Ә.Бөкейхан – қазақ халқының ұлы


Жоспар:
І КІРІСПЕ Ә. Бөкейхан - қазақ халқының ұлы . . . 3
ІІ. 1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Әлихан отбасы мен балалық шағы, оқу жылдары . . .
ІІ. 2 Әлихан Бөкейхан ормантанушы, ғалым, экономист . . . 7
ІІ. 3 Әлихан Бөкейхан тарихшы-ғалым . . . 9
ІІ. 4 Әлихан Бөкейхан -қазақтың мал шаруашылығын зерттуеді ғылыми жолға қойған бірегей ғалым . . . 11
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 13
І. 1. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға-Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып «буржуазиялық ұлтшылдықтың» синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан мол аманат-мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты. Көрнекті қоғам қайраткері - Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, І Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты IV Мемлекеттік думасы мұсылман фракцияның Бюро мүшесі, Санкт-Петербор масоны, қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы; ғұлама ғалым - ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист.
ІІ. 1. Ә. Н. Бөкейхан 1870 жылы бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі 7-нші ауылда дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қараған Қаратал совхозының жері. Бұл ауыл қазір атамыздың есімімен Ә. Н. Бөкейхан ауылы болып аталады.
Әлихан ата тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре тұқымынан Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі. Бөкейханның бес әйелінен он бір ұл болған. Он бір ұлдың бірі Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туады.
3
Мырзатайдан Нұрмұхамед Әлиханның әкесі, елдегі аты Мұқан Қоске, Шолақ, Әптіхан; Нұрмұхамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзіхан, Тәтіхан деген бес ұл мен Нұрбек атты бір қыз туады. Әлихан тұңғышы. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Көзі ашық, көкірегі ояу Әлихан молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш кластық мектепке өз еркімен ауысып кетеді. Бұл әрекетін бір келгенінде естіп білген Нұрмұхамед қарсылық білдірмейді, ақ батасын береді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түседі. Училищені ойдағыдай бітіргеннен кейін Қарқаралы уезі бастығы оған «Бұл куәліктің иесі Қарқаралы уезі Тоқырауын болысы сұлтанының баласы, мұсылман, он алты жастағы Нұрмұхамедұлы Әлихан, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған мектепте 1879 жылдың 16 қыркүйегінен 1886 жылдың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп оқу барысында үлгілі тәртіп танытты. қарқаралы қаласының үш жылдық училищесінде 1886 жылдың маусымында болған соңғы сынақтан өткеннен соң, қалалық училише курсының сабақтарын «өте жақсы» деген бағамен бітірді делінген аттестат алды және бұл кәсіппен өз бетінше шұғылдануға ерікті» - делінген куәлік береді. Бұл куәлік 16 жастағы Әлиханға Омбыға келіп, жергілікті 4 жылдық техникалық училищеге «пансионер» болып қабылданып болып қабылданды. Омбының Техникалық Училищесі(ОТУ) 1882 жылы Ресей императорының жарлығымен ашылған. Училище жаңа салына бастаған Сібір темір жолы торабына арнап төменгі
4
техникалық мамандар даярлауға тиісті болатын. Училищеге қабылдау талабы айтарлықтай қатаң болған. Біраз балалар училищенің емтихандарынан өте алмай қайтып кетіп жатқан. ОТУ-дың төртжылдық курсында дәстүрлі сабақтармен қатар, те, ориялық механика, көтергіш мәшинелер мен сорғыштар сияқты күрделі пәндерді қамтитын. Ағаш өңдейтін, темір құрал-сайман жөндейтін шеберхана мен физика-химия кабинеттерінде күнбе-күн сабақтар өткізілетін. Ал 3 кластан 4 класқа өтетін жылы оқушылар зауыттарға, диірмен және теміржол шеберханаларына тәжірибелік жұмыстарға жіберілетін еді. Әлихан жазғы демалыс күндерін елінде өткізетін. Ал оқу бітіретін мезгіл жақындағанда, ОТУ директорына өзінің оқуын жалғастырғысы келетіндігін, Санкт-Петербордың императорлық орман институтына түспек ойы бар екендігін білдіреді. Директор өз тарапынан Қарқаралы уезі бастығына «Әлиханның өте жақсы оқып, үлгілі тәртіп көрсетуіне байланысты . . . оның жоғарғы оқу орнына баруы өте қажет, сол себепті оған оқуға бару үшін қазақ қауымдастығы стипендиясы берілуі жалғаса берсін . . . »-деген өтініш хат жолдайды. Тағы бір айта кететін жай: сол, 1890 жылы мамыр айында ол ОТУ директоры Н. Е. Доброхотовқа өзінің фамилиясының Нұрмұхамедұлы емес Бөкейхан екендігін білдіреді. Әлихан Бөкейханның кейін лауазым аттары көп болған. Көп зреттеу мақалаларына «Қырғыз баласы», «Сын степей», «V», «Киргиз-степняк», «Туземец», «Арыс ұлы», «Қ. Б. », «Ғ. Б. », «А. Б. » деп қол қойып отырған. Әлиханның қай жылдан бастап «Бөкейхан» фамилиясын алғандығын дәл айту қиын. Омбының техникалық училищесін «техник» мамандығымен
5
бітірді деген 1890 жылы маусымның 14 күні табыс етілген аттестат: «Сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы» атына толтырылған. Ондағы оқуды жиырма жастағы Әлихан орыс тілі мен орыс тарихынан, геометрия, алгебра, тригонометрия, физика, механика, ағаш пен металды өңдеу тәсілдері, есептеу мен құрылыс өнері сабақтарынан «үздік» ; сызу, сурет салу пәндері мен шеберханалардағы тәжірибе жұмыстарынан «жақсы» деген бағамен бітіреді. Құдай заңы сабағынан Әлихан мұсылман болуына байланысты босатылған. 1890 жылы Дала генерал губернаторы канцеляриясынан Орман институтының профессоры Бородинге жазылған ұсыныс-
хатын және қазақ қауымдастығынан берілген 200 сом стипендияысын алып «қырғыз баласы» - сұлтан Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Ресей империясының астанасы Санкт-Петерборға ат басын түзейді. Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік күндерін қалай өткізгендігі жайында Англияның әйгілі білім ордасы -Оксфорд университетінің «Орта Азияны зерттеу қоғамы» өзінің «Қазақтар 1917 жылға дейінгі орыстар туралы» атты кітабында Ә. Бөкейхан жас кезінде орнықты революционер, социалист болды және Зарзаман атты орыстарға қарсы әдеби топтың мүшесі болды, - деп жазады. Әлихан күнделікті сабақтарына қоса, студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа да студенттік үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Осы жылдары Әлиханның саяси көзқарасы қалыптаса бастайды, екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым-қатынастардан әлі арыла қоймаған. Рулық,
6
феодалдық күрес-тартыстардан көзін аша алмаған туған халқының тағдыры оны қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандық шырмауынан құтыла алмай отырған халқына, ең алдымен білім мен мәдениет керек екендігін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдениеті жоғары елдері санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат қылып қояды.
Әлихан Бөкейхан жандармерия басқармасының назарына алғшқы рет осы жылдары-ақ ілігіп, саяси сенімсіздердің қара тізіміне алынады.
ІІ. 2 Ол қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, қысқасы, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың бірі. Санкт-Петербордың Орман институтын орман экономисі мамандығымен бітіреді де, 1894 жылы Омбы қаласына қайта ораладыОралған бойда алдымен төменгі дәрежедегі орман мектебіне қабылданып, екі жылдай уақыт өз мамндығы бойынша дәріс оқиды. 1896 жылдан бастап Әлекең ғылыми жұмыстарға көңіл бөледі. Әлихан щербина экспедициясының Семей облысына қарасты Павлодар, Қарқаралы, Семей уездері мен Ақмола облысының Омбы уезінде жүргізілген жұмыстарға тікелей қатынасып, алуан түрлі деректі материалдарды жинайды. Үйді-үй, қора, мал санын есепке алады. Экспедиция жұмыстары біткеннен кейін, жиналған бай материалдарды іріктеп, белгілі тәртіпке келтіріп өңдеп, ғылыми қорытындысын жазысады. Қажетті деген
ғылыми есеп кестелерін жасайды, жер-судың карталарын сызады.
7
Қазақтың шаруашылығына, егіндік -шабындығына, қыстау-жайлауына ғылыми сипаттама береді. Жиналған деректерге сүйене
отырып ол, сондай-ақ Павлодар, Қарқаралы, Семей, Омбы уездеріндегі «Байырғы тарихи аудандарын» анықтап, оны картаға түсіреді. Қазақ шаруашылығының экономикалық тиімділігін есептеп шығарады. Әлихан Бөкейхан жоғарыда аталған төрт уезде жиналған материалдар негізінде қазақтың жер қоғамдастығы мәселесінде қарастырған. Халқымыздың әрбір жүз, руының өз мекені қыстау-жайлауы, өзен -суы, яғни әрбір жер-судың тұрақты иесі болғандығы белгілі. Міне осыдан келіп Әлекең қазақ қоғамының жүздік, рулық құрылымын терең зерттеп, қазақ руларының шежіресін жазады, ол рулардың кең даладағы мекенін, жерін белгілеп, оны картаға түсіреді. Сондай-ақ, ол төрт уезге Ресейдің ішкі губерниелерінен көшіп келген келімсектердің шаруашылығын зерттеп, олардың жүргізіп отырған егін шаруашылығының тиімсіздігіне назар аударады. Экспедиция қорытындыларына сүйене отырып, орыстың қоныстандыру саясатына табанды түрде қарсы тұрады. Экспедициясының қорытындылары 1903-1905 жылдары рарлығында жалпы көлемі 13 том болып жарыққа шықты. Әлекеңнің «Щербина экспедициясы» қатарындағы атқарған жұмысы оның ғылыми жұмыстарға жан-жақты дайындығын, терең білімін және кіндік қаны тамған туған жеріне деген сүйіспеншілігін аңғартады. Қазақ жерін зерттеуге елеулі үлес қосқан орыстың белгілі ғалымы Сергей Порфириевич Швецов «Работы, произведенные им в Экспедиций (Щербины), отличаются высокой доброкачественностью, обнаруживая в авторе
8
глубокое знание и понимание казахского хозяйства, до того времени почти совершенно неизученного . . . г. Букейхановым, весьма разнобразны по своему содержанию, что свидетельствует о многосторонней его подготовке к исследовательской деятельности в сфере народнохозяйственных отношений » -деп Әлиханның ғылыми-зерттеу жұмысын жоғары бағалаған.
ІІ. 3 1877 жылы Дала өлкесінің білім ордасы, мәдени-ағарту орталығы санатындағы Омбы қаласында Орыстың императорлық жағрафия қоғамы өзінің Батыс-Сібір бөлімінің есігін айқара ашады. Маңына орыс пен қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларын, ғылым мен өнер қайраткерлерін жинаған бұл қоғам кейінгі жылдары қазақ даласын ағарту ісінде, қазақ өлкесін жан-жақты зерттеу жолында алдыңғы қатарлы болды. Әлихан Бөкейхан жағрафия қоғамының сүйемелдеуімен кіндік қаны тамған қазақ даласының тарихын көп зерттейді. Әлекеңнің тарих саласындағы жазып қалдырған елеулі мұралары «Исторические судьбы киргизского края и культурные его успехи», «Киргизы» атты монографиялары. Бірінші ұжымдық монография 1903 жылы «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» атты көптомдық альманахтың «Киргизский край» деген XVII томына еніп, Санкт-Петербордан жарық көреді. Екінші «Киргизы» («Қазақтар») атты еңбегі алғаш рет «Формы национального движения современных государствах» атты жинақпен 1910 жылы Санкт-Петеобордан басылып шығады. Әлихан қазақ мемлекетінің пайда болуының таризи кезеңдерін, даму заңдылықтарын да терең зерттесе керек. Әсіресе, Кіші жүздің, кейінірек Орта жүз бен Ұлы жүз хандарының Ресейдің қол астына
9
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz