Ұйымның қаржылық шаруашылық қызметі мен есеп саясатының сипаттамасы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

1. Ұйымның қаржылық шаруашылық қызметі мен есеп саясатының сипаттамасы.

1. 1. Зерттеліп отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы.

1. 2 Кәсіпорынның есеп саясаты

2. Өндірістегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің есебі.

2. 1Шығындар есебі әдісінің сипаттамасы және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.

2. 2 Шығынның есеп жүйесіндегі шығын есебінің нормативтік әдісі.

2. 3 Шығындардың ауытқу есебі.

3. Өндірістегі шығындарды есепке алудың аудиті мен талдауы.

3. 1 Өндірістегі шығындардың аудиті.

3. 2 Шығындарды нормативтік әдіспен калькуляциялаудың ауытқуының талдауы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша 1

Қосымша 2

Кіріспе

Өзектілігі - оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау-олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.

Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есеп «қазандық» деп аталатын тәсілмен жүзеге асырылып келді. Біртұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті кезең ішінде қолдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан, өндіріске жұмсалған барлық қаражат-құралдар есептелді. Нәтижесінде шығарылған өнімнің ассотименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың жалпы сомасы шығатын «Қазандық» тәсіл шығындарды азайту мүмкіндігін анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын, олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер, қызметтер), шығарылатын өнімдер бойынша (орындаған жұмыс, көрсетілетін қызмет және т. б) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.

Отандық ұйымдарға бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік құн есебі ғана қолданылады. Меншіктің әр түрлі нысаны ұйымның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың бірі-басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте өсуде.

Кәсіпорындар іс жүзінде жоспарлау мен өзіндік құнды калькуляциялау саласындағы мамандарды тартпайды, бұл шаруашылықты тиімсіз жүргізуге, кейде банкротқа ұшырауға әкеледі. Бақылаусыздық пен жылдам ақша алу кезі өтеді, оның орнына шаруашылық жүргізудің өркениетті формасы келеді, ол меншік иелерін шығыстар мен кірістерді санауға, содан кейін ғана шешім шығаруға мәжбүр етеді.

Өнімнің өзіндік құны - бұл кәсіпорынның өндіру және сатумен байланысты барлық шығындарын ақшалай сәулелендіретін, кәсіпорын (фирма) қызметінің маңызды экономикалық көрсеткіштерінің бірі. Өзіндік құн өзі өндіретін өнімі кәсіпорын үшін неге тұратындығын көрсетеді. Өзіндік құнға өнімге кіргізілген өткен еңбек шығындары (негізгі қорлар амортизациясы, шикізат материалдар, жанар май және басқа материалдық ресурстар құны) және кәсіпорын қызметкерлеріне төлемдік (еңбек ақы) шығындар кіреді.

Өзіндік құн жайында мәліметтер, нақты шығындардың қабылданған нормативтерге үйлестігін бақылау үшін, өндірістік шығындардың одан ары төмендеуі резервтерін жариялау үшін өндірісті басқаруда кеңінен қолданылады. Өнімнің (жұмыс, қызметтің) көлемі өндіріс процессінің нәтижелілігін көсетеді, сәйкес түрде төмен өзіндік құн өнімнің (жұмыс, қызметтің) бәсекеқабілеттілігін асырады. Сатылған өнім (жұмыс, қызмет) өзіндік құнының көлемі сатудан қаржылық нәтиженің көлемін анықтайды және пайдаға салық төлеуде талап етілетін сомаға әсер етеді.

Дипломдық жұмыс тақырыбының ауқымдылығы өндіріс шығындары есебі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдісін таңдауды маныздылығын білдіреді. Нарықтық экономика жағдайында өндіріс шығындарын нәтижелі бақылауды ұйымдастыруда есептің алдыңғы қатардағы түрлері және әдістерін кіргізудің маңызы өседі. Осындай бақылауды бұйымдарға шығындарының пайда болуының жеке түрлері, статьялары және орындары бойынша ұйымдастыру қажет. Бұл басқарудың нормативті жүйесін бір кәсіпорын ішіндегі сияқты, ұлттық шаруашылық саласы деңейінде де қолдануды қажет етеді.

Бұл талаптарға толығырақ өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебінің нормативті әдісі қанағаттандырарлы жауап береді. Өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау есебі басқаларға қарағанда шығындарды басқарудың нормативті жүйесінің талаптарына сай келеді. Өзінің көпжақты сипатына қарай ол ұлттық шаруашылықтың барлық салаларына кіргізуге ұсыныс етіледі. Нормативті басқару есебін нормативті жоспарлау және өндіріс шығындары есебі жүйесі ретінде қарау қабылданған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты шығындар және өнімнің өзіндік құны есебінің нормативті әдісінің сипаттамасында қаралады. Көптеген, әсіресе біртекті өнім шығарушы, кәсіпорындар анау не мынау деңгейдегі нормативті шығындар бойынша калькуляциялауды қолданады. Шығындардың нормативті калькуляциясының әдеттегіден ерекшелігі неде ? Ол сонда, яғни өндіріс шоттары бойынша барлық есептеулер және өткермелер келіп шыққан факт бойынша емес, ал алдын ала есептелінген нормативтер бойынша жүргізіледі. Басқаша айтқанда, есеп нормативтер негізінде алып барылады. Нормативті калькуляцияны жүргізудің себептері мыналар: есепке шығындардың азаюы; бюджетті құру; бюджеттен нақты мәліметтердің ауытқуының талдауы; ауытқуларды басқару.

Диплом жұмысының мына мәселелері анықталды:

-өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және шығындар есебінің әдісін ашып көрсету;

-шығындар есебінің қазіргі заманғы нормативті әдісінің ерекшеліктерін көрсету;

-шығындарды басқарудың нормативті жүйесінің элементтерін көрсету;

-шығындарды нормативті есептеуді ұйымдастырудың варианттарын беру;

-ауытқулар есебінің әдістерін келтіру;

-нормативті калькуляциялардың есебін жүргізу.

Бітіру жұмысының пәні болып Қазақстан Республикасының өндірістегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қазіргі таңдағы басқару есебі және талдау жүйесі болып табылады.

Бітіру жұмысы үш тараудан тұрады. Жеке-жеке қысқаша түсінік беретін болсақ, бірінші тарау зерттеліп отырған кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін зерттеу және кәсіпорынның есеп саясатына шолу жүргізіледі.

Екінші тару бойынша өндірістегі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісінің есебі, шығындар есебі әдісінің сипаттамасы, шығынның есеп жүйесіндегі шығын есебінің нормативтік әдісі, шығындардың ауытқу есебі.

Соңғы тарау, яғни өндірістегі шығындардың аудиті. Бұл тарауда жалпы өндірістегі шығындардың аудиті, ал екінші мәселе ретінде шығындарды нормативтік әдіспен калькуляциялаудың ауытқуының талдауы.

Дипломдық жұмыста жүргізілген зерттеудің нормативті-құқықты негізі болып «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы ҚР 28 ақпан 2007ж №234 III, ҚЕХС «Қорлар» 2 болып табылады. Зерттеудің негізі ретінде шығындар есебі әдістерін және өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау әдістерін зерттеу бойынша отандық және шетел авторларының жазған оқулықтары және монографиялық басылымдары пайдаланылды.

1. Ұйымның қаржылық шаруашылық қызметі мен есеп саясатының сипаттамасы.

1. 1. Зерттеліп отырған кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы.

Тұрақты мекен жайды таңдаудың мәнісі

1996 жыл мамырдан бастап “Шваб шұжықтары” ЖШС інде шұжықтың дәстүрлік көрінісінен бірге оның өндірістік шығарылымы бастау алды. Өндіріс орнын таңдау кездейсоқ емес еді, себебі шұжық шығару жабдықтары Аякөз еткомбинатында (облыстық теміржол станциясы бағынатын қаладағы ең ірі) әлде қашан бар еді, онда «Айгерім» АҚ СОның қызметтестік туралы акция және келісім шарты бар еді. Анықтауда шикізатқа жақындық орын алды. Кіші Швейцария деп аталушы, Тарғабайдың тау беткейлеріндегі әр түрлі шөп шалаңға бай, бұрынғы уақыт жергілікті тұрғын халық айналысқан, ірі малдарды бағу, жаю үшін арнайы құрылған сияқты. Ұржар еті - бұл тек ғана бағалы көмірсу, май және витаминдер емес, ал экологиялық таза және адам денесі үшін пайдалы және қажет өнім элементтермен байытылған.

Еткомбинат жайласқан жер участкесінің жалпы майданы 2, 61 га ны құрайды. Еткомбинат жайласқан Жанай ауылы республикалық көлік трассасында және тұрғындарды ірі қалалардан қымбат ет тасудан босататын, ірі малдарды дайындауды қысқа уақыт аралығында атқаруға мүмкіндік беретін, құрамына Ұржар, Аякөз, соның ішінде бұрынғы Таскескен және Маканчин аудандарын алушы, облыстық интенсивті малшаруашылығы зонасының оңтүстік орталығында, Жанай, Семей, Өскемен және Алматы қалаларынан теңдей қашықтықта орналасқан, бұл өнімді жеткізу мерзімін қысқартуды қамтамасыз етеді.

Компания атамасы -“Шваб шұжықтары” ЖШС болып табылады.

Компанияның заңды құрылымы - жауапкершілігі шектелген серіктестік;

  • Меншіктік үлестерді (акция) компания иелері арасына тарату
  • Баймұрынов Қыдырғажы Бекболатович - 42, 5 %
  • Сейтқанов Құсайн Бейсенович - 15 %
  • Раымғалиев Жұмағазы Нұрбазарович - 42, 5 %Тізімге алынған күні - 3 шілде 2005ж. Компания бастығы - Сейтқанов Құсайн Бейсенович. Компания мекен-жайы - ВКО, 017700, Ұржар ауданы, Жанай ауылыКомпанияның өндірістік және коммерциялық қызметі жайында қысқаша түсінік - осы уақытта компания Ұржар еткомбинатында 33тен аса қайнатылған, қайнатып-қақталған және жартылай қақталған шұжық және сарделкаларды, тағамдар және ұлттық өнімдердің 15ке жуығын өндіреді. Қолдағы жабдықтың қуаттылығы сменада өнімнің 5 тоннасын өндіруге мүмкіндік береді. Өкілетті байланыстары бар және Алматы, Семей, Өскемен қалаларында өнімді бөлшектеп - ірілеп сату жүйесі жасалып шыққан. Банктік реквизиттер - компанияның Халық банкінің Ұржар бөлімінде № 011467558 есептесу шоты бар.

Жоспар (проект) резюмесі

Кредиттік ресурстарды жұмылдыру бойынша жоспар тауарлық өнімді шығару және сатуға мүмкіндік беретін, қысқы-көктемгі кезеңдерге етті сатып алу және дайындауға айналыс құралдарын көбейтуді қарастырады: 2006 жыл соңына шұжық өнімдері және тағамдарды айына 100 тоннаға дейін, ассортименттерді түрлендіру, осы тауарлар бойынша жақын және алыс шетелдердің импортын қысқартумен тұтынушыларға өнім сапасын және бет көрінісін жақсарту.

Жоспарды кіргізу не береді ?

Жоспарды кіргізу мыналарға мүмкінідік береді:

Өндірісті жаңа технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету.

Өнімді ұзақ уақыт сақтауда максимал қамтамасыз ету мақсатында шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту және сапасын арттыру, көлемін асыру. Клисатор батонды қолмен байлаумен шұғылданатын 8 кісінің жұмысын атқаруға және тауарлық көрінісін арттыруға, өзіндік құнды азайтуға мүмкіндік береді.

Технологиялық мұз бөлшегін дайындаушы мұзгенератор, сағатына 182 Квт электр қуатын алушы және кезеңде қауіпті аммиакті қолданумен мұз бөлшегін өндіретін, қуат алушы компрессорлы құрылмадан бет бұруға және өндірістік шығындарды белгілі дәрежеде азайтуға мүмкіндік береді.

2000 жыл 26 маусымда Ұржар еткомбинаты жеке түрдегі “Ұржар еткомбинаты” ЖШС кәсіпорын ретінде тізімнен өтті.

2005 жыл 26 маусымда жалпы жиында үлесшілердің құрамының азаюы, Нұрсиленова А. К. және Нұрсиленова С. К. лардың жаңа тұрақ мекен жайына көшіп өтуіне байланысты, “Ұржар еткомбинаты” ЖШСін жабу шешімі қабылданды. “Ұржар еткомбинаты” ЖШС болған базасына жаңа “Шваб шұжықтары” ЖШС құрылды. “Шваб шұжықтары” ЖШСі “Ұржар еткомбинаты” ЖШСінің орнына тең құқықты болып, жарғылық капиталы 3 560 000 тенге сомасындағы “Тарбағатай” ЖШС СКТнің құрам қатысушысы болып қалады.

2005 жыл 3 шілдеде Ұржар еткомбинаты жеке түрдегі “Шваб шұжықтары” ЖШС кәсіпорны ретінде тізімге алынды.

  1. Компанияның қазіргі уақыт және болашақтағы мақсаты. Келесі жылға мәселелер. Мақсатқа жету стратегиялары.

Компанияның қазіргі және келешектегі мақсаты - тұрғындар үшін жоғары сапалы өнім өндіруді тұрақты дамытып отыру, Қазақстан базарын отандық өніммен толтыру. “Шваб шұжықтары” ЖШС өзінің мақсатын алға қояды - қолға кіріткен базарды кеңейту мақсатында шығарылатын өнімді арнайыластыруды тереңдету. Өндірістік бағдарлама орташа айлық 90 болған шұжық өндіру көлемін қазіргі уақытта 2007жылда 100тн/айға көбейтуді қарастырады. Өсіп жатқан тауарды сол базарда өткізу тек ғана, компанияның стратегиясы болып табылатын, сапаны өсіру, ассортиментін кеңейту, өнім бағасын азайту мен атқарылуы мүмкін. Осы жоспарда қойылған мақсаттарға тұтынушылар үшін өнімді тиімді бағада шығаруға мүмкіндік беретін төмен бағалар бойынша еттерді өз уақтында дайындаумен ерісіледі.

«Швабские колбаски» ЖШС-ң қаржы-шаруашылық қызметінің талдауы. 1-кесте

Қызмет түрі

2006 ж

%

2007 ж

%

ауытқу

Қызмет түрі:

Өндірілген өнім көлемі

2006 ж:

234863

%:
2007 ж:

257362

%:
ауытқу:

22499

Қызмет түрі:
2006 ж:

634

%:
2007 ж:

602

%:
ауытқу:

-32

Қызмет түрі:

Сатудан түскен табыс

2006 ж:

237306

%:
2007 ж:

266397

%:
ауытқу:

29091

Қызмет түрі:

Материалдық шығындар-барлығы

2006 ж:

234863

%:
2007 ж:

257362

%:
ауытқу:

22499

Қызмет түрі:

Шикізат пен материал

2006 ж:

190893

%:

81

2007 ж:

194314

%:

75

ауытқу:

3421

Қызмет түрі:

Отын

2006 ж:

5922

%:

3

2007 ж:

7466

%:

3

ауытқу:

1544

Қызмет түрі:

Электр энергиясы

2006 ж:

4469

%:

2

2007 ж:

6536

%:

3

ауытқу:

2067

Қызмет түрі:

Басқа материал

2006 ж:

2077

%:

1

2007 ж:

1122

%:

1

ауытқу:

-955

Қызмет түрі:

Негізгі құралдың тозуы

2006 ж:

11045

%:

5

2007 ж:

18624

%:

7

ауытқу:

7579

Қызмет түрі:

Еңбекақы қоры

2006 ж:

10494

%:

4

2007 ж:

14751

%:

6

ауытқу:

4257

Қызмет түрі:

Салықтар

2006 ж:

3668

%:

2

2007 ж:

3208

%:

1

ауытқу:

-460

Қызмет түрі:

Іссапар шығындары

2006 ж:

1650

%:

1

2007 ж:

1857

%:

1

ауытқу:

207

Қызмет түрі:

Байланыс қызметі

2006 ж:

325

%:

0

2007 ж:

295

%:

0

ауытқу:

-30

Қызмет түрі:

СЭС қызметі

2006 ж:

598

%:

0

2007 ж:

1090

%:

0

ауытқу:

492

Қызмет түрі:

Банк қызметі

2006 ж:

457

%:

0

2007 ж:

159

%:

0

ауытқу:

-298

Қызмет түрі:

Сыйақы шығындары

2006 ж:

3265

%:

1

2007 ж:

7940

%:

3

ауытқу:

4675

Қызмет түрі:
2006 ж:
%:
2007 ж:
%:
ауытқу:
Қызмет түрі:

Барлық шығындар

2006 ж:

234863

%:

100

2007 ж:

257362

%:

100

ауытқу:
Қызмет түрі:

Пайда

2006 ж:

2443

%:
2007 ж:

9035

%:
ауытқу:
Қызмет түрі:

Рентабельділігі

2006 ж:

1

%:
2007 ж:

4

%:
ауытқу:

1-кестеге қарай отырып келесідей қорытындыға келеміз

-Өндірілген өнім көлемі;

Өндірілген өнім көлемі бойынша 2007 жылы 257362 теңгені, яғни 602 тоннаны құраған, ал 2006 жылы 234863 тең, 634 тонна, яғни 22499 артқан.

- Сатудан түскен табыс;

Сатудан түскен табыс бойынша 2007 жылы 266397теңгені құраған, ал 2006 жылы 237306 теңгені құраған, яғни 29091 ге артқан.

-Барлық материалдық шығындар;

Барлық материалдық шығындар 2007 жылы 257362 теңгені құраған, ал 2006 жылы 234863 теңгені құраған, яғни 22499 теңгеге артқан.

Соның ішінде;

-шикізаттар мен материалдар 2007 жылы 194314 немесе 81% құраған, ал 2006 жылы 190893 теңгені құраған, яғни 3421 немесе 75% га артқан.

-отын 2007 жылы 7466 немесе 3%, ал 2006 жылы 5922 теңгені құраған, яғни 1544 немесе 3% шығындардың артқаны байқалады.

-электр энергиясы 2007 жылы 6536 немесе 2% құраған, ал 2006 жылы 4469 теңгені құраған, яғни 2067 немесе 3% ға шығындардың артқанын көрсетеді.

-басқа да материалдар 2007жылы 1122 немесе 1% құраған, ал 2006 жылы 2077 теңгені құраған, яғни -955 немесе 1% ға шығындардың кемігені байқалады.

-негізгі құралдардың тозуы бойынша шығындар 2007 жылы 18624 немесе 5% құраған, ал өткен жылы 11045 теңгені құраған, яғни 7579 немесе 7%ға шығындардың көлемі артқан.

-еңбекақы қоры бойынша 2007 жылы 14751 немесе 4% құраған, ал 2006 жылы 10494 теңгені құраған, яғни 4257 немесе 6% ға шығындардың көлемі артқан.

-салықтар бойынша 2007 жылы 3208 немесе 2% құраған, ал 2006 жылы 3668 теңге, яғни - 460 немесе 1% ға шығындардың көлемінің кемігені байқалады.

-Іссапар шығындары бойынша 2007 жылы 1857 теңгені құраған, ал 2006 жылы 1650 теңгені құраған, яғни 207 немесе 1% ға шығындардың артқаны байқалады.

-байланыс қызметі бойынша шығындар 2007 жылы 295, ал 2006 жылы 325 теңгені құраған, яғни -30 ға шығындар көлемінің кемігенін көріп отырмыз.

-СЭС қызметі бойынша шығындар 2007 жылы 1090 теңгені құраған, ал 2006 жылы 598 теңгені құраған, яғни 492 теңгеге шығындардың артқаны байқалады.

-банк қызметі бойынша 2007 жылы 159 теңгені құраған, ал 2006 жылы 457, яғни -298 теңгеге шығындар көлемінің кемігенін көріп отырмыз.

-сыйақы бойынша шығындар 2007 жылы 7940 немесе 1% құраған, ал 2006 жылы 3265 теңгені құраған, яғни 4675 немесе 3% ға шығындардың артқаны байқалады.

Қорытындылай отырып, біз кәсіпорынның 2007 жылғы шығындары 2006 жылмен салыстырғанда 257362 артып отыр, ал табыстар 2007 жылғы табыстары 2006 жылмен салыстырғанда 9035 теңгеге жоғарылағанын көреміз

Рентабельділігі 2007 жылды 2006 жылмен салыстыр5анда 4% артқанын көріп отырмыз.

1. 2 Кәсіпорынның есеп саясаты

«ҚР - ң бухгалтерлік есеп туралы» 2007. 28. 03, №234-3 заңына сәйкес, әрбір ұйым өзінің қызметінің бастамасында және әрбір күнтізбелік жыл басында салық органына және оның тіркелуін жүргізетін органдарға есеп саясатын ұсынуы қажет.

Ұйымның есеп саясаты - дегеніміз ұйымның айналысатын қызметіне сәйкес және бекітілген ережелеріне негізделе отырып, бухгалтерлік есепті жүргізудің техникасы мен формасын, нақты және белгілі бір әдістемесін ұйымның өзінің таңдауы.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының есеп саясаты - Қазақстан Республикасының 1995 жылы, 26 желтоқсанда шыққан №2 «234-3 «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына, халқаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес, Қазақстан республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік бойынша нормативтік құқықтық актіге, ХҚЕС қолданудағы мақұлданған әдістеме негізінде дайындалған.

Кәсіпорынның есеп саясаты, оның құрылымдық бөлімшелеріне, оның орналасқан жеріне қарамастан Бас кәсіпорынның басқаруымен жүретін еншілес кәсіпорындарынның барлығы шоғырландырылған қаржылық есептілік дайындайды.

Бас кәсіпорын және оның еншілес кәсіпорындары үшін есептілік кезеңі болып, тоқсан және күнтізбелік жыл табылады.

Жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілік. Қаржылық есептілік келесі принциптерге сәйке жүргізіледі: есептеу, қызмет етудің үздіксіздігі және қаржылық есептілік мінездемесінің сапалылығы, түсініктіліктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырмалылығы. Қаржылық есептілік сатып алудың алғашқы немесе нақты құны бойынша, сондай - ақ әділ құны бойынша бағаланатын, сату үшін жарамды негізгі құралдарды және инвестициялық құнды қағаздарды бағалау дайындалады.

Қоғам топтардан бөлек жеке қаржылық есептілік және шоғырландырылған қаржылық есептілікті құрайды және ҚР Ұлттық валютасы - теңгенің негізінде іске асырылады. Шоғырландырылған қаржылық есептілік №27 ХҚЕС «шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілік» атты стандартқа сәйкес келесілерден тұрады:

«Бухгалтерлік баланс»

«Пайда және зиян есебі»

«Ақша қаражаттарының қозғалысының есебі»

«Капитал қозғалысының есебі»

«Түсініктеме хат»

«Ұйымның есеп саясаты туралы ақпарат»

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің формасына сәйкес пайда және зиян шығын қызметінің әдісі негізінде құралады, демек шығындардың жіктелуі олардың атауына байланысты құралады; ақша қаражаттарының қозғалысының есебі тікелей әдіс арқылы есептелінеді. Жеке жылдық қаржылық есептілікті және шоғырландырылған қаржылық есептілікті тексеру барысында, пайда және зиян есебі - шығындардың сипаттамасы бойынша әдіс, ақша қаражаттарының қозғалысының есебі - жанама әдіс бойынша есептеледі.

Негізгі құралдар есебі. Негізгі құралдар есебі ХҚЕС №16 «негізгі құралдар» атты стандарты негізінде жүзеге асырылады. Типтік шот жоспарының 2 - бөлім, «Ұзақ мерзімді активтер» атты бөлімінде 2400 шотымен жүргізіледі.

Актив ретінде саналатын негізігі құралдардың объектісі қолданыстағы нақты шығындармен бағалануы тиіс. Келесі активтердің көмегімен қолданылған негізгі құралдардың құнын көрсетіледі.

Мақсаттық қойылымдар және негізгі құралдардың орындалатын функцияларына байланысты келесі топтарға бөлінеді:.

1. 2410- Машина және құрал-жабдықтар

2410- Ғимарат және құрылыс

2410- Көлік құралдары

2410- Басқа негізгі құралдар.

Негізгі құралдарға қызмет мерзімі 1 жылдан көп еңбек құралдары кіреді.

Негізгі құралдардың тозуы салық заңнамасы бекіткен бағамдарға сай ай сайын пропорционалды әдіспен есептеледі.

2. Тауар-материалдық құндылықтар нақ құны бойынша есепке алынады. Өндіріске есептен шығару және сату бастық бекіткен нормалар бойынша жүргізіледі. Дайын өнім қоймаға бастық бекіткен есептік құны бойынша кіріс етіледі, және сатуға есептен шығарылады. Есептік және нақ құн арасындағы ауытқу бөлек карточкаларда есептелінеді және өнім және сату қалдықтарына жазылады.

3. Кассалық есептіліктер 10 күннен бір бухгалтерияға тапсырылады, яғни айына 3 есептілік беріледі.

4. Тауар сатылымы және көрсетілген қызметтер және т. б. дан кірістер толығымен бухгалтерлік есеп шоттары бөлімдеріндегі жалпы кіріске тиісті болады.

5. Болашақ кезең шығыстары күнтізбелік жыл ішінде үлестерге теппе тең жазылады.

Бухгалтерлік қызмет ұйымы

Шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі бас бухгалтердің басшылығымен жүргізіледі. Міндеттер бухгалтерлік есеп туралы тұжырымдамаға сай бөлістірілген.

Бухгалтерия құрылымы

Бас бухгалтер

:

Басқа субъектілермен есептесу.

Кәсіпорынның «Темір Банк»тің Ұржар бөлімінде ссудалық берешегі бар. Ссудалық берешек 3010 шотта есепке алынады.

Дт

Кт

Дт:

1040

Кт:

3010

:

банктен кредит келіп түсті 1 000 000

Дт:

1010

Кт:

1030

:

етті дайындауға кредиттің бір бөлігі алынды 500 000

Дт:

3010

Кт:

1030

:

тізімге сай кредиттік негізгі борышты жабу 50 000

Дт:

3380

Кт:

1010

:

айға кредит үшін пайыздар төленді

10 000

Дт:

7330

Кт:

3380

:

Банк пайыздары бойынша шығындарға жазылды 10 000 тенге

«Шваб шұжықтары» ЖШС еншілес ұйымдары Семей және Өскемен қалаларындағы дүкендері болып табылады. Қалалардағы дүкендер шұжық өнімдерін алады және қалаларда сатады. Әр айда еткомбинатқа есептілік тапсырады.

Дүкендермен есептесу еншілес ұйымның 1220 «Борыштар» шотында алып барылады.

Дт

Кт

Дт:

7010

Кт:

1320

:

шұжықтың өзіндік құны жазылды 50 000

Дт:

2120

Кт:

6010

:

сатуға шұжықтың тиелуі 60 000

Дт:

2120

Кт:

3130

:

ҚҚС 13 % 8 400

Дт:

3310

Кт:

2120

:

тұтынушыларға шұжықтар сату

68 400 тенге

Еншілес ұйымдар шұжықтарды нақ есептесу бойынша сатады және еткомбинаты кассасына қолма-қол өткереді немесе нақ емес есептесу бойынша сатады және тұтынушылар ақшаларын «Шваб шұжықтары» ЖШСінің есептесу шотына аударады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
Есеп саясатын қалыптастыру
Есеп саясатын аудиттеу
Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесі
Ұйымның қаржылық нәтижелерінің есебі, аудиті және талдауы
Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
Кәсіпорынның есеп саясатының әдістемелік негіздері
Бухгалтерлік есеп және салық саясатының шаруашылық жүргізуші обьектілері
Ұйымның есеп саясаты
Қаржылық талдаудың пәні, мазмұны және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz