылып сандық бағдарламалар негізінде енгізілген. Бағдарламаға кірудің интерактивті режимі консольді терминдер көмегімен жүзеге асты.

Екінші этап ПК дегі МБ. Бұларға осы уақытқа дейін кеңінен қолданылған МББЖ Dbase (DBaseIII+, DBaseVI) , FoxPro, Clipper, Paradox жатады.

Үшінші этапбөлінген мәліметтер базасындағы, яғни персонализациядан кейін кері процесс интеграция басталды. Жергілікті желілердің пайда болуымен қатар әр жерлерде сақталған және де өңделген келісілген мәліметтер мәселесі туындады. сонымен қатар транзакция пайда болды. Мәліметтерді сипаттау мен монипуляциялау тілдері SQL және әртүрлі МББЖ технологиялар пай бола бастады, мысалы:ODBC протоколы(Open DateBase Connectivity) Microsoft фирмасының, МББЖ представительдері болып MS Accsess 97 және қазіргі мәліметтер базасының серверлері Oracle Informix, SQL және т. б.

Төртінші этап (МББЖ перспективалары) . Бұл этап жаңа технологиялардың пайда болуы интранет пен тығыз байланысты.

2. 2 Негізгі түсініктер және анықтамалар

1. Негізгі түсініктер және анықтамалар: ақпараттық жүйелер, деректер банкі.

2. Деректер базаларының және банкілерінің архитектурасы, физикалық және логикалық тәуелсіздік.

3. Пайдаланушылық сұранымның өту үрдісі.

4. Деректер банкінің өмірлік циклі және деректер базасын басқарушының негізгі функциялары.

5. Деректер моделдерінің сыныптамасы.

1. Негізгі түсініктер және анықтамалар: ақпараттық жүйелер, деректер банкі.

Кең мағынада ақпараттық жүйе ретінде ақпаратты өңдейтін кез-келген жүйе қарастырылуы мүмкін. Қолданылатын облыс бойынша өндірісте, білім беруде, денсаулық сақтауда, ғылымда, әскери істе, әлеуметтік сферада, саудада және т. б. салалардағы ақпараттық жүйелерді бөліп көрсетуге болады. Мақсаттық функция бойынша ақпарттық жүйелерді келесі категорияларға бөлуге болады: басқарушылық, шешімді қабылдауды қолдаушы, ақпараттық-анықтамалық. Тар мағынада ақпарттық жүйе белгілі бір қолданбалы міндетті шешуге (мысалы: кәсіпорындағы кадрлар есебі, бухгалтерлік есеп) қатыстырылған ақпараттық-аппараттық құралдардың жиынтығы болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Дистанциялық оқыту құралдары
Интелектуалды ақпараттық жүйелердің дамуы және қойылымы
Adobe Photoshop cs3 бағдарламасына электрондық оқулық
Ақпараттық мәдениет
Электрондық оқулықтардың маңыздылығы
Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар
Білім беру жүйесінің басты міндеттері
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz