Спорттық-сауықтыру туризмі туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Спорттық.сауықтыру туризмі және оның теориялық негіздері ... ... ... ... .6
1.1 Спорттық.сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Спорттық.сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері ... ... ... ..11
1.3 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы ... ... ... ... .22

2 Туристік.спорттық маршруттарды ұйымдастыру ерекшеліктері ... ... ... ..36
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістері ... ... ... 36
2.2 Белсенді туристік іс.әрекетке физикалық дайындау және туристерді маршрутқа дайындау циклдарының құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
2.3 «Voyage Travel Agency» ЖШС.ның сипаттамасы және оның туризм түрлерін дамытудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

3 ҚР Спорттық.сауықтыру туризмінің дамуы және оның болашағы ... ... .63
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық туризмді дамытудағы әлеуетті мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...63
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісі ... ...66

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78
Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-сауықтыру туризмі - көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақыттан бері белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Бұл туризм түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат сыйлаған жерлерді бастапқы күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы үшін ол көрген, болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал спортқа жай ғана жанкүйер болу қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді толығымен алуға мүмкіндік береді. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза ауаны, таулы жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып, ішкі жан-дүниемен, тұла бойымен демалысты қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі таңда спорттық-сауықтыру туризмі түрлерін дамыту мәселелері өзекті болып табылады.
ҚР 2011 жылғы халыққа жолдауында «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» делінген. Яғни осы мақсатты жүзеге асыру жолында әр бір саланы жетілдіру маңызды шарттардың бірі болып табылады. [1].
Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылдың 27-қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында спорттық туризмнің дамуына үлкен мән беретіндігі байқалады: «Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан эко-номикасына тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет. Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді.
Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы ку¬рортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді». [2].
Туризм - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм - халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы.
1. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!». Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы. 28.01.2011 ж.
2. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты».
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жылғы 27 қаңтар.
3. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы. № 1399, 30.11.2011
4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №101 қаулысымен бекітілген.
5. Туризмді дамыту сұрақтары бойынша әдістемелік құрал (спорттық туризм). Талдықорған, 2009. – 140б.
6. Е.А.Тоқпанов, З.С. Сламбеков, О.Б. Мазбаев.Талдықорған өңірінің туристік-саяхаттық бағыттары: оқу құралы. Талдықорған: ЖМУ. 2010.-197 б.
7. Бринк И.Ю. Тактика восхождений и качество снаряжения // Ветер странствий, № 23. - М.: ФиС, 2000. – 135с.
8. Веретенников Е.И. Тактика горного туризма. - М.: ЦРИБ "Турист", 1990. – 120с.
9. Маханбет Е.Т. Белсенді және спорт туризмі. Оқу- әдістемелік құрал. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Түркістан. 2008. -73 б.
10. Маханбет Е.Т. Развитие способности студентов в труде в сфере физической культуры // Ұлт тағлымы. - №1. Алматы, 2010. - Б.144-148.
11. Водный туризм. Сост. В.Н. Григорьев. - М.: Профиздат, 1991. 150с.
12. Вуколов В.Н. По Северному Тянь-Шанью: Горные туристские маршруты пот Заилийскому Алатау и Кунгей Алатау. - М.: Профиздат, 1991. – 152с.
13. Григорьев В.Н., Дубровский Л.Н. Подготовка туристов водников. - М.: ЦРИБ "Турист", 1980. – 150с.
14. Захаров П.П. и др. Тактика и организация горновосхождений. Ситуационные задачи. - М.: ЦРИБ "Турист", 1988. – 212с.
15.Зубалий Н.Д:, Петровский В.С. Пешеходный и лыжный туризм. - Киев: Здоровье, 1984. – 255с.
16. Классификационная таблица маршрутов на горные вершины СССР. - М.: Советсикй турист, 1989. – 85с.
17. Voyage Travel Agency» ЖШС - нің жарғысы. Талдықорған, 2010ж.
18. Voyage Travel Agency» ЖШС -нің 2009-2011 қаржылық есебі. 2012ж.
19.Спортивная классификация туристких путешествий. - М.: ЦРИБ "Турист", 1975. – 90с.
20. Алимханов Е. «Дене тәрбиесі – салауаттылық негізі». //Хабаршы ҚХҚ ӘТУ Пед. Ғылым сериясы. - №3, 2010ж. -180-185 бб.
21. Алимханов Е. Ұлттық ойындар мен спорт – салауаттық өмір негізін қалыптастыру. // Қазақстан мектебі. Биология және салауаттық негізі №5, 2010. -12-14 бб.
22. Михайлов Б.А. Федотова А.А., Федотов Ю.Н. Физическая подготовка туристов. - М.: ЦРИБ "Турист", 1985. – 150с.
23. Накатков Ю.С. История туризма Казахстана.-Алматы: 2008.- С. 47-54.
24. Аппенянский А.И. Физическая тренировка в туризме. - М.: ЦРИБ "Турист", 1989. – 205с.
25. Благовещинский В.П., Абулхатаева Л.Ю., Гуляева Т.С., Гасанова Н.П Природно рекреационные ресурсы Джунгарского Алатау. Теоретические прикладные проблемы географии на рубеже столетий. Материалы международной научно-практической конференции 8-9 июня 2004, г.Алматы. Часть І. С.225-227.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 спорттық-сауықтыру туризмі және оның теориялық
негіздері ... ... ... ... .6
1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның
мәні ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және
ерекшеліктері ... ... ... ..11
1.3 Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен
тактикасы ... ... ... ... .22

2 Туристік-спорттық маршруттарды ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ..36
2.1 Туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену
әдістері ... ... ... 36
2.2 Белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді
маршрутқа дайындау циклдарының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.3 Voyage Travel Agency ЖШС-ның сипаттамасы және оның туризм
түрлерін дамытудағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .53

3 ҚР спорттық-сауықтыру туризмінің дамуы және оның болашағы ... ... .63
3.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық
туризмді дамытудағы әлеуетті
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .63
3.2 Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму
үрдісі ... ...66

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..75

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 78

Кіріспе

Қазіргі заман ағысына ілесу уақыт талабы. Сол орайда еліміздің әр
саласын жетілдіріп, дамытуда түрлі шаралар қолға алынып жатыр. Спорттық-
сауықтыру туризмі - көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі.
Спорттық-сауықтыру туризмі түрлері жай туристер ортасында үлкен
танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана
жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық
төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын,
шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі
келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы
белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақыттан бері белсенді
туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Бұл туризм
түрінің қазіргі таңда дамуы - оның табиғат сыйлаған жерлерді бастапқы
күйінде көру мүмкіншілігінде. Қазіргі таңда адам баласы үшін ол көрген,
болған жерлер еш қызық тудырмайды, ал спортқа жай ғана жанкүйер болу
қызықты сезімдерді бастан кешуге, адреналинді толығымен алуға мүмкіндік
береді. Дәл осы туризм адамдарға бірталай уақыт бойы таза ауаны, таулы
жердің әсемдігін, сулы жердің көріктігін сезінумен демалып, ішкі жан-
дүниемен, тұла бойымен демалысты қамтамасыз етеді. Сондықтан қазіргі таңда
спорттық-сауықтыру туризмі түрлерін дамыту мәселелері өзекті болып
табылады.
ҚР 2011 жылғы халыққа жолдауында Салауатты өмір салты мен адамның өз
денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық
саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең
басты мәселесі болуы тиіс делінген. Яғни осы мақсатты жүзеге асыру жолында
әр бір саланы жетілдіру маңызды шарттардың бірі болып табылады. [1].
Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылдың 27-қаңтардағы
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты
Жолдауында спорттық туризмнің дамуына үлкен мән беретіндігі байқалады:
Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына
тікелей шетел инвестицияларының ағынын әртараптандыру болып табылады.
Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.
Дамыған елдерде туристік кластердің үлесіне ІЖӨ-нің 10 пайызына дейіні
тиесілі. Бізде 1 пайызға да жетпейді.
Тұтастай ел бойынша туризм өсімінің нүктелерін зерттеу қажет, олар аз
емес. Осымен байланысты Алматы жанындағы әлемдік деңгейдегі тау шаңғысы
курорттарын дамыту маңызды жоба болуы тиіс. Сарапшылар тау шаңғысы
курортына келген бір турист теңізге барған сапарына қарағанда 6 есе көп
шығынданады деп есептейді. Бұл мемлекет үшін өте тиімді. [2].
Туризм - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі.
Туризм - халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-
қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы.
Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау
түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне
жаяу, шаңғы, тау, су, велосипеджәне бағыттың бойында құрамдасқан туристік
саяхаттардың басқада түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін
туристік саяхаттар барысынд көлік түрлерін тайдаланатын туризмнің белсенді
түрлеріне жатқызылады.Соңғы 10-12 жылда қазақстандық туристік фирмалары
шетелдіктер қатысатын турларға енгізуде. Мамандар спорттық туризмнің
негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру,
арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден
қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың
белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік
маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс
ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық,
эмоциялық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық, жекелеген
жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар
аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу
туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік
техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-
дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен
қатысушылардың спорттық біліктіліктері мен жаяу туризммен айналысу
барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Туристік-спорттық маршруттарды ұйымдастыру
және өткізу әдістемесі қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:
- спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәнін ашу;
- спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;
- туризмнің белсенді түрлерінің техникасы және тактикасымен таныстыру;
- туризмнің белсенді түрлеріндегі тактикалық әзірлену әдістерін
қарастыру;
- белсенді туристік іс-әрекетке физикалық дайындау және туристерді
жорыққа дайындау циклдарының құрылымын талдау;
- Белсенді туристік саяхатта дұрыс тамақтануды ұйымдастыру және
туристің жорықтағы гигиенасын анықтау;
- Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның әлеуетті
мүмкіндіктерін айқындау;
- Туризм және спорт салаларының қазіргі жағдайы мен даму үрдісін
талдау.
-
Зерттеу объектісі: Voyage Travel Agency ЖШС кәсіпорны .
Зерттеу пәні: Спорттық-сауықтыру туризмі және оның дамуы.
Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында ғылыми-теоретикалық, талдау,
салыстыру әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысында отандық және шет елдік еңбектер мен бағдарламалар.
Туризм саласындағы ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеу
жұмыстары, баспа материалдары, статистика агенттігінің мәліметтері, заң
актілерінің жиынтығы қолданылды.

1 спорттық-сауықтыру туризмі және оның теориялық негіздері

1.1 Спорттық-сауықтыру туризмі ұғымы және оның мәні

Туризм - бұл қоғамның белгілі бір санатының өмір салты, тұлғаның рухани
және физикалық дамуының тиімді құралы, отанға деген сүйіспеншілікті және
табиғатқа деген нәзік қарым-қатынас тәрбиесі, халықтар мен ұлттар
арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік болып табылады.
Туризмнің дамуы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың маңызды
бөлігі болып табылады.
Туризмнің дамуы көптеген факторларға байланысты болады:
- туристік рекреациялық ресурстар;
- өңірдегі инфрақұрылымның дамуы;
- білікті кадрлардың болуы;
- туризмді мемлкеттік деңгейдегі қолдау;
- демографиялық және әлеуметтік факторлар;
- тәуекел факторлары;
- саяси және экономикалық факторлар;
- ғылыми-техникалық үрдістің, салттардың болуы және т.б.
Бүгінгі таңда туризмнің келесі біліктілік түрлері мен формалары
қалыптасқан:
1. Қызмет мақсаты бойынша: маршрутты, танымдылық, спорттық, денсаулық
түзетуші, оның ішінде белсенді қозғалыс түрімен, іскер және конгресс
туризм, курортты, емдеу, тау шаңғылы, фестивальді, аң аулау, экологиялық,
шоп туризм, діни, жаттығу және т.б.
2. Жылдамдығы бойынша: қозғалысты, стационарлы, аралас.
3. Қатысу түріне қарай: жеке, топтық, отбасылық.
4. Жас мөлшеріне байланысты: үлкен, жас, балалар, аралас.
5. Мезгілі бойынша: бір күндік, көп күндік, транзитті.
6. Көлік құралын пайдалану бойынша: автомобильді, темір жолды,
авиациялық, су, велосипедті, салт және аралас.
7. Маусымы бойынша: белсенді турист маусымы, маусым арасы (жартылай
маусымды) және маусымдық емес.
8. Географиясы бойынша: құрлық аралық, халықаралық (өңіраралық),
өңірлік, жергілікті және шекара маңы.
9. Қозғалу тәсілі бойынша: жаяу, дәстүрлі көліктерді қолдана отырып,
экзотикалық көлік түрлерін қолданып (канат жолы, фуникулер, дирижабль, әуе
шары, дельтаплан).
Туризм дегеніміз өзінің бойында табиғи-ғылыми (онымен айналысқанда
денені сауықтыруды негізге алатын), ғылыми-әдістемелік (туристік топтарда
жетекшілікке алынатын педагогикалық процесс сабағының негізі), ұйымдастыру-
басқару (басқару, кадр және материалдық базасы), бағдарламалық нормативті
негіздемелерді (туристік жұмыстың бағытын, сипатын және мазмұнын анықтайды)
компонент ретінде жинақтаған шаралар жүйесі.
Спорттық-сауықтыру туризмі - дара және әлеуметтік бағыты бар сала,
қоғамның белгілі бір бөлігінің өмір салты; тұлғаның рухани және физикалық
дамуындағы, табиғатқа деген нәзік сезіміндегі, халықтар мен ұлттар
арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың тиімді құралы; халықтардың
мәдениетімен, өмірімен, таррихымен, салттарымен танысуға негізделген
халықтық демократияның формасы; әр ұлтқа тән халық шығармашылығын, барлық
әлеуметтік демографиялық топтардың, мектепке дейінгі жастағы балалардан
бастап зейнеткерлерге дейін жеке белсенділік формасының еркіндігін
сипаттайтын көрнекті демалыс түрі.[3].
Спорттық туризмнің негізгі түрлері деп келесі дәстүрлі түрлерін
атаймыз: жаяу, таулы, шаңғы, су, велосипед, авто-мототуризм.
Жас мөлшері және әлеуметтік жағдайы бойынша спорттық сауықтыру туризмі
үлкен, студенттік (жастар), балалар мен жасөспірімдер, жас аралас,
мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған туризм деп бөлінеді.
Спорттық сауықтыру туризмі азаматтардың қоғамдық қозғалысы ретінде
түсетін түсімді есептемейді және ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған
спорттық туризмнен тұрады.
Спорт түрі ретінде ол қоғамдық ұйымдарды спорт туризмін жеке клубтарға,
секцияларға, федерацияларға және одақтарға біріктіріп, сондай-ақ
мемлекеттің қолдауымен туристік білікті маршруттарды ойластыруға
бағытталған. Оның құрылымында негізгі басқару органы болып Қазақстанның
Туристік Одағы аясындағы Қазақстан Республикасының спорттық туризм және
туристік көпсайыс федерациясы табылады, бұл одақ мемлекеттік спорттық
құрылымдар директиваларын басшылыққа алады және Туризм және спорт
министрлігімен бірлесіп жұмыс жасайды. [4].
Спорттық-сауықтыру туризмі өзінің мақсаты бойынша спорттық, танымдық,
оқу, зерттеу, экологиялық бағыттарға бөлінеді және оларды біріктіреді.
Спорттық-сауықтыру туризмі шаралар түрі бойынша: саяхат, спорттық
серуендер, жарыстар, слеттер, экспедициялар, экстремалды спорт турлары,
спорттық туризм гидтері мен нұсқаушыларын дайындайтын спорттық туристік
мектептерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде өзінің мақсаттарын жүзеге
асырады.
Спорттық-сауықтыру туризмінің материалдық техникалық қорын құру
дегеніміз туристік жабдықтар, техникалық және басқа қозғалыс құралдары,
туристік полигондар, туристік базалар, жас туристер станциясы және туристік
клубтар болып табылады.
Өзінің физикалық күш-қуатын жұмсау арқылы бағыт бойынша саяхаттау
түрлерін туризмнің белсенді түрлері дейміз. Туризмнің белсенді түрлеріне
жаяу, шаңғы, тау, су, велосипед және бағыттың бойында құрамдасқан туристік
саяхаттардың басқа да түрлері жатады. Кейде жоспарлы түрде жүргізілетін
туристік саяхаттар барысында көлік түрлерін пайдаланатын туризмнің белсенді
түрлеріне жатқызылады. Соңғы 10-12 жылда қазақстандық туристік фирмалары
шетелдіктер қатысатын турларға енгізілуде. Мамандар спорттық туризмнің
негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру
арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлердегі кедергілерден
қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың
белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік
маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс
ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық,
эмоциалық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығарма- шылық жекелеген
жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар
аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу
туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік
техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-
дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен
қатысушылардың спорттық біліктіліктері мен жаяу туризммен айналысу
барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасының жеке
міндеттері қандайда бір жаяу, су немесе басқа да белсенді туристік
жорықтарды ұйымдастыруға қатысты туристердің арнайы дайындығын қамтамасыз
етумен тығыз байланысты.
Туризмнің белсенді түрлерінің тәрбиелік, білімдік, сауықтыру және
спорттық міндеттерін шешуі рекреанттардың жасына, арнайы физикалық
дайындығына тығыз байланысты болады. Тәрбиелік мақсатымен қатар жорық
барысында білімдік мақсаты да шешіледі. Ол өлкетану, топографиялық,
табиғаттану бағытында алған теориялық білім жорық барысында іс жүзінде
бекумен қатар қозғалу әдіс-тәсілдері қалыптасып бекиді.
Сауықтыру міндеті туристік бағытты бойлай қозғалу мен денеге
түсірілетін физикалық салмақты дұрыс ұйымдастыру, белсенді демалыс
барысында табиғат факторларының ағза қызметіне оң әсер етуін, жеке және
қоғамдық гигиенены сақтау арқылы жүзеге асырылады. Сауықтыру жүгіруімен
немесе жүзумен айналысатын адамдарды туристік жорықтарға тарту адамдардың
ағзасына түсетін физикалық салмаққа бейімделуінен арылуына мүмкіндік
береді. Өйткені бейімделу ағзаға түсетін біртекті физикалық салмақтың
тұрақты түрде ұзақ қайталануынан туындайды. [5,20б].
Оқу-жаттығу жорықтары сәйкес келетін туризмнің техникасы мен
тактикасын меңгертетін теориялық білімді, қонатын орынды, өтетін өткелдер
мен қажетті құрал-жабдықтарды пайдалану дағдыларын меңгертуді қажет етеді.
Күрделі дәрежелі жорықтар ұйымдастыру туристік құрал-жабдықтарды пайдалану
әдістерін меңгеріп, мұздықтарды, қолжетімділігі қиын аудандардың
өсімдіктері мен жануарлар дүниесін оқып-үйренуді қажет етеді.
Туризмнің белсенді түрлерінің ғылыми-жаратылыстану негізі онымен
айналысу барысында сауықтыру нәтижелерінің болуын қамтамасыз етеді.
Туризммен айналысу барысында адам ағзасының физиологиясы мен қызметіндегі
өзгерістерді оқып-үйрену туризммен айналысушыларды жас ерекшеліктеріне
қарай жіктеуге, тиімді тамақтануды, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтауды,
жорық барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Туризмнің белсенді түрлерінің ғылыми-әдістемелік негіздеріне
басқарылатын педагогикалық үрдіс ретінде туристік топтар мен секцияларда
ғылыми негізделген сабақтар мен жаттығулар жүргізу жатады.
Туризмде іс-әрекет сипаты мен бағытына қарай мынадай түрлерін
серуендеулер, экскурсиялар, жорықтар, экспедициялар деп бөліп қарастырады.
Серуендеулер мен экскурсиялар туризмнің элементарлы түрлері болып табылады.
Олар жеке де өткізілуі және туристік жорықтың құрамдас бөлігі де болуы
мүмкін.
Серуендеулер - бұл сауықтыру, ағзаны шынықтыру мақсатында болатын
көпшілік халықтың қолы жетерлік, қарапайым қысқа мерзімді туризмнің формасы
(жаяу, шаңғымен, велосипедпен, қайықпен қозғалу).
Экскурсиялар - бұл қандай да бір объектіні көруге ұжымның ғылыми немесе
оқу мақсатында, жалпы мәдени даму үшін баруы.
Жорықтар - бұл қозғалыстың белсенді түрлерін қолдану арқылы болатын
физикалық жетілдіру, өлкені тану, қоғамдық пайдалы іс-әрекет мақсатында
ұйымдасқан топтық қозғалыс.
Тәжірибе жүзінде туристік жорықтардың көп түрлері қалыптасқан.
Физикалық тәрбие жағынан олардың негізгілері дайындық, туристік және
үгіттеу-жаппай жорықтары болып саналады.
Дайындық жорықтары алда тұрған туристік жорықтарда негізінен жорық
қозғалыстары мен біртіндеп ағзаны үлкен және ұзақ қозғалыс күшіне үйретуге
қызмет етеді. Дайындық жорықтарына серуендеулер мен экскурсиялар
элементтерін енгізу пайдалы. Дайындық жорықтарының негізгі мазмұны туристік
экипировкадан, жорықтық өмір тәртібінен игеру; қозғалыс тәсілдерін
жетілдіру; аялдама орындарын таңдау мен дайындауға, түнеу жабдықтарына, от
жағуға байланысты арнайы іс-әрекеттерге үйрену; күрделі және ұзақ уақытты
жорықтарға қатысу үшін қажетті мысалы, ұстамдылық, күштілік, жылдамдылық
т.б. қасиеттерге тәрбиелеу болып табылады.
Туристік жорықтар туризмнің ең типті түрі болып табылады. Олар
айтарлықтай ұзақтылығымен (бірнеше күннен бір-екі айға дейін), бағыттарының
әртүрлілігімен және қозғалыс тәсілдерімен ерекшеленеді. Оларды
денешынықтыру және спорт комитеттерінде немесе аранйы туристік мекемелерде
тіркеу қажет, ал күрделі жорықтардың өткізілуіне арнайы рұқсат болуы керек.
Бұл жорықтарды жетекші-нұсқаушы, топтың құрамындағы ең білікті әрі
тәжірибелі турист басқарады. [6,12б].
Туристік жорықтарды мақсаттық белгісі бойынша төмендегідей етіп бөлуге
болады:
- сауықтыру;
- спорттық;
- оқу-жаттығу;
- ғылыми-танымдық;
- қызық оқиғалы (экзотикалық).
Спорттық жорықтар спорт саласына жатқызылады: олар үшін маршруттардың
белгілі бір күрделілігі, жолдың ұзақтылығы, бөгет-кедергілердің
күрделілігі, қоныстанылмаған жерлерде болудың жағдайлары, әртүрлі
қиындықтағы сынақ жорықтарының саны бекітіледі. Спорттық жорықтар дәл
физикалық тәрбие мақсатында ең мамандандырылған түрі болып табылады.
Үгіттеу-бұқаралық жорықтары қандай да бір ірі қоғамдық-саяси немесе
спорттық оқиғалар құрметіне өткізіледі, халықты туризмге тарту және
туристік жұмыстар тәжірибесімен алмасу мақсатында жүргізіледі.
Экспедициялар - қандай да бір объектіні (географиялық, геологиялық,
өлкетану, тарихи және т.б.) зерттеу мақсатында іздестіру мақсатында болатын
туристік саяхаттар. Экспедицияларда қозғалыс түрі белсенді (жаяу, шаңғы
т.б.) және белсенді емес (көлік) түрде болуы мүмкін.Экспедицияларда
физикалық тәрбие құралы ретінде тек белсенді қозғалыс іс-қимыл көмегімен
болатын туристік шаралар ғана қарастырылады.
Территориялық белгі бойынша жорықтар жергілікті және ұзақ, ұйымдастыру
сипаты бойынша - жоспарланған (жолдамалар бойынша) және өзіндік болып
бөлінеді. Жолдамалар бойынша саяхаттар белгілі бір, алдын ала әзірленген,
сипатталған, ал кейде белгіленген маршруттар бойынша өткізіледі.Туристер
жол бойында түнеу орындарымен, тамақтанумен, жергілікті көлікпен, экскурсия
жүргізушінің қызметімен қамтамасыз етіледі.
Өздік саяхаттарын денешынықтыру ұжымдарының кеңестері, туристердің
клубтары, туристік лагерьлер мен базалар, балалар экскурсиялық-туристік
станциялары, мектептер, жеке туристік топтар ұйымдастырады. Бұл жерде
туристер өздері маршрутты таңдайды және оны әзірлейді, жолда туристер
өздері-өздеріне қызмет көрсетеді. Бұндай саяхаттар ақылы саяхаттардан арзан
болады және топтың қанша уақыты болса, соншаға есептеліп өткізіледі.
 Туристер өздеріне қолайлы әрі қызықты, жастарына, физикалық
дайындылықтарына сәйкес келетін қозғалыстың тәсілдерін қолданады. Бұндай
саяхаттар денешынықтыру қозғалыстарының міндеттеріне толығымен жауап
береді.
Қозғалу тәсілі бойынша саяхаттар жаяу, тау, су, шаңғы, велосипед,
аралас, автомобильді және мотоцикльді болып бөлінеді.
Күрделілігінің өсуіне байланысты өздік саяхаттар 1, 2, 3, 4 және 5-ші
дәрежелі күрделіліктегі демалыс күнгі жорықтар және көпкүнді саяхаттар
болып жіктеледі. Жорықтардың күрделіліктері оның ұзақтылығымен, санымен,
бөгет-кедергілерінің сипатымен және сол туризм түріне тән басқа да
факторлармен анықталады. Жорықтардың қарапайым түрлерінен ең күрделі
түрлеріне ауысу жорық жетекшілері мен оның қатысушыларының біртіндеп,
жүйелі түрде жинақтаған тәжірибелері жағдайында мүмкін болады.
Демалыс күнгі жорықтарының мақсаты белсенді түрдегі демалыс, барған
жердің табиғатымен, өмірімен танысу болып келеді. Олар бүкіл халықты
туризмге шақыруға бейім болып саналады. Демалыс күнгі жорықтар көпкүнді
саяхаттарға және туристік жарыстарға жаттығу үшін де ұйымдастырылады.
Кез келген ұзақтылықтағы және күрделіліктегі саяхаттар белсенді және
танымдық демалыс мақсатында болады. [7,45б].

1.2 Спорттық-сауықтыру туризмінің түрлері және ерекшеліктері

Спорттық-сауықтыру туризмі нысаналы мақсатты функцияға ие - ол табиғи
кедергілерді өтудегі спорттық жетілдіру. Бұл адамның кесіп өткен жері
бойынша қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті біліктер мен дағдыларды,
білімдердің барлық кешенін жетілдіру және күрделі табиғи кедергілерді өту
үшін физикалық дайындықты барынша жетілдіру болып табылады.

Кесте 1 - Жаяу туризм талаптары

Жорық түрі Жүк, Жас
километраж
11-12 13-14 15-16 17
Біркүндік кг 3 4-5 56 68
км 12 15 20 24
Екікүндік кг 3 6 610 812
км 20 24 30-35 40
Үшкүндік кг - 6 8-12 1014-16
км 30 45-50 50-60
Көпкүндік кг - 6 814 8-1014-
км 12-15 17-18 16
20 дейін
Жорықтың ұзақтылығы   - 4-7 10-12 12-14
(күнмен)

Ескерту: мысалы, 56 деген көрсеткіште бөлінгіші 5 - қыздар үшін, ал
бөлгіші 6 - ұлдар үшін
Қайнар көзі: [5 ,6] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

Спорттық-сауықтыру туризмінің немесе белсенді туризмнің түрлері
келесідей:
- жаяу (жазық жермен саяхаттау, көбінесе жаяулатып);
- шаңғы (қыс мезгілінде шаңғымен саяхаттау);
- тау (арнайы техникалық құралдарды қолдану арқылы таулы жерлерде
саяхат жасау);
- су (қайық-құралдардың көмегімен су бетінде саяхаттау);
- велосипед (велосипедті пайдалану арқылы саяхаттау);
- авто-мото (моторлы қозғалыс құралдарын пайдалану);
- спелео (жердің табиғи қуыс, үңгірлеріне саяхаттау);
- салт атты (демалыс үшін қозғалыс құралы ретінде жылқылар
пайдаланылады);
- комбинирленген (қозғалыстың әр түрлі тәсілдері пайдаланылғанда және
маршрут әр түрлі туризм түрлерінен құралғанда).
Жаяу және тау саяхаттарын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Қарапайым жаяу жорықтар кез келген ауданда (туған өлкеде) отпуск және
демалыс күндері кездерінде өткізілуі мүмкін.
Маршрутты ең алдымен топтағы әрбір қатысушының күші мен нақты
тәжірибесіне, жорыққа сай келетін жабдықтардың болуы және жорық алдында
жаттығулар өткізу мүмкіндігіне негізделіп таңдалуы қажет. Бұл жерде шектен
тыс күш жұмсауға есептемеу қажет. Әсіресе маршруттың қиын әрі күрделі
бөліктерін (асулар, тасты- және тасқын қаупі бар, өзендер арқылы асулар,
үлкен биіктіктегі орындар, азимутты, қоныстанылмаған, қиын бағыт алынатын)
бөліп көрсету және оларды жеңіп өтудің толық жоспарын құру керек.

Кесте 2 - Тау туризмі ережелері

Жорық түрі Жүк, километраж Жас
11-12 13-14 15-16 17
Біркүндік кг 5 67 78 810
кмкүн 10 12 15 18
кмсағ 3 4 5 6
Екікүндік кг 6 7 79 810
екі күнге км 15 18 21-24 30
Үшкүндік кг - 8 810 1012
кмкүн - 9 12 15
үш күнге км - 27 36 45
Көпкүндік категориялыкг - 810 1012 1216
емес ұзақтылық (жүріс 
күні) 4-6 8-12 15
дейін
Көпкүндік категориялыкг - - 1216 1625
ұзақтылық (жүріс   - - 6-8
күні) - - 10

Ескерту: [5 ,6] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

Күндізгі жүру километражын есептеу орташа бүкіл маршрутқа есептеліп
жүргізіледі, ол маршруттың жеке бөліктерінің техникалық күрделіліктерін,
азық-түліктерді жұмсауға байланысты жеке кезеңдерде рюкзактардың салмағын
есепке алына жүргізіледі.
Жаяу саяхатта магниттік жіктеуді есепке ала отырып алдын ала барлық
азимуттарды есептеу қажет. Азимуттар карта нақты көрсетілген және
жергілікті жерде оңай табылатын орындардан басталуы және жергілікті жер
линиясына (өзен арансы, көл, теңіз жағалауы, теміржол жолы, тау массиві)
негізделген болуы тиіс. Жергілікті жердің нүктесіне азимут бойынша шығуды
жоспарлау ұсынылмайды, себебі кішігірім қателіктің өзі апатты жғдайға
әкелуі мүмкін.
Азимут бойынша қозғалыс бірден қиысқан жерлерде әсіресе, таулы жерде
болмайды.
Тау маршрутын жоспарлай отырып, жорық кезінде жергілікті жерде
маршруттың асу нүктелерін айтарлықтай биіктіктерде табу үшін алдын ала
азимуттарды есептеп алған пайдалы.
Арнайы қауіпсіздік шараларын әзірлеу қажет: егер топ өз ішінде
бөлінетін болса, байланыс және сигнал беру тәсілдерін, барлаушы топтарын
бөлу, апатты жағдайлар болған кезде іс-әрекет жоспарын құру керек. [8,51б].
Шаңғы туризмі. Қысқы саяхаттарда адам суықтың ұзақ әрі үздіксіз әсеріне
тап болады. Шаңғы жорықтарындағы қиындықтарды табысты жеңіп шығу ең алдымен
адамның суыққа қарсы тұруына байланысты, ол адамның жалпы физикалық
денсаулығымен емес, нерв жүйесінің дайындылығы, дағдыларымен анықталады.
Қысқы саяхаттардағы басты қауіп - бұл адамның өзін-өзі бақылауын
жоғалтуымен, жалпы психикалық жабырқаңқылығымен және ақыл-ес апатиясымен
бірге жүретін шамадан тыс шаршаушылық. Сондықтан да, басқа саяхат түрлеріне
қарағанда, бұндай саяхаттар үшін біртіндеп туристік тәжірибе жинақтау үлкен
маңыз алады. Шаңғы жорықтарын ұйымдастыруға, топ құрамына, маршрут
әзірлеуге, құрал-жабдықтар мен азық-түлік таңдауға, жорық алдындағы
жаттығуларға осы жағынан келу керек.
Шаңғы жорығы ауданын таңдай отырып, ауданның спецификалық
ерекшеліктерін білу маңызды: мысалы, тұрақты қар жамылғысының болуы, күн
бойындағы жарық мезгілдің ұзақтылығы, жергілікті жердің рельефі, тасқын
қауіптілігі, қар сипаты, метеорологиялық жағдай, орманның болуы,
қоныстанушылығы, қоныстанған пунктерге тез шығу үшін мүмкін жолдар.
Шаңғы жорықтары ұйымдастыру бойынша айтарлықтай күрделі,арнайы
жабдықтарды, әртүрлі жағдайларда шаңғыда қозғалу техникасын игеруді талап
етеді. Рюкзактардың үлкен салмағы, төмен температура, аязды күндердегі жел
қатысушылардың өте жоғары физикалық дайындылығын, шынығуын талап етеді.
Жаяу және таулы-жаяу жорықтардың басты ережелері шаңғы туризміне де
таралады, бірақ оның өзінің ерекшеліктері бар.
Шаңғы жорықтары кезінде қатысушылардың физикалық дайындылығы мен жасына
байланысты түсетін күштің сәйкес келу қажеттілігін есте сақтау қажет.
Ересек туристер үшін күндізгі жүру күніне 25-30 км құрайды. Бұндай
жүруді жаттыққан топ аса күш жұмсаусыз, үнемі жаттығусыз орындайды,
әсіресе, көпкүнді жорықтарда, бұндай жолды жүру қиын.
Мектеп оқушыларымен жорықтарды ұйымдастыру кезінде дала жағдайында
түнеуді жоспарлауға рұқсат етілмейді. Жаңадан үйреніп жүрген ересек адамдар
үшін де бұндай түнеуді ұйымдастырмаған дұрыс болады.
Көпкүнді жорықтарға бірнеше сынақ біркүнді, екікүнді жорықтардан кейін
ғана рұқсат етіледі. Жаттығу сынақ жорықтарында қозғалу техникасын басында
жүксіз, содан кейін жорықта алатын жүкпен шығып игереді. Соңғы жаттығу
жорықтарының жоспарына көпкүнді жорықтардың жоспары бойынша күндізгі
жүрістің ең үлкен бөлігіне тең күндізгі жүрістер енгізілуі тиіс.
Топтың құрамына 10-12 адам кірген ең тиімді болады. Қозғалыс кезінде ол
аз созылады және бір-бірін көру қашықтығында болады. Осындай топ үшін түнеу
үшін қолайлы орын табу оңайырақ. Туризмнің кез келген түрі бойынша жорыққа
топты іріктеу кезінде қатысушылардың бірдей физикалық және техникалық
дайындықта болғандары ескерілуі қажет. Бұл шаңғы жорықтары үшін әсіресе
қажет. Бұған кері жағдайда  артта қалған туристерді тосамыз деп, күшті
туристердің өздері аяздан зардап шегулері мүмкін. Ересек шаңғышылар-
туристер тобының жетекшісі шаңғы туризмі бойынша инструктор болуы тиіс.
Шаңғы саяхаттарына арналған құрал-жабдықтар
Біркүнді жорық үшін турист шаңғышының әдеттегі киімін кисе болғаны, ал
рюкзакқа күрдеше, свитер, қолғап және носки салып алу керек.
Көпкүнді жорықта 1-2 жүн свитер, көйлек, қалың материалдан тігілген
киім,трикотаж трусилар, тығыз материалдан тігілген шалбар, боранға қарсы
киетін костюм қажет. Қозғалыста адам басына жүн шлем немесе шаңғыға
арналған шапка, жел кезінде боранға қарсы киетін костюмнің коапюшонын
киеді. Аяққа мақтадан жасалған носки, оның сыртынан температураға
байланысты бір немесе екі жүн носки киеді. Шаңғы ботинкаларының аяқта ұстап
тұратын шнурлары, үсті жұмсақ тері болады. Оларды толық комплект носкилерді
және киіз ұлтарақ салып кигенде табанды бүккен кезде қысылмайтындай, аяқ
саусақтары қозғала алатындай болуы керек. Ботинкаларға қар кіруден қорғау
және аяқты жылыту үшін бахилдарды (ботинка сыртына киіледі) қолданады.
Рюкзакта запаста мех немесе мақта куртка, құлағы түсірілетін шапка, ішкі
киім, мақта немесе жүн носки, фильтр-көзілдірк болуы тиіс.
Шаңғыларға негізгі талап - бұл мықтылық, жеңілділік.  Жорықтарға
араналған шаңғыларды үш типке бөлуге болады: спорттық-жүгіріс, туристік,
слаломды. Спорттық-жүгіріс шаңғылары жаттығулар, жарыстар және демалыс
күнгі жорықтар үшін қолданылады. Егер маршрут жазық немесе нашар қиылысқан
жерлер, қалың тығыз қарлы жерлермен болса, бұндай шаңғылар көпкүнді
жорықтар үшін де келеді. Спорттық-жүгіріс шаңғыларының ені 6 см, ұзындығы
туристің бойына қарай таңдалынады. Шаңғы таңдаудың жалпы қабылданағн
ережесі - вертикаль қойылған шаңғының басына жоғары көтеріліп тартылған
қолдың білезік сүйектері жетуі тиіс.
Туристік шаңғылар өте күшті қиылысқан, бұдырлы қарлы және  жолсыз
жерлермен болатын жорықтарда ұсынылады. Олар спорттық шаңғылардан  2 см
ендірек, оларға қарағанда қаттырақ және мықтырақ. Күрделі тау жорықтары
үшін ені бүкіл ұзындығы бойынша кеңірек емес, бас жағы кеңірек шаңғылар
жақсы келеді. Орманды, терең әрі бұдырлы қарлы жерлермен қозғалыс үшін
шаңғылардың басының иілуі 12 см аз болмауы, ұзындығы шамамен 30 см болуы
тиіс. Ұзындығы бойынша таңдау, спорттық-жүгіріс шаңғыларын таңдау сияқты
таңдалады.
Слаломды шаңғылар ені бойынша туристік сияқты, бірақ, 15-20 см
қысқарақ, айтарлықтай мықтырақ әрі ауырырақ. Оларды туристік  жорықтарда
күрделі асу маршруттарында тәжірибелі әрі күшті туристік топтар қолданады. 
Жазық асу көтерілімдері мен түсулері бар қарапайым тау маршруттарында ені 6-
7 мм және қалыңдығы 1-1,5 мм болатын болаттан жасалған көмкермесі бар
шаңғылар жарайды.
Шаңғы қыстырмалары жорық пен шаңғы жағдайларына байланысты таңдалынады.
Спорттық-жүгіріс шаңғыларына қатты ранттық қыстырмалар салған жақсы болады.
Олар жеңіл, ыңғайлы және сенімді. Осы қыстырмалардың алдыңғы бөлігінде
шамамен биіктігі 6-7 мм болатын төрт шиптар болады. Шаңғы ботинкасының
табанында олар үшін тесік бұрғыланады. Ботинкалар шиптардан шығып кетпес
үшін оны металл дужкамен басады. Қатты қыстырмалардың екі түрін шығарады:
36-40 және 41-45 размерлі аяқ киімге арналған.
Көпкүнді күрделі жорықтар үшін раттық қатты қыстырмалар келмейді.
Бұндай маршруттарда жартылай қатты қыстырмаларды қолданған дұрыс. Бұндай
ботинкаларда ботинканың ранты реттеледі.
Дужкалардың орнына ремень қолданылады. Екінші ремень ботинканы өкшесі
арқылы басып тұрады, оның артқа жылжып кетпеуіне және алға шығып кетпеуіне
әсер береді. Ремень тартпалары үшін аранйы құлып салынады.Бұндай
қыстырмаларды универсалды деп атайды, себебі оларды шаңғы ботинкаларын
қыстыру үшін ғана емес, басқа да аяқ киімдерді қыстыруға арналады. Топтың
барлық қатысушыларында бірдей қыстырмалар болғаны дұрыс. Бұл жөндеу
қорпашасының салмағын азайтуға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Ботинка өкшесіне қар жабысып қалмас үшінжүк площадкасына резина орнатпа
салады. Ол 2-3 мм қалыңдықтағы микротесікті резинадан жасалғаны жақсы.
Шаңғы таяқтары дюроалюминий трубкалары, пластмассалар, ағаштардан
жасалады. Ересектер үшін 4 размер: 1,25; 1,35; 1,45; 1,50 м шығарылады.
Таяқтың ұзындығын таңдау кезінде мына ереже бар: таяқ шаңғышының қолтығынан
биік болмауы керек. Жорықтарда тері ременьімен байланған ағаш немесе металл
дөңгелектері бар таяқ қолданылады. Қолға киілетін ілгектер кең болады,
таяққа қатты бекітілген болады.
Жорықтар кезінде шаңғы, қыстырма, таяқтарды жөндеу үшін инструменттер
келесі жөндеу жиыны және материалдар, қосымша бөліктер қажет: бұрағыштар,
қысқыштар, напильник, шило, балға, қайшылар, жеңіл қыстыртпалар,
қыстыртпалар құлыптары, дөңгелектер, 5 адамға бір запас шаңғы, фанер,
алюминийқаңылтыр пластинкалар, жез және темір сымдар, шпагат, ұсақ және ірі
шегелер, әртүрлі размерлі шуруптар, арқан, жіптер.
Жөндеу үшін жалпы инстументтер мен материалдар үшін жолда әрбір турист
рюкзагында пышақ, сым, шпагат болуы керек.
Бахилалар - ботинканы қардан қорғауға арналған қарға қарсы брезент
чулкилар. Олар көпкүнді жорықтарда терең бұдырлы қарлы жерлермен жүрген
кездерде қажет. Бахилалардың тиімді формасы тік төртбұрышты мешоктар
түрінде болады. Оның ені ботинка периметрінің жартысынан артық, биіктігі
тізеге дейін немесе одан жоғары. Оның жоғары бөлігіне жәнетабанына резинка
тігіледі. Ботинка биіктігінен төмен мықтылық үшін қосымша брезент қабаты
тігіледі.
Жел мен бораннан қорғану үшін размері 2*20 см болатын фланелден
жасалған, көз бен ауызға арналған тесігі бар  маска қолданылады. [9,73б].
Су туризмін ұйымдастыру мен өткізу ерекшеліктері 
Cу туристік тобындағы қатысушылар саны оларды бір адамның қиындықсыз
жетекшілік ете алатындай құрамда, барлық мүшелер үшін шаруашылық
міндеттерді орындауда кедергі болмайтындай болуы тиіс.  Ал қайықтар саны
апат болған жағдайда өзара көмек көрсете алатындай болғаны дұрыс. Бұл
талаптарды адамдар мен қайықтардың келесі минимальді әрі оптимальді санын
қабылдай отырып қанағаттандыра аламыз:

Кесте 3 - Су туризмі талаптары

Қайық түрі Минимальді саны Оптимальді саны
қайық адам қайық адам
Ял-4 2 10 3 15
Фофан 2 6-8 3 12
2-орынды 2 4 4 8
байдарка
3-орынды 2 6 3 9
байдарка

Ескерту: [5 ,6] әдебиеттер негізінде автор құрастырған

Сонымен қайықтар екеуден кем болмауы тиіс. топ мүшелерінің саны 8-ден
асып кетсе, кездейсоқ адамдар кірсе қайықты суда басқару қиынға соғатыны
тәжірибе көрсетті. Бұл аз мөлшерде жетекшілігі әскери сипат алатын
ялдардағы жорықтарда көрінеді.
Су саяхатында міндеттерді бөлу ерекшелінеді: су саяхатында қайық
командирі (штурман) болады. Қайық командирлері қозғалыс үстінде және
тұрақтаған кездерде басқарып отырады, олардың дұрыс жұмыс істеуіне және
топтың жүтерінің сақталуын қарап реттейді, қатысушылармен қатар кезекпен
ескекте және рульде отырады. Байдаркада командир соңғы орында отырады.
Штурман жол есептеуін, жорық күнделігін жүргізеді, карталарды сақтайды, ауа
райын беріп отырады.
Маршрутты таңдай кезінде тек су туризміне тән бірнеше ерекшеліктерін
ескерген жөн. Суда турист тек өзен мен жағалауды ғана көреді. Сондықтан
саяхаттар үшін көркем әрі түрлі ландшафты жағалауы бар өзендер болғаны
жақсы. Жорықты өзеннің қызықты бастауынан бастаған жақсы.
Жорық үшін кіші, қайықтар аз жүретін табиғатта демалыс үшін үлкен
мүмкінділігі бар өзенді таңдау қажет. ірі, қайықтар жүретін өзенде турист
өзі білмейтін қалалармен танысады, бірақ олардың арасындағы жолды ескекті
де, тіпті моторлы да қайықпен емес, теплоходпен жүрген ыңғайлы болады.
Су саяхаттарының туризмнің басқа түрлері алдында артықшылықтары бар. Су
туристі палатканың көлемімен де, салмағымен де қысылмайды, ол өзімен бірге
киім, балық аулау құралдарын, итін, көбірек азық-түлік алады.
Су саяхаттарының маршруттары жолдың күрделілігіне, ондағы бөгет-
кедергілердің сипатына және ондағы қиыншылықты  жеңіп өтуіне байланысты бес
дәрежеге бөлінеді. 1-ші дәрежеліге туристтердің жеңіл өтуіне болатын
кедергілері ғана бар ақырын ағыстағы жазықты өзендер жатады. 2-ші дәрежелі
күрделілікке ағысы тез ағатын таулы, орманды өзендер тән. 3-ші дәрежелі
саяхаттарға күрделірек бөгеттері бар өзендер мен көлдер бойынша маршруттар
енгізіледі. 4-ші және 5-ші дәрежелі маршруттағы саяхаттар анық көрінетін
спорттық сипатта келеді,бұндай саяхат әдістемесі арнайы жетекшілікпен
болады.
Құрылуы бойынша су саяхаттарының маршруттары мынадай болады:
1) бір немесе бірнеше өзендер ағысы бойынша төмен қарай жүзу;
2) көл немесе су қоймаларын басып өтетін өзендердің ағысы бойынша төмен
қарай жүзу;
3) жарты дөңгелекті маршрут - бұнда маршруттың бастапқы немесе
дөңгелекті келетін бөлігін ағысқа қарсы жеңіп өтеді. Егер жарты дөңгелектің
басы және соңы құрғақ жолмен біріксе, бұндай маршрут айналмалы
(кругосветка) деп аталады.
4) топтың бір өзеннен басқаға қайықтары мен жүктерімен "ауысып" жүруі.
5) аралас типті маршрут. Маршрутты бастайтын немесе аяқтайтын су
плоттарымен бірге болатын жаяу-су саяхаттары ең әйгілі.
6) цептік маршрут - бірнеше кезеңге бөлінген қандай да бір су жолы
бойынша өтеді. Маршруттарын аяқтай отырып, топ қайықтарын сақтауға
қалдырады, өздерінің саяхаттарын келесі каникулдық мерзімде жалғастырады.
7) цептік маршрутта бірнеше топтың арасында қайықтарды қолдануды бөле
және кезеңдерді өту кезектілігін бекіте отырып, оны эстафеттіге айналдыруға
болады.
Құрал-жабдықтар және кейбір қайықтардың түрлері
Кез келген туризмнің түрінде құрал-жабдықтар маңызды роль ойнайды. Жаяу
да және су туризмінде де олар жеке және қоғамдық болып бөлінеді.
Су туризмінде жеке жабдықтарға рюкзак, гидроқап, спальник, төсеніш,
гигиеналық жабдықтар, жеке тасу заттары, құтқару жилеті, каска, т.б.
жатады.
Егер туристік немесе спорттық жорықтар каякта өтетін болса, кая жеке
жабдық болып табылады. Өз кезегінде мынадай қайықтар, рафттар,
катамарандар, плоттар немесе бубельдер қоғамдық жабдықтарға жатады.
Егер осы қайықтарды "қауіп" топтамасы бойынша бөлетін болса, онда каяк
бірінші класты алады. Бұл Солтүстік халықтарынң алғаш қолданған бір орынды
қайығы. Ол 360 градусқа айналым жасауға ("эскимостық айналым" деп аталады)
мүмкіндік береді. Каяктардың әр түрлері болады: сорттық, ағытпалы,
родейлі. Су туризмінде қайықтың бұндай түрі үлкен орын алады. Каяктар тау
өзендерін өту, экстрим-ағыстар үшін және кедергілерді өту үшін қызмет
етеді.
2-ші класқа катамаранды (тамильдіктерден каттумаран сөзі - біріккен
бөрене) жатқызуға болады. Су туризмінде ол екі үрленген "банан - гондол"
түрінде болады. Бұндай қайықтар VI дәрежелі күрделіліктегі құйынды ағысты
өзендердегі жорықтарға арналған ағытпалы катамарандар болып бөлінеді.
Спорттық ағытпалы катамарандардан көлемі (ағытпалыдан қарағанда кіші) және
ұзындығы (спорттық ұзын) бойынша айрықшаланады. Катамарандар екіорынды және
төрторынды болады. Бірақ осы туризм түрінде төрторынды катамарандар бұрынғы
кезде қалды. Себебі, су туризмі өзіне экстримді енгізген, туристер асау
өзен ағысынан қорқынышты жеңуге тырысады.
Үшінші класқа рафттар жатады. Бұл қайық үлкен үрделген қайық түрінде
келеді. Ол төрторынды, алты және сегіз орынды болады. Су туризмінде рафттар
айтарлықтай орын алады.
Келесі қайықтың түрі - бубель, 4-ші класқа жатады.
Бұл қайық - әрбір дөңгелегінің ішкі диаметрі шамамен үш метр болатын
екі үлкен үрленген дөңгелек. Екі дөңгелек өзара бір-бірімен титан ставымен
біріккен. Бұл қайықта есуші дөңгелектің ішінде, яғни гондол қарама-қарсы
жағында болады. Бубель жағалаудан бастап жүреді. Жағалауда тұрған команда
экипажға арқанды лақтырады. Қайық экипажы арқанды қағып алады, оны
байлайды, содан соң қайықты жағаға қарай тартады.
Бубель де рафт сияқты команданы жақындастырады, оны бірлескен етеді.
Су туризмімен және басқа да туризмнің түрімен айналысатын кез келген
адам әрқашан жанындағы адамға көмек көрсетуге қолын созады, сәтсіздіктерді
жоюға көмектеседі және бәрімен бірге жалпы жеңіске қуанады. [10, 144-
148бб].
Велосипед туризмін ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері
Велосипед туризмі, өзіндік туризмнің түрі - велосипедпен болатын
саяхаттар және спорттық жорықтар. Велосипедпен кез келген жолды өтуге
болады, соқпақ жолдарды және қарапайым тегіс жерлерді өтеді, онымен терең
орлар арқылы да, құмды жерлерді де, тасты тау жолдарын да, өзенді де кесіп
өтуге болады. Күніне қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы мен оны
жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел
кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті
өзі алып жүрмейді, ол барлық жүкті веломипедке тиейді. Экологиялық жағынан
велосипед ең таза көлік түрі.
Велосипед туризмінің өзінің артықшылықтары болады. Жаяу адам жүре
алатын жерлерден велосипедші өте алады. Велосипедші айтарлықтай аз
шаршайды, ал қозғалыс жылдамдығы бірнеше рет артық болады.Сондықтан да
велотуристердің маршрут таңдауда  кең мүмкіндіктері бар. Туристің жасы мен
физикалық жағдайын есепке алып отырса, велосипед жорықтары әртүрлі жастағы
және мамандықтағы адамдарға қол жетерлік және пайдалы.
Велотуристер тобындағы адамдардың ең қолайлы саны 4-8 адам.
Велосаяхатқа қатысушылардың барлығы велосипедті қарапайым жөндеу, реттеу
жәнежинау бойынша білімдері болуы тиіс және өздері велосипедте жүру
техникасын жақсы игеруі тиіс.
Жаңадан бастаған туристер қоныстанған және жол желістері дамыған
маршруттарды таңдағандары дұрыс; ал жеткілікті тәжірибелері бар топ күрделі
маршруттарға да шыға алады.
Бірақ маршрутты таңдау кезінде жер-топырақ қабаты артық қиындықтар
тудырмайтын, саяхат үшін климаты мен жолдары қолайлы жерлерді таңдаған жөн,
ал жолсыз, күрделі қиылысқан рельефті жерлер маршруттың жалпы ұзындығының
10-15%-нен аспауы керек.
Велосипед қозғалыс құралы ретінде кез келген рельефті және кез келген
жолды маршрутты таңдауға мүмкіндік береді. Жергілікті жердің рельефі, ауа
райы және жолдарының сапасына байланысты орта күштегі топ демалыс кезінде
400-ден 1000 км дейін жол жүре алады.
Велосипедті көліктің барлық түрінде алып жүруге жеңіл. Бұл туристердің
тұратын жерлерінен алыс жерлерге саяхаттауына және маршруттың кейбір
бөліктерінде теміржол, автомобиль, өзен немесе теңіз көлігін қолдануға
мүмкіндік береді. Жақсы жетілдірілген жолдар бойынша өтетін маршруттарда
1,25 л күштіліктегі Д-5 типті велосипед двигателін қолдануға болады. Ол
жинақы, қарапайым, 35-45 кмсағ жылдамдықта жүре алады; оның жол жылдамдығы
15-25 км. Жанармайға арналған багы 2, 3 л, бір толтырғанда 150-160 км жолға
жетеді (20 кмсағ жылдамдықтағы әрі жол сапасына байланысты).
Двигательсіз велосипедпен жүргенге қарағанда, двигателі істемейтін
велосипедте жүру қиынырақ. Сондықтан двигательсіз велосипедтер тобына
двигательді велосипедті қосу тиімсіз. Арнайы веломоторлы топты жинақтаған
жақсы болады. Сондай климат және жолбжағдайында бұндай топ демалыс кезінде
1500-2000 км жеңіл өте алады.
Велосипед туризмі, өзіндік туризмнің түрі - велосипедпен болатын
саяхаттар және спорттық жорықтар. Велосипедпен кез келген жолды өтуге
болады, соқпақ жолдарды және қарапайым тегіс жерлерді өтеді, онымен терең
орлар арқылы да, құмды жерлерді де, тасты тау жолдарын да, өзенді де кесіп
өтуге болады. Күніне қозғалыс қарқынына, ауа райына, жол жағдайы мен оны
жеңіп өтуіне байланысты велотуристер 40-тан 120 км дейін (арттан соққан жел
кезінде 45-тен 140 км дейін) жолды жүріп өтеді. Саяхатта велотурист жүкті
өзі алып жүрмейді, ол барлық жүкті веломипедке тиейді. Экологиялық жағынан
велосипед ең таза көлік түрі.
Велосаяхатқа қажетті құрал-жабдықтар.
Велотурлардың жабдықтарына кез келген жорықта қажетті қарапайым
заттардан (палатка, ыдыс-аяқ)  басқа міндетті түрде  жөндеу үшін кілттер
комплектісі, велоаптечка және запас детальдер (спицалар, тормозные колодки,
чайки, шайбы, шарикоподшипники), запас дөңгелек немесе камера, иілгіш болат
трос және велосипедте жүру үшін ыңғайлы киімдер, қатты табанды кроссовки
кіреді.
Велотурист өзіне киген киімінен басқа 2 пар іш киім, майка, 3-4 пар
носки, жеңіл сыртқа киетін костюм және жеңіл аяқ-киім (тапочка, кеды) алып
шығуы қажет.
Бас киім - мақта материалынан жасалған берет немесе панама, пластикалы
козырегы бар "курорттық" ақ немесе түсті шапка.
Жейде - жабылатын екі кеуде қалталы жеңіл материалдан жасалған
(ковбойка), тығыз тегіс мақта материалдан қысқа шорты, маса-шіркейлері көп
аудандар үшін - аяқ жағы резинамен жиналған, ұзын сатин немесе трикотаж
шалбар.Саяхат ауданына байланысты таңғы және кешкі суықтан қорғану үшін жүн
свитер және жүн носки қажет.
Түкті материалдан жасалған киім алмаған дұрыс, себебі түкті матаға
жолдағы шаң-тозаң жеңіл тұрып қалады, егер бұндай киім су болып қалса, оны
кептіру үшін айтарлықтай уақыт қажет етіледі.
Аяқ-киім жеңіл, мықты, жаяу қозғалыс үшін ыңғайлы, аласа өкшелі және
велосипед педаліне турист табанын майыстырып алмас үшін жетерліктей қатты
табанды аяқ-киім болуы тиіс.
Бұлтты ауа райы үшін су өткізбейтін куртка, плащ немесе плащ-жамылғы
(тіпті болмаған жағдайда, тоқтаған кезде қолданатын скатерть ретінде
пластикалық пленка) болуы керек.
Басқа жабдықтар
Велосипедпен саяхатқа шығатын әйел адамға арналған костюм, ер адамға
арналған киімнен айрықшаланбайды.
Жарық күн сәулесінен күнді қорғау үшін жасыл немесе мұнарлы түсті
мөлдір пластикалық козырек немесе күннен қорғайтын көзілдірік болғаны жөн.
Мотовелотуристің киімі жылы болуы тиіс. Оған мақта-матадан жасалған
шаңғы костюмі, қара тығыз материалдан жасалған жартылай комбинезон, жел
өткізбейтін куртка, боранға қарсы костюм келеді.
Велосипедтер біртипті болған кезде топтың запас бөліктерінің  жиынын
келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Жастар туризмінің мәні
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
Спорттық-сауықтыру туризмі
Белсенді туризм тарихы
Әлемдік спорттық туризм ареналары
Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы
ҚР - дағы су туризм маңыздылығы және дамуы
Туризм түсінігі
Пәндер